Қр-да инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

7. ҚР-да инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы

9. Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі

Кәсіпкерлік қызмет пен экономиканың дамуына ықпал ететін негізгі құрал-инвестициялық с аясат болып табылады. Инвестициялық саясат көмегімен мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП-ті жеделдетуге, қоғамдық өндіріс құрылымына және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей ықпал ете алады.

Инвестициялық саясат ұғымынан бұрын "саясат" сөзінің мәніне тоқталайық. Саясат - бұл (грек тілінен politike деген сөзден шыққан аударғанда мемлекетті басқару өнері) қоғамдық қызмет түрінде түсіндіріледі. Ал саясатты инвестициялық қызметпен байланыстыратын болсақ, онда ол инвестициялық процессті ұйымдастыру шараларын сипаттайды.

Инвестициялық саясат - бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында барлық шарушылық субъектілері үшін қолайлы жағдай жасау барысында мемлекеттің жүргізетін шараларының жиынтығы.

Жалпы алғанда мемлекет инвестициялық қызметтің жандануына мынадай құралдар көмегімен ықпал етеді:

  • несие саясаты;
  • қаржы саясаты;
  • салық саясаты;
  • амортизациялық саясат;
  • ғылыми-техникалық саясат

Қазіргі кездегі ҚР инвестициялық саясатын қарастырар болсақ, онда еліміздің инвестициялық саясатының мақсаты - тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатында бəсекеге қабiлеттi, жоғары технологиялы жəне ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамытуға басым тəртiппен бағытталатын, ішкi жəне сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейiне қол жеткiзу.

Қазақстандағы ең басты стратегиялық мiндеттердiң бiрi əрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын iске асыруға мүмкiндiк беретiн тiкелей жəне "қоржындық" инвестицияларды тарту болып келдi. Экономиканы дамытуға бағытталған қаржы ресурстары көлемiн едəуiр арттырмайынша IЖӨ өсiмiнiң жыл сайынғы 5-7% деңгейiнде болжанып отырған жоғарғы қарқынына қол жеткiзу мүмкiн емес. Мемлекеттiк жəне жеке инвестициялардың экономикаға тартылған ағымдағы көлемi осы заманғы экономиканың жылдам өсiп отырған қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз. Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi қазiргi кезде IЖӨ-нiң 18-19%-ынан аспайтын мөлшердi құрайды, ал елiмiзге осы қолда бар деңгейден екi есе асып түсетiн инвестициялар көлемi қажет.

Бүгiнгi таңда жүргiзiлiп отырған инвестициялық саясат бiрқатар жағымдылықтарымен сипатталады, солардың арасынан шетелдiк инвестицияны тарту үшiн тұтас алғанда қолайлы инвестициялық ахуалдың

сақталғанын, бағалы қағаздар нарығының құрылғаны мен дамығанын, жаңа институционалдық инвесторлар қалыптасқанын, экономиканы кредиттеуде банктердің рөлi күшейгенiн атап өткен жөн.

Еліміздегі шетелдiк инвестицияларды тарту көлемi бойынша Қазақстан жан басына шаққанда ТМД елдерi арасында жетекшi орынға ие болып келедi. Жыл сайынғы тiкелей шетелдiк инвестициялардың жиынтық көлемi орта есеппен IЖӨ-нiң 8%-ы деңгейiнде сақталып отыр.

Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалға мынадай жолдармен қол жетiп отыр:

- саяси тұрақтылықты жəне алдын ала болжауды сақтау;

- валютаның тұрақтылығын қолдау;

- нарықтық өзгерiстерге бағытталған реформалар жолын ұстану саясатын жүргiзу жəне əлемдiк экономикаға интеграцияланған демократиялық құқықтық мемлекет құру.

Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң белсендi позициясы экономикаға инвестиция көлемiн арттыру үшiн мүмкiндiк жасайды, түпкi мақсаты - жоғары қосылған құны бар өндiрiстi дамытудың, əр түрлi қаржы құралдарын дамытуды ынталандыру жолымен, өтiмдi қаражатты өнеркəсiптiк мақсаттарға сəйкес пайдалану үшiн тетiктердi iске қосуға мүмкiндiк бередi.

Енжар инвестициялық саясат жүргiзудi жалғастыру экономикалық өсудiң жоғары қарқынына қатысты болжамдардың орындалуына қатер төндiредi.

Инвестициялық саясатқа мемлекет белсендi түрде араласпаса, экономиканың өндiрушi салаларының басым түсуi одан əрi жалғаса беретiн болады. Елдiң болашағы оның табиғи ресурстар қорының мөлшерiне тəуелдi болып қалады.

Тиiстi мемлекеттiк бақылау болмаса капиталдың жылыстау процесi жалғаса беретiн болады, қазiргi iшкi инвесторлардың қаржылық мүмкiндiктерiнің шектеулілiгiне байланысты қор нарығы шетелдiк инвесторлардың ықпалында қалып қоюы мүмкін.

Қазiргi инвестициялық саясатқа жасалған талдаудан елдiң экономикалық игiлiгiнiң негiзi болып табылатын экономиканың өндiрiстiк секторын дамытуды қаржыландыру жеткiлiктi дəрежеде жүргiзiлмейдi деп қорытынды жасауға болады. Соңғы жылдардағы экономикалық зерттеулер тəжiрибесi, шетелдiк жекеше инвестициялардың бəсекеге қабiлеттi, жоғары қосылған құнмен өнiм шығаратын өндiрiс құруға ешқашан да бармайтынын көрсетiп

отыр, өйткенi шетелдiк капитал өз өндiрiсiне бəсекелестер туғызуға ұмтылмайды.

Қазiргi заманғы жағдайларда мемлекеттiк инвестициялық саясатты күшейту Қазақстанда да жүргiзiлуге тиiс. Мемлекет экономиканы дамытудың ең басты қозғаушы күшi болуға тиiс. Мемлекет қана инвестициялық процестердің дамуына жəне ел iшiнде iрi инвестицияларды ұзақ мерзiмдi жобаларда жүзеге асыруға түрткi бола алады. Жеке кəсіпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасауда ғана емес, сонымен бiрге қолда бар бос ресурстарды экономиканың нақты секторын көтеруге бағыттау үшін мамандандырылған

институттар мен тетiктер құруда да мемлекеттiң рөлi болуға тиiс.

Мемлекеттiк инвестициялық саясат бiрiншi кезекте, дайындалуы неғұрлым жоғары дəрежедегi, импорттық тауарлармен бəсекеге түсуге жəне оларды iшкi рыноктан ығыстыруға қабiлетті өнімдердi экспорттауға бағдарланған өндірістi дамытуға жəне қолдауға бағытталатын болады. Белсендi мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн инвестициялық бағдарламаларды қолдаудың арнаулы ұйымдастыру нысандарын құру қажет. Мемлекеттiк инвестициялар жүйесiн неғұрлым ұтымды құру үшiн жұмыс iстеп тұрған Ұлттық қормен қатар даму бюджетi, мемлекеттiк кредиттік дамыту ұйымдары сияқты мемлекеттiк қаржы институттарын дамыту талап етiледi.

Мемлекеттiк шығыстар ағымдағы жəне күрделi деп бөлiнуге тиiс. Бұл үшiн республикалық бюджете дербес бөлiм инвестициялық жобаларды кредиттеуге, инвестициялауға жəне кепілдіктi қамтамасыз етуге арналған даму бюджетi болуы қажет. Мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыру қаржы ресурстарының жеткiлiктi болуына байланысты болғандықтан, инвестицияның қажеттi көлемiн қамтамасыз етуге бюджеттiң мүмкiндігi туралы мəселе өткiр қойылады. Қалыптасып отырған жағдайда ашық емес жəне тиiмдi емес Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасынан бас тарту жолымен мемлекеттiк инвестициялық саясатқа өзгерiстер енгiзу жəне даму

бюджетiн құра отырып, бюджеттi ағымдағы жəне күрделi деп бөлуге көшу қажеттiгi пiсiп-жетiлдi.

Даму бюджетін құру жəне оған мемлекеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға арналған барлық ықтимал ресурстарды шоғырландыру мемлекеттiк инвестициялаудың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

Даму бюджетiнiң қаражаттары жеңiлдiктi сыртқы заемдардың, инвестициялық мақсаттар үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару жолымен iшкi қарыз алудың, мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түскен табыстардың, салықтық табыстардың бiр бөлiгi есебiнен қалыптастырылуы мүмкiн. Сонымен қатар қазір инвестициялық жобаларды несиелеуге арналған арнайы Даму Банкі де құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық саясаты және бағдарламасы мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару, салық жеңілдіктерін беру, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру, тиісті салық саясатын (инвестициялық салық несиесін), баға белгіленімін, амортизациялық саясат жүргізу, нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасаудан тұрады. Көріп отырғанымыздай еліміз экономикасына инвестиция салуға тілек білдірген инвесторларға едәуір жеңілдіктер мен қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қарастырылған.

«Тобол» ӘКК» қазыналық кәсіпорны «Наурыз 2030» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысында ашық топырақта көкөніс дақылдары егістік алаңын кеңейтуді және жылыжай кешендерін жетілдіруді қолға алды.

«Тобол» ӘКК» жобаға құйған инвестициясының көлемі бірінші кезеңде 120 миллион теңгеге жетті. Кәсіпорын толық жетілдіру жұмыстарын 2010 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта «Наурыз 2030» ЖШС жылыжайларда қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, баклажан және гүл өсіруде, сонымен қатар ашық топырақта негізгі көкөністердің төрт түрін өсіреді. Одан өзге асханалық аскөк, жүзім жапырағы, асқабақ, қауын және басқа да көкөніс түрлері мен асханалық шөптер өсіріледі.

Жетілдірудің бірінші кезеңінде жылыжайда жылыту, тамшылатып суару және микроклиматты реттеу жүйелерінің қазіргі заманғы және үнемді жүйелері орнатылды. Жылыжайдың пленка қабатын 8 жылға дейін қызмет ете алатын жаңа буынның пленкасымен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстар мен кәсіпорынның егістік алаңдарын кеңейту нәтижесінде картоп және көкөніс шығаруда көлемін 8, 5 есеге, ал гүлдерді 2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көкөніс жеткізу көлемі 4 есеге, ал көрші облыстағы өңірлерге 3 есеге дейін арттыру көзделген.

Жобаның тағыда бір маңызды әлеуметтік сипаты - бұл кәсіпорынның толық өндірістік қуаттылыққа шығуы барысында қосымша 70-тен астам жұмыс орны құрылды.

4. Инвестицияның микроэкономикадағы рөлі мен маңызы

6. Микродеңгейдегі инвестицияның экономикалық ролі

ҚР «Инвестициялық қызмет туралы» заңға сәйкес инвестициялау дегеніміз табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет, объектілеріне салынатын мүліктік және материалдық құндылықтардың барлық түрлері.

Сергеев И. В., И. И. Велитенькованың еңбектерінде инвестиция деп- пайда немесе басқада тиімділікке қол жеткізу мақсатында жаңа кәсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кәсіпорынды кеңейту, кәсіпорынды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздармен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік және интелектуалдық құндылықтары түсіндіріледі.

Кәсіпорынның мөлшері инвестициялық қызметтің ауқымына тікелей ықпал етеді, себебі, ірі кәсіпорындардың орта немесе шағын кәсіпорындарға қарағандағы қаржылық мүмкіндіктері өте жоғары болып табылады.

Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірнеше қызметтерді жүзеге асырады. Инвестицияның атқаратын қызметін 2 деңгейде бөліп қарастыруға болады:

  1. Макродеңгейде атқаратын қызметтері (мемлекет арқылы іске асырылатын іс-әрекеттер)
  2. Микродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:
  • өндірісті кеңейту және дамыту;
  • негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық және заттай тозуын болдырмау;
  • өндіріс деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
  • нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
  • бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясатқа тікелей байланысты. Егер кәсіпорын техникалық жағынан қайта жарақтау және қайта құруды жоспарлайтын болса, онда ол оларды қаржыландыру көздерін қарастырады.

Мысалға, Қазақстанда іске асырылып жатқан микродеңгейдегі инвестициялық жобаның бірі Солтүстік Қазақстандағы «Тобол» ӘКК» қазыналық кәсіпорны «Наурыз 2030» ЖШС-гін қарастырсақ:

«Тобол» ӘКК» қазыналық кәсіпорны «Наурыз 2030» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысында ашық топырақта көкөніс дақылдары егістік алаңын кеңейтуді және жылыжай кешендерін жетілдіруді қолға алды.

«Тобол» ӘКК» жобаға құйған инвестициясының көлемі бірінші кезеңде 120 миллион теңгеге жетті. Кәсіпорын толық жетілдіру жұмыстарын 2010 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта «Наурыз 2030» ЖШС жылыжайларда қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, баклажан және гүл өсіруде, сонымен қатар ашық топырақта негізгі көкөністердің төрт түрін өсіреді. Одан өзге асханалық аскөк, жүзім жапырағы, асқабақ, қауын және басқа да көкөніс түрлері мен асханалық шөптер өсіріледі.

Жетілдірудің бірінші кезеңінде жылыжайда жылыту, тамшылатып суару және микроклиматты реттеу жүйелерінің қазіргі заманғы және үнемді жүйелері орнатылды. Жылыжайдың пленка қабатын 8 жылға дейін қызмет ете алатын жаңа буынның пленкасымен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстар мен кәсіпорынның егістік алаңдарын кеңейту нәтижесінде картоп және көкөніс шығаруда көлемін 8, 5 есеге, ал гүлдерді 2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көкөніс жеткізу көлемі 4 есеге, ал көрші облыстағы өңірлерге 3 есеге дейін арттыру көзделген.

Жобаның тағыда бір маңызды әлеуметтік сипаты - бұл кәсіпорынның толық өндірістік қуаттылыққа шығуы барысында қосымша 70-тен астам жұмыс орны құрылды.

Инвестициялық саясат типтері

Кәсіпкерлік қызмет пен экономиканың дамуына ықпал ететін негізгі құрал-инвестициялық с аясат болып табылады.

Инвестициялық саясат көмегімен мемлекет өндіріс көлемінің қарқынына, ҒТП-ті жеделдетуге, қоғамдық өндіріс құрылымына және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге тікелей ықпал ете алады.

Инвестициялық саясат ұғымынан бұрын "саясат" сөзінің мәніне тоқталайық. Саясат - бұл (грек тілінен politike деген сөзден шыққан аударғанда мемлекетті басқару өнері) қоғамдық қызмет түрінде түсіндіріледі.

Ал саясатты инвестициялық қызметпен байланыстыратын болсақ, онда ол инвестициялық процессті ұйымдастыру шараларын сипаттайды.

Инвестициялық саясат - бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында барлық шарушылық субъектілері үшін қолайлы жағдай жасау барысында мемлекеттің жүргізетін шараларының жиынтығы.

Жалпы алғанда мемлекет инвестициялық қызметтің жандануына мынадай құралдар көмегімен ықпал етеді:

  • несие саясаты;
  • қаржы саясаты;
  • салық саясаты;
  • амортизациялық саясат;
  • ғылыми-техникалық саясат.

Мұндағы амортизациялық саясат мемлекеттің ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатымен тығыз байланысты. Мемлекет амортицизациялық аударымдарды есептеу және пайдалану тәртібіні белгілей отырып, бірінші кезекті негізгі өндірістік қорлардың жаңару жылдамдығын, ұдайы өндірістің қарқыны мен сипатын реттейді.

Амортизациялық саясатты жасау барысында мемлекет мынадай принциптерді ұстанады:

инфляция жағдайында негізгі қорларды қайта бағалау дер
кезінде және дұрыс жүзеге асырылуы тиіс;

  • амортицзациялау нормасы қарапайым өндіріс үшін жеткілікті болып қана қоймай, сондай-ақ үдайы өндірсті ұлғайтуға жағдай жасауы керек;
  • амортизацияны жеделдетуді жүзеге асырушы барлық кәсіпорындарға мүкіндік берілуге тиіс;
  • амортизациялық саясат негізгі қорлардың жаңаруына және ҒТП-тің жеделдетілуіне қолдау көрсетуге тиіс;
  • амортизациялық саясаты ұрыс жүргізетін коммерциялық кәсіпорындарға көбірек құқық берілуі керек.

ҚР-да амортизациялық аударымдарды есептеу ҚР салық кодексінің 110 бабында көрсетіліп берілген.

Инвестициялық саясаттың мақсаты мен міндеттері болады. Максаты - елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын іске асыру.

Міндеттері:

  • шарушылықтың жекелеген салаларының дамуына қолдау көрсету;
  • әскери-онеркәсіп кешенін конверсиялауға байланысты бағдарламалар жасау;
  • отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • шағын және орта бизнестің дамуын қолдау;
  • экспорт өндірісін дамыту;
  • экономиканың барлық салаларының дамуында тепе-теңдікті қамтамасыз ету;

елдегі тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іскс асыру.
Мемлекеттің инвестициялық саясатынан басқа салалық, аймақтық және жекелеген шарушылық субъектілерінің инвестициялық саясаттары болады. Бұл саясаттардың бәрі бір бірімен тығыз байланысты, бірақ барлығын анықтаушы мемлекеттік инвестициялық саясат болып табылады. Инвестициялық саясаттың өзара байланыстары 2-суретте беріледі.

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты

Мемлекеттің инвестициялық саясаты

Аймақтық инвестициялық саясат Жекелеген шаруашылық Салалық инвестициялық саясат

субъектілердің инвестициялық саясаты

2-сурет. Инвестициялық саясаттардың байланысы.

Аймақтық инвестициялық саясат - кез келген бір аймақтың тұрғындарымен жекелеген инвесторлардың мүдделеріне сай инвестициялық ресурстарды жұмылдырып, оларды тиімді пайдалану бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін аймақ деңгейінде жүргізілетін шаралар жиынтығы.

Аймақтық инвестициялық саясат төмендегідей факторларға тәуелді болып келеді:

  • сол аймақта жүргізілетін экономикалық және әлеуметтік саясатқа;
  • сол аймақтың иелігінде бар өндіріс қуатының шамасына;
  • жағрафиялық орналасу жағдайына;
  • табиғи-ахуал жағдайына;
  • шетелдік инвестицияларды тартудағы аймақтың тартымдылығына.

Аймақтағы инвестициялық қызметті басқару жүйесінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • инвестициялық нарықтың инфрақұрылымын құру;
  • инвеситицияға қаражат жұмсаудың басты бағыттарын анықтау;
  • бюджеттен тыс көздерден, соның ішінде халықтың бос қаражатары, шет ел және басқа да аймақтардың инвестицияларын тартуға жағдай жасау;
  • аймақтық инвестициялық нарықтың халықаралық инвестициялық ресурстар нарығымен байланысуын қамтамасыз ету.

Аймақтық инвестициялық саясат аймақтағы экономиканы көтеруге және өндірістің тиімділігін арттыруға, өзіні-өзі қаржыландыруды қамтамасыз етуге және аймақтың алдағы уақытта дамуына жақсы қадам жасауын бағытталады.

Экономиканы дамытуда жөне өндірістің тиімділігін арттыруда салалық инвестициялық саясаттың ролі маңызды. Ол жекелеген салааралық кешендер жөне экономиканың саласы деңгейінде жасалады.

Салалық инвестициялык саясат - ағымдағы және алдағы уақыттардағы ел экономикасының дамуын және ҒТП-ті жеделдетуді, дайын өнімді экспортқа шығаруды, елдің экономикалық және қорғаныс кабілетін камтамасыз ететін шарушылық салаларын тандап алып, оларға инвестицияльщ қолдау көрсету шараларын сипаттайды.

ҚР-да экономиканың жекелегсн саларында қатысты инвестиция тартуға мемлекет тарапынан өзіндік қолдау көрсетіледі. ҚР Президентінің жарғысына11 сәйкес тікелей отандық және шет елдік инвестицияларды тарту үшін біршама маңызды экономика секторларының тізімі анықталған. Оларға мыналар жатады:

  • өндірістік инфрақұрылым;
  • өндеу өнеркәсібі;
  • Ақмола (қазіргі Астана) қаласының объектілері;
  • Тұрғын үй, әлеуметтік сала және туризм объектілері;
  • Ауыл шаруашылығы.

Жекелеген шаруашылық субъектілерінің (кәсіпорындардың) ивнестициялық саясаты - ағымдағы және алдағы уақыттары кәспорын жұмысында қарыжылық тұрақтылыққа қол жекткізу мақсатында инвестицияға меншікті, заемдық және басқа да қаражаттарды жұмсау тиімділігн қамтамасыз етуге бағытталатын шаралар жиынтығы.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты оның іскерлік жоспарына байланысты жасалады. Егер ондай жоспар болмаса, онда инвестициялық саясат туралы сөз болуы да мүмкін емес.

Кәсіпорында инвестициялық саясатты жасау барысында мынадай принциптерді ұстанады:

  • кәсіпорынның стратегиялық жоспарының мақсаты мен оның қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу;
  • инфляция мен тәуекелдер факторын есепке алу;
  • инвестицяның қажеттігін экономикалық негіздеу;
  • портфельдік және нақты инвестициялардың ықшамды құрылымын қалыптастыру;
  • маңыздылығна қарай жобаларды іріктеу және қолда бар ресурстар және шет елдің ресурс көздерін есепке ала отырып инвестициялау;
  • инвестицияларды қаржыландырудың ең арзан және тұрақты көздері мен әдістерін таңдау.

Мұндай және басқа да принциптерді ескеру кәсіпорындардың инвестициялық саясаттарын жасау барысында қате жіберуден және қате есептеуден сақтануға мүмкіндік жасайды.

11 Тікелей отандык жөне шет елдік инвестицияларды тарту үшін маңызды экономика секторларының тізімін бекітутуралы ҚР Президентінің 05. 04. 1997ж. N 3444 жарлығы.

20. ҚР да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасына сәйкес инвестициялық жобалардың бюджеттік тиімділігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қызметтің субьектілері мен кәсіпорынның инвестициялық саясатының жаңа кезеңіндегі ерекшеліктері
Торғай-Петролеум ЖАҚ-ғы инвестициялық тартымдылығын талдау
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Коммерциялық банктерде инвестициялық қоржынды басқаруды жетілдіру жолдары
Инвестиция туралы
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуал
Аймақтық саясат құрылымы
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
Кәсіпорын қызметіндегі инвестициялардың ролі
Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz