ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І ТАРАУ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН . РЕСЕЙ ҚАТЫНАСТАРЫ: САЯСИ.МӘДЕНИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

1.1 ҚР мен РФ арасындағы мәдени.гуманитарлық қатынастардың қалыптасып даму эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Екі мемлекет арасындағы білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.3 Қазақстан мен Ресей арасындағы өнер саласындағы байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ІІ ТАРАУ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫ

2.1 Интеграциялық бірлестіктер аясындағы Қазақстан . Ресей мәдени байланыстарының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.2 Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың дамуындағы диаспоралардың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
2.3 Қазақстанның мәдениет саласындағы стратегиялары мен оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67

ҚОСЫМШАЛАР
Тақырыптың өзектілігі: Мәдениет - XX ғасырдағы халықаралық қатынасқа шешуші түрде және бірден-бір ықпал ететін фактор. Мәдениет саласының дамуы көптеген елдердің діни, ұлттық, саяси, экономикалық мүдделері қиылысқан бүтіндей дәуірді қалыптастырды. Бүгінгі жағдай жаһандық мәдени және саяси кеңістікте бақталастық күрестің күшеюімен сипатталады, сондықтан да мемлекеттердің сыртқы саясатындағы мәдени фактор орасан зор мәнге ие. Дүние жүзінің ірі мемлекеттерінің қазіргі сыртқы саясаты мәдениетке, оның рөліне, болмаса қандай да бір елдің сыртқы саясатының үстемдігін айғақтайды. Бұл бірінші кезекте Ресей, АҚШ, Жапония, Қытай, Ұлыбритания, Германия, жалпы Еуропа Одағы елдеріне қатысты. Мәдени-өркениеттер және әлеуметтік-экономикалық мәселелер халықаралық қатынастарға орасан зор ықпал етудегі негізгі фактор болып отыр. Олар халықаралық сахнада күрес және қайшылықтармен қосарланып, мемлекеттердің нақты сыртқы саясатында алуан түрде көрініс табады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу қағида негіздеп жүргізіп келеді.
Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресеймен тең құқылы қарым-қатынас құруға бағытталып отыр. Бұл тұрғыда ХХІ ғасырда Ресеймен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Ресейге ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Қазақстан мен Ресейдің мәдени қарым-қатынасы басты бағыттарының бірі өзара шынайы сенім мен достықтағы қатынастарды дамыта отыра аймақтық қауіпсіздікті бірлесе қамтамасыз етіп екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды барынша терең дамыту болып табылады. Себебі, географиялық жағынан тығыз орналасқан Қазақстан мен Ресейдің ұлттық қауіпсіздік мүдделері бір-біріне жақын.
Мемлекетiмiз өзiнiң әлеуметтiк және мәдени саясатын жүргiзуде елдiң этникалық-мәдени саналуандығын атап айтқанда, жанында ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс iстейтiн Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты құрылымның қолдауы арқылы сақтауға күш салады. Мәдениетаралық, дінаралық диалогтың түрлi нысандарын реттей отырып, осындай құрылым Еуразия халықтарының рухани бiрiгуiне, тiлдердiң, мәдениеттер мен дiндердiң үйлесiмдi үндестiгiнiң дамуына септiгiн тигiзедi.
1. Қ.Тоқаев. Беласу. Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасы. 9 шілде 2001 жылғы ғылым туралы заңы // ҚР Парламентінің Жаршысы. - Астана, 2001. № 15-16. -12-31 бб.
3. Договор о дружбе, сотрудничестве и взаимной помощи между РК и РФ. I//Казахстанско-российские отношения 1991-1995 гг.: Сборник документов и материалов. - Алматы-Москва, 1995. - С.87.
4. Соглашение Правительством РК и Правительством РФ о сотрудничестве в области культуры, науки и образования от 28 марта 1994 г. // Казахстанско-российское отношения 1991-2000 гг.: Сборник документов и материалов. -Астана-Москва, 2001. - С. 179.
5. НазарбаевН.Ә. Қазақстан-Ресей қатынастары: Баяндамалар, сөйлеген сөздер, мақалалар, сұхбаттар 1991-1998 жылдар. - Алматы: Қазакстан, 1999. -336 6.
6. Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: идеи, практика, перспективы. 1994-1997.-Москва, 1997.-С.15.
7. Назарбаев Н.Н. Ғасырлар тоғысында. - Алматы, 1999. - 175 б.
8. Токаев К.К. Под стягом независимости: очерки о внешней политике Казахстана. - Алматы, 1997. - 736 с.
9. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. -Алматы, 2000. - 480 с.
10. Тоқаев Қ.К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. - Алматы, 2002. -568 б.
11. Тоқаев Қ.К. Нұр мен Көлеңке. А.:2009
12. Иванов И. Новая российская дипломатия. Десять лет внешней политики страны. - Москва, 2002. - 382 с.
13. Мансуров Т.А. Казахстан-Россия стратегия вечной дружбы //Казахстанско-российское отношения 1991-2000 гг.: Сборник документов и материалов. - Астана-Москва, 2001. - С. 9-29.
14. Мансұров Т.А. Сындарлы стратегиялық әріптестік // Егемен Қазақстан. -2001.-29 караша.
15. Мансуров Т.А. Казахстанско-Российские отношения в эпоху перемен. 1991 -2001. - Москва: Реал-Пресс, 2001. - 712 с.
16. 2004 жылы интернет-баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясындағы Қазақстанның сол кездегi төтенше және өкiлеттi елшiсi Қырымбек Көшербаев: “Мәскеу қаласында “Қазақстан” мәдени-iскерлiк орталығын салу жоспарланып жатыр. //Газеты СНГ// 2005.
17. Интервью Посла Казахстана в России К.Е. Кушербаева журналу «Дипломат»//һйр://\үлү\ү.кагетЬа88у.ш/І88ие/?І88иеІсі=:275
18. Интервью Посла Казахстана в России К.Е. Кушербаева журналу "Моя Москва", "Самое ценное наследство" // http://www.kazembassv.iTi /issue/?issueld =341
19. Зауытбек Қауысбекұлы. Қазақстан мен Ресей әріптестіктің де, одақтастықтың да жарқын үлгісін көрсетіп отыр. «Айқын» 23.04.2010
20. Казахстан и Россия в цифрах: Статистический сборник. – Алматы: ТОО Интеллсервис, 2003-275 с.
21. Казахстан в цифрах / Под ред. А.Смаилова. – Алматы, 2002. -225с.
22. Казахстан в цифрах / Под ред. Е.А.Шокаманова. – Алматы, 2003. -397 с.
23. Казахстан и Россия в цифрах. Посвященной Году Казахстана в России. – Алматы-Москва, 2003.-275с.
24. www.khabar.kz
25. www.interfax.kz
26. http://www.1tv.ru/
27. http://www.itar-tass.com/
28. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.Алматы: «Дәуір», 1992. -56 бет.
29. Н.Ә.Назарбаев. Сындарлы он жыл. Алматы, 2003
30. Қ. Тоқаев. Қазақстан Республикасының Дипломатиясы.А.:2002.
31. Н.Исингарин. 10 лет СНГ. Проблемы, поиски решения.А.:2001.
32. Ельцин Б.Н. Казахстан добрый сосед России // Казахстанская правда. -
1998. - 10 октября.
33. Путин В. В. http://kazembassy.ru/press_service/news/sub/?catId=2
34. Медведев М. А. http://kazembassy.ru/press_service/news/sub/?catId=2&archive=1
35. А.Д.Воскресенский. Восток/Запад. Региональные подсистемы и региональные проблемы международных отношений. М.,2002.
36. С.Абдулпаттаев. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. А.:2005
37. М.Т.Лаумулин. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. А.:2006
38. Байзакова К.И. Казахстанско-российское сотрудничество в рамках ОДКБ //Казахстанско-Российское взаимодействие в XXI веке и вызовы глобализации: Материалы международной научно-практической конференции посвященной Году России в Казахстане. - Астана: Изд-ва КРУ, 2004. -С. 176-182.
39. Кукеева Ф.Т. Некоторые аспекты сотрудничества Казахстана и Россиии в сфере образования // Сборник материалов международной научно-практической конференции на тему "Казахстанско-Российское взаимодействие в XXI веке и вызовы глобализации посвященной Году России в Казахстане". -Іктана: Изд-во КРУ, 2004. - С.238-244.
40. Б.М.Балаубаева. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени қарым-қатынастар (1991-2005жж.) Алматы 2007.
41. Алипбаев А.Р. Әлемдік саясаттағы француз-герман өзара қарым-
қатынасын зерттеп білу - тәуелсіз Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі //10-лет независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. Материалы международной научной конференции, 22-24 февраля 2000 г. - Алматы, 2001. -Г.2. - С.43-45.
42. Макашева К.Н., Идрышева Ж.К. Еуропалық Одактың мәдениет
саласындағы саясаты // ҚазМУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы.- 2004. - №4(16). - С.9-15.
43. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. Алматы. 1999. 18-19-б.
44. www.kisі.kz
45. Казахстанско-российские отношения 1991-1999 годы. 91-б.
46. http://www.rian.ru/spravka/20051004/41592945.html
47. Егемен Қазақстан,1995 жыл, 10 тамыз.
48. Газета Юность. www.unost.org/sob.html
49. Казахстанская правда. 2001.10 ақпан.
50. Казахстанская правда. 2001.15наурыз.
51. Риа-новости. http://beta.rian.ru/culture/20100924/278983455.html
52. Газета Коммерсант. http://www.kommersant.ru/news/926569
53. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты http://www.edu.gov.kz/ru/news/arkhiv/
54. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты www.edu.gov.kz/fileadmin/user_upload/deyatelnost/.../Prilozh.doc
55. Барбашин И.В. Сотрудничество государств - участников СНГ в области образования: современные состояние и перспективы // Аналитический вестник Совета Федерации ФС РФ. - 2002. - №10. - С. 11-15.
56. Султанов Б.К. Некоторые вопросы гуманитарного сотрудничества казахстанско-российских отношений // Сборник материалов международной научно-практической конференции на тему «Казахстанско-Российское взаимодействие в XXI веке и вызовы глобализации посвященной Году России в Казахстане. - Астана: Изд-во КРУ, 2004. - С.29-32.
57. Интерфакс Казахстан. www.interfax.kz/news.baik5h4
58. Пресс-служба Посольства РК в РФ. kazembassy.ru/issue/?issueId=1148
59. Казинформ. http://www.inform.kz/#tabs-1
60. Казинформ. http://www.bfrz.ru/?mod=static&page_name=Peredacha_knig_dar_2011.
61. Б.Г.Нұржанов Культурология. – Алматы, 1994 -64 б.
62. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың журналға берген сұхбаты: Теңдесі жоқ құндылық –мәдениет және рухани байлық // Юность. – 2000.- №11-12.-4б.
63. Казахстанцы защищают Москву. К 60 летию битвы под Москвой . Москва , 2001. – 271 б.
64. Казахстанцы защищают Москву. К 60 летию битвы под Москвой . Москва , 2001. – 271 б.
65. Садықов Н. Казахстан и мир: социокультурная трансформация. – Астана: Елорда, 2001. – С.20.
66. Мұрат Мұсатаев, ЕурАзЭҚ Бас хатшысының орынбасары Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың интеграциялық серпінді ұмтылысы.
67. Тарлан сыйлығы табыс етілді// Егемен Қазақстан. – 2004. -20 қаңтар
68. http://www.egemen.kz/news.dinamo.
69. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігігің ақпараттары. http://mk.gov.kz/site/news
70. Қазақстан Үкіметінің ресми сайты. http://kz.government.kz/site/news/news_mistr/2009/05/83
71. Хабар. http://www.khabar.kz/kaz/culture/
72. Первый канал. http://www.1tv.ru/
73. Министерство Иностранных Дел Российской Федерации. Внешнеполитическая и дипломатическая деятельность российской федерации в 2010 году. Москва, март 2011 года.
74. Астана телеарнасы. http://www.astanatv.kz/index.php?news=3213&lang=2
75. 1996 жылдың 31 желтоқсанын Қазақстан Республикасы "Қазақ диаспорасын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама.
76. Социология: Энциклопедия / Сост. А. А. Грицанов, В. Л. Абушенко, Г. М. Евелькин, Г. Н. Соколова, О. В. Терещенко. — Мн.: Книжный Дом, 2003.
77. Қазақстан Республикасының статистикалық агенттік ақпараттары. 2010.
78. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия: политические, международные и культурные связи (XV-XVII вв.). - Алматы, 2007.
79. Айталы А.А. Ресей қазақтары.//Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі. Астана:Елорда, 2005 – 352.
80. Қазақстан Республикасы. 30 тамыз 1995 жылғы Конституция. - Алматы, 2004. - 36 б.
81. Мендикулова Г.М. Диаспоралогия в Казахстане - достижения суверинитета// Отан тарихы, 2004. №3. - с 75-78.
82. Ресей қазақтары. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі дайындаған. - Москва, 2005. - 19 б.
83. Қазақстандағы Славян орталығының ресми сайты. http://www.tildes.kz/index.php?artID=73&lang=2&show=33
84. «Құрылтай» виртуалды қауымдастығы http://www.kurultay.kz/?action=show_sections&id_section=98&lang=3&modname=links
85. Орынбордағы "Айқап" газетінің редакторы А.Нұрмановпен болған сұхбат / Ескекбаев Д. Қазақ диаспорасы: бүгіні және болашағы. - Алматы, 2003.-92 б.
86. Шуақ тарихи-өлкетану сайты http://shuak.kz/
87. «Мәдени мұра» ресми сайты http://www.madenimura.kz/
88. Қойгелдиев М.К. «Культурное наследие» и особенности формирования исторического познания в обществе // Қазақстанның мәдени мұрасы: жаңалықтары, мәселелері, болашағы: Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары, 19 қазан 2005 жыл, - Алматы, 2005.- С.405-411.
89. ҚР Әділет Министрлігінің ресми сайты http://www.minjust.kz/ru/node/1230.
90. Мәдениет Министрлігінің 2010 жылғы жұмысының қорытындылары. http://mk.gov.kz.
91. Орталық мемлекеттік мұрағат http://kaz.cga.kz/pub_2.html.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

Д. М. Қраубекова

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИ САЛАДАҒЫ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТАРЫ
(Бітіру жұмысы)

Ғылыми жeтeкші т.ғ.к., аға оқытушы Б. М.
Балаубаева

Нopмa бaқылaушы т.ғ.к., дoцeнт. A. P. Aлипбaeв

“қopғaуғa жібepілді”
Халықаралық қатынастар және
ҚР сыртқы саясаты
кaфeдpa мeңгepушісі, т.ғ.к., дoцeнт E. C.
Чукубaeв

Aлмaты, 2011
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І ТАРАУ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН - РЕСЕЙ ҚАТЫНАСТАРЫ: САЯСИ-МӘДЕНИ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

1. ҚР мен РФ арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастардың қалыптасып даму
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .10
2. Екі мемлекет арасындағы білім және ғылым салаларындағы
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.3 Қазақстан мен Ресей арасындағы өнер саласындағы
байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ІІ ТАРАУ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ МӘДЕНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

2.1 Интеграциялық бірлестіктер аясындағы Қазақстан – Ресей мәдени
байланыстарының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .36
2.2 Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың дамуындағы диаспоралардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...44
2.3 Қазақстанның мәдениет саласындағы стратегиялары мен оның
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .67

ҚОСЫМШАЛАР

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗБЕСІ

ЕурАзЭҚ - Еуразиялық экономикалық қауымдастық.
ЕҚЫҰ - Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы
ЖОО - Жоғары Оқу орындары
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ММУ - Мәскеу Мемлекеттік университеті
ММХҚИ - Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институты
OA - Орталық Азия
РҒА - Ресей Ғылым академиясы
РФ - Ресей Федерациясы
СІМ - Сыртқы Істер Министрлігі
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ЭКОС - студенттерді оқытудағы электронды комплекс
ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттардың білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері
жөніндегі Ұйымы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мәдениет - XX ғасырдағы халықаралық қатынасқа
шешуші түрде және бірден-бір ықпал ететін фактор. Мәдениет саласының дамуы
көптеген елдердің діни, ұлттық, саяси, экономикалық мүдделері қиылысқан
бүтіндей дәуірді қалыптастырды. Бүгінгі жағдай жаһандық мәдени және саяси
кеңістікте бақталастық күрестің күшеюімен сипатталады, сондықтан да
мемлекеттердің сыртқы саясатындағы мәдени фактор орасан зор мәнге ие. Дүние
жүзінің ірі мемлекеттерінің қазіргі сыртқы саясаты мәдениетке, оның рөліне,
болмаса қандай да бір елдің сыртқы саясатының үстемдігін айғақтайды. Бұл
бірінші кезекте Ресей, АҚШ, Жапония, Қытай, Ұлыбритания, Германия, жалпы
Еуропа Одағы елдеріне қатысты. Мәдени-өркениеттер және әлеуметтік-
экономикалық мәселелер халықаралық қатынастарға орасан зор ықпал етудегі
негізгі фактор болып отыр. Олар халықаралық сахнада күрес және
қайшылықтармен қосарланып, мемлекеттердің нақты сыртқы саясатында алуан
түрде көрініс табады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік
сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге
талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.
Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және
экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын
халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың
аймактық біртұтастығын кұрметтеу қағида негіздеп жүргізіп келеді.
Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресеймен
тең құқылы қарым-қатынас құруға бағытталып отыр. Бұл тұрғыда ХХІ ғасырда
Ресеймен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты
бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Ресейге ресми
сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша
мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi
арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
Қазақстан мен Ресейдің мәдени қарым-қатынасы басты бағыттарының бірі өзара
шынайы сенім мен достықтағы қатынастарды дамыта отыра аймақтық
қауіпсіздікті бірлесе қамтамасыз етіп екі ел арасындағы экономикалық
қатынастарды барынша терең дамыту болып табылады. Себебі, географиялық
жағынан тығыз орналасқан Қазақстан мен Ресейдің ұлттық қауіпсіздік
мүдделері бір-біріне жақын.
Мемлекетiмiз өзiнiң әлеуметтiк және мәдени саясатын жүргiзуде елдiң
этникалық-мәдени саналуандығын атап айтқанда, жанында ұлттық-мәдени
орталықтар жұмыс iстейтiн Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты құрылымның
қолдауы арқылы сақтауға күш салады. Мәдениетаралық, дінаралық диалогтың
түрлi нысандарын реттей отырып, осындай құрылым Еуразия халықтарының рухани
бiрiгуiне, тiлдердiң, мәдениеттер мен дiндердiң үйлесiмдi үндестiгiнiң
дамуына септiгiн тигiзедi.
Саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени байланыстардың көптеген
бағыттары бойынша түрлi халықаралық ұйымдардың, интеграциялық құрылымдарды
дамыту бағдарламаларының тұтас қатары жұмыс iстейдi. Гуманитарлық салада
осы өңiрдегi халықтар мәдениеттер диалогынан мәдени ынтымақтастыққа ауысты,
соның iшiнде, мәселен, Гуманитарлық ынтымақтастық Қоры, ТМД елдерiнiң
мәдени ынтымақтастық Кеңесi, шығармашылық және ғылыми интеллигенция Форумы,
кiтапханааралық ынтымақтастық Ассамблеясы сияқты түрлi үйлестiрушi
құрылымдардың қызметi арқылы да. Айталық, мәдени ынтымақтастық жөнiндегi
мемлекетаралық Кеңес гуманитарлық байланыстардың басымдықтарын жасайды, ал
оның жобалық жұмысы интеллигенцияның қоғамдық форумдары ұсыныстарының
негiзiне құралады. Гуманитарлық ынтымақтастық Қоры мәдениет, ғылым, спорт,
жастар байланысы саласындағы жобаларға қолдау көрсетедi. Ұлттық
әдебиеттерге, кiтап шығаруға, өзара аудармалар жасау мен кiтапхана iсiне
қолдау көрсететiн жобалар шешушi бағыттардың бiрiне айналады.
Сонымен, тұрақтылық пен экономикалық өсiп-өркендеуге мүдделi түрлi
мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың қайнар көзінің бірі – мәдениет десе
болады.
Қазiргi кезеңде еуразиялық кеңiстiктегi халықтар үшiн ұлттың қайта
өркендеуге ұмтылуы өзектi мәселе, бұл олардың мәдени сәйкестiктi ұғынуынан
айқын көрiнiс табады. Осы мәселе жаһандық мәдени ағындардың алдында айрықша
осал етедi, солардың жаппай таралуы қазiргi заманғы ақпараттық
коммуникациялар арқылы жеңiлдетiледi. Сондықтан жаһандану мен мәдени
байланыстың этникалық, ұлттық, дiни және тiлдiк өзiндiк ерекшелiктердiң
сақталуына сеп болған жөн. Еуразия елдерiнiң өңiрiндегi мәдени
саналуандықты сақтауға ұмтылулары қажет, бiрақ сонымен қатар өздiгiнен
оқшаулану әрекеттерiнiң әрқашан мәдени тоқыраумен аяқталғанын ұмытпау
керек.
Қазақстан мен Ресей арасындағы ХХ ғасырдың 90 жылдары қалыптасқан
дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыс ХХІ ғасырда да одан әрі дамуда. 2004
жылы Қазақстан Республикасының Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы
жүзеге асырыла бастады. 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
көлемінде әлем деңгейіндегі бірқатар жаңалықтар ашылып, Ресей мұрағаттары
мен кітап қорларынан қазақ халқы тарихындағы көптеген оқиғалардың сырын
ашатын бұрын беймәлім жазба дереккөздер қайтарылып, ғылыми айналымға
енгізілді. Сондай-ақ, 2007-2009, 2009-2010 жылдарға арналған Мәдени мұра
стратегиялық жоспары шеңберінде де айтарлықтай іс-шаралар атқарылды. Бұл
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – рухани және білім беру
салаларының дамуы, елдің мәдени мұрасын нәтижелі пайдалану және сақталуын
қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда екі мемлекет азаматтарының құқықтық теңдігін, халықтардың
мәдениетін дамытуды, білім алу, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді сақтау
және дамыту, діни-рухани қажеттіліктері және ана тілінде оқытуды қамтамасыз
ету үшін жағдайлар жасалды.
Бітіру жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Ресей мен Қазақстанның қазіргі
геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Берілген бітіру жұмысты зерттеу
өзінің даму эволюциясы, тарихы бар соңғы 10 жыл ішінде қалыптасып келе
жатқан екі мемлекеттің де екіжақты қатынастарының негізгі бағыттарының бірі
болатын мәдени саладағы ынтымақтастықтығының ХХІ ғасырдағы мәселелерін
қамтиды.
Сонымен, Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдениет, саясат, қауіпсіздік,
гуманитарлық, ақпараттық және экономика салаларындағы ынтымақтастық қазіргі
кезеңнің талаптарына сәйкес дамып отыр деген қорытынды жасауға болады [1].
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХХІ ғасырдың алғашқы
онжылдығындағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени қарым-
қатынастарды қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері. ХХІ ғасырдағы Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени қатынастарды жүйелі
және кешенді түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес бітіру
жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
• ҚР мен РФ арасындағы саяси-мәдени қатынастардың қалыптасып даму
эволюциясын зерттеу;
• ХХІ ғасырдағы Қазақстан – Ресей қарым-қатынастары: мәдени-гуманитарлық
байланыстарын ашып көрсету;
• Екі ел мәдени ынтымақтастығының даму барысын саралау;
• Интеграциялық бірлестіктер аясындағы Қазақстан – Ресей мәдени
байланыстарының дамуын зерттеп, ашып көрсету;
• Екі ел арасындағы білім-ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықтың
дамуын қарастыру;
• Қазақстан мен Ресей арасындағы өнер саласындағы өзара алмасулар мен
қарым-қатынастарды саралау;
• Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың дамуындағы диаспоралардың
рөлін анықтау;
• Екі жақты мәдени қатынастардың тереңдеуі мен стратегиялық
әріптестіктің дамуын зерделеу.

Бітіру жұмысының деректік негізі. Қазақстанның Ресей Федерациясымен
дипломатиялық, оның ішінде мәдени қатынастарын кешенді зерттеудің деректік
негізгі көздерін төмендегідей бес топқа бөлуге болады.
Деректік көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар
ҚР–ның дипломатиялық қатынастарды дамыту барысында Ресеймен арада қол
жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер [2-4].
Деректік көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер
министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы
сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді.
Олар берілген жұмыстың теориялық әдістемелік негізін құрайды.
Егемендігін алған ҚР сыртқы саясатының бағыттарын анықтап, белгілеп
беруде және қазақ дипломатиясының алғашқы қадамдарының беталысын айқындауда
ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері өзінің құндылығымен ерекше [5-7].
Қазақстанның әлем елдерімен өзара достық қарым-қатынастарының
қалыптасуының алғышарттарын, сонымен қатар егеменді еліміздің сыртқы
саясатының бағыттарының стратегиясын және оның халықаралық қатынастар
жүйесіндегі алатын орны мен атқаратын рөліне баға берген ҚР-ның белді
дипломаты, бұрынғы Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың бірқатар еңбектері
құнды болып табылады [1, 8-11].
Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі болған И.С.Иванов өз
еңбегінде Ресейдің қазіргі кездегі сыртқы саясатының және сыртқы саяси
басымдылығындағы ұлттық мүдделерінің қалыптасуын қарастырады [12].
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тең құқықты
ынтымақтастықтың өркендеуіне ат салысып, екіжақты қарым-қатынастардағы
барлық салаларға зерттеу жүргізген Қазақстан Республикасының Ресей
Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған Т.А.Мансұровтың
еңбектерінің де берері мол [13-15].
Сонымен қатар, Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған
Қ.Е.Көшербаевтың [16-18], қазіргі Қазақстанның Ресейдегі Зауытбек
Қауысбекұлының сұхбаттары [19] екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына
өз үлестерін қосуда.
Бітіру жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын статистикалық
жинақтар мен анықтамаларды жатқызуға болады. Олар Қазақстанның шет
елдермен, оның ішінде Ресей Федерациясымен мәдени ынтымақтастығы жөнінде
нақты және сандық көрсеткіштер туралы мәліметтер [20-23].

Бітіру жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобын Қазақстан мен
жетекші мемлекеттердің ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай
ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның Хабар, Интерфакс-
Казахстан, Ресейдің Новости, ИТАР-ТАСС [24-27] агенттіктері бар.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық
зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені
сөзсіз.
Бітіру жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысының
пайдаланылған еңбектер қатарында алдымен ҚР Президенті және қазақстандық
дипломаттардың еңбектерін айтуға болады. Мысалы, Н.Назарбаевтың
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы
[28]; Ғасырлар тоғысында[7], Сындарлы он жыл[29] атты еңбектері
еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму
бағытын қарастырған. Оның ішінде Қазақстан – Ресей қатынастарының мәдени
ынтымақтастығы, Қазақстанның бұл мемлекетпен өзара тиімді мәдени,
экономикалық, саяси, достық, әріптестік байланыстарды дамытудың
қажеттілігі баяндалады.
Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның
халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан –
Ресей дипломатиялық қатынастарын, ҚР бұрынғы сыртқы істер министрі
Қ.Тоқаевтың Под стягом независимости[8], Внешняя политика Казахстана в
условиях глобализации[9], Беласу [1] Қазақстан Республикасының
Дипломатиясы [30] атты еңбектерінде қарастырылады. Қ.К. Тоқаев Қазақстанның
тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізген сыртқы саясаты баяндалып, сыртқы
саясаттың бағыттары, кезеңдерін, басым жақтарын және екі ел қатынастарын
қарастырған.
Сонымен бірге қазақстандық дипломаттармен саяси қайраткерлердің де
зерттеу еңбектері тақырыпты ашуға, зерттеуге өз септігін тигізді. Олардың
қатарында Т.Мансұров [15], Н.К.Исингаринді [31] атап өтуге болады.
Бұл еңбектерде ҚР сыртқы саясаттағы қол жеткізген жетістіктеріне талдау
жасай отырып, Қазақстанның мәдени даму және экономикалық салалаларды
реформалаудың ерекшеліктерінің ортақ жақтарына, екі ел қатынастарының сан
салада қарқынды дамуына баға беріледі.
Сонымен қатар жұмыстың тақырыбын ашуда Ресей және Қазақстан
Республикасы басшылары мен ғалымдарының еңбектері де пайдаланылды.
Б.Н.Ельциннің [32], В.В.Путиннің [32], М.А.Медведевтің [34],
Н.Ә.Назарбаевтың [7,29] еңбектерін атап өтуге болады.
ҚР –ның жалпы сыртқы саяси бағыты мен оның Ресейге және Орталық Азияға
қатысты жүргізген саясатына талдау жасауға бірқатар Ресей зерттеушілері мен
ғалымдарының еңбектері арналған. Олардың ішінде И.Иванов [12],
А.Д.Воскресенский [35] сияқты зерттеушілерді атауға болады.
Қазақстандық зерттеушілер Қазақстанның сыртқы саясатында мемлекеттік
маңызы бар мәселелер турасында жазған белгілі тарихшы-ғалымдардың еңбектері
бар.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық,
мәдени, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар Орта
Азиядағы геосаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны және
Қазақстан - Ресей мәдени қатынастары мәселелерін белгілі ғалым Сапиулла
Абдулпаттаевтың [36] еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау
жасалынған.
Сонымен бірге зерттеуші М.Лаумулиннің [37] бірқатар басылымы Қазақстан
мен Ресей елдерінің қарым-қатынасы тұрғысындағы батыс зерттеушілерінің,
әсіресе американдық зерттеушілердің, көзқарасын баяндайды.
Екі ел қатынасына қатысты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар
және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасының оқытушылары
Қ.Е.Байзақованың [38], Ф.Т.Көкееваның [39], Б.М.Балаубаеваның [40],
А.Әліпбаевтің [41], Ж.Идрышеваның [42] және т.б. еңбектері бар.
Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, 6 бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

І ТАРАУ ХХІ Ғ. ҚАЗАҚСТАН - РЕСЕЙ ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘДЕНИ- ГУМАНИТАРЛЫҚ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

1. ҚР мен РФ арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастардың қалыптасып даму
эволюциясы
Соңғы он жылда қоғамда болған өзгерістер, КСРО ыдырағаннан кейін
тәуелсіз жаңа мемлекеттердің қалыптасуы, нарықтық қатынастарға көшуге
байланысты халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының күрт нашарлауы
қоғамдық санадағы түбегейлі өзгерістерге соқтырды. Елдердің негізгі күштері
мен ресурстары экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған шақта
танымы қалыптасып үлгерген адамдар мемлекет тарапынан лайықты көңіл
бөлінбеуіне байланысты психологиялық жайсыздық сезініп, жатырқаушылыққа
соқтығуы мүмкін емес еді. Қыруар жандар түрлі күйкі жайлармен бетпе-бет
келіп, қоғамның мәдени және рухани талаптары кейін ысырылған өтпелі кезеңде
солай болды да.
Дегенмен, тиісті мәдени орта болмайынша парасаттылықты қолдап, дамыту да
болмайды дейтін тұжырым да тез қалыптастып үлгерді. Және, ең маңыздысы,
қоғамдағы рухани-адамгершілік жағдай тек ұлттық мәдени игіліктерден нәр
алып қана қоймай, көрші халықтардың, барша адамзаттың игіліктерімен де
баитыны көптеген адамдар дер кезінде ұқты. Мәдениетте шекара болмайды, ол
басқа мәдениеттермен байланысы арқылы өркендейді.
Мәдениет ауқымындағы ықпалдастық – ел-елдің, әсіресе қазіргі
мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастың ең маңыздысы әрі сапалы
көрсеткіштердің бірі. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан-Ресей қатынастарының
саяси, экономикалық, әскери аумағындағы ынтымақтастығымен қоса нақ осы
мәдени-гуманитарлық ықпалдастығының мейлінше зор маңызы бар. Мәдени
ынтымақтастық екі елдің және олардың халықтарының тек рухани жақындығының
ғана айқын дәлелі деу жеткіліксіз. Ол екі жақты қатынастарының қалыптасқан
саяси және экономикалық тірегін ескере отырып, өткен онжылдықтарда біздің
мемлекеттеріміз дәйектілікпен қамтамасыз етіп келген өзара түсіністік пен
ынтымақтастықтың биік деңгейінің болашақ үлгісіне айналды.
Қазақстан мен Ресей халықтарының өзара байланысын сондай-ақ жалпы
еуразиялық тамырлары, біртұтас адам кеңістігі, ортақ тарихы білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Тарих толқынында
атты кітабында: ...қазақ жері еуразиялық ауқымдағы мейлінше кесек мәдени
жаңалықтардың мекені... Мұның бәрі де әртекті халықтармен және
өркениеттермен әрі алуан түрлі, әрі ұзақ уақыт бойы жасау арқылы ғана
мүмкін болатын құндылықтар [43],– деп жазды.
Қазіргі дүниеде мәдени ықпалдастық мемлекеттер арасындағы қарым-
қатынастың маңызды факторы болып отыр, ал күнделікті тәжірибе оның елдер
мен құрлықтарды жақындастырудағы рөлі қаншалықты зор екенін дәлелдеуде. Ал
Қазақстан мен Ресей халықтарының бір-бірін мәдени жағынан байыту дәстүрлері
ғасырлар қойнауына тартып, шынайы еуразиялық синтездің, сан тарау
үйлесімділіктің, әралуан үндестіліктің нағыз үлгісін танытады. Шынында,
тілінің, дінінің, дәстүрінің, тұрмыс салтының айырмашылықтарына қармастан
алапат кеңістікте ғасырлар бойы бірге өмір сүрген туыстас екі халық бір-
біріне көңілдері әбден жарасқан. Дүние жүзіндегі құрлық бойынша ең ұзақ
ортақ шекара мен көлеміне көз жеткізсіз іргелес қоныс біздің
халықтарымыздың өткен замандарда тату көршіліктің бай тәжірибесін жинақтап,
сақтауына мүмкіндік берген.
Өткен онжылдықта екі жақты қарым-қатынастың құқықтық базасын
дәйектілікпен құруға деген талпыныс Қазақстан мен Ресей халықтарының рухани
байланыстарын дамыту мен нығайтудың қажеттіліктерінен туды. Олардың аса
маңызды қағидалары 1992 жылғы 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара
көмек туралы шарт, 1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы "Достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы" шарт
1994 жылғы 28 наурыздағы Мәдениет, ғылым және білім саласындағы
ынтымақтастық туралы декларация сияқты тәуелсіз екі мемлекет арасындағы ең
ауқымды құжаттарда бейнеленді [44 ].
Осы заманғы Қазақстан-Ресей қатынастары қалыптасуының бастапқы кезінде
бекітілген Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартта
тараптардың, ғасырлар бойы дәстүрлерге сүйене отырып, өз халықтарының
арасында қалыптасқан мәдениет пен өнер саласындағы байланыстарды кеңейтіп,
тереңдете беретіні, күллі-мәдени тарихи мұраның жетімділігі мен емін-
еркіндігін қамтамасыз ететіні, шығармашылық ұжымдардың, мәдениет
қайраткерлері мен мамандардың, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті
деңгейдегі мәдениет мекемелерінің арасындағы алмасуларды кеңейтуге ықпал
жасай беретіні көзделген. [45].
Мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты дамыту және оны одан әрі нақтылай түсу
үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылы наурызда Ресей Федерациясына
тұңғыш ресми сапарының барысында Мәдениет, ғылым және білім саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Екі елдің Үкіметтері Қазақстан
мен Ресей халықтарының осы ауқымдағы достық байланыстары мен
ынтымақтастығын дамытуға және нығайта беруге мүдделі екендіктерін білдірді.
Тараптар алдағы уақытта да осы салалардағы ынтымақтастыққа ұдайы қолдау
көрсетіп отыруға, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестіктері,
шығармашылық одақтар, ассоциациялар мен қорлар тарапынан болатын
байланыстарды дамыта беруге міндеттенді [46]. Сондай-ақ екі елдің ұлтаралық
мәселеге байланысты көзқарастарын жақындата түсті. Нәтижесінде еліміздегі
этносаралық тұрақтылық қамтамасыз етілді. Ресейдегі ұлтшыл отаншылдардың
теріс пиғылына соққы берілді. 2000 жылғы жазда Ресей Президенті Владимир
Путин Қазақстанға ресми сапарында ешқандай "орыс тілі" мәселесі жоқ екенін
мойындады [15].
Орыс миграциясының күшеюіне олардың қазақ тілін білмеуі, көпшілігінің
оны үйренетін ниетінің болмауы әсер етті. Сонымен бірге қазақстандық
орыстар өздерінің балалары мен немерелері келешекте әлеуметтік нашар халде
қалады деп күмәнданды, олардың кәсіби келешегіне сенбеді. Нәтижесінде
орыстар біраз азайды. Кеңес мемлекеті кезінде орыс тілі миллиондаған
қазақтар үшін жалпыға бірдей сауаттылыққа, әлемдік ғылымға, әдебиетке,
өнерге есік ашуда үлкен рөл атқарды. Дегенмен оның теріс жақтары да болды:
қазақтардын, өз мәдениетіне, тарихына, әдет-ғұрпына деген немқұрайлы
көзқарасы қалыптасуына әкеліп соқтырды, қазақ тілінің дамуына кері ықпал
тигізді. Қазақ тілі алдымен мемлекеттік қызмет, білім, ғылым, өнеркәсіп
салаларынан ығыстырылып, кейіннен тіпті тұрмыста да кемсітушілік кең етек
алды [11]. Қазіргі кезде Қазақстанда орыс тілінің ресми мәртебесі бар, оның
мемлекет тарапынан қолдау тауып отырғандығы барлық деңгейдегі билік
органдарында қазақ тілі мен бірдей пайдалану үшін жағдай қамтамасыз
етілгендігінен көрінеді.
Біздің елдеріміздің халықтарына бір-бірінің мәдени өміріне кеңінен
қатысу мүмкіндігін туғызу үшін Қазақстанда Ресей Федерациясының Күндерін
және Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Күндерін өткізіп отыру
туралы уағдаластыққа қол жетті. Орындаушылық өнер ауқымында жұмыс істейтін
ұжымдардың басым көпшілігінің қаржы жағдайы мәз емес. Сондықтан келісімде
Мәдениет күндерін, көркемөнер фестивальдарын, ұжымдар мен жеке
орындаушылардың гастрольдерін, қазақстандық және ресейлік авторлардың
музыкалық және драмалық шығармаларының қойылымдарын өткізуге, мәдени-
ағартушылық және өнерпаздық шығармашылық саласындағы жан-жақты
ынтымақтастыққа, ал бейнелеу өнері аясында – көркемсурет көрмелерін
алмасуға ықпал етіп отыру көзделді [45].
Бағдарламасы театр гасрольдерін, көрмелерді, ресейлік мәдениет
қайраткерлерінің концерттерін қамтыған Ресей мәдениетінің Күндерінен соң
(1993 қыркүйек-қазан), келесі жылы сәуірде Ресейде Қазақстан мәдениетінің
Күндері де табысты әрі мазмұнды болып өтті. Олардың ресми ашылуы Ресей
мемлекеттік орталық концерт залында болды. Консерваторияның Үлкен залында,
П. И. Чайковский атындағы Концерт залында болған Қазақстан өнер
шеберлерінің концерттеріне жетекші солисттер мен шығармашылық ұжымдар
қатысты. Қазақстан мәдениетінің Ресейдегі Күндері екі халықтың жақындығы
неғұрлым айқын сезілетін іргелес Астрахань және Омбы облыстарында жалғасты.
1994 жылы мемлекетаралық Мир телерадио компаниясы мен ТМД мемлекеттері
кинематографистер одақтарының конфедерациясы бірлескен шаралар шеңберінде
Мәскеуде Московский фест-94 кинофестивалін өткізді. Бұрынғы одақтас
республикалар ұлттық кинемотографиялық бірлестіктері табыстарының өзіндік
байқауының бір күні түрлі халықаралық байқауларда жақсы танылып жүрген
Қазақстан жас кинемотографшыларына арналды.
1995 жылы Қазақстан мен Ресейдің мәдени ықпалдастығындағы айрықша белес
болғанын еске сала кету керек. Бұл жылы ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен көптеген
елдерде атап өтілген айтулы мереке қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың
туғанына 150 жыл толған мерейтойы еді. Сәуірде М. Рудомино атындағы шетел
әдебиетінің Бүкілресейлік мемлекеттік кітапханасында екі елдің көрнекті
ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен әдеби музыкалық кеш
болып өтті.
РҒА Әлем әдебиеті институтының және Ресейдегі Қазақстан елшілігінің
ұйымдастыруымен 1995 жылы 15 қарашада Мәскеуде Абай мұрасы осы заманғы
дүниеде дейтін тақырыппен өткен ғылыми конференция тіпті осындай кең
ауқымды салтанатты шаралардың аясында елеулі оқиға болды. Конференцияға
қатысушыларға Президент Н. Ә. Назарбаевтың құттықтауы жолданды. Ресей мен
Қазақстанның белгілі ғалымдары: РҒА Әлем әдебиеті институтының директоры Ф.
Кузнецов, Қазақстанның халық жазушысы Ә. Нұрпейісов, РҒА корреспондент-
мүшесі, профессор Г.Ломидзе, жазушы, Президенттік бейбітшілік және рухани
келісім сыйлығының лауреаты Г.Бельгер, филология ғылымының докторы,
профессор З. Османова және басқалар баяндама жасады. Ғалымдар мен жазушылар
Абайдың ақындық және шығармашылық мұрасы жайында өздері жүргізіп келе
жатқан қомақты зерттеу жұмыстары туралы баяндап қана қоймай, ең бастысы,
ақын шығармашылығының әлі танылып болмаған қырларын одан әрі зерделеп-
зерттеуге бірлесе күш-жігер жұмсау қажеттігі жайында айтты. Ғалымдар үнемі
байланыс жасап, халықтарымыздың мәдениетіндегі өзара ықпалдастықтың алуан
қырлары бойынша дүркін-дүркін ғылыми және басқа да конференциялар өткізіп
тұру қажет дейтін ортақ пікірге тоқтады.
Ресей интеллигенциясының қазақ мәдениетін дамытуға маңызды үлес қосқан
өкілдері Қазақстанның мемлекеттік марапаттарына ие болды. Мысалы, соғыс
жылдарында Алматы сахнасында би билеп қана қоймай, хореография училищесінде
сабақ берген Г. Уланова мәртебелі Парасат орденін алды. Оның ұлттық
өнерімізді дамытуға қосқан жеке еңбегі өлшеусіз, соның дәлелі ретінде оған
Қазақстанның халық әртісі атағы берілді. Осы жарлықпен аса көрнекті
хореограф Ю. Григорович Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
атағын алды. Семей облыстық бейнелеу өнері мұражайына өзінің аса бай
жинағындағы әдемі өнер туындыларынан 500 шығарманы сыйға тартқан мәскеулік
Ю. Невзоров та Парасат орденімен марапатталды және Семей қаласының
құрметті азаматы атанды [47].
1996 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы
Мәдениет күндері зор табыспен өтті. Ол теңдесі жоқ ақын Жамбыл Жабаевтың
150 жылдық мерейтойының құрметіне арналды. Қазақ ақынының мерейтойы
құрметіндегі салтанат Орынбор және Астрахань облыстары мен Санкт-
Петербургте өтті.
1997 жылы Ресейде Мұхтар Әуезовтың туғанына 100 жыл толуына арналған
салтанатты мерейтой шаралары өткізілді. ТМД Жазушылар одақтарының
халықаралық қауымдастығында Мұхтар Әуезов және әлемдік әдебиет тақырыбына
ғылыми конференция өтті, ал Ресей мемлекеттік кітапханасы мен М. Рудомино
атындағы шетел әдебиетінің Бүкілресейлік кітапханасында кітап көрмесі мен
әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылды. 21 наурызда Қазақстан Елшілігінде
Әуезов оқулары өтіп, оған Ресей мен Қазақстанның белгілі жазушылары және
әдебиет зерттеушілері қатысты. Сөз сөйлегендердің арасында Ресей
Федерациясы мәдениет министрінің орынбасары М. Швыдкой, М. Ломоносов
атындағы ММУ профессорлары Ч. Гусейнов пен Х. Короглы, белгілі қазақ
жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Д.
Исабеков, РҒА Әлем әдебиеті институты директорының орынбасары, профессор А.
Куделин және басқалар болды. 1997 жылы қыркүйек-қазан айларында өткізілген
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндері Ресейдің
өзінде де, Қазақстанда да екі жақты гуманитарлық ынтымақтастықтың айтулы
оқиғасы ретінде қабыл алынды. Дәл осы күндері Қазақстан Білім және Мәдениет
министрлігі мен Ресей мәдениет министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы
хаттамаға қол қойылды. Мәдениет күндеріне қатысушылардың арасында В.
Федосеевтің басқаруындағы Мемлекеттік академиялық үлкен симфониялық
оркестр, С. Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ
театры сияқты даңқты көркемөнер ұжымдары, Ресейдің Үлкен театрының
солистері және басқалар болды [40].
А. С. Пушкиннің 200 жылдық мерейтойы шеңберіндегі көптеген шаралар
қатарында 1999 жылы Қазақстанда ұлы орыс ақынының шығармашылығына арналған
ғылыми конференциялар, концерттер, спетакльдер өткізілді, көрмелер
ұйымдастырылды. Сол жылы Президент Н. Ә. Назарбаев Алматының ортасында
Пушкиннің ескерткішін ашты.
Республиканың көп ұлтты мәдениетін жандандыру, сақтау және дамыту үшін
Қазақстан президенті өзінің Жарлығымен 2000 жылды Қазақстандағы мәдениетті
қолдау жылы деп жариялады. Жүзеге асырылған шаралардың негізіне кәсіби өнер
мен халық шығармашылығын дамытуды, мәдени-тарихи ескерткіштерді сақтау мен
зерттеуді, республикалық және жергілікті жобаларды қаржылық жағынан
қамтамасыз етуді, қазақстандық мәдениетті елдің өз ішінде де шетелдерде де
насихаттап, таратуды қолдау шешілді.
2000 жылы Юность журнылының Қазақстанға арналған нөмірінің шығуы екі
елдің әдеби байланыстарын одан әрі жалғастырудың бір үлгісі болды. Басылым
авторлары болып қазақ ақындары, прозашылары, көсемсөзшілері, ғалымдары,
мемлекет қайраткерлері қатысты. Бұл бірлескен жобаның арқасында Ресей
оқырмандарының ең қалың тобы туысқан Қазақстан әдебиетінің шығармаларымен
танысу мүмкіндігіне ие болды. Журналдың алғашқы сұхбатында Президент Н. Ә.
Назарбаев кез келген жағдайда адамдар үшін негіздің негізі болатын даусыз
құндылықтар қатарына көбінесе ұлттың рухани салауаттығын білдіретін
мәдениетін жатқызатынын айтты [48].
Бүгінгі күні ең маңызды проблемалардың бірі Ресей аумағында тұратын
қазақтардың жалпы біліми қажеттерін қанағаттандыру, ең алдымен ана тілінде
оқуына жағдай туғызу, сондай-ақ ұлттық мәдениеті мне дәстүрлерін дамыту.
Отандастарымыздың арасындағы мәдени-ағарту жұмысының мәселелері байыпты мән
беруді қажет етеді. Тек Астрахань, Омбы және Орынбор облыстарында ғана
қазақ тілінде газеттер шығарылады. Тұрғындар қазақ тілінде радио және
телевизия хабарларын тарату жөнінде өтініш білдіруде, бұл жұмыс Қорған,
Челябинск, Астрахань және Орынбор облыстарында жолға қойылған. Ресей
Федерациясының 16 субъектісіндегі қазақ аймақтық құрылымдық
бірлестіктерінің 2000 жылы наурызда Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде
өткен кездесу барысында осы жайында сөз болды. Кездесу барысында оған
қатысушылар республикада өткізіліп жатқан саяси және әлеуметтік
экономикалық жаңғыртулар, Қазақстан-Ресей қатынастарының жай-күйі мен
басымшылықтары туралы ақпарат алды. Елшіліктің Ресейде тұратын
отандастарымыз үшін қазақ тілі бойынша оқу-құралын әзірлеп, бес мың дана
таралыммен басып шығарғаны маңызды шаруа болды [49].
Адамдардың, әсіресе мәдениет пен рухани байланыс саласындағы ізгі ниетті
әрі дәстүрлі жарастығын сақтауға деген ынта-ықыласын ескере отырып, біздің
елдеріміздің мәдениет министрліктері, басқа да ведомстволары мен
шығармашылық одақтары белсенді түрде ықпалдасып, пайда болған мәселелерді
бірлесе шешіп, ортақ рухани кеңістікті кеңейте беру мақсатымен күшін
жұмылдыра түсуде. Бұл – адамдардың нақты қажеттілігі.
ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2001 жылы наурызда
Мәскеудегі Одақтар Үйінің Бағаналы залында Наурыз мейрамы тойланды. Тойға
Ресей астанасында тұратын біздің отандастарымыз шақырылды [50].
2001 жылғы жарқын оқиғалардың бірі маусым айында Ресей Федерациясының
Қазақстанда өткен мәдениет күндері болды. Оның салтанатты ашылуында
И.Моисеев жетекшілік ететін Мемлекеттік Академиялық халық биі ансамблі,
Ресейдің өнер шеберлері қатысты.
Астанада болған ресейлік ресми делегацияны басқарған Ресей
Федерациясының мәдениет министрі М.Швыдкой мен Қазақстан Республикасы
мәдениет комитетінің төрағасы Д.Қасейінов өткізіліп жатқан өзара мәдениет
күндерінің мән-маңызына жоғары баға беріп, мемелкеттік мәдениет органдары
біздің елдеріміз арасындағы достықтың дәстүрлі биік деңгейінің аса маңызды
көрсеткіші болып табылатын мәдени ықпалдастықтың мол қатпарлы үдерісіне
қолдау көрсетіп отыру керек десті [51].
2001 жылы қазанда Мәскеуде Аламаты өнер шеберлерінің фестивалі болып
өтті. Ресей Мемлекеттік Академиялық Үлкен театрында Алматының белді
әртістерінің концерті болды. Манежге белгілі қазақстандық С.Калмыковтың
жұмыстары, 20-30 жылдардағы Орыс авангардының Ә.Қастеев атындағы
Мемлекеттік мұражай қорынан алынған коллекциясы, ал Шығыс мұражайына
алматылық қазіргі суретшілердің жұмыстары қойылды. Мұның сыртында
қазақстандық және ресейлік кинематографшылардың кездесуі өтті, Қазақстанда
жасалған кинофильмдер көрсетілді [52].
Сондай-ақ қазан айында Мәскеуде тенор дауысты қазақстандық әйгілі әнші,
КСРО халық әртісі Ә. Дінішевтің концерті зор табыспен өтті, ол П. И.
Чайковский атындағы концерт залында қазақ, орыс және шетел
композиторларының шығармаларын шырқады.
Ресей ЖОО Қазақстан үшін жоғары сапалы мамандар даярлаудың берік тірегі
болып келгені және солай болып та отырғаны құпия емес. Бұрынғы жылдары тек
орталықтандырылған түрде Ресей ЖОО-да 2 мыңдай қазақстандық студенттер
оқып, барлық мамандықтар бойынша кадрлар шыңдалып шығатын. Екі ел
арасындағы 1992 жылғы 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек
туралы шартта Тараптар білім беру, ғылыми біліктілігі жоғары кадрлар
даярлау саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады және бір жақтың
азаматтарының екінші жақтың оқу орындарында білім алу құқықтарын шектемеуге
міндеттенеді деп атап көрсетілуі тегін емес. Сондай-ақ іргелі және
қолданбалы зерттеулер жүргізу, осы заманғы ғылымның, техника мен
технологияның жетістіктерін пайдалану саласындағы тиімді ынтымақтастықты
қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану жөніндегі уағдаластыққа қол жетті [45,
92 б.].
Екі ел Президенттері 1998 жылы 6 шілдеде қол қойған Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХХІ ғасырға бағытталған мәңгі
достық пен одақтастық туралы декларацияға сәйкес біздің мемлекеттеріміз
екі ел халықтарының рухани және мәдени жақындығын сақтауға ұдайы мүмкіндік
жасап, мәдениет, ғылым, білім, ақпарат аясындағы өзара байланысын тереңдете
береді. Тараптар сондай-ақ өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жұмыс
істейтін ғылыми, шығармашылық және басқа да одақтардың, қорлардың арасында
кең ауқымды байланыстар орнатуға мүмкіндік жасайтын болады. Халықтардың
мәңгі достығы мен бауырластығы мұраттарына бейімділігін сақтай отырып,
біздің елдеріміз мәдениет және ғылым қайраткерлерінің Қазақстан мен Ресей
арасындағы мәңгі достық үшін Ассоциациясын құрды. Қазақстан мен Ресейде
осы құрылымға қаншалықты мән берілетінін ескеріп, Ассоциация құрамына екі
елдің белді қоғам қайраткерлерін қатыстыру шешілді.
Денсаулық сақтау гуманитарлық ынтымақтастықтың ең бір маңызды және
болашағы зор құрамдас бөліктерінің бірі екені белгілі. Осы саладағы
ынтымақтастық Қазақстан-Ресей іргелі құжаттарында көрініс тапты, оларда
біздің халықтарымыздың денсаулығын қорғау, медициналық ғылым мен
тәжірибені, олардың материалдық-техникалық базасын дамыту, дәрі-дәрмекпен,
медициналық техника бұйымдарымен және балалар тамағының өнімдерімен
қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл көзделген. Оларда сондай-ақ
әрбір тарап жұртшылығының емделу мен консультациялық көмек алу үшін бірегей
және мамандырылған медицина мекемелерін бұрынғыдай емін-еркін әрі тең
жағдайда пайдалануы қуатталған.
Денсаулық сақтау мен медицина ғылымы аясындағы ықпалдастық ересектер мен
балаларға алғашқы әрі мамандандырылған көмек көрсету, профилактикалық
медицина мен қоршаған ортаны қорғау, фармация мен медициналық техника,
санитарлық-курорттық емдеу мен сауықтыру мәселелерін қамтиды. Тараптар
ғылыми және медициналық кадрлар даярлаудағы ғылыми ізденістерді бірлесіп
жүргізудегі, денсаулық сақтау жүйелерін реформалаудың басымдықтарын
тұжырымдаудағы байланыстарын дамыта беретін болады. Осының бәрі екі елдің
арасында денсаулық саласында қалыптасқан дәстүрлі байланыстарды одан әрі
нығайта беретіні даусыз.
2001 жылы Мәскеу түбіндегі шайқасқа 60 жыл толғаны белгілі. Қазақстанның
Ресей Федерациясындағы елшілігі осы бір айтулы күнге арналған басылым
әзірледі. Жинаққа Мәскеуді қорғаушылардың қаһармандық ерлігінің кең ауқымды
ескерткіштері, майдангерлердің естеліктері, көркем және деректі проза
шығармалары, өлеңдер, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ең сұрапыл
шайқастардың біріне қосқан үлесін бейнелейтін соғыс жылдарындағы газет
жарияланымдары мен мұражай құжаттары топтастырылды. Бұл кітап – біздің
ортақ Жеңісіміз бен халықтарымыздың мызғымас достығының тағы бір куәсі.
Өзгерістер заманында тиянақ нүктенің бұлжымас негізінің болғаны аса
маңызды. Оны біздің елдеріміз халықтарының бұрынғы заманнан келе жатқан
рухани және мәдени мұрасының құндылықтарынан ұдайы нәр алып, өзара
жетілдіру жолынан іздеген жөн. Қазақстан мен Ресей тәуелсіздікке қолдары
жетісімен туыстас екі халықтың өзара ықпалдастығының бұрынғы бай
тәжірибесінің арқасында ғана күйзеліс қарқынынан аман қалды. Сондықтан
ортақ мәдени, ақпараттық, біліми, жалпылай айтқанда ортақ гуманитарлық
кеңістікті қалпына келтіру мен жаңғырту – Қазақстан мен Ресейдің өзара
қарым-қатынасындағы қазіргі кезеңнің аса қажеттілігі.
Тәуелсіз Қазақстан мен Ресейдің алғашқы онжылдықтағы мәдени-
гуманитарлық ынтымақтастығына, аса маңызды осы ауқымдағы жемісті қарым-
қатынастың жинақталған тәжірибесіне, мемлекет пен үкімет деңгейінде
қолданылған шараларға жасалған талдау ынтымақтастықтың жаңа пошымдары
табылды деп сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Екі ел ХХІ ғасырдың
табалдырығында, Мәңгі достық пен одақтастық туралы декларацияда
айтылғандай, Қазақстан мен Ресей халықтарының рухани және мәдени
жақындығын сақтауға үнемі ықпал ету, мәдениет, ғылым, білім, ақпарат
аясындағы өзара байланысты тереңдете беру [45,309 б.] үшін сенімді негіз
жасады.
Қазақстан-Ресей қатынастары аясында тұрған ауқымды міндеттер екі жақты
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа үдемелі мәнділік сипатын береді. Бұл
ауқымдағы тиімді ықпалдастық Қазақстан-Ресей нақты стратегиялық
әріптестігінің түбегейлі құрамдас бөлігі екеніне сөз жоқ. Мәдени
ынтымақтастықтың басты мұраттарының бірі – тарихи қалыптасқан рухани
байланыстарды сақтау мен нығайту осы арада айқын көрінеді [15].

1.2 Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық
Біздің елдеріміздің халықтары арасындағы өзара түсіністікке жетудің аса
маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі мәдени байланыстардың алатын орнын
лайықты бағалай отырып, гуманитарлық ынтымақтастықтың басқа салаларын да
ұмытпаған жөн. Қазақстан мен Ресейдің білім және ғылым аясындағы өзара
тиімді байланыстары жемісті түрде дамып келеді. Біздің көп ұлтты
қоғамымыздың парасат негіздерін тәрбиелеу көп ретте білім беруді
басымдықпен дамытуға байланысты екені рас. Әлеуметтік түйіндерді шешудің
негізгі жолдарының бірі нақ осында жатыр. Адамды оқытуға, оған жұмсалған
қаржы, түптеп келгенде мемлекеттің болашағына жұмсалған болып шығатыны
белгілі.
Білім беру, оқу-ағарту саласы адамдарды бір-біріне жақындатуда,
топтастыруда үлкен орын алады. Өйткені ғасырлар бойы адамзат баласы жинаған
жетістіктерді, ілімдерді ескермейінше, оқып үйренбейінше қоғамның ілгері
дамуы мүмкін емес. Ал, оқу-ағарту ісінде әлем жұртшылығы жинаған тәжірибені
оқып үйрену бұл дамуды көрсетеді.
Екі мемлекет арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықтың алар орны
ерекше. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтсақ Ресейлік білім әлемдегі
ең сапалы, жоғары деңгейдегі білім болып саналатындықтан екі жақты қарым-
қатынастарда бұл сала өте маңызды орын алады [53].
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Білім және
ғылым саласындағы екі жақты ынтымақтастық белсенді жүргізілуде.
Ынтымақтастық бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер
негізінде жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының гуманитарлық
саладағы 2007-2010 жылдарға арналған 2007 жылғы 4 қазандағы ынтымақтастық
бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Мәдениет, ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық туралы
1994 жылғы 28 наурыздағы келісім (5 жыл мерзімге жасалған және автоматты
түрде келесі жылдарға ұзартылған келісім);
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғылыми-
техникалық ынтымақтастық туралы 1996 жылғы 25 қарашадағы келісім және Ғылым
мен техника саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы.
Екі елдің техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзара
әрекеті Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясы арасындағы
гуманитарлық саладағы ынтымақтастық бағдарламасы және 2008-2011 жылдарға
арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аймақтарының
шекаралық ынтымақтастығы бағдарламасының іс-шаралары жоспары шеңберінде
жалғасуда.
Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру жөніндегі
федералды агенттігі орта кәсіптік білім беретін ресейлік мемлекеттік
мекемелерінде Қазақстан азаматтарының білім алуы үшін 2009 жылы – 4
адамға, 2010 жылы – 40 адамға мемлекеттік стипендия бөлді.
Қазіргі таңда студенттер Ресей Федерациясының келесі жоғары оқу
орындарында оқиды:
1. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті – 101
адам.
2. И. М. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы – 44 адам.
3. И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті
– 25 адам.
4. С. А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография
институты (ВГИК) – 18 адам.
5. К. Э. Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық
универистеті (МАТИ) – 15 адам.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Томск, Қазан, Омбы, Барнаул
қалаларындағы 50-ден астам жоғары оқу орындарындарымен және ғылыми-зерттеу
институттарымен байланыстар орнатылған. Білім беру қызметтері бойынша 40-
тан астам оқу мекемелерімен шарттар жасалған. Ресей Федерациясының
Федералды күзет қызметі академиясымен және Новосибирск мемлекеттік медицина
университетімен шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ресей Федерациясының Үкіметі 2010-2011 оқу жылына Ресейдің жетекші
жоғары оқу орындарындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасының
азаматтарына 100 орынға квота бөлді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ
халықаралық бағдарламасы стипендиаттары білім алатын елдердің ішінде
стипендиаттардың саны жағынан Ресей алдыңғы қатардағы елдердің бірі.
Стипендиаттар Ресейдің 40 жоғары оқу орындарында оқиды. 2007-2009 жылдары
ресейлік жоғары оқу орындарына оқуға түскен стипендиаттар саны 227 адамды
құрайды (қазіргі таңда 40 жоғары оқу орындарында 315 адам оқиды).
Ресейдің жоғары оқу орындарында бірқатар басымдылықтар бар:
қалыптасқан тарихы мен сабақтастығы бар танылған университеттер, білім алу
қымбат емес, Ресей Федерациясында білім алу көп жағдайда қазақстандық
жүйеге ұқсайды. Стипендиаттардың негізгі саны медицина мамандықтары, сондай-
ақ инженерлік ғылымдар және мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша білім
алады [54].
Ресей Федерациясының Білім министрінің берген мәліметіне қарағанда ТМД
елдеріне 2002 жылы 925 стипендия бөлінді, оның 140 стипендиясы
отандастарға, ал 2003 жылы бұл екі есеге көбейді, ТМД елдеріне 1755 орын
бөлінсе, оның 340 орыны отандастарға [55,12б.].
Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының (мысалы ММУ, ММХҚИ)
дипломдары әлемдік білім кеңістігінде өте жоғары бағаланады. 20022003
жылдары жалпы алғанда ресейлік жоғары оқу орындарында Қазақстан
Республикасының 17922 азаматы дәріс алды, оның 9712-сі ақылы бөлімде, сол
жылы Қазақстанға 15 мемлекеттік стипендия бөлінді (10 толық курс өтуге, 5
аспирантурада оқуға және біліктілікті арттыруға) [56, 30 б.]. Халық пен
халықты жақындастыратын білім екені шындық. Оқшауланбай әлемдік білім
кеңістігіне енуге талпыныс жасауды қолдау керек. Сондықтан тәуелсіз елдің
білім беру жүйесінің басты мақсат-міндеті - әлемдік білім кеңістігіне
кірігу, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру, бәсекеге қабілетті
ұрпақты қалытастырып, білікті маман етіп әзірлеу, сөйтіп мемелекеттің
дамуына үлес қосу болмақ.
Екі мемлекет арасындағы мәдени байланыстардың ең бір маңызды оқиғасы
2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті базасында
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің филиалы ашылды.
Астана қаласында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің филиалы ашылуы жоғары білім
саласындағы нақты кірігудің және тиімді әріптестіктің мысалы бола алады.
Филиалдың студенттері - қазақстандық азаматтар жоғарғы курстарда оқуды
Мәскеуде жалғастырады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін экономиканың әр
салаларында жұмыс істей алады. Сондай-ақ Қазақстанда Ресейдің әр түрлі
жоғары оқу орындарының филиалдары бар.
ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстардың ең
маңыздысы 2003 жыл Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының жылы,
ал 2004 жыл Қазақстандағы Ресейдің жылы болып жариялануы. Осы кезеңде екі
жақты қарым-қатынастардың барлық саласында, әсіресе мәдениет саласында
көптеген іс-шаралар өткізілді.
Ресейдегі Қазақстан жылы аясында 2003 жылы 29 қазанда Мәскеу
Лингвистикалық университетінде Қазақ тілін оқытатын Орталық салтанатты
түрде ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына көптеген қазақ диаспорасының
окілдері, Қазақстанның және Ресейдің дипломаттары, саясаткерлері, ғалымдары
қатысты.
2003 жылы 14 мамырда Мәскеуде ХХІ ғасырдағы Қазақстан мен Ресей
арасындағы ынтымақтастық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері және
терроризмге қарсы әрекет атты тақырыпта халықаралық конференция өтті.
Конференцияға қазақстандық және ресейлік саясаткерлер мен саясаттанушылар
қатысты.
2003 жылы 1-4 шілдеде Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік университетінде Қазақ КСР-нің Ғылым академиясының корреспондент
мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Амановтың
(1923-1978) 80 жылдық мерейтойына арналған Функция теориясы, функционалды
анализ және олардың қосымшалары атты ғылыми конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар Мәскеу қаласындағы Ресей Ғалым Академиясының
В.А.Стеклова атындағы математикалық институты, ҚР Білім министрлігі
математика институты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Курчатов
қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығы.
Сондай-ақ 2003 жылы Ресей Білім министрлігі Қазақстан азаматтарының РФ
ЖОО-да білім алуы үшін арнайы жеңілдікпен 110 орын бөлді. Оның 70 орны
толық курс оқуға, 10 орын аспирантура мен доктарантураға, 30 орын орыс
тілі мамандығы бойынша білім жетілдіру курсынан өтуге берілді.
2004 жылдың Ресей Федерациясының Қазақстандағы жылы аясында Ресей Білім
министрлігі Қазақстан азаматтарына 155 орындық квота бөлді. Бұл квота
бойынша Қазақстан азаматтары Ресейдің орталық және аймақтық жоғары оқу
орындарында , Ресей Ғылым академиясының ғылыми мекемелер жүйесінде дәріс
ала алады. Оның ішінде 90 орын толық білім алуға, 15 орын аспирантура мен
доктарантураға және 50 орын орыс тілі мамандығы бойынша тәжірибеден өтуге
берілді.
2003 жыл мамыр айында Астана қаласының Білім Департаменті мен
Радиоэлектроника және басқарма жүйесі Томск Мемлекеттік университетімен
орта білімді ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге
қол қойды. Осы келісімге сәйкес Томск университеті 2003 жылдың қараша
айында Астанада өткен ақпараттандыру технологиясы көрмесінде қатысты,
Астананың жалпы білім беретін мектептеріне барып өздерінің оқу құралдарының
презентациясын жасады.
Ресейдің Қазақстандағы жылы толығымен оның еуразиялық кірігу стратегиясы
бағытына жатады.
Ресей Федерациясының Қазақстандағы жылы аясында қаңтардың 23-24
аралығында ХХІ ғасырдағы Қазақстан-Ресей ықпалдастығы және жаһандану
үндеулері атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Аталмыш алқалы жиынның өткізілуіне Парламент Сенаты, Білім және Ғылым
министрлігі, сонымен қатар Мәскеу қаласындағы Қазіргі заманғы Гуманитарлық
академия мен Астанадағы Қазақстан-Ресей университеті ұйытқы болды.
Конференцияның негізгі мақсаты жаһандану мәселелерін жан-жақты қарастыру,
талқылау, оның мәні, үрдістері мен болашағына бағдар жасау болып табылады.
Ғарышты игеру саласына келетін болсақ, 2004 жылы қазақстандағы Ресей
жылының ашылу салтанатына арнайы ресми сапармен келген Ресей Президенті
В.В.Путин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бірнеше келісімшарттарға
қол қойды [57]. Маңызы өте зор келісімнің бірі ғарыш саласына қатысты.
Екі ел басшыларының келіссөзі барысында Байқоңыр ғарыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Г.Н. Потанин және қазақ зиялылары: саяси және рухани көзқарастарды тарихи талдау
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Пәндер