ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары


ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары
Жоспар
Кіріспе.
Ι. Салық жүйесінің экономикалық мазмұны
1. 1. Салық жүйесінің мәні және маңызы
1. 2. Салық жүйесінің құрылымы
ΙΙ. ҚР салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет ету барысы
2. 1. ҚР салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
2. 2. ҚР салық жүйесінің қазіргі кездегі қызмет ету механизмін талдау
(Алматы қаласы бойынша салық комитеті мәліметтері негізінде)
ΙΙΙ. ҚР салық жүйесінің даму перспективалары
Қорытынды.
Кіріспе
Әлемдік экономиканың жаһандануы, яғни шаруашылық өмірдің барлық аспектілерінің интеграциялануы мен , сайып келгенде әлемдік шаруашылықтарының түрлі салаларының өзара байланыстылығын нығайта түсуде. Жаһандану барысында салық саясаты мен салық жүйесінің өзара үйлесімділігі көрініс табады.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтың әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және қызметімен анықталады.
Жаңа қайта құру жағдайларында Қазақстанның салық жүйесін экономикалық даму мен жаһандану құбылысына сай қалыптастыру-еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан өз Отанымыздың салық жүйесінінің қазіргі жағдайын зерттеу және жетілдірудің ғылыми негізделген әдістерін табу-объективтік қажеттілік болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғандар дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындайды. Бұл дипломдық жұмыста салықтардың экономикалық мазмұнынан бастап, ҚР салық жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы, оны дамытудың перспективалары мен стратегиялық жоспарларын қолдану мүмкіндіктері сияқты мәселелер талданып қарастырылған.
Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты --- ҚР салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін зерттеп, оны болашақта одан әрі дамытудың жаңа перспективаларын ғылыми тұрғыдан негіздеп, талдау жасау. Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
салық жүйесі мен салықтардың экономикалық мән- мағынасын ашып, теориялық негіздеу;
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қазіргі қызмет ету барысын зерттеу;
Алматы қаласы салық комитеті мәліметтері негізінде салықтардың түсу динамикасын талдау;
Қазақстан Республикасы салық жүйесін дамытудың жаңа перспективаларын анықтап, ғылыми негізде бір жүйеге келтіру;
Дипломдық жұмыс 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда салық жүйесі ұғымына анықтама беріліп, салық жүйесі жайлы кең теориялық сипаттама жасалған. Сондай-ақ осы тарауда салық жүйесінің құрылымы, оның экономикалық мәні мен мазмұны да толық қарастырылған.
Екінші тарау толықтай дерлік Қазақстан Республикасы салық жүйесінің мәселелерін қамтиды. Бұл тарауда ҚР салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, оның қазіргі кездегі қызмет ету механтзмі талданып қарастырылған. Талдау Алматы қаласы бойынша салық мәліметтері негізінде жасалған.
Ал үшінші тарау ҚР салық жүйесін болашақта дамыту перспективаларын анықтап, оларды ғылыми негізде тәжірибеге енгізу мәселелерін талдауға арналған. Осы тарауда бірқатар белгілі экономистердің ұсыныстары да көрініс тапқан.
Ι. Салық жүйесінің экономикалық мазмұны
1. 1. Салық жүйесінің мәні және маңызы
Салық жүйесін мемлекет және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа катысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың алғашқы бастамасы болып табылады. Міне, дәл осы кезде салық комитетінің құрылу тарихы да өз бастауын алады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі.
Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының салыққа байланысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын бекітілді. Ал салық жүйесінің ең негізгі құрамдас бөлігі салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға туындайтын қаржылық қатынастарды көзі, экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылык көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде каржы көздері қажет.
Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды, экономикан дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген. [1]
Салық - занды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық - белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз - белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалардан бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі - бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Ресгіубликасының мемлекетгік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 90-95% [22] пайызын құрайды.
Салықты материалды тұрғыдан алғанда - бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады) .
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық - салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:[2]
- Материалдық категория жағынан - бұл белгілі бір ақшасомасы болса;
- Экономикалық категория ретінде - бұл мемлекеттің табысы;
- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленгенміндеттеме болып табылады.
- Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетіл-гендерді атауға болады:
- Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімдібөледі;
- Салық - ақшалай нысанда төленеді;
- Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады;
- Салық - баламасыз сипатта болады;
- Салық - оны төлеген кезде меншік нысандары ай-қындалады;
- Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады. [2]
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1. Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі. Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген коғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық - ақшалай нысанда төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық - қайтарылмайтын төлем балып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.Мұньң қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
- Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке карай қозғалады;
- Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады) .
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз - ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық - баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытга қозғалысын айқындайды. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық - баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады) . Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.6. Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады) .
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бүл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құнынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
- салықты - мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
- салық - құқықтық нысанда жүзеге асады;
- салық - мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
- салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
- салық - мәжбүрлеме сипатта болады;
- салық төлеу аркылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік. [3]
1. Салықты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге және енгізуге құқы жоқ.
Салық - бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Салық - осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.
Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
- біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;
- екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-қүқықтық акгілермен қатаң түрде жузеге асырылады;
- үшіншіден, осы қабылданған құқықтық акт белгілі бір тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
2. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады. [3]
Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.
Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып нормативті актілерді шығару табылады.
Салықтың құқықтық негізі ретінде - мемлекет шығарған нормативті акт қабылданады.
Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.
3. Салық мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады. [3]
Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық суверенитет жүзеге асырылады.
Салықтық суверенитет (егемендік) - мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір салық түрлерін кез келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.
4. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды. [3]
Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және занды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.
Салық төлеуші тұлғалар салъқ және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады.
Белгіленген салық занды салық міндеттемесін туғызады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша түсініктеме берілген: "Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті".
5. Салық мәжбүрлеме сипатта болады. [3]
Салықтьң мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
- бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүрлі түрде;
- екінші кезең, салықты төлеген кезде салық төлеуші өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүрлі түрде айырылып отырады;
- үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алады.
6. Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта
жүзеге асырылады.Бір жағынан алғанда, салықтар салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек "Салық - салық төлеушілердің құкық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсы тәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды".
Салықтың жиналатын орындары:
- нарықтарда;
- сатушы мен сатып алушылардан;
- үй шаруашылығынан;
- табыс көзінен, шығын статьяларынан;
Салықты реттеудің тетіктері:
- салық түрлері;
- салық ставкалары;
- салық жеңілдіктері;
- салық салу әдістері;
Салық төлеуден қашу себептері:
- елеулі салық ауыртпалығы;
- салық заңының айқынсыздығы;
- субъектілердің саналы түрде алдын-ала салық мөлшерінтөлемеуге ұмтылуы;
- салық қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер болуы мүмкін. Сальқ ауыртпалығы-салық жиналуының жалпы мөлшерінің бірлескен ұлттық өнімге қатынас ретінде анықталатын көрсеткіш. Салықтардың алымнан айырмашылығын айта кетсек.
Алымдар салық төлеушілерден белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді. . [1]
Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтары бар, атап айтқанда:
- біріншіден, алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет занды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;
екіншіден, салықтың өтеусіз жэне баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды түлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рүқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беріледі. Алымда салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңды іс-әрекеттер жасайды;
- үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;
- төртіншіден, салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс-шаралары қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекетгік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.
Салықтың төлемақыдан айырмашылығы
Төлемақы дегеніміз - мемлекет меншігіндегі объектпілерді пайдаланған кезде төленетін төлем. [4] .
Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар. Мәселен:
- біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;
- екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастары кезінде туындайды;
- үшіншіден, тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады. Салықтың мемлекеттік баждан айырмашылығы
Мемлекеттік баж да төлем болып саналады.
Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың зандық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. [1] Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада: - мемлекет тарапынан берілетін қызметке байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып саналады;
• мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес,
мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.Баждың алымнан айырмашылъқтарына тоқталар болсақ:
- баж бюджеттің табысы, ал алым мемлекеттік мекемелердің көрсеткен қызметтеріне орай табысы болып саналады;
- баждың мөлшері төлеушілерге ұсынылған қызметтерінің құнына байланысты болмайды, ал алым көрсетілген қызметтердің құнына орай анықталады, яғни өтініш берушінің мемлекеттік органға келтіретін шығындары есепке алынады. Сондықтан алымның мөлшері тауар бағасы сияқты нақты болуы тиіс.
Салықтық жарналар арқылы да мемлекеттік қаржы қорлары құрылады. Олар мемлекеттің бюджеттік және бюджеттен тыс қорларында (әлеуметгік сақтандыру қорлары, зейнетақы қорлары, жұмыспен қамту қоры, жол жөндеу қоры) жиналады.
Салықтың экономикалық мазмұны былайша көрсетіледі: Шаруашылық субъектілерімен азаматтық қарым-қатынас бір жағынан және мемлекет екінші жағынан қор құрастыру негізінде мемлекеттік қаржылардың 4 кезі қолданылады: . [4]
- салық салу;
- облигацияларды сату (қазыналық вексель) ;
- шетелдік қарыздардың тегін көмектері;
- ақша бірліктерін шығарудан түскен монополдық кіріс.
Салық салу мемлекет қаржысын және табысты толықтыруды реттеу әдісі болып саналады, яғни мемлекет салық салу процесі арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Салық салу - мемлекеттің салықтарды бекітуде, енгізуде және оларды алу жөніндегі қызметтерінің жиынтығы.
Тең салық салу - бұл ретте әрбір салық төлеушіден бірдей
мөлшерде салық алынады. Салық салудың объективті факторы - салықтың пайда болуы объективті түрде мемлекет бюджетіне байланысты.Сонымен қатар салық салу - кәсіпорындар, азаматтар және мемлекеттер арасында табыстарды үлестіру әдісі ретінде қолданылады.
Салық салуда колданылатын негізгі құжаттар: [1]
- декларация;
- салық органдары жүргізген жеке тұлғалар қызметін тексеру материалдары;
... жалғасы• табыс салығын төлеушілердің салықты төлегені туралы
кәсіпорын ақпараты;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz