Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ атындағы
АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Экономикалық теория” кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:“ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ”
Пәні: Экономикалық теория
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
А Қ Т Ө Б Е, 200
Мазмұны:
Кіріспе : . . . 3
І тарау: Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі халықаралық экономикалық қатынастар . . . 5
- Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні . . . 5
- Халықаралық экономикалық қатынастардың объектілері мен субъектілері . . . 7
- Халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық еңбек бөлінісі . . . 9
ІІ тарау: Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі . . . 13
2. 1. Қазақстанда халықаралық экономикалық қатынастардың
қалыптасуы және дамуы . . . 13
- Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы . . . 17
- Сыртқы сауданың Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарындағы орны . . . 20
ІІІ тарау: Қазақстан экономикалық ынтымақ жүйесінде дамуы . . . 23
- Халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан болашағы . . . 23
- Қазақстанның ДСҰ-на енудің оң және теріс салдары . . . 26
- Президенттің халыққа жолдауындағы ҚР халықаралық бәсекеге қабілеті . . . 29
Қорытынды . . . 33
Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 37
Қосымшалар
Кіріспе
Бұл жұмыстың негізгі өзектілігі ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы және осы қарым-қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның алып отырған орнымен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастар жүйесіндегі рөлін көрсетіп, оны әрі қарай жетілдірудің жолдарын ұсынып, талқылау.
Курстық жұмыстың І тарауында халықаралық экономикалық қатынастардың мәні, объектілері және субъектілері, халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық еңбек бөлінісі қарастырылды.
Сонымен қатар, ІІ тарауда Қазақстанда халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасуы және дамуы, халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы, сыртқы сауданың Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарындағы орны туралы сөз қозғалды.
ІІІ тарауда халықаралық экономикалық байланыстар жүйесіндегі Қазақстан болашағы, Қазақстанның ДСҰ-на енудің оң және теріс салдары мен Президенттің халыққа жолдауындағы ҚР халықаралық бәсекеге қабілеттілігі туралы жазылды. Ал кейбір сұрақтар бойынша қысқаша мәліметтер қосымшаларда көрсетілген.
Кеңес Одағының бет-бейнесін түбегейлі өзгерткен оқиғалар тарих еншісіне айналды. Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған қазақ ұлтының жас егеменді мемлекеті, Қазақстанның бүкіл халқы мен экономикасы өзінің жай-күйінің жолында тұр.
Қоғамдық организм онда орын алған саяси және экономикалық қатынастар өзгеру үстінде. Қоғам мен экономика барған сайын ашық сипатқа ие болуда. Демократияның дамуы, меншіктік қатынастарды реформалау және жүйелі нарыққа қадам жасау экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы ретінде танылды.
Осы қалыппен жүре отырып, біз қалыптасқан шындықты байсалды бағалап, қандайда болмасын, әсіресе құлшыныстан бас тартып, сабырлы және салмақты практицизммен қарулануға тиіспіз.
Қазақстанды біз үшін басқа ешкім де өзгерпейтінін, дүниежүзі қауымдастығында оған лайықты орын алып бермейтінін, біздің өміріміздің стандартын жоғары көтермейтінін түсіну маңызды. Барлық қазақстандықтар алыстағы мақсатты түсінбегенше, олардың стратегиялық байланысындағы нақты бағдарламалық қадамдарсыз ол бос сөз болып қала беретініне сенімдімін.
Қазақстан Республикасы таңдап алған бағыт - аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру - республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторын көбірек ескереді. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарықтық экономиканың өзіне тән ұлттық моделін құрып, халықаралық қарым-қатынастар жүйесінде лайықты орынға ие болады деп сенемін.
І тарау: Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі халықаралық экономикалық қатынастар
1. 1. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні
Халықаралық экономикалық қатынастар дегеніміз - жекелеген елдердің ұлттық экономикасы арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі. Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген қызмет түрінің ерекше сферасы. [1] Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың механизміне өзінің құқықтық, заңдық нормаларымен қоса, оларды жүзеге асыратын әдістер мен амалдар жиынтығы жатады. Бұл әдістер мен амалдардың негізгі тобын халықаралық келісім шарттар, хартиялар, кодекстер, т. б. құжаттар құрайды.
Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымы мынадай:
- халықаралық еңбек бөлінісі;
- тауарлар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы;
- капитал мен шетел инвестицияларының қозғалысы;
- жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы;
- халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары;
- халықаралық экономикалық интеграция;
- халықаралық ғылыми-техникалық және өндірістік қарым-қатынастар.
Халықаралық экономикалық қатынастар нақты өмірде кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімдерін (тауарлар мен қызмет ету) мемлекеттер арасындағы айырбас түрінде көрініс табады. Ал халықаралық саудада ғылыми-техникалық, өндірістік, инвестициялық, валюта, қаржылық, интернационалды ақпараттық байланыстар, еңбек ресурстарының қозғалысы. Халықаралық экономикалық қатынастар объективті түрде еңбек бөлінісі, өндіріс пен ғылымның халықаралық деңгейде мамандануы, шаруашылық өмірдің интернациалануы процестері негізінде қалыптасады. Халықаралық еңбек бөлінісінің қалыптасуы мен дамуы, яғни халықаралық экономикалық қатынас табиғи (табиғат, географиялық, демографиялық, т. б. ) және жетілген (өндірістік, технологиялық) факторларға, сонымен қатар әлеуметтік, ұлттық, этникалық, саяси және мәдени-құқықтық жағдайларға тәуелді. Халықаралық экономикалық қатынастардың жоғарыда аталған бағыттары мен формалары әлемдік шаруашылық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды:
- халықаралық сауда;
- өндіріс пен ғылыми-техникалық жұмыстардың халықаралық деңгейде мамандануы;
- ғылым мен техника нәтижелерімен алмасу;
- мемлекеттер арасында ақпараттар, қаржы-валюта мен несие беру байланыстары;
- капитал мен жұмыс күші қозғалуы;
- халықаралық экономикалық ұйымдар қызметтері, ғаламдық мәселелерді шешуде шаруашылық ынтымақтастық.
Халықаралық экономикалық байланыстардың рөлі, маңыздылығы мен даму перспективасы, оны құрайтын элементтер арасындағы ара-қатынас халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуімен, оның өзінің жоғары сатысына өтуімен анықталады.
Сонымен халықаралық нарық ауқымының тезірек өсуі, халықаралық экономикалық қатынастардың қалыпты дамуына алғы шарттар жасайды.
Жоғарыда айтылғандардан, еңбектің, капиталдың, табиғи т. б. ресурстарды пайдаланатын және қолданудың нәтижесі болып табылатын халықаралық экономикалық қатынастар - нарықтық қатынастардың бір сферасы және өзіне қатысты ерекшеліктерімен сипатталады. Сатушылар мен сатып алушылар үшін таңдау еркіндігі негізінде нарықтық қатынастар, яғни халықаралық экономикалық қатынастар мынаны қажет етеді:
- оның объектілері мен субъектілерінің көптігі;
- сұраным мен ұсынымның әсер етуі;
- бәсеке;
- олардың бағамен байланыстылығы және бағаның икемділігі мен жылжымалылығы.
Жоғарыда келтірілгендер еркін кәсіпкершілікті қажет етумен толықтырылады. Халықаралық айырбастың жекелеген елдер шекарасы ауқымынан тысқары шығуы объектілердің болуына алғы шарттар жасайды. Бұл субъектілер үшін де қатысты. Олардың саны нарықта арта түсуде. Халықаралық экономикалық қатынастарға ұлттық кәсіпкерлер және фирмалармен қатар, шетелдік, халықаралық компаниялар мен ұйымдар, әр елдің мемлекеттік құрылымдары қатысуда. Халықаралық экономикалық қатынастар жыл өткен сайын айырбастың көлемі мен ассортименттін қамти отырып, сұраныс пен ұсыныс көлемін ұлғайтуда. Нарықтық баға да сандық және сапалық жағынан жаңа өзгерістерге ұшырауда. Сол сияқты бәсеке жағдайы да шиеленісе түсуде.
1. 2. Халықаралық экономикалық қатынастардың объектілері мен субъектілері
Халықаралық экономикалық қатынастардың объектілері мен субъектілерінің ұлттық нарықтық шаруашылық ауқымынан өзгешелігі жоқ. Оның сандық және сапалық жағынан жаңа ерекшеліктері - объектілері мен субъектілерінің көп екендігін сипаттайды. Халықаралық экономикалық қатынастардың объектілері ретінде ең алдымен халықаралық саудада айналымға түсетін тауарлар мен қызмет етуді атаған жөн. Мұндағы бір ерекшелік, ол тауар тасқынының тұрақтылығы мен ауқымдылығы. Тауар мен қызмет ету айырбасы ірі көлемділігімен, сапасы жағынан жоғары болуымен және әдетте бәсекенің күшті болуымен сипатталады.
Халықаралық экономикалық қатынастарға өндіріс пен ғылыми-техникалық жұмыстар саласындағы мамандану мен кооперациялау жатады. Көптеген кедергілерге қарамастан өндіріс факторларының әр елдер арасындағы алмасып отыруының маңызы ерекше. Бұған ең алдымен әр түрлі фирмалардағы бүкіл капиталдың қозғалысы, қаржы-несие ресурстарын халықаралық ауқымда қолдану, жұмыс күшінің интернационалды көшіп-қонуын, интеллектуалды меншіктің айырбасқа түсуі және т. б. жатады. Ерекше объект ретінде экология мен тағы басқа ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың әртүрлі және жан-жақты ынтымақтастығын жатқызуға болады. Бірақта бұл салада жалпы алғанда көбіне фирмалар, кәсіпорындар, жекелеген кәсіпкерлер арасындағы нарықтық қатынастар түрінде болады да, олардың негізіне халықаралық экономикалық қатынастар, еркін таңдап алудың сипатында болады.
Сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың субъектілеріне мемлекеттік құрылымдар: тікелей мемлекеттер және әр деңгейдегі мемлекеттік ұйымдар (орталық, аймақтық, муниципалды) , мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Халықаралық экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде халықаралық ұйымдар, мысалға, БҰҰ жүйесі, әсіресе қаржы-несие жағынан көмек көрсету мен жекелеген жобаларды қаржыландыру да жатады.
1. 3. Халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық еңбек бөлінісі
Халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - қоғамдық еңбектің еларалық бөлінісінің жоғарғы сатысы. [2]
Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Бұл теория ХVІІІ ғ. А. Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде кездеседі. Бұл теорияның мәні мынада: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның кемшіліктері: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қасқарған түрде - екі ел мен екі тауарға негіздеп қарастырылған. Демек, бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.
ХІХ-ХХғ. басында халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына байланысты салыстырмалы артықшылық теориясына көптеген өзгерістер енді. Ол швед экономистері Э. Хекшер мен Б. Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген. Бұл теория ХХғ. 30ж. дүниеге келді. Халықаралық өндірістің мамандануын бұл авторлар үш фактор: еңбек, капитал, табиғи ресурстармен қамтылуынын әр түрлілігімен түсіндіреді. Жалпы алғанда бұл теория халықаралық еңбек бөлінісіне шындық тұрғыдан толық түсінік береді.
1953 жылы американ ғалымы В. Леонтьев Э. Хекшер мен Б. Олиннің теориясына тағы бір фактор қосады. Ол елдегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлісіне әсер етеді деген.
Қазіргі кезде американ ғалымы, социолог М. Портнердің 1961ж. ашқан “технологиялық алшақтық” теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық потенциалмен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықнал жасайды.
Соңғы кезде өнеркәсібі дамыған елдерде экономистер “өнімнің өміршең циклы” теориясына ерекше мән беруде. Бұл теорияны американ экономистері Р. Вернон мен Э. Линевилд дүниеге әкелген. Бұл теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.
Халықаралық еңбек бөлісін негізінен үш типке бөлуге болады: жалпы, жеке, ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылық, т. б. Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Жеке халықаралық еңбек бөлінісіне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән. Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегат пен өнім компоненттерін дайындауды айтамыз. /қосымша1, кесте1/
Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Мысалы: американың “Форд Моторс” концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шетел фирмасынан сатып алады. Бұл жағдай басқа да фирмаларда кездеседі.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыруға жағдай да туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі - халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.
Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интернациялануына алып келеді немесе елдер мен халықтар арасында тұрақты экономикалық қатынастарды дамытады.
Дүниежүзілік шаруашылықта соңғы он жылдықта күрделі процестердің жақындасуы және интеграция деп аталатын бірыңғай шаруашылық организмін құруға бағытталған, көптеген елдердің ұлттық шаруашылықтарының бірін-бірі толықтыру процесі жүріп жатыр.
Интеграция - шаруашылық өмірді жоғары формасы, өте жоғары дәрежедегі халықаралық еңбек бөлінісі және корпорациялық байланыстардың нәтижесі. [3] Бұл жағдайда халықаралық экномикалық байланыстар өзінің тұрақтылығымен айқындалады. Қазіргі кезде дүниежүзінде жүріп жатқан интеграциялық процестер негізінен аймақтық сипатта болып отыр. Жоғары дамыған интеграциялық одақтар Батыс Еуропада қалыптасқан. Ең алдымен осы елдердегі жаңа сипаттағы өндірістердің ұлттық нарықтың тар шеңберіне сыймайтындығы көрінеді.
1957 жылы Еуропалық Экономикалық Қауымдастық (ЕЭҚ) құрылды. Оған алғашында алты мемлекет енді: Бельгия, Голландия, Италия, Люксембург, Франция, Германия. Ал 1973 жылы төрт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия, Греция. 1986 жылы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып, “Еуропа он екілігі” дүниеге келді. ЕЭҚ территориясына енген елдерден салық алынбайды, сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өз ара еркін қозғалып отырады.
Ал, 1967 жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда-экономикалық тобы (АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин.
1980 жылы Латын Америкасы территориясында Экономикалық сауда тобы құрылды. Мақсаты - аймақтағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту. Бұл қауымдастыққа он бір ел кіреді: Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналасқан.
1992 жылы 17 ақпанда Солтүстік Америка Жалпы Нарығы (НАФТА) құрылды. Оған: АҚШ, Канада, Мексика елдері мүше болды.
1991 жылы желтоқсанда бұрынғы КСРО-ға кірген республикалар егеменді мемлекеттер Декларациясын қабылдап, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) пайда болды.
Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісіндегі өз орнына “кетігін тауып қалануы” үшін ел экономикасындағы басымдықтарды белгілеп, сыртқы экономикалық байланыстар стратегиясын жасауы керек.
Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі еліміздің негізгі байлығы - жерді, пайдалы қазбалар шикізатын, дайын өнімді тиімді пайдаланумен байланысты. Елдің салыстырмалы жоғары ғылыми-техникалық потенциалын да естен шығармау керек. Қазақстанның салыстырмалы артықшылықтарын тиімді пайдалану мемлекетті жандандырып, экономиканың жедел дамуын қамтамасыз етеді.
ІІ бөлім: Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі
2. 1. Қазақстанда халықаралық экономикалық қатынастардың
қалыптасуы және дамуы
Экономикалық егемендік және нарыққа ену кезінде Қазақстанның халықаралық экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық шаруашылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою, Республиканың региондарының, кәсіпорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлінісіне ынталана қатысу.
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде Республика КСРО сыртқы экономикалық байланыс министрлігі және одақтық сыртқы экономикалық бірлестіктері делдалдылығымен тек Одақтың экспорт және импорт операцияларына қатысып қана отырды. Ал осыдан түскен валюта осы мекемелерде қала берді.
Бүкіл Одақтық экспортта Қазақстанның үлесі хромит кені бойынша - 100%, қорғасын және фосфор - 90%, мырыш және феррахром - 70%, астық (қатты бидай) - 60%, ет консервісі - 25-30% болды. /қосымша 2 диаграмма 1/ Республиканың Одақтық экспорт қорына өнімін өткізу төмен бағасы мен оны шетелдерге сату бағасы арасында зор қайшылық болды. Айта кетсек, баға қайшылығы хромит кені бойынша 23 есе, мыс - 16 есе, ферроқорытпа - 5 есе болды. Республика шетке негізінен шикізат тасымалдады, ал дайын өнімнің экспорттық көлемі аз болды. Мысалы, дайын өнімнің экспорттық көлемі жалпы шетке шығарылған өнімнің - 10%, ал Қазақстанның халық шаруашылығының жалпы өнімінің 1, 5% ғана тең болды.
Баға қайшылығының нәтижесінде ақшалай есептегенде шеттен әкелінген өнімдердің құны шетке шығарған өнімдердің құнынан көп есе асып отырды. Басқаша айтқанда Республиканың сатқанынан сатып алуы көп болды.
Қазақстан өнімдерін тұтынушылар бойынша экспорттық құрылымы да тиімсіз болды. Экспорттық өнімнің 30% валюталары еркін айырбасталымды елдерге шығарылды, ал 70% бұрынғы социалистік елдерге жеңілдік жағдайда төмен бағамен жіберіліп отырылды. Экспорттық өнімнің айтарлықтай бөлігін шығаратын металлургия кешенінің кәсіпорындарын тек мемлекеттік тапсырманы орындаған жағдайда валюта түсімінің 30% - ақ қалдырылып отырылды. Ал мұнай өндірісі бойынша Республика қорына валюта жалпы бөлінбеді.
Халықаралық экономикалық саясаттын негізгі қағидаларын, оны мемлекеттік реттеу тәртіптерін және республиканың нарықтық қатынасқа көшу жағдайында сыртқы экономикалық әрекетте ұйымдарының уәкілдік құқығын анықтау үшін “Сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі қағидалары туралы” ҚР заңы қабылданды.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық әрекеті әлем елдерінің бірлестіктерімен экономикалық, сауда, валюталық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды қамтиды. Меншіктің түрлеріне тәуелсіз сыртқы экономикалық әрекет субъектілері бар. Қазақстан Республикасында тіркеуге алынған халықаралық экономикалық әрекетке қатысатын Қазақстанның заңды ұйымдары және азаматтары, шетел заңды ұйымдары және азаматтары саналады.
Мемлекет халықаралық экономикалық байланыстарды дамыту негізінде ҚР тепе-теңдес әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатымен мынадай әрекеттер жасайды: халықаралық экономикалық әрекет істеушілерді тіркейді, мемлекеттік шегара арқылы өтетін товарлар және басқа мүліктер туралы мағлұмдама жасайды, экспорт және импорт реттерін белгілейді.
Нарыққа өтпелі кезеңде республиканың төлем қабілетсіздігін жою, халықаралық еңбек бөлісу жүйесінде Қазақстанның жағдайын жақсарту және Қазақстан тауарларын сату нарықтарын кеңейту керек. ҚР экономикалық саясатының бір бағыты - ол халықаралық экономикалық әрекеттерін жандандыра түсу. Осыған байланысты отын, металлургия және химия өнеркәсіптерінің стратегиялық өнімдерінен басқа экспорттық өнімдерге мемлекеттік монополиялық қағидадан бас тартылды. Экспорттық тауарлар шет елдердегі сауда үйлері және басты әлем биржасы арқылы сатылатын болады.
Республиканың сыртқы экономикалық әрекетін жандандыру үшін сыртқы сауда көлеміне шек қою жойылды, мұнын мәні шектелетін тауарлардың санын күрт қысқарту. Шектелмеген тауарлар ішкі нарықта бәсеке негізінде және аукциондарда сатылады.
Қазақстан Республикасының нарыққа өтуі және сыртқы экономикалық әрекеттерді реформалау әлем шаруашылығы бірлестігіне ену үшін қажетті шарт жасауға шаралар жүргізуді талап етеді. Олар мынадай:
- кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияға тарту үшін жағдай жасау;
- инфрақұрылымды жедел дамыту - көлік және байланыс, қаржы нарығы, банк жүйесі, қазіргі заманға сай ақпарат жүйесі;
- халықаралық құқық және маркетинг, қаржы, банк салаларын кадрлар және халықаралық экономикалық әрекеттерге басқа мамандар дайындау;
- халықаралық экономикалық байланыс өрісіне заңдар жинағын жасап ендіру және олардың орындалуын бақылау, т. б.
Халықаралық экономикалық байланыстарды реформалау кезеңдер бойынша жүргізіледі.
Бірінші кезеңде халықаралық экономикалық әрекеттерді ұштастыру және басқа елдермен экономикалық байланыстарды кеңейту негізінде халықаралық экономикалық байланыстарының нарықтық реформаның жүру және макроэкономикалық тұрақтануға, ынталандыруға әсеріне ерекше көңіл бөлінеді. 1993 ж. дейін ішкі, республикааралық, халықаралық сауда мемлекеттік тапсырма арқылы жүрген. Экспорттық лицензия және шек қор тауарлардың 200 дейінгі түрлеріне берілетін. Стратегиялық маңызы бар тауарлар экспортқа тек монополиялық сыртқы экономикалық құрылымдар арқылы шығарылатын. Бұрынғы КСРО елдерімен сауда екіжақты үкіметаралық келісімдер бойынша және клиринг негізінде жүргізілді. 1993ж. квота 34 тауар атына шейін, ал лицензия 61-ге дейін қысқартылды. 1994ж. тізілген ретіне қарай 7 және 34 шейін қысқарды. 1995ж. ұлттық және жеке адамдардың қауіпсіздігін сақтайтын тауарлардан басқаларға барлық экспорттық квоталар, экспорт-импорт лицезиялар жойылды. Халықаралық саудаға монополия жойылды, бартерлік саудаға тыйым салынды, биржалық сауданы кеңейтуге шаралар қолданылды. Республика ЕБ, Канада, АҚШ, Жапония, Скандинавия елдерінде ең қолайлы статус алды. Қазір Республика әлемнің 145 елімен сауда жасасады.
Екінші кезеңде Қазақстанның сыртқа шығаратын өнімдерін әлем нарығына шығаруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл болса ұлттық экономикалық бәсекелесу қабілетін көтеруді керек етеді. Бұл кезең еліміз макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына жетіп, өндіріске қарқынды инвестиция процесі басталғанда туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz