Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері

Қысқаша тарихи шолу

Қазақстан аумағындағы ең ежелгі палеолит артефактілері Маңғыстаудағы Сарытас шығанағының жағасында, Қаратаудағы Арыстанды өзенінде табылған. Олар еуропалық және таяу шығыстық палеолит дәстүрлеріне кіретін ашель және мустье дәуірлеріне жатады.

Палеолиттің соңына жататын ескерткіштердің саны көп емес: бұлар Маңғыстаудағы Шахбагата мен Онежек, Шығыс Қазақстандағы Құдайкөл мен Шульбинка, Қаратаудағы жәдігерлер, Алматы маңындағы Семізбұғы мен Майбұлақ, Батыс Қазақстандағы Ешкітау.

Мұзбүркеу дәуірі аяқталып қазіргі голоцен басталғанда (10-15 мың жыл бұрын) жалпы палеолит те аяқталды деп айтуға болады. Плейстоцен мен голоцен шекарасында мұздықтар еріп климат күрт өзгере бастаған. Адам да жаңа ландшафтарға бейімделуге мәжбүр болды. Осы кезеңде ірі аң аулаудан адамзат жер игеруге, ұсақ аң аулауға, балық аулауға, мал бағуға көше бастаған. Бұл дәуір мезолит деп аталады (шамамен б. з. д. ХІ-VI мыңжылдықтар) .

Палеолиттің соңғы кезеңі неолит артефактілері Қазақстанның көптеген жерлерінде табылған. Көбінесе бұлар тастан жасалған бұйымдар, бірақ қыш ыдыстары да кездеседі.

Неолит пен қола дәуір арасындағы өтпелі кезең энеолит деп аталады . Бұл «мыс-тас кезеңі». Адам аңшылықпен бірге мал шаруашылығына көше бастаған. Энеолит ескерткіштері Солтүстік және Батыс Қапзақстанда кездеседі: Ботай, Қожай, Қосқұдық және т. б. Ботай мекенінің тұрғындары алғашқы жылқы игерушілері болды деген жорамал бар.

ІІ мыңжылдықтың басында шаруашылықта ірі өзгерістер пайда болған: мал бағу, металлургия, егістік, қыш және қолданбалы өндірістер қарқынды дами бастайды. Бұл қола дәуірі басталды деген сөз. Қазіргі Қазақстан аумағында андронов мәдениетіне жататын еуропеоидтік, мүмкін, протоарий тайпалары өмір сүрген.

Түркі халықтар тарихын зерттейтін ғалымдар түркілердің арғы аталары неолитте Еуразия далаларының кең аумағын мекендеген дейді. Кейбіреулер түркілер Алтайдан шықты десе, басқалары түркілердің шығу тегі Еділ-Орал аймағы деп есептейді. IV мыңжылдықтан бастап, түркілер 500-600 жыл ішінде Байкал маңынан бастап Дунайға дейін, Оралдан қазіргі Түркияға дейінгі жерді игерді деп есептейді.

Қола дәуірінің ескерткіштері өте көп: Жетісуда - Биғаш, Алматы аумағындағы Бұтақты, Таңбалы, Баян жүрек, Асы, Ойжайлау.

Сақ пен савроматтар билік жасаған дәуірін (б. з. д. IX-III ғғ. ) «ертетемір ғасыры», «көне көшпелілер дәуірі», «скифтер дәуірі» деп атайды. Олардан қалған бір текті жәдігерлер Хуанхэден Дунайға дейін кездеседі. Қазақстан тарихи әдебиетінде бұл дәуірді кейде сақ-сармат, сақ-массагет дәуірі деп те атайды. Сақтар мен парсылар жерлерінің шекарасы Сырдарья өзені болған. Шығыс скифтерді қытайлар юечжи деп атаған. Сақ дәуірінің ең белгілі ескерткіші Есік қаласында табылған Алтын Адам болып есептеледі. Сақтардың мәдени мұрасы, оның ішінде хайуанат стилі баршаға мәлім. Сақ жәдігерлері көптеген қазбаларда табылған: Жем өзені, Берел, Бесшатыр, Жалаулы, Зайсан ауданындағы Шілікті, т. б.

Тас, қола, темір дәуірлерінде жасалған петроглифтерді де ұмытпау керек. Олар бүкіл Қазақстанда - Тянь-Шань мен Алтайда, Жоңғар Алатауында, Мұғалжар мен Сарыарқада кездеседі.

Орталық Азияны б. з. д. VII-VI ғғ. мекендеген ғұндар тарихымызда өз ізін қалтырған. Олардың көршілері жун, ди, дунху болған. Б. з. д. ІІІ ғасырдан бастап, ғұндар айналасын, оның ішінде Қытайды жаулап алады. Б. з. д. 56 ж. Ғұндар державасы екіге бөлініп, қирай бастайды. Солтүстік тармағы Кангюйге (Оңтүстік Қазақстан) аттанады. 155 жылға қарай қалған ғұндар Жоңғариядан айдалды. Ғұндар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныстанып, V ғасырға дейін болған Юэгань мемлекетін орнатады, одан кейін, Батыс Сібір угорларымен бірге Орал маңайына, Каспий мен Еділ өңіріндегі далаға аттанады. ІІІ ғасырда ғұндардың бір бөлігі Орталық Қазақстанды кесіп өтіп, Еуропаның жолына түсті.

Үйсіндердің гуньми (гуньмо) резиденциясы мүмкін, Іленің орта сағасында, мүмкін Ыстықкөл маңында орналасқан дейді. Үйсін елі Жетісу мен Тянь-Шань өңірлерінде орналасқан. Үйсіндер дәуірі б. з. д. ІІІ ғасырдан шамамен Х ғасырға дейін созылыпты. Үйсіндерге Орта Азия мен Шыңжаңның кейбір елдері бағынған.

Кангюй (Қаңлы) . Б. з. д. 138 жылы Ұлы Жібек жолының тарихы басталды. Император Уди өз кінәзін осы жол бойымен сапарға жіберген. Алғашқы жеткен жері Ферғана болды. Осы жерден Үйсін мен Қаңлы мемлекеттеріне дейінгі арақашықтықты өлшеуге болатұғын. Үйсіндермен көршілес Қаңлы Жетісудан батысқа қарай, Сырдария өңірінде жатқан.

Орта ғасырлардағы мемлекеттер.

Түрк елі (қағанат) 552-744 жж. болған. Хандары (қағандары) Ашина тұқымынан шыққан. Түрк елі Кавказдан, Боспордан Манчжурияға дейін, Енисейден Амударияға дейін созылған. 582 жылы Түрк елі Шығыс және Батыс Түрк қағанаттарына бөлінді. Батыс қағанат 657 жылы қирады. Шығыс Түрк қағанаты 744 жылға дейін өмір сүрді. Осы жылдан бастап Орхондағы көштердің иелігі Яглакар ұйғырлар қағандарына өтті.

Түргештер Батыс Түрк қағанатының мұрагері болып табылады (VII ғ. ) . 712-713 жж. түркілер, соғдтар, Шаш пен Ферғана тұрғындары бірігіп арабтарға қарсы шайқасты. Мұндай шайқастар бірнеше рет өткен. Тек 732 жылы арабтар жеңіп, Бұхараға кіре алды. 740 жылы қытай әскері Таласты (Таразды) жаулап алады. 756 жылдан бастап түргештер мемлекеті тоқырауға ұшырап жоққа шықты.

VIII ғ. екінші шенінде Жетісу Тянь-Шань, Шығыс Маверранахр өңірлерінде батыс түрк және түргеш қағандарының орнына қарлұқтар билікке келіп Қарлұқ қағанатын орнатты. Қарлұқтардың туған жері Батыс Алтай мен Тарбағатай арасы және Моңғолиядағы Хангай өңірі болған. VIII ғ. екінші шенінде түргештерді бағындырып Жетісуды жаулап алды. Қарлұқ конфедерациясына көптеген тайпалар мен елдер кірді. Кейінірек Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның жатақ елдерімен ассимиляцияланған және ислам дініне табынған қарлұқтар түркмен деп аталды. VIII-Х ғасырларда қарлұқтар Балқаш пен Ыстықкөл аралығын, Ыстықкөл айналасын, Іле, Шу, Талас алаптарын, Тянь-Шань бөктерлерін мекендейді. ІХ ғасырдың басында бір топ қарлұқтар Отырарға көшіп келеді. Қарлұқтар Таласта, Шашта, Испиджапта, Миркиде (Мерке), т. б. жерлерде қоныстаған. 742 жылы қарлұқтар, ұйғырлар мен басмылдар бірігіп Ашина тұқымын жеңіп билік ұстады. 745 жылы түркі тілдес халықтарының бірлестігі - Ұйғыр қағанаты пайда боды. V-VI ғасырларда ұйғырлар әуелі Жужань, кейін Түрк қағанаты құрамына кірген. Уақыт өте, ұйғыр қағаны Алтай - Манчжурия - Гоби аралығындағы өлкені билейтін болды. Қағанат құрамына ұйғырлар мен оғыздар, ал 758 жылдан бастап Енисей қырғыздарының жері де кіретін болды. 812 жылы ұйғырлар қарлұқтарды қиратты. Арабтар батыста қарлұқтардың әлсіздігін пайдаланып қарлұқ джабгуын Ферғанаға қуды. 840 жылы ұйғырларды жеңді.

Қарлұқтардың күшеюі Маверранахрды билейтін Саманидтерге ұнамайды. 840 жылы Самарқан билейтін Нух ибн Асад Испиджабты жаулап алады. Испиджаб көшпелі түрктер арасында ислам дінін тарату орталығына айналады.

Бірақ Қарлұқ қағанатының нағыз қауіпті жауы Маверранахр емес, Шығыс Түркістандағы Қашғар болды. 940 жылы олар Баласағұнды жаулап алады. Осы мезетте қарлұқ мемлекеті құлап, Қараханидтер әулеті билік ұстайды.

ІХ-Х ғғ. Сырдарияның орта және төменгі сағасы мен Батыс Қазақстанда Оғыз елі мемлекеті қалыптасады. Жетісу жақтан көшкен оғыздар осы жерде бұрын тұрған қаңғар-печенег бірлестігімен қақтығысқа келеді. Кейін осылардың бәрі бір-бірімен араласып кетеді. Сөйтіп, үндіеуропалық, финн-угорлық тайпалар түркіленеді, олардың ішінде аландар мен астар. Оғыз этнос құрамына түркі тілдес батыс және шығыс түркі қағанаты мен Жетісу өңірі тайпалары кірді. Х ғасырда оғыз тайпалары Арал мен Каспий өңірлеріндегі далаларда қоныстаған. ІХ-Х ғасырларда оғыз мемлекеті Тянь-Шань, Шу мен Қаратаудың арасында орналасқан Астанасы Янгикент болған. Оғыз, қыпшақ, кимак тайпалары жақын туысқан болған сияқты. Оғыз мемлекеті Еуразия Даласында маңызды рөл ойнаған. 965 жылы оғыз жабғысы мен Киев кнәзі Святослав хазарларға қарсы келісімге тұрған. Нәтижесінде Хазар хандығы қирап жойылды. Х ғасырдың соңында оғыз жабғылары орыс кінәздарымен бірігіп Еділ булгарларын жеңді. Оғыз мемлекеті Х-ХІ ғасыр шекарасында қыпшақтардың шабуылдары нәтижесінде құлады. Қыпшақтардан қашқан оғыздардың бір бөлігі Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, басқалары Маверранахр Караханидтері мен Хорасан селджуктеріне қарай қашты. Қалғандары Дашт-и-Қыпшақ түркі тайпаларының құрамына құйылды.

Хазар қағанаты Батыс Түрк қағанаты құлағаннан кейін пайда болды. Хазарлар алдында Кума мен Терек арасында тұрған. Түрк қағанаты Солтүстік Кавказды 567-571 жж. жаулап алғаннан кейін хазарлар қағанат билігінде болды. VI ғ. соңына қарай Түрк қағанаты Хинганнан Донға дейін жатқан жерлерді билеген. VII ғасырда Батыс-Түрк қағанаты құлдырағаннан кейін Хазар қағанаты мен Ұлы Болгария пайда болады.

ІХ ғасырдың 80-ші жж. орыс кінәзі Олег шығыс-славян жерлерін хазарлардан тартып алды. ІХ ғасырдың соңында оғыздар мен печенегтер қағанатты жаулап құлата бастады. ХІ ғасырдың 50-ші жылдары зазарлар қыпшақтарға бағынды.

І-ІІ мыңжылдық шекарасында Ертістен Оңтүстік Орал даласына деййн жатқан жерді түркі тілдес қимақ тайпалары билейтін болды. Қимақ пен қыпшақтар туысқан елдер болған. Аталған тайпалар бірлестігіне көптеген этностар кірген, оның ішінде Моңғолия аумағында тұрған және Ұйғыр қағанаты құрамында болған тоғыз-татарлар. VІІІ ғасырда Қимақтар оңтүстікке, қыпшақтар батысқа қарай жатқан жерлерді жаулап алады. Қағанаттың құлауы Хі ғасырдағы Орталық Азия көшпелі халықтарының жаңа миграциясымен байланысты болды. Бұл миграцияның себебі - 918 жылы Солтүстік Қытайда киданьдардың (қарақытайлардың) Ляо мемлекетінің құрылуы. Қимақ мемлекетінің мұрагерлері - қыпшақтар. Олар Шығыс Қыпшақ қағанатын құрастырды.

ХІ ғасырда Қазақстан далаларын Қыпшақ қағанаты билейтін болды. Қыпшақтар Еділден батысқа қарай жатқан жерлерге экспансиясын таратты. Оғыз жерлерін жаулап алып, қыпшақтар Хорезм мемлекетімен тікелей көршілес бола қалды. Бір жағынан сауда қатынастары дами бастады, екіншіден Сыр өңірі үшін талас пайда болды. Ақырында хорезмшах Атсыз қыпшақтарды жеңді. Осыдан бастап Қыпшақ мемлекеті әлсіздене бастайды. Моңғолдар шабуылы басталған кезде қыпшақтарелі бытыраңқы болды.

Ұлы Жібек жолы. Бұл атауды 1877 жылы географ Фердинанд фон Рихтгофен енгізді. Ұлы Жібек жолының «ашылу» уақыты беймәлім. Алғашқы байланыстар б. з. д. ІІІ мыңжылдықта басталған-мыс. Ол кезде Бадахшан лазуриті мен нефрит саудасы болған. І мыңжылдықтың орта шенінде «Дала жолы» ашылған. Бұл кезде қытай жібегі Батыс елдеріне жіберіле бастады. Бұл саудада сақтар тайпалары қатысады. Дегенмен б. з. д. іі ғасырдан бастап Ұлы Жібек жолы біртұтас сауда және дипломатиялық жол ретінде белгілі. VI-VІІ ғғ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерімен өтетін жол тармағының маңызы жоғары болған. Мұның себебі - түрк қағандары жолды бақылап сауда қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде болған. Негізі Жібек жолы тарихы екі кезеңге бөлінеді: «Прото жібек жолы» (V-ІІ ғғ. ) және нағыз жібек жолы кезеңі. Екінші кезеңі 138 жылы болған Чжан Цянь сапарынан басталып 1405 жылы Мин әулеті дәуірінде аяқталады. Осыдан бастап құрлық кесіндісі жабылады деп айтуға болады. Сауда тауарларының тізімі өте үлкен, оның ішінде неше түрлі экзотикалық тауарлар болған: мирра, ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, женшень мен питон өті, кілемдер мен мата, алмас пен яшма, піл сүйегі, алтын, күміс, қару-жарақ және т. б. Бірақ негізгі сауда тауары жібек болған. Жібек пен алтын ол кезде кәдімгі халықаралық валютаға айналЖібек пен алтын ол кезде кәдімгі халықаралық валютаға айналған.

Негізгі жол Тянь-Шань бөктерімен, Іле, Талас, Шу, Сырдария алаптарымен, Арал маңынан өтіп Жайыққа, Қара теңізге, Византияға, Батыс Еуропаға бағытталған. Бұл бағыт түрк қағандары кезінде негізгі болған. Кейін, Ұлы даланы моңғолдар біріктіргенде, осы жол қайтадан негізгі жол болды.

Жол тармақтары Сарыарқаға, алтайға, Ертіске, Моңғолияға бағытталған. Жол бойында Испиджаб, Тараз, Құлан, Аспара,, Алматы, Тальхир, Қаңлық, Усбаникет, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығнақ, Янгикент, Сарайшық сияқты ірі қалалар тұрған.

Х ғасырда Жетісу мен Қашғарда Қараханидтер мемлекеті құрылады. Мемлекетті Қарлықтар, чигили мен ягма тайпалары құрады. 960 жылы мемлекет діні ислам болып жарияланды. Қашғар астана болды. Қараханид мемлекетінің ең атақты жеңісі - Маверранахрды жаулап алу (1005 ж. ) . Қараханид мемлекетінің тарихы селджуктер қысымы себебінен ХІІ ғасырда аяқталды.

Қарақытай мемлекеті. Моңғол тілдес киданьдар Х ғасырда жан-жақтағы жерлерге қарай ұмтылады. 1066 жылы киданьдар Ляо атты ұлы мемлекет құрады. Кидань жері Жапон теңізінен Шығыс тТүркістанға дейін, Амур мен Керуленнен Ұлы Қытай тосқауылына дейін созылады. 1125 жылы чжурчжэндер Ляоны жаулап алып өздері құрған Цзинь империясы құрамына кіргізеді. Чжурчжэндерге бағынбаған кданьдар Жетісуға, қазіргі Қырғызстан жеріне, Қашғарға қашады. Осы батыс киданьдар қарақытай атымен белгілі болды. ХІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен оңтүстігі, құрамына Бұхара мен Самарқан кіретін Маверранахр аудандары Қарақытай мемлекеті құрамында болды. Астанасы Жетісуда орналасқан. 1217-1218 жж. моңғолдар (Жебе нойон) қарақытай мемлекетін жойды.

ХІ-ХІІІ ғғ. басында Орталық Азия шығысында мынадай ұлыстар болған: Найман (моңғол тілінде «сегіз» деген сөз, осылай оны киданьдар атаған), Керей (кереит) хандығы, Мерке (Меркіт) ұлысы, Жалайыр ұлысы, Қоңырат ұлысы.

Моңғол империясы. 1206 жылы айналасындағы барлық ұлыстарды жаулап алған Шыңғысхан құрылтай жинап өзін Моңғол ханы ретінде жариялайды. 1211 жылдан бастап моңғол шабуылдары бүкіл әлемге белгілі. Жаулап алған елдер ресурстарын моңғолдар толығымен пайдалана алған. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өз балаларына таратиады: Жошыға - шығыс Дашт-и-Қыпшақ пен Хорезм, Шағатайға - Орта Азия, төртінші баласы Толуйға - Моңғолия, үшінші баласы Үгедейге - тақ. Шыңғыс 1227 жылы қайтыс болады. Әкесінің сөзіне берік болған балалары Үгедейге көнеді. 1234 жылы моңғолдар Цзинь патшалығын бағындырады.

1235 жылы Қарақорым құрылтайында Еуропаға шабуыл жасау шешімі қабылданады. 1237-1241 жж. Жошының баласы Бату Еділ Булгариясын, Русь жерлерін, Батыс Дашт-и-Қыпшақ жерлерін бағындырады. 1241 жылы моңғолдар Польша мен Венгрияға аттанады. Ең батыс нүктесі - неміс қаласы Майсен және Австрия. Бату Хорватияға шабуыл жасаған кезде Үгедей өлді деген хабар келді. 1243 жылы моңғолдар Еуропадан кете бастады.

Моңғолдар империясының бірлігі ұзаққа созылмады. Құрамына кірген ұлттар бір-біріне ұқсамаған және араз болған. Жошы ұлысында (Алтын Орда) халық көпшілігі қыпшақтар болған. Арасындағы моңғолдар қыпшақтармен араласып жоқ болып кетті. Шағатай мен Хулагу ұлысында парсылар мен арабтар ислам дәстүрі арқылы билеген. Батыс ұлыстар орталық биліктен тіпті алыстап кетеді. ХІІІ ғасырда батыс ұлыстардың басшылары Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды яғни Бас хан мен оның қытай айналасы кәпір болып есептеледі. Сөйтіп, мемлекет бірлігі толығымен жоққа шықты.

Хубилай 1264 жылы астанасын Қарақорымнан Ханбалыққа (Пекин) көшіреді. Ақырында Моңғолия Юань атты қытай империясының провинциясына айналып кетеді. 1368 жылы империя күйрейді, тірі қалған моңғолдар отанына қайтуға мәжбүр болады. 1634 жылы ең соңғы бас хан Лигдан өлгеннен кейін Моңғолия Қытай провинциясыі ретінде 1911 жылға дейін қала береді.

Жошыдан кейінгі ұлыстар: Шибан, Сібір хандығы, Ұлы Орда, Астрахан хандығы.

Шағатай мемлекетіне жататын жер - Жетісу, Маверранахр, Амударияның сол жағасындағы Балх, Бадахшан, Газна, Қабыл және Синд өзеніне дейінгі жер.

Шығыс Қазақстан - Ақ Орда жері.

Могулистан. XIV ғ. орта шенінде Шағатай мемлекеті батыс пен шығысқа бөлінеді. Шығыс жағы Могулистан деп аталады. Ханы Тоғлық-Тимур. Могулистан саясатында ең маңызды рөлін дулат руы ойнайды.

Әмір Темір мемлекеті. Шағатай елінің батысы Маверранахр түркі-моңғол әмірлері билігінде болады. 1370 жылы Маверранахр билігін әмір Темір алады. Өмір бойы Темір әскери жорықтарда болады: Хорезм, Могулистан, Иран, Үндістан, Кіші Азия, Қытай. Көп жылдар бойы Темір мен Жошы ұлысының ханы Тоқтамыс арасында қақтығыс болады. Темір өлгеннен кейін көп уақыт өтпей империясы күйрейді.

XV ғ. Шибан ұрпағының өкілі Әбілқайыр сұлтаны Шығыс Дашт-и-Қыпшақ билігін ұстайды. Оны көптеген рулар қолдайды - қыпшақ, найман, маңғыт, қарлық, қоңырат, қаңлы, үйсіндер. Бірақ Әбілқайыр билігі (1428-1468 жж. ) кезінде бытыраңқылық аяқталмайды. 40-шы жылдары Әбілқайыр Ертіс пен Балқашқа дейін орналасқан жерлерді біріктіреді. 1456 ж. Сығнақ маңында Әбілқайыр қалмақтардан (ойраттардан) жеңіледі де Дашт-и-Қыпшаққа қайтады. 1468 жылы Жетісу жорығы кезінде қайтыс болады.

Ойраттар. Ойраттар - моңғолдардың батыс бөлігі болған. Олар Шыңғысхан дәуірінде моңғолдардың сол қанатында яғни моңғолша дзуунгарда көшіп жүрген. Осы сөзден 1635 жылы құрылған Жоңғар хандықтарының атауы шыққан. Батыстағы көршілері - түркі-иран халықтары оларды қалмақ деп атап жүрген. XIV ғасырда ойраттардың шабуылдары басталады. Ойраттар Могулистан, оның ішінде кең байтақ Жетісу жерлерін дәметеді. 60 жж. бастап қазақтар ойраттармен шайқасуда. 1422 жылы Могулистан ханы Вайсхан Тұрфанды жаулап алып оны өзінің астанасы қылады. Ойраттар болса Хами қаласын жаулап алады. 1450-ші жылдары Есен-тайша басқарған ойраттар Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға қайтадан аттанып Шу өзеніне дейін жетеді. 1457 жылы Жетісудан өтіп Түркістанда, Сығнақтың маңындағы Көкқашанда Әбілқайырмен шайқасады. Әбілқайырды жеңіп ойраттар Орта Сырдарияны сорлатады. Әбілқайыр тайшының билігін мойындауға мәжбүр болады. Оның немересі Махмұд-сұлтан Жоңғарияда аманат ретінде 7 жыл бойы тұтқында қалады. XV ғасырдың соңында ойраттар жиі-жиі Жетісуға, Могулистан аумағына шабуыл жасауда. Дегенмен, 50-ші жылдарының соңында Жетісуға көшіп келген Керей мен Жәнібек қазақтары Жетісудегі өз жерлерін ойраттардан қорғап жүрген.

Ноғай ордасы. XIV ғ. соңында Алтын Орда әскери басшысы Едіге Жайық пен Жем аралығында қоныстаған өз халқы - маңғыттарды біріктіріп Маңғыт жұртын қалыптастырады. Маңғыттармен бірге жұртқа түркі-қыпшақ рулары кіреді. Олардың бәрін «ноғай» деп атаған. XVI ғ. орта шенінде олардың саны 1 миллион адам болыпты. Маңғыт жұрты орыс ғасырнамаларында Ноғай Ордасы деп аталған. Ноғай ордасын Едіге ұрпақтары - мырзалар, ең бастысы би (бек) басқарған: Жошы ұрпағы болмағандықтан хан деп аталуға батпаған. Олар «кінәз» болып қала берді.

Беделді қазақ ханы Қасым ноғай мырзаларын өзінің қолындағы, ал астанасы Сарайшықты өз жері деп есептеген. 1519-1520 жж. Қасым Маңғыт жұрты аумағын жаулап алды. Мырзалардың көбісі Еділдің оң жағасындағы Қырым хандығына қашты. 1521 жылы Қасым дүниеден қайтқаннан кейін қазақтар арасында дау пайлда болады. Осыны пайдаланып, маңғыттар, өзбектер мен моғұлдар бірігіп қазақтарды қиратады да оларды шығысқа қарай ығыстырады. Сөйтіп Ноғай Орда жері Еділден Ертіске дейін жайылатын болады. 1523 жылы Едіге шөбересі Мұсаның баласы Мамайдың басшылығымен ноғай мырзалары Мұхаммад-Гирей ханды өлтіріп Қырымды талқандайды.

XVI ғ. бірінші шенінде Ноғай Ордасы Шығыс Еуропа мен Дашт-и-Қыпшақ арасындағы халықаралық қатынастарда маңызды рөл ойнаған, Қазан мен Сібір хандықтардың шаруаларына араласқан, Қырым хандарымен жауласқан. 1554 жылы орда ішіндегі қақтығыстардың нәтижесінде Исмаил билікке тұрады Оның қарсыластарының бір бөлігі Солтүстік-Батыс Кавказда Кіші Ноғай Ордасын немесе Қазы ұлысын құрады. Кеібір мырзалар Ресейге жер аударып бірнеше кінәз әулеттерін - Юсуповтар, Урусовтар, Шейдяковтар және т. б. құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени-өркениеттік рөлі
Этнопедагогикалық білім беру жайлы
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Оқушыларға ұлттық тәрбиені берудегі халықтық тәрбиенің рөлі
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы туралы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz