Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық – құқықтық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Тақырыбы: Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық - құқықтық мәселелері.
Мазмұны:
Кіріспе-
І - тарау. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту туралы қылмыстық заңнаманың даму тарихы.
2 - тарау. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың жалпы сипаттамасы
3 - тарау. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық - құқықтық сипаттағы мәселелері:
3. 1 Қылмыс құрамдарының объектісі
3. 2 Қылмыс құрамдарының объективтік жағының ерекшеліктері
3. 3 Қылмыс құрамдарының субъектісі
3. 4 Қылмыс құрамдарының субъективтік жағы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында «Неке және отбасы, ана, әке және балалық мемлекет қорғауында болады» делінген [1] . Аталған қорғаудың кепілдіктері ішінде аса маңызды рольді қылмыстық - құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіндегі Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар тарауының 131, 132 - баптарында көзделген қылмыс құрамдары алады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі жаңадан қабылданғаннан кейін Қазақстандық қылмыстық құқық ғылымы мен оның жекелеген нормаларының ғылыми және практикалық сипаттамалары, әдістемесі өзгерістерге ұшырады.
Сонымен қатар, мәнді өзгерістерге кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту мәселелеріне байланысты қылмыстық - құқықтық нормалар да ұшырады, қазіргі таңда аталған нормалар жаңадан заңдық бекітілуіне байланысты, заң әдебиеттерінде толық зерттелмегендіктеріне орай терең зерттеуді қажет етіп отыр.
Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды жақсарту, оқушылар арасында құқыққа қарсы пиғылдар туралы ақпарат алуды арттыру мақсатында республикада 2000 жылдан бастап ІІМ-нің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өңірлерде білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторларының штаттық лауазымдары енгізілді.
Бүгінгі күні еліміздің 14 өңірінде бес жүзден аса мектеп полиция инспекторы жұмыс істейді. Осының арқасында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторларының жеке алдын алу жұмысының жанданғаны байқалады.
Нәтижесінде соңғы үш жылдың ішінде елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың төмендеуінің бір қалыпты үрдісі байқалады, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ол 4, 6% (4897-ден 4670-ке дейін) қысқарған. Жасөспірімдер кісі өлтіру (-18, 9%), денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-25, 0%), зорлау (-38, 3%), қарақшылық шабуыл жасау (-10, 6%) және бөтеннің мүлкін ұрлау (-4, 7%) қылмыстарын аз жасаған [2] .
Сонымен қатар, ІІМ білім беру ұйымдарында оқитын кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелердің қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 372 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру туралы» ережені әзірледі. Бұйрық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісілді.
Ережеге сәйкес мектеп полиция инспекторы оқу орнындағы криминогендік жағдай ескеріле отырып, білім беру ұйымдарында бекітіледі. Мектептегі криминогендік жағдайдың күрделілігі мен оқушылардың санына байланысты екі білім беру ұйымына бір мектеп полиция инспекторы бекітілуі мүмкін.
Осы Ереже мектеп полиция инспекторлары қызметінің құқықтық негізін, жұмыстың нысандары мен әдістерін, білім беру ұйымыдарымен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Білім беру ұйымдарына бекітілген кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының заңдарды нақты және бірыңғай орындауын қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мен кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартумен күрес барысында отандық және шетелдік тәжірибенің жалпы мәселелерін зерттеу мен сараптаумен қатар, қылмыстық - құқықтық сипаттағы ғылыми негізделген ұсыныстар, тұжырымдамалар жасаудың қажеттілігі де осы кезде туындап отыр.
Айтып өту қажет, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығында аталған мәселеге қатысты Л. Сатыбалды қылмыстық - құқықтық зерттеулер жүргізген, алайда статистикалық мәліметтер аталған қылмыс түрімен күресудің жаңа әдістері мен жолдарына байланысты жаңа тұжырымдарды қажет етіп отыр.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық - құқықтық мәселелері бұрынғы ССРО - ның Е. А. Худякова, А. А. Примаченко, А. А. Расулева, К. К. Кусниденова, М. И. Блум, Е. И. Харшак және тағы басқа ғалымдарының еңбектерінің арқауы болды. Алайда ескере кетер жайт, аталған ғалымдардың зерттеулері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі қабылданға дейінгі одақ заңнамасы негізінде жүзеге асырылған.
Аталған тақырыпты зерттеу барысында аталған ғылыми әдебиеттерден басқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы; Ішкі Істер министрлігінің кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартуға байланысты соңғы бес жылдағы статистикасы мен оның мәліметтері, нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі мен қылмыстық іс-жүргізу кодексі, қылмыстық істер пайдаланылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі аталған қылмыс құрамдарынының Ерекше бөлім құрылымында алатын орындары мен жекелеген аспектілерін бағалауға қатысты өзгерістер енгізіп отыр. Дәлірек айтсақ, кәмелетке толмағандар мен отбасыға қарсы қылмыс құрамдары ретінде қылмыстық заң келесі қылмыс құрамдарын бөлек қарастырады:
- кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекеттерді жасауға он сегіз жасқа толған адамның, ата - анасының, педагогтың немесе оларды тәрбиелеу міндеті заңмен жүктелген адамның тартуы;
- кәмелетке толмағандарды өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту ( спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, есірткілік немесе жүйкеге әсер ететін заттаррды медициналық емес тұрғыдан тұтынуға, жезөкшелікпен айналысуға, қайыршылықпен немесе қаңғыбастықпен айналысуға тарту) .
Жаңа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қабылдануымен аталған қылмыс құрамдарының жаңа нысандарын қарастырудың қажеттілігі туындап отыр. Қылмыстық заңнамадағы қылмыстық - құқықтық түсініктер мен институттарды материализациялаумен байланысты жаңа тенденциялар байқалуда. Қоғамға қауіпті әрекет пен оның жасалуына әсер етуші жағдайлардың арасындағы байланысты сараптау үлкен маңызға ие. Осыған байланысты кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту құрамын зерттеу тек қана сот практикасы мысалдары мен нормативті материалдарын зерттеумен шектеліп қана қоймай, аталған қылмыс құрамдарының жасалуының объективті заңдылықтарын зерттеуге де бағытталуы қажет [3] .
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту психологиялық күрделі құбылыс, оның негізінде жасы үлкендердің кәмелетке толмағандарға жағымсыз әсер етуі жатыр. Оның нәтижесінде кәмелетке толмағандар тұлғасы физикалық, психологиялық, рухани, әлеуметтік тұрғыдан жағымсыз өзгерістерге ұшырайды, олардың қалыпты дамуына қауіп төнеді. Әсіресе, спиртік өнімдерді, есірткілік және жүйкеге әсер ететін заттарды пайдалану өте қауіпті, өйткені, жасөспірім кезеңде моральдық құндылықтарды, әлеуметтік принциптерді меңгеру жүзеге асырылады. Үлкендер тарапынан болатын жағымсыз әсерлер олардың санасында жағымсыз әлеуметтік құндылықтардың қалыптасуына әкеледі .
«Сондықтан кәмелетке толмағандардың әлеуметтік жағымсыз мінез - құлықтары келесі өзара байланысты мәселелермен байланысты: біріншіден, сыртқы әлеуметтік ортамен, екіншіден, сыртқы ортаға деген көзқарасынан көрініс табатын жекетұлғалық ерекшеліктеріне байланысты [4] .
Кәмелетке толмағандар арасындағы қазіргі таңдағы қылмыстылық жағдайы көңіл қуантарлық емес, Көптеген жағдайларда қылмыстылық жауаптылық пен жазалау шаралары сәйкестеліп тағайындалмауда, кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартушы тұлғалардың әрекеттері дұрыс сараланбауды, өқылмыстық заңымыздың жеке және жалпы превентивтік маңызы төмендеп отыр.
Сонымен қатар, қылмыстық құқық ғылымында аталған қылмыс құрамдарын жасаушы тұлғалардың әрекеттерін саралауға байланысты тиянақты қалыптасқан пікір кездеспейді, аталған әрекеттерді ғалымдар түрліше анықтайды, қылмыстық зардаптың туындау мезетін анықтауға байланысты қарама - қайшылықты пікірлер қалыптасқан.
Жоғарыда аталған жағдайлар дипломдық жұмысымды «Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың қылмыстық - құқықтық мәселелері» деп таңдауыма әсер етті.
Дипломдық зерттеудің мақсаты болып кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту құрамдарын қылмыстық - құқықтық сараптау табылады. Сонымен қатар, қылмыстық заңнама нормаларын жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдамалар жасау мақсат ретінде алдыға қойылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі міндеттер тұрды:
- кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартуды заңнамаға сәйкес анықтау;
- аталған қылмыс құрамдарының элементтерін нақтылау;
- сот - тергеу органдары қызметтерін зерттеу;
- аталған қылмыс құрамдарын саралау барысында кездесетін көкейтесті мәселелерді анықтап, заңнаманы жетілдіруге байланысты ұсыныстар әзірлеу.
Дипломдық жұмыс кіріспе, төрт бөлімді қамтитын үлкен әрі негізгі үш тараудан, сонымен қатар, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі, қорсымша мәліметтерден тұрады.
1 - тарау. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту туралы қылмыстық заңнаманың даму тарихы.
ХІХ және ХХ ғасырларда кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық аса жоғары көрсеткішпен өсуі байқалды. Сол кезде әрекет еткен қылмыстылықпен күресу мен жеке тұлғаны қорғаудың қылмыстық - құқықтық құралдары тиімсіз деп бағаланып, кәмелетке толмағандарға қатысты реттеу құралдары «жаңа қылмыстарды жасаудың қайнар көздері» деп танылды [5, 118б. ] .
Кеңестер билігінің алғашқы декреттері ескі қылмыстық заңдардың күшін жоюға бағытталды. Кеңес өкіметі «Балалар үшін сот пен түрмелер жоқ» деген бағытты ұстанып, 1918 жылы 14 қаңтарда кәмелетке толмағандар істері бойынша комиссияны құруға бағытталған декретінде көрініс тапты.
Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, Кеңес одағының билік етуінің алғашқы жылдары кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартуға бағытталған заң актілері шығарыла бастады.
1920 жылы 4 наурызда Халық комиссариатының «Қоғамға қауіпті істерге айыпталған кәмелетке толмағандардың істері туралы» Декреті қабылданды. Аталған декрет негізінде сол жылы « Кәмелетке толмағандар істері бойынша комиссияларға Нұсқаулық» қабылданды, ол комиссияларды кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартқаны үшін, олармен қылмыс жасауға бірге қатысқаны үшін, жеңгетайлық, жезөкшелік пен жыныстық сипаттағы зорлағаны үшін, олардың еңбегін пайдаланғаны, қатаң қарағаны үшін жасы үлкендерді соттық жауаптылыққа тартуды міндеттеді.
1922 жылғы РСФСР қылмыстық кодексі кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту құрамы қарастырылмады, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту әйелдерді жезөкшелік үшін сату құрамы ретінде сараланды (ҚК 171 бабының 2 - бөлігі) .
1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексі кәмелетке толмағандарды қайыршылықпен айналысуға тарту үшін жауаптылықты қарастырды ( ҚК 158 - бабының 2- бөлігі) . Ал кәмелетке толмағандарды кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту жалпы негіздерде қылмысқа қатысу ретінде сараланды.
Жоғарыда аталған заңдарға негізделе отырып, КСРО мемлекеттері қылмыстық заңдары кәмелетке толмағандарға арналған арнайы нормаларды қарастырды. Дәлірек айтсақ, ҚазССР территориясында ұзақ жылдар бойы әрекет еткен РСФСР Қылмыстық кодексінің 73 - бабы кәмелетке толмағандарға байланысты келесі әрекеттерді қылмыс ретінде танып, қылмыстық жауаптылық шараларын бекітті:
- кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға айдап салу;
- кәмелетке толмағандарды қылмыстарды жасауға қатысуға тарту;
- кәмелетке толмағандарды алып - сатумен, жезөкшелікпен айналысуға қайыршылықпен айналысуға және өзге де істермен айналысуға көндіру.
Аталған әрекеттер үшін қылмыстық заң 3 жылдан кем емес мерзімге түрмеге қамау түріндегі жазалау шарасын тағайындады.
Аталған мәселе бойынша кеңестік қылмыстық заңның дамуының ерекше кезеңі ретінде 1935 жылы 7 сәуірде КСРО Орталық атқару комитеті мен Кеңестік халық комиссариатының «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күресу шаралары туралы» Қаулысының қабылдануын айтуға болады. Қаулының 2 бабында «Кәмелетке толмағандарды түрлі қылмыстарды жасауға қатысуға тартқан немесе айдап салған, кәмелетке толмағанды алып - сатумен, жезөкшелікпен, қайыршылықпен және т. б істермен айналысуға көндірген тұлғалар 5 жылдан кем емес түрмеге қамау жазасымен жазалансын» делінген [6] .
1929 жылы Қылмыстық заң бойынша қылмыс жасағаны үшін жауаптылыққа тартылу жасы болып 14 жас бекітілді, аталған жасқа келуімен кәмелетке толмағандар қылмыс субъектісі ретінде танылды. Осы жас қылмыс субъектісін сипаттайтын белгі ретінде өзгеріссіз 1935 жылға дейін әрекет етті. 1935 жылы 7 сәуірде КСРО Орталық атқару комитеті мен Кеңестік халық комиссариатының «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықпен күресу шаралары туралы» Қаулысының қабылдануымен кәмелетке толмағандардың қылмыстарымен күресудегі жаңа кезектегі кезеңі басталды.
Сонымен қатар, аталған қаулының қабылдануымен кәмелетке толмағандарды түрлі қылмыстарды жасауға қатысуға тартқан немесе айдап салған, кәмелетке толмағанды алып - сатумен, жезөкшелікпен, қайыршылықпен және т. б істермен айналысуға көндірген тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы қатаңдатылды.
Осылайша жаңа заң «кәмелетке толмағандардың жазаланбаушыылғын пайдаланып, оларды қылмыс қаруы ретінде пайдаланып қылмыс жасайтын, өздері жауаптылықтан тыс қалатын қылмыскерлерге қарсы бағытталды» [7, 260б. ]
1935 жылы 31 мамырда Халық Комиссарлары Кеңесі мен Бүкілодақтық Комунистер Партиясы (большевиктер) Орталық Комитетінің « Балалардың қараусыз және қамқорсыз қалуын жою туралы» Қаулысы қабылданды. Қаулыда одақтық республикаларға жетім балаларды қаңғыбастықпен айналысуына жол беретін қамқоршылардың қылмыстық жауаптылығын бекітуді міндеттеді. Осы қаулыға сәйкес РСФСР Қылмыстық кодексіне 158 бабы енгізілді.
1959 жылғы Қаз ССР Қылмыстық кодексі, 1960 - 1962 жылдар аралығындағы КСРО одақтық республикаларының қылмыстық кодекстерінде кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту сияқты қылмыс құрамдары ҚазССР 201 бабында жеке қарастырылды.
1960 - 1970 жылдары аралығында ҚазССР қылмыстық кодексіне кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартуға байланысты қылмыстық жауаптылықты бекітетін толықтырулар мен өзгертулер енгізілді (201-1, 201-2, 201-3 баптар) .
Өзбек ССР Қылмыстық кодексіндегі 128 бапқа сәйкес кәмелетке толмағанды қоғамға және олардың өздеріне зиянды өзге де әрекеттерді жасау әрекеті үшін, Грузин ССР Қылмыстық кодексі кәмелетке толмағанды қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға көндіру әрекеті үшін қылмыстық жауаптылық бекітті.
Молдаван ССР Қылмыстық кодекі (224 - бап) бұзықтық жасауға тарту әрекеті үшін қылмыстық жауаптылық пен жазалау шарасын қарастырды.
РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесі мен Бүкілодақтық Комунистер Партиясы (большевиктер) Орталық Комитетінің декреттері ішінде 1920 жылғы 29 қаңтарда қабылданған «Жалпы еңбектік бағынушылық тәртібі туралы» декретіне ерекше көңіл аударуға болады, онда қоғамдық пайдалы еңбекпен айналыспайтын, еңбектік бағыныштан жалтаратын, аталған мақсаттарда жалған құжаттарды дайындау мен пайдалануға бағытталған әрекеттерді жасау үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтар бекітілді.
Жаңа экономикалық саясатқа өту кезеңінде тауар - ақшалық қатынастардың, шаруашылық есеп жүргізудің, жеке материалдық мүдделіліктің маңызы өсе бастады. Бейбіт шаруашылық жүргізудің енуі құқықтық саясаттың өзгеруіне, сонымен қатар, қоғамдық қауіпті еңбек етуден жалтарған тұлғаларға қатысты өзгертулердің пайда болуына әкелді. Олар қабылданған Қылмыстық заңдарда көрініс тапты.
1959 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Асамблеясы қабылдаған «Бала құқықтарының Декларациясы» «Балалар туылғанға дейін және туылғаннан кейін, олардың физикалық және ойлау қабілетінің толық жетілмеуіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты, оның ішінде тиісті дәрежедегі құқықтық қорғауды қажет етеді» делінген [8, 238б. ] . Сонымен қатар, онда ата - аналарды, түрлі ерікті ұйымдарды, жергілікті билікті, ұлттық үкіметтерді балалардың құқықтарын заңдық және өзге де шаралар арқылы орындауға және тануға шақырды.
Паразиттік өмір салтын сүретін тұлғалармен күреске бағытталған қылмыстық - құқықтық сипаттағы нормалардың қалыптасуына 1970 жылдары халықаралық құқық нормаларының әсері жоғары болды. Олардың қатарына:
- 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы;
- 1975 жылғы Хельсинки келісімі;
- 1966 жылғы 16 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Асамблеясы 21 - сессиясында қабылданған азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт;
- Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт жатады.
1977 жылы КСРО жаңа Конституциясының қабылдануымен кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартумен күрес туралы заңнама айтарлықтай өзгеріске ұшырады.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту туралы қылмыстық заңнаманың тарихи аспектісін зерттеу барысында ерекше қызығушылық туғызады, себебі, қылмыстық құқықтағы аталған институт түрлі әлеуметтік аспектілерде қарастырылады, түрлі тарихи кезеңдерде дамуы мен құрылуы түрліше сипат алады.
Дипломдық жұмыстың қайнар көздері ретінде КСРО деңгейіндегі қылмыстық құқық ғалымдары К. А Асаналиев, З. А. Астемиров, З. А Андрусенко, М. М. Бабаев, М. И. Блум, Е. В. Болдырев, Н. Б. Бопаев, Ф. Гришаев, Н. И. Гуковская, Л. М. Голубева, М. А. Ефимов, А, Э. Жалинский, А. И. Игнатов, К. Е. Игошев, Н. И. Загородников, Е. Л. Каневский, Н. С. Матышевский, Г. М. Минковский, Б. С. Никифоров, К. Д. Омонов, В. С Орлов, А. П. Перминов, В. В. Румянцев, В. Гадевосян, Э. С. Тохторов, Н. И. Трофимов, Н. А. Ключинская, К. Ш. Курманов, А. С. Фролов, А. К. Щедрина, т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы ғылымында ҚР материалдары негізінде аталған мәселе Н. М. Әбдиров, Н. А. Әлимов, Т. К. Әкімжанов, К. А. Бегалиев, Л. М. Вайсберг, С. Х. Жадбаев, Е. І. Қайыржанов, К. К. Кусниденова, Ө. С. Жекебаев, Ғ. С. Мәуленов, М. С. Нәрікбаев т. б. ғалымдарының еңбектерінің арқауы болды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартуға байланысты арнайы кандидаттық диссертациялар жазылған, олар: «Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тарту» (Е. А. Худяков, Москва 1967 жыл) ; «Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартумен күрес» (А. А. Примаченко, Москва 1969 жыл) ;
Кеңес заманынынң қылмыстық құқығында кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартудың процессуалдық мәселелері де ескерусіз қалмады. Л. А. Каневский (Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекеттерді жасауға тартуды тергеу мен алдын - алу, М. 1968 жыл), Н. М. Сидорина (Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іс-әрекеттерді жасауға тартуды тергеу мен алдын - алу, Саратов 1972 жыл), А. А. Расулева (Кәмелетке толмағандарды қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы іс-әрекеттерді жасауға тартумен қылмыстық - құқықтық күресу: УзбССР материалдары негізінде. Ташкент 1960 жыл) сияқты ғалымдардың еңбектері арналды.
Кәмелетке толмағандарды маскүнемдікке тартумен күрес мәселелері К. К. Кусниденовтың аттас еңбегінде қозғалды (Кәмелетке толмағандарды маскүнемдікке тартумен қылмыстық - құқықтық күрес: Қаз ССР материалдары негізінде. Москва 1978 жыл) .
Әртүрлі тарихи кезеңдерде аталған мәселелермен немесе оның жекелеген аспектілерімен өзге де ғалымдар айналысты. Аталған тақырыпта зерттелген еңбектер қатарына келесі еңбектерді жатқызуға болады: «Арамтамақтықпен, қайыршылықпен, қаңғыбастықпен күрес» - В. И. Бубенцов, 1973 жыл; «Кеңестік қылмыстық құқық бойынша қаңғыбастық үшін жауаптылық» - В. И. Самороков, 1974 жыл.
Кеңес билігі тұсында қоғамға қарсы іс - әрекеттер қатарына жатқызылған арамтамақтық (тунеядство) мәселесімен күресуге аса қатты назар аударылды. Аталған мәселеге байланысты құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын мәселелермен қылмыстық - құқық ғылымында С. Тропин, Н. Филиппов, В. Шубин, Р. Готлиб, Л. Романов, В. Слуцкой секілді ғалымдар айналысты.
Қоғамға қарсы іс - әрекеттер қатарына жатқызылған әрекеттермен күрес тәжірибелерін зерттеуге қылмыстық - құқықтық әдебиеттерде тиісінше көңіл аударылмады. Қылмыстық - құқықтық зерттеулерге тек қана жоғарыда аталған мәселелердің жекелеген аспектілері ғана ұсынылып, олар жекелеген аймақтардың заңнамаларына негізделіп зерттелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz