ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы



КІРІСПЕ
ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жалпы Ресейдегі капитализмнің дамуы (проблемалар мен қайшылықтар)
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1917 жылдардағы өңдейтін өнеркәсіптердің пайда болуы мен дамуы
1917.1940 жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы
Қазақстандағы негізгі өнеркәсіп салаларының дамуы
КСРО.ның өндірістік дамуындағы Қазақстанның алатын орны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстанның өнеркәсібінің даму проблемалары, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы оның қалыптасуының негізгі бағыттыры мен дамуына тарихи-сын тұрғысынан талдау жасалған. Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге байланысты патша өкіметі мен Кеңес мемлекетінің саясаты анықталып, талданып, өнеркәсіп құрылымының негізгі қайшылықтары мен өзгерістері, қарастырылған кезеңдегі жаңа өнеркәсіп өндірістері мен салаларының пайда болуы туралы баяндалған.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан соңғы үш жүз жылдықта алдымен Ресейдің, содан кейін Кеңес Одағының құрамында болған өзіне тән өзгешелігі бар ел. Евразиялық кеңістікте үлкен территорияны алып жатқан бұл елдің отарлық езгіде болуы, әкімшілік жүйеде феодалдық қатынастардың рулық қалдықтарымен ұштасуы, көшпелі өмір салты экономикалық, мәдени дамуында, халықтың менталитетінде үлкен із қалдырды. Қазақстан ғасырлар бойы бір жүйеден екіншісіне үздіксіз ауысудағы нысаны болды. Экономикалық тәжірибе көрсеткендей бір экономикалық - әлеуметтік жүйеден екіншісіне көшу өте ұзақ жүреді және бір он жылдықта аяқтала қоймайды. Сондықтан да осы ұзақ жолда бірінен екіншісіне ауысудың дұрыс жолы мен әдісін таңдау аса үлкен рөл атқарды. Объективтік және субъективтік факторларды есепке ала отырып, оның өзара байланысы мен өзара тәуелділігін ескеріп, шаруашылықтың жаңа жүйесіне ауысудағы нақты тиімді бағытты анықтау қажет болды. Жаңа жүйеге өтудегі басты жолды таңдау өте қиынға соқты, өйткені тарихта бұндай өзгеріс бұрын-соңды болған жоқ. Осыған байланысты елдің индустриалды даму деңгейіне аса үлкен мән берілмеді. Қазақстан өнеркәсібінің дамуына тарихи-сыни талдау жасау оның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстанның өнеркәсіп тарихы Отандық тарих ғылымындағы маңызды тақырыптың бірі болып қалады. Оның маңыздылығы сол кезеңдегі болған оқиғалар мен өзгерістерге байланысты. Өнеркәсіптің даму тарихында ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы, өнеркәсіп салаларының қалыптасуы, дамуы өте күрделі жол болды. Өнеркәсіптің тез дамуы революцияға дейінгі Ресейде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында реформалар жүргізу мен шетелдің капиталдың енуімен ғана жүзеге асты. Кеңес өкіметі патша өкіметінің қарыздарын төлеу мен олардың Ресейдегі меншігін қайтарудан бас тартқаннан кейін, олар шетелдік инвесторларға арқа сүйей алмады. Сондықтан Кеңес Одағы индустрияландыруды жүзеге асыру үшін тек өз күшіне сүйеніп, оған жету жолдарын өздерінде іздестіруге тура келді.
Бұл жағдайлар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен оның бағыттарын анықтап берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы салыстырмалы серпінділік, 1917-1940 жылдардағы индустриалды дамудағы жеделдетілген дамыту қадамдары Қазақстанның аймақтық өнеркәсіптің даму ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етті.
1 Геллер М. История Российской империи. М., 1997. 3 т. - с.174.
2 Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие Советского рабочего класса в Казахстане. Алма-Ата, 1966.- с.18.
3 ҚР ОММ, қ-12, 1-т, 9-іс, 5-п.
4 Фридман Ц.Л. Иностранные капиталы в промышленности дореволюционного Казахстана. Алма-Ата: Казгосиздат, 1960.- с.14.
5 Обзор Сырдаринской области за 1895г. Ташкент ,1896, с.26.
6 Коншин Н. Краткий статический очерк промышленности и торговли в Акмолинской области за 1880-1894 года, Омск, 1896. Табл.4.
7 Голубев П.А. Историко-статические таблицы по Оренбургской губернии за 1862-1893 годы.
8 Календарь для Киргиз на 1897 год. Оренбург, 1897, с.61.
9 Заорская В.В., Александер К.А. Промышленные предприятия Туркестанского края. Пг., 1915.- с.221.
10 Материалы для статистики Туркестанского края. Под ред. Маева Н.А. Вып. 3. Спб. 1874.- с.281-285.
11 Статистический очерк кожевенной промышленности и торговли./ сост. В.И. Шарый. Пг, 1917.- с.10.
12 Локшин Э.Ю. Промышленность СССР 1940-1963 г.г. М., 1964.- с.16.
13 ҚР ПМ, қ-139, 2-т, 44-іс, 16-п.
14 ҚР ПМ, қ-141, 1-т, 13335-іс, 3-п.
15 Народное хозяйство СССР. 1922-1972. с.560.
16 Развитие народного хозяйства Казахстана за 50 лет Советской власти. Алма-Ата. 1967- с.77.
17 ҚР ПМ, қ-141, 1-т, 5502-іс, 24-п.
18 ҚР ПМ, қ-141, 1-т, 5513а-іс, 51-п.
19 ҚР ПМ, қ-141, 1-т, 732-іс, 181-п.
20 ҚР ПМ , қ-141, 1-т, 2091-іс, 135-п.
21 ҚР ПМ, қ-141, 1-т, 7863-іс, 32-п.
22 ҚР ПМ, қ-141, 1-т, 5513а-іс, 100-п.
23 Нурмухамедов С.Б. Очерки истории социалистического строительства в Казахстане 1933-1940 г.г. Алма-Ата. 1966.- с.52.
24 ҚР ПМ, қ-708, 2-т, 823,іс, 19-22-п.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
1 ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп саласының кейбір мәселелері. // Қайнар хабаршысы.- № 4/2. -2007.- 49-53 бб.
2 Қазақстандағы негізгі өндіріс салаларының дамуы.// Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. -№ 3(46) -2007.- 116-119 бб.
3 Совет өкіметінің өндірісті дамыту саясаты. // Қайнар хабаршысы.- № 3/1- 2007.- 78-81бб.
4 Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат. // Бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың перспективалары мен проблемалары: Халықаралық ғылыми конференция материалдары.- Талдықорған: Жетісу мемлекеттік университеті, 2007.-316-32 бб.
5 Революцияға дейінгі өндірістің дамуы. // Қазақстанның әлемдік білім жүйесіндегі интеграциясы:даму бағыттары: Халықаралық ғылыми конференция материалдары.- Талдықорған: Жолдасбеков институты, 2007.-231-233 бб.
6 ХХғ. 20-40жж Қазақстанда өндірістің дамуы. // ХХ-ХХІғ жолындағы білім және ғылым мәселелері: Халықаралық ғылыми конференция материалдары.- Алматы: Қайнар университеті. 2007.-167-173 бб.
7 ХІХғ екінші жартысы мен 1940жж Қазақстанда өнеркәсіптің дамуындағы негізгі бағыттар: мәселенің қойылуы. // Әлемдік өркениет және Қазақстан: Халықаралық ғылыми конференция материалдары.- Алматы:Қайнар университеті, 2007.- 313-316 бб.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ 
       Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстанның өнеркәсібінің
даму проблемалары, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы оның
қалыптасуының негізгі бағыттыры мен дамуына тарихи-сын тұрғысынан талдау
жасалған. Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге байланысты патша өкіметі мен
Кеңес мемлекетінің саясаты анықталып, талданып, өнеркәсіп құрылымының
негізгі қайшылықтары мен өзгерістері, қарастырылған кезеңдегі жаңа
өнеркәсіп өндірістері мен салаларының пайда болуы туралы баяндалған.
      Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан соңғы үш жүз жылдықта алдымен
Ресейдің, содан кейін Кеңес Одағының құрамында болған өзіне тән өзгешелігі
бар ел. Евразиялық кеңістікте үлкен территорияны алып жатқан бұл елдің
отарлық езгіде болуы, әкімшілік жүйеде феодалдық қатынастардың рулық
қалдықтарымен ұштасуы, көшпелі өмір салты экономикалық, мәдени дамуында,
халықтың менталитетінде үлкен із қалдырды. Қазақстан ғасырлар бойы бір
жүйеден екіншісіне үздіксіз ауысудағы нысаны болды. Экономикалық тәжірибе
көрсеткендей бір экономикалық - әлеуметтік жүйеден екіншісіне көшу өте ұзақ
жүреді және бір он жылдықта аяқтала қоймайды. Сондықтан да осы ұзақ жолда
бірінен екіншісіне ауысудың дұрыс жолы мен әдісін таңдау аса үлкен рөл
атқарды. Объективтік және субъективтік факторларды есепке ала отырып, оның
өзара байланысы мен өзара тәуелділігін ескеріп, шаруашылықтың жаңа жүйесіне
ауысудағы нақты тиімді бағытты анықтау қажет болды. Жаңа жүйеге өтудегі
басты жолды таңдау өте қиынға соқты, өйткені тарихта бұндай өзгеріс бұрын-
соңды болған жоқ. Осыған байланысты елдің индустриалды даму деңгейіне аса
үлкен мән берілмеді. Қазақстан өнеркәсібінің дамуына тарихи-сыни талдау
жасау оның қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының
ерекшеліктерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
       ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстанның өнеркәсіп
тарихы Отандық тарих ғылымындағы маңызды тақырыптың бірі болып қалады. Оның
маңыздылығы сол кезеңдегі болған оқиғалар мен өзгерістерге байланысты.
Өнеркәсіптің даму тарихында ерте капиталистік қатынастардың пайда болуы,
өнеркәсіп салаларының қалыптасуы, дамуы өте күрделі жол болды. Өнеркәсіптің
тез дамуы революцияға дейінгі Ресейде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басында реформалар жүргізу мен шетелдің капиталдың енуімен ғана жүзеге
асты. Кеңес өкіметі патша өкіметінің қарыздарын төлеу мен олардың Ресейдегі
меншігін қайтарудан бас тартқаннан кейін, олар шетелдік инвесторларға арқа
сүйей алмады. Сондықтан Кеңес Одағы индустрияландыруды жүзеге асыру үшін
тек өз күшіне сүйеніп, оған жету жолдарын өздерінде іздестіруге тура келді.

      Бұл жағдайлар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен
оның бағыттарын анықтап берді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
басындағы салыстырмалы серпінділік, 1917-1940 жылдардағы индустриалды
дамудағы жеделдетілген дамыту қадамдары Қазақстанның аймақтық өнеркәсіптің
даму ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер етті.
      ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы өнеркәсіптік дамуының
негізгі бағыттарына тарихи-сыни талдау жасау өзектілігі жаңа кезеңдегі
Қазақстанның жалпы өнеркәсіптік дамуындағы негізгі қайшылықтарын анықтауға,
оның өнеркәсіптік даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік
береді. Ол әсіресе, қоғамдық еңбекті бөлудің жаңа түрі пайда болған кезде
ақша-тауар қатынастары жедел қарқынмен дамып, рыноктық байланыстар пайда
болған кезде оның шарттарын түсінуде өте маңызды.
      Мәселенің зерттелу деңгейі. Революцияға дейінгі әдебиеттерде
өнеркәсіп тарихына арналған жан-жақты еңбектер көп емес. Қолда бар
әдебиеттер негізінен Ресейдегі және оның отарындағы елдердегі өнеркәсіптің
пайда болуы мен оның дамуына арналған. Жекелеген аумақтардың шаруашылық
өмірін зерттеуде үлкен маңызды еңбектер жазған А.И. Добромыслов,
статистикалық материалдар, жалпы    аумақтың экономикалық жағдайы туралы
француз зерттеушісі К.Оланьон жалпылама еңбектер жазды, сондай-ақ  
 Ресейдің        зерттеушілері: Л.Мейер, Н.Конин, П.А.Голубев, 
М.Н.Соболевті   бөліп алып, атауға болады.
      Революцияға дейінгі тарихнамада лайықты орын алатын ХІХ ғасырдың
екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жекеленген өнеркәсіп салаларының
дамуы туралы А.А.Мурашкинцевтің, Транссібір темір жол магистралінің
жүргізілуі, Сібір мен Қазақстанға шетелдік капиталдың келуінің күшеюі осы
темір жолмен байланысты С.В.Саблер мен И.В.Сосновскийдің,  В.Верховскийдің,
В.С.Зивтің жұмыстарында қарастырылған. 
     Революцияға дейінгі экономикалық даму туралы әр түрлі экономикалық
көзқарастар және шетелдік өнеркәсіп және банк капиталының тарихы туралы
Н.И.Березиннің    А.Шиштың, В.А.Пазухиннің еңбектерінде көрсетілген.
    ХІХ ғасырдағы Ресейдің өнеркәсіптік дамуына В.К.Яцунский зерттеу
жасаса, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы өнеркәсіптің дамуы туралы
П.А.Хромов, Ю.А.Рыбаков, С.Г.Струмилин,К.А.Пажитнов, П.М.Лукьяновтің
еңбектерінде елдің жекелеген аудандарындағы өнеркәсіптің дамуы туралы
бірқатар ірі еңбектері шықты. 
     Қазақстан ғылымында Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы туралы.        
А.Нүсіпбековтің, С.Нейштадтың еңбектерінде жарық көрді. Соның ішінде
бірінші рет қазақтың тарих ғылымында революцияға дейінгі Қазақстан
экономикасына шетелдік капиталдың енуі мәселелері С.Нейштадтың еңбегінде
көрініс тауып, шетелдік өнеркәсіп және банк капиталының Қазақстанға енуі
баяндалған. Қазақстан экономикасына шетелдік өнеркәсіп және банк
капиталының енуі туралы Ц.Л.Фридманның еңбектерінде терең және жан-жақты
көңіл аударылып, ірі шетелдік компаниялардың бай түсті металл кен
орындарын, мұнай және көмір кендерін қолдарына алған әрекеттерін кешенді
түрде көрсеткен. Ол аз шығын шығару арқылы көп пайда түсіруге тырысқан
шетел капиталистерінің опасыздығын сипаттады.
     Қазақстан территориясында пайда болған өнеркәсіп ошақтарын ол халық
шаруашылығының табиғи дамуының негізінде емес, шеттен келген капитал
күшімен құрылып, өнеркәсіптің жекелеген  ошақтарын жасады, оның Қазақстан
экономикасымен байланысы мүлде аз болды және капитализмге дейінгі
катынастар үстемдік еткен, артта қалған шаруашылық мұхитындағы жекелеген
өнеркәсіп аралдары сияқты болды.
    Қазақстанның экономикалық дамуына арналған бірқатар әдебиеттер, олар
революцияға дейінгі, сондай-ақ  кеңес дәуірі кезіндегі өнеркәсіптің даму
мәселелерін көтереді. Осы еңбектердің, ішінде Ресей империясының
құрамындағы Қазақстаның шаруашылық жағдайына сипаттама берген  Г.Чулановтың
жұмысын бөліп қарауға болады.
     Қазақстанның бүкіл экономикалық даму жолын егжей-тегжейлі қарастыруға
қадам жасалынды.   Өнеркәсіптің жекелеген салаларын, соның ішінде темір жол
құрылысы, кен зауыттары, тау-кен өнеркәсіптері, мұнай, өңдейтін
өнеркәсіптер туралы зерттеуге П.М.Алампиев, М.Х.Асылбеков,
Е.Б.Бекмұхамедов, Е.Д.Ділмұхамедов және тағы басқалары оразан зор үлес
қосты.
     Қазақстандағы революцияға дейінгі және 1917-1940 жылдардағы
өнеркәсіптің тарихы тарихнамалық еңбектерде де қарастырылды. Осындай
жұмыстардың арасынан Д.И.Дулатованың, А.Н.Нүсіпбековтің, Н.Даулбаевтың,
В.В.Турттың, С. Нұрмұхамедовтің, Б.Абишеваның, М.Қозыбаевтың,
И.Қозыбаевтың,  М.Асылбековтің, А.Алтаевтың, Р.Құрманғалиеваның және тағы
басқалардың зерттеулерін бөліп алып қарауға болады.
     К.Жақыпбековтің зерттеулерінде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы
және қайта қалпына келтіру кезеңіндегі жеңіл өнеркәсіптің құрылуы, соғысқа
дейінгі бесжылдықтардағы  жоспарды жүзеге асыру кезіндегі өндіріс салалары,
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республикаға қоныс аударылған өндірістер және
оларды іске қосу туралы жазылған.  Ал М.Х.Асылбековтың ғылыми зерттеулері
Қазақстанның өнеркәсіп тарихнамасында үлкен орын алады. Оның еңбектерінде
Қазақстанның темір жол транспортының дамуы туралы жарты ғасырда астам
уақытты қамтиды. М.Асылбеков зерттеген мәселелер кешенінде революцияға
дейінгі Қазақстанның экономикасына темір жолдардың жасаған ықпалы мен оны
Ресей империализмінің шикізаттық шылауына айналдыру және сонымен бірге
коммуникациялар жасаудың объективті оң нәтижелері көрсетілген. Автор темір
жолдар салу кезінде қазақтардың жер алқаптарының тартып алынуын және
сонымен бірге жолдардағы жүк айналымының ұлғаюы, олардың бойында
егіншіліктің дамуын, ауыл шаруашылық өнімдерінің өлке шегінен әкетілуін
дәлелдейтін фактілер келтіріледі. Автор темір жол транспорты саласын
кәсіпқой кадрларымен қамтамасыз ету, жолдар мен оны өндіріс-құрамдарының
жаңа түрімен қамту, жұмысшылардың алдыңғы қатарлы экономикалық, әлеуметтік
және саяси салаларын қалыптастырудағы рөлін терең және толық зерттеген.
     Д.А.Шаймұхановтың, Н.Р.Күнқожаевтың ғылыми еңбектерінде аумақтық
индустриаландыруды жүзеге асырудағы партиялық ұйымдардың жасаған жұмысы,
өндірістердегі техникамен жабдықтау мәселесі, сондай-ақ шығармашылық және
техникалық интеллегенцияның рөлін қатаң сынға алады.
     Арнайы тарихи еңбектер мен тарихнамалық  зерттеулердің арасында
Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттарына тұтас тоқталған
немесе қаралып отырған мәселелелердің кейбіріне жекеше тоқталған
көзқарастар бар. Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы мен индустриаландыру, кадр
мәселесіне байланысты бірқатар кандидаттық, докторлық диссертациялар
жазылып, қорғалды. Олардың ішінде менің зерттеу тақырыбыма қатысты
мәселелерді қамтыған тұстары да бар. Атакузиеваның, Э.Н.Власованың,
К.С.Игібаевтің еңбегінде өнеркәсіп құрылымы, оның пайда болуы, басқарылуы,
кәсіпкерлер, құрамы, өнеркәсіптің егіншілікпен байланысы, өнеркәсіптің
өңдеуші, алтын, көмір өндіруші және басқа салалары бойынша жұмысшылардың
саны, құрамы және орналастырылуы, жұмысшылардың жағдайы және тап күресінің
нысандары қарастырылған. Т.А.Төлебаевтың зерттеулерінде Қазақстанға
капитализмнің ену тарихына ғылыми талдау жасалынса,  Б.Түлкиеваның,
Р.Қадысованың еңбектерінде қатал әкімшілік басқару, барлық өнеркәсіп
инфрақұрылымдарының орталықтандырылуы және тағы басқалары көрінеді.
К.Ауанасова, Г.Жұман КСРО халық шаруашылығын дамытудағы Қазақстан
өнеркәсібінің рөлі, индустриаландыру, ұлттық кадрларды қалыптастыру,
индустриаландырудың нәтижелері зерттесе, Т.Садықов Орталық Қазақстанда
капиталистік қатынастардың дамуы, шетел капиталының енуі, Кеңес дәуіріндегі
Жезқазған өнеркәсіп кешенінің қалыптасып, жандануы, Қарсақпай комбинатының
іске қосылуы, жұмысшы, инженер-техник кадрларды дайындау мәселелерін
мәселелерін көтерген.     
      Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты –ХІХ
ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуының
негізгі бағыттарын анықтап, тарихи–салыстырмалы талдау жасау болса,
міндеттері төмендегідей:
- Отарлаушы мемлекеттердегі капиталистік өнеркәсіптің жалпы дамуын зерттей
отырып, отар елдердегі ерекшеліктерін ашу;
- Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патша саясатын көрсету;
-ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстандағы өнеркәсіптік
дамуының негізгі қайшылықтары айқындау;
-1917-1940 жылдардағы Кеңес өкіметінің Қазақстан өнеркәсібін дамытуға
қатысты саясатын анықтау;
-1917-1940 жылдардағы Қазақстанда пайда болған және дамыған салалық
өнеркәсіп құрылымдарын көрсету.
     Зерттеу жұмысының деректік негізі. Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен 1940 жылдағы өнеркәсіптің дамуы  туралы деректік материалдар
қоры өте мол. Деректік жинақта Қазақстан Республикасының мұрағат қорында
жиналған материалдар маңызды орын алады. Мұрағат деректері қарастырылып
отырған кезеңдегі Қазақстандағы өнеркәсіп дамуының негізгі қайшылықтарын
анықтауда зерттеудің нағыз тарихи материалдар көзі болып табылады.
Зерттеліп отырған мәселені тарихи – сыни талдау жасауда мұрағат құжаттарын
пайдалану өте маңызды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының орталық
мұрағатына алынған құжаттардың қоры мол. Революцияға дейінгі Қазақстанның
өнеркәсіптік дамуы туралы 12 қорда Аумақтық тау-кен және жеке алтын
кәсіпшіліктерін бақылау есептері, Поповтың мекемелері туралы деректер,
алтын кендері мен тас көмір кендері туралы мәлімет, 14 қорда Далалық
аумақтық тау-кен округінің инженерлерінің куәліктері, жасаған есептері, 44
қорда 1808 жылдан бастап 1919 жылға дейінгі өнеркәсіп туралы, 64 қорда
Қазақстан территориясында пайда болған өнеркәсіп ошақтары, әсіресе тері-
былғары зауыттары туралы мәліметтер өте көп болса, 439 қорда Иванов пен
Савинковтың сантонин зауыты, олардың зауыттың жұмысы туралы жеке хаттары,
есептері туралы мол дерек көздері берілген.
     Сонымен қатар бұл жұмыста Қазақстан Республикасының Президенті
Мұрағатының құжаты пайдаланылды. Дисссертациялық зерттеуде әсіресе мына
қорлар ерекше қызығушылық тудырады: 139 қорда 1920-1925 РКП (б) Қырғыз 
обкомының, 140 қорда РКП (б) Қырғыз АКСР облыстық бюросының, 141 қорда БК
(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің 1925-1937 жылдардағы, 708 қорда Қазақ
Компартиясы Орталық Комитетінің 1937 жылдан бастап жазылған құжаттары,
БК(б)П Алматы уездік комитетінің (1918-1928), Алматы округтік комитетінің
(1928-1930), Жетісу губерниялық комитетінің (1924-1928), Алматы облыстық
комитетінің 1928  жылдан бастап жинақталған материалдары. Сондай-ақ  Сол
сияқты Талдықорған мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік мекемесінің жинақ
қорында осы облыс көлеміндегі 1930 жылдардан бастап осы күнге дейінгі
қалыптасқан өнеркәсіп ошақтары туралы мәліметтер жинақталып сақталған. 
        Мұрағат деректеріне қоса патша өкіметінің Ресей империясының
заңдарының толық жинағы атты жинақталған заңдық актілер мен құжаттар,
далалық облыстардағы Қырғыздар туралы заңдар жинағы, Ресей империясының
заңдар жинағы пайдаланылды. Қазақ өлкесінің шаруашылық өмірі жайлы қызықты
материалдар бірқатар революцияға дейінгі басылымдарда: 1899 жылғы Сібір
сауда - өнеркәсіп календары, Семей облысының естелік кітапшасы, Ақмола
облысына шолу, Сырдария облысына шолу, Торғай облысына шолу, Орал
облысына шолу және тағы да басқа құжаттардан қарастырылды.
     Патша өкіметін құлатқаннан кейін Қазақстанның өнеркәсібінің дамуы
коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің нұсқауларымен анықталып, КОКП ОК
пленумдары мен конференция, съезд қарарлары және шешімдері атты
жинақтарда топтастырылды.
     Деректер топтамасына Қазақстанның 60 жылдағы халық шаруашылығы деп
аталатын статистикалық жинақ та алынып, қарастырылып отырған кезеңге
байланысты Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын суреттейтін тарихи оқиғалар,
баспасөзден алынған материалдар да енгізілді.
      Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері мен әдістері. Зерттеу
жұмысын жүргізуде қарастырылып отырған тақырыпқа орай тарих ғылымында
қалыптасқан ғылыми таным территориясына сүйене отырып жасалуы үлкен
жетістікке жету үшін талдау, жинақтап зерттеу, салыстырмалы – тарихи
өткенді шолу, оқиғалардың жүйелі уақытын белгілеу және тағы басқа да
зерттеуде танымдық жұмыстардың жалпы тізбегі пайдаланылды. Осы әдістердің
ішінде арнайы  тарихи – жүйелілік әдістерін ерекше көрсету қажет. Алдыға
қойған мақсаттар мен міндеттерге байланысты қарастырылып отырған кезіндегі 
Қазақстан өнеркәсібінің негізгі бағыттары анықталды, сын тұрғысына қарап,
жекелеген, ерекше, жалпы, барлығына ортақ ерекшеліктерін табуда орны бөлек
болды. Тарихи оқиғаларда зерттеген кезде олардың ішінен кеңестікте бірге
немесе көбіне ішінен ерекшеленетін, уақытқа байланысты өзгеріп отыратын
құбылыстар кездеседі. Осылардың негізінде зерттеу жұмыстарын жаңа сапалы
деңгейге көтеретін мүмкіндіктер күтіледі.
     Біздің зерттеу жұмысымыздың методологиялық негізінің түп қазығы-
белгілі ғалым тарихшылардың, экономистердің еңбегі болып табылады.
   Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы сол, бұнда
Қазақстандағы қарастырылып отырған кезеңдегі өнеркәсіптің дамуының негізгі
қайшылықтарына тарихи – сын тұрғысынан талдау жасалды. Бірінші рет осы
еңбекте Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуының негізгі кезеңіне нақты деректер
ұсынылып, диссертацияның тақырыбын бір мақсатқа шоғырландырып, көрсетуге
мүмкіндік берді:
- Әлемдегі ірі отар иеленуші Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты елдерден
тәжірибе ала отырып, өзінің отарындағы елдерге үстемдігін жүргізген патша
үкіметінің жүргізген экономикалық саясатына әділ баға берілді;
- ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның
экономикасына орыс және шетел капиталын енгізу туралы патша өкіметінің
күшіне енгізген заңдық актілері туралы нақты – тарихи материалдар негізінде
көрсетілді;
- Революцияға дейінгі кезеңдегі өнеркәсіптердің салалық құрылымдары:
өндіретін және өндейтін өнеркәсіптер туралы жазылып, өнеркәсіпті игеріп,
Қазақстанды Ресей капиталистерінің шикізат көзіне айналдырғаны туралы нақты
суреттейді;
- Қазақстанның өнеркәсібін дамуындағы негізгі қайшылықтар мен оның Кеңестік
Ресейдің өнеркәсібінің шикізат көзіне айналуына сын көзбен қарайды;
- Зерттеу барысында тақырыптың осы күнге дейін ғылыми айналымға енбеген,
бұрын белгісіз болып келген қалтарыс, көлеңкелі тұстары анықталды. ҚР
Президенті мұрағатынан, ҚР Орталық мұрағатынан мол деректер алынып, ғылыми
тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
-  Қазақстанның бірінші онжылдықтардағы өнеркәсібінің дамуындағы жаңа
бағыты зерттеліп, республиканың экономикалық дамуындағы маңызы зор
болғандығы көрсетілді.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда өнеркәсіптің пайда болуы мен
дамуы бұл тарихи заңды құбылыс болды. Ресей империясының боданында бола
отырып, Қазақстанға біртіндеп капиталисттік қатынастар еніп, бірінші
кезекте бұл аймақты отар иеленуші елдердің шикізат көзіне айналдыруды
көздеді.
2. Патша өкіметі пайдалы қазбаларды ашуда, өнеркәсіп өндірістерін құруда,
өндірістің және өңдейтін өнеркәсіптерге орыс және шетел капиталын енгізе
отырып, жоспарлы экономикалық саясат жүргізді.
3. 1917-1940 жылдардағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы Кеңестік
экономикалық саясатқа сай іске асты. Негізгі өнеркәсіптің даму бағыттары
жаңа экономикалық саясат пен социалисттік индустриаландыру кезеңінде жүзеге
асты.
4. 1940 жылдары Қазақстанда революцияға дейін болмаған өнеркәсіп
инфрақұрылымдарының тармақтары дамыды. Қазақстанның өнеркәсібі Ресей
империясының тұсында  да  Кеңес дәуірінде де арзан шикізат көзі болды.
       Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Диссертация жұмысының
хронологиялық шеңбері ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдар аралығын
қамтиды, өйткені Қазақстанның өнеркәсібінің құрылуы мен дамуы әртүрі саяси
режим тұсында: Ресей империясы мен Кеңес мемлекеті кезінде болды. Осы
кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібінің дамуындағы негізгі бағыттары 
қарастырылады.
     Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік құндылығы. Диссертациялық
жұмыстың тақырыбын ашуда бірінші рет ғылыми айналымға шыққан үлкен көлемде
деректі материалдар тартылған. Нақты тарихи деректердің негізінде талдау
жасалынды және қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібінің
дамуы туралы негізгі көзқарастар кеңейтілді. Жұмыстың тәжірибелік
бағалылығы сол бұнда нақты тарихи мағлұматтар беріліп, ғылыми ізденістер
басшылыққа алынған, сондықтан оның Қазақстан тарихын кеңейтіп жазуда,
арнайы курстар мен арнайы семинарлар өткізуде көмегі болуы мүмкін.
        Зерттеу жұмысының нысаны. Осы диссертацияның зерттеу нысаны болған
өте күрделі тарихи құбылыс болып есептелетін қарастырылып отырған кезеңдегі
өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттарының тарихы болып табылады.
      Зерттеу жұмысының пәні. Диссертациялық жұмыста қарастырылған
кезеңдегі Қазақстандағы өнеркәсіптің негізгі бағыттарын зерттегенде біздің
еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдегі: Қазақстанның Ресей империясы мен
Кеңес мемлекетінің құрамында қалыптасуы мен дамуындағы негізі қайшылықтары
мен қайнар көздері жан-жақты қарастырылады.
     Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс Ш.Ш.Уәлиханов
атындағы тарих және этнология институтында Жаңа кезеңдегі Қазақстан және
Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің кеңейтілген отырысында
талқыланды және қорғауға ұсынылды. Диссертацияның тақырыбы бойынша 3 ғылыми
мақала жарияланды. Диссертацияның негізгі ойлары мен нәтижелері 4
халықаралық және республикалық ғылыми–практикалық конференцияда баяндалды.
      Диссертацияның құрылымы. Зерттеудің құрылымы ғылыми еңбектің мақсаты
мен міндеттеріне сай түзілген. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан және соған сай тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
     ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ 
     Жұмыстың кіріспесінде ғылыми зерттеудің жалпы сипаттамасы, тақырыптың
өзектілігі көрсетіледі, сонымен қатар зерттелу деңгейі қарастырылып,
зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалады. Диссертацияның қол жеткізген
ғылыми жаңалықтары көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми
тұжырымдар келтіріледі, зерттеудің теориялық және методологиялық
негіздеріне тоқталып, оның практикалық маңыздылығы мен құрылымы баяндалады.

     ХІХ ғасырдағы екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы
өнеркәсіптің дамуы атты бөлімнің бірінші бөлімшесі ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жалпы Ресейдегі капитализмнің дамуы
(проблемалар мен қайшылықтар) деп аталады.
     ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы Ресей империясының
тарихындағы өтпелі кезең болды.  Империя аса үлкен көлемдегі саяси
сілкіністерге тап болды және оның себебі бірнеше ғасырдан бері қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты еді.
     Ресейдегі басыбайлылық  құқық жойылғаннан кейін капитализмнің дамып,
орын алғаны көрінді және ХІХ ғасырдың  соңына қарай оның монополистік
дәрежеге өтуінің белгілері көріне бастады. Бірақ Ресейдегі капиталистік
дамудың Батыс Европадағы буржуазияның құрылыстың орнауы мен классикалық
капитализмнен өзіндік ерекшеліктері болды. Сондықтан қазіргі ғылыми
әдебиеттерде капитализмнің дамуы туралы үш үлгіні ұсынады:
      Бірінші үлгідегі елдерге Батыс Европа мемлекетімен бірге оған
мұхиттың арғы бетіндегі (Канада, Австралия) мемлекеттер де ене алады. Бұл
аймақтағы қоғамға ертеректегі өзгешелік, өздігінен пайда болған
капиталистік қатынастар, олардың табиғи дамуы, капитализмге өтудегі
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, саяси және мәдени алғы шарттарының
қалыптасуы.
      Екінші үлгідегі елдерде бұл жағдай басқаша қойылған (Ресей, Жапония,
Түркия, Балқан мемлекеттері тағы басқа). Бұл мемлекеттерде бірінші үлгідегі
буржуазиялық құрылыстың қалыптасуы мемлекеттерге қарағанда кейін бастады,
бірақ қарқынды жүрді, (ішкі және сыртқы себептердің ықпалымен, сол
мезеттегі ішкі қауіп-қатер салдарынан және Батыс қоғамынан артта қалуда
жоюға ұмтылумен байланысты болды).
     Екінші үлгідегі елдерде капиталистік үрдістің дамуы осы қоғамдағы
көптеген ескі қалдықтарды сақтау шартында өтті. Батыс көптен күткен нәрсеге
бірден қол жеткізеді (теміржол, ауыр өнеркәсіп). Осындай негізде екінші
үлгідегі елдерде капитализм дамыды. Экономикалық артта қалу- шылықты
жылдамдата билеу қажеттілігі салықтық қанау мен әлеуметтік шиеленісушілікке
алып келді. Шаруашылық өмірде ұлттық негізге көшу, ұдайы өндіріске
жеткіліксіз дайындық, екінші үлгідегі  елдерде ұлттық құндылықтар мен
буржуазиялық құндылықтар, өнеркәсіптік қоғамға Батыс елдеріне қарағанда
табиғи түрде құрылған жоқ. Әрине екінші үлгінің қоғамындағы капиталистік
үрдіс барысында туындаған қиыншылқтарды жою мүмкін еді, оған мысал ретінде
Жапонияны алуға да болады.
     Ертедегі капитализмдегі елдердің бір-бірімен тәжірибе алмасуы тек
қана проблема тудырып қана қоймай, өзіндік артта қалушылық басымырақ болды.
Үшінші үлгідегі қоғамның буржуазиялық өзгерісіндегі күрделі табысы көптеген
өзіндік факторларға қатысты болды және жергілікті мәдени салт-дәстүрлерден
жаңа құндылықтарды қабылдауға дейінгі сатылардан өтті, ақырында жергілікті
мәдени әдеп – ғұрыптардан енді жаңа бір буржуазиялық құрылымды қабылдаған
Азия, Африка және Латын Америкасының кейбір елдері болды.
     Ресейдің ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы экономикалық
дамуында шетелдіктердің  инвестиция салуы аса үлкен рөл атқарды. Батыс
Европада салатын жер іздеген көптеген бос капитал қорлары болды. Ресей
өзінің экономикалық даму ерекшелігіне қарай капиталды шетке шығарудан гөрі
шеттен көп енгізді. Шетел кәсіпкерлері өз капиталдарын Ресей өнеркәсібіне
салуға құштар болды, өйткені елдегі жұмыс күшінің арзандығы оларға пайда
табуға мүмкіндік берді. Патша өкіметі Ресей экономикасына шетелдік ақша
салушыларға бар мүмкіндікті жасай отырып, жетіспей жатқан Отандық
капиталдың орнын жабуға тырысты. Шетелдік капитал екі мақсатта: өндіргіш
күштерді дамыту үшін (халық шаруашылығына қаржы салды) және бюджеттегі
жетіспеушілікті жабу үшін (мемлекеттік займ) пайдаланылды. Осының негізінде
өндіріске салынатын қаржы екі түрде: кәсіпкерлікке (акционерлік) және ссуда
(облигация) түрінде жүзеге асты.
     Ресейге негізінен Франциядан, Англиядан, Германиядан және Белгиядан
капитал енгізілді. Монополистік капитализм дәуірінде отар елдер мен тәуелді
мемлекеттер бірінші кезекте үстемдік етуші метрополияның өнеркәсіп
тауарларын өткізу және капитал салу көзі болып қалды. Бұл шетелде
монополистерге құлдыққа түскен елдердің экономикасын толық өз қолына алып,
бақылау жасауына мүмкіндік берді. Метрополиялар отарлар мен тәуелді елдерге
экспортқа тауар шығаруды олардың капиталын салу негізінде ғана жүрді,
себебі қажетті мөлшерде пайда түсіру үшін емес, бұл елдерді арзан шикізат
көзі мен жері, үнемі болып тұратын жұмыссыздыққа байланысты болатын арзан
жұмыс күші, жалпы бұқара халықтың қайыршылығы мен кең көлемдегі
пайдаланылатын күшпен жұмыс жасату, соның ішінде әйелдер мен балалардың
арзан еңбегін пайдалану үшін салынды.    
       Жалпы алғанда ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Отандық
индустрияның даму қорытындыларна қарасақ, 1913 жылы Ресейдің өнеркәсіптік
өндіріс көлемі АҚШ, Германия, Англия, Францияға жол беріп, әлемде 5 орынды
иеленді. Соның өзінде Францияның өнеркәсіп өнімдерінің көлемі Ресейден екі
есе көп болғанымен, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының есебінен
көтерілді. Шойын балқыту, прокат, машина жасау, мақта өңдеу және қант
өндіру жағынан Ресей Францияны басып озып, әлемде 4 орынға шықты. Мұнай алу
жағынан Ресей 1913 жылы тек қана АҚШ-қа ғана жол берді. Ал сыртқы сауда да
ол әлемде 6 орынға ие болды және әлемдегі   тµртінші индустриалды держава
деп есептелінді [1]. Қаншама өнеркәсіпте жетістіктері болғанымен, Ресей сол
аграрлы-индустриалды ел болып қалды.              Империалистік
монополиялар отар елдерде ұлттық капиталдың өсуіне барынша кедергі жасады,
жаңа заманға сай ірі өндіріс ошақтарының дамуын тежеді. (отар елдерден
бағалы минералды шикізаттарды алу үшін тау-кен өндірісінің, жеңіл
өндірістің біршама дамуына ғана қолдау көрсетті, осылайша отар елдердің
біржақты аграрлық-шикізат көзі ретінде ұстау саясатын барынша тереңдете
түсті.
      Екінші бөлімше Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық
саясат  деп аталады.  Патшалық Ресей әр түрлі халықтарды отарлық қанау мен
оның экономикасына негізделген аса үлкен империяға біріктірді. Патша
өкіметі мен помещиктер, капиталистер жергілікті халықты ұлттық езгіге салу
мен құлдықта ұстауда әр түрлі әдістер мен тәсілдерге сүйене отырып, жүзеге
асырды. Ұлттық аймақтарда әдейі феодалдық-патриархалдық қалдықтарды сақтап,
көпшілік бұқараны құлдық пен езгіде ұстады. Осындай патшалық
самодержавиенің отарына айналып, құлдыққа түсіп, езілген, өте төмен
шаруашылық және мәдени дамуымен ерекшеленген ел – Қазақстан болды.
      Қазақстанның капиталистік өнеркәсібі басынан-ақ нақты отаршылдық
сипатта болды. Отарланған Қазақстандағы капиталистік өнеркәсіптің  дамуының
екі ерекшелігін атап көрсетуге болады: біріншіден, аймақтағы өнеркәсіптің
негізінде табиғи капиталистік қатынастар дамыған жоқ, сырттан келген
көпестердің капиталының базасында пайда болды. Екіншіден,  қазақтың ұлттық
капиталы өнеркәсіптің дамуы мен құрылуына ешқандай қатыспады. Ұлттық сауда-
өсімқор буржуазиясы тек өнеркәсіп капиталы мен жерлікті рынок арасында
дәнекер болды. Осындай жағдайда өнеркәсіп пролетариатының ұлттық кадрлары
орыс өнеркәсіпшілері басып алған сауда өнеркәсібі базасында қалыптасты
[2]. 
     Патша өкіметінің Қазақстанның өндірісін игерудегі саясатына талдау
жасай отырып, оның бірнеше бағытын атап өтуге болады. Бірінші бағыт-
орыстың сауда капиталының Қазақстан өндірісінен игерудегі орны мен осыған
байланысты, бірінші кезекте, белгілі Сібір саудагері С.И.Поповқа патша
өкіметінің берген мүмкіндіктері мен жеңілдіктерін атап өту қажет. Ол
Қазақстанның тау- кен ісіндегі монополиялардың қожайыны болды десе де
болады. Оған тау-кен орындарын қамтыған 1500кв. шақырым үлкен аумақ тиесілі
болды.  Павлодар уезіндегі Александровск кенінде С.И.Поповтың өнеркәсібі
1870 жылы қара мысты тазалап, 930 пұт көмір пайдалана отырып, 1180 пұт мыс
алған [3].
      Орыс капитализмі Қазақстанға біртіндеп ене отырып, отарлау, қанау
сипатына ие болды. Ол Қазақстанның бүкіл ресейлік рынокқа енуіне жол аша
отырып, шикізат көзі мен Ресейдің орталық өндіріс тауарларын өткізетін
арзан рынокқа айналдырды. Қазақстанға орыстың өнеркәсіп капиталын енгізу
капитализмнің монополистік даму кезеңімен тұспа-тұс келді. В.И.Ленин
монополияларға қарай икемдеу тенденциясын туғызатын кәсіпорындардың көлемі
де бір болады, - деп жазды.
      Ең бірінші Қазақстандағы мұнай алу өнеркәсібіне бастама болған және
барлау алаңы болған  1899 жылы Қарашұңғылда, 1911 жылы Доссорда екінші
мұнай көзі ашылды. Революцияға дейін кезеңде Қазақстан өндірісінде 117 іске
асқан бұрғылау орындары және 166 барлау бұрғылары болды, соның ішінде
бұрғылау жұмыстарының  жартысына жуығы Доссорда жүргізілді.
      Доссорды да аяусыз тонап, мұнай алуда қарапайым ережелер сақталмады,
сондықтан да кен орнындағы байлықтың мерзімінен бұрын таусылуына да әкеліп
соқты. Революцияға дейінгі жылдардағы Доссордағы күніне алынатын мұнай
көлемі: 1912 жылы – 52,7 т, 1913 жылы – 63,6 т, 1914 жылы – 34,8 т, 1915
жылы – 18,2 т. ХХ ғасырдың басында Доссордың мұнайын есепсіз өндіріп, олар
өздерінің ғана бас пайдасын ойлады және жыл өткен сайын мұнайдың көлемі
азайды. 
      Патша өкіметі шетелдік капиталистердің Қазақстан өнеркәсібіне емін-
еркін енуіне мүмкіншілік берді. Қазақстандық зерттеуші Ц.Л.Фридман былай
деп жазды: ХІХ ғасырдың сонымен ХХ ғасырдың басында шетелдік капиталистер
сол кездегі бар мыс, полиметалл кендері мен көмір кен орындарын қолына
алды. Сонымен қатар мынаны аса айтып көрсету қажет: Шетелдік капиталистер
геологиялық барлау жұмыстарына ешқандай ақша шығарған жоқ, дайынға ие
болып, патша өкіметінің белсенді ат салысуы нәтижесінде аса бай кен
көздерін тиынға сатып алып, жергілікті халықпен орыс кәсіпкерлері ашқан
жерлерге иелік етті [4]. Жергілікті халықтың аңқаулығы мен байлардың кен
көздерін арзанға сатуынан шексіз байлыққа белшесінен батты.
      ХІХ ғасырдың ортасында Оңтүстік Қазақстанда орталық Ресейдің ұсақ
өнеркәсіп иелері мен қолөнершілері келіп орналаса бастады. ХІХ ғасырдың
екінші жартысында Ресейдің келген кәсіпкерлер екі көмір бассейіні –
Боралдай мен Леңгірді ашты. 1866 жылы Орынбор әскери округінің әскерінің
бастығы Түркістан облысына тапсырмамен жіберілген бас инженер подполковник
Татаринов Шымкент пен Ташкенттің ортасынан өте жақсы сападағы көмір қорынан
тапқанын хабарлайды. 1868 жылы өндіру қарқыны өте төмен Боралдай көмір
бассейінінің негізін салды (Татаринов атындағы көмір кені). Ал Шымкенттің
оңтүстік шығысында 30  шақырым жерде орналасқан Леңгір көмір бассейіні
Шымкент пен Ташкенттің өндірістерін көмірмен қамтамасыз етіп отырды [5].  
        Тау-кен өнеркәсібінің дамыған саласы әсіресе, 1880-1990 жылдарда
өлкенің кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын өндіру болатын.
Өскемен уезінде ғана 125-тен астам кеніш жұмыс істеді. Бірақ ХХ ғасырдың
басында бірқатар себептерге байланысты (салықтың көп мөлшерде салынуы,
қатынас жолдарының қашықтығы, қаражаттың, құрылыс материалдарының
жеткіліксіздігі және тағы басқа) Өскемен уезінің алтын кеніштері 50-ге
дейін қысқарды. Алтын өндіруші салаға орталық Ресейдің Сібір мен Алтайдың
ірі өнеркәсіпшілері де өз капиталдарын салды. Алтын өнеркәсіпшілері
арасында орыс және татар кәсіпкерлері басым болды. 1882 жылмен 1892 жыл
аралығында алтын өндіру 13,31 пұттан 23,38 пұтқа дейін өсті. Революцияға
дейін Қазақстаннның территориясында 16 алтын өндіретін өндірістер болды.
Олар 1555000 сомға 76 пұт алтын өндірді. Өндірісте 1160 орыс  және 1140
қырғыз жұмысшы еңбек етті.
        Оңтүстік Қазақстандағы химия өнеркәсібінің бастамасы болған Шымкент
сантонин зауыты болды. Сантонин – бұл дермене жусанның тұқымынан (дармин)
алынған емдік өнім. Дармин деп аталатын емдік шөп Азия мен Африканың
көптеген елдеріне белгілі болды. Бірақ ХІХ ғасырдың 80 жылдарында аса
бағалы шөп қоры Сырдария облысы Шымкент пен Әулие ата уезінде ғана
сақталды. Осы уақытта Европа елдерінде төрт сантонин заводы үшеуі
Германияда, біреуі Англияда Түркістаннан әкелінген шикізат негізінде жұмыс
жасап тұрды. Шымкент зауыты бүкіл Ресейдегі сантонин өндіретін жалғыз
өндіріс болып табылады. Зауыт өзінің өнімін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
Хүш – ХХ ғ. басындағы солтүстік және орталық Қазақстан қалаларының тарихнамасы
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Педагогика тарихы курсының мазмұны
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптердің шығарған өнімдері
Пәндер