Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының проблемалары
КІРІСПЕ
1 бөлім. Шағын кәсіпкерліктің теориясы
1.1 Шағын кәсіпкерлік теориясы
1.2 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық функциялары
2 бөлім. ҚР қазіргі кездегі шағын кәсіпкерліктің меселелері
2.1 Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу мәселелері туралы
2.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріндегі кедергілер
2.3 Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер тигізетін жоғарғы органдар
2.4 Шағын бизнеске салық салу
ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі- орта таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген рынок элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерінен өзінің инновациялық мінез- құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы , негізінен, шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал- ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі- шағын бизнестің дамуы болып табылыды. Нақты айтқанда жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытында төлеуде, рынокты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған екелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын бизнес шеуші фактор болып табылыды.
АҚШ- та өндірістік өнім көлемінің 76% - ы фермерлер мен іскер адамдардың үлесіне тиеді. АҚШ- та және Батыс елдерінде шағын кәсіпкерлік бірден дамып кете қойған жоқ, оларда талай қындықтарды бастан кешіріп, осындай күйге жетіп отыр. Өркениетті елдердің қайсысы болсын өздерінің әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
Шаңын кәсіпорындар санынын көбеюі меншік иелерінің өсуіне алып келеді, бұл соның ішінде Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды. Еліміздің экономикасының гүлденуі осы шағын кәсіпкерліктен бастау алады. 1997 жылы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатындар саны 500 000 ғана болса, бүгінгі күні олардың саны 912 792 адам болды. Елімізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 257 208 – ге жетіп отыр. 2000 жылдың екінші тоқсанында шағын кәсіпкерлік саласынан бюджетке 16 936 320 теңге түскен. Ол 1999 жылмен салыстыпғанда 26,4 % ға өскен.
Демек, шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық прогрестің шешуші факторы және жұмыспен қамтудың басты көзі болып отыр. Ол қоғамның экономикалық саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан, шағын бизнестің дамуы республикамыздың әлеуметтік және экономикалық өміріндегі маңызды құбылыс.

Тақырыбы: Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының
проблемалары
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 бөлім. Шағын кәсіпкерліктің теориясы
1.1 Шағын кәсіпкерлік теориясы
1.2 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық функциялары
2 бөлім. ҚР қазіргі кездегі шағын кәсіпкерліктің меселелері
2.1 Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу мәселелері туралы
2.2 Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріндегі
кедергілер
2.3 Кәсіпкерліктің дамуына кері әсер тигізетін жоғарғы органдар
2.4 Шағын бизнеске салық салу
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі- орта
таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі,
жекелеген рынок элементтерінің пайда болуы экономикалық өмірге бұрынғы
шаруашылық субъектілерінен өзінің инновациялық мінез- құлқымен
ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге
қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта
таптың қалыптасуы , негізінен, шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей
байланысты.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің
экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал- ахуалын көтеру мүмкін
емес. Соның бірі- шағын бизнестің дамуы болып табылыды. Нақты айтқанда
жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытында төлеуде, рынокты
халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын
шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған екелеген аудандарды қалпына
келтіруде осы шағын бизнес шеуші фактор болып табылыды.
АҚШ- та өндірістік өнім көлемінің 76% - ы фермерлер мен іскер
адамдардың үлесіне тиеді. АҚШ- та және Батыс елдерінде шағын кәсіпкерлік
бірден дамып кете қойған жоқ, оларда талай қындықтарды бастан кешіріп,
осындай күйге жетіп отыр. Өркениетті елдердің қайсысы болсын өздерінің
әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа
сүйейді.
Шаңын кәсіпорындар санынын көбеюі меншік иелерінің өсуіне алып келеді,
бұл соның ішінде Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды. Еліміздің
экономикасының гүлденуі осы шағын кәсіпкерліктен бастау алады. 1997 жылы
шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатындар саны 500 000 ғана болса, бүгінгі күні
олардың саны 912 792 адам болды. Елімізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
саны 257 208 – ге жетіп отыр. 2000 жылдың екінші тоқсанында шағын
кәсіпкерлік саласынан бюджетке 16 936 320 теңге түскен. Ол 1999 жылмен
салыстыпғанда 26,4 % ға өскен.
Демек, шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық прогрестің шешуші
факторы және жұмыспен қамтудың басты көзі болып отыр. Ол қоғамның
экономикалық саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Сондықтан, шағын бизнестің дамуы республикамыздың әлеуметтік және
экономикалық өміріндегі маңызды құбылыс.
Экономикасы дамыған барлық елдерде өзіне тән өркениетті ерекшелігі бар
шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетіледі. Нарықтық экономикасы дамыған
жекелеген елдерде жұмыс істейтіндердің саны жағынан, өндірістің көлемі және
тауарларды тарату жөнінен, қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің
субъектілері жетекші рөл атқарады.
Нарықтық экономикасы дамыған жекелеген елдерде шағын кәсіпкерлік
шешетін тағы бір мәселе – қызмет көрсету саласын кеңейту. Көптеген дамыған
елдерде өз бетінше жұмыс істейтіндердің 60% -дан 80%- ға дейігі бөлігі осы
салада топтасады екен. Шағын фирмалар ондаған жылдар бойы дамып келе жатқан
елдерде сыртқы шығарылатын өнімнің 50-60 %- носы кісіпкерлер құрайда екен.
БҰҰ –ның эксперт деректері бойынша, бүкіл әлемдегі халықтың 50%-ы шағын
бизнеспен айналасады екен.
Шағын кәсіпкерлікті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін
емес. Бұл нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық экономика
элементтерін енгізудің әрекеттері монополияландырылған ортаның қарсылығына
тап болуда. Монополизмге қарсы көресудің тимді жолдарының бірі- шағын
бизнесті дамыту.
Қазақстанда шағын бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.
Назарбаевтің 1997 жылы 6 наурызда қабылданған Шағын және орта бизнеске
мемелекет тарапынан қолдау көрсетуді жеелдету шаралары деген қаулыынан
басталады. Одан кейін Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы, Жеке
кәсіпкерлік туралы заңдар қабылданды. Шағын және орта бизнеске қолайлы
жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру
мақсатында Елбасы ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың
басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы жарлық шығарды. 1997 жылы
14 – қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта бизнесті
қолдау департаменті құрылды. Оның мақсаты- шағын және орта бизнеспен
айналасушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу.
Елбасымыздың айтуы бойынша , шағын және орта бизнес 1994- 1995 жылдар
аралығында елімізде жақсы дамыған. 1997 жылы жеке бизнеспен айналасушылар
саны бұрынғы жылдармен салыстыпғанда 3 есе өсіп, шаруашылық жүргізуші
нысандарының 80%- ын құраған.
Орта және шағын кәсіпкерлік- экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі
секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың
үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі
экономикасы бар елдерге де қатысты. Біздің еімізде шағын кәсіпорындардың ең
көп саны Оңтүстүк Қазақстан аймғында орналасқан. Себебі бұл - өнеркәсібі
және ауыл шаруашылығы дамыған аймақ.
Отандық кәсіпкерді мемлекет тарапынан қолдау, ішкі рынокқа жұмыс
істейтін, өзі шығарған отандық өнімдері арқылы ұлтты танымал ететін орта
таптың қалыптасуына ықпал етеді.
Қоғамды жікке бөлуден саяси дағдарыстарды қолдамайтын тұрақтандырушы
ретінде де шағын және орта бизнес өкілдерінің рөлі аса маңызды. Елбасы
ұстанып отырған стратегиялық бағытта қоғамды жаңартауға қабілетті,
экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Шағын
және орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы- олар аса үлкен
қаржыны керек етпейді. Және оларға салынған қаржының қайтарымы жылдам
болады. Шағын және орта бизнес халықтың әл- ауқатын арттырып қосымша жұмыс
орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына себебін
тигізетіні сөзсіз.
Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түріндамытуға кеңінен
жол ашылады. Соның бірі- шағын несиелендіру. Шағын несиелендіру-
кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай туғызуға және ең аз қамтамасыз етілген
азаматтардың өзін- өзі жұмыспен қамтуына бағытталған несиелендірудің бірі.
Бағдарламада мына мақсаттар белгіленген:
- еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, кірістерді көбейту, кедейшілікті
төмендету
- еңбекке қабілетті халықтың еңбекпен қамтылмаған бөлігі арасында, жеке
және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту.
Осы шағын несиелендіру ұқсата білген адамға іс тыңдыруға болатынын
дәлеледеп берген еді. Шағын несиелендіру халыққа, әсіресе ауылдағы
қарапайым халыққа нарықтық экономиканың тиімді жақтарын көрсетіп береді.
Осы тұрғыда ауыл шаруашылығын несиелендіруге қызу кіріскендердің бірі-
халықтық банк. Халықтық банк соңғы екі жылда 142 шаруашылыққа 450 млн.
теңгенің несиелерін бөлді. Сондай- ақ Цесна банк, Темір банк,
Казкомерцбанктер де кәсіпкерлерге көмек қолын созуда.
Экономикалық дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға ұшырап,
иілмелі нарық жүйесі алдында дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес
айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің
өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған
жұмысшылар жұмысқа тартылды.
Шағын бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін отандық
кәсіпкерлерді ынталандыру, оның бейнесіне көбірек көңіл бөлу және
кәсіпкерлерді қолдаудың инфрақұрылымын жандандару қажет.
Экономиканы тиісті деңгейге жігерлі, өркениетті кәсіпкерлер көтереді.
Сондықтан да еліміздің ертеңі осы кәсіпкерлер қолында.
1.1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК ТҮСІНІГІ
Кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы- кәсіпкерлік болып
табылады. Кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну негізі.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің
республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
2000 жылдың 1қаңтарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан
астам шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс
істейтіндері- 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен
қамтылғандар саны-1,4 млн. адамды құрады.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд.теңгенің өнімін өндірді
және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд.
теңге құраса, 2000 жылы- 45,9 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен
Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-
2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.Оның басты
мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын
қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау
мәселелеріндегі рөлін күшейту;
шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және
дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін
қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы бұл-әлеуметтік
аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын
көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп,жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа
халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай
өздерінің жеке қабілеттіктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған
қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай
болуына қарай өздерінің жеке ісін ашу, өзінің бизнеспен айналысуын
жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай- ақ, шағын кәсіпорындардың
дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа
өтуінде шағын кәсіпорындар жанама өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің
ажырамайтын саяси- экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден,
нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген
бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда
олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске
асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның
экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық
дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді;
үшіншіден, шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың
қызмет етуіне тиек болады.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық
актілер тізбесі:
ҚР Азаматтық кодексі. 27.12.94ж. (жалпы бөлім) 16.12.98ж. өзгерістер
енгізілген.
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы ҚР Заңы. 19.06.97ж.
№131-1 (26.07.99ж. өзгерістер енгізілген).
Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР Заңы 19.06.97ж. №135-1 (29.11.97ж.
өзгерістер енгізілген).
Жұмыстардың жеке түрлері және қызмет рыногын дамыту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. 31.03.99ж. №343
(14.02.2000ж. енгізілген).
Шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша заңдық актілерге
бірсыпыра қосымша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Заңы.29.11.99 №489-1.
Адамдар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіндегі бостандық
құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығы. 27.04.98. №3928.
Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен
қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 10.07.98.
№283-1.
Қазақстан Республикасының Агенттігінің шағын бизнесті қолдау
мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы.
26.04.98. №475.
Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының
Үкіметінің қаулысы. 08.04.97. №499.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы.Қазақстан Республикасының Президентінің
2001жылғы7 мамырдағы Жарлығы.
Нарықтық экономикадағы шағын кәсіпорын орны. Россия экономикасындағы
қазіргі заманға сай кезеңдегі құрылымды құрудың ең басты мәселесі мемлекет
иелігінен шығару және мемлекеттік монополияның мүліктерін жекешелендіру
болып табылады.
Бұл мәселелер немесе ассоциоланған, өндіріс құралдарының жалғыз ғана
иесі болып табылатын және,әрине, олармен өнім өндірілетін ұсақ, шағын, орта
кәсіпорындарды құру арқылы шешіледі. Елдің экономика сфераларында және
салаларын қоса алғанда барлығында шағын нарықтық құрылымдардың құрылуы
экономикалық үрдістердің бейбітшілік шаруашылық тенденцияларына жауап
береді.Өйткені дүние жүзіндегі елдердің барлық салалары бойынша шағын
бизнес сфераларында өте көп кіші кәсіпорындар қызмет етеді.
Қазіргі таңда Россия экономикасында біруақытта өте ірі, орта және
шағын кәсіпорындар қызмет етеді, Сонымен бірге жеке және жанұялық еңбекке
негізделген қызметтер жұзеге асырылады.
Кәсіпорындардың көлемі салалардың мамандануына, олардың технологиялық
ерекшеліктеріне, масштаб эффектісінің қызметіне байланысты болады. Сондай-
ақ капитал сыйымдалағы өте үлкен салалары бар, сонымен бірге кәсіпорынның
үлкен көлемдері талап етілмейтін, керісінше олардың шағын көлемі дұрыс деп
танылатын салаларда бар.
Қазіргі заманға сай экономикада масштабы бойынша әртүрлі өндірістерге
күрделі комбинация тән- яғни монополиялық құрылым тенденциялары бар өте
ірілері және көптеген факторлардың әсерімен құралған кіші өндіріс орындары.
Бір жағынан, ғылыми техникалық прогресстің тұрақты тенденциясы
өндіріс концентрациясы болып табылады. Әсіресе ірі фирмалар үлкен
материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарын, мамандандырылған кадрларды
қолданады. Олар маңызды технологиялық қозғалыстарды анықтайтын ірі
масштабты ғылыми- техникалық өңдеулерді жүргізуге қабілетті болып келеді.
Екінші жағынан, соңғы кездері айтарлықтай капиталды, құралдардың
үлкен көлемін және көптеген жұмысшылар кооперациясын талап етпейтін
сфераларда шағын жіне орта кәсіпкерлік болмашы ғана өсіп келеді. Шағын және
орта кәсіпорындар әсіресе ғылымды көп қажет ететін өндіріс түрлерінде өте
көп, сондай- ақ тұтынушылар тауарын өндірумен байланысты салаларда да өте
көп.
Өз кезегінде шағын және орта кәсіпорындардың дамуы экономиканың
тірілуі үшін жағымды шарттар құрады: бәсекелес орта құрылады; қосымша жұмыс
құрылады; құрылымдық қайта құру белсендірек жүргізіледі; тұтынушылық сектор
кеңейеді.
Шағын кәсіпорындардың дамуы рынокты тауарлар мен қызмет көрсетулермен
байытады, экспорттың потенциялдық көтерілуіне, жергілікті шикізат
ресурстарын жақсы қолдануға әкеледі.
Шағын кәсіпорындардың әртүрлі елдерде жұмыс істеу тәжірибелері. Шағын
кәсіпорындар бүкіл дүние жүзінде маңызды роль ойнайды. Соңғы бірнеше
жылдарда Батыс Еуропада, АҚШ- та және Жапонияда көп санды шағын және орта
кәсіпорындардың жиынтығы ретінде шағын бизнестер үлкен мәнге ие бола
бастады. Олардың негізгі салмағы- бұл 20 адамнан артық жұмысшылар жоқ өте
шағын кәсіпорындар. Шағын кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарының 32 өсуін
қамтамасыз етеді, сөйтіп ол бұл елдерде жұмыссыздықты айтарлықтай
қысқартады.
Шағын кәсіпкерлік тек қана тұтынушылық сферада ғана тиімді емес, ол
сонымен бірге шағын механизмдер, жартылай фабрикаттар және соңғы өнімді
өндіруге қажетті басқа да элементтерді өндіруші ретінде тиімді болып
келеді. Осының барлығы қоғам экономикасында шағын кәсіпкерліктің рөлімен
орнын анықтауға кешенді әдістің қажеттілігін көрсетеді.
Шағын кәсіпкерлікте Ресейдің қызметіне де қоюға болатын үлкен босалқы
қорлар жасырылып жатыр. Мысалы, АҚШ – тың шағын және орта фирмалары Жалпы
Ұлттық Өнімнің 40% және жалпы ұлттың жеке секторлардың тең жартысын
өндіреді, оның ішінде: өңдеуші шаруашылықта-21%, құрылыста- 80, көтерме
саудада- 86, қызмет теу сферасында- 81%. Бұл кәсіпорындарда
жұмысбастылардың тең жартысы қамтылған.
Соңғы жылдары Еуропа елдерде капиталды орталықтандыру және
концентрация тездете түсті, мысалы, Бельгияның сталь шаруашылығында,
Испанияның мұнай концерндерінде, Дания мен Голландияның АПК- ларында,
сондай- ақ сталь концерндерінде, формацевтикада, Швецияның ағаш өңдеуінде
және Швецарияның сағаттық шарушылығында.
Капиталды орталықтандыру мен концентрацияның басты ерекшелігі ұсақ
және шағын фирмалардың күйреуі шағын бизнестің жоғалуына әкелген жоқ. Ол
өзінің өміршеңдігін, қайтадан құруға қабілеттілігін көрсетті және сонымен
бір уақытта өзіне ірі концерндердің тарапынан қызығушылықтар тудырды.
Күйреуге ұшыраған ұсақ фирмалардың орнын жаңалары алады, сондықтан қайта
өндіру жүреді. Айта кететін бір жәйт, тоқырау жылдарында шағын бизнесте
жұмысбастылық азайған жоқ.
Шағын кәсіпорындар барлық дамыған елдерде қолдауға ие. Бұл қызмет тең
дәрежеде елдің экономикасына толығымен байланысты болғандықтан, әрбір
азаматқада пайдасы зор, сондықтан мемлекеттік мойындауға және қолдауға ие
болды.
Шағын кәсіпорындар қоғамдық өндіріс үрдісіне қосымша еңбек қосады,
бұл жаңа құндылықтар құрып, Ұлттық табыс пен Ұлттық байлықты арттырады.
Шағын бизнестің формалары франчайзинг, венчурлық кәсіпкерлік жүйелері
болды.
Франчайзинг- ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқ алу
үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау
үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар
жүйесі.Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал- жабдықтарды
сатып алуға, несие алуға көмек түрлерінде жеңілдіктер бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып
қалыптасады. Мұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі
корпорациялардан сауда запасын, несие алады және олардың қамқорлығына
енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай- ақ
өз қамқорындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма- ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын
коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды.
Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі
шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты күйіп кетуге
тәуекел етеді.
Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек
екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып
табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні
венчурлық фирма Қазақстанда құрылып жұмыс істей бастады.
Нарықта кәсіпорындардың қандай қызмет түрін және қандай өзін- өзі
ұстау бағдарламасын таңдауына байланысты. Батыс елдердің экономикада шағын
кәсіпорындардың келесідей түрлері болып көрсетіледі: коммунанттар,
патиенттер, эксплеренттер.
Коммунанттар. Осы топтың шағын кәсіпорындары, шарт бойынша, жекелеген
құралдар мен бөлшектерді дайындау мен маманданады, кейде аралық жинақтармен
жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорындар өте ірі кәсіпорындармен кооперациялық
байланыстар арқылы бір- бірімен тығыз байланысты.
Бұл кәсіпорындардың көмегімен ірі өндірістер оған тиімді емес көмекші
өндірістерден құрылады. Бұл топтың шағын кәсіпорындары ірілеріне өте
тәуелді болады да, өздерінің аралығында қатаң бәсекелестік күрес жүргізеді.
Патиенттер. Бұл топтың кәсіпорындары негізінен шектелген
сұраныстармен локальды рынокқа жергілікті шикізат көздерімен материалдарына
бағытталған соңғы өнімді шығаруға маманданған.
Бұл азық- түлік, киім, аяқ- киім, ұсақ құрылыс жұмыстарының
өндірістері. Олар айтарлықтай дәрежеде ірілеріне тәуелсіз, кейде
өндірілетін өнімнің жоғары сапалылығына байланысты ірі кәсіпорындарға
шикізаттық бәсеке құра алады.
Эксплеренттер. Бұл топтың кәсіпорындары- былайша айтқанда тәуекелшіл
фирмалар немесе инновациялық кәсіпорындар, негізінен ғылыми, конструкторлық
өңдеулермен, техникалық ашылулардың коммерциялық құрылымы мен, тәжірибелік
тауар партияларын өндірулермен айналысады.
1.2 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Шағын бизнес шаруашылық қызметтің ерекше әдісі ретінде шаруашылық
формаларының көптүрлілігін стимулдауға қабылдаған, айтарлықтай дәрежеде
ішкі шаруашылық дамуды күшейтуге, халықаралық еңбек бөлінісімен айырбасында
Қазақстанның мүлкін салыстырмалы түрде жүзеге асыруға және халықтың
жұмысбастылығын кеңейтуге арналған.
Кәсіпкерлік әлемдәк қоғамдық дамудың барлық кезеңдеріне тән. Ж.Б.Сей
өзінің Саяси экономия трактатында кәсіпкерді өзінің есебі үшін күресетін
және өзінің пайдасына қандайда бір өнім түсіруге тәуекелділік жасайтын
тұлға ретінде сипаттайды. Сөйтіп ол кәсіпкерлікте тәуекелділік факторын
бөліп көрсетті, ал кәсіпкерді өзінің табысын алуға тәуекелділік жасайтын
адам ретінде көрсетті. Кәсіпкерлікті жүзеге асырудың қажетті шарттары
ретінде адамның білімдерін, өндіріс факторларын қызметке келтіруді
есептеді.
Нәтижесінде кәсіпкерлік ұйым ретінде сипатталады. Маршалл бойынша
оның ерекшелігі мақсаттың құрылуынан, шығармашылық үрдіс ретінде оның
функцияларының жүзеге асырылуымен түсіндіріледі.
И.Шумпетер кәсіпкерлікті ғылыми- техникалық және қоғамдық прогресстің
двигательі ретінде қарастыра отырып, капитализмнің адамдық факторы
ретінде зерттеді. Капитализмнің орталық фигурасы ретінде кәсіпкерді
есептеді.Кәсіпкерлікті технологияның дамуымен, жаңалықтармен және
экономикалық өсімімен байланыстырды.
Кәсіпкерлік қызмет шығармашылық сипатқа ие, мұнда кәсіпкер жеке тұлға
ретінде өзіндік қасиеттердің болуы қажет: инициативалық, тәуекелділікке бел
буушылық, бизнестің экономикалық заңдарын және принциптеріне ие болу.
Мыныдый қорытынды жасауға болады, кәсіпкерлер идеяларды іздейді, оларға
қазіргі заманға сай әсер етіп және оларды табысқа қол жеткізу қайнар көзі
және экономикалық пайданы арттырушы ретінде қолданады.
Классикалық нарықтық кәсіпкерлік ынталандыруы институционалдық
формалар мен қамтамасыз етіледі: экономикалық және аналитикалық билікті
бөлу, келісім- шарттар мен кепілдіктермен; әлеуметтік мәдениеттік және
этикалық дәстүрлер байланысымен; азаматтық еркіндіктің демократиялық
идеяларының бірігуімен.
Шағын кәсіпкерлікте кәсіпкерлер функциясының және басқарудың
интеграциясы басқармашылық кәсіпкерлікте жүзеге асырылады.
Дамыған елдерде шағын өндірістің өлшемдік құрылымы әр түрлі
деңгейлермен берілген. Жапонияда жеке кәсіпорындардың жеті тобы берілген.
Фирманы 3 фактор негізінде шағын және орта бизнеске жатқызу критериясы
Ұлыбританияның заңдарында өңделген: мұнда жұмысбастылардың санына
байланысты баланыс құрылымы және жылдық айналым бағаланады.
Жапонияның шағын және орта кәсіпорындарына 10- нан 100 млн иенға
дейінгі капиталы бар компанияларды жатқызады. Ал АҚШ- та шағын бизнес
кәсіпорынның жылдық көлемі бойынша анықталады.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес шағын кәсіпорындар жұмысбастылардың
ортажылдық санымен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға болып
табылады.
Шағын кәсіпкерлік шаруашылық бірліктерінің ерекшеліктеріне мыналар
жатады.
1) жекеменшік иесінің басқаруға қатысуы;
2) өндірістік және үй шаруашылық қызметінің барлық облысындағы жоғары
икемділік;
3) ішкі ресурстар негізінде өзінің дамуын бағыттау;
Өте сақтайтын бір жайт, шағын бизнестердің ликвидациясы тоқырауға
ұшырады деген сөз емес. Осы жерден шағын кәсіпкерліктің дамуының негізгі
бағыттарын көрсетуге болады:
1) қызмет масштабының консервациясы;
2) іскерлік белсенділіктің ақыры кеңеюі;
3) тез экспонсия және оның орта және ірі компанияларға ауысуы;
xx ғасырдың 70- жылынан бастап реформалаудың инициативасы және
шаруашылық нәтижелігінің көтерілуі ірі фирмалардан шағын фирмаларға ауысып
келе жатыр.
Бұл үрдістің негізінде қазіргі заманға сай МГР сипатының принципиальды
өзгеруі жатыр. Экономика үшін соңғы сипат үшін өндірістің
индивидуализациясымен байланысты одан әрі қарай дамуы, нақты тұтынушыға
бағыт алу.
Электроника, мехатроника, материалдық кіріспе осы облыста бір уақытта
соңғы жетістіктер шағын кәсіпорынның өндірістік базасының радикальды қайта
құрылуына әсер етті. Шарушылық роботтарының пайда болуы және кең таралуы,
икемді өңдейтін кешендердің, автоматты жоспарлау жүйесінің және өнімді
өндірудің, қазіргі заманға сай өңдеу құралдарының және ақпараттарды
жіберудің пайда болуы кіші фирмаларға кішімасштабты өндіріс шығындарын
төмендетуге, дайындалатын тауарлардың сапасын арттыруға, тұтынушылардың
сұраныстарын толығымен және өз уақытында есептеуге мүмкіндік береді.
Шағын кәсіпкерлік мынандай бөлімдерге бөлінеді:
дәстүрлі түрдегі шағын фирмалар ( жанұялық фирмалар, микро
кәсіпорын, кіші зауыттар, сервистік компаниялар және т.б.)
әскери кемеде қажеттіліктің 30 пайызын жабатын өте кіші норвегиялық
компания сияқты өз облысындағы мини монополистер.
тәуекелшілді шағын кәсіпорындар.
Соңғы 20-25 жыл ішінде қазіргі заманға сай нарықтық экономикадағы
шағын кәсіпкерліктің рөлі принципиальді түрде өзгеруі байқалады.
Құндылықты арттыру бойынша серіктестік деп аталатын неғұрлым кең және
нәтижелі дамып келе жатыр. Бұл тәуелсіз өндірушілер арасындағы кооперация
мен қызметтестік қатынастарын сипаттайды. Мұндай кооперацияларға мысал
ретінде негізгі индустриалды елдердің шаруашылықтарындағы субконтрактацияны
келтіруге болады.
Шағын кәсіпорынның кооперациясының дамуы тек қана шаруашылыққа қана
емес, сондай- ақ саудаға, қызмет көрсету сферасына, құрылысқа да әсер
етті.Оларда материалдық емес факторлардың рөлі артып келеді, ең бірінші
кезекте фирмалардың марка күштері.
Сөйтіп, қазіргі уақытта НТР даму кезеңінде шағын кәсіпорындардың өсуі
мен модернизациясы үшін жағымды нарықтық және технологиялық шарттар дамып
келе жатыр. Айтарлықтай көлемде шағын кәсіпорын өздерінің өндірістік
қызметін сыртқы нарыққа бағыттайды. Сөйтіп, батысеуропалық шағын
кәсіпорынның шетелге өндірген өнім үлесі 20 пайыздан 47 пайызға дейін, АҚШ
пен Жапонияның машина құрау салаларында бұл үлес 30 пайыз және 40 пайызды
құрайды.
Әлемдік нарықта шағын кәсіпорындардың болуы өндірістің қазіргі заманға
сай технологиясын дамытуға, шетелдік фирмалар мен әртүрлі іскерлік
фирмаларына түсуге, шетелдік капиталды тартуға мүмкіндік береді. Шағын
кәсіпорынның жоғары ғылыми- өндірістік потенциялымен байланысты. Шағын
фирмалардың үлгеруші бөлігі өздерінің өндірген барлық тауарларының 5-10
пайызын әлемдік нарыққа шағарады. Шағын бизнестің осындай жолмен дамуы оның
өндірісін қазіргі заманғы техникалық деңгейде қолдауға, тек қана сыртқы
ғана емес, сондай- ақ ішкі нарыққа да өнімдердің сапасын арттыруға, ұсақ
кәсіпкерлікті маңызды, тез дамитын экономика секторына айналдыруға
қабілетті.
Шағын бизнес кәсіпорындарының халықаралық айырбасқа кеңінен қатысуы
сала ішіндегі және сала аралық специализация деңгейінде халықаралық еңбек
бөлінісіндегі қатысу үрдісін белсендіреді.
Бүгінгі күні шағын фирмаларсыз ғылыми- техникалық қарым- қатынастардың
халықаралық даму үрдісін көз алдымызға елестету мүмкін емес.
Көмтеген шағын компаниялар шет елдерде өндірістік, сауда- саттық
бөлімшелер ашуға тырысады. Шағын бизнес жергңлңктң серіктестіктермен
біріккен кәсіпорындарды қайта құру сияқты өндірістік коммерциялық
тәуекелділікті төмендету әдісі де кеңінен қолданылады. Осындай
байланыстардың нәтижесінде ұлттық экономикада шетелдіктердің меншік үлесі
артады.
Шағын кәсіпорынның ішкі сауда қызметін дамытуда маңызды орынды
мемлекеттің әсер етуі оның белсенді саясаты алады. Мемлекетті сыртқы
сауданың кеңеюі қызықтырады, әсіресе бұл ұсақ фирмалардың есебінен. АҚШ- ғы
АМБ- да ұсақ фирмалардың сыртқы сауда қызметін дамытуға көмектесетін арнайы
бөлімдер құрылған. Ол сауда министрлігімен, саудалық палатамен, экспорттық-
импорттық ұйымдармен және басқа да ұйымдармен байланысты.
Сонымен қатар, АҚШ- та сыртқы экономикалық байланыстардың дамуымен
айналысатын америкалық фирмалар қажеттіліктерінің спецификасы есебінен
құрылған мемлекеттік ұйымдардың бірқатары қызмет етеді.
Сонымен, шағын кәсіпорын табысты қызметінің қажетті элементі сыртқы
рынокқа шығу болып табылады. БҰҰ эксперттерінің бағалауы бойынша, 80-
жылдардың ортасында транс Ұлттық корпорациялардың саны 10 мыңға жетті,
мұнда жұмысшылар саны 200 адамнан аспайтын және 40-50 пайызы компанияларға
шоғырланған болатын. Ал 1999 жылы дүние жүзінде ТҰК- ның саны 55 мыңға
жетті және олардың әрқайсысының 100-120 филиалы болды. Сәйкесінше, дамыған
елдерде минимум 130-150 мың үлкен емес компаниялар сыртқы сауда қызметін
жүргізеді.
Голландия, Бельгия, Германия, Япония сияқты елдерде бұл бір жылдары
35-40 пайызға жетті. Америкалық статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, 60
жылдардың соңында АҚШ- та 19 мыңға жуық экспорттайтын компаниялар
тіркелген, 10 жыл өткеннен кейін- 25- 30 мың, 80 жылдардың екінші
жартысында 40– 45 мыңға жетті. 1993 жылы тауарлы өнімдердің экспорттаушы
компаниялар – саны АҚШ- та 85-90 мыңға жетті. 10 мыңға жуық компаниялар
әлемдік нарыққа және басқа елдерге шығады. Жапонияда шағын бизнестің
үлесі70- жылдары 32 пайыздан, 1992 жылы 39 пайызға дейін өсті.
Шағын бизнестің жасанды шуағы оның халықаралық нарыққа шығуымен
байланысты, мұнда шағын кәсіпкерлік үшін принципиальды жаңа мүмкіндіктер
ашылды. Сондықтан шағын кәсіпкерліктің сыртқы нарыққа шығу тәжірибесі шағын
кәсіпкерлік құрудың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Шағын бизнестің транкнационализациясы ірі және күшті ТҰК- дан кейін
әлемдік нарық бәсекесіне шағын және орта кәсіпорындарда кіретін әлемдік
экономикадағы интернационализацияға соңғы нүктесін қояды.
Шағын кәсіпорын өздерінің қызметтерін барлық сфераларда және халық
шаруашылық салаларында қызметінің бір түрін немесе бірнеше түрін орындай
отырып жүзеге асырылады. Шағын кәсіпорындар өздерінің шаруашылық
қызметтерін жүзеге асыруда, өндірілетін өнімге, пайдаға, салықтарды
төлегеннен кейін қалған ақша көздеріне және басқада міндетті төлемдерге,
оның жарлықтары бойынша басқадай қарастырылмаса өзіндік тұрақтылығына ие.
Барлық кәсіпорын түрлерінде қаржылық шешімдердің негізгі көрсеткіші-
пайда болып табылады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басты кезеңі-
жоспарлау болып табылады. Шағын кәсіпорын өзінің қызметін жеке жоспарлайды
және өндірілген өнімге сұраныстан бастай отырып кәсіпорынды өндірістік және
әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудің қажеттілігімен қызметін, олардың
жұмысшыларының жеке табыстарының даму перспективаларын анықтайды. Жоспардың
негізін келісім- шарттар, өндірісті тұтынушылармен жеке құрылған келісім-
шарттар, жұмыс, қызмет көрсету, сонымен қатар, шикізатты, материалдарды
жеткізушілермен келісім- шарттар жатады. Келісім- шарттар сәйкес келетін
мемлекеттік органдармен құрыла алады.
Кәсіпорындардың оның ұйымдық- құқықтық формаларына қатысты қаржылық
ресурстарын құрудың қайнар көздері пайда, амортизациялық аударымдар, бағалы
қағаздарды сатудан түскен қаражаттар, еңбектік коллектив мүшелерінің пайлық
және басқа да кірістері, сондай- ақ заңға қайшы келмейтін несиелер және
басқа да түсімдер.
Ақшалай қаражаттарды сақтау үшін және барлық есептік, несиелік
операцияларды жүзеге асыру үшін кәсіпорын кез келген банкте есептесетін
және т.б. есептерді ашады. Банк және оның бөлімшесі кәсіпорынды тіркеу
орындарына байланысты кәсіпорынның талабы бойынша есеп айырысу счетін ашуға
міндетті.
2.1 Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелу мәселелері туралы.
Шағын кәсіпкерік өзінің даму барысында көптеген қиындықтармен
кездеседі. Ең бірінші келелі мәселелердің бірі- қаржы ресурстардың
жетіспеушілігі. Кез- келген кәсіпкер өзінің ісін бастау үшін қормен
қамтамасыз етілуі керек. Мемлекеттік бюджет барлық кәсіпкерлік істің қайнар
көзі болып табылмайды. Мемлекеттік несиеге сүйенуіміз мүмкін, бірақ
елімізде нисиемен қаматамасыз етілу өте қиын. Қазақстан Республикасы
шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Мемлекеттік
саясатқа сәйкес анықталған, белгілі бір жұмыстар жүргізіледі, осы жұмыстар
жүргізілу ағымында арнайы заңдық база құрылады, мысалы, Шағын
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдылық және аймақтық бағдарламалары
туралы және Шағын кәсіпкерлікті дамытудың белсенділігі мен мемлекеттік
қолдаудың шаралары туралы ҚР Президентінің жарлықтары 6 наурыз 1997 жылғы,
№ 3398 (29 тамыз 2002 жылы, № 936 ҚР Президентінің жарлылығымен өзгертулер
мен толықтырулар енгізілген).
Кәсіпкерлерді қаржылық қолдау мақсатында шағын бизнес субъектілерін
тек қана коммерциялық шарттарда ғана емес, сондай ақ қалалық бюджет
қаржыларынан несиелендіру бойынша жұмысты белсендіру үшін шаралар
қолданылуда. Әсіресе бұл Алматы қаласында екінші деңгейдегі банктың
таңдамасы бойынша жүргізілген тендір негізінде жүзеге асырылуда.
Нәтижесінде, Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры қалалық бюджет қаражатынан
несиелік ресурс алу құқығына ие болды. Бұл, ең алдымен, осы қаржылық
органдарға жүргізілетін банктық процедуралар таза тегін жүргізілетіндігімен
байланысты. 2002 жылғы 1 қаңтардағы Алматы қаласының шағын бизнес
Департаментінің жағдайы бойынша қалалық бюджеттен 28 проект 46732 млн теңге
сомасында несие алған, және мұнда қосымша 327 жұмыс орны ашылған Бизнесті
одан әрі дамыту мақсатында 2001 жылдың 5 ші желтоқсанында инвестиция
Комитетінің бірігуімен Инвестициялады тартуға аймақтардың қатысуы туралы
семинар жүргізілді. Бұл семинарды жүргізудің мақсаты мемлекеттік
қызметкерлерді, банкирлерді және сауда өнеркәсіптік палата өкілдерін
Инвестициялық саясат облыстарындағы заңдылықпен таныстыру болып табылады.
Республикада шағын және орта бизнес субъектілері үшін қаржылық қызмет
көрсету факторларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс құрудың
қарапайымдандырылған ретін алдын ала көрсететін, ұйымның лицензиялануы және
реттелуі, несиелік жолдастық және микронесиелік ұйымдар ағымында банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік заңдылықтар
нормасын жүзеге асыру жолымен жүргізіледі. 2003 жылы 6 наурызда қабылданған
ҚР микронесиелік ұйымдар туралы заңы микронесиелеу нарығын дамытуға
және ұсақ кәсіпкерлерге қаржылық ресурстарды алу мүмкіндігін кеңейтеді.
Осыған байланысты микронесиелік ұйымдар олардың клиенттерімен жұмыс
формасын қарапайымдандыратын Ұлттық банктің жағынан қосымша талаптарды
құрусыз ақ, статистикалық органдармен юстиция органдарында ғана тіркеле
алады. Олардың қызметтерінің мағлұмдау мақсатымен сәйкес келуі және оларға
қаржылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz