Л2х100 типті дайындау элеваторында арпа дәндерін жинағаннан кейінгі өңдеудің технологиялық линиясы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Астық қабылдау мекемелерінде қабылданатын және жіберілетін астық мөлшері әр түрлі болады. Қабылдау, жіберу және сақтау мерзімдері де әр түрлі. Сондықтан қабылдау процесі нориялардың санына сай белгіленеді. Жалпы бір жылда өнімделетін астықтың мөлшері әр түрлі болады. Сондықтан қосымша деген өнімді сақтауға арнайы қоймалар болады. Дайын өнімдер диірменнен алынады.
Автокөлік жолдары дайын өнімді қоймаға жібереді. Бастапқы мекеме міндетті түрде бірінші қабатта зертханадан және басқару әкімшілігінен тұрады. Онда астықтың сапасын анықтап, технологиялық бағасын анықтайды (бас технолог) .
Технологиялық бағыт анықталғанан кейін оны қабылдау бункеріне жібереді. Қабылдау уақыты автокөлік және теміржол вагондарының толығымен босағанша саналады.
Норияның өнімділігі технологиялық сұлбаға сай жоспарланады. Бір норияның өнімділігі сағатына 175 тоннаға дейін жетеді. Технологиялық ағымды сақтау үшін норияның санын жоғарлатады. Нория арқылы жұмыс мұнарасына көтеріледі. Сондықтан норияның биіктігі жұмыс мұнарасына сай болып келеді.
Технологиялық опрециялар жұмыс мұнарасында жоғарыдан төмен қарай жүреді:
- Қоспалардан бөлу
- Кептіру
- Уақытша сақтауға немесе өндіруге жіберу
Өндіру түрлері екі түрлі болады: уақытша, диірменге жіберу.
Астықтың сапасына сай сақтау мерзімі анықталады және силостарға жіберіледі. Силостардың саны және нөмірлері силостың орнына және сыйымдылығына қарай жазылады.
Силостар екі түрлі болады:
- Тез түсіруге арналған. Солардың ішіне кіретін сақтауға арналған силос
- Араластыруға арналған (партия құрастыру)
Технологиялық бағыты бойынша астық екі түрі бойынша сақталынады:
- Аэрация
- Ауасыз жағдайда
Астықтың сапасы бойынша көбінесе жыл бойы оперативті бункерлер болады және толығымен босатылып толтырылады.
Біздың еліміз астықты экспорттаушы мемлекет болғандықтан ауылшаруашылығына үкімет көп көңіл бөледі. Республиканың Президенті ауылшаруашылығына әр жолдауында тоқталып кетеді. Елбасымыздың халыққа жолдауында тек қана жеткен жетістіктермен тоқталып қана қоймай, сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірісінің өсуі және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру келесі жылдарға берілген тапсырма болады.
Астықты қабылдау, орналастыру, өңдеу және сақтау бойынша маңызды тапсырмалар болып республикамыздағы элеватор өндірісінің материалды-техникалық базасының, ғылыми-техикалық прогресстің күшею қарқынымен, жаңа технологияның енуі және озық технологияның дамуы және нығаюымен байланысты.
Мемлекет астық қорын жинақтау, орналастыру, өңдеу және сақтау, оларды пайдалану, әрі Қазақстан халық шаруашылығының барлық салаларын астықпен қамтамасыз ету, астық қабылдау және астықты өндіру кәсіпорындарына жүктелген. Аталған кәсіпорындар сонымен қатар дәнді, дәнді бұршақ, майлы дақылдар мен мал азықтанатын шөптердің сорттық тұқымдарын қабылдайды, сатады. Халықты нан, макарон өнімдерімен және жармамен тұрақты түрде қамтамасыз ету республикамызда ұн мен жарма қорларының болуын талап етеді.
Сақтауды дұрыс ұйымдастырмау, бүлінудің негізгі себептерін білмеу және сақтау кезінде астық сапасының төмендеуі үлкен шығындарға ұрындырады.
Сонымен, сақтаудағы өнімдердің табиғаты мен мүмкін шығындарды ескере отырып, оларды биологиялық орта факторларының белсенді әсерінен қорғау, әрі дән жасушаларындағы қарқынды зат алмасуды тежейтін жағдайлар жасау қажеттілігі туындайды. Бұл міндетті ойдағыдай шешу үшін астық өнімдерін сақтауға қойғанда тиісті дайындау тәсілдерін қолдана отырып, белгілі бір сақтау жағдайларымен қамтамасыз еткен абзал. Мұның бәрін техникалық база жеткілікті болғанда ғана іске асыруға болады, басқаша айтқанда өнімнің ерекшеліктерін ескеріп қажетті құрылымдарымен жабдықтаған қоймалар болғаны жөн.
1. Технологиялық бөлім
1. 1 Жобалау үшін бастапқы мәліметтер
Жобалауға арналған курстық жұмыстың тақырыбы “Л2х100 типті дайындау элеваторында арпа дәндерін жинағаннан кейінгі өңдеудің технологиялық линиясы” бойынша қабылданған бастапқы мәліметтер:
Қойманың типі - Л 2х100 C элеваторы;
Жобаланған технологиялық сұлбада өңделетін дақыл - қарабидай;
Жобаланған технологиялық линияның ауданы- Оңтүстік Қазақстан;
Дайындау кезеңі (астық жинау) - 15 тәулік;
Түсетін астықтың есептік саны- 40 000 т
Астық жіберудің ессептік жылдық көлемі:
- автотранспорт - 20%
- теміржол транспорты - 80%
Темір жол вагонына жүктеу, мың т
- Темір жол маршрутының көлемі - 4
- Жүктеу саны - 4
Темір жол вагонынан жүкті түсіру, мың т
- Темір жол вагонынан жүкті түсіру көлемі - 3
- Беру саны - 3.
1. 2. Астықты жинағаннан кейін өңдеуде жобаланған технологиялық сұлбаның сипаттамасы
Курстық жұмыста қарабидайды қабылдаудың технологиялық сызбасы және арпаны жинағаннан кейін өндеу Л 2х100 С элеваторының технологиялық сызбасында жобаланады.
Зерттелетін өнім қарабидай . Қарабидай 1 жылдық өсімдік. Жем өндіру бағытында да, спирт, крахмал және уыт өндірісінде де қолданылады. Азық-түлік бағытта қолданылатын қарабидай мәдени немесе егістік қарабидай деп аталады. Мәдени қарабидайдың өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар бір-бірінен масақтарының пішінімен, түсімен, дәннің пішінімен және де басқа көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Қарабидай дәні ұзынша, жіңішке, дөңгелектеу болады. Дән ұзындығы 4-5, 8 мм. Түсі бойынша қарабидай:
1) жасыл сұр немесе жасыл 2) сары 3) қоңыр. Қарабидай дәнінің бөліктері келесі мөлшерде болады: эндосперма 73-75 %, алейрондық қабат 11-12 %, ұрықтық 3, 5-3, 7 %, ұрықтық қабықтары 1, 9-6 %, жемісті қабықтар 5-7 %. Қарабидай эндоспермасы ұнды болып келеді. Жалпы шынылығы 15-40 %. 1000 дән массасы 8-37 гр, натурасы 710-750 г/л. (дәні ұзынша және беті бұдыр) . Азық-түліктік қарабидай себілу уақыты мен районына қарай 3 топқа бөлінеді: I. Солтүстік күздік қарабидай II. Оңтүстік қарабидай III. Жаздық.
Л2х100 С элеваторы Л2х100 элеваторының негізінде жасалған. 8 . . . 9 балды сейсмикалық аудандарға арналған. Элеватор жұмыс мұнарасынан және екі бес қатарлы силостық корпустан тұрады. Іргетастың нөлдік белгісінен жұмыс мұнарасының биіктігі 48, 17 м, силостық корпус 32 м. Элеватордың ерекшелігі жұмыс мұнарасымен бірінші силостық корпус бітісіп кеткен.
Л2x100 С бір қанатты темір бетонды астық қабылдау элеваторы. Әр силосты корпустың сыйымдылығы 5500 т, ал суммарлық сыйымдылығы 22000 т. Элеваторда әрқайсысының өнімділігі 100 т/сағ болатын 2 нориясы бар.
Силосты корпусына өнімділігі 175 т/сағ бір силос үсті транспортер және өнімділігі 100 т/сағ бір силос асты транспортер қызмет етеді. Астықты өнімділігі 40 т/сағ болатын екі сепараторда тазалайды.
Есептеуді Қазакстанның Оңтүстік климаттық зоналары үшін жүргіземіз. Сыйымдылығы 15-25 т болатын қабылдағыш бункерден астық өнімділігі 100 т/сағ болатын 2 ленталы транспортер арқылы жұмыс мұнарасына беріледі.
Жобаланған элеваторға астық автомобильді және теміржолдардың 2 ағымымен келіп түседі. Автокөліктен түсіру универсалды ПГА-25 автотүсіргішінің көмегімен іске асады, ал вагоннан түсіру өздігінен түсіргіш астық тасымалдағыштар қолданылады. Қабылданған астық екі ағыммен жұмыс ғимаратына келіп түседі, онда астықты ЗСМ-50 сепараторларда қалдықтардан тазартып, өлшейді де, қорды силостарға жібереді, одан астықтың бірқалыпты құрастырылған партияларын кептіруге жібереді. Кептіру үшін ДСП-32 кептіргіш қолданылады. Кептірілгеннен кейін астық соңғы нақты тазартылу үшін сепараторлар мен дискілі триерлерге келіп түседі. Астықты автоматты таразыларда өлшейді.
Астықты теміржол вагондарына тиеу үшін екі линияны қолданады, бұл астықты бір мезгілде екі вагонға жүктеуге мүмкіндік береді.
Астықты тазарту
Бөлгіш шеңберден астықты орналастырғанда сепаратор үстінгі, оперативті бункерлерге түседі. Кез келген бірінші үш бөлгіш шеңберінен астық осы бункерлерге түсуі мүмкін. Сепаратор үсті бункерлері кем дегенде 4 сағат бойы үздіксіз жұмысты камтамасыз етуі керек, яғни ол 400 т сыйымдылыкты болу керек.
Сепаратор үсті бункерлерінен астық ЗСМ-50 маркалы сепараторға түседі. Бұл астықты бірінші орында (негізгі коспалардан ұзындығы немесе ені бойынша ерекшеленетін) мұкият тазартады, содан кейін арнайы аспирациялық колонкаларда жеңіл емес коспалардан тазартылады. Тағы да осылай астықты триерлерге алып беретін сепаратор үсті бункерлеріне жібереді. Ол Р1-ББТ-700-16 маркалы триерге жібереді, ол астықты ұзындығы бойынша ерекшеленетін коспалардан тазартады.
Тазартудан кейін анализдің лабораториялык әдісімен анықталады.
Тазартудан өткен астық сепаратор асты бункерлеріне түседі, ол жерден біркалыпты ағынмен өздігінен ағу кұбыры арқылы норияның шөміштеріне түседі.
Астықты кептіру
Есептеуге сәйкес тапсырылған мөлшердегі астықты кептіру үшін ДСП-32 астық кептіргіші таңдалып алынады. Оның өнімділігі 32т/саг.
Астық кептіргішке астық 2 нория арқылы түседі кептіруді аяқтағаннан кейін астық кептіргіштен 1 норияға өздігінен ағу құбыры арқылы жіберіледі.
ДСП-32 (ОТ) астық кептіргішінің техникалық мінездемесі:
1. Пландалған кептіру өнімділігі: 32 т/с;
2. Ылғалдылық төмендеуі: 6%-ға дейін;
3. Шахта саны: 2 дана. ;
4. Кептіру камерасындағы астық көлемі: 53, 9 м
3
;
5. Кептіру камерасындағы астық массасы: 26, 6 т;
6. Салқындату камерасындағы астық көлемі: 17, 1 м
3
;
7. Салқындату камерасындағы астық массасы: 12, 8 т;
8. 1 тонна астыққа кететін жоспарланған топлива шығыны: 14, 28 кг/с.
Астықты темір жол және автокөлікке жіберу
Бұл элеваторда бірқалыпты партияларды кұрастырғаннан кейін астық темір жол вагондарына тиеп қою керек. 1, 2 нориялардың көмегімен іске асуы мүмкін. Бұл жағдайда астықты жіберу 3-4 арту ағымы бойынша болады.
Астықты автокөлікке тиеу бір ағыммен силосты корпустың тесіктерінен үздіксіз жүргізіледі.
Астықты сақтау үшін силосты корпустарға орналастыру
Бұл операция екі норияның көмегімен бөлгіш шеңбердің есебімен іске асады, олар астықты силос үсті тасымалдағыштарына жібереді, қалғандарын кезі келгенде силосты корпустарға тасымалдайды.
Астықты силостан түсіру силосты қабатының өздігінен ағу құбыры арқылы жүзеге асады және оның астық нориялардың шөміштеріне түсіру үшін ол силос асты тасымалдағыштарға түсу керек.
1. 3. Астықты қабылдау және өңдеудің принципиалды сұлбасы
Егіс даласында өсіп піскен дақылдардың дәндері тірі секілді организм демалады. Осы үдерістің арқасында физика-химиялық, биохимиялық реакциялардың жүруі оның құрылымы мен құрамындағы заттардың толық қалыптасуын аяқтайды.
Табиғи-климаттық, агротехникалық т. б. факторлардың әсерінен дәндердің біркелкі бір уақытга пісіп жетілуі болмайды. Сондықтан әрбір егіс даласында, әр дақыл үшін, әр бір сабақтардағы дәндері де, тұқымдары да технологяилық көрсеткіштерінде ерекшеліктері болады, яғни олардың шама жағынан ауытқуы айнымалы заңдылық түрінде сипатталады. Сонымен дақыл дәндерінің өзгешіліктері, олардың зақымдалуы, ауырып қалуы, белгілі бір шараларды дер кезінде кабылдауды талап етеді. Қолданылатын шаралардың жалпы жиынтығын орудан кейінгі өңдеу технологиясы деп атаймыз.
Дән, бұршақ, майлы дакылдардың және басқа өсімдік өнімдерін орудан кейін колданылатын технологиялардың қатарына мыналар жатады: астықты көлік жүйелерінен кабылдау, белгілі максатта пайдаланатын партияларды қалыптастыру, қоймаларға жайғастыру жоспарын кұру, қоспалардан тазарту, кептіру, салқындату, зиянкестерден қорғау, емдік сауықтыру шараларын ұйымдастыру және сақтауға, тиеуге дайындау. Осы аталған технологиялардың бастысы ретінде астық кәсіпорындары мен элеваторларда қабылдау жұмысын реттеп жүргізуге өте көп-көңіл бөлінеді.
Қабылдау технологиясы мына үдерістердің жиынтығынан кұралады:
- астықтың сандық және сапалық көрсеткішін оруы алдында алдын ала анықтау;
- егіс даласынан комбайндармен майдаланған астықты жеткізу схемаларын бекіту;
- автомобилдермен тасымалданатын астықты жеткізу үшін сағаттық және тәуліктік сызықтама кестесін жасау;
- астықты дер кезінде қабылдап және өңдеу жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып жүргізу үшін технологиялық картаны кұрастыру;
- кабылдау лабораториясының, таразылардың, аудару кондыр- ғыларының кабылдау мүмкіншіліктерін анықтап оған сәйкес келетін өнімділікпен технологиялық жабдықтау;
- кабылдау схемасы әр партияның дақыл дәндерінің сандық және сапалық өзгешіліктеріне байланысты араластырмай жекелеп жүргізу үдерісін қамтамасыз етуді талап ретінде орындау;
- әр түрлі мақсатта пайдаланылатын партияларды кұрастырылуын міндетті және осыған байланысты жинақтау қораптарын қолдануы қажет.
Осы аталған технологиялық үдерістер бекітілген ұйымдастыру ережелерімен жүргізіледі. Сондықтан астық кәсіпорындарына қабылданатын әр партиядан үлгі алып, қабылдау лабораториясында стандарттық әдістемеге сәйкес үлгілерді алып тәуліктік орта үлгісін жасап, негізгі дәндердің талдау көрсеткіштерін анықтайды. Олардың қатарына біріншіден ылғалдылық, қоспа мөлшері және кұрамындағы түрлері, 1 литрлік салмағы граммен (натура), бидай үшін шынылығы, сағыздығы, басқа дән, бұршақ, май дақылдары өздеріне тиісті көрсеткіштері үлкен дәлдікпен бағаланады. Астықты өңдеудің, жайғастырудың және сақтаудың талаптарын орындау үшін оның күй жағдайын және сапалығын сииаттайтын көрсеткіштердің атқаратын рөлі өте үлкен.
Бұл алға қойылған мақсаттарды орындау үшін астықтардың дақылдар түрлеріне байланысты жасалынған дайындау товарлы классификациясын дән, бұршақ және май дақылдарын өзінің технологиялық құндылығына сәйкес топтап белгілі мақсаттарға байланысты ұндық, макарондык, жармалық, крахмалдық, спирттік, майлық, сыралық партияларын кұрастырады.
Астық кәсіпорындарында қабылдау кезінде қолданылатын мақсатты партияларды қалыптастыру, тамақтық бұйымдардың ассортиментін кеңейтіп, өңдеу өндірістерінің тиімді жұмыс істеуін жоғарлатады.
Өңдеуге дейін, шахталы кептіргіштерді тиімді дұрыс қолдану үшін, астық дақылдарын (күріш пен жүгері сабағынан басқасы) ылғалдылығы мен қоспасының мөлшеріне байланысты топтарға бөледі:
А) ылғалдылыгы бойынша:
- құрғақ және орта құрғақты бірге;
- ылғалды (2 метрге дейінгі үйменің биіктігі) ;
- өте ылғал (ылғалдылық шамасы 22% дейін, жайғандағы үйме биіктігі 1, 5 м дейін) ;
- өте ылғал (ылғалдылық шамасы 22%-дан жоғары, 6% интервалмен үйме биіктігін 1 м биіктікке дейін, ал жүгері дәні үшін 5% интервалмен жайғастырады) .
Б) қоспалары бойынша:
таза және орташа таза;
қоспалары шектеулі кондицияға дейін;
қоспалары шектеулі қоспалардан жоғары.
Технологиялық тізбекте рециркуляциялы кептіргіш қолданған кезде астық партиясын ылғалдығы мен қоспасына байланысты кұрастырып топтауды кажет етпейді. Жаңа орылған астықты әр уақытта шаңнан және құрамындағы қоспаларынан тазартып тұру негізгі талап ретінде қойылады. Өте ылғал астықты кептіруге дейін желдету қондырғыларына орнатылған астық қоймаларына немесе алаңға жайғастырылуы дұрыс болып саналады.
Дәндік, бұршақты және майлы дақылдардың ылғалдылығы мен ластығының дәндік және арам шөп қоспаларына байланысты жағдайы.
Ылғал және өте ылғал астықты силостарға салуға болады, егерде оның температурасын үздіксіз қадағалауға термодатчиктерді пайдалануы тиіс және сақтау уакыты ылғал үшін бес тәулік, ал өте ылғал астық үшін үш тәулік, әсіресе күріштің ылғалдылығы 19% дейін бір тәулікке дейін сақтауға болады. Сақтайтын астықтың көлемі кептіргіштің осы уақыт ішінде жұмыс істеу өнімділігімен анықталады. Ылғал астықтарды тек сыртқы силостарға ғана жайғастырған дұрыс. Ішкі силостарға құрғатылған астықтар сақталынады.
Элеваторда силостарды реттеп пайдалану жоспары құрылады. Астықтың майда партияларын бекітілген ережелер бойынша әр дақылдың түрін, сортын, типін, сапалық көрсеткіштерін, зақымдалғанын, т. б. қажетті талаптарды ескеріп үлкен партияларды белгілі мақсаттарға пайдалануына байланысты топтайды.
2. Есептік бөлімі
2. 1. Негізгі есептік көрсеткіштер
Есептеуде технологиялық элеватордың бастапқы мәліметтері төмендегідей:
Элеватор астық тапсырушылардан астықты кабылдауға арналған. Астық тапсырушылардан түскен астық мөлшері есептеу массасы - 40 000т, (Кф=1, 05) .
Шикі және ылғалды астықты аудандар үшін кұрылыс алаңының климатикалық шарттары. П р =30 тәулік.
Негізгі есептеудің берілгені
Астық тапсырушылардан түскен астық мөлшері физикалық массасы құрайды:
А m = А есеп *К ф =40 000 * 1, 05=42 000т (1)
Кф - есептеу массасынан физикалық массасына айналдыру коэффициенті, ол 1, 05-ке тең.
Мұндағы:
A есеп - қорытынды массаны дайындау көлемі, m
К ф - қорытынды массаны физикалық массаға ауыстыру коэфициенті.
Типтік жобалар үшін К ф мәні үшін 1-ші кесте бойынша:
Есептеу кезінде астықты қондырғылардан қабылдау, өңдеу және жіберуді таңдаған кезде мыналарға сүйене отыру керек:
а) астықты өңдеу кезінд транспортты қондырғыларды барлық типтерге байланысты берілген мерзімде орындалуы керек, әр транспортқа сәйкес нормалары бойынша;
б) әр түрлі астық партияларының сапасына байланысты пішімделеді;
в) пішімделген партиялардың өңделуі олардың сапасының сақталуын қамтамасыз етеді
г) керекті қондырғыны есептеу кезінде астықты қабылдау, өңдеу және жіберу кезіндегі сәйкестіктерін қадағалап жүргізеді;
д) астықты тазалау кезінде оны сақтауға әсерін тигізбеу, дайындау периодынан кейін ғана болуы мүмкін.
е) кәсіпорындардың астықты сақтау және өңдеуге арналған технологиялық процестерінің ықшам сызбасы 1- суретте берілген.
1-сурет. Кәсіпорындардың астықты сақтау және өңдеуге арналған технологиялық процестерінің негізгі ықшам сызбасы
2. 2. Таразы қондырғысы
Таразы қондырғысы ретінді ДН - 1000 маркалы өнімділігі автоматты таразы таңдалынды. Бұл таразы грануирленген жәнеде басқа сусымалы заттарды өлшеуге арналған автоматты таразы болып табылады. Қондырғы тензометрлік, астық массасын мөлшерлеп өлшейтін, 0, 2 пайызға дейінгі дәлдіктегі кешенмен жабдықталған. Тензокөрсеткішке орнатылған аралық бункерлерден астықты бөлшектеп өлшеу арқылы жұмыс жасайды. Аралық бункер 1100 кг шамасындағы, тығыздығы 0, 5 т/м 3 болатын өнімді қабылдауға арналған. Бұл процесс бөлшектеп өлшеуді жүзден мың кг. Аралығында өлшеуді қамтамасыз етеді.
(Г) автокөлік таразының қажетті мөлшері автотранспорттан қабылданғанда дәнді келе0сі формуламен анықтайды:
Г = 0, 000666*(А авт * К с * К ч *t ч /П р *G) =
=0. 000666*(40 000*1. 6*2*3/15*8) =10. 656 т (2)
Мұнда:
А авт - дайындама периодында нан берушілерден түскен дән мөлшері;
К т , К с - тәулік және сағаттық біркелкі емес коэффиценті;
К ч =1. 6, (2 - кесте) К с =2, 0 (3 - кесте) ;
t с - екі рет бір автомобильді өлшеуге және құжаттарды дайындауға қажетті уақыт, мин. Екі рет автомобильді («брутто» және «тара») принципімен өлшек үшін 3 мин. Кепілдеме беріледі. Циферболатты және баспен басушы құралы бар таразылар үшін бір ретінде 2, 5 мин. ;
G a - автомобильдің жүк көтерушілік есептеуі, тонн. Типтік жобаны өңдегенде 8 - ді қолданады.
Салмақтық аппараттар өнімділігі мен мөлшері техникалық желілер мен транспорттық ағындар өнімділігіне тиіс.
Таразы үсті мен таразы асты шанақтарының сыйымдылығына 12 - кестеге сай таразыларға қызмет етуші транспорттық механизм өнімділігіне байланысты қабылдау керек.
12 - кесте бойынша: ДН-1000 маркалы таразының өнімділігі - 100т/сағ. Шанақтың сыйымдылығы таразы астында 3-формулаға сәйкес 10 тоннаға тең.
Шанақтың сыйымдылығын таразы автоматты таразының астында келесі формуламен анықтау керек.
Е в = Q n *t ож /60= 100*6/60 = 10 т (3)
Мұнда:
Q n - механизмнің өнімділігі
t ож - дән топтамасының ауысымы кезіндегі күту уақыты. Ғимараттың көлемдік жоспарлау шешіміне байланысты t ож - 6 - 10 мин аралығында болады.
2. 3. Керекті өнімділікті және астықты автомобиль жолдарына арту және түсіру қондырғылардың санын анықтау
Астықты автокөліктен кәсіпорынға қабылдау кезінде қанша қондырғылар керек, олардың өнімділіктерін мына коэффициент бойынша К тәул және К сағ анықтайды. Типтік жобаларды дайындау кезінде К тәул тәуліктік дайындаманың көлеміне және есептеу ұзақтылығы П р екінші кесте бойынша алады.
2-кесте бойынша К т -тәуліктік теңсіздік коэффициенті 1, 6 тең.
Максималды тәулікте түсетін астық А тәул , тон. мың мына формула бойынша анықталады:
А с =(0, 8*А авт *К т ) /П р = (0, 8*40 000*1, 6) /15=3413 т/тәул. (4)
Мұндағы:
А авт - автокөлікпен қабылданатын астық көлемі, А авт =4т
0, 8- дайындау кезеңінің есептеу уақытында астықтың түсуін санайтын коэффициенті;
К т -тәуліктік теңсіздік коэффициенті; К т =1, 6. (2-кесте) ;
К с - сағаттық теңсіздік коэффиценті,
3-кесте бойынша К сағ =2; П р - астықты дайындауға есептеу кезеңі; Ол 15 тәулікке тең.
Кәсіпорынға астықты жинағаннан кейінгі өңдеуге кететін қондырғылардың саны мен өнімділігі қондырғылардың өнімділігінің ауысуына байланысты және дәнді дақылдардың ылғалдылығы бойынша және қалдықтар мөлшеріне байланысты 4, 5 - кесте бойынша таңдайды.
4-кесте бойынша нория, конвейер біреу, сеператорда біреу болып таңдалынды, К к =0, 9
5-кесте бойынша автокөліктен түсіргіштерде тазаланатын қоспаның болуы 10 пайыздан жоғары, ылғалдылық 10 пайызға дейін, К өзг =1, 0. Нориялар мен конвейерлерде тиісінше бұл мәндер 5 - жоғары 10 - дейін ылғалдылық өзгеріссіз (10 пайызға дейін), К өзг =1.
Ылғалдануы мен залалдануына байланысты келіп түсетін дән және дәндік культуралардың санын 6-кесте бойынша таңдайды.
6-кесте - орындалу районына байланысты НӨК-ке түсетін дәннің сипаты.
НӨК=60%
Бір уақытта келіп түсетін дән партиясына байланысты автомобильден қабылдау қондырғыларымен дәнді өңдеуді жобалайды.
Өндіріске келіп түскен партия санын типтік жобалаудың есептік периоды - P, жобалау есебіне немесе 7-кесте бойынша қабылдайды, ол А авт көлеміне немесе дайындау периодына П р байланысты.
7-кесте - кәсіпорынға келіп түсетін партия саны, Р=14
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz