Мемлекет және құқық теориялық негіздері және әдістері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
І Тарау МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
1. 1 Мемлекеттің және құқықтың негізгі белгілі нысандары, мақсаты, міндеттері
1. 2 Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі.
1. 3 Мемлекеттің және құқықтың пайда болуы
1. 4 Мемлекет және құқықтың нысандары және қызметі
ІІ Тарау ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
2. 1 МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ
2. 2 ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ (НЫСАНДАРЫ)
Қорытынды
Пайдаланған әдебиттер
Қосымша
Кіріспе
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Әр ғылымның немесе оқу пәнінің заты - ол зерттейтін мәселелердің жиынтығы.
Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні - бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және атқаруының жалпы заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен қатар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы құқықтық түсініктерді зерттейді. Мемлекет пен құқытың заты оларды басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құрылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекетпен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық өте тығыз баланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін былай кестелеуге болады. ылымның немесе оқу пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады.
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы айрықша орын алады. Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
-біріншіден, бұл-қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет һәм құқы, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мелекет құқық теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалық тәрізділерден) осы айырмашылықтары арқылы еркшеленеді;
-екішіден, бұл- саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлкеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-әрекеттерін қарастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік- құқықтық қондырманы тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
-үшіншіден, бұл ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылықтарын, жалпыламалық сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ереғкшеленеді;
-төртіншіден, бұл методологиялық сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-құқықтық қондырманың жалпы заңдылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарстырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді.
-бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән негіздік сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пәндерінің “өне бойын көктей өтетін” құқытық құбылыстарды зерттеп -зерделеу осы мемлекет және құқық теориясы аясында жүргізіледі.
Сонымен мемлекет және құқық теориясын- мемлекет пен құқытың негізгі және жалпы заңдылықтарының, олардың мәні мен тағайынының дұрыс та жағымды дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.
І Тарау МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
1. 1 Мемлекеттің және құқықтың негізгі белгілі нысандары, мақсаты, міндеттері
Ғылымның пәні дегеніміз - оның зерттейтін мәселелері.
Ғылымның әдістәрі дегеніміз - пәнінтанып анықтау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары амлдары.
Мемлекеттің және құқықтың негізгі белгілі нысандары, мақсаты, міндеттері мемлекеттік- құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз етететін теориялық принціиптердің, логикалық әдістер арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясының қолданатын негізгі әдісіне диалектикалық әдіс те жатады. . Мемлекет және құқық теориясы деалектиканың үш заңына сүйеніп зерттелініп барып зерделенеді.
Олар:
- Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. Дағдылы іс- тәжірибеде бұл мына жәйіттерді білдіреді. Кез келген мемлекет өзінің қызмет атқару барысында бүкіл жүйесін дамытуды көздейді, мысалы: құқық қорғау органдары құрылымында және тағы басқаларда да Қазақстан Республикасында 1995 жылға дейін тергеу ісімен байланысты әрекеттермен прокуратура тергеушілері де айналысатын. Қоғамдағы демократиялық проціестер дамуы барысында тергеу ісі мен оны қадағалау ісін бір органныңқолына берудің ағаттығы айқындалады. Осыдан соң ҚР Президентінің “Прокуратура туралы” Жарлығы жариялагып, онда прокуратура құзырына қылмыстық істерді жүргізуде қадағалау қызметтері қалдырылды.
- Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қайсы бір болсын құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні (яғни өзінің заманы туғанда( қабылдануы және болмыста іске асып жатуы ықтимал жәйт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз ғана бұрын қоғам өміріндегі құбылыстарға мемлекеттің толығынан араласып, оған ықпал жасауы жалпы көпшіліктің бәрі танып мойындаған қағидат дап келген болсақ, енді міне заман өзгерген қазіргі сәтте қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ықпал жасау мүмкіндігін шектеуге талаптанғанын өзіміз іс жүзінде күнделікті өмірде көріп жүрміз.
- Қарама- қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның айқындауында белгілі бір орында (жерде( және белгілі бір мерзімде (уақытта) бірін-бірі жоққа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен. Мыслы: Қазақстан Республикасы билік бөлінісі жүйесін жариялады. Дей тұрғанмен Әділет министірлігі құрамына соттардың ендірілгені белгілі жәйт. Сонда тәуелсіз деген соттар іс жүзінде атқарушы биліктің тәуелділігінде қалған болып шықты.
Мемлекеттің және құқықтың негізгі белгілі нысандары, мақсаты, міндеттері бірнеше түрлерге жіктелетіндігін атап көрсету ләзім.
Жалпығылымдық әдістер:
А) диалектиклық әдіс (диалектика- даму) ;
Б) абстактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі.
Мысалы: мемлекет формасы (нысаны) деген ұғымды алып мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда “ мемлекет формасы (нысаны) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің“басқару тұрпаты” деген ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым “Мемлекет және құқықтың нысандары және қызметі (формасы ) ” талдау барысында кейін жаңа нақты (конкретті) белгімен (нышанмен ) яғни ерекшелікпен . Ал енді керісінше құқық бұзушылық туралы жалпы ұғымды тұжырымдауға қол жеткіземіз;
В) тарихи әдіс. Бұл әдіс- мемлекет пен құқықтың тарихылығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болуда құбылыс екенділігіне негізделеді. Бұл әдісі қолдану барысында зерттеп - зерделеп отырған мемлекет пен құқықтық өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, дәстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер, халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;
Г) жүйелік әдісі. Мемлекет және құқық - құрылымы күрделі болып келетін жүйелікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет-мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық- құқық салаларынан тұратыныносы әдісті қолданып пайымдаймыз.
Мемлекет және құқықты біртұтас жүйе ретінде қарастырып зерделегенде ғана оны толығынан танып білуге болады.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып зерделеудің арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар:
А) формальді-логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқықтың ішкі құрылымы, қайнар көздері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері здерттелініп зерделенеді. Мемлекет табиғатын зерттеп, зерделеу барысында бұл әдіс Мемлекет және құқықтың нысандары және қызметін (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда қолданылады;
Б) салыстырмалы мемлекеттану мен құқықтану әдісі. Бұл әртүрлі елдердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеп, зерделеуде негізге алынатын әдіс;
В) нақты - әлеуметтік әдіс - нақты әлеуметтік зерттеулерге негізделлген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгенде қоғамдағы заңдарға, ме, млекеттің тікелей өзіне немесе оның құрамдас бөліктеріне қоғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталады. Бұл әдіске тән амал-тәсілдерге:
- байқау жүргізу;
- анкеталау;
- интервью алу (сұраққа жауап алу) ;
- эксперимент жасау жатады.
Жоғарыдағыларды тізбелегенде атап өтетін бір жәйт мемлекет және құқық теориясы әдістерінің сан қилы болып келетіндігі. Дегенмен осы әдістер өздерінің мемелкет және құқықты қоғамның күрделі құбылысы деп жан-жақты тануға мүмкіндік береді.
1. 2 Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі.
Заң ғылымдарының қоғам өміріндегі мақсаты оның атқаратын қызметінен көрінеді.
Мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.
МҚТ қызметтері әр-түрлі.
- Онтологиялық қызмет. Мемлекет және құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерделейді. Мемелекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғаның түсінідінріп береді. Сонымен бірге қазіргі заманадағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түсініктеме жасайды.
- Гносеологиялық қызметі, басқаша айтқанда түп-тұқияндық қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекет және құқық теориясы аталып отырған пәнді танып білу үшін, зерттеп, зерделеуді жүзеге асырудың теориялық амалдары мен жолдарын, тәсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түптің түбінде құқықтық танымның дамуына, молыға түсуіне жол ашады.
Заң ғылымының түп-тұқиянын білу нәтижесінде құық оының жүзеге асырылуы және барлық құқықтың құбылыстар танылады. Құқықтың болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар, түсініктер, құрылмалар қалыптасады да, олар құқықтық құбылыстарды одан ары танып білудің құралдарына айналады. Құқықты тану үшін ерекше теориялық амал-тәсіл (концепция) қолданылады. Құқықтық бір мәселені зерттеп тану үшін бірнеше, өзара пікір таластыратын теориялық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Осындай шығармашылық пікір таластыру нәтижесінде шындықты, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы, құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған нормативтік, философиялық және қоғамтану құықысынан қарай қажет.
- Методологиялық қызметі. Мемелекет және құық теориясы іргелі ғылым болғандықтан, оның зерттейтін заты яғни пәні де бар. Олай болса бұл ғылымының сол пәнді зерттеуге, соның барысында зерделеуге қажетті тәсілдері мен амалдарының жолдары да бар. Осылар арқылы заң ғылымдарындағы ұғымдар, санаттар, құбылыстар зерделеніп, талданып, ғылымда өздеріне тиісті орындарын алып жатады.
Заң ғылымының дүние тануы құқықтық құбылыстарды, зерттеуге, пайда болу жолдарын анықтауға байланысты. Шынайы дүние танушылық - ғылыми ізденістің нәтижеге жетуінің шарты. Осы уақытқа дейін заң ғылымдары марксизм - ленинизмнің дүние тану тәсілін қолданып, басқа тәсілдерден бас тартқандықтан, құқықтың шын мәнін зерттеп білуге мүмкіндік болмады. Марксизм-ленинизм құқыққа тек қана таптық тұрғыдан қарағандықтан, оның әлеуметтік мән-мағынасын толығынан, жан-жақты түсіндіре алмады.
- Идеологиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның, оның белгілі бір әлеуметтік топтарының көз-қарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады. Қайсы бір реттерде халықтық немесе ұлттың көпшілік бөлігіне арналған біріңғай (жұмылдырушы) идеология орын алып жатады. Мысал ретінде бұрынғы КСР Одағын алуға болады. Мұнда тек қана бір марксисттік және лениндік идеоглогия орын алып келген болады. Қазыргі күннің мысалдарын келтірер болсақ, онда АҚШ-ты айтар едік. АҚШ-та американдықтардың арманы дейтін ұғым бар. Әрбір американдық өзінің табыс табуға деген өз елінде бар мүмкіншіліктер жасалғандығына сенетіндік идеологисы қоғамда орын алған. Қоғамда идеологиялық бағыт-бағдардың болмауы немесе оының жойылып кетуі елде аласапырамен, толқулардың басталуына, сөйтіп мемлекет аумағында заң бұзушылықтардың өсуіне, қылмыстардың өршуіне апаратыны өз еліміздің басынан кешіп отырғандығын мысал ретінде айтуға болады. Сондықтанда мемлекет және құқық теориясы қоғамда белгілі бір құқықтық және саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақыл-кеңестер мемлекеттің өзі жүргізіп отырған саясатына үйлес болуы, оған қайшы келмеуі тиіс. Мұндай құқықтық мақсаттар мен саясатты жүзеге асыруда мемлекет әрқилы құралдар мен әдістерді қолдануы мүмкін. Мысал үшін Идеологиялық бағдарлама ретінде қадылданған ҚР Президентінің “Қазақстан - 2030” деген үндеуін атауға болады. Мұнан басқа құжаттан ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауында жатқызуға болады.
- Болжамдық (прогностикалық) қызметі. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет және құқық теориялық негіздері - мемлекетпен құқықтың пайда болуы, қызмет бағыттарының атқаруы мен дамуы жалпы заңдылықтары және осылардың қоғамдық болмыс пен саяси жүйеде алатын орны екендігі мәлім.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне жататындардың заңдылықтарын зерделей отырып бұл теория өзінің ұғым-түсініктерінің әрі қарайғы даму барысын мемлекеттік құқықтық аянын өзгерістерге ұшырауын болжалдайды. Ал мұның өзі өз кезегінде түзетуге келмейтін қателеіктердің алдын алып, оларды болдырмауға мүмкіндіктер береді.
Ерекше атап айтатын жәйт, мемлекет және құқық теориясының барлық қызметтері бір-бірімен тығыз шиырлана өрілген болып келеді де олар бірін-бірі өзара толықтырып жатады. Сондықтанда бұлар мемлекет және құқық теориясы тағайының толыққанды түсінігін тек жиынтық түрде ғана бере алады.
Заң ғылымының қызметі құқықтың, құқықтық құбылысытардың дамуы, өзгеруі туралы жорамал, болжау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми құқықтық болжалдың маңызы - қоғамдық қатынастарды дағдарыссыз, жұлқыныссыз, ырғақты реттеудің жол-жұбаларын айқындауға мүмкіндік береді. Әрине, өтпелі кезеңде қоғамды қатынастарды ырғақты реттеу оңай емес, себебі кенеттен пайда болатын өзгерістерді алдын-ылы болжау өте қиын. Сондықтан қабылданатын заңдарды олқылықтар, кемшіліктер көп кезедеседі. Осы жағдайды Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасу барысынанда байқаймыз. Неғұрлым қоғамдық қатынастарда тұрақтылық басым болса, соғұрлым олардың даму жолын алдын-ала болжауда оңайырақ болып, құқық арқылы реттеудің жолы жеңілденеді.
- Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Қандай бір дамыған мемлекет болса да, ол ертелі-кеш шешімі қиын, әрі онысы тез арада табыла қоймайтын келелі мәселелерге тап болатыны тарихтан мәлім. Міне осындай жағдайларда дағдылы істер мен тәжірибелерге және теориялық жадығаттарға (материяларларға) сүйене отырып мемлекет және құқық теориясы ғылыми кездесіп отырған келелі мәселені шешімін іздестіреді. Осындай ізденістер барысында аталған қиын мәселелерді шешудің жолдары анықталады. Осы анықталған жолдар - ақыл-кеңестер ретінде ұсынылып тығырықтан шығудың жолын айқындайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы сот реформасын 1995 жылдары бастаған кезде соттар тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен халық заседательдері институтынан бас тартқан болатын. Ал қазір сот жүйесінде туындаған қиындықтарға байланысты ҚР Конституциясының 75-і бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы соттардың өздерінің іс қарауларында сот әділдерін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау үшін ант берген сот мүшелері (присяжные заседатели) институтын енгізді. Әлем елдерінің соттар жүйесінде жинақталған іс тәжірибелерін елеп-екшеудің нәтижесінде, елімізде соттар жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай келетін, біздердегі жағдайларға ыңғайластырылған шешім қабылдауға мүмкіндік пайда болды.
Заң ғылымының нәтижесін іс жүзінде қолдау - құқық жасау және оны жүзеге асыру қызметін жетілдіру мәселесін шешу болып табылады. Бұл тәжірибелік ұсыныстар жасауға байланысты болып келеді. Заң ғылымы теориялық мәселелерді зерттей отырып, құқықтың болмыстық заңдылықтарын анықтайды, соның нәтижесінде сапалы заңдар жасау ісі, мемлекет органдарының қызметін жетілдіру шаралары белгіленеді, ол жөнінде ұсыныстар жасалады. Әрине, мұндай ұсыныстар пайдалы, жағымды әсер ету үшін ғылыми тұрғыдан шүбәсіз болуы керек. Сонымен қатар мемлекет органдары, лауазым иелері ондай ұсыныстарды пайдалануға әрекет жасаулары қажет.
- МҚТ тәрбиелеу қызметі- өзіне тән әдістермен заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру. Заң ғылымдарығылымдары -құқықтың игілікті құбылыс екенін, әр азаматтың заңды мүддесін қорғайтын құрал екенін, онң өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дәлелдейді. Заңсыз іс- әрекеттердің қандай дағдарысқа апаратынын, адамның тығырыққа тірейтінін айқындайды. Сөйтіп, заңды сақтау, оны бұзбау әрбір азаматқа қажет екенін дәлелдеп, адамдардың құқытық санасын қалыптастыруға әсер етеді.
Сонымен қатар әр елдің өз мемлекеті мен құқығының шығу, қалыптасу, даму, өзгеру тарихы бар. Бұл тарихты зерттеу және оқыту тек білу үшін ғана керек емес. Мемлекеттің тарихы оның қазіргі жағдайына, болашағына да әсер етеді, қоғамды ұтымды жолмен дамытуға, қажетті саясатты жасауға жол сілтейді. Сондай-ақ ұлттық саяси және құқықтық сананы қалыптастыруға да әсерін тигізеді.
Әр мемлекеттің өзіндік ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Ол жүйе мемлекеттің, қоғамның ерекшеліктеріне сәйкес, қоғам өмірінің салаларына бецйімделіп қалыптасады. Сөйтіп, сол салалардағы маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді. Мемлекет пен қоғам өмірінің салаларындағы қоғамдық қатынастардың ерекшелітеріне байланысты құқық салаларының өзіндік ерешеліктері болады. Сондықтан құқық салаларының аталуы да, мазмұны да ерекше, айрықша болып келеді.
Әр мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болады және дүние жүзілік қауымдастық шешетін мәселелерге қатысуға атсалысады. Соған баланысты басқа мемлекеттердің ұлттық құқық жүйесінің негізгі саласы-Контитуция құқықты білу өте қажет. Халықаралық қауымдастық қабылдаған құқықтық құжаттар бар, олар негізінен адамдардың құқықтары мен бостандықтарына арналған. Демократиялық даму жолына түскен мемлекет мұндай халықаралық құқықтық құжаттарды мойындауға, мемлекет ішінде қолдануға міндетті. Сол себепті халықаралық құқықты білу де өте қажет.
Заңдарды жүзеге асыруда, қолданбалы қосалқы ілімдердің (криминалистика, сот психиатриясы, т. б. ) атқаратын рөлі ерекше.
1. 3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ .
Ғылыми зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. Жыл бұрын пада болған көрінеді. Адам яғни саналы -homo sapiens жер бетінде осыдан 40мың жыл бұрын пада болған децйді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәләлдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мың жылдар боцйы мемлекеттік құрылымдарсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын өз себебі бар, өйткені адамдар ол кезде қауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделінетін.
Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайдв. Барлық халықтар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдет-ғұрыптары, дәстүрлері әлі де сақталған. Қазақтың әдеті бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мүшелерінің баолығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әлілдік жолымен шешілетін. Ру ағасына ақылы толған, ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін білетін адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп, тайпа құрайтын. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес құрылатын. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына баланысты мәселелер қаралатын.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгенде алғашқы қауымдық құлыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадай сипаттарды атап-атап көрсетуге болады.
- Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортат шаруашылықпен айналысуына қандас туыстастығына, барлығына ортақ аумақта бірге тұрып өмір сүруіне сүйенген.
- Ортақ тіде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жалпы барлығына бірдейдей болған.
- Ру (алғашқы қауым) адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтар некелік қатынастарына тыйым салу “жеті жарғы” жеткенде дейін сақталып келген яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салатын болған.
- Ру(қауым( адамдарының өлгенін барлық қауымдастарға ортақ қабірстанға жерлейтін болған.
- Әрбір рудың (қауымының) өзіне тән атауы болатын:
- Руды (қауымды ) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz