Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Сапаның экономикалық мәні мен оның көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді сертификаттау ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2 «Баян Сұлу» АҚ. ӨНІМ САПАСЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.2 Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметін талдау
2.3 кәсіпорынның маркетингтік жүйесі өнім сапасының саясатына әсер етуін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Қазақстандағы кондитер нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

3 ҚАЗАҚСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ НЕМЕСЕ ТЕТІКТЕРІ

3.1 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 Қазақстанның БСҰ.ға кіруі отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғарғы сапасы – кәсіпорын қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның барлық артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Соңғы кездері бұл мәселенің өткірлігі елеулі дәрежеде өсті. Бұл нарықтағы көптеген кәсіпорындардың монополиясн жоюмен, өнімнің тұтыну қасиетіне қоғамдық сұраныстардың үнемі өсуімен, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өнімнің рухани ескіруінің жеделдеуімен байланысты. Өнім сапасын үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалар қызметтерінің басты мақсаты болып табылады.
Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни, өнім сапасының жоғарырақ параметрлеріндегі артықшылық пен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста жеңіске жетуді қамтамасыз етеді. Ел басымыз Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай: “Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпілісті әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, төмендегі бағттарға баса назар аудару керек деп санаймын: Ел экономикасындағы тұрлаулы, әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті”.[8]
Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті өнім өндірудің басты нәтижесі ішкі нарықпен жалпы ішкі өнім көресткіштерін арттыру, экспортты ұлғайту мен валюталық түсімдерді көбейту; бюджетке салық түсімдерін қалыптастыру; халықты еңбекпен қамту; саяси-әлеуметтік тұрақтылық болуы тиіс.
Бүгінгі күні басты мақсат тек қана өндірісті жандандыруға бағытталып қоймай, өндіріс мекемелерінің инновациялық белсендігін көтеруге, өнім сапасын арттыруға, өндіріске жаңа жаңа технологияларды ендіруге, сол арқылы қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалануға аз щығын щығарып, сапалы әрі мол өнім өнідіруге, өнімнің өзіндік құнын арзандатып, еңбек өнімділігін арттыруға да бағытталуы тиіс.
Айта кеткен жөн, бүгінгі күнде еліміздің көптеген компаниялары өз операцияларын елімізден тыс жерлерде жүргізеді, бұл Қазақстанда трансұлттық компаниялар тобы қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұдан, Қазақстан тауар өндірушілер арасында да бәсекелестік пен өндірілген өнім сапасын жақсартуға арналған тиімді шаралардың жүзеге асырылуы жөн.
Өнімге, өнім сапасына, бағасы мен бәсекелестігіне кеткен шығындар мен тиімділігіне, өндірістің барлық құрылымдары мен материалдық-техникалық базасына тынғылықты талдау жасалыну арқылы, кәсіпорын экономикасының негізін түсінуге болады.
1. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Алматы 2003
2. Г.Ө. Жолдаспаева «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Алматы 2002
3. К.Ш Дүйсенбаев, Э.Т Төлегенов, Ж.Г Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» оқу құралы, Алматы 2001
4. Волков О.И «Экономика предприятия» учебник/ под ред.проф. М: ИНФРА- М 1997
5. Мокий М.С «Экономика предприятия» учебное пособие/ ИНФРА-М, 2000
6.Оразалы Сәбден «Бәсеклестік экономика» оқу құралы, Алматы: Экономика институты, 2007
7. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «Экономика және қаржы», Алматы, Мектеп 2003
8. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Астана 2007 ж. 28ақпан
9. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы.
10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 2001 ж.
11.
12.
13.
14.
15. www. Rambler ru
16. www. Google kz
17. www. Kase kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедрасы экономика

Кәсіпорын экономикасы пәні
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі

Ғылыми жетекеші:
Орындаған:

Экономика

Алматы
2009 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Сапаның экономикалық мәні мен оның
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1.2 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді
сертификаттау ... ... ... ... ... .. ... ..9
1.3 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2 Баян Сұлу АҚ- ӨНІМ САПАСЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.2 Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметін талдау
2.3 кәсіпорынның маркетингтік жүйесі өнім сапасының саясатына әсер етуін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Қазақстандағы кондитер нарығының қазіргі кездегі жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...21

3 ҚАЗАҚСТАН ӨНІМДЕРІНІҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ НЕМЕСЕ ТЕТІКТЕРІ

3.1 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2 Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың
факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға өтуде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі
құраушысы оның сапасы болып табылады. Өнімнің жоғарғы сапасы – кәсіпорын
қызметінің ең маңызды нәтижелі көрсеткіші. Ол нарықта кәсіпорынның барлық
артықшылығын, оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Соңғы кездері бұл мәселенің өткірлігі елеулі дәрежеде өсті. Бұл
нарықтағы көптеген кәсіпорындардың монополиясн жоюмен, өнімнің тұтыну
қасиетіне қоғамдық сұраныстардың үнемі өсуімен, ғылыми-техникалық прогресс
нәтижесінде өнімнің рухани ескіруінің жеделдеуімен байланысты. Өнім сапасын
үздіксіз көтеру, оның номенклатурасын жаңарту, өнімнің ғылыми сыйымдылығын
арттыру әлемдік деңгейдегі алдыңғы қатарлы барлық озат фирмалар
қызметтерінің басты мақсаты болып табылады.
Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни,
өнім сапасының жоғарырақ параметрлеріндегі артықшылық пен ерекшелігі
арқасында тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста
жеңіске жетуді қамтамасыз етеді. Ел басымыз Н.Назарбаевтың жолдауында
айтылғандай: “Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпілісті
әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып,
төмендегі бағттарға баса назар аудару керек деп санаймын: Ел
экономикасындағы тұрлаулы, әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет
қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді
қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім
мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті”.[8]
Қазақстан үшін бәсекеге қабілетті өнім өндірудің басты нәтижесі ішкі
нарықпен жалпы ішкі өнім көресткіштерін арттыру, экспортты ұлғайту мен
валюталық түсімдерді көбейту; бюджетке салық түсімдерін қалыптастыру;
халықты еңбекпен қамту; саяси-әлеуметтік тұрақтылық болуы тиіс.
Бүгінгі күні басты мақсат тек қана өндірісті жандандыруға бағытталып
қоймай, өндіріс мекемелерінің инновациялық белсендігін көтеруге, өнім
сапасын арттыруға, өндіріске жаңа жаңа технологияларды ендіруге, сол арқылы
қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалануға аз щығын щығарып, сапалы әрі мол
өнім өнідіруге, өнімнің өзіндік құнын арзандатып, еңбек өнімділігін
арттыруға да бағытталуы тиіс.
Айта кеткен жөн, бүгінгі күнде еліміздің көптеген компаниялары өз
операцияларын елімізден тыс жерлерде жүргізеді, бұл Қазақстанда трансұлттық
компаниялар тобы қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Бұдан, Қазақстан
тауар өндірушілер арасында да бәсекелестік пен өндірілген өнім сапасын
жақсартуға арналған тиімді шаралардың жүзеге асырылуы жөн.
Өнімге, өнім сапасына, бағасы мен бәсекелестігіне кеткен шығындар мен
тиімділігіне, өндірістің барлық құрылымдары мен материалдық-техникалық
базасына тынғылықты талдау жасалыну арқылы, кәсіпорын экономикасының
негізін түсінуге болады.
Курстық жұмысымның мақсаты – кәсіпорынның өнім сапасының ұйымдастыруының
теориялық және әдістемелік негізде Баян Сұлу АҚ-ның мысаланда оның
қызметі мен өнім сапасына талдау жасау.
Өзімнің курстық жұмысымда ҚР-да өнім сапасы, оның бәсекеге қабілеттілігі
қаншалықты жоғары, я төмен екенін, өнім сапасын басқару жүйесі,
сертификаттау, мемлекеттік деңгейде реттеу, ҚР-ның БСҰ-ға кіруі, отандық
өнімнің қаншалықты бәсекеге қабілетті деген сияқты актуалды сұрақтарды
қарастырдым.
Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген:
Бірінші тарауда өнім сапасының экономикалық мәні, оның маңыздылығы,
бәсекеге қабілеттілігін, өнім сапасы ұғымы мемлекеттік стандарттармен
анықталуы, оның жүзеге асуы, жалпы оның қажеттілігі қаншалықты екенін
талқыладым.
Екінші тарауда кәсіпорынның техника экономикалық көрсеткіштерін есептеу,
оған анализ жасау, кәсіпорынға қысқаша сипаттама беру, өнім сапасын талдау
және бағалау.
Үшінші тарауда Қазақстанның БСҰ-ға кіруі, отандық өнімнің сапасы
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың факторы ретінде қарастыру.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық ғалымдардың еңбектері,
оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспа сөз беттерінде жарияланған
ғылыми мақалалардың мәліметтері, интернет беттеріндегі ақпараттар
қолданылды.

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Сапаның экономикалық мәні мен оның көрсеткіштері

Өнім сапасы дегеніміз өнімнің атқаратын міндетімен сәйкес қажеттілік
анықтамасын қанағаттандыруға жарамдылығын қамтамасыз ететін өнім
қасиеттерінің жиынтығы түсіндіріледі.
Нарықтық қатынастарға өтудің қазіргі кезеңдегі жағдайларында кәсіпорынға
өзінің тауарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз ету өте маңызды.
Бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманғы теориясы, Майкл Портердің
кітаптарынан бастау алады. Майкл Портер бәсекелік артықшылықтың үш түрін
бөліп көрсетті: шығындар бойынша артықшылық, саралау және бір нәрсеге
бейімделу.
Шығындар бойынша артықшылық – бұл фирманың бәсекелестерге қарағанда аз
шығындала отырып, тауар өндеу, өндіру және өткізу қабілеті. Басқа сөзбен
айтқанда, бұл артықшылыққа жету үшін кәсіпорын аз шығындармен және өте аз
мерзім ішінде тауар өңдеу, өндіру және өткізуді ұйымдастыру қажет.
Саралау деп сападағы артықшылықты, соның ішінде, өнімнің ерекшелігін,
тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетудегі артықшылықты айтамыз, осы арқылы
тауар тез сатылады, ал кәсіпорынның өнімі бәсекелестеріне қарағанда жоғары
бағаланады.
Бір нәрсеге бейімделу фирманың күш-қуаттарының тұтынушылардың қандай да
бір тобына немесе арнайы бір географиялық нарыққа бағытталуы болып
табылады.
Өнім сапасының бәсекеге қабілеттілік стратегиясы фирманың бәсекелік
артықшалық түрлерінің бірін таңдауы негізінде құрылады: не тұтынушыларды
өзінің өнімдерінің басқа өндірушілердің ұқсас өнімдеріне қарағанда
салыстырмалы арзандығымен қызықтыра отырып, шығындардың артықшылығын
көрсетумен; не тұтынушылардың тауардың жоғары сапасына қызығушылығын тудыру
арқылы бейімделуді таңдау. Бәсекеге қабілеттілік стратегиясын таңдау
көптеген бірқатар факторларға тәуелді болады, оларлдың ең маңыздыларына
мыналар жатады: кәсіпорынның экономикалық потенциалы, оның тауар
нарығындағы қаржылық жағдайы, тұтыну нарығындағы фирманың беделі және
фирмалық белгінің атақтылығы.
Кез-келген өнімнің тұтыну қасиеттері сапа көрсеткіштерінде көрініс
табады.
Сапа көрсеткіштері бірлік, кешендік, интегралдық сапа көрсеткіштері болып
бөлінеді.
Бірлік көрсеткіштер өнімнің жекелеген пайдалы қасиеттерін сипаттайды.
Жиынтықта олар өнім сапасының техникалық-экономиклық деңгейін анықтайды.
Сапаның кешендік көрсеткіштері қасиеттер тобын анықтайды. Интегралдық
көрсеткіш – бұл өнімнің пайдалы қасиеттері мен осы қасиеттерді қамтамасыз
етуге кеткен жиынтық шығындарды саластыру.
Жеке көрсеткіштер үлкенекі топқа бөлінеді: сыныптау (классификация) және
бағалау.
Сыныптау көрсеткіштері өнімнің сыныптау жүйесінде белгілі бір топқа
жататының сипаттайды және өнімнің қызметін, пайдаланылу аймағын және
пайдалану шартын анықтайды. Сонымен, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық
өнімдерінің барлық түрлері жүйелендірілген, кодтық белгілері бар, мысалы,
жалпы ресейлік өнімдер сыныптаушысы. Жалпы ресейлік өнімдер сыныптау өнім
топтарын қалыптастыру үшін қолданылады және өнім сапасын бағалауға
қатыспайды.
Жеке көрсеткіштер 11 топқа бөлінеді (1-ші сурет):

1. Белгілеу көрсеткіштері өнімнің өзіне арналған қызметін орындаудағы
(құрал-жабдықтардың өнімділігі, электр двигательдерінің қуаты,
автомобильдің жүк көтеруі және т.б.) басты қасиеттерін сипаттайды және
оның қолданылу аймағын анықтайды.
2. Сенімділік көрсеткіші 4 бірлік көрсеткіштерімен сипатталады: бұйымның
тоқтаусыздығы, сақталушылығы, жөндеуге жарамдылығы, ұзақ мерзімділігі.
өнімнің ерекшелігіне, оны пайдалану шарттарына байланысты сенімділік
көрсеткіші не барлық төрт бірлік көрсеткіштерімен, не олардың бірімен
сипатталады.
3. Технологиялық көрсеткіштер. Технологиялық бұйым конструкциясының
берілген өндіру көлеміндегі үйлесімді өндірістік, технологиялық
шарттармен сәйкес келу дәрежесімен сипатталады. өндірудің берілген
көлемінде пайдалану талаптарын қанағаттандыратын және ең аз өндірістік
шығындарды қамтамасыз ететін конструкция технологиялық деп есептеледі.
Ол мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
- ресурс тұтыну, яғни, өнім өндірісіне кеткен материал, отын,
энергия, еңбек шығындары;
- ресурс сыйымдылық - өнімнің материал сыйымдылығы, энергия
сыйымдылығы және еңбек сыйымдылығы.
4. Стандарттау мен үйлестіру көрсеткіштері өнім бөлшектері атауларының
жалпы санындағы стандарттық, үйлестірілген және өзіндік бөлшектері
атауларының қолданылу дәрежесімен анықталады. Өнім конструкциясын
стандарттау және үйлестіру деңгейлерін көтеру оның
әртараптандырылуымен, яғни, шығарылатын өнім номенклатурасының
әртүрлілігімен үйлестіре отырып, оның стандартталған бөліктерінің
жаппай өндірісін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.
5. Эргономикалық көрсеткіштер өнім мен адамның өзара әрекетін, оның адам
машина жүйесіне бейімделу дәрежесін көрсетеді. өнімді пайдалану
кезінде пайда болатын жұмысшының гегиеналық, астрометриялық,
физиологиялық және психологиялық қасиеттері кешенін сипаттайды.
6. Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы түрінің ақпараттық
айқындылығын, жинақтың тұтастығын, дизайнын сипаттайды.
7. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнім конструкциясындағы техникалық
шешімдердің жаңару дәрежесін, оның патентік қорғалуын және патенттік
айқындығын сипаттайды және бәсекеге қабілеттіліктің елеулі белгісі
болып табылады. Патенттік-құқықтық көрсеткіштерді анықтауда өнімде
жаңа техникалық шешімдердің, сонымен қатар елде және шетелдерде өнімді
кедергісіз сатуға мүмкіндік беретін патенттермен қорғалған шешімдердің
болуы есепке алынады.
8. Тасымалдаушылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділік
дәрежесін көрсетеді.
9. Экологиялық көрсеткіштер қоршаған ортаға өнімді пайдалану немесе
тұтыну кезінде пайда болатын зиянды әсер ету деңгейлерін сипаттайды,
мысалы, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қоспалардың болуы, өнімді
сақтау, тасымалдау, пайдалану немесе тұтыну кезінде зиянды бөлшектерді
тастау, газдар мен сәулелер тарату ықтималдылығы.
10. Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе тұтыну кезіңдегі,
оны монтаждау, қызмет көрсету, жөндеу, сақтау, тасымалдау және тұтыну
кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім ерекшеліктерін
сипаттайды.
11. Экономикалық көрсеткіштер сапаның жеке көрсеткіштері жүйесінде ерекше
орынға ие. Олардың көмегімен өнімді өңдеу, өндіру және пайдалануға
кеткен еңбек шығындары белгіленеді және оның тұтынудың экономикалық
әсері есептеледі. Оларға мыналар жатады: бға, өзіндік құн, өнім
рентабельділігі және өнімнің негізгі қызметінің абсолютті түрде де,
көрсеткіш бірлігі түрінде де пайдалану шығындары.
Сапаның жалпы қорытынды көрсеткіштері, кәсіпорын шығаратын өнімнің
жалпы сапасын сипаттайды. Олар-сатудың жалпы көлеміндегі бәсекеге
қабілетті жоғары сапалы өнімнің көлемі мен үлес салмағы, жоғары сапалы
өнім өткізуден кәсіпорынның алған пайдасы, өнімнің сорты, таңбасы.
Сонымен қатар сапа көрсеткіштері абсолютті,салыстырмалы, заттық немесе
құндық өлшемдерде бейнеленуі мүмкін.
Сапа деңгейі – салыстырмалы сипаттама. Талданылатын өнімнің сапа
көрсеткіштерін үлгі-өнімнің ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру арқылы
есептеледі. Үлгі ретінде стандарттар, техникалық шарт, болашақ жаңа
бейнедегі үлгі, шетелдңк ұқсас өнім алынады.
Сапаны қалыптастыруға кеткен шығындарға байланысты сапа деңгейі
төмендегідей болып бөлінеді:
- өнімнің абсолюттік сапа деңгейі, өнімнің өндірісі толып жатқан
экономикадан тыс ұғымдармен, соның ішінде, елдің қорғаныс
қабілеттілігін,оның әлемдік нарықтағы беделін қамтамасыз ету
шарттарымен, ғарыштық техниканың дамуымен т.б. ықпаламен
жүргізілуі мүмкін;
- қауіпсіз сапа деңгейі, мұндай өнімді пайдалану қауіпсіздігі
қамтамасыз етіледі;
- сапаның экономикалық оптимальды деңгейі, яғни өнім өндірісі мен
тұтынуға өте аз шығындар жұмсай отырып, қажеттілікті ең жоғары
деңгейде қанағаттандыру. Интегралдық көрсеткіш негізінде
анықталады. Азаматтық өнімнің көптеген түрлері үшін сапның дәл
осы оңтайлы деңгейі қолайлы.
Өнім сапасы көрсеткіштерінің барлық жүйесі кәсіпорынды басқарудың ұйымдық-
экономикалық механизмінде кеңінен пайдалынылады. Көбіне шығарылатын өнім
сапасын талдауда, өңдеуге жаңа өнім енгізгенде, болжамдау кезінде, сапаны
болашақ және ағымдық жоспарлауда қолданылады.
Өнімнің қайта өңделетін түрлері бойынша үлгімен салыстырғандағы бірлік және
кешендік сапа көрсеткіштері кәсіпорынның техникалық деңгейі мен сапа
картасында, стратегиялық жоспарда, сонымен қатар, кәсіпорынның техникалық
дамуының болашақтағы, ағымдық жоспарында көрсетіледі. Сериялық өндірісте
игерілген өнім сапасының фактылық деңгейі стандарттар мен техникалық
шарттар талаптарымен салыстырылады, соңында, ол тұтыну сферасында есепке
алынады, мұнда кәсіпорынның маркетингтік қызметтері тұтынушылардың сапа
көрсеткіштеріне қоятын талаптары мен сұраныстары туралы мәліметтер жинайды.
Бұл мәліметтер сапаны қалыптастырудың барлық сатыларында сапа
көрсеткіштеріне басқарушылық ықпалдар жасау кезінде негізге алынады.
Мысалы, бизнес-жоспардың “Тауарлар мен қызметтер түрлері” бөлімінде
барлық өнім сапа деңгейіне байланысты топқа бөлінеді:
Жоғары сапалы өнім өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша
ұқсас бәсекелес тауарлардан артық болады. Көптеген жағдайларда бұл
негізінен жаңа өнім болып табылады. Мұндай тауарлардың өндірушісі өз
пайдасын өнімге өте жоғары баға белгілеу есебінен де, нарықтығы өзінің
үлесін арттыру есебінен де елеулі түрде көбейтуі мүмкін.
Бәсекеге қабілетті өнім негізінен сапаның жоғары деңгейіне сәйкес
келеді, бірақ осы нарықтағы ұқсас тауарлар арасында орташа сапа деңгейін
иеленуі де мүмкін. Соңғы жағдайда тауардың бәсекеге қабілеттілігіне жарнама
және сатуды ынталандыру жөніндегі іс-шаралар есебінен қол жеткізіледі және
ол, негізінде, баға құруға, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге, жарнамаға,
өткізу арналарын таңдауға және т.б. тәуелді болады.
Сапа деңгейі төмен өнімдердің тұтастай алғанда көптеген бәсекелестер
өніміне қарағанда бірнеше нашар тұтыну қасиеттері болады. Бұл жағдайда
фирманың нарықтық бағыты тұрақты болып қалуы үшін өндіруші мұндай
тауарларға бағаны төмендету стратегияларын қолдануына болады.
Сапа деңгейі өте төмен өнімдер әдетте бәсекеге қабілетсіз, не
тұтынушысын ешқашан таппайды, не тек өте төмен бағада ғана сатылуы мүмкін.
Бұл жағдайда өндірушіге не мұндай өнімнің сапасын көтеру, не нарықта жаңа
өнімдерге ауыса отырып, оны өндірістен алып тастау керек.

1.2 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді сертификаттау

Мелекеттік стандарттқа сай, өнім сапасын басқару – бұл өнім сапасына
әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсатты бағытта ықпал ету және
сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, өндіру,
айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті
деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдау.
Өнім сапасын басқару жүйесі эволюциясының ХХ ғасырда бірнеше кезендері
болды.
І кезеңде ХХ ғасырдың басында Ф.У. Тейлор сапаның жоғарғы және төменгі
шектері, рұқсат етілген аймақ түсініктерін қамтитын жүйені ұсынды, сапа
жөніндегі тәуелсіз инспектор қызметін, ақаулы және жарамсыз өнімдер
шығаратындар үшін айыппұлдар жүйесін орнатты.
ІІ кезеңде (20-50− ші жылдары) сапаны бақылаудың статистикалық әдістері
дами бастады.
ІІІ кезеңде (50-80 жылдары) шетелдерде де, біздің елімізде де алғаш рет
фирма ішілік жүйелер пайда болды. Бұл жүйелерде сапаны қамтамасыз ету
әдістерін жалпы менеджемент негіздерімен үйлестіру басталды.
Россияда Саратовтың ақаусыз өнім өндіру (АӨӨ) жүйесі, Львовтың ақаусыз
еңбек жүйесі, Горьковтің ССАӨР жүйелері сияқты жүйелер кеңінен танымал
болды және кәсіпорындарда қолданыла бастады. АӨӨ жүйесінің мәні – әрбір
жұмыс орнында технологиялық процесс талаптарын қатан сақтау және өнімдерін
техникалық бақылау бөлімі алғаш талап еткен кезден бастап беру болып
табылады. Басқару объектісі тек өндірістік саты мен жеке орындаушының еңбек
сапасы болып табылады.
Львовтың ақаусыз еңбек жүйесі, ААӨ жүйесі сияқты, ең алдымен, тікелей
орындаушылардың жоғары еңбек сапасына бағытталады, бірақ басқару объектісі
өнімнің өміршендік циклының кез келген сатысы бола алады.
Горьковтің ССАӨР (сапа, сенімділік, алғашқы өнім ресурсы) жүйесінде
негізгі басқару объектісі өндірісті жобалау және технологиялық дайындау
сатылары болады, мұнда құрастыру және технологиялық құжаттардың жоғары
деңгейі қамтамасыз етілуі керек, ал жаңа өнімнің тәжірбиелік үлгісі
ресурстарды сынақтан өткізу негізінде сенімді және ұзақ мерзімді
кепілдендірілген деңгейде болады.
Өнімнің өміршендік цикллінің барлық сатысын қамтитын ең кешенді жүйе
ӨСБКЖ (өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі) болып табылады, ол
70−жылдардың ортасында Жоғарғы ғылыми-зерттеу институтының стандарттауынан
құралған. Бұл жүйе ұйымдастырылған жобалау объектісі болып табылады. Оның
негізін кәсіпорындар стаедарттар құрайды.
80 жылдары (IV кезең) өнім сапасын басқару өнімнің өміршендік циклінің
барлық сатысында бүкіл өндірісті басқару деп қарастыратын жүйелер пайда
болды. Мұндай жүйелерге TQM (total quality management-сапаны жалпы басқару)
жүйесі жатады, бұл жүйе 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына
негізделген жүйе.
TQM сапаның үнемі жақсаруына, өндірістік шығындардың азаюына және өнімді
дәл уақытында жеткізіп беруге бағытталған кешенді жүйе болып табылады.
Жүйенің негізі мына принциптер болып табылады:
• өнімнің ақауының болмауы;
• өндірістік емес шығындардың болмауы;
• түтынушыларға өнімді дәл уақытында жеткізіп беру.
TQM негізі – сапаның жақсаруының шегі жоқ.
1987 жылы АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен халықаралық стандарттау
ұйымының (ИСО) техникалық комитеті 9000 сериялы бес халықаралық
стандарттарына ы дайындады және бекітті, бұл стандарттарыда өнім сапасын
қамтамасыз ету жүйесі, оның ішінде, өнімді өңдеу, өндіру, өнімді сынақтан
өткізу мен бақылауларын ұйымдастыру, өнімді пайдалану, сақтау және
тасымалдау талаптары белгіленген. ИСО 9000 халықаралық стандарттары сапа
жүйелері бойынша келесідей бес атаудан тұрады:
1.ИСО 9000. Сапаны жалпы басқару және сапаны қамтамасыз ету стандарттары.
Таңдау және қолдану жөніндегі басқару нұсқаулары.
2. ИСО 9001. Сапа жүйесі. Жобалау ненмесе өңдеу, өндіру, монтаждау және
қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
3. ИСО 9002. Сапа жүйесі. Өндірісте және монтаждауда сапаны қамтамасыз ету
үлгісі.
4. ИСО 9003. Сапа жүйесі. Соңғы бақылау мен сынақ өткізуде сапаны
қамтамасыз ету үлгісі.
5. ИСО 9004. Сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері. Басқару
нұсқаулары.
Бұл стандарттардың артықшылығы төмендегілерге бағытталғандығында болып
табылады:
- жүйелік тәсілдің сапасын басқаруға қолданылуына;
- сапаның тұтынушыға бейімделуіне;
- өнімнің өміршендік циклінің барлық сатылары бойынша өнім сапасына
қойылатын талаптарды тәртіпке келтіруге;
- барлық негізгі қызметтері бойынша сапаны басқаруға;
- өнім сапасына қойылатын нақты талаптарды құжат түрінде
дайындауға;
Халықаралық стандарттардың дамушы сипатын, сонымен қатар олардың
халықаралық нарыққа шығу кезіндегі реттеуші рөлін ескере отырып, ИСО 9001,
9002, 9003 стандарттары Ресейде тікелей пайдалану үшін қабылданды.
Мемлекеттік стандарт оларға сәйкес мемлекеттік стандарттар бекітті.
Кәсіпорынға енгізілетін сапа жүйесі сапа саласында оның нақты қызметінің
ерекшеліктерін есепке алу арқылы белгілі бір мақсатқа жету үшін белгілі бір
саясат жүргізуді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылыды.
Сапа саласындағы саясат ұзақ мерзімді мақсат түрінде қалыптасады және
мыналарды қарастырады:
• кәсіпорынның экономикалық жағдайын қарастыру;
• өнім өткізу нарықтарын кеңейту немесе жаулап алу;
• алдынғы қатарлы фирмалар деңгейінен артық болатын өнімнің техникалық
деңгейіне қол жеткізу;
• белгілі бір салалардағы немесе белгілі бір аймақтардағы
тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бейімделу;
• жаңа қағидаларға сай жүзеге асырылатын функционалдық мүмкіндіктерді,
өнімді игеру;
• өнім сапасының ең маңызды көрсеткіштерін жетілдіру;
• өндірілетін өнімнің ақаулылық деңгейін төмендету;
• өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;
• қызмет көрсетуді дамыту.
ИСО стандарттарына сәйкес өнімнің өміршендік циклы 11 кезеңнен (сапа
негіздерінен) тұрады:
1. Маркетинг, нарықты іздеу мен зерттеу
2. Техникалық талаптарды жобалау және өндеу, өнімді өндеу.
3. Материалдық-техникалық жабдықтау.
4. Өндірістік процесстерді өндеуге дайындық.
5. Өндіріс.
6. Бақылау, сынақ жүргізу және зерттеу.
7. Орау және сақтау.
8. Өнімді өткізу және бөлу.
9. Монтаж және пайдалану.
10. Техникалық көмек және қызмет көрсету.
11. Сынақтан өткізгеннен кейінгі пайцдалану.
Сапаны басқару жүйесіне әрбір кезең бойынша кәсіпорын стандарттары түрінде
дайындалған, өнім сапасының талаптарын реттейтін құжаттар кешені кіреді.
ИСО 9000 стандарттары сапаны басқару жүйесіне спа саласындағы саясаттан
басқа, мынадай ішінара жүйелер кіреді:
- сапаны қамтамасыз ету өнімнің өміршендік циклінің әрбіркезеңінің
орындалуы үшін қажетті жағдайларды құрайтын және оның сапасына
қойылатын барлық талаптардың қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін
жоспарланған және жүйеленген түрде жүргізілетін іс-шаралар
жиынтығын қамтиды.
- Сапаны басқаруға жоспарлау, реттеу, есепке алу, бақылау, өнім
сапасын талдау сияқты басқару функциялары негізінде
басқарушешімдерін қабылдау жатады.
- Сапаны көтеру - өнім сапасын жақсарту бойынша үздіксіз
жүргізілетін іс-шаралар(1-сурет)
Сапаны басқару жүйесінің өңделген құжаттарында ИСО 9000 стандарттарының
талаптары, кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, сонымен қатар,
тұтынушылардың арнайы талаптары көрсетіледі.
Сапаны басқару жүйесі сертификат алу, яғни аттестациядан өтеді.
Кәсіпорынның сапа жүйесінде сертификатының болуы түрлі жобаларға қатысу
үшін оның тендірге жібеорілу шарттарының бірі болып табылады.
Сапаны басқару жүйесі ИСО 9000 базасында, егер ол TQM типіндегі
сапаны басқару жүйесімен біріктірілсе өте тиімді болады.
2000 жылы сапаны басқару саласындағы тәжірбиені жинақтап қортындылаған
халықаралық стандарттың жаңа версиясы жасалынды. Мұның алдындағы версияға
(ИСО:1994) енгізілген негізгі өзгерістер ішінен мыналарды бөліп көрсетуге
болады:
- стандарттардың жалпы саның қысқарту;
- тұтынушылады қанағаттандыруға бағыттау;
- стандарттарды үздіксіз жетілдіру;
- құжаттардың ең қисынды құрылымы;
- ұйымды басқарудың процестік тәсілі.
2000жылы желтоқсанда Ресей Федерациясы Мемлекеттік стандартты
халықаралық стандарттың жаңа ұйғарымын бекітті: ИСО;2000:9000:2000 сериялы
ИСО стандарттарында қарастырылған әдістемеге сәйкес, прцесс – бұл нәтижесі
сандық көріністе болатын белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекет.
Процесстік тәсілді жүзеге асыру үшін кез келген ұйым өзінің іс-әрекетінде
төмендегілерді қамтамасыз етуі керек:
а) сапаны басқару жүйесініңбарлық элементтері бойынша шектеулі ресурстарды
бөлуді қарастыратын элементтік тәсілден айырмашылығы-фирма іс-қызметіне
жоғары дәрежелі нәтиже алып келетін қатаң анықталған процесстерде
ресурстардың шоғырлануы;
б) кіру-шығу, яғни, сапа басқару жүйесі шегінде қызымет ететін баолық
прцесстердің ресурстар-нәтижелер арақатынасын тұрақты бағалау.
Осыған орай, процесстік тәсілді пайдалану арқасында кез-келген сапаны
басқару жүнкцияларды (жоспарлау, үйлестіру, реттеу,бақылау,есепке
алу,сапаны талдау) басқарудан нәтижені басқаруға қайта бейімделуі қажет,
бұлардың жиынтығы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің және өнімнің
сапасын басқару жүйесінің тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етуі керек.
ИСО 9000:1994 сапаны басқару жүйесінде кәсіпорындарға бөлініп берілген
сертификаттардың әлі белгілі бір уақытқа дейін күші жойылмайды. Болашақта
олар ИСО жаңа ұйғарымымен қайта қаралуы қажет.
Сапаны басқару жүйесінің ұйымдық қамтамасыз етілуі сапаны басқару жүйесін
басқарудың Ұымдық құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Ол кәсіпорындарды
басқарудың ұйымдық құрылымы шегінде белгіленіді және басқару қызметкерлері
сияқты, сапаны жалпы басқару, қамтамасыз ету және сапаны жоғарлату
қызметтерін тікелей орындаушылардың да құқығы мен міндеттемелерін бөлу
болып табылады (2-сурет сапаны басқару қызмет-ң құрылымы).

Өнім сапасын басқару жүйесінің басты мақсаттары:
- сапа жөніндегі барлық бөлімшелер қызметтерінің үйлестірілуі;
- өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын басқару және қамтамасыз ету
әдістерін өңдеу;
- сапаны басқару бойынша оқу бағдарламаларын дайындау;
- кәсіпорының сапа жөніндегі қызметінің нәтижелерін талдау;
- сапа жүйесін және оны жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруды
кезендік тексеру.
Ол сонымен қатар, көптеген кәсіпорында жеткілікті дами қоймаған бірқатар
қызметтер атқарады. Мұндай қызметтерге төмендегілерді жатқызуға болады:
- кәсіпорынның нарықтағы өніміне сұраныс пен қажеттіліктерді
зерттеу және болжамдау;
- өнімнің өміршендік циклының түрлі сатыларындағы сапа туралы
қажетті мәліметтерді жүйелендіру және жинау;
- сапаны кешендік техникалық-экономикалық талдау, оны қамтамасыз
ету шығындары және сапа жүйесі мен өнімнің сертификациясы
жөніндегі мәліметтерін дайындау, сапаны басқару жүйесі мен
өнімнің сапасын жоғарлатудағы экономикалық тиімділікті бағалау.
Сапаны басқару бөлімі осы қызметтің орталық бөлігі болып табылады. Ол
сапаны басқару жүйесі бойынша барлық құжаттарды жасауды үйлестіреді,
өнімнің жобалау конструкторлық зерттеуінен бастап, өнімді өткізу
сатысындағы сапасын бақылауға дейін, сапаны басқару жөніндегі барлық
қызметтердің орындалуын бақылайды.
Сапаны басқару бөлімі кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтеріне
өнімнің жаңа сапасына және негізгі пішініне тұтынушылардың сұраныстары мен
талаптары туралы мәліметтерді беру үшін сапа жөнінде ақпараттарды жинақтап
қорытындылайды және талдау жасайды. Сапаны басқару бөлімінің маңызды
қызметі - өнімнің өміршеңдік циклының барлық кезеңдерінде оның сапасын
қамтамасыз ету шығындарын оңтайландыру және талдау, сонымен қатар, сапаны
басқару жүйесінің өзінің тиімділігін бағалау болып табылады. Сертификаттау
бөлімі шығарылатын өнімдерді, сапаны басқару жүйесінің өзін сертификаттау
үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Техникалық бақылау бөлімі кәсіпорын
директорына тікелей бағынышты бола отырып, қызметіне қарай сапа жөніндегі
директордың орынбасарына бағынады.
Сертификаттау - өнімнің қойылған талапларға сай келетінін дәлелдейтін іс-
әрекет.
Сертификаттау келесідей мақсаттарға жетуге бағытталған:
- біртұтас тауар нарығында кәсіпорынның және ұйымның іс-қызметіне, сондай-
ақ, халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық
-қа және халықаралық саудаға қатысуға жағдай жасау;
- тұтынушылардың өнімге жетік талдау жасауына көмектесу;
- өнімнің бәсекеге қаблеттілігін жоғарлатуға және оны экспорттауға
көмектесу;
- тұтынушыларды арам ниетті өндірушілерден қорғау;
- өнімнің адам өміріне, денсаулығына, мүлікке қоршаған ортаға
қауіпсіздігіне бақылау жасау;
- өндіруші ұсынған өнім сапасының көрсеткіштерін дәлелдеп бекіту.
Сертификаттаудың зерттелген ережелері мен шарттары – халықаралық
стандарттау ұйымының, халықаралық электротехникалық комиссиясының және ИСО
9000 халықаралық стандарттарының басшылығымен жасалған заңдық күші бар
халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес құрылған.
Сертификаттаудың негізінде мынадай принциптер бар:
1. Сертификаттау критерийлерін таңдау. Критерий дегеніміз – шығарылған
өнімнің ұлттық стандартқа сай келуі;
2. Сертификаттаудың 10 жұйесі ішінен біреуін таңдау;
3. өнім өндірісінің технологиялық процесінің тұрақтылығы, сапа басқару
жүйесін пайдалану, оны бағалау және іс-әрекеттерін бақылау;
4. Сертификаттау жұмыстарын жүргізу мен сынақ өткізу нәтижесінің
объективтілігі мен тәуелсіздігі. Сертификаттау оң нәтиже берген
жағдайда, өнімге таңба, сертификат белгісі, сәйкестілік сертификаты
түрінде дәлелдеме куәліктері беріледі.
Өнім сапасының жүйелерін сертификаттау 9000 сериалы ИСО стандарттарының
нормативтік үлгісіне негізделеді.
ГОСТ Р 40. 003-96 сәйкес сапа жүйесін сертификаттауда үш этап бөлініп
көрсетіледі:
1. Сапа жүйесін алдын-ала бағалау;
2. Сапа жүйесін ең соңғы тексеру және бағалау;
3. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бақылау.
Егер кәсіпорында сапаны басқару жүйесі зерттеліп, әрекет еткен болса,
онда оның деңгейін халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сай деңгейге
дейін жеткізу мәселесі бой көтереді. Жұмыс істеп тұрған жүйені талап
етілген деңгейге дейін жеткізу процедурасы мынадай кезеңдер бойынша
жүргізілуі керек:
1. Жұмыс істеп тұрған сапаны басқару жүйесін және оның жекелеген ішінара
жүйелерін 9000 сериалы ИСО халықаралық стандарт талаптарына сай келуі
жағынан алып талдау.
2. Өнімнің өміршендік циклының барлық сатыларында өнім сапасы бойынша
заідық күші бар нормативтік-техникалық құжаттарды талдау.
3. сапа саласындағы сапа саясатты зерттеу және бекіту.
4. өнім сапасын қамтамасыз ету, басқару және жақсарту бойынша жаңа
әдістемелік құжаттарлды дайындау.
5. 9000:2000 сериалы ИСО стандарттары талаптарына сәйкес құжаттарын
сараптау.
6. сараптау нәтижелері бойынша сапаны басқару жүйесінің құжаттарын қайта
дайындау.
7. Сертификаттау органдарында 5 және 6 сертификаттау жүйелері бойынша
сапа жүйелерін сертификаттау.

1.3 Өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтерудің
экономикалық маңызы мен тиімділігі

Өнім сапасын көтеру, яғни оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру деген сөз.
Ондай болса, бір көрсеткіштің жоғарлауы, екінші көрсеткіштің жоғарлауына
алып келеді. Бұдан экономикалық тиімділік пайда болады. өнімнің сапасы мен
бәсекеге қабілеттілігін көтерудің экономикалық маңызы өндіруші мен
тұтынушының екі жақты тиімділігінде анықталады. Өндірушіде – бұл нарықты
жеңіп алу, келісімшарт бағалары мен өнім рентабельділігін арттыру, ал
тұтынушыда - өнімді өндіруде материалдық-техникалық және еібек ресурстарын
ұнемдеу болып табылады.
Еркін нарық жағдайында өндірушіге де, тұтынушыға да өндіріс тиімділігін
көтеру, құнын төмендетумен қатар, сапаны көтеру шешуші фактор болып
табылады.
Біріншіден, өнім сапасын көтеру пайдалы әсер бірлігіне материалдық-
техникалық және еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тұтынушыға ағымдық шығындардың мұндай үнемделуі жаңа техниканың
жақсартылған көрсеткіштерін береді:
Э‏ mм-m,e = Рсб (ΔКоа * ΔКса * ΔКфуа –
1)*Жжт,
Мұндағы: Э‏ mм-m,e - материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын
үнемдеу; ΔКоа , ΔКса және ΔКфуа - жаңа техниканың өнімділікті,
сенімділікті, табиғи өміршендігі арттыру коэффиценттері; Рсб - базалық
техниканың ресурс сыйымдылығы; Жжт -жасалған келісімшарттар мен
маркетингтік зерттеулер мәліметтері бойынша техниканың жоспарланған сату
көлемі.
Өнімнің сапасын көтеру өндірушіге баға мен оның рентабельділігін
жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, жаңа техниканың сапасын көтеру тұтынушыға құндық фактор
есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру арқылы оның сату көлемін
арттыру есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді
(Э өқ(т) ):
Э өқ(т) = Штшн *(К жтө - 1),

Мұндағы: Штшн- негізгі кезендегі тұтынушыдағы өнімнің құнының шартты-
тұрақты шығындары;К жтө- жаңа техника өнімділігін арттыру есебінен нарықтық
қажеттілік шегінде өнім шығаруды көбейту.
Үшіншіден, жаңа техника сапасын көтеру тұтынушыға техникалық қызмет
көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығындарды саластырмалы түрде қысқартуға
мүмкіндік береді (Этқж(т)):

Этқж(т) = Штқжн * (Көа- 1)*Жкп

Мұндағы:Штқжн- машиналар мен құрал-жабдықтар паркінің жөндеу
күрделілігі бірлігі есебіндегі негізгі кезенде техникалық қызмет көрсету
мен жөндеуге кеткен шығындар; Жкп- машиналар мен құрал-жабдықтар паркінің
жөндеу күрделілігі бірлігінің жиынтық саны.
Төртіншіден, өнім сапасын көтеру тұтынушыға өндірісті ұлғайтуға кеткен
капитал салымын үнемдеуге мүмкіндік береді (Экст):

Экст =ΔӨ*Ққт* Кс

Мұндағы: ΔӨ- заттық түрдегі жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнімді
тұтынушының өндіруі мен өткізуін арттыру;Ққт- тұтынушының негізгі
өндірістік қорларының активті бөлігін қор қайтарымдылығы;Кс- тұтынушыдағы
капитал салымы.
Сонда, бәсекеге қабілетті өнім сапасын көтеру нәтижесіндегі тұтынушыдағы
экономикалық әсердің жиынтық мөлшері мына түрде көрінеді (Эфк(т)):

Эфк(т) = (Эмр(т) +Эткж(т)+Эөқ(т)) – Рефн(т)* (ΔSнқ(т)- Экс(т)),

Мұндағы: ΔSнқ(т)– негізгі кезендегі негізгі өндірістік қорлардың
рентабельділігі (Рефн) кезінде тұтынушыдағы негізгі өндірістік қорлар
құнының өсуі.
Бір қарағанда бір жолғы және ағымдық шығындардың артуына алып келетін
жаңа техника сапасын жасап шығаруды арттырудан түскен барлық табыстарды
тұтынушу алатын жағдай төтенше, әдеттегіден тыс әсер тудырады.
Бірақ, тіпті нарықтық экономикалық жағдайында өнім сапасы мен бәсекеге
қабілеттілігін көтеру өндіруші үшін экономикалық жағынан тиімді.
Жаңа техниканы өндіруші, біріншіден, бәсекеге қабілетті өнімге өте
жоғары баға беру есебінен қосымша пайда алады (ΔП(ө)):

ΔП(ө)=[(Бқ-шжт - Өқжт) – (Бқ-шет- Өқет)]* Жжт

Мұндағы: Бқ-шжт және Бқ-шет- жаңа және ескі техникалалардың келісімшарты
нарықтық бағасы; Өқжт және Өқет- жаңа және ескі техникалаларды шығарудың
өзіндік құны.
Екіншіден, өнім сапасын көтеру өнімге тұтынушылардың кінәрат-талабы және
ол бойынша ықпал шараларды төмендетуге тура келеді.
Сонда, өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруден алынатын
экономикалық әсер мөлшерін мына түрде анықтауға болады (Эфк(ө)):
Эфк(ө) =П(ө) + ΔПсанк – Реф(ө) * Кс(ө)
Мұндағы: Псанк - жарамсыз өнімнің құны мен ақауларын жоюға кеткен
шығындар; Реф(ө) - өндірушідегі негізгі өндірістік қорлардың
рентабельділігі; К с(ө) - өндірушідегі капитал салымы.
Бір-бірімен байланысты салалардағы әсерді (Эфкс) есептеу арқылы өндіруші
мен тұтынушудағы жиынтық экономикалық әсер халық шаруашылық әсерін (Эф(хш))
құрайды:

Эф(хш) = Эфк(ө) + Эфк(ө) +Эфк(с)

2 КӘСІПОРЫНДА ӨНІМ САПАСЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Баян Сұлу АҚ-ның өндірістік шаруашылық қызметін талдау
Баян сұлу акционерлік қоғамы - 1974 жылы Қостанай кондитерлік
фабрикасы деген атпен құрылған. Алғашқы өнім шығару қуаты жылына 24560
тоннаны құрады. Акционерлік қоғамның және оның атқарушы органының
орналасқан жері (заңды мекен-жайы): Қазақстан Республикасы, 458006,
Қостанай қ, Бородина к-сі, 198.
Баян Сұлу акционерлік қоғамы ( әрі қарай Акционерлік қоғам,
Қоғам деп аталады) құрылтайшылардың келісімінің негізінде құрылған және
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының
Акционерлік қоғамдар туралы Заңының Қазақстан Республикасының басқада заң
актілерінің және осы жарғының негізінде әрекет етеді.
Кәсіпорынның алғашқы директоры негізгі мамандығы инженер механик -
Танашев Неғмет Бұқпан ұлы болды. Оның басқаруындағы жылдарда кәсіпорының
барлық цехтары өндіріске қосылды. Бұл үшін көптеген жұмыстар атқарылды,
оның ішінде: жоғары білікті және квалификацияланған жұмысшылар дайындау
қажет болды. Ол үшін жұмысшыларды институттарға, техникумдарға, ПТУ- ға
жіберілді және алты ай көлемінде өз профессиялары бойынша стажировкаға
Алматы, Қарағанды, Ақтөбе қалаларына жіберіліп отырылды.
Бірінші кезекте кәсіпорында карамельдік цех іске қосылды. Оның қуаты
жылына 2260 тонна болатын карамельдер өңдіріске шығарылды (Фруктово-
ягодный букет, Студенческая, Солнечная).
1975 жылы наурызда өңдіріске бисквиттік цех қосылды. Осы жылы шілде
айында өңдіріске какао өнімдерін өңдіру және кәмпиттік, шоколадтық цехтар
іске қосылды. Осы цехтар әйнекейлі және әйнекейсіз кәмпиттер, шоколад және
шоколад ассортименті өңдірілді.
1977 жылы Танашев Н.Б мырза өнімдердің жаңа түрін өндіруге байланысты
жиналыс өткізді.
1975-1980 ж.ж - өндіріске үлкен көлемде карамельдердің,
мармеладтардың, вафельдердің және иристің жоғаржы сортын үлкен көлемде және
аса қатты қуаты өндірісін қосқан кезеңі болды.
1981 жылы тамыз айында Қостанай кондитерлік фабриканың директоры, 1946
жылы туылған Киселев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің сапасын көтерудің негізгі бағыттары
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері жайлы
Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару
Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі капитал жұмсалымы
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтеру
Экономикалық қатнастар ортасы экономикалық көрсеткіштері
«Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы
Пәндер