Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазақстан Республикасының Прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы
Орындаған 3 курс студенті Семеев Б. Ә.
Ғылыми жетекшісі, з. ғ. д.
профессор Алауханов Е. О.
Норма бақылаушы з. ғ. к.,
доцент Шарипов Ш. М.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді Алауханов Е. О.
з. ғ. д., профессор
Алматы, 2010
РЕФЕРАТ
Түйін сөздер. Диплом жұмысында келесідей түйін сөздер кездседі: Қазіргі таңда Прокуратураның алдыңғы қатардағы мемлекеттерде дамуы, ҚР Прокуратура туралы заңнамасының дамуы, Тәуелсіз қазақстан прокуратурасы ерекшелігі және т. б.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс реферат, глоссарий, кіріспе, екі бөлім, алты бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен жәнеқосымшадан тұрады.
Көлемі. Жұмыстың көлемі 55 бет.
Диплом жұмысын жазуда тақырыпты таңдауға бірнеше себептер тоқтату салды. «Қазақстан Республикасының Прокуратурасының қалыптасуымен даму тарихы» тақырыбын таңдау қазіргі кезде артта қалған тарихымызға үңілуге, оны жандандыруда ерекше орын алып отыр.
Жұмыс мазмұны “Прокуратураның батыстың алдынғы қатардағы мемлекеттерде дамуы”, “Прокуратура туралы заңнаманың дамуы”, “Революцияға дейінгі прокуратураның жағдайы”, “КСРО - дағы прокуратураның жағдайы”, “ Тәуелсіз Қазақстан прокуратурасы” -деген тақырыптардан тұрады.
Зерттеудің әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.
Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді. Зерттеудің эмпирикалық негізін құраған материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрылуы мен даму тарихын мақсаты қойылған.
Зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін келесідегідей міндеттерді орындау қажет:
- прокуратуранын алдынғы қатардағы мемлекеттерде дамуын зерттеу;
- прокуратура туралы заңнамасының дамуын зерттеу;
- революцияға дейінгі прокуратураның жағдайын зерттеу;
- КСРО - дағы прокуратураның жағдайын ашып беру;
Жұмыстың объектісі және пәні. Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрылуы мен дамуына байлынысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар, зерттеудің объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Прокуратурасының қызметің әр түрлі кезендерде реттеген және қазіргі кездегі заңнама нормаларының жиынтығы зерттеудің пәні болады.
ГЛОССАРИЙ
1. Айыптау қорытындысы - қылмыстық іс жүргізуде- қылмыстық жауапкршілікке айыпталушы сапасында тартылған адамды сотқа беру үшін деректердің жеткіліктігі туралы қылмыс жасаудың анықталған жағдайы, жиналған дәлелдер баяндалатын және олардың негізінде тергеушінің (анықтау органы) түйіні жасалатын, алдын ала тексеру аяқталғаннан кейін толтырылатын құжат.
2. Диктатура - көшбасшымен бірге шектеулі адамдар тобы жүзеге асыратын шектеусіз саяси, экономикалық және идеологиялық билік.
3. Қорғау(құқықтарды) - сот қорғауы, заңнамалық, экономикалық,
ұйымдық-техникалық және басқа құралдар мен іс-шаралар, сондай-ақ азаматтық құқықтарды өзі қорғауды біріктіретін, субьективті құқықты еркін және тиісті түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қолданылатын кешенді шаралар жүйесі.
4. Коалиция, одақ - ортақ мақсаттарға жету үшін құрылған (мемлекеттердің, саяси партиялардың) бірлестігі, одағы.
5. Коза-ностра - АҚШ-тағы гангстерлік топтардың біреуінің атауы бойынша аталған құпия мафиялық ұйым.
6. Полиция - қадағалау мен мәжбүр ету шарасы жолымен, мемлекеттің құқық тәртібі ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше органдар жүйесі, сондай-ақ кейбір мемлекеттерде ішкі әскерлердің бір түрі.
7. Прокуратура - мемлекет атынан барлық мемлекеттік органдардың, кәсіп орындардың, мекемелердің, ұййымдардың, сондай - ақ азаматтардың заңның дәл және бірыңғай орындалуын бақылауды жүзеге асыратын органдар жүйесі. Басқа құқық қорғау органдарымен бірге заңдылық пен құқық қорғау органдарымен бірге заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етеді.
8. Прокурор - жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің балық салаларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: ҚР Бас прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар және т. б.
9. Трест - өздерінің шаруашылық және құқықтық дербестіктерін жоғалтып, бірыңғай жоспар бойынша әрекет ететін кәсіпкерлер бірлестігінің пішімі. Басқаруды орталықтандырудың барынша жоғары деңгейімен, сондай-ақ қызметті елеулі түрде диверсификациялаумен сипатталады.
10. Эшафот - зайырлы қылмыстық заңмен немесе шіркеу құқығымен қарастырылған әрекет үшін жазаны орындау орны; өлім жазасын көпшілік алдында орындауға арналған тақтай тұғыр.
11. Этикет - тәрбиелеумен сіңірілген әдет, дағды. Тұрақтанған, өзін-өзі ұстаудың қабылданған тәртібі. Қатынаса білу пішімі (мысалы, дипломатиялық этикет, сарй ішкі этикеті, сөйлеу этикеті) .
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 5-8
- ПРОКУРАТУРАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН РЕТІНДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 9-14
- Прокуратураның шет елдердегі мемлекеттік орган ретінде
қалыптасуы
- Ресей империясындағы Прокуратураның құрылуы мен дамуы
- ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН
ДАМУЫ 15-43
- КСРО құрамындағы Қазақстанда Прокуратураның құрылуы мен
дамуы
- Қазақстан Республикасының Прокуратурасының дамуы
ҚОРЫТЫНДЫ 44-48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі 49-51
ҚОСЫМША 52-55
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығы. 1995 жылғы 21 желтоқсандағы №2709 «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасының осы заңи анықтамасынан көріп отырғанымыздай, прокуратураның қызметінің бағыттары өте көп. Мысалы, аталған заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Прокуратурасы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының және Президентiнiң Жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл әрi бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:
- Конституцияның, Заң актiлерiнiң және Республика Президентi актiлерiнiң бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
- жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
- сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
- Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге наразылық жасайды;
- заңда белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
- статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратурадан басқа бұндай жоғары қадағалауды жүзеге асыру сияқты өкілеттіктерге Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес ешбір мемлекеттік орган ие емес. Әрине, прокуратура пайда болсымен бұндай кең өкілеттіктерге бірден ие болған емес. Прокуратура әлемдік тарихта өзінің орны бөлек бірнеше ғасырларды қамтитын қалыптасу және даму тарихы бар. Сол қалыптасу және даму тарихының әр кезеңінде прокуратура белгілі бір өкілеттіктерге ие болып, кейде ол өкілеттіктерден айырылып немесе ондай өкілеттіктері шектеліп отырды. Сол сияқты Қазақстан Республикасының прокуратурасы да бір күнде құрылған жоқ. Оның да 80 жылдан астам тарихы бар және осы кезең ішінде прокуратура органдары әр түрлі нысанда өз қызметін жүзеге асырды. Нәтижесінде қазіргі күйдегі Қазақстан Республикасының Прокуратурасы қалыптасты. Міне, дипломдық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы осыда.
Сонымен менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - Қазақстан Республикасының Прокуратурасының құрылуы мен дамуы тарихына арналған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының Прокуратурасының құрылуы мен дамуы тарихын зерттеу, оның құрылу және даму кезеңдерін анықтау, сондай-ақ әр даму кезеңінің ерекшеліктерін айқындау.
Аталған мақсатқа:
- прокуратураның пайда болуының әлемдік тарихын зерттеу;
- Ресей империясындағы прокуратураның құрылуының тарихы мен дамуы зерттеу;
- КСРО құрамындағы Қазақстанда прокуратураның құрылуының тарихы мен дамуын зерттеу;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының прокуратурасының тарихы мен дамуын зерттеу;
Прокуратура жөніндегі және оның қызметін реттейтін (реттеген) Ресей империясы, КСРО, Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының қолданыстағы және күші жойылған нормативтік құқықтық актілерімен тоқып-танысу, зерттеу және зерделеу арқылы қол жеткіземіз.
Зерттеу объектісі және пәні. Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрылуы мен дамуына байлынысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар, зерттеудің объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Прокуратурасының қызметің әр түрлі кезендерде реттеген және қазіргі кездегі заңнама нормаларының жиынтығы зерттеудің пәні болады.
Зерттеудің әдістемелік негіздерін танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функционалдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.
Автор жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді. Зерттеудің эмпирикалық негізін құраған материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.
Зерттеудің нормативтік базасын Халықаралық-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар бірқатар шет елдердің (АҚШ, Англия, Италия және т. б. ) заңдары құрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын мынадай негізгі тұжырымдардан нақты көрініс тапқан:
1. Прокуратура мемлекет механизмінде салыстырмалы түрде- XIV ғасырда пайда болды. Арнайы бақылаушы-қадағалаушы орган ретінде пайда болған мемлекеттердің бірі-ол Франция. Ал Франция прокуратурасының негізін қалаушы Филип IV. Ол 1302 жылдың 25-наурызындағы Ордонанс арқылы патша мүддесін прокуратураның өкілдік етуімен қорғалатынын бекітті. «Прокурор» деген терминнің өзіне келетін болсақ, ол латын тілінен шыққан, яғни ол-қадағалау, қамтамасыз ету дегенді білдіреді және осы аталған термин Францияда XVIII-ғасырдың басында ғана қолданыла бастады. Ал осыған дейінгі тиісті лауазым иелері «патшаның адамдары» деп саналатын. Франция прокуратурасы патшаның әмірін орындау және соттарда қорытынды беруді орындайтын айыптаушы, жазалаушы орган ретінде пайда болғандығын байқауға болады.
2. Кейде Бас Прокурор институтын қалыптастыруға заң шығару, атқару және сот биліктірінің бәрі бірге араласады. Мысалы, Парагвайдың Бас Прокурорын судьялар Кеңесі ұсынған 3 кандидаттың тізімінен Сенатпен келісу арқылы Үкімет іріктеп тағайындайды. Чилиде Бас Прокурорды тағайындау процедурасына Президентте, Сенатта және Жоғарғы Сотта қатысады. Яғни, Жоғарғы сот жариялы байқаудан өткен 5 кандидатураны Сенатқа келісім беру үшін өткізген соң, Сенат мүшелерінің 2/3 мүшелері келісім берген жағдайда Президент іріктеп 10 жыл мерзімге тағайындайды. Испанияның Конституциясына сәйкес (124-бабы) мемлекеттің Бас Прокурорын сот билігінің Бас Кеңесінің пікіріне негізделген Үкіметтің ұсынысымен Король тағайындайды. Ал, Колумбияда Ұлттың Бас Прокурорын Президентпен, Жоғарғы Сотпен және Мемлекетік Кеңеспен ұсынылған 3 кандидаттың ішінен іріктеп 4 жыл мерзімге Сенат сайлайды.
3. Тәжірибе көрсеткендей, кез-келген мемлекеттік институт жұмысының белсенділігін өкілеттіктерді нақты нысандармен ұйымдастыру және бөлуге әрдайым байланысты еместігін байқауға болады. Ол көбінесе қоғамның жалпы құқықтық мәдениетіне, кадрларды дайындаудың кәсіби санасына және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты болады.
4. Қазақстан Республикасының құқықтық саясатын жүзеге асыру барысында прокуратура функциялары мен мәртебелеріне белгілі-бір өзгерістерді енгізу мүмкіндігін, прокурорлық қадағалаудың жеке салаларын оптимизациялау сөзсіз екендігі айдан анық. Бірақ прокуратураны реформалау еліміздің құқықтық жүйесінің талаптарына сай жолдармен жүргізілуі тиіс.
5. Демократиялық, құқықтық мемлекетке тән құндылықтардың бірі ол адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін елеп-ескеріп, койнауына алған елдің Ата заңында “Адам мен азаматқа” арналған 2 бөлімнің пайда болуына сай, мемлекеттің осы ең қымбат қазынасына, Ұлы құқықтық үстемдігі үшін қызмет жасайтын, жаңарған прокуратураға сөзсіз жаңа функциялар жүктеліп, оның бұрынғысынан, яғни әрі қадағалаушы әрі қылмыстық қудалау сипаттағы қызметінен гөрі- құқықты қорғаушы, яғни қадағалау функциясы басымдық ететін орган болып өзгергені көрініп тұрды. Оған дәлел, Президенттің заң күші бар “Прокуратура туралы ” Жарлығында прокурорлық қадағалаудың негізгі бағыттарының алғашқысы ретінде “адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауының” тұруы бекер емес.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі прокуратураның мемлекеттік орган ретін қалыптасуы мен дамуына, оның ішінде әлемдік тарихтағы прокуратураның алғаш пайда болуы мен Ресей империясында прокуратураның құрылуы мен дамуына арналған. Ал, екінші бөлімі КСРО құрамындағы Қазақстанда прокуратураның құрылуы мен оның дамуына, сондай-ақ тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы прокуратураның дамуына арналған.
Дипломдық зерттеудің нәтижелері. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихын, оның ішінде оның жекелеген кезеңдерінің ерекшеліктерін анықтаймыз және оларды сипаттаймыз.
1 ПРОКУРАТУРАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. 1 Прокуратураның шет елдердегі мемлекеттік орган ретінде қалыптасуы
Прокуратураның пайда болуы әлемдік тарихта бірнеше мың жылға созылады. Бұл орайда, қазіргі мағынадағы прокуратура ежелгі заманда да, орта ғасырда да болмағанын ескерте кеткен жөн.
Жалпы «прокуратура» ұғымының пайда болуы тарихынан бастасақ, алғаш рет прокуратура сөзі ежелгі Рим империясында I ғасырдан бастап кең қолданыла бастаған. «Прокуратура» сөзі латын тіліндегі «procouro» сөзінен шыққан және латын тілінен аударғанда «қамқоршы, қамқор боламын, қамқор болу, қамтамасыз етемін, қадағалаймын» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Рим империясындағы прокураторлар императордың провинцияларға тағайындаған және оның мүддесін білдіретін лауазымды тұлғалары болатын. Рим империясының прокураторлары негізінен өзі тағайындалған Империя провинциясының билеушісінің қызметін және ондағы жай-күйді, сондай-ақ провинциялық әкімшіліктің императордың актілерінің (шешімдерінің, жарлықтарының) орындалуын қадағадауды жүзеге асырған. Алайда, кейбір Рим империясының провинцияларында прокураторлар императордың өкілінен басқа провинция билеушісі қызметін де бірге атқарған. Мысалы, Египетте, Иудеяда. Алайда, ежелгі Рим империясындағы прокураторлар ортағасырларда жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік институт ретінде қалыптасқан прокуратураның пайда болуының алғашқы қадамы болатын.
Қазіргі кездің өзінде ғалымдар арасында алғаш рет мемлекеттік институт ретінде прокуратураның қай елде пайда болғанына қатысты дау жалғасуда. Бір топ ғалымдар прокуратура мемлекеттік институт ретінде Германияда пайда болды десе, екінші бір тобы ол Францияда пайда болды деп тұжырымдауда. Алайда, бұның аса маңызы жоқ деп ойлаймын. Өйткені прокуратура қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде қалыптасуы Франциядағы король билігінің нығаюы мен феодалдық сепаратизммен күресумен байланысты болды.
Сондықтан ең алғаш рет әлемдің тарихта прокуратура мемлекеттік институт ретінде Францияда 1302 жылы пайда болған. Франция королі ІV Филип 1302 жылы 25 наурыздағы Ордононсымен король мүддесін прокуратураның өкілдік етуімен қорғалатынын бекітті. Алайда «прокурор» термині Францияда XVIII ғасырдың басында ғана қолданыла бастады және осыған дейінгі тиісті лауазым иелері «король адамдары» («gens du roi») деп аталып келді. Франция прокуратурасы алғашында король әмірін орындаушы мемлекеттік орган ретінде пайда болды. Осыған байланысты прокурорлар Францияда король прокурорлары («procureurs du roi, procuratores fiscales») деген атқа ие болды.
Франциядағы король прокурорлары институты осы қалыптасқан кезден бастан XVIII ғасырдың аяғына дейін нығая берді. Алғашында прокуратураның қызметі құқықтық болған жоқ, ол королдің еркін білдіруші ретінде болды. Осыған байланысты орыс тарихшысы В. И. Веретников «олар арқылы король бүкіл мемлекеттік механизмнің дұрыстығын бақылай алатын королдің нақты және толық мағынада көздері болды» [1, 9-10-бб. ] - деп дұрыс айтқан. Осы міндеттерді орындау үшін генерал-прокурор «әр уақытта және барлығында» королдің тәждің мүдделерін қорғады, тіпті феодалдар өздеріне атақтарды иеленбеуін, сауда-саттыққа, қолөнерге, университеттерді құруға араласпауын бақылап отырды. Прокурор олардың қойылған талаптарға қаншалықты жауап беретінін бағалай отырып, бұл орайда да королдің мүдделері бұзылмауын сақтау мақсатында король шенеуніктерінің тағайындалуын бақылап отырды. Кейінірек Францияда прокурордың міндеттеріне сеньориалды және шіркеу соттарының жұмысын бақылау жатқызылды. Прокурордың анықтаудағы рөлі де зор болды.
1586 жылы Францияда прокуратураның ұйымдастырылуы және қызметі туралы заң қабылданды және оған сәйкес мемлекеттік органдардың жүйесінде прокуратураның орны анықталды.
Францияның қылмыстық іс жүргізуіндегі прокурордың рөліне 1670 жылғы Ордонанс үлкен рөл атқарды. Оған сәйкес азаматтық және қылмыстық талап қожлар бойынша соттағы тергеу жіктелді, ал король прокурорлары тұлғасындағы жария айыптау тарабы ар-ұятқа қалдыратын және азаптауға әкеліп соғатын қылмыстар бойынша айп тағу құқығына ие болды. Алайда, ол уақытта Н. Н. Полянский ескерткендей «прокурор істі өз қарауы бойынша дербес қозғады: ол тек қана әшкерелеуші ретінде бола алды, өйткені істі қозғау бастамасына және тергеу құқығына судья ие болды.
Кейінгі уақытта Франция прокуратурасы 1789-1810 жылдар аралығында орын алған бірнеше өзгерістерге ұшырады. Бұған қарамастан оның негізгі мақсаты өзгермеді: жазалау қызметтерін орындау, мемлекеттегі жоғарғы билікті ұстаушының қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету. Пркоуратураның бұл қызметтері әсіресе олармен күресу тек қана арнаулы мемлекеттік қызметтің көмегімен мүмкін казына ұрлаушылықтың, парақорлықтың кең таралуымен байланысты болды. Бұл орайда, Франция прокуратурасының басқа мемлекеттердегі, соның ішінде Ресейдегі ұқсас интистуттардың құрылуына үлгі ретінде қараптан-қарап алынбағанын айта кеткен жөн болар. Қазіргі кездегі күйіне прокуратура ХІХ ғасырдың басында жетті. 1808 жылғы Сот өндірісінің жарғысына (code d'instruction criminelle және 1810 жылдың 20 сәуіріндегі Сот өндірісі туралы заңға (loi sur l'organisation judiciaire) сәйкес прокуратура қазіргі күйдегі қылмыстық істер бойынша айыптау қызметіне ие болды.
Франция прокуратурасының құрылуы мен дамуына шолу бостан бос емес. Франция прокуратурасы Ресей прокуратурасының үлгісіне айналды және осы уақытқа дейін дүние жүзіндегі прокуратура органдарының эталоны болып табылады [2, 25-б. ] .
Сонымен қатар, Францияда прокуратура алғаш құрыла бастаған кезде шамамен прокуратура Германияда да құрыла бастағанын айта кеткен жөн. Германиядағы прокуратура органдары Франциядағы ға қарағанда өзгеше аталды - фискалитет, ал прокурорлар - фискалдар деп аталды. Оған қылмыстарды тергеу жүктеледі. Ал XVI-XVII ғасырларда прокуратура органдары Италия, Нидерланды және т. б. көптеген мемлекеттерде жұмыс істей бастады.
1. 2 Ресей империясындағы Прокуратураның құрылуы мен дамуы
Ресей империясында прокуратураның құрылуы оның императоры І Петрдің атымен тығыз байланысты. І Петр Ресейде прокуратураны құруда екі елдің моделін алған болатын. Алғашында Германия прокуратурасының моделіне қарай отырып Ресейде фискалдар лауазымдары енгізілген болатын. Алайда, оларға артқан І Петрдің үміті ақталмай, Франция прокуратурасының моделін үлгі ретінде ала отырып, Ресейде прокуратура мекемесі құрылды [3, 3-б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz