Компьютерлік желі туралы


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Почталық байланыс . . . 5
2. Бағыттауштар . . . 6
3. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау . . . 6
4. INTERNET -пен қатынас құру . . . 7
5. Internet -тің қызмет баптары . . . 11
6. World Wide Web . . . 12
7. Көру жабдықтары . . . 13
8. URL -адрестері . . . 14
9. Internet Explorer аспаптар тақтасы (панелі) . . . 14
10. Web -парақтарын көрсетуді басқару . . . 15
11. Іздеу серверлері . . . 16
12. E-mail . . . 19
13. Гипермәтін. Гиперорта . . . 21
14. HTML-форматы . . . 22
Қорытынды . . . 23
Қолданылған әдебиеттер . . . 24
Кіріспе
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен
араласу тәсілдерін іздестіреді соңғы кездегі Internet желісінің күрт дамып кетуі ( қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтырудақ) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыструда.
Internet - кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын дүниежүзілік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін (текст) , сурет, аудио, бейнематериалдар, т. с. с өте үлкен ақпарат көлемін сақтайды.
Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлері - Бүкіл- әлемдік өрмек, электрондық, желілік хат және дискуссиялық топтар жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап -байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез-келген жағдайда информацияны бір орнынан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады.
Интернет жілісін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханалар көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесінді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Internet желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC(Internet Society -Internet қоғамдастығы) президентінің жақында Internet желісін пайдаланушылар саны бір миллиартқа жетеді деді.
Internet желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 -жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанымен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен Internet тек желі ғана емес, ол-желілердің желісі. Internet көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды .
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерінде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Internet -тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, Internet компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады) . INTERNET -ке қосылу дегеніміз -басқа жерлерде тұрған 1000-даған компютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарды қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесіиен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық қабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді машинамен байлнысады. Ал түйінді машиналар бір -бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машина кез келген жай компьютер арасында байланыс орнату үшін қажет, ол тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланысу ісін қамтамасыз етеді. Ақпаратты сервер -дегеніміз қалың көпшілікке арналған әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер.
INTERNET - ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.
Олай болса, « scuba » (акваланг) жаңалықтартобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар.
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.
INTERNET- тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе -күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET - пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET- ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар :
- қосылып тұрған тікелей байланыстар (кіру жолдары) ;
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар ( кіру жолдары) ;
- почталық байланыстар .
Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған ( Transmission Control Protocol -жеткізуді басқару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET - тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Ьұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болды. Провайдер -компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET -ке қызмет ететін компьютермен (хост- компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере (алады ) береді.
Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point -to-Point Protocol немесе PPP деп аталады ( Serial Line Internet Protocol -тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip -Point -to -Proprotocol -«нүкте-нүкте хаттамасы) . Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұлда да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.
Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост -компьютерімен байланыс орнатылған соң Slip -пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа ) ешбір өзгеріс жоқ.
Почталық байланыс .
Internet -пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар . Провайдері Compuserve болып келген компьютерлер бірден Internet -пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Internet -ке беріп, одан да бірден хат -хабар ала береді. CompuServe жүесінде почта адресі аддына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.
Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.
Бағыттауштар .
Ақпаратты сақтау -желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына -ақпаратты тасымалдау жатады. Мысалы, Лос -Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютер арасында байланыс болу үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты серверлерден өту керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң Хельсинкиге, ары қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы трансатлантик қабелімен АҚШ -қа жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден спутниқалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Иоркке кетіп қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын -ала болжауға болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат кестесін алғаннан кейін, ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты сол бағыттағы « жақындау» орналасқан серверге жібереді. «Жақындау» дегеніміз тегін емес, «жақындау» орналасқан сервер байланыс мүмкіндігіне, белгілі бір арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т . б . факторларға тәуәлді болады. Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жетудің қиындығы тәрізді, мысалы, жол тегіс емес немесе жауыннан соң тас төселген алыс жолмен жүру ыңғайлы, т. с. с. шаралар сияқты байланыс арналардыңда да арасы қашық болса да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында арнайы аппараттық -программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды бағыттауыштар (маршрутизатор ) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа компьютерге жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш программалар көмегімен Лос-Анджелеске жылдам жетеді.
Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
Жүйелік параметрлерді бекіту
Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші параметрлері мынадай болады:
Windows 95 операциялық жүйесі;
486/66 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі;
компьютердің жедел жады (RAM) көлемі -8 Мб немесе одан жоғар; қатты магниттік диск (HDD) көлемі - Мб немесе одан жоғары;
модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
SVGA мониторы;
Модем (модулятор -демодулятор) ;
Тышқан тетігі .
Кәзіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:
Pentium 2/350 МГц немесе AMD K6-2/350 MГц;
RAM көлемі -64 Мб;
HDD көлемі -5000Мб;
LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;
Дыбыстық карта мен акустикалық жүйе;
US Robotics модем, мәлімет алмасу жылдамдығы 33, 6 Кбит/сек7
Модем дегеніміз -провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол арқылы бір сикундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау, жөнелту жылдамдығы (бит/с немесе кбит/с - b?s, kb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп отырады. Модемдер орналасуына қарай ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде провайдермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50 кбит/с -тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне біздегі телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 кбит/с модем алудың қажеті шамалы.
INTERNET -пен қатынас құру
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат, сурет немесе кітапта болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу долын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol -FTP) . Практикада FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда « файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу» деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді . FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған колмпьютер FTP- сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді . Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін ( кіру үшін ) кіру атауын (nameid) және/ немесе паролін (pfssword) білу қажет болады.
FTP -серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұқбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:
Open ftp. relcom. su nameid password - FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
Open FTP -сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp. relcom. rsu - FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;
nameid- пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;
password -сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (E-mail) адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда;
Help -сервер командалары бойынша анықтамалар беру;
quit -сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
сd каталог аты -каталогты ауыстыру;
cd. . -жоғарғы деңгейден каталогқа қайту;
get файл аты -FTP-серверден файл алу;
binary - екілік файлдарды жіберу алу режиміне ауысу (типтері exe, com, arj) rar, tar, zip және т. б.
dir -ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын HTLP командасы арқылы алуға болады .
FTP-серверден файлдар алу кезінде әдеттегі командалар жиындығынан мысал келтірейік.
cd pud /-барлық FTP-серверін пайдаланушыларға ашық PAB каталогын (директориін) пайдалану;
dir -сол каталог файлдар тізімін беру ;
get 03ndex. txt -FTP-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;
binary - екілік файлдарды өңдеуге өту ;
get far 1407zip - FTP -серверден екілік файл алу;
quit -FTP-серверден ажырау (байланысты үзу) .
Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.
Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде «тышқан» тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.
Мысал ретінде Microsoft Internet Explorer 3, 01 программасын пайдалану кезіндегі FTP -сервермен ftp://ftp. relcom. ru қатынас құру сеансын талқылап шығайық .
Враузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан Internet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.
Бұл мысал Internet Explorer жұмысын Windows95 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады.
Internet Explorer-ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты - жөніңіз және пароль, оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі . Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз «байланыс орнату» (Установить связь) батырмасын басу болп табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте «Болдырмау» (отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады .
Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Internet Explorer терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған с ттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.
Алдымен «Адрес» өрісін қарастырайық. Бұл өрісте FTP адресі былай теріледі : ftp://ftp. relcom. ru
Адрес терілген соң, «Enter» пернесін басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.
Адрес енгізілген сәтте бостап, Internet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Internet Explorer эмблемасына айналу FTP -сервермен байланыстың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.
Internet Explorer терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында FTP-серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.
Құрал- саймандар тақтасындағы «тоқта» (стоп) батырмасын кез келген кезде басып қалып, FTP- сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Етер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, «Алға» және «артқа » батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін беред. «Таңдамалы» (Избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен FTP- сервермен сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай -саспай қарап шығуға болады.
«Баспа» батырмасы экранда көрініп тұрған бетті баспаға шығаруға арналған. Егер сізге қаріп мөлшері ұнамаса, онда «Шрифт» батырмасы арқылы арқылы оны үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
Релком желісінің серверлерімен жұмыс істегенде FTP- сервері мен өз компьютеріміздің символдарды белгілеу кодтары сәйкес келмейтіні байқалуы ықтимал. Өйткені Windows жүесі 1251 шарттаңбалау тәсілін, ал РЕЛКОМ желісі KOI8r кодтау тәсілін пайдаланады. Мұндағы жағдай туындаса, мәтін символдары кодтары түрлендіру үшін басты меню пунктін пайдаланған жөн. Басты менюдің «түр» (вид) пунктінің «Параметрлер» жолын таңдап алсақ, сол командаға сәйкес терезе экранға шығады . сол терезедегі «қаріп» батырмасын басу керек те, «MIME кодтары» параметрлері ішінен қажеттісін таңдап алу қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz