Жоспарлау жүйесі: малайзия тәжірибесі



Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына биылғы жылғы Жолдауында жоспарлау жүйесін жаңарту мен жетілдіру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды шұғыл түрде жеделдету керек екенін ерекше атап көрсетті. “Үкімет.., – деді Президент, – мемлекеттік қаражатқа “тым мұқият аудит” жүргізуі керек. Бұл аудиттің мақсаты – қол жеткен нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаражатты басқару мен жұмсаудың тиімділігін күрт арттыру”.
Осындай тиянақты тапсырма-ұсыныстарымен Президент біздегі басқару жүйесіндегі дәл осал жерлерімізді анықтап берді. Осы тапсырмаларды орындау үшін Үкіметтің һәм қоғам алдында жоспарлау мен қаражат тиімділігін арттырудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін іздестіру мәселелері тұр. Олардың дұрыс шешімін табу үшін озық шетел тәжірибелерін сарапқа салса да артық болмас.
Осыған байланысты жоспарлау мен аудит жөнінде тәжірибеге өте бай және осылар арқылы экономикалық дамудың өте озық үлгісін көрсетіп отырған мемлекеттердің бірі – Малайзия. Осы озық тәжірибені оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Малайзия – конституциялық монархия елі, бұрынғы Британия колониясы, 1957 жылы егемен¬дік¬ке қол жеткізген. Жерінің кө¬ле¬мі Қазақстаннан 6 есеге жуық аз (330 мың ш. км), халқы біз¬дегіден 2 есеге жуық артық (28 млн. адам). Жалпы халқының 60 %-ы сол елдің жергілікті тұр¬ғын¬дары – малайлар (бумипутра), 30%-ы – этностық қытайлар, 8%-ы – үнділер.
Тәуелсіздіктің алғашқы жыл¬да¬ры Малайзиядағы барлық ұлт¬тық байлықтың 62,3 %-ы шетел ком-панияларының, 22,9 – этнос¬тық қытайлардың, 7 %-ға жуы¬ғы үнділердің, ал тек қана 0,07 %-ы негізгі тұрғындар – ма¬лай¬лардың қолында болды. Шет ел ком¬паниялары (негізінен Бри¬тания компаниялары) мұнай кендеріне, пальма планта¬ция¬ларына иелік етті; өндіріс, қа¬лайы кендері және сауда – қы¬тай¬лықтарда, каучук (сағыз) өн¬ді¬румен үнділер айна¬лыс¬ты. Ма¬лайлар негізінен план¬та¬цияда жұ¬мыс істеп, ауылдық жерлерде тұрды.
Ұлттық байлықты иемденудегі жоғарыда көрсетілген өрескел қай¬шылықтар кезінде елдегі эт¬ностық топтардың қақтығысына әкелді. Бірақ Малайзия үкіметі осы қайшылықтарды жеңудің бірден бір тура жолы тиянақты да тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат қабылдап, оны нәтижелі іске асыру керек деп білді.
Нәтижесінде Малайзия эко¬но¬микасы ұзақ мерзімді ны¬сан¬даған стратегиялық жоспарлар негізінде тұрақты, сапалы түрде 40 жылға жуық дамып келеді. 1971-1990 жылдарға арналған 20 жылдық стратегиялық жоспарды артығымен орындады, одан кейін 10 жылдық тағы бір стратегиялық жоспар (1991-2000 жж) ойдағы¬дай орындалды, қазір ол ел тағы бір 2001-2020 жылдарға арналған жиырма жылдық (“Көрініс-2020”) жоспарды орындау үстінде.
Жоғарыда көрсетілген ұзақ мерзімді стратегиялық бағыттар 5 жылдық әлеуметтік-экономика¬лық даму жоспарларымен тия¬нақ¬талған. Бес жылдың орта кезінде осы жос¬пардың кейбір көрсет¬кіштері тағы бір анықталып, тиісті түзе¬тулер енгізіледі. Жылдық жос¬пар – әр жылға арналған мемле¬кеттік бюд¬жет. Қазіргі таңда Ма¬лайзия елі 9-шы бесжылдықты орындау үстінде. Сөйтіп, 5 жыл¬дық жоспар стра¬те¬гиялық бағдар-ламаларды орындау¬дың нақты тетігі көрсетілген жұмыс жоспары болып қалыптасқан.
Алдын ала айта кетейін, осы алысты көздеген стратегиялық ба¬ғыт¬тар және оның тиянақты орын¬далуының нақты тетіктерін анық¬тайтын бесжылдық жоспар¬лар негі¬зін¬де Малайзия эконо¬ми¬касы әлем деңгейінде үлгі болар¬лық, немесе таңғаларлық деп те айтуға болады, нәтижемен даму үс¬тінде. Оған мы¬сал мына төмен¬дегі көрсеткіштер.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспарлау жүйесі( Малайзия тәжірибесі

Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына биылғы жылғы
Жолдауында жоспарлау жүйесін жаңарту мен жетілдіру, бюджет қаражатын
пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру
жөніндегі жұмыстарды шұғыл түрде жеделдету керек екенін ерекше атап
көрсетті. “Үкімет.., – деді Президент, – мемлекеттік қаражатқа “тым мұқият
аудит” жүргізуі керек. Бұл аудиттің мақсаты – қол жеткен нәтижелерді
бағалау, мемлекеттік қаражатты басқару мен жұмсаудың тиімділігін күрт
арттыру”.
Осындай тиянақты тапсырма-ұсыныстарымен Президент біздегі басқару
жүйесіндегі дәл осал жерлерімізді анықтап берді. Осы тапсырмаларды орындау
үшін Үкіметтің һәм қоғам алдында жоспарлау мен қаражат тиімділігін
арттырудың жаңа тәсілдері мен тетіктерін іздестіру мәселелері тұр. Олардың
дұрыс шешімін табу үшін озық шетел тәжірибелерін сарапқа салса да артық
болмас.
Осыған байланысты жоспарлау мен аудит жөнінде тәжірибеге өте бай және
осылар арқылы экономикалық дамудың өте озық үлгісін көрсетіп отырған
мемлекеттердің бірі – Малайзия. Осы озық тәжірибені оқырмандар назарына
ұсынуды жөн көрдік.

Малайзия – конституциялық монархия елі, бұрынғы Британия колониясы, 1957
жылы егемендікке қол жеткізген. Жерінің көлемі Қазақстаннан 6 есеге жуық аз
(330 мың ш. км), халқы біздегіден 2 есеге жуық артық (28 млн. адам). Жалпы
халқының 60 %-ы сол елдің жергілікті тұрғындары – малайлар (бумипутра), 30%-
ы – этностық қытайлар, 8%-ы – үнділер.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Малайзиядағы барлық ұлттық байлықтың 62,3 %-
ы шетел компанияларының, 22,9 – этностық қытайлардың, 7 %-ға жуығы
үнділердің, ал тек қана 0,07 %-ы негізгі тұрғындар – малайлардың қолында
болды. Шет ел компаниялары (негізінен Британия компаниялары) мұнай
кендеріне, пальма плантацияларына иелік етті; өндіріс, қалайы кендері және
сауда – қытайлықтарда, каучук (сағыз) өндірумен үнділер айналысты. Малайлар
негізінен плантацияда жұмыс істеп, ауылдық жерлерде тұрды.
Ұлттық байлықты иемденудегі жоғарыда көрсетілген өрескел қайшылықтар
кезінде елдегі этностық топтардың қақтығысына әкелді. Бірақ Малайзия
үкіметі осы қайшылықтарды жеңудің бірден бір тура жолы тиянақты да тиімді
әлеуметтік-экономикалық саясат қабылдап, оны нәтижелі іске асыру керек деп
білді.
Нәтижесінде Малайзия экономикасы ұзақ мерзімді нысандаған стратегиялық
жоспарлар негізінде тұрақты, сапалы түрде 40 жылға жуық дамып келеді. 1971-
1990 жылдарға арналған 20 жылдық стратегиялық жоспарды артығымен орындады,
одан кейін 10 жылдық тағы бір стратегиялық жоспар (1991-2000 жж) ойдағыдай
орындалды, қазір ол ел тағы бір 2001-2020 жылдарға арналған жиырма жылдық
(“Көрініс-2020”) жоспарды орындау үстінде.
Жоғарыда көрсетілген ұзақ мерзімді стратегиялық бағыттар 5 жылдық
әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларымен тиянақталған. Бес жылдың орта
кезінде осы жоспардың кейбір көрсеткіштері тағы бір анықталып, тиісті
түзетулер енгізіледі. Жылдық жоспар – әр жылға арналған мемлекеттік бюджет.
Қазіргі таңда Малайзия елі 9-шы бесжылдықты орындау үстінде. Сөйтіп, 5
жылдық жоспар стратегиялық бағдарламаларды орындаудың нақты тетігі
көрсетілген жұмыс жоспары болып қалыптасқан.
Алдын ала айта кетейін, осы алысты көздеген стратегиялық бағыттар және оның
тиянақты орындалуының нақты тетіктерін анықтайтын бесжылдық жоспарлар
негізінде Малайзия экономикасы әлем деңгейінде үлгі боларлық, немесе
таңғаларлық деп те айтуға болады, нәтижемен даму үстінде. Оған мысал мына
төмендегі көрсеткіштер.
Малайзия экономикасының 1970-2007жж. даму үрдісінің көрсеткіштері
Жылдар 2007 ж.
Көрсеткіштер 1970 2007 1970 ж.
шаққанда
1. Жалпы ішкі өнім, ІЖӨ (млн.АҚШ долл.) 4 280 84 100 19,6 есе
өсу
2. Адам басына шаққан жалпы ішкі өнім
(АҚШ долл.) 368 5 801 15 есе өсу
3. Сауда айналымы (млрд. АҚШ долл.) 2,7 316,2 117 есе өсу
4. Шаруашылық салаларының ІЖӨ-дегі
үлесі (қорытындыға пайызбен)
- өндіріс 13 30 2,3 есе өсу
- ауыл шаруашылығы 31 8 3,9 есе азаю
- қызмет көрсету 42 53 1,3 есе өсу
5. Экспорт – жалпы көлемі (млн.АҚШ долл.) 1 475 168276 114 есе
өсу
6. Экспорт құрылымы (қорытындыға
пайызбен)
- өндіріс (электроника, электрлік мәшине-
лер мен тетіктер, т.б.) 11 81,4 74 есе өсу
- каучук (өңделмеген түрде) 33,4 9,4 3,5 есе азаю
- пальма майы (өңделмеген түрде) 16,9 3,9 4,4 есе азаю
7. Шаруашылық салалары бойынша
халықтың жұмыспен қамтылуы
(қорытындыға пайызбен)
- өндіріс 10 29 2,9 есе өсу
- ауыл шаруашылығы 53 12 4,4 есе азаю
- қызмет көрсету 33 51 1,5 есе өсу
8. Жалпы халық ішіндегі кедейлер үлесі (%) 53 1,2 44,2 есе азаю
9. Үлестік капиталға иелік ету
(компаниялардың таза құнының жалпы
қорытындысына пайызбен)
- шетел компаниялары 62,3 25,0 2,5 есе азаю
- малайлар (бумипутра) 0,07 18,9 270 есе өсу
- қытайлықтар 22,9 34,3 1,5 есе өсу
- үнділер 7,0 8,4 1,2 есе өсу

Жоғарыдағы көрсеткіштерде қарасақ, Малайзия елінің әлеуметтік-экономикалық
даму жолындағы табыстары айтарлықтай және басқаларға үлгі боларлықтай да.
Басқа себептерін айтпай, осы табыстарға жету жолында шешуші рөл атқарған
малайзиялықтардың үш өте ұтымды тәжірибесіне тоқталғым келеді. Біріншісі –
тиянақты және жан-жақты ойластырылған малай қоғамының, малай экономикасының
даму стратегиясы және осы стратегиялық жолды бұлтартпай ұстау.
Осыған байланысты екі мысал келтірейік. Жоғарыда айтылған бірінші 20 жылдық
стратегиялық жоспардың алғашқы 10 жылының (1970-1980жж.) негізгі мақсаты
экономиканы, тауар өндіруді экспорттық бағытқа бұру деп анықталған еді.
Аталмыш 10 жыл өтті. Нәтижесі қандай? Оны мына төмендегі салыстырулардан
байқауға болады.
Осындай мазмұнды өзгерістерге экономиканы экспорттық бағытқа бұру
стратегиясының алғашқы он жылдығында қол жетті.
Екінші мысал. Келесі онжылдықтың (1980-1990 жж.) стратегиялық мақсаты —
мәшине жасаудың ауыр өнеркәсіп салаларынан қазіргі заманға сәйкес
техникалық, технологиялық деңгейі жоғары мәшине жасау салаларына көшіп,
оларды дамыту. Екінші стратегиялық бағыт – шикізаттың әртүрлі өңдеу желісін
ұзартып, соның негізінде олардың қосымша құнын өсіріп және экспортқа
шығаруға бағыттау.
Осы стратегияның нәтижесінде аталмыш 10 жыл ішінде Малайзияда электрондық
мәшине жасау, автомобиль шығару, басқа да мәшине жасаудың заман талабына
сай салалары бой көтерді. Ал енді ішкізат саласына келетін болсақ, олардың
өнімдері экспортқа өңделген түрінде шығарыла бастады. Мысалы, егер бұған
дейін сағыз (каучук) басқа елдерге өңделмеген түрінде сатылса, 1989 жылы
Малайзия резина-техникалық бұйымдарды (резиналық қолғаптар, телпектер,
катетерлер, авиацияға, космос және қару-жарақ өндірісіне керек бұйымдар)
экспорттауда әлем деңгейіндегі ең ірі ел дәрежесіне көтерілді. Сол сияқты
сыртқы саудаға пальма майының орнына оның өңделген түсімдері (олеин,
фармацевтикалық тауарлар, стеарин, т.б.) шығарыла бастады. Ағаш орнына үй
жиһазы, саз балшықтың (глина) орнына керамика бұйымдары, табиғи құм (песок)
орнына табақша шынылар да сыртқы саудада тиісті орнын алды. Қорыта
келгенде, аталмыш 10 жылда да осы мерзімге арналған стратегиялық жоспар
толығымен орындалды.
Осы жетістіктерге жетуге екінші бір өзекті фактор, озық тәжірибе себеп
болды. Ол – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын өте мұқият түрде
жоспарлау. Жоғарыда біз жоспарлардың әртүрлі мерзімдерді қамтитынын айттық.
Олар – ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарлар, орта мерзімді
қамтитын әлеуметтік-экономикалық дамудың бес жылдық жоспарлары және әр
жылға арналған мемлекеттік бюджет жоспарлары.
Осылардың ішінде 5 жылдық жоспарлау әдісіне арнайы тоқталғым келеді.
Малайзия, бұрын айтқанымыздай, 2006-2010 жж. арналған 9-шы бесжылдықты
орындау үстінде. Бұл өте мұқият дайындалған іс-қимыл құрамы, оны жасауға
малайзия қоғамының көптеген шешуші топтары қатынасады. Қалың жұртшылықтың
елдің жоспарларына қатысуы арнайы жасалған әлеуметтік топтардың өкілдер
кеңесі арқылы қамтамасыз етіліп отырады. Өткен ғасырдың 70-жылдарында осы
міндетті Ұлттық пікіралысу кеңесі, ал 90-шы жылдардан бері қарай Ұлттық
экономикалық кеңес атқарып келеді. Пікір алысудың осындай тұрақты тетігі
мемлекеттік даму жолдары жөнінде әртүрлі топтардың ортақ мәмілеге келіп,
жарасымдығын күшейтеді және де алынған жоспарды қабылдауға да, оны
орындауға да оң ықпалын тигізеді.
Жоспарлау барысында Үкімет жекеменшік сектормен тығыз байланыс жасайды.
Малайзия кәсіпкерлер кеңесін Премьер-министрдің өзі басқарады, оның
құрамына экономика саласында шешуші рөлі бар министрлер және жетекші
корпорациялардың басшылары кіреді. Осындай жұмыс тәртібі үкімет пен
кәсіпкерлердің өзара байланысын нығайтып, экономикада туған мәселелердің
шешімін тізе қоса іздестіру мүмкіндігін туғызады. Бесжылдық жоспар оны
орындаудағы кәсіпкерлердің міндетін, олардың іс-шараларының мемлекетке
қажетті бағыт-бағдарын айқындауға да жақсы әсерін тигізеді. Осы бағыт-
бағдарлар арқылы кәсіпкерлер өзінің инвестициялық саясатын анықтауға
мүмкіндік алады.
Осы жұмыстың бәрін үйлестіретін арнайы құрылған Экономикалық жоспарлау
агенттігі бар (1-ші кесте). Бесжылдық жоспардың негізгі жобасын осы
Агенттік жасайды. Ал оған ұсынысты арнайы құрылған салааралық жоспарлау
топтары түсіреді. Агенттіктің үстінде Үкіметтің бас хатшысы басқаратын
ұлттық дамуды жоспарлайтын комитет бар. Оның құрамына министрліктер мен
ведомстволардың басшылары, экономика саласындағы министрлер, Ұлттық банктің
төрағасы кіреді. Аталмыш комитет жоспар жасауға, ұлттық дамуға арналған
жоспарлар мен бағдарламаларды сараптауға тікелей жауапты. Шаруашылықтың әр
саласына керек ресурстарды анықтау да осы комитеттің құзырында.

Мұнымен жоспарлау жүйесі шектелмейді. Әлеуметтік-экономикалық саясатты
анықтап, оны орындау жөніндегі жоспарды қарайтын ең жоғарғы саты – Ұлттық
даму кеңесі. Оны тікелей Премьер-министр басқарады, құрамына экономика
саласының шешуші рөл атқаратын министрлері кіреді. Қорыта айтсақ,
Малайзиядағы ұлттық дамудың жоспарлау жүйесін мынандай желімен келтіруге
болады (1-ші кесте).
Берілген кестеге көз салсақ, жоспарлау жүйесі өте күрделі сияқты. Дегенмен,
іс жүзінде жоспарды осылай саты-сатылап талқылау оның тиянақтылығын,
болашақ іс-қимылға пәрменділігін, әр кезеңнің, әр шаруашылық саласының
ерекшелігін толығырақ ескеруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан да
малайзиялықтар бесжылдық жоспарларды бүкіл ұлтты болашақ белсенді жұмысқа
шақыратын өте керек құрал деп есептейді.
Ал енді осы жоспарлардың сапасы, оны қамтамасыз ететін шаралар туралы сөз
қозғайық. Малайзия үкіметінің әрбір орта мерзімдік жоспарға кіретін даму
жобаларының сапасын анықтауды реттейтін арнайы нұсқауы (директивасы) бар.
Оларды орындауға барлық федералдық мекемелердің бас хатшылары, барлық
штаттардың басшылары тікелей жауап береді. Нұсқауда даму жобаларының
жоспарлаудың әрбір сатысында сапасын, тиімділігін анықтаудың реті мен
тәсілі толық жазылған.
Мысалы, аталмыш нұсқау жоспарлау барысында әрбір жоба (салынатын объект,
істейтін жұмыс) қаражат жағынан, техникалық деңгейі жағынан және нарыққа
әсері жағынан тиянақты сараптау жүргізуді талап етеді. Содан кейін
экономикалық тұрғыдан сараптау жүргізілуі керек, яғни ұсынылған жобаның ел
экономикасына тиімділігін анықтау қажет. Содан кейін саяси-әлеуметтік
тұрғыдан сараптау керек, яғни ұсынылған жоба даму саясатына сәйкес келе ме
және елдегі әртүрлі этностардың әлеуметтік мүддесі әділеттілікпен шешіле
ме.
Нұсқауға байланысты жоспарлау барысында әрбір жобаны ендіруге кімдер,
қандай топтар мүдделі, олардың осы жоба іске асқанда қойған мақсаттары
орындала ма деген сұрақтарға да жауап анықталады. Содан кейін жобаланып
отырған басты нәтижелер және оларды анықтайтын индикаторлар бекітіледі. Бұл
өте маңызды іс-шара, өйткені жоба іске асқан соң ол көздеген мақсатқа,
жобаланған нәтижелерге жеткізді ме деген сұраққа индикаторлар арқылы жауап
табылады.
Бір мысал. Аурухананы салу жобасын жоспарлау барысында тек қана оның
тікелей нәтижесі – аурухана ғимараты, оның құрал-жабдығы, оған керек
қаражат анықталып қоймайды. Оны салу негізінде денсаулық сақтау
мекемелерінің өсуі бағаланады, халықтың денсаулық деңгейінің жақсаруы
жобаланады, өмір сапасының жақсаруы, еңбек өнімділігінің өсуі, әртүрлі
инфекциялық аурулардың шектелуі, т.б. индикаторлар анықталады.
Сөйтіп, жоспарлау барысында жобаны іске асырудан алынатын шешуші нәтижелері
тиянақты және жан-жақты анықталады. Осының негізінде жоспардың пәрменділігі
қамтамасыз етіледі. Бұл Малайзия еліндегі озық тәжірибе және дәстүрлі
тәжірибе, өйткені жоғарыдағы жоба сапасын анықтау туралы үкімет нұсқауын
бұлжытпай орындау барлық басқару жүйесінің тікелей міндеті. Осындай озық
үлгіні Қазақстанда даму бағдарламаларының сапасын арттыруға қолданудың
керектігі бар сияқты.
Малайзияның үзбей және нәтижелі дамуының тағы бір негізгі себебі, шешуші
факторы, ол – жоспарларды орындаудың мұқият ойластырылған тәсілдері,
тиянақты қадағалау жүйесі. Қабылданған әлеуметтік-экономикалық жоспардың іс
жүзіне асуына Ұлттық даму кеңесі және Ұлттық жұмыс комитеті жауапты. Ол
екеуін де Премьер-министр басқарады. Ай сайын бір рет аталмыш кеңесте де,
комитетте де Премьер-министрдің басшылығымен бесжылдық жоспардың өзекті
проблемаларының орындалу барысы талқыланады.
Оларға құжат, ақпарат дайындайтын арнайы құрылған үйлестіру және жоспарды
іске асыру Агенттігі бар. Оның басшысы да тікелей Премьер-министрге
бағынады (2-ші кесте).
Осы Агенттіктің 5 бөлімі федералдық министрліктердің бесжылдық жоспарға
енген жобаларының орындалуын қадағалап және үйлестіріп отырады. Агенттіктің
6 бөлімі мемлекеттік органдардағы кадрлар саясаты, кедейшілікті жою
саясаты, осындай тағы басқа жалпы ұлттық саясаттың іске асу барысын
қадағалап отырады. Арнайы бөлімдер Федерациядағы 13 штаттың жоспарларының
орындалуын сараптап, қадағалап отырады. Агенттіктің бумипутра (негізгі
тұрғындар) туралы бөлімі бар. Олар – нарықтық экономиканың әрбір
сегментінде, оның ішінде жаңадан ашылған сегменттерде, шетелдік капиталдың
қатысуымен жұмыс істейтін компанияларды қоса жергілікті халық (малайлардың)
ондағы қызметкер, менеджер, жұмыскерлердегі үлесі олардың жалпы санының 30%-
ынан кем болмауы керек. Осы ретте айта кету керек, егемендіктің алғашқы
жылдары жергілікті халық – малайлықтардың ұлттық байлыққа (иелігі небәрі
0,07 % болды) ие болмауы ел арасында үлкен наразылық тудырып, этносаралық
қақтығысқа дейін барды. Сондықтан сонау 70-ші жылдардан бері Малайзия
үкіметінің өзгертпей ұстап отырған саясаты жергілікті халықтың ұлттық
байлықтағы үлесін көбейту және олардың нарық экономикасындағы өкілділігін
арттыру. Осы жағынан да Малай елінің саясаты өте нәтижелі.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік нұсқау (директива) бойынша барлық
министрліктер, ведомстволар, штаттар Агенттікке міндетті түрде бесжылдық
жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырады. Және бұл ақпаратта
деректі сандармен, сапалы көрсеткіштермен сарапталған мемлекеттің әр
бағдарламасының орындалуы туралы мәлімет болу керек. Осындай ақпаратты
сараптап, қорытындылағаннан кейін талқылауы қажет өзекті, күрделі мәселелер
тиісті шешім алу үшін не Ұлттық даму кеңесінің, не Ұлттық жұмыс комитетінің
кезекті отырысында қаралады. Осыған қоса айта кету керек, жоспарлы іс-
қимылды Агенттік тарапынан қадағалауға парламент депутаттары да өз үлесін
қосады. Депутаттар, өздері сайланған округтерге барып, істеліп жатқан
жұмыспен танысқаннан кейін, Агенттікке осы округте жоспарға кірген
жобалардың орындалуы жөнінде арнайы мәлімет беріп отырады.
Қорыта айтсақ, Малай елінде өте мұқияттылықпен жасалған жоспар мен
бағдарламалардың орындалуын бақылайтын, қадағалайтын, оған тиісті баға
беретін жүйе қалыптасқан. Іс барысында қол жеткен нәтижелер олардың
жоспардағы деңгейімен салыстырылып отырады, олардың алшақтығының себептері
айқындалады. Осындай мемлекеттің даму жоспарын өте мұқият қадағалау және
Премьер-министрдің қатысуымен жоғарғы билікте жүйелі түрде талқылау қоғамда
жоспар орындау саласында қатаң тәртіпті, үлкен жауапкершілікті қамтамасыз
етеді. Сондықтан да осы елде әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде небір
ірі сәтсіздік, немесе босбелбеулік болған емес. Оған Малайзияның жоғарыда
келтірілген даму көрсеткіштері дәлел. Осындай озық тәжірибені бізде,
Қазақстанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау және олардың орындалуын
қадағалау үшін қолданғанымыздың жөні бар сияқты. Өйткені, біздің
тәжірибемізде әрбір жобаны жан-жақты сараптап бағалау, орындалуын қатаң
бақылау жетіспейді.
Малай елінің тәжірибесі жоспар мен нарық тәсілдері бір-біріне кереғар
(антипод) еместігін дәлелдейді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың келешегін
жоспарлау әр мерзімде істелетін жұмыстың көлемін, оның сапалық деңгейін
болашақта қандай шешуші (күрделі) нәтижелерге жету мүмкіндіктерін
анықтайды. Жоспардың тағы бір артықшылығы оның мақсатының айқындығында және
оны орындаушының анық болуында. Бұл мемлекеттің жүйенің әрбір тізбегінен
сұранысты күшейтіп, жауапкершілікті арттырады. Қабылданған жоспарды нарық
тәсілдерімен жүзеге асыруға толығымен болады, оған да малайлықтардың озық
тәжірибесі дәлел. Міне, 37 жыл осы ел нарық экономикасын дамытып жатқан ел,
болашақ қадамдарын стратегиялық ұзақ мерзімді және орта мерзімді бесжылдық
жоспарлармен анықтайды және жақсы нәтижеге жетіп отыр.
Осыған қоса айту керек, нарық пен жоспарлау тәсілдерін бір-біріне үйлестіре
ұтымды қолданып отырған тек қана Малайзия емес. Екінші жаһандық соғыстан
кейін бесжылдық жоспарларды орындай отырып, Жапония экономикалық қуаты
жағынан әлем елдерінде екінші орынға шықты. Оңтүстік Корея 1962 жылдан
бастап бесжылдық жоспар негізінде дамуда, ол да “Азия жолбарыстарының”
қатарына шықты. Қытай Халық Республикасы, Үндістан да бесжылдық жоспармен
жедел даму үстінде. Бұл екі мемлекет жыл сайын өздерінің әлем деңгейінде ең
үлкен экономикалық держава екенін айқындау үстінде. Қорыта айтсақ, озық
шетелдік тәжірибелер бар. Оларды Қазақстан экономикасын дамытуға қолдануға
болар еді. Мүмкін, сонда біз экономиканы әртараптандыруда, осы бір біздер
үшін өзекті мәселені шешуде қазіргідей кібіртіктемес едік.
Ал енді Малайзияға қайта оралайық. Біздегідей емес, мемлекеттік фискалдық
және монетарлық саясатқа ол елде Қаржы министрлігі жауапты. Олар әр жылдағы
бюджет жобасын жасайды. Сол елдің Конституциясына байланысты бүкіл
Федерацияда жиналған ақшалай түсімдер Федералдық шоғырлану қорына түседі.
Барлық министрліктер, ведомстволар, федералдық штаттар бюджеттік қаржыны
осы қордан алады. Бюджет жергілікті және орталықтық деп бөлінбейді,
бірыңғай мемлекеттік бюджет жобасы жасалынады. Парламентке берердің алдында
бюджет Ұлттық қаржы кеңесінде қаралады. Осы елдің жылдық бюджетінің тағы
бір артықшылығы, онда әр салаға немесе жобаға (бағдарламаға) бөлінетін тек
қана қаржының көлемі емес, олардың сапасы және көздеген нәтиже параметрлері
көрсетіледі. Аталмыш параметрлер бесжылдық жоспар көрсеткіштерінің
негізінде жасалады.
Ал енді бюджеттің орындалуын бақылау жүйесі қандай? Оның да екі арнасы бар.
Елде көлемді түрде бас аудитор қызметі құрылған. Бас аудиторды Премьер-
министрдің ұсынысымен Король тағайындайды. Бас аудитор Король мен Парламент
алдында жауапты, оларға есеп береді, қарамағында 1600 есеп қызметкерлері
(ревизорлар) бар. Олардың 400-і орталықта, қалғандары штаттарда. Аудиторлық
салада қызмет істейтіндердің кәсіби білімін көтеретін Аудит академиясы бар.
Жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қаржы алған ұйымдар жаппай аудиторлық
тексерістен өтеді. Тексерістен кейін әрбір ұйымға бюджеттің жұмсалуының
дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтайтын сертификат беріледі. Ол ақпарат бас
аудитордың интернет-сайтында жылма-жыл жарияланып отырады. Сертификаттағы
нәтижелерге қарай әрбір қаржы пайдаланушының рейтингі анықталады.
Тексеріске жұмсалған қаржының жалпы көлемі ғана емес, сонымен қатар бюджет
жобасында келтірілген сапалы көрсеткіштер, шешуші нәтижелер, олардың
орындалуы анықталады. Бұл аудиторлық тексерістің бағасын, нәтижесін,
пәрменділігін арттырады.
Бюджеттік қаржыны жұмсауды бақылаудың екінші арнасы Парламентте
қалыптасқан. Малайзия Парламентінің төменгі палатасында арнайы мемлекеттік
шығындарды бақылайтын қоғамдық комитет құрылған. Оның құрамында депутаттар,
оппозиция өкілдері, бас аудитор кіреді.
Комитеттің негізгі міндеті – Парламент бекіткен мемлекеттік бюджеттің дұрыс
пайдалануын тексеру. Комитет барлық мемлекеттік шығындардың дұрыстығына,
жұмсалған ақшалар заңға сәйкес және тиісті құжаттармен дәлелденгеніне,
мемлекет активтері заңдастырылған ережелерге сәйкес пайдаланылғанына,
мемлекеттік шығындар тек көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуге
жауапты. Бюджет орындалуында орын алған кейбір кемшіліктер аталмыш
комитеттің ұсынысымен палатаның отырысында қаралады. Міне, осындай жан-
жақты ойластырылған және тәсілдері ұтымды бюджетті бақылау жүйесі
Малайзияда қалыптасқан.
Сөз соңында айта кетейін. Халықаралық ұйымдардың рейтингтік кестесі бойынша
Малайзия 2006 жылы мемлекеттік қаржының жұмсалуын бақылау және оның
тиімділігі жөнінде әлем елдерінде бірінші орынға шықты.
1970
Түгелімен экспортқа жұмыс
істейтін бір де бір кәсіпорын
болмаған

1980
- Малайзия электрондық жартылай өткізгіштерді экспортқа шығаратын әлем
деңгейіндегі ең ірі ел
Тұрмыстық (комнаталық) кондиционерлерді экспортқа шығаратын әлемдегі
үшінші ел
Өңдеуші өндірістің ЖІӨ
үлесі
1970 ж. – 13,1 %
1980 ж. – 19,7 %

Өңдеуші өндірістің экспорт-
тың жалпы көлеміндегі үлесі
1970 ж. – 11,4 %
1980 ж. – 21,7 %

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті
елшісі: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай проблема жоқ

Опубликовано: 22.05.2008
Источник: "Айкын" (Алматы)

– Нұртай Әбіқайұлы, Қазақстан – ежелден екі алып мемлекет Қытай мен Ресей –
ортасында жатқан ел. Сол елдің біріне елші болу міндеті тағдыр жазуымен
өзіңізге бұйырыпты. Мемлекет басшылары емес, ресейліктер ХХІ ғасырдағы
қазақтың елін қандай ел, қандай халық деп таниды? Сол елдегі Қазақ елшісі
ретінде пікіріңізді білгім келеді.
– Ресей – біздің ең жақын көршіміз, Ресей мен Қазақстанды өткен
тарихымыздың ортақтығы ғана емес, сонымен бірге өзара тиімді
ынтымақтастығымыздың орасан зор әлеуеті де байланыстырады. Біздің
ынтымақтастығымыз бүгінгі таңда да, болашақта да осы бағытта дами
түсетініне мен кәміл сенімдімін. Қазақстан мен Ресей достығы дәстүрлерінің,
экономикалық және мәдени байланыстарымыздың көп ғасырлық тарихы бар. Бұл –
кезінде бір мемлекеттің құрамында болған үш жүз жылға жуық уақыттан да
ұзақ, тамыры тереңде жатқан байланыстар. Ал қазіргі замандағы біздің
елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы тату көршілік, әріптестік және шын
мәніндегі туысқандық қатынастар мазмұны жағынан бұрынғыдан да берік, сан
салалы және неғұрлым маңызды бола түсті.
Қазір социологиялық сауалнама жүргізу кең қанат жайды ғой. Ресейдің
сарапшылары жүргізген осындай бір кең ауқымды сауал салуда ресейліктер
неғұрлым дос, ең жақын ел деп қандай елді таниды деген сұраққа
ресейліктердің басым көпшілігі Қазақстан деп жауап беріпті. Бүгінгі
Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының жақсы да жарқын мысалдары саяси
элитаның түсіністігімен ғана емес, қарапайым халықтың осындай өзекжарды
пікірлерімен ұштасып жатқаны әлдеқайда маңызды.
Салалық деңгейдегі, шекара маңы ынтымақтастығындағы, бизнестік құрылымдар
деңгейіндегі берік байланыстар, өзара іс-қимылдар екі тарапқа да пайдалы
екендігін атап өткен жөн. Бұл – біздің елдеріміздің өзара іс-қимылын
тереңдетудің, халықтар арасындағы достық қатынастарды нығайтудың берік
іргетасы. Ресейліктердің Қазақстанға деген ізгі сезімін, екі елдің
арасындағы достықты дамытуға, тату көршілікті және стратегиялық
әріптестікті нығайта түсуге деген оң көңіл күйді Қазақстанның Ресей
Федерациясындағы елшісі болып келген алғашқы күннен бастап сезіндім.
Тығыз өзара іс-қимыл жасаудың болашағын, Қазақстан мен Ресейдің
стратегиялық әріптестігін тең деңгейде екі тарап та танып отырғанын атап
көрсеткен жөн. Біздің елдеріміз 1998 жылы қол қойылған, ХХІ ғасырға
бағдарланған Мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы декларацияның мән-
маңызы мен рух-мазмұнына адалдық танытып келеді. Бүгінде екі жақты
байланыс¬тар экономикалық, мәдени, гуманитарлық салаларда және басқа
көптеген бағыттар бойынша барынша кеңейіп, тез дамуда. Қазақстанмен қарым-
қатынас – Ресейдің сыртқы саясатындағы маңызды басымдық, мұны жоғары
мемлекеттік лауазымдағы адамдар, қоғамдық топтардың өкілдері ұдайы атап
көрсетіп келеді. Екі жақты қарым-қатынастардың дамуына Ресей Президенті
Д.А.Медведевтің Астанаға сапары жаңа қуатты серпін береді деп сенемін.
Өзіңізге мәлім, бұл Дмитрий Анатольевичтің мемлекет басшысы мәртебесінде
шетелге жасап отырған алғашқы сапары, осының өзі-ақ көп нәрсені аңғартуға
тиіс.
– Елші мырза, ендеше, бастаған ойымызды әрі қарай жалғастырсақ... Соңғы
жылдары екі елдің геосаяси стратегиясының ара-жігі жақындасып кетті. Бұл
жайлы ресейлік зиялы қауым өкілдері Қазақ елінің стратегиялық
бағдарламалары Ресей бағдарламаларының көшірмесіне айналып кетті. Екі елдің
арасында конфронтациялық зона емес, келісім нүктелері көбірек дегенді
айтып қалып жүр. Сіз осындай қайшы пікірлерді дәлелді ұстанымдармен жоққа
шығара алар ма едіңіз?
– Бірден айта кетейін, біздің еліміз бен Ресей Федерациясының арасында
жанжалды аймақтар болған емес және әзір ондай нәрсе жоқ. Егер қандай да бір
проблемалар бойынша келіспеушіліктеріміз бар болса, біз оны тез әрі тиімді
түрде бәтуалы шешіп келеміз. Өйткені біздің жыл санап кеңейіп келе жатқан
екі жақты ынтымақтастығымыздың ортақ кеңістігі өте ауқымды. Бұл, ең
алдымен, біздің елдеріміз басшыларының арасындағы бір-біріне деген өзара
сенімінің арқасында мүмкін болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев бірнеше
мәрте атап көрсеткендей, Қазақстан мен Ресей арасында сындарлы диалог
жолымен шешіле алмайтын ешқандай проблема жоқ.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық даму
көрсеткіштері біршама ұқсас. Біздің мемлекеттеріміз ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ
сияқты бірлестіктердегі интеграциялық процестердің шын мәніндегі алға
сүйреушілері болып табылады. Мұның бәрі бағдарламалық құжаттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махатхир Мохамад бастаған үлкен жол
Азия – Тынық мұхиты аймағының мінездемесі
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
PR (паблик рилейшнз – қоғаммен байланыс) рыногінің дамуы
Туристік кәсіпорын қызметінің келешегін түрлі стратегияларды қолданып, арттыру жолындағы жоспарлауды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау
Малайзия туралы
Экологиялық туризмнің мәні
«Сымсыз технологиялар»
Малайзия
Малайзия экономикасы
Пәндер