Қазақстандағы нарықтық әлеуметтік қызмет жағдайлары мен проблемалары


Жоспар:
1. Нарықтағы әлеуметтік қызмет: қалыптасу факторы, бағыттары . . . 2-6
2. Әлеуметтік қызмет көрсету сипаты: медициналық- әлеуметтік, психологиялық- педагогикалық, әлеуметтік- тұрмыстық т. б . . . 7-10
3. Әлеуметтік қызметтің нарықпен байланысы . . . 11-13
4. Әлеуметтік қызметкер функциясына кіретін негізгі міндеттерді іске асыру (диагностикалық, ұйымдастырушылық, профилактикалық т. б. ) . . . 14-15
5. Әлеуметтік қызмет туралы заң жобасы . . . 16-17
Қорытынды . . . 18
Пайдаланған әдебиеттер . . . 19
Нарықтағы әлеуметтік қызмет
Қызмет қазіргі кездегі шындықты іске асырудың және оны одан әрі дамытудың құралы, әлеуметтік белсенділіктің көрінісі болып табылады.
90 жылдары әлеуметтік саясаттың ең бір маңызды үрдістердің бірі болып бұл әлеуметтік қызмет көсету жүйесінің қалыптасуы болды. Халықпен жұмыс істеуде қазіргі технология мен әдістеме кеңінен қолдана бастады. Әлеуметтік әдебиетте осы кезге дейін «Әлеуметтік қызмет көрсетудің бірдей қалыптасқан ұғымы жоқ» деп айтуға толық негіз бар. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету кейбір ғылыми еңбектерде әлеуметтік жұмыстың баламасы ретінде қарастырылады. Ал басқа да ғылыми еңбектерде оны жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік жұмыстың технологиясы деп атайды. Бұл әлеуметтік технология қазіргі күрделі әлеуметтік экономикалық жағдай кезінде азаматтарға нәтижелі әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіншілік жасайды. Осы ситуация әлеуметтік өрістің маңызды секторы болып саналатын, адамдардың немесе әлеуметтік топтардың шын мәніндегі өмірдегі қызметін бұзады.
Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыру мүмкіншілігі территориялық әлеуметтік қызмет көрсету органдарын ұйымдастыру, оларды одан әрі дамыту нәтижесінде іске асырылады.
Әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби әлеуметтік кызметкерлерді және де басқа мамандарды дайындау жеткілікті дәрежеде жүріп жатыр деуге болады. Іс жүзінде, яғни тәжірибеде бұл жүйелер әлеуметтік, адамгершілік, қайырымдылық қызметтің белгілі түрі болып саналады. Ол жеке бастың, отбасының немесе белгілі адамдар жиынтығының бейімделуін қайта қалыптасып түзетілуін қамтамасыз етуге негізделген.
Әлемнің барлық елдерінде де әлеуметтік қызмет көрсету бірдей түсініліп нақтылы ұғымы қарастырылмаған. Сондықтан да бұл терминнің мазмұны әр түрлі болып келеді. Мысалы Финляндияның әлеуметтік қызмет көрсету заңында әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қолдаудың өмір сүруге қажет қаражаттың, әлеуметтік жәрдемақылардың жиынтығы де түсіндіріледі.
Әлеуметтік қызмет көрсетуді адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін нақтылы қызмет түрін беру деп түсінуге болады. Әлеуметтік қызмет көрсетудің Қазақстандағы жағдайы, оның мәнінің, мазмұнының теориялық тұрғыдан дәлелденгенін көрсетеді және заңнамалық негізі құрастырған. Өкінішке орай қазіргі отандық әдебиетте әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің құрылымы мен функциясы жеткілікті тереңінен дәлелденбеген. Әлеуметтік қызмет әр түрлі мекемелердің ғылыми әдістемелік қамтылуы бастапқы қалыптасу жағдайында болып отыр.
Әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың кәсіби қызметі мен нормалары толығымен қарастырылмаған. Сондай ақ қарастырылған азаматтарға тиімді жетілдірілген қызмет көрсету критерийлері мен көрсеткіші жеткілікті белгіленбеген.
Жұмысты мақсатқа сәйкес мына тұрғыдан қарастырған жөн.
Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйе ретінде мынандай құрылымның жиынтығы болып саналады:
- Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ұйымдастыру қызмет түрі;
- Жалпы міндеттің, мақсаттың функцияның бірлесірілген аймақтық жиынтықтың құрамын анықтаудың белгілі бір тәсілі;
- Әлеуметтік қызмет көрсету органдары мен мекеменің өзара іс әрекеттін реттеп, тәртіпке келтіру;
- Ведомстволық өзара байланыс, халықтың әр түрлі қатарларына қолдауға бағытталған іс әрекеттің өзара кезегін орындау және негіздеу;
- Мекемелер қызметтің қаржылық, экономикалық материалдық, техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;
- Аймақтық әлеуметтік мекемелерді қызметтік кадрлармен қамтамасыз ету;
- Нормативтік құқықтық базаның деңгейін қалыптастыру;
- Әлеуметтік мекемелер клиенттердің деңгейі;
- Әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі.
Әлеуметтік қызмет көрсету бұл әлеуметтік қолдау, әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік педагогикалық, әлеуметтік құқықтық және материалдық көмек көрсету болып табылады. Аталған көмек пен жәрдемақылар өмірдің қиын кездегі адамдар мен отбасыларға, мүгедектерге, қарттарға, өз өзін қамтамасыз ете алмайтын топтарға көрсетіледі.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттік медициналық- әлеуметік мекемелерінде және мемлекеттік емес медициналық - әлеуметтік ұйымдарда мүгедектерге және қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету.
Осы стандарт мүгедектер ме қарттар санатындағы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын адамдарға көрсетілген әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлерін белгілейді және үйде әлеметтік қызмет көрсету бөлімшелері, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік медициналық- әлеуметтік мекемелер мен мемлекеттік емес медициналық - әлеуметтік ұйымдардың қолдануы үшін міндетті болып табылады.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі бағыттары
Әлеуметтік қызмет көрсету қарттар мен мүгедектерге көмек көрсетуді және оларды жан- жақты қолдауды көздейтін әлеуметтік қызметтерді қамтиды. Әлеуметтік қызмет, өздерінің нысанына қарай мынадай негізгі түрлерге бөлінеді :
- әлеуметтік - тұрмыстық, азаматтардың тұрмыстағы тіршілік- тынысын қолдауға бағытталған;
- әлеуметтік - медициналық, азаматтардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған;
- әлеуметтік- психологиялық, клиенттердің тұратын ортасында (қоғамға) бейімделуі үшін, олардың психологиялық жағдайын түзеуді көздейтін;
- әлеуметтік - педагогикалық, клиенттердің мінез- құлқындағы және жеке дамуындағы ауытқулардың алдын алуға, оларда оң мүдделерді, оның ішінде оралаым аясындағы мүдделерді қалыптастыруға бос уақыттарын ұйымдастыруға бағытталған;
- әлеуметтік- экономикалық, өмір сүру деңгейін қолдауға және жақсартуға бағытталған:
- әлеуметтік- құқықтық, құқықтық мәртебесін қолдауға және өзгертуге, заңгерлік көмек көрсетуге, клиенттердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Әлеуметтік қызмет көрсету бірқатар принциптерге негізделген:
- арнаулы қол жеткізу деңгейі, еріктілік, қайырымдылық;
- өмірдің қиын жағдайларындағы қарт адамдарға, мүгедектерге басымдылық жағдайда көмек көрсету;
- конфиденциалдық;
- алдын ала көмек көрсету
- азаматтардың құқықтарын сақтау;
- әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық түрлерін беру және олардың жалғасып жатуы.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің мәні келесідей проблемаларды ажыратып көрсету арқылы анықталады:
- Әлеуметтік қызмет көрсету түрлері мен әдістері;
- Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қызметінің және мекемелердің құрылымдары;
- Аймақтық және ведомствалық әлеуметтік қызметтердің компоненттерімен элементтері (мемлекеттік, муниципалдық, діни, жеке мекемелер) ;
- Әлеуметтік қызмет көрсетуді басқару;
- Әлеуметтік қызмет көрсетуді ресурстармен қамтамасыз ету: мүліктік, қаржылық, кадрлық, ғылыми- әдістемелік, ақпараттық.
Әлеуметтік қызмет көрсету жоғарыда аталған компаненттердің әлемдік құрылымы бұл жүйенің тұрақтылығын, сапалық жағынан анықталғанын сипаттайды. Шын мәнінде әлеуметтік қызмет көрсетудің мәні осы сферадағы жұмыс істейтін мекемелердің әлеуметтік жұмысының әр түрлі субъектілерінің талдау арқылы айқындалады.
Әлеуметтік қызмет көрсету проблемаларын зерттеушілер осы жүйе функцияларның екі тобын ажыратады:
- Мәнді қызметтегі функциялар:
-алдын - ала көмек көрсету;
-әлеуметтік реабилитациялық қызмет;
-әлеуметтік қорғауға бейімделу;
-әлеуметтік патронаж.
- Рухани қайырымдылық функциялар:
-жеке адамдарға қайырымдылық;
-адамдарға қызмет көрсету.
Осы функцияларды практикада жүзеге асыру әлеуметтік қызмет көрсетудің жұмыс істеуін тиімді басқару мен тығыз байланысты болып келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету функциялары өздері макро және микро деңгейде бейнелей алады. Әлеуметтік қызмет көрсету тегін және ақылы түрде іске асырылады: мемлекеттік муниципалдық, жеке қызмет көрсету жүйелері. Әлеуметтік қызмет көрсетудің жорғарыда аталған компоненттері мен элементтерінің құрылымы бұл жүйенің тұрақтылығын, сапалық жағынан анықталғанын сипаттайды. Шын мәнінде әлеуметтік қызмет көрсетудің мәні осы сферада жұмыс істейтін мекемелердің әлеуметтік жұмыстың әр түрлі субьектілерін талдау арқылы айқындайды.
«Әлеуметтік қызметкер» - еліміздегі әлеуметтік саясатты жүзеге асыру аясында теориялық және практикалық білімі бар, халыққа психологиялық-педагогикалық, дәрігерлік, әлеуметтік көмек көрсету, мемлекеттік тарапынан халықты жұмыспен қамту жүйесінде, зейнетақы қорлар мен басқа да әлеуметтік саладағы ұйымдарда құқықтық көмекті ұйымдастыруды жүзеге асыратын мамандар.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік процестердің заңдылықтарын, принциптерін және дамуын зерттейді. Әлеуметтік жұмыстың ғылыми негіздерінің қалыптасуы бүкіл әлемде пікір таластар жағдайында өтіп жатыр. Ең белсенді түрде талқыланып жатқан мәселенің бірі ол әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі тақырыбы, әлеуметтік жұмыстың статусы.
Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмысты ғылым ретінде қарастырып зерттелудің жалпы қабылданған мөлшері жоқ. Бұл оның жаңа әсер қалыптаса қоймаған ғылым екендігін дәлелдейді. Бұл қазіргі таңда ғылыми ақпаратының қалыптасу және рәсімделу кезеңінде деп айтуға болады. Әлеуметтік жұмыс көпшілігінде қолданбалы сипатта болады. Ол тек қана теориялық негізде болып қана қоймай, нақтылы тәжірибенің фактілері мен мәлімдемелерін қамтиды, өмірмен тығыз байланысты болады.
Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі тақырыбы жеке адамның, нақтылы әлеуметтің, топтың өмір сүруіне тікелей қатысты әлеуметтік процестер мен әлеуметтік құбылыстар.
Әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты адамның, халықтың, қоғамның, көмекке мұқтаж азаматтардың хал ахуалын жақсарту, оның мүмкіндіктерін анықтау, қабілеттерін ашу. Бұл қоғамда әлеуметтік тиімді қалыптасатын жұмыс істеу үшін әлеуметтік қызмет адамдардың бақытты болуы, олардың өз өміріне көңілі толып, риза болуы үшін керекті барлық жағдайды жасауға тырысады.
Отбасы, жұмыс, білім, жалақының мөлшері, демалыс, тұрғын үй сияқты қажеттіліктер мен қанағаттану деңгейі. Осы мақсаттарға жету жолдары:
- клиентпен танысу клиент- болып әлеуметтік топ және жеке адамдар саналады.
- Мүмкіндіктерді анықтау- проблемаларды, мұқтаждарды ажырата білу.
- Проблемаларды шешуде, мүмкіндіктерді іске асыруда көмек көрсету.
Әлеуметтік қызметтер- бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің түрлеріне сәйкес, әлеуметтік органның клиентіне көмек беру іс - әрекеті.
Тегін қызметтер келесідей жағдайда беріледі:
- Жасына ауруына мүгедектігіне байланысты өзін- өзі күтуге қабілетсіз азаматтарға;
- Өмірдің төтенше жағдайындағы азаматтарға: жұмыссыздыққа, табиғи аппаттарға мәжбүрлі көші- қон процестеріне байланысты болып келетін процестер;
- Кәмелетке толмаған жетімдермен қорғансыз балаларға;
- Жиынтық табысы әрбір отбасы мүшесіне есептегенде 4 айлық көрсеткіштен төмен отбасыларына.
Қазақстан Республикасының мемлкеттік билік және өзін- өзін басқару органдары жергілікті қызметтерді тегін берудің басқа бір қосымша негіздерін беруге болады.
Ақылы әлеуметтік қызметтер - мемлекеттік және муниципалдық әлеуметтік органдарда қолданылып жүрген заңнамаларда тәртіп бойынша беріледі. Жеке және т. б. органдарда дербес түрде және келісім шарт негізінде көрсетіледі.
Қызмет көрсету сипаты: медициналық- әлеуметтік, психологиялық- педагогикалық, әлеуметтік- тұрмыстық т. б.
Әлеуметтік қызмет көрсету өздерінің нысандарына, сипатына қарай мынадай негізгі түрлерге бөлінеді:
- Әлеуметтік -тұрмыстық- азаматтардың тұрмыстағы тіршілік тынысын қолдауға бағытталған;
- Әлеуметтік- медициналық-азаматтардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағыталған;
- Әлеуметтік- психологиялық-клиенттердің тұратын ортасына бейімделуі үшін олардың психологиялық жағдайын түзетуді көздейді;
- Әлеуметтік- педагогикалық-клиенттердің мінез- құлқындағы және жеке дамуындағы ауытқулардың алдын алуға, оларда оң мүдделерді, олардың ішінде оралым аясындағы мүдделерді қалыптастыруға, бос уақыттарын ұйымдастыруға бағытталған;
- Әлеуметтік- экономикалық- өмір сүру деңгейін қолдауға және жақсартуға бағытталған.
Енді әрқайсысына жеке жеке тоқталып өтсем.
Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтерге мыналарды жатқызуға болады:
- Клиенттің Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген кепілдіктері мен басымдықтарын алуға жәрдемдесу.
- Денсаулық жағдайы бойынша өзіне- өзі қызмет көрсете алмайтын, қабілетсіз клиенттерге жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік тұрмыстық қызметтер көрсету.
- МӘМ және МӘҰ рәсімдеу үшін құжаттар жинауға жәрдем көрсету.
- Тамақ өнімдерін, түстік ыстық асты сатып алу және үйге жеткізіп беру, тамақ әзірлеуге жәрдемдесу.
- Бірінші қажеттіліктегі өнеркәсіп тауарларын сатып алу және үйге жеткізіп беру.
- Орталықтандырылған жылумен және сумен қамтамасыз етілмейтін тұрғын үйлерде тұратын клиенттерге: пешке от жағуға жәрдемдесу т. б.
- Тұрғын үйлерді жөндеуді жинастыруды ұйымдастыруға көмектесу.
- Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге жәрдемдесу.
- Үйден тыс жерлерде, оның ішінде дәрігерге барғанда ілесіп жүру.
- Клиенттердің Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген әлеуметтік медициналық қызметтерді алуына жәрдемдесу.
- Дәрігерлердің қорытындысы бойынша емдік заттармен және медициналық нысандағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
- Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық- курорттық емделуге жіберуге жәрдемдесу.
- Техникалық көмекші құралдарды алуға жәрдемдесу.
- Медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясында куәләндіруден өтуге жәрдемдесу.
Әлеуметтік- психологиялық қызметтерге:
- Әлеуметтік психологиялық және психологиялық консультациялар.
- Жасына қарай бейімдеу мәселелерін шешу үшін ағарту жұмыстарын жүргізу.
- Психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым- қатынас, тыңдау, сергіту, белсенділікке уәждеу, клиенттердің өмірлік тонусын психологиялық қолдау.
- Өзіне- өзі қызмет көрсету дағдыларына үйрету т. б. жатады.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
- Әлеуметтік- педагогикалық консультациялар беру.
- Әлеуметтік- педагогикалық диагностика және адамды зерттеп тексеру.
- Анимациялық қызметтер(экскурсиялар, театрға, көрмеге, көркемөнерпаздар концертіне бару, мерекелер, мүшелтойлар мен басқа да іс шаралар. )
- Клиенттердің мүдделерін қалыптастыру және дамыту үшін клубтар мен үйірмелер жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.
- Әлеуметтік еңбекпен оңалтуға байланысты қызметтер қалған еңбек мүмкіндіктерін пайдалануға, еңбекпен емдеу қызметіне қатысуға жағдайлар жасау, қол жетерлік кәсіптік машықтарға үйрету, жеке басының және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру бойынша іс шаралар жүргізу.
- Өзіне өзі қызмет көрсету, тұрмыста және қоғамдық орындарда мінез- құлық машықтарына, өзін- өзі бақылауға, қарым- қатынас дағдыларына және тіршілік тынысының басқа да нысандарына үйрету.
- Балалар мен жасөспірімдерді арнаулы бағдарламалар бойынша оқытуды ұйымдастыру сияқты қызметтерді жатқызуға болады.
Әлеуметтік- медициналық қызметтер:
- Денсаулық жағдайын ескере отырып, күтімді қамтамасыз ету, оның ішінде санитарлық- гигиеналық қызметтер көрсету ( сылау, жуындыру, гигиеналық ванналар, тырнағын алу, шашын тарау) .
- Алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық өңдеу.
- Медициналық- әлеуметтік зерттеуді ұйымдастыру.
- Денсаулық жағдайын қадағалау (температурасын, артериалық қан қысымын, бойын, салмағын өлшеу) .
- Алғашқы медициналық көмек көрсету.
- Білікті медициналық, оның ішінде медициналық ұйымдар мамандарының консультацияларын ұйымдастыру.
- Дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету.
- Медициналық әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру
- Әлеуметтік- медициналық мәселелер(отбасын жоспарлау, тамақтану гигиенасы, зиянды әдеттерден арылу, псизосексуалды даму) бойынша консультациялар беру.
- Емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (дәрі қабылдау, дәрі тамызу, тері астына, күре тамырға және бұлшық ет ішіне дәрілік препараттар жіберу, тамызғы қою, компресс қою, орау, денедегі тесілген жерлерді, жарақат бетін өңдеу, тазалау клизмаларын қою, зертханалық зерттеулер жүргізуге материал алу, медициналық жабдықтарды пайдалануға көмектесу ) .
- Әлеуметтік- медициналық сипаттағы оңалту, оның ішінде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес іс шараларды жүргізуге жәрдемдесу немесе жүргізу.
- Емдеу сауықтыру іс шараларын ұйымдастыру.
- Емдеу өндірістік шеберханаларда, қосалқы ауыл шаруашылықтарында, бақшада еңбекпен емдеу қызметін ұйымдастыру.
- Медициналық ұйымдардың мамандарымен бірлесе отырып, клиенттерді кешенді медициналық тексеруді, диспансерлеуді, динамикалық бақылауды ұйымдастыруға жәрдемдесу.
- Ауруханаға жатуға жәрдемдесу.
- Қажет болған кезде медициналық ұйымға жатқызу.
- Дәрігерге дейін жедел көмек көрсету, медициналық ұйым дәрігерін шақыру, медициналық ұйымдарға мұқтаж клиенттермен ілесіп жүру.
- Жедел медициналық- психологиялық көмек көрсету.
- Қарттарға медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес, ал мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, сауықтыру қызметтерін алуға және оларды санаториялық курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу.
- Техникалық көмекші құралдарды алуға жәрдемдесу.
Әлеуметтік- экономикалық қызметтерге тоқталатын болсам, ол ең алдымен көмекке мұқтаж адамдарға тиесілі алименттерді, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу, сонымен қатар стационарлық мекемелерден шығарған кезде оларды сәйкес маусымдық киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ету болып табылады. Мүгедектерді материалдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда түрлі негіздер бойынша (зейнетақы, жәрдемақы, денсаулығына келтірілген залалды өндіру есебінен төлемдер) ақша төлемдерін қамтиды.
1998 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы бойынша және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша джәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) еселенуіне сәйкес айқындалады, ал оларды көбейту оны индекстеу есебінен жүргізіледі. Мүгедек қарттар жергілікті атқарушы органдардың шешімімен белгіленетін жеңілдіктерді пайдалана алады. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-көрініс іс-шараларына кіру үшін, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін спорт кешендеріне кіруге, арнайы спорт құрал-жабдықтарын беруге жағдай жасауға тиіс. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер бюджет қаражатының есебінен санаулы қызмет көрсетулерді пайдаланады, ал үшінші топтағы мүгедектер көрсетілген қызмет құнының 50 пайызын төлеумен шектеледі.
Әлеуметтік қызметтің нарықпен байланысы
Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету түрлерін берумен стационарлық және жартылай стационарлық, стационарлық емес мекемелер айналысады. Отбасыларға, әйелдерге, балаларға, қарт адамдарға мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету мекемелелер торабы қарқынды дамып, өсіп келеді.
Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының айтарлықтай көп бөлігі бұл көп профилді мекемелелер. Олар осы категорияларға әр түрлі қызметтің түрлерін көрсетеді:
- Әлеуметтік медициналық;
- Әлеуметтік педогогикалық;
- Әлеуметтік психологиялық;
- Әлеуметтік тұрмыстық:
- Әлеуметтік құқықтық;
- Әлеуметтік экономикалық
Бүгінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызмет көрсету мекемелелер келесідей түрге бөлуге болады:
- Соғыс және еңбек ардагарлеріне арналған пансионаттар;
- Психоневрологиялық интернаттар;
- Мамандырылған үй интернаттар;
- Реабилитациялық орталықтар;
- Ақыл- ой өрісі дамымаған адамдар үшін қызмет көрсетететін интернаттар;
- Өте ауыр физикалық кемшіліктер бар балаларға арналған үй - интернаттар
Елімізде ардагаерлерге арналған шағын үй интернаттар дамып келе жатыр (8-15 адамға дейін) . Бұл үйлердің белгілі бір бөлігі муниципалдық бюджеттен қаржыландырылады. Қалған бөлігін халықты әлеуметтік қорғау органдары қамтамасыз етіп отырады. Ардагерлер үшін мұндай үйлер үлкен сұраныст тұғызып, қарт адамдарға қызығңушылық тұдыруда. Алайда әлеуметтік қызмет көрсетудің жұмыс істеп тұоған стационарлық мекемелелер торабы бүгінгі түндегі қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыра алмайды.
Қазір стационарлық мекемелелерде әлеуметтік қызмет көрсету түрлерін алу кезектігі біршама жоғары болып отыр. Жасы ұлғайған адамдардың қажеттіліктерінді тиімді қанағаттандыру өзекті мәселерге өзекті мәселелерге айналып өз шешімін таба алмай қояды. Ол үш келесі шараларды іске асыру қажеттігі туындайды.
- Әрбір муниципалды жергілікті жерде үй интернаттарын ұйымдастыру;
- Стационарлық мекемелерде өмір сүрудің үйдегідей жағдайларын жасап психологиялық көңіл- күйін көтеру;
- Шағын үй- интернаттар салып, қалыптастыру;
- Үй- интернаттарды тиімді орналастыруда адамдардың әлеуметтік мүдделерін есепке алу.
Белгілі тұрақты орны, үй пәтері, жұмысы, қаражаты жоқ адамдар проблемасы бұрынғыдай қалып отыр. Республикада сондай-ақ отбасыларға, балаларға, әлеуметтік көмек көрсететін мекемелелер торабы тез дамып келе жатыр. Белгілі бір дасу деңгейінде әлеуметтік тұрмыс қызметі жұмыс атқарып отырған деп атап айтуға болады. Білім беру жүйесі балаларға қызмет көрсету торабы жылдае жылға көбеюде. Білім беру мекемелелер психологиялық қызметі қалыптасуда сонымен бірге әо\р түрлі қызмет құрып одан әрі даму кезеңінде: психологиялық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік, кәсіби бейімделу және т. б.
Қазіргі кезеңде әр түрлі министрлікте, ведомстволық әлеуметтік қызмет жөніндегі ресми құжаттары мен материалдары бірқатар қызуғышылық танытады. Оларды талдау, әлеуметтік қызметті ұйымдастыруда, дамытуда, екі ерекшеліктер бар екенін дәлелдеп отыр.
- Халықтың жеке категориялары үшін әлеуметтік мекемелелер торабын құрудың керектігін дәлелдеп, көрсету орын алып отыр;
- Барлық әлеуметтік мекемелердің қызметін олардың ведомстволық бағыныштылығына байланыссыз, үйлестіруге және реттеуге ұмтылу.
Осыған байланысты бұл жұмыстың бағыттары төмендегідей болуы қажет:
- Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің торабының қалыптасу кезеңінде олардың болашақта даму жолдарын нақтылы айқындау;
- Әлеуметтік қызметкердің жоғарға кәсіби шебердігіне қол жеткізу;
- Әр түрлі ведомстволық қызметтің, іс- әрекеттерін үйлестіруді жоғарылату
- халықты әлеуметтік қорғау;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- ішкі істер органдардың қызметі;
- халықты жұмыспен қамту;
- көші- қон процесі.
Осының бәрі адамның мұқтажы мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін іске асырылуы тиіс.
Әлеуметтік мекемелерінің торабын құру поцесі қайшылықты боып бір мағынада жүргізілмей отыр. Жергілікті жерлерде әлеуметтік қызметтерді күнделікті өмірде әрдайым қиыншылықтар көріп отырған халықтыңәлеуметтік әлсіз қорғалған топтарына бағыттайтын үрдіс қалыптасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz