Неотектоника



I. НЕОТЕКТОНИКА

1.1. Неотектоника мағынасы және тараулары
1.2. Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері

II. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ НЕОТЕКТОНИКАСЫ

2.1 Іле Алатауының сипаттамасы
2.2 Іле Алатауының геоморфологиялық құрылысы
2.3 Іле Алатауының неотектоникасы


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Курстық жұмыс Іле Алатауының неотектоникалық қозғалыстары сипаттамаларына арналған. ХIХ ғасырдың соңынан бастап Тянь-шань таулы өлкесі өзіне көптеген зерттеушілерді қызығушылығын туғызды. Барлық зерттеушілердің пікірі бір қөзқарасқа осы тау облысының бедерінің құрылымдығы, яғни әр жота-тектоникалық көтерілім, әр ойыс-тектоникалық майысу дегенге келіп тоқталды. Ал осы көтерілімдер мен майысулардың табиғаты туралы көзқарастар арасындағы алшақтық әлі күнге дейін сақталып қалған. Мысалы ғасыр басында Э. Дэвис (1904) әр жотаны горст, әр ойысты грабен деп қарастырып, таудың құрылымы жақпарлы деп жіктеді. Хэнтингтон (1905) ежелгі пенепленмен көрініс беретін “сырттар” арка тәріздес деформацияға ұшыраған деді. Э. Арган (1935) қыраттар мен ойыстарды “негіздік қатпарлар деп атады. Тянь-шань жоталарының қатпарлы табиғаты туралы И.В. Мушкетовтың (1915) классикалық зерттеулері айтылған болатын.
1948 жылы көптеген пікірталастарға С.С. Шульц монографиясы тоқтау қойды. Осы еңбекте көптеген фактілер арқылы Тянь-шаньның қазіргі бедерінің қатпарлы табиғаты дәлелденді. Осы зерттеулер негізінде қазіргі бедермен байланысты тектогнездің жаңа кезеңі туралы қорытынды жасалды. Осы зерттеулер “жаңа тектониканы” геологиялық ғылым саласы ретінде бөліп шығарды.
Келесі зерттеушілер Тянь-шань құрылымындағы жарылымдар рөлін ерекше атап көрсетті. В.И. Попов пен Б.Б. Тальвирскийдің (978) “Трансазиатский рифтовой пояс Наливкина” деген монографиясында Тянь-шань рифтогенез нәтижесінде қалыптасқан деген пікір айтылды.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ороген алқабындағы неотектоникалық құрылымдардың пайда болуы көптеген ғалымдардың пікірталасына арқау болған. Қазіргі кезде аумақтың неотектоникасы туралы 2 альтернативті концепция қалыптасқан. Ол: мобилистік концепцияны жақтаушылар А.Вегенер, Э.Арган, Д.И. Мушкетов, А. Гансер және фиксистік көзқарасты жақтаушылар В.В. Белоусов, М.И. Гзовский, М.Е. Артемьев т.б.
Іле Алатауында ХIХ соңы мен ХХ ғасыр басында болып өткен бірнеше апатты жер сілкіністері осы аймақтағы неотектоникалық қозғалыстардың қарқындылығының тоқталмағандығын көрсетті.
Зерттеу аумағында жүргізілген көп жылдық бақылау мәліметтері жаңа тектоникалық қозғалыстардың алуан түрлілігі осы аумаққа тән екендігін көрсетті. Көтерілу және төмен түсу облыстарының бір-біріне жақын жапсарласуы жаңа тектоникалық жарылымдар орналасқан ежелгі тереңдік жарылым зоналарына сәйкес келеді.
1. Жандаев М.Ж. “Природа Заилийского Алатау”. Алматы, “Қазақстан”,
1978
2. Жандаев М.Ж. “Геоморфолгия Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин”. Алматы, 1972
3. Геросимов И.П. “Новейшие тектонические движения и их роль в развитии современного рельефа Северного Тянь-шаня”. М., 1959

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Неотектониканыњ маѓынасы және тараулары

Қaзipгi кезде неотектониканыњ жеке тарауларѓа немесе ѓылыми пәндерге
бµліну жµнінде бірлік жоқ. Шет елдерде неотектониканыњ динамикалық
геологияньњ бip бµлігі ретінде жиі қарастырылады. ТМД елдерінде
неотектоника µзара тыѓыз байланысты келесі тарауларѓа ажыратылады:
аймақтык неотектоника, морфологиялық неотектоника немесе қ±рылымдық
геология, тарихи неотектоника және жалпы неотектоника.
Неотектониканы В.Е. Хаин жер қыртысы дамуыныњ жања кезењін зерттейтін
тарихи геологияныњ тарауы деп санаѓан. Н.Н. Николаев неотектониканы
геотектониканыњ жања баѓыты ретінде карастырѓан.
Неотектоника (грекше “neos”- жања, "tektonika”-қ±рылыс)-тектоникалық
қ±рылымдар мен бедер пішіндерініњ қалыптасуын қамтамасыз еткен негізінде
олигоцен-тµрттік кезінде етек алѓан тектоникалық қозѓалыстар. Неотектоника
бірнеше тарауларѓа бµлінген. Тµменде оларѓа қысқаша сипаттама беріледі.
Аймақтық неотектоника жеке аумақтардыњ неотектоникалық қозѓалыстардыњ
кµpiнic беруін және ж‰йелі сипаттау мақсатын кµздейді. Неотектоникалық
қозғалыстарын танып білудегі және оныњ зерттеу зањдылықтарын анықтаудаѓы
нeгiзгi әдістері аэрофотоматериалдар мен ѓарыштық суреттерді қолдана
отырып, неотектоникалық карталар қ±растыру. Картография ж±мыстары әр
масштабты жалпы мемлекеттік кешенді т‰cipy мен ±сақ масштабты шолу
карталарын (обзорные карты) қ±растыру арқылы ж‰зеге асырылады. Аймақтық
неотектониканыњ мәліметтері неотектоникалық аудандастыру және арнайы
неотектоникалық карталарын қ±растыруыныњ нeгiзi болып табылады.
Қ±рылымдық немесе морфологияльқ неотектоника жања тектоникалық
қозѓалыстар нәтижесінде қалыптасқан тау жыныстарын қ±рылымдық пішіндерін
жатысын, қалыптасу жаѓдайларын және морфологиялық т‰рлерін зерттеп, оларѓа
жіктеме жасалынады.
Тарихи неотектоника неоген –тµрттік кезењініњ
шегіндегі әр қалыптасу механизмдері мен зањдылықтарын зерттейді.
Неотектоника саласында пайда болѓан жања ѓылыми әдістемелер арқылы әр т‰рлі
геотектоникалық болжамдарды тексеруге және жалпы геотектоника теориясыньњ
дамуына м‰мкіндік туѓызады. Барлық мәліметтер жиынтыѓы геотектогенез және
онымен тыѓыз байланысты геоморфогенез жµнінде т‰сініктерді баѓалауѓа,
сонымен бipгe геотектоникалық және геоморфологиялық концепцияларды сын
кµзбен талдауга м‰мкіндік береді.
Актуотектоника - қaзipгi қозѓалыстар туралы білім. Әр т‰рлі әдістер
арқылы қазіргі қозѓалыстар табиѓатын зерттеу. Қaзipгi баяу (тербелмелі)
және жылдам (сейсмикалық) қозѓалыстарды бақылау, материктердіњ ыѓысуын,
жекелеген литосфералық тақталардыњ орнынан ауысуын және т.б. зерттеу
ж±мыстарын ж‰ргізу. Б±л бақылау ж±мыстары тектогенез және геоморфогенез
теориясын одан әpi әзірлеп зерттеуге қамтамасыз етеді. Егер ерте
геологиялық дәуірлерде болѓан қозѓалыстар тек олардыњ кµpiнici нәтижесінен
ѓана зерттелінсе, актуотектоника қозѓалыстарды тікелей кµзбен шолып бақылап
қана қоймай, ол мәліметтерді µткен кезендердегі тектоникалық процестерді
талдауѓа м‰міндік береді.
Экологиялық неотектоника геологиялық ортаны адамныњ шаруашылық іс-
әрекетініњ зиянды әсерлерінен қорѓау т±рѓысынан қарастырады. Жер қабыѓы
адамныњ ic-әpeкeтi мен т±ратын ортасы және биосфераныњ негізгі бµлігі
ретінде қарастырылады. Экологиялық неотектониканыњ басты қарастыратын
мәселесі-апатты табиѓаттыњ эндодинамикалық және экзодинамикалық қ±блыстар
мен процестерін болжау мен к‰ресудіњ ѓылыми негіздерін қ±растыру.
Айтылѓан неотектоника тараулары 6ip-6ipiмен тыѓыз байланысты.
Неотектоникалық қозѓалыс т‰рлері. Қозѓалыстардыњ уақыт кезењінде кµpiнic
6epyi мен оларды анықтау әдістеріне байланысты, кµбінe неотектоникалық
кезењ шегінде келесі қозѓалыстар мен қ±рылымдық пішіндерді ажыратады:
импульстік, техногенді, казіргі кезеңдік, тарихи, жас, төрттік
(плейстоцендік) және жаңа. Бұл терминдерді қолдану барысында қозғалыстардың
қатаң түрде 6ip-6ipiмeн ерекшеленбейтіндігін ескеру қажет. Неотектоникалық
кезеңдегі қозғалыстардың бөлімдері көбнесе шартты болып келеді. Қысқаша
сипаттама бepiп өтейік.
Импульсті (сейсмикалық) қозғалыстар геологиялық жағжай мен
тектоникалық майысулардың дамуы нәтижесінде тау жыныстарындағы қысымның
жинақталуынан жер сілкінулер болуының нәтижесі. Тыныштық кезең қатты
майысқан тау жыныстарында сейсмикалық энергияның бөлінуі жүретін қысымның
лақтыруларымен алмасып отырады. Тербелулер мен жарылымдар әр түрлі
қашықтықтағы жарықтар түріндегі қалдықты деформациялар көpiнic береді.
Сейсмикалық қозғалыстардың жылдамдығын өлшеу қиын. Оны қалдықтық
деформациялармен бағалау мсек есебімен жүргізіледі.
Сейсмикалық қозғалыстарды Ю.А. Косыгын тез қозғалыстар деп, жер
бетінің баяу көтерілімдеріне қарама-қарсы коя отырып, сейсмогенді деп
қарастырады. Сейсмодислокация деп аталатын қалдықтық
деформациялардың қалыптасуына алып келетіндіктен сейсмотектоникалық
қозғалыстар термині де қолданылады. Сейсмикалық түсінігіне 6ip ауданның
импульсті тектоника қозғалыстарының көpiнic 6epyi, негізгі ерекшелігі уақыт
пен кеңістіктегі дискреттігі. Олардың ішінде жер сілкіну уақыт пен
кеңістіктің нақты координаталарына байланған. Сондықтан импульсті
қозғалыстар тектоникалық құрылымда, тау жыныстарының текстурасында,
геологиялық кескіндерде iз қалдырады және күшті жер сілкінудің плейстосейст
облыстарында бедер дамуына әсер етеді. Бұл қозғалыстар сейсмолгтар үшін
ғана емес, геологтар үшін де қызығушылық туғызады.
Тектогенді қозғалыстар адамның шаруашылық және инженерлік ic-әpeкeтi
нәтижесінде пайда болады. Бұлар негізінен жекелеген кішігірім аумақтардағы
әр түрлі энергия көздерінің аралас әсерінен табиғи тектоникалық
процестердің күшеі немесе әлсіреуі нәтижесінде пайда болады. Олар
статикалық салмақтың өзгepyiнe, жер қойнауының гидростатикалық жағдайының
өзгеруіне тау жыныстарының қысымдарының өзгеруне және т.б. факторларға
байланысты және тез қозғалыстарға бөлінеді, оның көpiнic беру уақыты 108 -
ден 6* 103 жылдар. Адамзат әр кезенде де табигатқа әсер eтiп отырды. Адам
мен табиғи орта қатынасы мәселелері экологиялық тектоникада қарастырылған.
Қaзipгi кездегі қозғалыстар жер қабығында соңғы 100 - 200 жылда ішкі
және сыртқы литосфералық фактор әсерінен майысулар түpiндe көpiнic береді.
Басында қaзipгi кездегі қозғалыстар термині голоцен, плейстоцен және жаңа
қозғалыстар үшін де қолданылған. Қазіргі кездегі қозғалыстарды құрал-жабдық
әдicтepiмeн зерттейтін полигенетикалық, көп компонентті жер беті
қозғалыстар мен жер қойнауы заттары мен жер пішінінің өзгеруі түciнгiн
ескеру керек. Бұндай қозғалулар динамика кинематикасын айқындайды, олардың
динамикасы мен генезисі арнайы талдауды қажет етеді. Қозғалыс ұзақтығы 10-
100 жыл.
Тарихи қозғалыстарға 102- 6* 103 жыл уақыт кесіндісіндегі тарихи
мәліметтермен анықталған орын алмасулары енеді.
Жас қозғалыстарға тау жыныстарының 10-12* 103 жыл шегінде
деформациялары мен жер бетінің орын алмасулары кіреді. Оларды көбнесе
голоцендік деп те атайды.
Төрттік (плейстоцен, антропоген) қозғалыстар шартты түрде бөлінеді.
Ғылыми пән ретінде неотектониканың 3 ерекшелігін атауга болады.
Алғашқысы уақыт. Неотектоника тектоникалық қозғалыстардың көрінісін және
олардың нәтижесін геология тұрғысынан өте қысқа 35-40 млн. жылға бағаланған
кейінгі кайнозойды зерттейді. Соның өзінде жаңа қозғалыстардың жоғарғы
қарқындылығы соңғы 5-10 млн. жылға жетеді. Бұл сандардың мағынасын терең
ұғыну үшін Жердің 4,5 млрд. геологиялық тарихы бар екенін еске алу
жеткілікті.
Екіншісі - қозғалыстар нәтижесінің айқындығы, құрылымдық
пішіндерде және жер бетінің бедерінде жиі көрініс беруі. Неотектоника
тектоникалық қозғалыстар мен олардың ic-әpeкeтi нәтижесін таза күйінде,
яғни басқа тектоникалық циклдардың қозғалыстарымен жабылмаған күйінде
зерттейді. Бұл бiзгe геологиялық өткен кезеңнің тектоникалық қозғалыстарын
анология және актуализм әдістерімен қайта қалпына кел-тіргенде жақсы
ұғынуға мүмкіндік береді.
Yшіншi ерекшелік - қaзipгi кездегі қозғалыстарды түрлі құрал-жабдықтық
әдістермен зерттеу мүмкіндігі. Бұл қозғалыстардың сандық бағасын беруге
қолайлы жағдай туғызады. Арнайы геодинамикалық сынақ алаңдарындағы түрлі
құрал-жабдықтық бақылаулар тектоникалық қозғалыстар табиғатын және оларды
болжау мүмкіндігін береді. Неотектоника мәліметтерді есепке ала отырып
шешілетін мәселелер Жер шары туралы ғылым салаларына қызығушылық тудырады.
Неотектониканың зерттеу нысандары. Неотектониканың ақпарат көздері мен
зерттеу нысандары алуан түрі тура және жанама нысандарға бөлінеді. Тура
нысандарға алдымен түрлі құрал-жабдық әдістерімен анықталатын қозғалыстар
жатады. Шөгінді жыныстар өздерінің жинақталу уақытындағы тектоникалық
жағдайда көрніс беретін көптеген белгілерге ие. Тектоникалық қозғалыстардың
көрінic 6epyi шөгінді қабатының қалыңдығы, олардың құрылымдық және
текстуралық ерекшелігі, аудандарға орналасуы т.б. Шөгінділердің фациялық
өзгерулері мен формациялардың ерекшеленуін зерттеу үлкен мәнге ие, тау
жыныстарының және түрлі қатардағы геологиялық денелердің жатуын талдау кең
мағлұмат береді.
Тектоникалық процестердің іс-әрекетінен деформация нәтижесінде шөгінді
жыныстар қабаты беткейлермен күрделенеді, майысу қабаттарының қаттылық
шегінен асатын кысым кезінде түрлі типті қатпарлар түзіледі. Тау жыныстары
қабаттарында жарықтану пайда болады - тау жыныстарының созылу, қысылу және
майысу күштеріне әлсіз реакциясы нәтижесі. Жазықтар топтары, әcipece жаңа
шөгінділерде жүйелер құрайды да, қысым алаңдарын табу мүмкіндігін беретін
неотектоникалық маңызды нысан болып табылады. Құрылымдық формалардан басқа
тура зерттеу нысандарына түрлі күрделі формалар да кіреді. Мысалы: әдетте
таулы бедер пішінімен көрініс беретін, созылмалы аудандарды құрайтын
қатпарлы белдеулер. Олар тегіс беткейлерінде жылжулар көрінici бар
жарылымдармен жалғасады. Жарылымдық деформациялар шөгінді және магмалық
жыныстарды кесіп өтетін жүйелерді құрайды.
Олар жер қабығындағы ipi блоктар бақылаудың ерекше нысаны болып
табылады. Тік және көлденең қозғалыстарға ұшыраған; континенттер мен
мұхиттар, тектоникалық тақталар. Неотектоника үшін геоид морфологиясы
көpiнici тек Жер шарының континенттік учаскесінде ғана емес, сонымен 6ipгe
мұхит түбі шегінде де қызығушылық туғызады.
Жаңа тектоникалық көрніс 6epyi туралы мәлiмeттepдi жанама ақпарат
көздері береді. Жер шары туралы кез-келген ғылым неотектоника туралы
мәліметтер бере алады. Мысалы, геоморфология зерттейтін Жер бедерінде
неотектоникалық процестер көрніс береді. Геоморфологиялық аномалия
түріндегі экзогендік процестер тектоникалық қозғалыстардың индикаторы болып
табылады. Әдетте олар денудациялық және аккумуляциялық процестерді
салыстырғанда жекелеген қарқындылық түрінде көрінic береді.
Дүние жүзінде осындай рөлді өзгертіп отыратын гидрогеологиялық,
гидрохимиялық, геологиялық және геофизикалық процестер де атқарады.
Неотектоника туралы көптеген мәліметтерді архиологиялқ, тарихи фактлер
мен антропогендік шөгінділерді зерттей отырып алуға болады. Әр түрлі ғылым
салаларынан алынған тектоникалық қозғалыстарға нұсқайтын осындай
мағлұматтардан неотектониканың зерттеу пәні болып табылатын мәліметтер
жүйесін құрайды. Оларды неотектоника және тектоникалық қозғалыстардың үлкен
уақыт диапозонындағы көрінici туралы маңызды ақпарат беретін жанама зерттеу
нысандары ретінде қарастырға болады. Бұл фактілер түрлі белгілері бойынша
жинақталып, сарапталынады және картаға түсіріледі. Құрастырылған арнайы
карталар неотектоника мен геодинамика туралы қортынды жасауға мүмкіндік
беретін жаңа талдау нысаны болып табылады. Сондықтан неотектониканың
зерттеу нысандары күрделі құралды және түрлі ғылым салаларының әдістерін
ұштастыру мен жүйелі қолданылуды талап етеді.
Жаңа тектоника немесе неотектоника (гр. neos - жаңа, жас) - геология
саласы, геотектоника бағыты, соңғы кайнозойдағы (- 35-40*105 жыл) және осы
күнге дейін жалғасып жатқан Жердің дамуындағы тектоникалық қозғалыстардың
барлық типін, сонымен 6ipгe олардың көрінic беру нәтижесін, геологиялық
денелері және олардың пайда болу механизмiн зерттейді. Бұл процестердің
көрінic 6epyi литосфера құрылысының өзгеруне, оның жоғарғы қабат бедерінің
өзгеруінe, геоид морфологиясының өзгеруіне алып келеді. Неотектоника және
жаңа тектоника терминдерінің мағынасына байланысты олар синоним ретінде
қарастырылады.

Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері

Әрбір аумқтың неотектоникалық қозғалыстарын түсіну алдымен сол
аумақтың жалпы тектоникалық құрылымдары мен тектоникалық кешендерімен
мұхият танысу қажет. Қарастырылған аймақты зерттеу барысында тектоникалық
құрылымдардың даму бағыты анықталған соң, жинақталған неотектоникалық
мәліметтерді ежелгі геологиялық құрылымдардың жалпы даму бағытымен
салыстыру тиіс. Осы аталған зерттеулерден кейін жаңа тектоникалық
ерекшеліктері мен сипаты туралы қортынды шығаруға болады. Осындай тарихи-
геологиялқ тәсіл жаңа тектоникалық әдістерінің ең маңыздыларының 6ipi болып
табылады. Сонымен, неотектониканы зерттеудің басты әдістері - геологиялық,
геоморфологиялық, геофизикалық және кешендік әдістер.

Геологиялық әдіс

А) Литологиялық талдау. Неотектоникалық қозғалыстардың бағыты, мepзiмi
және жылдамдығы туралы толық және ceнімді мәліметтерді геологиялық
құжаттарды талдау нәтижесінде анықталуы мүмкін. Олардың ішіндегі ең
нeгiзгici - литология туралы мәліметтер болып табылады, яғни шөгінділердің
тұнбалану жағдайын анықтайтын тау жыныстарының құрамы. Жыныстардың
литологиялық құрамы – шөгінділердің тұнбалану негізіндегі физика-
географиялық жағдайлар туралы мәліметтер береді. Тау жыныстарының құрамы
бойынша олардың құрлықта немесе теңіз жағдайларында құрлық пен теңіз
аралығындағы белдемдерде (жағдайларында) жинақталуы және борпылдақ жыныстар
тузілген алаптың тереңдігін, яғни шөгінділер жинақталған кездегі сол
алаптың тектоникалық қозғалыстар әсерінен төмендей түсуінің амплитудасын
анықтауға болады. Мысалы, теңіз түбіндегі қарқынды тектоникалық ойысу
өңірлеріне сәйкес, әдетте терең сулы тұнбалар, яғни терең сулы лайлар,
саздар, әктастар, ұлутастар тұнады, теңіздің шамалы ойысу белдемдерінде
сәйкес жұқа қабатты іріктелген құмдар, құмайттар шөгінділері, ал теңіздің
жағалауларындағы саяз сулы белдемдерде - малтатастар, жұмыртастар
(конгломераттар) және іріктелмеген ipi түйіршікті құмдар етек алады.
Құрлыктағы биік тау етектеріндеі ойыстарда және тауаралык ойпаңдарда
көбнесе ipi кесекті жыныстар, яғни малтатастар, жұмыртастар, дөңбектастар
қабаты кең дамыған.
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу жеке стратиграфиялық
бөлімдемелер үшін құрастыратын фациялар картасы мен бірдей қалыңдықты
карталар кең қолданылады. Бұндай карталар тектоникалық көтерілу мен төмен
түсу алқаптарын, осы алқаптардағы тектоникалық қозғалыстардың бағыты мен
тұрақтылығын, тектоникалық құрылымдардың даму тарихы мен сипатын, олардың
қазіргi бедер пішіндерінде көрініс табуын анықтауға мүмкіндік береді.
Ә) Фациялық талдау. Стратиграфиялық жасы бірдей, көршілес жатқан
қабаттардан литологиялық құрамы және физикалық-географиялық түзілу
жағдайларымен ерекшеленген түзілімдер жиынтығын фация деп атайды. Басқаша
айтқанда фация тау жыныстар түзілу жағдайын айна-қатесіз анықтап беретін
болмыс-бітімі. Әр фация тек өзіне ғана тән физикалық-географиялық жағдайда
пайда болады, -мәселен, жасы бірдей теңіз тұнбаларының арасынан кедертасты
әктастар (рифовые известняки), жағаға жақын шетінде толқын қуған әр
түйіршікті іріктелмеген құм және малтатас шөгінділері, теңіз суының
жағалауында бел-белестермен мүлдем оқшауланып қалған немесе онымен енсіз
бұғаздар арқылы ғана байланысты мейлінше саязсу тоған су алабының
(лагуналар) тұз қабаттары және теніздің терең түбінде лай, саз тұнбалары да
кездеседі. Осы айтылған түзілімдердің барлығының жасы бірдей, 6ipaқ теңіз
алабының тереңдігіне қарай, яғни физикалық-географиялық түзілу жағдайларына
сәйкес әр түрлі тұнбалар қалыптасқан.
Барлық фациялар жер бетінде үш негізгі физикалық-географиялық
жағдайларына байланысты 3 ipi топқа жіктеледі: 1) теніздік; 2) құрлықтық;
3) тоғандық (лагуна) немесе аралық фация. Теніз фациялары теңіз алабының
тектонникалық төмендеуінің тереңдігіне байланысты 6ipнешe белдемге
бөлінеді: нериттік (0-200 м.), батиалдық (200-3000 м.), абиссалдық (3000-
6000 м.), гипабиссалдық (6000 м-ден терең) фациялар. Нериттік белдем теңіз
(мұхит) суының жарық сәулелеімен қаныққан. Бұл біршама саяз өңірлерін
біріншi реттік жағалауға жақын орналасқан, яғни шекарасы шамамен кайраң
(шельф) жиегіне сәйкес келетін белдем. Батиалдық белдем кайраң мен теңіз
табаны аралығын қамтитын, яғни негізінен материктік беткейге жапсарлас
орналасады. Абиссалдық белдем тереңдігі 6000 м-ге дейін құлдилаған кең
аумақты терең теңіз және мұхит түбі. Гипабссалдық белдем тектоникалық
тұрғыдан қарағанда қарқынды қозғалыстарға ұшыраған қазіргi геосинклиналь
өңірінің жаппай ойысуымен, соның салдарынан тереңдігі 1100 м-ге жеткен
терең сулы, мейлінше ұзын бойлық бағытта созылған мұхиттық науалардың пайда
болуымен сипатталады. Көлденең қимасының сырт пішіні V-әpiбiн еске салатын,
мұндай аса терең ойыстар Тынық мұхит алабының батыс шегінде континетке
жапсарлау өңірінде дамыған (Мариан және Филиппин терең сулы мұхиттық
науалар).
Фациялық талдау арқылы жер бетіндегі палегеографиялық жағдайларды
анықтайды, сонымен қатар, жер қыртысының тербелмелі қозғалыстарын да
зерттейді. Қай жердің тектоникалық жоғары көтеріліп, басқа жерлердің
төмендей түсуін көрсетеді. Көтерілім күшті болса, денудациялық процесс
басым болады да, көтерілуден пайда болған тау өлкелерінің бөктерлерінде ipi
кесекті пролювийлік тау жыныстары шөгеді. Керісінше ұзақ уақыт тектоникалық
ойысқан аймақтарда өзендік-көлдік және теңіздік қалың қабатты борпылдақ
шөгінділер жинақталады.
Сонымен, фациялық талдау түзілімдердің қалыптасу жағдайы мен олардың
тұнбалану тереңдігін, соған сәйкес тектоникалық төмендей түскен өңірлерін
айтарлықтай сипаттайды. Фациялардың жер бетінде таралуы ежелгі су алабы
түбінің және су жағалауы топографиясын бейнелеп, сол мезгілдегі құрлық
аймағын белгілейді. Ал жер бедері, әcipece судың түбіндегі жер беті айна-
қатесіз тектоникалық қозғалыстардың көpiнici. Теңіз шөгінділерінің тұрақты
жиналған өңірлері - үнемі тектоникалық төмен түскен белдемдер, ал құрлық
аймақтары, керісінше әр деңгейдегі тектоникалық көтерілулер.
Қорыта келгенде, фациялық талдау - бұл белгілі 6ip мезгілді
тектоникалық көтерілулер мен төмен түскен өңірлер таралуының сапалы
түсінігін, жер кыртысының аса қарқынды және баяу қозғалыстардың белдемдерін
ажыратуға мүмкіндік береді.
Б) Түзілімдер қабаттарының қалыңдығын талдау. Тек қана тектоникалық
қозғалыстардың сапалы сипатынан басқа, сандық мәліметтерін береді. Бұл
жағдай теңіз жыныстары қалыңдығы негізінен су алабы тубінің тектоникалық
төмендеу өлшемдеріне сәйкес екендігін түсіндіреді. Фациялық талдау картасы
және шөгінділердің қалыңдығын талдау картасы жер бетіндегі табиғи
геологиялық ашылымдарды, бұрғылау ұңғымаларды зерттеумен негізделе
жасалады.
Құрлық аймақтарда фациялық талдау жүргізген кезде қиындық туғызады.
Тау жыныстарының шайылып кеткен аймақтарын табу — сол мерзімдегі абсолюттік
тектоникалық көтерілулер өлкесі болып табылады. Әрине, мұндай белдемдер тап
сол мезгілді түзілімдердің шайылып кеткен аймақтарда ғана болуы мүмкін.
Осылайша фациялық талдау карта бетне тектоникалық көтерулерді және
ойысу жерлерді белгілеп, оларды саралауга мүмкіндік туғызады, сонымен қатар
жер қыртысының тектоникалық жарылымдар мен флексура құрылымдарын анықтап
береді. Бұдан басқа фациялық талдау борпылдақ түзілімдер жинақталған
аймақтың төмен түсу қарқындылығын бағалауға мүмкіндік туғызады.
Тектоникалық әсерден пайда болған мұндай алап түбінің мейлінше төмендеуі
нәтижесінде тұнбалардың іріктелуімен, түйіртпектердің жұмырлануымен,
тұрақсыз минералдардың сақталуымен сипатталады. Алап түбінің баяу төмендеуі
кезінде шөгінділердің ұзақ уақыт шайылуымен байланысты түйіртпектер
біркелкі ұсатылған, жақсы ipiктeлген, едәуір жұмырланған түзілімдердің
кварц минералына бай, тіпті таза кварц құмдарының түзілуіне дейін
жинақталады.
В) Шөгінді қабаттарының тік бағыттағы қимасының литологиялық және
фациялық өзгерістерін талдау. Шөгінді қабаттар құрылысының айрықша
ерекшеліктерінің бipi, олардың тік бағытты қимадағы құрамымен фацияларының
өзгеруі, яғни бip жыныс қабаттары басқа қабаттарға ауысуымен сипатталады
немесе жыныстар қабаттарының белгілі кезектілігімен заңды түрде жиі
қайталануы (қабаттардың оралымдығы немесе ырғактылығы). Бұл өзгерістің
ceбeбi шөгінділер тұнбалану жағдайының трансгрессия және регрессия әсерінен
өзгepyi, соның қатарында басты рөлді тектоникалық режим атқарады.
Мысалы, теңіз алабының фациялық заңдылығы теңіз жағалау сызығының
белгілі бip деңгейде қалыптасты делік. Егер теңіз жағалауына шендес құрлық
өңipлepiнiң ойысуы салдарынан теңіз құрлыққа қарай шалқыса, онда
трансгрессия кезінде жағалау сызығы құрлық өңірінe ауысады. Бұрынғы жағалық
және саяз жерлері жағадан алыстап шеккен ipi кесекті жыныстар үстін енді
біршама терең сулы жағдайда ұсатылған ұсақ тұнбалар (саз, лай, карбонатты
жыныстар) көмеді. Мұнда төменнен жоғары қарай саяз сулы фациялар біршама
терең сулы фацияларға алмасуымен сипатталады. Сөйтіп шөгінділердің
трансгрессивті сериясы пайда болады.
Егер құрлықтың көтерілуі салдарынан туындайтын тұнбалардың регрессивті
сериялары қалыптасса, онда шөгінділердің алмасу реті керісінше болады.
Олай болса, тұнба түзілімдердің тік бағыттағы қималардың литологиялық-
фациялық өзгерілуін зерттеуге, яғни белгілі бip мерзіміндегі тектоникалық
қозғалыстар - тектоникалық қозғалыстардың тарихын қалпына келтіру
әдістерінің бipi болып табылады. Бұл әдіс фациялық талдаудың басқа бip
түpi, бipaқ кеңістікте немесе бip геохронологиялық деңгейі үшін емес, бұл
әдіс белгілі бip мерзіміндегі бip нүкте немесе үлескі үшін қолданылады.
Неотектоника дамуының заңдылықтарын дұрыс түсінуге Н.С. Шатский, А.Л.
Яншин, А.В. Пейве, Н.И. Николаев және Қазақстан зерттеушілерінің
еңбектерінде көрсетілген тектоникалық құрылымдардың “мұрагерлік”
ұстанымдары өте маңызды. Бұл ұстаным бойынша бұрын болған ежелгі
тектоникалық құрылымдардың орнына біршама жас құрылымдардың орнына біршама
жас құрылымдар пішіндері түзіледі. Олар даму барысында кейбір көне
құрылымдардың белгілерін жалғастырады. Аталған принципті қолдану
тектоникалық құрылымдар дамуының тарихын және жалғастырушылығын, сонымен
бipre жас қабаттармен жабылған ежелгі құрылымдар контурын анықтауға
мүмкіндік береді. Тектоникалық құрылымдардың алуан түрлі жалғастырушылығы
бар: ежелгі құрылымдық түрлердің жалғастыруы, жаңадан түзілген және
үстемеленген түрлері. Осы ұғымдар біршама салыстырмалы болса да, жаңа
құрылымдық түрлердің күрделі даму тарихын дұрыс түсінуді қамтамасыз етеді.
Барлық тектоникалық түрлерді жер қыртысындағы терең жарылымдарының ғаламдық
жүйесімен байланысты әртүрлі сызықтық элементтер жалғастырушылық қасиетіне
ие. Бұл жарылымдардың дамуы жер қыртысының жасына сәйкес келетін жүздеген
миллион-миллиард жылдарға созылады. Тектоникалық құрылымдардың
жалғастырушылық принципі неотектоникалық түрлердің түзілуі мен эволюциясын
және олардың бедер пішіндерінде көрніс бepyiн дұрыс түсінуге қамтамасыз
етеді.
Платформалық алқаптардың неотектоникалық қозғалыстарын сараптауда
аймақтық стратиграфиялық үзілістерді зерттеу әдісі кең қолданылады. Бұл
платформа дамуының ipi кезеңдерін көрсететін, бipiнeн-бipi үзілістермен
шектелмеген құрылымдық жікқабаттар (структурных ярусов) ретіндегі ipi
стратиграфиялық кешендерді анықтау болып табылады. Фациялық, геофизикалық
мәліметтерді есепке ала отырып, денудациялық кесінді түріндегі кешендер
беттерінің палеогеографиялық карталарын құрастыру, осы неотектоникалық
құрылымдардың қалыптасу тарихын анықтауға мүмкіндік береді.

Геофизикалық және әуе-ғарыштық әдістер

Соңғы уақытта жаңа тектоникалық қозғалыстардың қарқындылығы мен
бағытын және жер бедері пішіндерінің қалыңдығы мен геофизикалық құрылымы
арасындағы байланыстар жақсы зерттелуде.
Жаңа тектоникалық қозқалыстарды зерттеуде геофизикалық әдістерді
қолдану тектоникалық қозғалыстар сипатын, ipi морфоқұрылымдық элементтердің
тереңдік құрылымын түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу гравитациялық және
магниттік аномалия карталарын, электрлік зондтау, сейсмикалық кескін жылу
ағындарының мәліметтерін негізге ала отырып жүргізіледі.
Сейсмикалық әдіс. Жер бетіндегі сынақ алаңдарында орнатылған арнайы
құрылғыға тіркелетін жер сілкіністерін зерттеуге негізделеді. Ол негізінен
көлденең орналасқан орталарды зерттеуде жақсы нәтиже береді. Литосфера
құрылымын 250 км-ге дейін зерттеуге мүмкіндік беретін тереңдік сейсмикалық
зондлау әдісі кеңінен қолданылады. Сейсмикалық әдісті қолдану жаңа
тектоникалық даму кезеңіндегі тереңдік және жер беті байланысын зерттеуге
мүмкіндік береді. Гравиметриялық әдіс тау жыныстарының түрлі тығыздығына
нeгiздeлeдi. Ауырлық күші мен жер бетіндегі майысулар градиенті тығыздығы
бойынша бөлінетін тау жыныстарының жер асты бедерінің өзгepyi мен
пішіндерін анықтауға мүмкіндік береді. Гравиметриялық мәліметтерді
геологиялық-геоморфолгиялық ақпараттармен кешендік әдісте қолданған абзал.
В.А. Магницкийдің айтуы бойынша қазіргі гравитациялық алаң Жер шарының
геологиялық даму сатыларын көрсете алады. Гравитациялық аномалиялар 3
негізгі фактормен анықталады: жер қабығы қалыңдығы, бедер және жаңа
тектоникалық қозғалыстар.
Гравиметриялық мәліметтерді талдау аймақтық гравитациялық аномалиялар
жер қабығының қалыңдығы мен байланыстылығын көрсеттi. Жаңа көтерілім
облыстарындағы гравитациялық минимум жер қабығының қалыңдауымен, депрессия
облыстарындағы гравитациялық максимум жұқаруымен байланысты. Сондықтан жаңа
тектоникалық қозғалыстардан пайда болған ipi неотектоникалық құрылымдар
(көтерілімдер мен ойыстар) жер қабығы қалыңдығының өзгеру процесін
көрсетеді.
Магнитометриялық әдіс жоғарыда аталған гравиметриялық әдіске ұқсас. Ол
жыныстардың магниттік өткізгіштігінің өзгешеліктеріне негізделеді.
Магнитомия мәліметтері жер қабығы құрылымдарын 10-20 км тереңдікте
зерттеуге мүмкіндік береді. Одан төменде тау жыныстары магниттік қасиетінен
айырылады. Магнитометрия мәліметтері тереңдік жарылымдар зонасы жүйесін
анықтауға көмектеседі.
Геоэлектрлік әдіс тау жыныстарының физикалық қасиеттерін қолданатын
әдістер тобынан тұрады. Олардың ішінде Жер шарының электромагниттік
алаңының вариациясы, геотермикалық әдістер де кіреді.
Түрлі термалдық, гравитациялық, магниттік алаңдар сипаты мен олардың
кеңістікте орналасуы түрлі геофизикалық әдістермен зерттелінеді. Олардың
ежелгі және жаңа құрылым пішіндерімен байланысу ерекшеліктері анықталады.
Геофизикалық алаңдардың тереңдік шекаралары анықталып, жаңа тектоникалық
құрылым пішіндерінің жер бетіндегі шекараларымен салыстырылады.
Неотектоника динамикасы туралы дұрыс шешімдерді жоғарыда айтылған әдістерді
кешенді қолдана отырып шығаруға бол ад ы.
Неотектониканы зерттеудің әуе-ғарыштық әдістері. Жер бeтi мен
геологиялық құрылымын дистанциялық зерттеу әдicтepi неотектоника мен
литосфераның қазіргі динамикасы мәселелерін шешуге көмектеседі. Ғарыштық
фотосуреттер үлкен кеңістіктерді қарап, талдауға мүмкіндік береді. Оларда
көрініс беретін бедер бейнесі неотектоникалық деформацияның нәтижесі жаңа
құрылым туралы толыққанды ақпарат береді. Ғарыштан түсірілген суреттерде
жанданған жарылымдар жақсы көрніс береді. Жаңа тектоникалық белсенділіктің
динамикасын ғарыштық суреттер арқылы бақылауға болады. Бұл процесс ежелгі
құрылым бойынша немесе дербес дамуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген әдістердің
артықшылығы -олардағы ақпараттың толықтығы. Осы фактор бұрын
беймәлім болған
заңдылықтардың ашылуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан осы бағыттағы зерттеу
жұмыстары тереңдетіліп, жан-жақты талқылануда.
Жаңа тектониканы анықтаудың әдістepi қолданылады. Тарихи және
археологиялық мәліметтерді талдау, тектоникалық қозғалыстардың тарихи
уақыттағы көpiнic беруін анықтауға көмектеседі. Түрлі уақыт аралығында
жасалған географиялық карталарды талдау жақсы нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік береді. Тектоникалық қозғалыстар туралы ақпаратты жергілікті
тұрғындардан алуға болады. Географиялық атауларды талдау жұмыстары жаңа
тектоникалық қозғалыстардың болғандығын көрсетуі мүмкін.
Биогеографиялық әдіс неотектоникалық қозғалыстарды зерттеуде кеңінен
қолданылады. Географиялық әдісті палеогеографиялық әдіспен қатар қолдана
отырып жаңа тектоникалық қозғалыс динамикасын анықтауға көмектеседі.

Қазакстан аумағындағы неотектоникалық қозғалыстардың қысқаша
сипаттамасы

Қазакстан аумағында әр түрлі геологиялық-құрылымдық жағдайда, әр
реттегі неотектоникалық құрылымдар қалыптасқан. Мұнда алдымен Қазакстан
территориясының көп бөлігін қамтитын материктік платформалар шегіндегі
жазық және ұсақ шоқылы алқапты ажыратуға болады. Бұған Шығыс Еуропа
платформасының оңтүстік шығысында орын тепкен Каспий маңы ойпаңы, Мұғалжар
немесе оңтүстік Орал қатпарлы-құжбан алқабы, Батыс-Сібір тақтасының
оңтүстік-батыс бөлігі, Қазақ қалқаны, Тұран тақтасы және т.б. жатады.
Республиканың бүкіл оңтүстік-шығысында Қазақстанның орогендік дөңесті-
құжбан алқабы дамыған. Мұнда көне бедер неотектоникалық белсенділенуі
нәтижесінде айтарлықтай жаңарып биік таулы өлкені құрған. Бұл белдем
неотектоникалық кезеңде дөңесті көтерілімдерге ұшырап, кейін тектоникалық
жарылымдар бойымен әр түрлi биіктіктегі блоктарға бөлшектенген. Жоғарыда
айтылған екі неотектоникалық алқап Қазакстан аумағындағы ең ipi
неотектоникалық құрылымдар болып табылады.
Неотектоникалық құрылымдардың көбi палеозой құрылымдардың даму
жағдайларын жалғастырып, яғни ежелгі құрылым түрлердің сипатына тығыз
байланысты екнін айтып кету орынды. Бұл айтылған заңдылық жаңарған ежелгі
тектоникалық жарылымдарға да тән. Дегенмен, кейбір жаңа құрылымдардың дамуы
(Балқаш ойпаңы) бұрынғы палеозой құрылымдарымен мүлде байланысы жоқ
екенінде айтып кету жөн.
Осы eкi ipi неотектоникалық алқаптар шегінде қарқынды және әр
бағыттағы тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде екінші, үшінші және олардан
да төмен реттегі әр түрлі неотектоникалық құрылымдар қалыптасты.
Қазақстанның материктік платформалар аумағындағы неотектоникалық
қозғалыстардың сипаттамасы.
Қазақстанның материктік платформалар аумағына Қазақстанның көп бөлігін
қамтитын кең байтақ жазық өлкесі мен Орталық Қазақстанның ұсақ шоқы алқабы
кіреді.
Каспий маңы ойпаңы Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Ол
Шығыс Еуропа платформасындағы Орыс тақтасының оңтүстік-шығыс бөлігіне
кіреді де Каспий маңы синеклизасына сәйкес келеді. Жан-жақтан флексуралар
мен терең тектоникалық жарылымдармен шектелген. Ойпаң азын-аулық
сопақшаланған немесе тек өлшемді (изометрлік пішінмен сипатталатын)
көлденеңі жүздеген км-мен өлшенетін теріс мағыналы платформалық
тектоникалық құрылым. Бұл құрылым неоген-төрттік кезінде ұдайы майысып
төмен түсумен ерекшеленген, сол себептен қалың қабатты борпылдақ
шөгінділермен мейлінше көмкерілген.
Каспий маңы ойпаңының платформалық тыс қабаты шартты түрде үш бөліктен
жіктеуге болады, олар төменнен жоғары қарай тұзасты кешеніә, тұзды
кешені және тұзүсті кешені. Тұзды кешеннің геологиялық көнелігі (жасы)-
пермь (кунгур жік қабаты). Оның алғашқы қабатының қалыңдығы шамамен 5 км
болғанға ұқсайды. Алайда бұл кешен тұз тектоникасы әсерінен күрделі
түрдегі өзгерістерге ұшыраға: тұздың ақпалық қасиеті ойпаң аумағында тұз
күмбездерінің және күмбезаралық ойыстардың қалыптасуын қамтамасыз еткен,
мұның нәтижесінде күмбездер өңіріндегі тұз массасының қалыңдығы 10 км-ге
дейін өссе, күмбезаралық өңірлердегі тұз қабаты айтарлықтай жұқарған, кейде
тіпті құрдымдалып кеткен.
Капий маңы ойпаңының тұзүсті кешенінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы
Литосфералық тақталар тектоникасы
Адам мен табиғат қарымқатынасы
Мұхиттық аралдар
Бедер - жер беті пішіндерінің жиынтығы
Айырылымды дислокациялар және олардың жер бетінде көрінісі беруі
Қыртысының тектоникалық құрылымы. Вулканизм. Жер асты суларының құрамы. Жер асты суларының құрылымы
Геотектоникалық қозғалыстар және тербелмелі қозғалыстар
Гранит қабатының қалыңд
Пәндер