М. тынышпаевтың еңбектері- қазақ тарихының деректері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
Деректану және тарихнама кафедрасы
Диплом жұмысы
М. ТЫНЫШПАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ- ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ
Орындаушы:
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші:
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
кафедрасының
меңгерушісі т. ғ. д.,
профессор
(қолы, күні)
АЛМАТЫ 2008
Жоспар:
Кіріспе. . 3- 6
І. М. Тынышпаевтың қоғамдық- саяси қызметі . . . 7- 31
1. 1. М. Тынышпаевтың ұлт зиялысның өмірі мен қызметі . . . 7-17
1. 2. Алаш ардақтысының тарихи көзқарасының қалыптасуы . . . 18-31
ІІ. М. Тынышпаевтың қазақ тарихына қосқан үлесі . . . 32-52
2. 1. М. Тынышпаев зерттеуші-ғалым және қазақ тарихының
мәселелері . . . 32- 41
2. 2. М. Тынышпаев қоғам қайраткері-саяси қуғын-сүрген құрбаны . . . 42- 52
Қорытынды . . . 53- 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 55- 57
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының тәуелсіз мемлекеті бірнеше ұрпақтың арманы болды. Отарлық билік кезіндегі Қазақстан тарихы зорлықшыл саясат үстемдік еткен, қасіретке толы кезеңдермен ерекшеленеді.
Ал енді бүгінгі күні сол тәуелсіздігімізге қолымыз жеткенде, туған елінің, Отанының шынайы тарихын білуге деген ұлттық сана-сезімнің бұрын соңды болмаған өрлеуінің куәсі болып отырмыз. Тарихымызға деген қоғамдық сұраныстың жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылды "Жалпы-ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" /1/ және 1998 жылды "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы" /2/ деп жариялауы көрсетеді. Мұның өзі тарих тағылымының болашақ үшін маңызының ете зор екенін және бұл мәселеге мемлекеттік дәрежеде қолдау жасалып отырғанын аңғартады. Тарихшылардың, қоғамта-нушылардың ендігі міндеттері тарихымыздың "ақтаңдақ" беттерін, құлдық психологиядан, жалған концепциялардан азат етіп, өткенімізді тарихи шындық тұрғысынан зерделеп, тарих тану ғылымының гуманистік борышын орындауға адал қызмет етулері болып табылады. Осылайша, " . . . өткенді ойша қалпына келтіре отырып және оның мұрагері болу арқылы қоғамдық индивид, сонымен бірге өзінің де қалыптасу процесін жасайды" /3/.
Осы орайда, кезінде тәуелсіздігіміз, азаттығымыз үшін күрескен, сондықтан кеңестік тоталитарлық жүйе құрбандығына айналған, есімдерін осы саяси тәртіп кейінгі ұрпақ санасынан "тазартуға" күш салған тұлғаларды тарихымызға оралту аса қажет. Сондай ірі қайраткердің және ғалымның бірі - Мүхамеджан Тынышпаев (1879-1938) . М. Тынышпаев тәрізді тұлғаның қайраткерлігіне және еңбегіне объективті баға беру, ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де керек.
Бұған қосымша осы уақытқа дейінгі жазылған отандық тарихымызда, жеке тұлғалардың, қайраткерлердің қызметі өз дәрежесінде баяндалды деп айтуға әлі ерте. Ал XX басындағы күрделі тарихи оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып, терең із қалдырған М. Тынышпаев сияқты ірі қайраткерлердің қызметі мен қоғамдық- саяси көзқарасын жан- жақты талдау арқылы, біз отандық тарихымызды одан әрі терең түсінуге жол ашпақпыз.
Мүның өзі диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін көрсетеді. Есімі Түркістан тарихының өте маңызды кезеңдерімен тығыз байланысты, саналы ғүмырын Отанының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған, табиғи талантын, алған білімін халқының келешегіне, оның өркениетті елдер қатарына қосылуына жүмсаған, сол үшін жазықты болып, жазаланған осынау ардақты тұлғаның өмірі мен қызметінің арнайы зерттеу объектісі боларлық тақырып екендігі даусыз. Бүкіл өмір жолы, артында қалдырған рухани мүралары мен тарихи қызметі, кейінгі ұрпақты тәуелсіздіктің баға жетпес қүнын қадірлей білуге үйрететін, патриотизмге, отансүйгіштік асыл сезімдерге баулитын М. Тынышпаевтың қоғамдық- саяси қызметін зерттеу бүгінгі таңда ұлтымызды рухани түрғыдан байытады. Тақырыптың өзектілігі міне, осыдан да туындайды.
М. Тынышпаевтың ұлттық тарих ғылымына қосқан үлесі зор. Сондықтан, тарихшы- қайраткер туралы алғашқы зерттеуді әрине, тарихшылар қолға алуға міндетті.
Мәселенің зерттелу деңгейі: Мұхамеджан Тынышпаевтың қызметін зерттеуге арналған жұмыстар, жалпы алғанда бірнеше кезеңдермен сипатталады. Алғашқы кезең- 20- жылдардың орта тұсына дейін, мәселені объективті талдауға және бағалауға тырысқан әртүрлі еңбектердің жарық көру кезеңі. Екінші кезең- 20- жылдардың соңынан басталып, 80- жылдардың екінші жартысына дейін созылатын М. Тынышпаевты біржақты қаралау, жөнсіз айыптау кезеңіндегі еңбектерден тұрады. Үшінші кезең- 80- жылдардың соңынан бастап, "жариялылық" пен "демократия" ұранының ықпалымен тарихи шындықты айтуға талпынған зерттеулердің, Қазақстанның егемен ел болуына байланысты жарық көрген еңбектерғе ұласуымен ерекшеленеді.
М. Тынышпаевтың өмірі мсн қызметі туралы алғашқы зерттеупер қатарына, Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөзде жарияланған бірлі- жарым мақалаларды жатқызуға болады. Мәселен, оның идеяларының серіктері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов шығарған "Қазақ" газеті 1917 жылғы N 247 санында: "Мұхамеджан Тынышпаев- II Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатар зиялы азамат /5/" деп көрсетіп, оның 1916 жылғы көтеріліс тұсындағы қызметіне объективті жоғары пікір білдірген болатын. Сол сияқты "Семиреченские ведомости" газеті де Қүрылтай Жиналысына депута-тыққа кандидат М. Тынышпаевты " . . . 1905 жылғы революциялық қозғалысқа араласқан, Жетісу қырғыздары (қазақтары - Г. Ж. ) арасына бостандық пен революция идеяларын үгіттеп таратқан облыстан шыққан түңғыш қырғыз" /6/ деп сипаттап, одан әрі оның ақпан төңкерісіне дейінгі қоғамдық- саяси қызметіне тоқтала келе, бүл бел-сенді қызметтің нәтижесі, жандармдық полицияның қайраткерді үнемі бақылауға алуына әкелгенін жазады.
Кеңес үкіметі тұсында барлық ұлттық қозғалыстар қайраткерлері тәрізді Мұхамеджан Тынышпаев туралы да, тарихи шындық түрғысынан арнайы зерттеу жүргізуге тиым салынды. Оның тек қоғамдық- саяси қызметі ғана зерттеушілер назарында болып, ал ғылыми және кәсіби қызметі мүлде ұмыт қалдырылды.
Кеңестік дәуірдегі тарих ғылымында мәңгі, өзекті тақырыптардың ең бастысы - пролетариат диктатурасының үкімет басына келуі, Түркістан өлкесінде Кеңес үкіметінің жеңу тарихы болғандығы белгілі. Тарихнамасы өте бай, осы мәселеге арналған саналуан зерттеулерде М. Тынышпаев сияқты "буржуазияшыл- ұлтшылдар" үнемі еске алынатын және көбінесе бұрмаланған белгілі фактылар мен "қалыпқа" салынған тұжырымдар сол күйінде қайталанатын. Сондықтан бүл кезеңдегі еңбектерге қысқаша шолу жасаумен шектелуді жөн көреміз.
Жазылу мезгілі азамат соғысы аяқталысымен басталып, 20- жылдардың ортасына дейінгі аралықты қамтитын еңбектердің (естеліктер, партиялық баспасөздегі мақалалар, арнайы зерттеулер) /7/ бірсыпырасы, кейінгі жылдарға қарағанда біршама объективті жазылған. Мұнда М. Тынышпаев қатысқан қозғалысқа, үкімет билігін қолына алғанына әлі көп уақыт бола қоймаған большевиктік биліктің және осы тәртіпке қызмет етуге шешім қабылдаған ұлт зиялыларынының алғашқы саяси бағалары берілген. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы, әрине, Алаш қозғалысының көрнекті жетекшілерінің бірі- Ахмет Байтұрсыновтың "Революция жөне қырғыздар" атты мақаласы. Мүнда ол, М. Тынышбаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ интеллигенттері өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос теңкеріске қатысына, елді большевиктік анархиядан қүтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметіне, бүл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне, бірін- бірі алмастырып, билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уақытша Сібір үкіметі, Қүрылтай Жиналысы мүшелері комитеті (Комуч), адмирал А. В. Колчак үкіметі және т. б. ) байланысына және Кеңес үкіметі жағына ету себептеріне тоқталады /8/.
Біздің ойымызша, Отандық тарих ғылымы енді қаз түра бастаған кезеңде, ұлтының біртұтас тарихын жазуға деген М. Тынышпаевтың талпынысына осындай баға берумен келісу қиын. Мүның өзі М. Тынышбаевтың тарихи көзқарасына арнайы жүйелі, объективті тұрғыдан талдау жасаудың қажеттігін көрсетеді.
Түркістан- Сібір темір жолы құррылысын салумен бірге, ел ішінде кеңестік индустрияландыруды насихаттау мақсатында, іле-шала осы магистральға қатысты жарық көрген сан алуан еңбектерде оның еңбегі елеусіз қалды /46/. Тіптен М. Тынышпаев мүше болған Турксибке Жәрдемдесу комитеті мүшелері тізімі берілген жинақта да, оның есімі көрсетілмеген /21/. Кейін осы Түрксибтің тарихына, Қазақстандағы жалпы жол қатынасы дамуына арналған зерттеулерде де М. Тынышбаевтың зор еңбегі әділетсіздікпен ұмыт қалдырылды /11/.
Сонымен Мұхамеджан Тынышпаевтың жан- жақты қызметіне, жеке өміріне қатысты ғылыми әдебиеттерге жасалған шолу - қайраткер ғалым, кәсіпқой маман туралы арнайы тарихи және кәсіби зерттеудің болмағандығын көрсетеді. Мұның өзі біздің тақырыбымыздың өзектілігін күшейте түседі.
Зертеудің мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының басты мақсаты -М. Тынышпаевтың ғүмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық- саяси қызметін, ғылыми және кәсіби қызметін тарихи шындық түрғысынан зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін, диплом жүмысы темендегідей нақты міндеттерді шешуді көздеді:
- М. Тынышпаевтың туған ортасын анықтау. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына ықпал жасаған ортаны, ішкі және сыртқы
себептерді ашу. Оның көзқарасындағы әзіндік ерекшеліктерді айқындау;
- Қайраткердің қазақ тарихының күрделі мәселелерін зерттеудегі
рөлін және оның еңбектерінің бүгінгі тарих ғылымы үшін маңыз-
дылығын айқындау;
- Сталиндік саяси қуғын- сүргіннің жүгенсіздігін, тұрпайы жазалау
механизмін, адамгершіліктен жұрдай кескін- келбетін М. Тынышпаевтың қасіретті тағдыры арқылы көрсету.
Диплом жұмысының мерзімдік шегі:
Мұхамеджан Тынышпаевтың өмір сүрген жылдар, яғни туған күнінен бастап, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды. М. Тынышпаевтың тағдыры бұрын толық
зерттелмегендіктен, ол туралы бұрынғы таптық тұрғыдан жазылған
тарихымызда үшқары және бұрмаланған қорытындыларға көп орын
берілгендіктен, оның өмірін түтас алып қарастырдық.
Диплом жұмысының деректік негізін: Кітапханаларда сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сақталған мерзімді баспасөздегі деректер, ғылыми зерттеулер мәліметтері, М. Тынышпаевтың өз еңбектері құрады.
Диплом жұмысының методологиялық негізі: М. Тынышпаев - "XX ғасырдың алғашқы жартысындағы азаттық үшін күрескен қазақ үлттық интел-женциясының тағдыры"- деген принципке бағындырылды. Зерттеу бір қайраткердің белсенді қызметі негізінде, сол кездегі бүкіл қазақ интеллигенциясының, туған халқына жасаған сан қырлы және сан алуан белсенді қызметін, жаңа методологиялық көзқарас негізінде ашады. Зерттеудің барысында тарихилық, талдау және қорыту, салыстармалы түрде қарастыру тәрізді әдістер қолданылды. Қайраткер тағдырын объективті, шынайы, жан-жақты қарастыру.
Диплом жұмысының құрылымы: Негізінен кіріспе, екі тарау, төрт баптан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. М. Тынышбаевтың қоғамдық- саяси қызметі
1. 1. М. Тынышпаевтың өмірбаяны
Отарлық бұғау құрсауында болған елдердің тарихында алтын әріптермен жазылуға тиіс кезең- азаттық қозғалыс тарихы болатындығы түсінікті. Бізге де тікелей қатысты бүл кезеңді толық танып білмейінше, жан- жақты терең қарастырмайынша, енді- енді қалыптасып келе жатқан ұлттық дербес мемлекетіміздің негізі берік бола алмайды.
Белсенді қайраткерлерінің бірі- біз бітіру жұмысының тақырыбы етіп алған - Мүхамеджан Тынышпаев болып табылатын, Алаш қозғалысы ақиқатын білуге деген еліміздегі жаппай құлшыныс, бұл қозғалыстың алдына қойған мақсатының өміршеңдігінен және бүгінгі күннің тәуелсіздік идеяларымен үндесіп жатуынан туған еді.
Кеңестік тарихнамада ұлттық қозғалыстар, саяси партиялар тарихы тым бір жақты, қатаң таптық көзқарас тұрғысынан зерттелгендігі белгілі. Онда негізінен, марксистік доктрина қағидаларының дұрыстығы, большевиктердің стратегиясы мен тактикасының толықтай салтанат құратындығы айтылатын. Ал басқа ("буржуазиялық", "ұсақ буржуазиялық", "контрреволюциялық", "ұлттық" жұмсартып айтқанда "пролетар емес" және т. б. ) партиялар мен қозғалыстардың негізі жоқтығы, халықтан алшақтығы, сондықтан да олардың болашақта болмай қоймайтын жеңілісі дәлелденетін. Әдетте, Ресей империясында пролетариат диктатурасының және бірпартиялық жүйенің орнауы зандылық болып табылатыны, оның объективті тарихи процесс екендігі, ал басқа балама жолдың тек тұйыққа әкеліп тірейтіндігі санаға терең енгізіле түсіндірілетін.
Ал осы қозғалыстар, партиялардың негізгі ұйтқысы - басты көсемдері, озық ойлы зиялы қауым туралы мүлде зерттелмейтін, не бұрмаланып жазылатын. Ұлт- азаттық қозғалыстарының жекелеген қайраткерлерінің рөлін көрсету, Коммунистік партияның коллективтік мүддесіне жат, беделіне нұқсан болып саналғандықтан, бодан ұлттардан шыққан тарихи тұлғаларды, соның ішінде саяси ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлерді арнайы зерттеуге тиым салынды. Керісінше, коммунист "тапшыл" тұлғалардың қоғамдық- саяси қызметін жазуға ғана рұқсат етілді.
Бұл пікіріміздің негізсіз еместігіне, тақырыбымызға қатысты М. Ты-нышпаев туралы кеңестік зерттеулерде жасалған тұжырым дәлел болады. Мысалы, 1957 жылы Қазақстан Мемлекеттік баспасынан шыққан "Қазақ ССР тарихының" I томынан мынадай жолдарды оқимыз: " . . . Жетісуда Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып Қоныс аудару басқармасының чиновнигі, патшаның отаршылдық саясатын белсене жүргізген эсер Шкапский және буржуазиялық ұлтшылдардың басшыларының бірі М. Тынышпаев тағайындалды. Барлық прогрестік жаңа нәрселерден қорыққан, революцияны жек көрген буржуазияшыл ұлтшылдар ауылда патриархтық- феодалдық қатынастарды сақтауға тырысты. Олар феодалдық жер иелену тәртібін, әйелдерді бұрынғы езілген, күңдік қалыпта ұстау туралы, реакцияшыл мұсылман дін қызметкерлері үшін артықшылық жағдай жасау туралы және сот жұмысымен халық ағарту ісін солардың қолына беру туралы қаулылар қабылдатты.
Орыс халқы мен қазақ халқының жаулары- буржуазияшыл ұлтшылдар орыс пролетариатына өшпенділікті қоздыру үшін қолдарынан келгеннің бәрін істеп бақты" /4/.
Тұтас Түркістан өлкесіндегі XX ғасырдың басындағы ұлтазаттық қозғалыстың жетекшілерінің бірі, тарихшы- ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді техника маманы Мұхамеджан Тынышпаевтың өмір жолын, сан-салалы қызметін зерттеуге талпынысымыз, тарихымыздағы осындай олқылықтардың орнын толтыруға жасаған әрекетіміз болатын.
Кеңес үкіметі тұсында барлық ұлттық қозғалыстар қайраткерлері тәрізді Мұхамеджан Тынышбаев туралы да, тарихи шындық тұрғысынан арнайы зерттеу жүргізуге тиым салынды. Оның тек қоғамдық- саяси қызметі ғана зерттеушілер назарында болып, ал ғылыми және кәсіби қызметі мүлде ұмыт қалдырылды.
Кеңестік дәуірдегі тарих ғылымында мәңгі, өзекті тақырыптардың ең бастысы - пролетариат диктатурасының үкімет басына келуі, Түркістан өлкесінде Кеңес үкіметінің жеңу тарихы болғандығы белгілі. Тарихнамасы өте бай, осы мәселеге арналған саналуан зерттеулерде М. Тынышпаев сияқты "буржуазияшыл- ұлтшылдар" үнемі еске алынатын және көбінесе бұрмаланған белгілі фактылар мен "қалыпқа" салынған тұжырымдар сол күйінде қайталанатын. Сондықтан бүл кезеңдегі еңбектерге қысқаша шолу жасаумен шектелуді жөн көреміз.
Жазылу мезгілі азамат соғысы аяқталысымен басталып, 20- жылдардың ортасына дейінгі аралықты қамтитын еңбектердің (естеліктер, партиялық баспасөздегі мақалалар, арнайы зерттеулер) /7/ бірсыпырасы, кейінгі жылдарға қарағанда біршама объективті жазылған. Мұнда М. Тынышпаев қатысқан қозғалысқа, үкімет билігін қолына алғанына әлі көп уақыт бола қоймаған большевиктік биліктің және осы тәртіпке қызмет етуге шешім қабылдаған ұлт зиялыларынының алғашқы саяси бағалары берілген. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы, әрине, Алаш қозғалысының көрнекті жетекшілерінің бірі- Ахмет Байтұрсыновтың "Революция жөне қырғыздар" атты мақаласы. Мұнда ол, М. Тынышпаев тәрізді патша заманынан бастап, отарлық билікке қарсы күресіп, қазақтың ұлттық саясатына жетекшілік жасаған қазақ интеллигенттері өкілдерінің атынан, осы қозғалыстың пайда болу себебіне, қазақ халқының 1917 жылғы қос теңкеріске қатысына, елді большевиктік анархиядан қүтқару үшін құрылған уақытша Алашорда үкіметіне, бүл үкіметтің азамат соғысы жылдарындағы қызметіне, бірін-бірі алмастырып, билікке таласқан орыс үкіметтерімен (Уақытша Сібір үкіметі, Құрылтай Жиналысы мүшелері комитеті (Комуч), адмирал А. В. Колчак үкіметі және т. б. ) байланысына және Кеңес үкіметі жағына ету себептеріне тоқталады /8/.
Біздің ойымызша, Отандық тарих ғылымы енді қаз түра бастаған кезеңде, ұлтының біртұтас тарихын жазуға деген М. Тынышпаевтың талпынысына осындай баға берумен келісу қиын. Мұның өзі М. Тынышпаевтың тарихи көзқарасына арнайы жүйелі, объективті тұрғыдан талдау жасаудың қажеттігін көрсетеді.
Мұхамеджан Тынышпаев 1879 жылы мамыр айының 12 жұлдызында Жетісу облысы Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының баурайында дүниеге келеді /21/. Қазір бұл өңір Алматы облысы, Сарқанд ауданы, М. Тынышбаев ауылы (1993 жылдан бастап) деп аталады.
М. Тынышбаевтың әкесі - Әлдекеұлы Тынышбай Лепсі уезінің биі болған /12/. Ол ел ішінде беделді, қайсар мінезді жан болғанға ұқсайды. Азамат соғысы жылдарында, қарт Тынышпай қызылдар қолынан қаза табады. М. Тынышпаевтың анасы Мәдиям да (кейбір естелік-терде Шахизадабану депте көрсетіледі) /13/ өте ақылды, көргенді кісі болған. Ол кісі 1932 жылғы аштықта қайтыс болса керек. М. Тынышпаевтың өзімен бірге туған бауырлары да көп болған. Алайда, М. Тынышпаев әулетінің басындағы зобалаң, олар туралы нақты мәліметтер табуды қиындатып отыр. Бір адамның ғүмырындай салтанат құрған Кеңес үкіметі, бүкіл әулетті жоқ қылды. "Халық жауының" атын атау былай түрсын, оның өскен ортасы, шыққан елі жайында да сөз қозғауға тиым салынды. Сөйтіп, бүл үкімет, ежелден Жетісудың екі өзені - Лепсі мен Ақсу бойын мекендеген Орта жүздің найман-садыр руы-нан шыққан, ірі тарихи тұлға - Мүхамеджан Тынышпаевқа қатысты нәрсенің бәрін, халық санасынан ешіруге тырысып бақты.
М. Тынышпаев "жер жаннаты Жетісу" атанған әсем еңірден шықты. Тынышбай әулетінің атақонысы - Ешкіөлмес сайы (бір жылы осы сайда 6 ешкі мен 1 серке қалып қалған, келесі жылы 12 ешкі болып көбейіп, аман түрғанын көрген жүрт осылай атап кетеді), кейде Тынышбай сайы деп те аталатын жерде оның балалық шағы өтті.
Ал уездің орталығы Лепсі қаласы сол кезде, өзінше бір экономикалықмәдени орталық тәрізді болған. Мүнда үш медресе, үш шіркеу, Михайловтың, Макушкиннің, Ботбаевтың кітап дүкендері, үн тартатын, май шығаратын өндіріс орындары, тері илейтін, спирт шығаратын заводтар болған. Кейін Лепсі қалалық екі кластық ерлер учи-лищесі ашылады. Қазақша сауатын ауыл мектебінде ашқан М. Тынышбаев, осы училищені бітірген.
М. Тынышпаев аталған училищені бітірген соң, 1890 жылы 14 тамызда Верный қаласындағы Ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. Ол алдымен гимназияның екі жылдық дайындық класының төменгі бөліміне алынады. Оның бұл оқу орнына қабылдануы туралы бірнеше естеліктер бар. Олардың бірінде, бала Мүхамеджанның есеп-қисапқа жүйріктігін кездейсоқ (қой санағы кезінде) байқап қалған уезд бастығының жәрдемі тиген деп айтылады /14/. Ал келесі бір естеліктерде -зерск баланы байқаған ауылдағы дүкеннің иесі орыс көпесі, оның оқуға баруына тікелей себепші болған деп көрсетеді /15/. Қалай болғанда да, Мүхамеджанның ерекше табиғи қабілеттілігі, ең басты себеп болса керек.
М. Тынышпаев білім алған Верный Ерлер гимназияеы, 1876 жылы генерал-губернатор Г. А. Колпаковский ашқан 4 жылдық Ерлер прогимназиясының негізінде 1881 жылы қайтадан ашылған болатын. Енді ол гимназиялық деңгейде білім беретін болды. Классикалык тілдер (латын, грек тілдері) жете оқытылатын, екі жылдық дайындык, класы бар, негізгі оқу курсы 8 жылдан түратын осы бір білім ұясы, сол ке-зеңнің барлық талабына жауап бере алған. Гимназия үстаздарының арасында озық ойлы, демократиялық бағыттағы жандар аз болмады. Олардың кейбіреулері, саяси көзқарастары үшін орталық Ресейден қудаланып, жер аударылғандар болатын. Гимназия ұстаздарының ын-тызарлығымен ашылған кітапханасы да болды. Онда құнды кітаптармен қатар, "Восточное обозрение", "Русский вестник", "Вестник Европы", "Исторический вестник", "Русская мысль" тәрізді алдыңғы қатарлы басылымдар бар еді /16/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz