Жылқы саудасы


Жылқы саудасы
Қазақтың дәстүрлі ежелден көрші елдермен саудасы - төрт түлік мал, оның ішінде жылқымен сауда басты кәсібі еді. Әсіресе көршілеріміз Ресей мен Қытай мемлекеттері қазақтың екі нәрсесіне асық болды, бірі ұлан-байтақ жеріміз, екіншісі есепсіз жылқымыз. Қытай ілкіден өзінің жүз мыңдаған әскерін дала жылқысы есебінен қамтамасыз етсе, Ресей ХІХ ғасырда қазақ жерін тұтас басып алып, шекарада айырбас керуен-сарайларын ашып жылқы саудасын қарқындатты. Алдымен қазақ-қытай саудасына келетін болсақ,
1758 жылы Жоңғар мемлекетін талқандаған соң қытай ғасырлар бойы армандаған қазақтың бағалы жылқысына қолы жетті. Бұл бір жағынан Абылай бастаған қазақ хандығына да тиімді еді, себебі халықтың қолында төрт түлік малдан басқа несі бар, қазіргідей қазба байлыққа мұнай мен газға қолы жеткен жоқ. Сондықтан Абылай екі көршісінің құя берсе таусылмас базарына жылқы табындарын айдай бастады. Қазақ-жоңғар соғысының бір ерекшелігі сол басқа түліктерге қарағанда (қой, түйе, сиыр) жылқы табындарының көпшілігі жау қолына түспей аман сақталды. Жоңғарды жеңген соғыстан кейін мал басы өсіп, бұрынғы қалпынан да асып, жаңа жайылымдар іздеу қажеттілігі туды.
Қытайдың көне замандардан шекаралық аудандарға арнаулы ат базарларын ашып көшпелі халықтардың (моңғол, ойрат, т. б. ) жылқыларын табын-табынымен сатып алу тәжірибесі бар еді. [298. 212б. ] Қазақтардың бағзы заманнан Қытайдан алатыны жібек, фарфор болатын. Қытай ол кезде сауда саясатына ерекше көңіл бөлді, қазақтарды қала базарларынан үркітіп алмау жағын қарастырды.
«Сауда сөзсіз әділ болуы шарт. Олар құладүз, қиыр шалғайдағы патшаның ықыласын сезіне алатын болулары керек», деп Цинь патшасы сауданың стратегиялық ерекшеліктерін белгілеп береді. «Қазақтарға өздерінде жоқ нәрселерді жеткізіп беріп, олардың тіршілігіне қолғабыс тигізу, оларда жылқы көп өседі, сол жылқысын айырбастап алу арқылы өзіміздегі ішкі өлкелердің қажетін қамтамасыз ету керек. Қазақтардың малын арзанға айырбастап алдау дұрыс емес. Жасағалы отырған саудада өте пайдакүнемдік істеуге де, тым еркіне қоя беруге де болмайды. Десе де екі жақтың тең пайда көруі керек. [299. 45б. ] Қытайдың бұл тарихи құжаттарында қазақтармен екі арадағы сауда мейлінше адал және шын болуы көрсетілген. Қытайға елшілікті бастап барған Абылай мен Әбілпейіз хандар өздерімен бірге апарған жылқы табындарын Құлжа мен Тарбағатайда өткізді. [300. 37б. ]
1757 жылы Абылай өзі бірінші болып 200 жылқыны киім-кешекке, күміс құймаларына айырбастайды. [300. 131б. ] Абылайдың Құлжа мен Тарбағатайда сауда жасауға өзі барып жүргені, алдымен ол Қытай өкіметін Үліңгірге сауда жасауға шақырады, Қытай жағы алыс, сауда керуендеріміз баруы қиын деп бас тартады. 1758 жылы екі жақ тағы да Абылайдың ұсынысымен Үрімжіде сауда жасауға келіседі.
Қытай императоры сияқты Абылай да екі арадағы саудаға айрықша көңіл бөлді. Сондықтан бұл шараға басшылық жасауға өзінің бас қолбасшысы, ірі мемлекет қайраткері, өте беделді Қабанбай батырды тағайындайды. Сөйтіп 1758 жылы қыркүйектің 17-де екі мемлекеттің арасындағы саудаға Қабанбай батыр бастаған ресми делегация барады. Абылай ханның екі арадағы саудаға әскери адамды тағайындауы бекер емес. Себебі Қытай жағында бұл істі (әрине жасырын түрде) қолбасшының орынбасары генерал басқаратын. Қазақ жағынан бас сардардың келуін, Цинь ордасында белгілі дәрежеде бағалағанын, айрықша атап өтіледі. «Қазақтардың Қабанбайы сауда жасау үшін 300-ден артық жылқыны 17 қыркүйек күні Үрімжіге айдап әкелді». [298. 47б. ] Жылқы саудасының Цинь патшалығы үшін қандай маңызы барын мына фактіден көруге болады. 1763 жылы 28 ақпанда жоғарғы әскери кеңестің шешімінде «Қазақтармен айырбас сауданың бастысы жылқы санын өсіре беру керек. Шыңжаңда жылқы көбейген соң, мемлекеттің ішкі өлкелеріндегі қазыналық табындарды молайту үшін айдап отыру қажет. [300. 157б. ]
Сонымен қатар Цинь ордасы базарларда тауарлардың сапасын қадағалап отырды.
«Пекин әкімшілігі қазақтар жаман маталарын алмай қойып, Цинь армиясын жылқымен, малмен қамтамасыз ету жоспары іске аспай қалады деп белгілі бір дәрежеде қауіптеніп отырды». [301. 90б. ] Мұны дер кезінде түсінген Абылай хан 1759 жылы айырбас базарларын қазақ шекарасына жақындату мақсатымен Сайрам көлі жағасында Іле генерал губернаторымен кездесіп, шарт жасасты. Кездесу шарты бойынша Тарбағатай (Шәуешек) пен Іледе (Құлжа) айырбас базарлар ашылды. 1763 жылы Тарбағатайдағы тұрған әскерлердің санының көбеюіне байланысты әскердің малға қажетін өтеу үшін Тарбағатайдан 3-ші базар ашылды. [298. 49б. ] Бұған дейін қазақтар Қытаймен сауда жасау үшін малдарын айдап, Ілені, Тарбағатайды басып өтіп Үрімшіге баратын. «Жол азабы - көр азабы», дегендей мал да, мал иелері де, саудагерлер де қажитын. 1759 жылы Цинь патшалығының қазақтардан айырбастап алған жылқысының саны 10 мыңнан асты. 1760 жылдардан бастап жаңа базарлардың ашылуына орай, екі ел арасындағы сауда бұрынғыдан 3-4 есе өсті. Құлжа мен Шәуешекте әр жылқының бағасы 3-4 лян (1 лян - 37, 3 грамм) тұрса, Қашғарда 7-8 лян тұрды. 1762 жылы қытайлар бұл жерлерден сатып алынған жылқыларды Қашғарға апарып, нәтижесінде 6700 лян күміс үнемдеген. [300. 39б. ]
Сондықтан мұны түсінген Абылай ханның саудагерлері Қашғарға барып сауда жасауды күшейтті, енді қазақ саудагерлері матаны арзан беретін ұйғыр саудагерлерімен тікелей сауда жасай бастады. Айналымы төмендегеннен кейін 1765 жылы Үрімжідегі базар жабылды. Сол кездерде қазақ саудагерлері төрт түлік малдың айырбасына қанағат тұтпай, Ресейдің мата бұйымдарын, Әндіжан кілемдері секілді тауарларды сата бастады. Бұл қазақ ішінде саудагерлік-көпестік топтың - сословиенің жіктеле түскенін көрсетеді. Қазақ саудагерлері жібек, торқа, кездеме маталарына талғаммен қараған. Жылқы саудасын жасап жүрген қазақтар қызыл түсті тауарларды көптеп сатып алғысы келеді . . . мұндай тауарлау кемшілдеу дейді . . . Қызыл кездеме қымбат нәрсе емес қой. Қазақтар оны қаншалықты алғысы келсе, соншалық жеткізіліп берілсін . . . Іледегі қазақтармен арадағы жылқы саудасының үйлесімді болғаны жөн. Қазақтардың айырбасқа әкелген жылқыларының бәрі бірдей жақсы бола бермейді. Оны таңдап алу керек. Керекке жарайтындай жылқы болса өз бағасында саудалассаңдар ортада наразылық тумайды. Егер айырбастайтын торғын, торқаларымыз сапасыз болса . . . Қазақтар сауданы бүгін ғана істеп отырған жоқ . . . Тіс жарып, тіл қатпағандарымен көңілдері оған қайтіп разы болсын?! Базар заңдылығына қайшылық жасалмасын. Жұмыста туындаған қателіктердің шегі болуға тиіс». [299. 55б. ] Бұдан әрі құжатта сауда ісіне Іле генералының тікелей өзі жауап беріп, шара қолданбаса, генералдың өзі жауапқа тартылсын делінеді. Демек, бұл фактілерден Цинь ордасының қазақтармен арадағы саудаға қаншалықты маңыз бергені, сонымен қатар Абылай бастаған қазақ хандығын терезесі тең мемлекет есебінде санағандығы байқалады.
1759 жылы Цинь патшалығы бір жылда 10 мың жылқы сатып алғанын ескеріп (ол жылдары тек Үрімші базары ғана жұмыс істеп тұрған А. Т. ) кейінгі шекараға жақын Құлжа, Шәуешек, Тарбағатай базарларында әрбіреуінде шамамен 10 мың бастан деп есептесек, жылына 30-40 мың бас жылқы өтіп тұрған. Мұншама бас малды шығарып тұрған Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарында алдымен жылқы шаруашылығының, жалпы мал шаруашылығының үдей дамығанын көрсетеді.
Оң қолың шапсын қылышты,
Сол қолың бөлсін кірісті.
Тіліңнен тамсын бал-шекер, - деп мемлекет басшысы қандай болуын Ж. Баласұғын жырлағандай Абылайды тек әскери қайраткер, шешен ғана емес, халықаралық сауданы тиімді пайдалана білетін қырынан да көрінді. Цинь ордасының XVIII ғасырдың аяғында қазақтардың тікелей Қашқармен сауда жасауын тоқтату туралы арнаулы заң қабылдауы, [302. 23б. ] Абылайдың қайтыс болып, тарих сахнасынан кетуімен де байланыстыруға болады. Мысалы 1808 жылы Әділдің (Абылайдың баласы А. Т. ) Қашқарға мал саудасымен келуін Қашқар басшылығы төтенше жағдай деп біледі, малдарына әдейі төмен баға беріп, шекара кардонынан жасауылмен шығарып салады. Император Қашқар әкімінің ісін қолдайды. [302. 111б. ] Ал, Абылайдың тұсында жоғары дәрежелі қазақ басшысын Қашқарда сауда жасатпай, шекара асырып салуы туралы фактілер кездеспейді.
Орыс халқы ежелгі Русьтен бастап Ресей империясына дейін ұзақ уақыттың арасында қазақ хандығымен жылқы саудасын жүргізуге мүдделі болды. Иван Грозный патша 1574 жылы ағайынды көпестер Строгоновтарға берген грамотасында, жылқы беріп тұрған қазақ ордасымен (Казацкая орда) кеден салығынсыз сауда жүргізуді тапсырады. [290. 162б. ] Өздерінде табынды жылқы шаруашылығы болмаған соң орыс мемлекеті армиясын атпен, шаруашылығын күш-көлікпен қамтамасыз ете алмай үнемі көршілерінен, оның ішінде бірінші кезекте ондаған миллион жылқысы бар Қазақ хандығынан жылқы сатып алып отырды. Жылқының зәрулігі сонша Петр І түрік армиясына қарсы Азов жорықтарында мықты жүк тартатын аттардың жоқтығынан зеңбіректер мен оқ-дәрілерді солдаттардың өздері тасығанын тарихшы Соловьев жазады. [303. 15б. ]
XVIII ғасырдың 30 жылдарында қазақ жеріне келген Сыртқы істер департаментінің қызметкері И. Кирилловқа негізгі жұмысынан басқа кез-келген ыңғайлы жағдайларды пайдалана отырып, атты әскер үшін қазақ жылқыларын сатып алу тапсырылады. [272. 188б. ]
Қазақ жылқысының табын-табынмен көп сатыла бастауы 1745 жылы Орынборда, 1750 жылы Тройцкіде айырбас сарайлары жұмыс істегеннен бастап өрістеді. Алғашында малдың көптігі, өздерінің саудаға икемсіздігі, делдалдар мен алыпсатарлардың қитұрқы қылықтарынан қазақтар көп ұтылды. Қазақ қайдан оңсын «Бір сіріңке бір тоқты тұрған соң Орынбордың меноуой дворында», - деген сөздер сол заманда шыққан сияқты. (LІV)
Патша әкімшілігі Кіші жүздегі сауданы қолға алғаннан кейін кез келген жолдармен Орта жүздің де жылқысына қол жеткізу үшін шекаралық аймақтарға сауда-айырбас бекеттерін сала бастады.
«Қырғыз-қайсақ Орта ордасы (Орта жүз А. Т. ) Кіші ордаға (Кіші жүз А. Т. ) қарағанда тұрғындары да көп және бай». [306. 500б. ] Кейіннен мал базарлары Қояндыда, Ақмолада, Атбасарда, Ырғызда, Торғайда, Қызылжарда, Семейде, Өскеменде, Зайсанда ашылды. Сатылатын жылқы саны жөнінен қазақ даласы Ресейдегі ең бірінші орынды иемденді. Орыс көпестері дала жылқыларын табын-табынымен сатып алып, Орынбор, Тройцк, Самара және басқа қалаларға апаратын. Жылқы саудасы жазғысалым басталатын, себебі, ел жайлауға солтүстікке шығатындықтан, қалаларға мейлінше жақындап келіп қонатын. Жақсы деген жылқылар 26-35 сом1 арасында, сирек кездесетін жорғалар 60-80 сом тұрған. [69. 319б. ] Қазақтар жылма-жыл жылқыларының 5%, 8% сатып отырған. [304] М. Бабаджановтың мәліметі бойынша Бөкей ордасындағы 320 мың жылқының 15-20 мыңы жылма-жыл саудаға түскен, әр жылқының бағасы 25 сомнан 100 сомның аралығында болып, жорғалар мен жүйріктердің құны 200-400 сомға жеткен. Әр жылқыны 33 сомнан есептегенде деп көрсетеді М. Бабаджанов, Бөкей ордасы жылына бес жүз мың сомдай пайда табады. [62. 28б. ] Жылқы бағасы әр жылы әртүрлі болып өзгеріп отырды, 1880 жылдың басында жылқының нарқы алдыңғы он жылдықпен салыстырғанда ең жоғары бағаға жеткен, [87. 116-117б. ] себебі 1879-1880 қоян жұт жылында мал шығыны орасан көп болды. Орынбордың, Ордың ат базарларында «Сібір» тұқымдары деп аталатын Ақмола, Семей облыстарынан әкелінетін жылқылардың саны көп және бағасы тұрақсыз және төмен болатын да, бұларды алыс жерлерден айдап әкелген соң мал иелері қандай бағаға болса да келісіп сатып жіберетін.
Ақмола өңірінің 10 мың жылқы біткен атақты байы Аққошқардың жылқы саудасын Құлтума ақын:
Руым Өр Алтай Қуандық-ты,
Әркімге жүргізіпті жуандықты.
Байлығын Аққошқардың баян қылсам,
Бес жүз ат Орынборда бір күн сатты. (V)
Шекараға жақын Бөкей ордасының, Торғай, Орал облыстарының көпшілік аудандарының қазақтары баға төмен болса, екі-үш басын ғана сатып, қалғанын қайтып айдап қайтатын. «Сібір» жылқысының төменгі бағасы 10 сом (руб), жоғарғысы 30 сом (руб) тұрған. [108. 320б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz