Кәсіпорын табысы мен шығыстары



Кіріспе

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы

ІІ Шаруашылықтың шығыстары және оның формалары

2.1 Шаруашылықтың өндіріс шығыстары, шығындар формалары
2.2 Кәсіпорын шығыстарының төмендеуінің негізгі бағыттары
2.3 Кәсіпорын шығыстары туралы концепциялар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық қатынастар жағдайларында шаруашылықтың қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада шаруашылықтың қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті шаруашылықтың өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығыстарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол шаруашылықтың мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс шаруашылықтың ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Шаруашылықтың өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы

2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998

3. Дүйсенбаев К.Ш., «Шаруашылықтың қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001

4. Жуйриков К.К., «Финансовые риски и как они влияют на прибыль», Банки Казахстана, 2002, №2

5. Ковалева А.М., «Финансы фирмы», Москва – 2002
Колчина Н.В., Поляк Г.Б., «Финансы предприятий», Москва – 2003

6. Мейірбеков А.Қ., «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2003

7. Романовский М.В., Сабанти Б.М., «Финансы», Москва – 2002

8. Стоянова Е.С., «Финансовый менеджмент», Москва – 2003

9. Шеремет А.Д., «Теория экономического анализа», Москва – 2003

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны


Кіріспе

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы
1.1.Кәсіпорын табысының экономикалық мәні
1.2.Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары
1.3.Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы

ІІ Шаруашылықтың шығыстары және оның формалары

2.1 Шаруашылықтың өндіріс шығыстары, шығындар формалары
2.2 Кәсіпорын шығыстарының төмендеуінің негізгі бағыттары
2.3 Кәсіпорын шығыстары туралы концепциялар
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайларында шаруашылықтың қоршаған ортадағы
өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер
мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару
стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін,
шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді
қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада шаруашылықтың қаржы менеджменті оның нарықтық және
өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып
табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті шаруашылықтың
өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін,
тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген
өнімнің шығыстарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен
табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол шаруашылықтың
мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-
экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын
кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне
үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс шаруашылықтың ішкі қаржылық
мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам
өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және
қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль
атқарады.
Шаруашылықтың өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі
инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында,
жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру,
сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда
маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың
қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады
және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар
беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға
септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға
жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын
табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда
негіз болып табылады.

1. Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы

1.1. Кәсіпорын табысының экономикалық мәні

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір
күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас
бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып
табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл
шаруашылықтың есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының
айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы шаруашылықтың өзінің
қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар
көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары оларды алудың және қолданудың
сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:
негізгі қызметтен алынған табыс;
өзге де табыстар.
Негізні қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен
және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.
Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен
қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.
Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей
мәселелерді атап көрсетеді.
Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар
орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі табыс алған
жоқ. Бұл мәселе шаруашылықтың өндіріс барысына салынған, алайда әлі
бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың
сәйкес келмеуінен туындайды.
Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар
орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда шаруашылықтың балансында
табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық
борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда шаруашылықтың
өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
Кәсіпорын өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар
сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-
шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік
төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы – бухгалтерлік есепте
табыс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай
кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз
активке салумен сипатталады. Нәтижесінде шаруашылықтың өтімділігі жойылады
да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
Шаруашылықтың мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты
қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда шаруашылықтың табысы емес,
қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе
инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де
кездеседі.
Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды
есептік табысты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік
активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін
ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында
кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер
ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
Шаруашылықтың біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының
жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы
гудвилл немесе фирманың құны деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл
көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни кәсіпорынды бөлшектеп сатқан жағдайда
оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға
болады.
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде
ғалымдар мынадай қорытындыға келді: бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс
қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз
кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп
қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі – тауарлар мен
қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі – капиталдың
жұмыс істеуінің нәтижесі деп қарастырылады.
Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму
алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін
маңызды:
салықтарды есептеу үшін;
кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу
үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз
болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, табыс ұғымына
келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер
көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады.
Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар
және басқа да қаражат кірістері шаруашылықтың пайдасын арттырады.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит
бойынша әдістемелік нұсқаулығында табыс ұғымы келесідей түрде анықталады.
Табыс дегеніміз – қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан
Республикасы Президентінің заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есеп беру туралы №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай
дейді:Табыстар – бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе
міндеттемелердің азаюы болып табылады.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін
емес. Өз кезегінде, табыс алмай шаруашылықтың дамуын жүзеге асыру және
әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын
қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.

1.2. Табыстың кәсіпорын қызметіндегі
ролі және функциялары

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей,
жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген
болатын. Табыс табу кез-келген шаруашылықтың мақсатты функциясы ретінде
төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс шаруашылықтың қозғаушы
күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін
анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген
шаруашылықтың қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық
экономика шаруашылықтың негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі
болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын
және шаруашылықтың өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді.
Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығыстарын өзінің меншікті
қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде
оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің
қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар,
капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.
Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын
функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды
категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.
Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш
болып табылады. басқаша айтар болсақ, шаруашылықтың табыстылығы деген
деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда,
бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы
жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір
табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің,
қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері
қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері
шаруашылықтың өзіне байланысты болса, кейбіреулері шаруашылықтың қолынан
келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың
қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық
шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс кәсіпорындардың басты
мақсаты деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің
экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің
игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада
қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де)
байланысты.
Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар
жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында
қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, шаруашылықтың даму
перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша
шешімдер қабылдайды.
Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін
өнімнің қозғаушы күші болып табылады.
Тағы да айта кететін жағдай – табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік
игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және басқа да
бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын
табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік
жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.
Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып
табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ
экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде,
бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген
мақсаттарына бағытталады.
Сонымен, шаруашылықтың табысы – оның экономикалық және әлеуметтік
дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік
қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық
экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен
тұжырымдайды:
акционерлік меншікті арттыру;
табысты арттыру;
басқарушылық сыйақыларды арттыру;
әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі
мақсаты – кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып
табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым
акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Шаруашылықтың басқа мақсаттары да
оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар
алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.
Кәсіпорын мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден
ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді
міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру – ұзақ мерзімді
мақсат болып табылады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі табысқа да,
келешектегі табысқа да мүдделі.

1.3. Кәсіпорын табысының қалыптасуы
және орналастырылуы

Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі,
пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және
стратегиялық мақсаттарымен анықталады.
Шаруашылықтың жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық,
инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының
жиынтығынан қалыптасады. 1.1-суретте шаруашылықтың жалпы табысының
қалыптасу үлгісі берілген.

Жалпы табыстың құрамында шаруашылықтың барлық қызмет түрлерінен алынған
табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни
негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден
түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге,
өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.
Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан
алынған табыс, яғни шаруашылықтың балансында есептелетін қосалқы
өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа
да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.
Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де
мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.
Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс алынған табыстар мен
шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан тыс
операциялардың нәтижесін, қамтиды.
Шаруашылықтың қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру
объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін
мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған
бөлігін шаруашылықтың стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау
деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы – салықтар мен басқа да
міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі.
Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау шаруашылықтың
құзіретіне жатады.
Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер:
шаруашылықтың өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық
қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен
кәсіпорын арасында бөлінеді;
мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде
мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес
деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;
салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері
өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық,
инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, шаруашылықтың қаржы
қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі шаруашылықтың әрі
қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну
қорларына кетеді.
Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді.
Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына
бағытталады.
Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс шаруашылықтың мүлкін
арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге,
сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Шаруашылықтың
капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін
арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық
субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы
шарты болып табылады.
Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай,
сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын
қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға
қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін
қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке
деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды
қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар,
экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте
болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам
өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды өтеуге, сондай-ақ, қолайлы
жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен
қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін
тигізеді.

2 Шаруашылықтың өндіріс шығыстары және оның формалары

2.1 Шаруашылықтың өндіріс шығыстары, шығындар формалары

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта құн формасын алған
ресурстар шығыстары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығыстарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік – экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығыстары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан
шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған
еңбек шығыстары жатады.
Кәсіпорын шығыстарыұдайы өндіріс процессінің нәтижесі болып табылады.
Бұл шаруашылықтың өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы
төлемдерінің шығыстарын көрсетеді.
Екіншіден, кәсіпорын шығыстары экономикалық және бухгалтерлік болып
бөлінеді.
Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған
өндіріс факторларының шығыстары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып
алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығыстары бугалтерлік және
статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Енді өнімнің өзіндік құнына қысқаша тоқталып кетсек. Шаруашылықтың іс-
әрекетіндегі басты көрсеткіштерінің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді
өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың
жиынтығы.сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын
толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы
өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы
арада, шаруашылықтың өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизмция,
жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты
статиялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске
асырады: өздерінің қызметтеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу,
әлеуметтік обьектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын
жасау – бұл шығындар шаруашылықтың қосымша шығыстарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және
пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құның маңызы оның
орындалу функцияларымен анықталады.
1.өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі,
өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2.өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып
табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.

3.өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын,
яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты
төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзінік құның деңгейіне
кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы,
кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім
тұтынушыларда территориялық қашқтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын,
жабдықтар, электроэнергия, көлік тарифтері және т.б.
Кәсіпорын шығыстарыныңэкономикалық түсінігі ресурстардың сиректігінде
және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін
алынған ресурстардың экономикалық шығыстары, оларды өте қолайлы пайдаланып
өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындарға бөлінеді.

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын
ақшаа формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың
болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға,
менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығыстарын төлеу т.б.
Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз
иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға
бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес
шығындар көрсетілмейді.
Өндіріс шығыстарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері
Болады.
Практикада көбінесе шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге бөледі.
Тұрақты шығындарға – осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемімен
құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін
абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.
Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне
сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың
амортизациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі және негізгі емес қызметтердің табыстары мен шығыстарының есебі
Ұйымдағы табыстар мен шығыстардың мәні мен жіктелуі
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы
Серіктестіктер туралы
Табыстар мен шығыстар есебі туралы
Қаржылық есеп беру жайлы
Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Кірістер мен шығыстар
Кірістер мен шығыстардың есептілігі
Пәндер