Ислам жайлы


Жоспар:
1. Ислам жайлы.
2. Исламдағы ағымға бөлінушіліктің себептері.
3. Исламдағы сунниттік ағымдар.
4. Исламдағы шииттік ағымдар.
Ислам жайлы
Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Оларға бұр-қан діні, мәсіхшілік және ислам діні жатады.
Солардың ішінен мен ислам дінін қарастырайың. Ислам бұлардын қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде дүние жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңлай адам ислам дінін ұстанады. Жиырмасыншы ғасырда ислам дінін тұтунышылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайларға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда ислам жолына бет бұруынан болып отыр.
Ислам араб тілінен аударғанда «бой ұсыну» деген мағына береді. Ислам және мұсылман ( муслимун -бой ұсыннушы ерлер, муслиматун - бой ұсынушы әйелдер ) сөздерінің түбірі бір.
Ислам - монотеиістік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді уағыздайды . Бүкіл әлемді -көк пен жерді жаратушы - Алла. Барша әлем тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының жалған дүниеде жасаған жақсылық-жамадығын тара-зылаушы, заманның ақырында оларға осы қылықтарыа қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер замаақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа келеді.
Ислам - адам баласыа аян жолымен келген дін. Қасиетті Құран аяттары жиыриа үшжыл боцыда Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға жеткізіліп тұрған.
Ислам діни ғұрыптары жіне дүниелік мәселелерді шариғат жолымен реттеп отырады. Ол сөзсіз орындалуы тиіс мұсылмандық парыздарды және орындағаны қосымша сауап болатын суннажолдарын айқындайды, жоғарғы адамгершілікке, еңбекке әрі білімге уағыздайды және Құран-Кәрімдегі аяттар мен пайғамбардың хадистері арқылы соның ережелерін белгілейді.
Исламның өзге әлемдік діндерден айырмасы - оның айқын рәміздерінің болуы. Мұсылманшылық екі сенім негізі бойынша құрылған, біріншісі - Алладан басұа құлшылық етілетін тәңірдің жоқтығына, екінші - Мұхаммедтің Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар екндігіе сену. Сондықтан «Ла илаһа иллаллаһ Мұхаммеддүр-Рассулуллаһ, » қазақ тілінде «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі, » - деген мүбарак қағиданы тілімен айтып, көңілімен бекіткен адам ислам дінінде деп саналады. Бұл сенімді Иман, сенушіні Мүһмин деп атайды.
Нағыз ислам жоғары мәдениетті және гуманистік идеяларды насихаттайды. Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде «Дінде зорлық жоқ» - деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің қалыбымен ( жүрегімен ) қабылдауы тиіс.
Біздің дәуіріміздің жетіші ғасырында Таяу Шығыстың жүрегі аталатын Араб шығанағыңда саяси және діи тұрақсыздық белен лады. Көшпелі және отырықшы араб тайпаларының бас араздығы салдарына бір кездегі қуатты мемлкеттер ыдырап, аймақтағы ықпалынан айырылып қалды. Оның халқы теріскейінде мәсіхшілікті, оңтүстігінде иаһұди мен көпқұдайлықты уағыз-дады. Бұл жайт жиі әскери қақтығыстарға соқтырып отырды.
Ол кездері Африка мен Йеменнен Палестинаға және Месопотамияға өтетін сауда жолы қуатты Византия империясы мен Сасанидтық Иранды, Химьярит және Аксум патшалықтарың байлаыстырып тұратын. Осы сауда жолы бойында орналасқан Мекке қаласы араб жұртында біртіндеп алға оза бастады. Оның маңында жыл сайын өтетін сауда жәрменкесіне барлық араб тайпалары жиналып, бас қосатын болды
Жәрменкеге жиналатын айда соғыс қимылдарына тыйым салынды. Бұл ай араб жұртының басты діни орталығы - Меккедегі Қағбаға құлшылық жасау мерзімімен орайластырылды. Бұл ай зуль-Хиджа, яғниХажылық айы деп аталды. Демек, оның әуел бастан дүиелік маңызынан діни маңызы айқынырақ болды. Араб тайпалары қай дін жолында болмасын осы айда Меккеге сапар шегуді өздеріне міндет санады. Ислам діні кейбір ғылыми орталарда «Ибраһим діні» деп те атайды.
Меккедегі қасиетті Қағба, Зәмзам құдығы, Сафа және Маруа таулары - бәрі осы Ибраһим есімімен байланысты. Осыда хажылық сапарында Қағбаны жеті рет айналып шығады. Олар осымен қатар өзге де толып жатқан құдайларға тағзым етті. Мәселен біздерге Манат, Лат, Узза деген әйел құдай-ларының есімдері белгілі. Қағбада осылардың және басқа да құдайлардың мүсіндері қойылды. Сонымен қатар алтыншы ғасырда ханиф ілімі ( жалғыз құдайға илану ) кең тарай бастады. Мұны түптеп келгенде саралы діни ілім деуге де болмайды. Одан араб тайпаларының монотеистік дінді орнықтыруға деген ұмтылысы басымырақ екендігі көрінді.
Ханифшілер иаһұдилік және мәсіхшілік үлгілерімен бір құдайға табынуды жақтады. Бірақ олар күмәнді болды. Әдетте басымдыққа ие ьолған тайпа көсемі немесе мемлекет басшысы бір дінді қабылдап уағыздайды. Яғни дін күшпен орнап, сол күштің, саясаттың қызметшісі болатын. Ал жетінші ғасырдағы араб елінде болған оқиға мүлдем басқа жолға түсті, жаңа, һақ дін-ді саясатшы көсем емес, дін уағызшысы, Алланың елшісі насихаттап, Атлантикадан Үнді мұхитына дейін созылып жатқан аса қуатты мемлекет - Араб халифатын орнықтырды.
Адамзат тарихында осындай орасан бетбұрыс жасаған Меккедкегі аса беделді құрацыш тайпасының Әшім әулетінен шыққан Мұхаммед пайғамбар еді.
Ислам «Мұхаммед пайғамбарлардың мөрі» деп аталады. Өйткені ислам діні адамзат баласына келген және келетін ең соңғы һақ дін, Мұхаммед Алланың соңғы елшісі деп саналады. Осыдан соң пайғамбарлық тынады, халифтер (ізбасарлар ) келеді.
Мұхаммедтің өмірі ақиқат пен аңыз. Әшім, одан соң, оның баласы Әбд-әл-Мүталлиб Қағбаның шырақшылары, аса беделді, салиқалы адамдар еді. Әбд-әл-Мүталлибтен Әбу-Тәліп, Әбу-Лахаб, Ғаббас, Хамза және Әбдаллаһ деген ұрпақтар өнді. Әбдаллаһ өте көркем еді, ол құрайыш тайпасынан Әмина деп аталатын қызбен некелесіп, осы некеде Алланың рахымымен рабиғұл-әууәл айының он екінші кешінде, бейсенбі күні ( 23 маусым ) 571 милад жылында Мұхаммед пайғамбар дүниеге келді.
Мұхаммедтің дүниеге келуі туралы ақиқат пен аңыздың арасы пышақ жүзіндей, ажырату өте қиын. Туған жылы кейбір деректерде 570 деп көрсе-тілген. Бұл мынадай оқиғаға байланысты, 570 жылы заратуштралық Иранмен соғыстағы мәсіхшілік Византияға Аксум патшалығы жәрдемге келеді. Ол Хиджаз жазығы арқылы өтіп, жолында Меккені қоршауға алады. Меккеліктер Аксум әскеріің жауынгер пілдерінен түршікті. Бұл олардың бұрын көрмеген хайуаны еді. Осыдан Меккенің қоршалған жылын арабтар « піл жылы » деп атап кетті.
Меккені қамауға алған бірінші түнде-ақ аксумдықтар арасында апат ауру басталып, әскері қырыла бастьады, қорыққан дұшпан Меккені тастап қаша жөнеледі. Иран шахы шаттануы тиіс еді, бірақ осы түні оның сарайында кереметтер болды, Заратуштра құрметіне жағылған мәңгілік шырақ кенет өшіп қалды, ал парсының бас қазысының түсіне ноқта көрмеген атанды бір арабтың мұрындықтағаны кірді. Түн күндей жарық болды. Осы түнде дүниеге Мұхаммед келді. Мұхаммедтің әйелі - Хадишаның жасы туралы да дерек екі түрлі.
Ислам кітаптарында Мұхаммед жиырма бес жасыда үйленді, әйелі он бес жас үлкен, бай саудагердің жесірі еді десе, еуропалық дінтанушылар Хадишаның осы екеден бес бала көтергенің алға тартып, оның жасын жиырма сегізде еді деп көрсетеді. Пайғамбарымыз бен Хадишаның некесі үйлесімді, абыройлы болды, араб дәстүрі рұқсат етуіне қарамастан Мұхаммед Хадишаның көзі тірісінде оның үстінен әйел алған жоқ.
Пайғабардың туылуынан екі ай бұрын әкесі, туғаннан кецін алты жасында шешесі дүниеден қайтты. Сегіз жасына дейін атасы Ғабул - Мүтәліптің, одан соң немере ағасы, төрт жыл абзал халифтың бірі - хазіреті Әлінің әкесі Әбу - Тәліптің қолыда тәрбиеледі. Ол балалық шағынан адал, шыншыл еді. Осыдан оы көбіне «Мұхаммадүл - Әмин», «Сенімді Мұхаммед» деп атайды.
Мұхаммедтің балалық шағы туралы діни аңыз былай дейді: ол замандарда қала тұрғындарының жас әрестеің таза ауамен тыныстанып, табиғат ортасында еркін өсуі үшін қла сыртын мекендейтің тайпалардың әйелдерінен сүт - ана тауып, кесімді мерзімге соған табыстау салты болтын. Мұдай әйелдер Меккеге келіп, емшек сүтімен асырайтың нәрестені таңдап алар еді.
Келушілердің көбінің назары Әмиәнің перзентіне тоқтамады. Солардың ішінде Халима есімді әйел ғана көңілін Мұхаммедке бөледі. Оның тұрмысы төмн еді. Бірақ, Мұхаммедті бауырына алғаан ризығы артты, құдығы суалмады, жері көктеп тұрды, ақ мол болды. Бала үш айында аяғын басатың болды, жеті айлығында жүгіріп кетті, тоғыз айыда адам таң - тамаша болар-лықтай есті сөздер айтар еді. Үш жасына келгеде далада ойнап жүрген жеріе екі періште адам кейпінде келіп оныңкеудесі ашып, жүрегін ұйыңа қаннан, Адам - Атадан бермен келе жатқа бастапқы күнәдан тазартты, оған иман нұрын салды.
Діни кітаптарда Мұхаммедке пайғамбарлық қырық жасыда келді, деп жазылады. Оған дейін ол Дамшаққа дейін керуе тартып, көп жерлерді көрді, көп адамдармен диддарласты.
Ол Хира тауына оңашаланып, терең ойларға берілді. Осындай оңаша сәттерінің бірінде оға үн келді. Ол «оқы» деп әмір етті . «Мен нені оқимын ?» деді. Сонда құлағыа Құранның беташар аяты келді. Мұхаммед ғажаптанып жан - жағыа қарады. Қайда мойын бұрмаса да, алдында адам бейнем\сіндегі Жебірейіл періште тұрды. «Мұхаммед! Сен Алланың елшісісің» - деді ол. Осыдан кейін де, ол бірталай уақыт күмәнді жүрді. Бірақ, Жебірейіл арқылы Алладан тағы ая ая болды. Хадиша оы мұың бәрі жаратушы һақ тағалаың әміріен екдігіе сендірді. Өзі мұсылман болды. Мұхаммедтін пайғамбарлығы осылай басталып, адам бласың адамшылық нәрімен сусындатты, қияметке дейі сөнбейтін ғылым, білім, мәдениет күнінің шырағы бүкіл дүикні нұрландырды.
Ол ислам дінін үш жыл бойы құпия таратты. Кейін Алланың әмірімен халықты тура жолға ашық шақыра бастады. Бірақ, рұхтары дүиялық пиғылдармен қарайып қалған ді дұшпандары пайғамбарға қиянат жасап, қастандық жасауын ойлады. Бұл кезде оның сүйікті зайыбы - Хадиша ме қамқор ағасы Әбу - Тәліп дүиеден озған еді. Осы уақытыда ол Йасрибтің хазрадж тайпасынан өзіне жақтастар тапты. Олар Мұхаммедті жаңа дінді таратып, қауымға басшы болуға шақырды. Бұл қауым кейін ансарилер ( көмекшілер ) деп аталып, дін жолында қайырымды істер жасады. Осылайша Мұхаммед Алланың әмірімен он үш жылда кейін ол ізгі жолға түсүшілерді бастап, Медина қаласыа көшті. Бірақ көш алдында «Исраһа - л - миғраж» аталатын ерекше оқиғаы бостан өткереді. Қағбаның маңында тыныстап жатқан Мұхаммедке Жебірейіл періште келді. Ол әл - Барак деп аталатын бір жануарды келтіріп, соған отыруға бұйырады. Көзді ашып - жұмғанша Хебронда, Вифлеем мен Иерусалимде болды. Осында Ибраһим, Мұса, Ғайса пайғамбарлармен мінажат етті. Сода соң көкке ұшып, Алланың дәргейінде болды. Оқиғаның жылдам болғаны соншалық еді - ол қайтып оралғанда, төсегі де суымаған, қисайып құлаған құмырадан сүт тамшылап үлгермеген . . .
622 - жылы жиырмасыншы қыркүйекте Мұхаммед пайғамбар Йасриб қаласына көшті. Осымен ислам тарыхының жаңа беті ашылды. Мұсылмандық жыл санау - хиджра басталды. Йасриб қаласы Мадинат ан аби, яғни Пайғамбар қаласы деген ат алды.
Бертін келе, ол жай Медина, яғни «қала» аталып кетті. Хиджраның екіші жылында тұңғыш мешіт (масдшид) - Пайғамбар мешіті тұрғызылды. Мұхаммед пайғамбарға Меккеден көшкенде жүз жиырма адам ере келген еді. Бас аяғы сегіз жылдан соң, ол Меккеге он мың қол бастап аттанды.
Хиджра - ислам тарихыдағы аса елеулі кезең болды. Кейбір зертеулерде аталатындай, бұл жаңа дінді және Мұхаммедті қабылдамаған Меккеден жай қоңыс аудару немесе қашу емес еді. Пайғамбардың соңына ергендер дін жолыда арабтар үшін аса қасиетті саналатың тайпалық қатынастарын құрбан етті. Оларды ислам нұры қуаттандырды.
Бұл алғашқы мұсылмандар арабтың «мұхаджир» деге сөзімен анықталды, ал жаңа дінді қабылдаған йасрибтіктер, жоғарыда айтқанымдай, ансарилер деп аталды. Мұхаммед жаңа қоңыста тайпалық одақтарды жойды, олардың жауласуына тыйым салды. Исламды қабылдағандарды дін қарындас етті. Бұл өзге туыстықтан да артық еді. Қвауымда темір тәртіп орнады. Ол Алланың жердегі өкілі - имамға ғана бағынаты болды. Мұхаммед пайғамбар бірінші жұма намазын және тұңғыш хұтпаны (өсиет) осында оқыды, дейді діни жәдігерліктер.
Бірақ, Мекке мен Мединаның арасы жараспады. Меккеліктер жаңа пайғамбарды мойындамады. Әбу - Суфиян бастаған меккеліктер мединалық-тарды бағындырмақ болып жорық жасады. 624- ші жылы он алтыншы нау-рызда екі қол кездесіп, мединалықтар айтулы жеңіске жетті. Араға бір жыл салып, тағы ірі әскери қақтығыс болды. Соңында екі қаланың арасындағы соғыс созыла берді.
Осы жерде Мұхаммед асқан көрегендік танытады. Ол 628 жылы арабтар-дың дәстүрі бойынша ұрыс қимылдары тоқтатылуы тиіс хажылық айыда Меккегк сапар шекті. Оған қалаға кіруге рұқсат болмады. Бірақ, осы сапарында олон жылға бітім жасады. 629 жылы мұсылмандар келісімді пайдалаып, хажылық сапарын атқаруға мүмкіндік алды. Мединалық мұсылмандарды бұрынғы тайпаластары жылы қарсы алды. Көбі мұсылман болды. 630 жылы Мұхаммед пайғамбар Меккенің іргесіне он мың қолме келгенде Әбу - Суфиян өзі қаланы соғыссыз берді.
Осылай сегіз жылдан соң Мұхаммед пайғамбар Меккеге жеңімпаз ретінде салтанатпен енді. Қала түгел мұсылма болды. Қағба пұттардан тазартылды. Пайғамбар Византиә мен Иранға исламды мойындау туралы жаушылар жіберді. Ислам Араб түбегінен тысқа тарала бастады. Бірақ, ол күнге Мұхаммед пайғамбар жеткен жоқ. Меккеде ұзақ аялдамай Медина қаласына оралды. Осында алпыс үш жасында дүние салды.
Ислам төрт халифті - Әбу - Бәкірді, Омарды, Османды және Әліні сенімді деп бөліп атайды. Бұл адамдар ислам діні жолында ерекше қызмет қылған қайраткерлер, кәміл мұсылмандар. Осы халифтер тұсында ислам Мысырға, Сирияға, Иракқа, Иранға, Ливияға, т. б. елдерге тарады.
Бұл уақыттарда жихад - дін жолындағы күрестер жүрді. Оның бір нысаны - ғазауат, дінсіздерге қарсы соғыс. Әр кәміл мұсылма дін жолында жаның пида қылуды мақсат тұтты Бірақ, жихадтың мағыасын тек соғыспе шектеуге болмайды. Мұхаммед пайғамбар айтқан екен: Муджахит деген сол адам - Алла жолына көндіру үшін өз-өзімен күрессе; ал мұхаджир деген - барлық күнәлардан және зұлымдықтарда қашқан адам.
Ислам елдеріде жихад жайында негізі бес қағида бар:
1. Рухаи жихад - өзін-өзі Алла жолына әзірлеу;
2. Найза жихады - дінсіздермен күрес;
3. Жүрек жихады - өзінің ерсіз қылықтарыме күрес;
4. Тіл жихады - тілді жақсы істерге қолдануға үйрету үшін күрес;
5. Қол жихады - қолды адал істерге үйретуге үшін күрес.
Яғни, жихад - қару алып күресу ғана емес, негізінен рухани күрес әрі адамның өзін-өзі жақсы істерге дағды алуына тәрбиелеуі үшін күрес.
Исламда Төрт пайғамбарға жіберілген кітаптар һақ деп саналады, олар: Таурат - Мұса пайғамбарға түсірілген, Зәбур - Дәуіт пайғамбарға келтіріл-ген, Інжіл - Ғайса пайғамбарға келтірілген, Құран мұхаммед пайғамбарға түсірілген. Құранның алғашқы бес аяты Мұхаммедке Хира тауының үңгірін-де Жебірейіл періште арқылы аян етілді. Барлық аяттар жиырма үш жылда жеткізілген екен. Түскен аяттарына қарай меккелік және мединалық болып бөлінеді. Құраың мәртебесін ұлықтап мұсылмандар оны Құран-Кәрім, Құран-Шәрип, Құран-хатым деп атайды. Ол бір жүз он төрт сурадан тұрады. Сура - араб тілінде қатар, дәреже деген мағыналар береді. Суралардағы аяттар саны бірдей емес. Ең қысқа Каусар сурасы үш аяттан ғана тұрса, Бақара сурасында екіжүз сексен алты аят бар. Құран 114 сурадан тұрады, ал аяттар саны болса, әр Құран баспаларында сөйлемдегі үтір мен нүктелердің орналасуына байланыстыбір деректерде 6204, басқа деректерде 6236 аяттан тұрады. Мысалы Орыс ғалымы Люциан Климовичтің деректеріне сүйенер болсақ, Құран аяттары Меккелік баспаларда - 6219 аят, Мединелік баспаларда - 600 аят, Басыралықта - 6214 аят, Сириялықта - 6226 аят, ал Куфалық, Самарқан-дық, Үнділік, Бұқаралық баспаларда - 6225 аят есептелген, ал Құранның жалпы халықтық тізімі бойынша - 6225 аят есептелінген.
Құран Мұхаммедтің көзі тірісі кезінде жиналмай, ауыхзша тараған. Бірінші халиф Әбу- Бәкір хижраның он үшінші жылы, 634 милад жылында Зайд ибн Сәбитке Құранды жинастыруды табыс етті. Бұл жұмыс Алланың рахымымен Османның халиф болған кезінде аяқталды. Зайд 651 жылы Құранды төрт дана етіп қолмен жазып шықты. Осылай адамзат үшін екі дүниені нұрландыруштуралық пен білім бұлағы кітаб болды. Ислам Құран аяттарың жатқа білетіндер Алланың мол шапағатына бөленеді дейді. Құранды жатқа білушілерді қари деп атайды.
Мұсылмандар үшін келесі бір сенімнің негізі - сүннет. Сүннет ол Мұхаммед пайғамбардың айтқан насихаты мен істеген ізгі істерінің жиынтығы. Хадистер хижраның бірінші жылдарынан бастап-ақ жинақтала бастады. Бүгінгі таңда көпшілік ғұламалар шынайы деп тапқан сан алуан хадистер бар. Ислам дінін шариғаты осы Құран және хадиске негізделген.
Мұсылман қырық парызы осы шариғаттың алғы шарттарының бірі болып табылады. Ал қырық парызғдың ең негізгілері мыналар: 1) иман келтіру, 2) бес уақыт намаз, 3) зекет беру, 4) ораза тұту, 5) қажылыққа бару.
Исламдағы ағымға бөлінушіліктің себептері
Әлемдік діндердің бірі болған ислам діні тарихи кезең бойынша көптеген проблемаларды бастан өткерді. Сол проблемалардың бірі мұсылмандардың өзара бөлінуі болып табылады. Бұл бөлінушілік көптеген мәселелерден туындаған болатын. Ислам дінінде мұндай топтарға «мәзхаб» немесе «фирқа» деп атады. Мазхаб сөзі «жүрілген жол» деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы болса, белгілі бір кісіге бағынып, оны қолдаған және саяси бір бағыт ұстанып, ислам дінінің негізгі қағидалары болған Құран Кәрім мен пайғамбар сүннетін түсінуде түрлі жолдарды ұстанған ағымдар.
Ислам дініндегі ағымдар Хз. Мұхаммед пайғамбар мен оның ізбасарлары болған әділетті төрт халифа тұсында болмады. Төртінші халифа Хз. Әлидің кезеңінен (656-661) басталған саяси оқиғалардан кейін мұсылмандар түрлі ағымға бөліне бастады. Сол бөлінушілік жиырмасыншы ғасырға дейін өз жалғасын тауып отырды. Тарихи кезең бойынша пайда болған бұл ағымдардың көпшілігі тарих сахнасынан жойылып, қазіргі таңда біразы ғана дүниенің төрт бұрышында жалғасын табуда.
Тарихшы ғалымдарымыз мұсылмандардың ағымға бөлінуінің өзіндік себептері бар екендігі жайында түрлі пікірлерді айтуда. Ағымға бөлінуге себеп болған мәселелер көп болғандықтан бұл мәселелерді бес негіз аясында қарастырсақ түсінікті болар: Құран Кәрімнің мұсылмандарға берген ой еркіндігі; ағымға бөлінуде діни үкімдердің ролі; ағымға бөлінуде әлеуметтік өзгерістердің әсері; ағымға бөлінуге себеп болған саяси оқиғалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz