Қаражанбасмұнай СІТІС ААҚ


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. "Қаражанбасмұнай СІТІС"АҚ-ң жалпы сипаттамасы . . . 5

1. 1. Ұйымның техникалық-экономикалық сипаттамасы . . . 5

1. 2. Ұйымның есеп саясатының негізгі принциптері . . . 10

2. "Қаражанбасмұнай СІТІС"АҚ-ң негізнде қаржылық талдау . . . 43

2. 1. Ұйымның балансындағы активтер құрамы мен орналасуынталда . . . 44

2. 2. Ұйымның баланс активтерінің қорлану көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау . . . 46

2. 3. Ұйымның баланс өтімділігін талдау . . . 48

2. 4. Ұйымның несиеге қабілеттілігін талдау . . . 52

2. 5. Ұйымның табыстылығын талдау . . . 53

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61

Кіріспе.

Өндірістік тәжірибе- бұл меншік формасы мен құқықтық-ұйымдастыру формалары әртүрлі ұйымдарда оқу сабақтарының формасы.

Өндірістік тәжірибенің мақсаты жоғары оқу орнында экономика, ұйымдастыру, жоспарлау және ұйымның басқару қызметі бойынша алынған теориялық білімінді бекіту, яғни әрі қарай дамыту болып табылады. Сонымен қатар өндірістік тәжірибе- бұл нақты жұмыс орындарындағы практикалық қызметті теориялық дайындықпен ұштастыру.

Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері:

  1. алдағы уақытта профессионалды қызметті жүзеге асыру үшін қажетті профессионалды іскерлік пен белгілі бір тәжірибені қалыптастыру;
  2. экономист қызметін зерделеуге зерттеушілік тәсілдемесін қалыптастыру;
  3. құжаттамамен жұмыс жасау ептілігі мен дағдысын, қарапайым экономикалық есептеулерді жасауды игеру;
  4. дипломдық жұмысты орындау үшін қажетті стастикалық материалдарды жинауды және өңдеуді қамтамасыз ету;
  5. ұйым қызметінің тиімдіоігін жоғарлату және жоспарлауды алдағы уақытта жақсарту бойынша тапсырмалардың шешімін табу мақсатында шығармашылық бастамашылықты дамыту.

Мен өндірістік тәжірибені 1974 жылы 24 қаңтарда Ақтау қаласында құрылған "Қаражанбасмұнай СІТІС" ашық акционерлік қоғамында өттім. Жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның негізгі қызметі-мұнайды өндіру және сату болып табылады. Практика кезінде мен бөлім қызметтерімен, есеп бойынша негізгі құжаттармен, бөлім мамандарының лауазымды және кәсіби қызметтерімен таныстым, ұйымның шаруашылық қызметіне қатыстым, сонымен қатар қызметкерлерге көмек көрсеттім. Осы практикадан алған білім мен мәліметтер есептілікте көрсетілген.

Өндірістік практика жөніндегі есептілік үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде "Қаражанбасмұнай СІТІС"ашық акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы, яғни ұйымның заңды статусы, қызметінің мақсаты, түрі, басқарудың ұйымдастырушылық құрлымы және т. б қарастырылған. Екінші бөлім ұйымның есеп саясатына арналған. Мұнда есеп саясатының әрбір бөлімдері жеке-жеке қарастырылған. Мысал ретінде техника-экономикалық көрсеткіштер кестелері көрсетілген. Ал үшінші бөлімде "Қаражанбасмұнай СІТІС" ашық акционерлік қоғамының қаржылық талдауы жасалған.

1. 1 Ұйымның техникалық-экономикалық сипаттамасы .

“Қаражанбасмұнай” акционерлік қоғамы Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласынан 230 км жердегі Бозашы түбегіндегі теңдесі жоқ Қаражанбас кен орнында ауыр мұнай өндіруді жүзеге асырады.

1974 жыл 24 қаңтар - 300 метрден сәл асатын жерден, бұрын болып көрмеген тайыз тереңдіктен, мұнай бұрқағы атқылаған газ-мұнайлы Қаражанбас кен орнының дүниеге келген күні.

Іздестіру-барлау жұмыстарының нәтижесінде 1977 жылы жаңа кен орнының мұнай және газ қоры есептеліп, КСРО қорлар бойынша Мемлекеттік комитетінде бекітілді (0, 36 шығарылу коэффициентіндегі балансты қор - 238 535 мың тонна; шығарылатыны - 96 983 мың тонна) . Алайда шығарған кезде едәуір проблемалар кездесті: сынақ бұл жердегі мұнайдың “ауырлығын”, Өзен кен орнындағыға қарағанда 50 есе жоғары созылмалы, тұтқырлығын көрсетті. Кен орнын игеруге жаңаша қарау қажет болды. Ұзақ та табанды іздестіру нәтижесінде жол табылды - қабатқа термиялық әсер беру технологиясын қолдануға тоқтады.

1980 жылы “Союзтермнефть” ғылыми-өндірістік бірлестігіне (Ресей Федерациясы, Краснодар) бағындырылған “Қаражанбастермнефть” тәжірибелік-эксперименталдық мұнай-газ өндіру басқармасының кен орнын игеруі басталды.

1980 жылдан бастап кен орны пайдалануға берілді, ал төрт жыл өткеннен кейін Қаражанбас өз мұнайының алғашқы миллион тоннасын берді. Термиялық тәсілдердің қолданылуы және қарқынды бұрғылаудың арқасында Қаражанбас кен орнындағы мұнайдың барынша жоғары өндірілуіне 1990 жылы (1 300 000 мың тонна) қол жетті. Дегенмен жарқын болашақтың орындалуына тағдыр жазбады. Кеңестер Одағының тарауы республиканың көптеген өндірістерін, соның ішінде мұнай-газ саласын да, экономикалық тығырыққа тіреді.

Елде жекешелендіру мен акционерлік қоғамдардың құрылуының мемлекеттік бағдарламасы басталды. Сонымен, 1994 жылы шаруашылық жүргізуші субъектінің мемлекеттік тіркелуі туралы Куәлік негізінде және “Мұнайгаз” мемлекеттік холдинг компаниясы Шешімімен “Қаражанбастермнефть” МГӨБ атауы “Қаражанбасмұнай” Ашық Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді.

1997 жылы сәуір айында Калгари қаласында (Канада) тіркелген “Нейшнз Энерджи Компани Лтд. ” тәуелсіз халықаралық компаниясы “Қаражанбасмұнай” ААҚ акцияларының 94, 6 %-ін иемденді. 1997 жылы 26 мамыр күні Қазақстан үкіметімен жасалған жер қойнауын пайдалану туралы шартқа сәйкес “Қаражанбасмұнай” ААҚ 23 жыл бойына кен орнын игеруге құқық алды.

“Қаражанбасмұнай” ААҚ Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңының талаптарына сәйкес “Қаражанбасмұнай” акционерлік қоғамы (АҚ) болып қайта тіркелуі 2005 жылы 31 наурызда аяқталды.

ҚР мұнай және газды өндіруді басқару 1986 жылы өз алдына кәсіпорын («Қаражанбасмұнай») құру арқылы басталды. Кейін «Қаражанбасмұнай» ашық акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылады. Компания Маңғыстау облысында 23 сәуірде 1993 жылы тіркеледі. Акцияның көп бөлігі «Нейшнз Энерджи Компани Лтд» атты компаниясында (кейіннен «Нейшнз Энерджи немесе негізгі компания») .

«Нейшнз Энерджи Компани Лтд» Канаданың Альберта провинциясында тіркелген компания Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 мамыр №415. 11 90 баптың 1 тармағы «Акционерлік қоғам туралы» заңына сәйкес. Компания 31. 03. 2005 жылы акционерлік қоғам болып қайта тіркеледі.

Компания мұнайды өндіруді Батыс Қазақстандағы Қаражанбас кен орнында өндіреді. Компания Қазақстан Республикасының үкіметімен 23 мамыр 1997 жылы жер қойнауын пайдалану туралы келісім шартта қол қояды және 2020 жылдың 7 маусымына дейін Қаражанбас кен орнында көмірсутекті өндіруге және барлауға лицензиясы бар.

Компания Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы Ақтау қаласында келесі мекн-жай бойынша орналасқан: 466200, ҚР Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 8 үй. Компанияның Алматы қаласында филиалы бар.

2006 жылдың 31 желтоқсан және 2005 жылғы мәліметтер бойынша компанияның ұжымының саны 1795 және 1786 адамды құрап отыр. Ұжымға кеткен жалпы шығындар 4. 005 миллион және сәйкесінше 3. 732 миллион теңгені құрап отыр. Негізгі басқару персоналы Басқару мүшелері мен Компанияның 3 адамнан тұратын Директорлар Кеңесі болып табылады. Негізгі басқару ұжымына төленген негізгі және әкімшілік шығындарға қосылған жалпы сома 109 791 мың теңге және 73 854 мың теңгені құрап отыр.

2005 жылы Компания Халықаралық Қаржы есептілігінің стандарттарының комитеті және Қаржылық есептілікке халықаралық интерпретациялар бойынша комитет шығарған стандарттар мен интерпретацияларды қабылдады. Жаңа және өзгертілген стандарттарды қолдану компанияның ағымдағы және алдыңғы кезеңнің қаржылық есептілігіне әсерін тигізген жоқ.

Қаржылық есепті ұсынудың негізі

Берілген қаржылық есептілік Халықаралық Қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес дайындалған. Компания өзінің бухгалтерлік жазуларын теңгемен жүргізеді. Қазақстандық заңнамаға сәйкес (акционерлік қоғам туралы) барлық акционерлік компаниялар 1 қаңтар 2005 жылдан бастап халықаралық есеп стандартына көшуі қажет.

Берілген қаржылық есептік алдағы уақытта компания үздіксіз қызмет ету принципін ұстануына байланысты халықаралық қаржы есеп стандартына сәйкес жасалынған. Бұл алдағы уақытта өзінің шаруашылық қызметі кезінде активтерді сату және міндеттемелерді өтеуді білдіреді.

Қаржы салымдары.

1997 жылдан 2002 жылға дейін, яғни инвестор жұмысының алғашқы бес жылында, кен орнының дамуына сатып алу-сату шарт міндеттерінде қарастырылған 150 миллион доллар орнына 332 миллион доллар қаржы жұмсалды.

“Қаражанбасмұнай” АҚ өз дамуында кәсіпорынды шеберлікпен басқарудың, жоғары білікті мамандар білімінің, жұмысшылардың қажырлы еңбегінің, әлемдік мұнай нарығындағы оң өзгерістердің арқасында өте қысқа мерзім ішінде тез көтерілді. Кен орынындағы тәуліктік өнім өндіру деңгейі 1999 жылғы сәуір айындағы 700 тоннадан осы күнгі 6500 тоннаға өсті көтерілді. Компанияның тұрақты қаржылық жағдайы кен орнын игеру, кен орны мен әлеуметтік салада нысандар салу бағдарламасын белсенді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Өндірістік қызметі.

“Қаражанбасмұнай” АҚ өткен бес жыл ішінде кен орнын оңалту және оны дамытудың кешенді бағдарламасын табысты жүзеге асыру бағытында бірқатар шаралар атқарды.

  • 327 мұнай ұңғымасы қазылды;
  • Мұнай дайындау орталық пунктіндегі екінші технологиялық желі пайдалануға берілді;
  • Сықпалы сорап стансысы қайта жаңартылды;
  • Жаңа топтық қондырғының екеуі пайдалануға енгізілді;
  • Жаңа коллекторлар - мұнай, су және газ құбырлары салынды;
  • Мұнай ағынын үдету мақсатында “Moyno” және “Weatherford” бұрандалы сораптары енгізілді;
  • Екі БКНС және 110/Кв қосалқы стансасы салынды;
  • Жер асты және күрделі жөндеу бригадаларының саны 8-ден 20-ға дейін екі есе көбейтілді;
  • Жаңа бұрғылау станогы, ұңғымаларды жөндеуге арналған станоктар, бұрандалы сораптар, басқа жабдықтар алынды.

Қаражанбас кен орнын қосымша барлау және құрылымдық құрылымын нақтылау мақсатында 2001 жылы 3-Д сейсмикалық барлау жұмыстары, ал 2002 жылы алынған мәліметтерге түсінік беру жұмыстары жүргізілді.

Кен орнының геологиялық құрылымын әрі қарай зерттеу мақсатында 2005 жылы компания кен орнының солтүстігіндегі жерге түскен блогының 35 кв. км ауданында 3-Д сейсмикалық зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл жұмыстардың жүргізілуі кен орнының тектоникалық схемасын барынша нақты құруға және мұнай қорының қайта есептелуін сапалы жасауға көмектеседі.

Бұрғылаудың 2000 жылы іске қосылған жаңа бағдарламасы табысты жүргізілуде. ҚБМ алдағы 8-10 жылда 800-ге жуық ұңғыма қазуды жоспарлап отыр.

Nations Energy бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеу және көлік қызметін көрсету бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында “ТұлпарМұнайСервис” және “АрғымақТрансСервис” ЖШС құрды.

2001 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық қор Министрлігінің кен көзін игеру Орталық Комитеті Қаражанбас кен орнын игерудің жаңа жобасын бекітті, ал 2004 жылдың ақпан айында кен көзін игерудің Орталық Комитетінің шешімімен “Қаражанбас кен орнын игеру жобасының сараламасы” есебі бұрғылаудың 2006 жылға дейінгі көлемі және геология мен игеру бойынша жаңа мәліметтерге сүйене отырып, 2007 жылға дейін игерудің технологиялық көрсеткіштері нақтылана бекітілді. Сондай-ақ, Қаражанбас кен орнының геологиялық-физикалық жағдайларында канадалық тәсіл бойынша “Құмы бар ауыр мұнайды төменгі температурада өндіру технологиясын сынау учаскесін тәжірибелік-өндірістік игеру апробациясы бойынша жобасы” (НТДТНП-СНОРS) мақұлданды.

Қазақстандық өндірушілерді қатыстыруы.

Бұл жобаға жабдықтар, арнайы киімдер мен қорғаныс құралдары, кеңселік тауарлар, жиһаздар және өзге де қажетті қызмет көрсетуге тапсырыстар алған төрт жүзден астам әр түрлі қазақстандық фирмалар мен кәсіпорындар тартылды. 2002 жылдан бастап жергілікті жерде өндірілген тауарларды сатып алу үлесі 77 % құрады.

Мұнай тасымалдауы.

“Қаражанбасмұнай” АҚ тасымал және маркетинг бойынша тәжірибелі менеджерлер командасы өндірілген мұнайдың 100% көлемін өткізуді табысты жүзеге асырып отыр. Кен орны “Қазтрансойл” НКТ ЖАҚ құбырлы жүйесімен байланысқан, мұнайды ішкі рынокқа - Атырау мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) жібереді. Сонымен қатар Ақтау порты арқылы экспортқа немесе “Транснефть” жүйесіне шығарады. Негізгі бағыт Махачқала болып табылады.

Қаржысы.

“Қаражанбасмұнай” АҚ акцияларының 94, 6 % - іне тәуелсіз шетелдік компания ие болып отырған, облигацияларды қазақстандық рынокқа шығарған алғашқы компания болып табылады. “Қаражанбасмұнай” АҚ өзінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық Комитетінде 2000 жылы 8 желтоқсан күні тіркелген облигацияларын орналастыруды 2001 жылы 26 наурыз күні аяқтады. Барлығы 200 000 облигация шығарылды. Облигациялар Қазақстандық қор биржасының “А” санатты бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді.

2003 жылы желтоқсан айында Компания жалпы сомасы 11 млрд. теңге (78 млн. АҚШ доллары) болатын мерзімінен бұрын сатып алуға жатпайтын 11 млн. облигация шығарып, бағалы қағаздардың Қазақстандық қор биржасына тіркеді. Барлық облигациялар 2004 жылдың басында Қазақстанның түрлі зейнеткерлік қорлары мен коммерциялық банкілері арасында сатылды.

Кадрлық саясаты.

Басшылық Компания дамуындағы табысты, ең алдымен, жоғары білікті еңбек ресурсымен байланыстырады. 2005 жылы 1 қаңтарда ҚБМ-да 2686 адам жұмыс істеді, оның ішінде, Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыскерлердің жалпы санының 98, 7%-ін, ал шетелдік мамандар - 1, 3%-ін құрайды. Бұл ара салмақ -Қазақстанда қызмет істейтін барлық шетелдік компаниялардың ішіндегі ең жоғарысы. Компанияда 2000 жылдан 2004 жылға дейін 800 жаңа жұмыс орны ашылып, оған негізінен жергілікті мамандар қабылданды. Бұдан басқа, кен орнында түрлі мердігерлік ұйымдардың 1600-ден астам жұмыскерлері еңбектенеді.

Жергілікті персоналды өндірістен қол үзбей оқытатын техникалық курстарға қосымша халықаралық менеджмент дағдыларына үйрету бағдарламасына да барынша қолдау көрсетіледі. Жыл сайын осы мақсаттарға шарт міндеттемелерінен асыра 300 000 $ астам қаржы бөлінеді.

Компания өз жұмыскерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңдарының талаптарын адал орындайды. Еңбек ұжымы мен компания арасында тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелері Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес бекітілген ұжымдық еңбек шарты жасақталып, онда компания әкімшілігі жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер көрсетуге бірқатар міндеттемелер алған.

1. 2. Ұйымның есеп саясаты.

«ҚР-ң бухгалтерлік есебі туралы заңына» сәйкес, әрбір ұйым өзінің қызметінің бастамасында және әрбір күнтізбелік жыл басында салық органына және оның тіркелуін жүргізетін органдарға есеп саясатын ұсынуы қажет.

Ұйымның есеп саясаты - дегеніміз ұйымның айналысатын қызметіне сәйкес және бекітілген ережелеріне негізделе отырып, бухгалтерлік есепті жүргізудің техникасы мен формасын, нақты және белгілі бір әдістемесін ұйымның өзінің таңдауы.

Есеп саясатын қалыптастыру кезінде ұйымның мүліктік тәуелсіздігі және үздікссіз қызметі болуы қажет, сонымен қатар таңдалған есеп саясатын алдағы уақытта ұстануы қажет. Есеп саясатын жасау кезінде ұйым басшысы мен бас бухгалтері «Ұйымның есеп саясаты »атты Ережесіне негізделуі қажет.

Біздің мысалымызда «Қаражанбасмұнай СІТІС»АҚ-ң есеп саясатының негізгі принциптерін қарастырайық.

Бағалауды пайдалану және жорамал

Қаржылық есептелікті халықаралық қаржы есеп стандартына сәйкес дайындау ұйым басшыларынан, көрсетілген активтермен міндеттемелер сомасына келісім шарттық міндеттемелерді ашуға және қаржы есептілікті дайындау кезінде потенциалды активтерді және міндеттемелерді ашуға сонымен қатар есептік кезеңнің табысы мен шығынына әсер ететін бағалауларды және жорамалдарды қолдануды талап етеді. Бұлардың ішінен ең маңыздысы болып компанияның капиталдық активтерді сатудың таза құнына қатысты бағалауы және тозуға байланысты шығындар мен скважиналарды жою бойынша резервке шығындар телімдерді қалпына келтіруге байланысты бағалаумен табылады. Нақты нәтижелер бұл бағалаулардан өзгеше болуы мүмкін. Бұл бағалаулар әр уақытта қаралып отырады, егер де түзетулер қажет болған жағдайда олар, табыстарда пайда болған кезеңінде ескеріледі.

Мұнай және газ қоры.

Мұнай және газ қоры - компания тозуды, амортизацияны калькуляциялағанда ең негізгі фактор болып табылады. Компания өз мұнай мен газ қорын «Инженер-мұнайшы қоғамы» және «Әлемдік мұнай конгресінің» стандарттарымен сәйкес бағалайды. Бұл қорларды «инженерлер және мұнайшылар» қоғамының әдісі бойынша бағалаған кезде тұрақты бағалар қолданылады. Компания басшыларының ойынша тұрақты баға туралы жорамал мұнай және газ қорларын бағалау үшін сәйкес келетін база болып табылады. Қорлардың барлық бағалаулары белгісіздіктің біраз деңгейін білдіреді. Белгісіздік көбінесе бағалау күнін сенімді геологиялық және инженерлік мәліметтер мен бұл мәліметтердің түсініктемесінің санына, байланысты болады.

Белгісіздіктің салыстырмалы деңгейі қорларды ең деңгейге бөлу арқылы қатар жүруі мүмкін дәлелденген және дәлелденбеген қорлар. Дәлелденген қорларды алу, дәлелденбеген қорларды алуға қарағанда ықтимал болып келеді. Дәлелденген қорлар одан кейін оларды алу мүмкіндігін белгілеу үшін зерттелген және зерттелмеген болып екіге бөлінеді. Бағалаулар қайта қаралып және жыл сайын өзгеріп отырады. Өзгерулер қолда бар геологиялық, кен орындық немесе өндірістік мәліметтерді бағалау және қайта бағалаудан жаңа мәліметтердің бар болуынан немесе бағалық жорамалдардың өзгеруінен болуы мүмкін. Қорларды бағалау сонымен қатар өндірілім жобаларының жақсартылуынан өндірілім қуаттылығының өзгеруінен немесе игеру жоспарының өзгеруінен болуы мүмкін. Дәлелденген, зерттелген қорлар өндірістік бірліктер нормасын тозу, амортизация үшін калькуляциялау кезінде қолданылады. Компания өзінің дәлелденген қорына тек қана лицензияның бастапқы мерзімі кезінде өндірісі күтілетін көлемді қосады. Мұның себебі, лицензияны ұзартуға қатысты процедуралар нәтижесіне байланысты белгісіздік болып табылады. Себебі, лицензияны ұзарту соңында Үкімет қарауына байланысты болады. Компания лицензиясының мерзімінің ұзартылуы мен есептік қордағы сәйкесінше өсім ақырында амортизациға, тозуға шығындарды төмендетуге және де нақты табысқа елеулі әсерін тигізуі мүмкін. Дәлелденген зерттелген қорлардың азаюы амортизацияға тозуға шығындарды көбейтіп табысты төмендетуі мүмкін және мүліктің баланстық құнының азаюына алып келеді.

Мүмкін қорларды бағалаудағы өзгерістер жылдан жылға амортизацияның тозудың болашақтағы есептеулерге елеулі әсерін тигізеді.

Негізгі құралдарды шығару бойынша міндеттемелер.

Келісім-шарттың, заңнаманың нормативтік актілердің шарттарына сәйкес компанияның демонтаж бойынша материалдық активтерді шығару, өндірістік алаңдағы жерді қалпына келтіруге байланысты құқықтық міндеттемелері бар. Негізінде, компания міндеттемелеріне барлық скважиналарды жабу жатады. Компанияның кен орнын жабуға түпкілікті шығындарды қаржыландыру бойынша міндеттемелер көлемі сәйкес келісім-шарт пен ағымдағы заңнамаға тәуелді болады. Келісім-шартта, заңнамада лицензия мерзімінің соңында мұндай кен орындарды жабуға, шығындарды қаржыландыруға немесе жүзеге асыруға байланысты міндеттемелерді қоспайды. Себебі, бұл міндеттеме кен орынды пайдаланудың соңғы мерзімінде ғана пайда болады. Компания бұл шығындар бойынша резервтерді мойындаған жоқ. Мұндай шешімді шығару кезінде бір белгісіздік пен субъективті пайымдама орын алады. Ұйым басқармасының мұндай міндеттемелердің бар болуын немесе болмауын бағалауы есеп саясатындағы және Үкімет тәжірибесіндегі өзгерістерге байланысты өзгеруі мүмкін.

Лицензия мерзімін компания қарауы бойынша ұзартуға болмағандықтан, активтердің түпкілікті шығуға қатысты міндеттемелер бойынша есеп айырысу күн лицензия мерзімінің аяғына келеді. Егерде активтерді шығару бойынша міндеттемелер кен орнын пайдалану мерзімі соңында орындалса, онда көрсетілген міндеттемелер кен орнын жабуға байланысты барлық шығындарды қосу салдарынан ұлғайып кетеді.

Негізгі құралдарды шығаруға байланысты міндеттемелер сомасы күтілетін инфляция есебімен түзетілген және дамушы нарықтың ішкі қарызы үшін арналған орташа ұзақ мерзімді тәуеклсіз пайыздық қойылымды қолданумен дисконтталған Қазақстан нарығына тән тәуекел есебімен түзетілген міндеттемелерді өтеуге қажет бағаланған шығындардың ағымдағы сомасын білдіреді. Компания әрбір баланстық күнтізбелік күн үшін телімді қалпына келтіруге резервті қарастырады және де оны «Активтерді шығару, қалпына келтіруге байланысты міндеттемелер мен басқа да ұқсас міндеттемелердегі өзгерістер» атты 1 халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша комитетімен сәйкес ағымдағы жақсартылған бағалауды көрсету үшін түзетеді. Компания скважиналарды жою үшін ьолашақ шығындарды ағымдағы жылдың бағасын және инфляцияның орташа ұзақ мерзімді пайызын қолдана отырып бағалайды.

31 желтоқсан 2005 жылғы баланстық міндеттемелерді анықтау үшін қолданылатын ұзақ мерзімді инфляция пайызы мен дисконттау ставкасы 5% және 10% құрап отыр.

Шетелдік валютаны есептеу.

Компания өзігің операцияларының негізгі бөлігін теңге арқылы жүзеге асырады және де теңгені валютасы ретінде қолданады. Компания қолданатын теңгеден өзге бағалау валютасы шетелдік валюта болып табылады. Компания шетелдік валютадағы операцияларды бағалау валютасына операция орындалған күніне қазақстандық қор биржасы (ҚҚБ) белгілеген осы шетелдік валютаға қатысты айырбастау курсы бойынша ауыстырады. Ақшалай активтер операциялардан пайда болған курстық айырманы немесе қаржылық есептілікте ақшалай активтерді алдыңғы мерзімнің қаржылық есептілігінде қолданылатын бастапқы айырбастау курсынан өзгеше курспен көрсетуден пайда болған курстық айырма пайда болған мерзімінде пайда және зиян туралы есептілікте танылады.

Қазақстанда 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық қор биржасы бекіткен орташа өлшенген айырбастау курсы ресми түрдегі айырбастау курсы ретінде қолданылады.

Қазақстандық қор биржасында бекітілген 1 АҚШ долларына шаққандағы орташа өлшенген айырбастау курсы, яғни 133. 77 теңге және 130. 00 теңге 31 желтоқсан 2005 және 2004 жылғы бухгалтерлік баланс баптарын аудару үшін қолданылды.

Мұнай және газ қоры.

Компания өзінің мұнай және газ қорының мөлшерін анықтау үшін тәуелсіз инженер-мұнайшылар ұсынған қорды бағалауды қолданады. Бұл бағалау берілген қаржылық есептілікте өндірістік әдіс бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу кезінде қолданылған. Компания резерві тәуелсіз инженерлермен «инженерлер-мұнайшылар қоғамы ИНК» және әлемдік мұнай конгресінің стандарттарымен сәйкес бағаланады.

Мұнай - газ активтері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері. Еңбек ақының теориялық негізі
Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері
«Қаражанбасмұнай» ААҚ мысалында еңбек ақының есебі
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Химиялық технология
Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Ұлттық қор жайлы
2008 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі
Маңғыстау облысының географиялық орны
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz