Күйік. Үсік шалу. Сол кездегі дәрігерге дейінгі көмек


Күйік. Үсік шалу. Сол кездегі дәрігерге дейінгі көмек.
КҮЙІК
Күйік - жоғарға температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.
Термиялық күйік - денеге жалың, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және былқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарлығына, әсер етудің ұзақтылығына, зақымданудың көлемі аен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ - қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірне, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздардың (ляпис, хлорлы мырыш, және т. б. ) әсерінен пайда болады.
Зақымданудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды, ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.
Сәулелік күю - ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады. Сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді, зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
Күйіктің ауырлығы оның таралу аясымен және дененің зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын ол адам өмірі ұшін қауіпті бола түседі. Дененің үстіңгі 1/3 бөлігі күйген жағдайда көбінесе өлімге әкеліп соқтырады. Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:
І дәрежедегі күйікте дене қатты қызарып домбығады. 3-5 күннен соң тері қотырланып сауыға бастайды.
ІІ дәрежедегі күйікте қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады. Бүршіктер мөлдір сары сұықпен толады. ІІ - дәрежелі күйік кезіңде иерінің тереңдегі қабаттары зақымданбайды, сондықтан, егер терінің күйген беті асқынбаса, одан бір аптадан соң терінің барлық қабаттары кедір-бұдырсыз қалпына келеді.
ІІІ - дәрежедегі күйікте ұлпалар жансызданып қабыршақтар пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа пайда болады. Ол қосқыш ұлпамен ауысып сол жерде дөрекі жұлдызша тектес дақ пайда болады.
ІV - дәрежедегі күйікте аса қатты жоғары температураның әсерінен (жалын, напалм) тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғарғы ауыр түрі, тері, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады.
ІІІ және ІV - дәрежелі күйіктер өте баяу оңалады. Күйген терінің бетін тек теріні қайта жапсыру арқылы ғана жабуға болады.
Күйіктің ауырлығы тек зақымдану тереңдігіне ғана емес, сондай-ақ зақымдану алаңына да байланысты, ол бүкіл дененің үстіңгі бетіне пайызбен көрсетіледі.
Күйіктің кейбір ауданын алақанмен өлшейді. Бұл үшін оны күйген жердің үстімен жүргізеді. Ересек адамның алақанының ауданы шамамен бүкіл дене бетінің 1 пайызын құрайды. Дене жаппай күйген кезде алақанмен терінің зақымданбаған ауданының көлемін өлшейді және тері жамылғысының зақымдану пайызын алады, алынған цифрді 100 пайыздан шегереді. Күйікті ауданың «тоғыздық тәртібін» пайдалана отырып өлшеуге болады.
Бұл тәртіп бойынша бас пен мойынның жоғары жағы барлық тері жамылғысы ауданының 9 пайызын, дененің алдыңғы жоғары бетінің (кеуде, іш) 18 пайызын (2 х 9), одан кейін дененің арқы бөлігінің 18 пайызын, бір аяқтың жоғарғы бөлігінің 18 пайызын, күнтимес пен жыныс органының 1 пайызын құрайды.
10-15 пайыздан зақымдану аймағы асқан 2-4 дәрежедегі күйік кезінде І-дәрежедегі күйік кезінде, егер зақымдану ауданы дененің үстіңгі бөлігінің 30-50 пайызынан асса, күйік ауруы тарайды.
Күйік ауруының алғашқы кезеңі күйіктен ес шығу деп аталады. Күйіктен ес шығу кезінде сырқат әулде қозады, ыңырсиды, іші бұрап ауырады, бұдан кейін селқостық басталады. әдетте ес шыққан кезде құсық, шөлдеу, тамырдың әлсіз жылдам соғысы байқалады. Күйіктен естен танудың басты белгісі кіші дәреттің күрт азаюы, ал кейде мүлдем тоқтауы болып табылады.
Күйіктен ес шығу 1-2 күнге созылуы мүмкін. Зардап шегуші күйіктен ес шығу кезінде басқа жарақаттарға өте сезімталкеледі. Жайсыз тасымалдау, күйік жараларының тітіркенуі және салқындауы жағдайды ауырлатуға немесе қайтадан естен тануға алып келеді.
Күйіктен ес шығудан кейін өте ауыр күйік азабы, яғни денеге улы заттардың түсүінен қанның улануы басталады. Бұл кезеңде жарадан қанға ұлпаның ыдырау өнімдері сорылады одан кейін жүйке жүйесінің бұзылуы қозуға (ұйқысыздыққа, бұлшық еттердің шоршуына) немесе еңсенің түсуіне алып екледі.
Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағына әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Жалын қаулаған киімді, әсіресе, ерег оған жылдам тұтанғыш сұйық түссе, ең алдымен, зардап шегушіні тығыз матамен орап тастау жолымен сөндіруге болады (шинель, плащ - палатка және т. б. ), содан отқа ауаның баруы тоқтап жалын өшеді. Бүкіл кімді, әсіресе жылдың суық мерзімінде шешудің қажеті жоқ, өйткені дененің суынуы жарақатқа жалпы ықпал етедіжәне үрейді күшейте түседі.
Алғашқы көмектің келесі міндетті күйіктің үстіңгі бетіне оның асқынуын ескерту мақасатында тазартылған таңғыш қою болып табылады. І - дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, марганец қышқылды калиймен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға және алуға, сондай-ақ күйген жерге қандайда бір май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік майы) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға ауруды немесе басуға көмек теспейді. Есесіне жұқпалылардың енуіне жол ашады ал бұл өз кезегінде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге қиындық келтіреді.
Химиялық күйік кезіндегі алғышқы медициналық көмек химиялық заттың түріне байланысты. Концентрацияланған қышқылдар күйдірген кезде (күкірттен өзге) күйктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады, бұл күйікті асқындыруы мүмкін, сілті ерітінділерімен (сабынды су, сода ерітіндісі - стакандағы суға 1 шай қасық қосылады) шаю оң нәтиже береді. Күйкен жерге бор, магнезия себуге болады.
Сілтілерден болған күйікті сумен жақсылап шайып, артынша сірке қышқылының әлсіз ертіндісімен тазалау қажет (стакандағы суға 1 шай қасық асханалық сірке су) ем - домнан кейін күйген жерге тазартылған таңғыш қоюға болады, таңғышты ерітінділермен ылғалдауға болады фосфордан болған күйік қышқылмен және сілтіден болған күйіктен ерекшеленеді, өйткені фосфор ауады тұтанады және күйік аралас - термиялық және химиялық (қышқыл) болып шығады. Дененің күйген жерін суда ұстаған жақсы, судың астында фосфор кесектерін таяқпен және мақтамен кетіреді. Фосфор кесегін қатты су ағынымен шаюға болады. Сумен шайғаннан кейін күйген жерді мыс купоросының 5 пайыз ерітіндісімен тазалайды, бұдан кейін терінің үстін тазаланған таңғыштармен жабады. Май мен мащды пайлану жағымсыз әсер етеді, өйткені олар фосфордың сорылуына көмек теседі.
Напалмда фосфор болатындығын ұмытпау қажет, сондықтан ол күйдірген кезде ол фосфорлық күйік тәріздес болуы мүмкін күйген бетке және күн тимеске таңғыш қоймайды.
Сөндірілмеген әктен болған күйікті сумен шаюға болмады және әкті алуды және күйікті емдеуді маймен жүргізеді.
Әктің барлық кесектерін алғаннан кейін ғана жараға маз жағылған таңғыш қоюға болады.
Оқиға орнында көмек көрсету тәртібі.
Бірінші тәртіп - мүмкіндігінше күйген жерді құрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.
Есіңізде болсын!
Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.
Екінші тәртіп - целлофан пакеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма немесе жялық төселген күген жердің үстіне қояды.
Үшінші тәртіп - зардап шегушіге 2-3 таблетка аналгин беру (оның есі болған жағдайда) .
Төртінші тәртіп - зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықа қалдыру.
ҮСІК ШАЛУ
Төмендегі температураның ықпалынан ұлпалармен органдардың зақымдалуы үсік шалу деп аталады. 60 градустан жоғары температурада пайда болатын күйіктерден ерекшелігі үсік шалу әртүрлі температураларда пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуінен қоршаға орта ылғалдылығының өсуіне сәйкес арта түседі.
Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғардылық, тар киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы күйі - сырқаттануы, мас болуы, қанның кетуі және т. б.
Тіпті нөлден жоғары 3-7 температураның өзінде үсік шалуы мүмкін.
Үсікке аяқ қолдың, құлақттың, мұрынның үш жақтары жылдам ұшырайды.
Организм қатты суынған кезде (қан тамырлары тағындалады) қан айналымы, айрбас процесстері бұзылады (тамақтану бұзылып, артынша ауыр жағдайға алып келеді) . Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі төменгі температураның созымдылығы мен төменгі ықпалының дәрежесіне байланысты. Зақымдалға ұлпаларда болатын орны толмайтын құбылыстардың негізгі себептері осы төңіректе қоректенетін қан тамырларының кең таралып, қатты тығындаруы (тромбоз) жетілетін тромбоз болып табылады.
Органдарда болып жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдңгң бойынша 4 дәрежеге бөлінеді:
І - дәрежеде тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады, бұдан кейін ісініп қызарады. Оның үстіңгі қабаты қотырланады аяқ қол мұздайды, негізгі тамырлар соғысы едәуір әлсірейді, зақымдалған ұлпалар домбыдағы, жалпы жағдай қанағаттандырарлық.
ІІ - дәрежеде теріде бозамық немес қан тәріздес суық пайда болады. Сол жердегі незізгі тамырлар соқпайды зардап шешуге едәуір ауыртпалықты сезінеді.
Үсік шалудың осы дәрежесінде температураның көтерілуі есінеу, тәбеттің жоғалуы мен ұйқы басу сияқты қалпы құбылыстар байқалады. Осы жері көгеріп тұрады, сезімталдық әлсірейді, тырнақтың түсуі, сүйектің сырқырауы, тамырдың соғысы байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz