Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСҚАРУ ТЕТІГІ
Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың ұғымы мен жалпы сипаттамасы
Табиғатты қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы басқаруды ұйымдастыру мәселелері. Қазақстан Республикасының қазіргі дамуы үшін мейлінше көкейтесті мәселелер болып табылады. Экономиканың аса маңызды бір саласы табиғи ресурстарды пайдалану қоршаған ортаны ластаудың тұрақты көзі және халықтың денсаулығы мен экологиялық сауаттылығына төнген қатер болып табылады. Табиғат пайдаланудың ұтымды тәртібін анықтау, табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін оңтайлы құқықтық негіз қалау - бұл қолданыстағы занда көзделуі қажет міндеттер және біздің курсты оқыпүйренудің нысаны болып табылады.
Экология саласындағы мемлекеттік басқару проблемасына табиғат қорғау мен табиғат пайдалану теориясының жалпы мәселелерін зерттейтін ғалым заңгерлер, сондай-ақ экологиялық құқықтың ресурстық салаларының өкілдері үнемі ден қойып келеді. Әрбір зерттеу елеулі түрде ғылыми құндылық болып табылды, өйткені басқарудың жалпы теориясын толықтыра және дамыта отырып, салалық заңдарда ғалымдар басқару тетігінің айрықша белгілерін - басқарудың өзіндік нысандары мен әдістерін бөліп көрсетті, бұлар осы әлеуметтік күбылыстың аса серпінді сипаттамалары болып табылады.
Басқаруды ұйымдастыру мәселелері қазіргі уақытта да мемлекеттегі экономикалық қайта құрулармен, меншіктің саналуан нысандарымен байланысты ерекше көкейтесті сипат алып отыр. Біздің республикамызда болып жатқан өзгерістердің осы жағдайларында ол өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде басқару саласын да қамтуда. Бұдан ертеректе болған басқарудың әкімшілік әміршілдік жүйе орнын барынша икемді аппарат басты, онда ықпалды басқарудың билік әдістері мен нысандары қоғамдық қатынастар субъектілерінің экономикалық тетіктермен ауыстырылды. Меншіктің мемлекеттік емес нысандарының пайда болуы, жеке кәсіпкерліктің дамуы, біздің республикамыздың өмірін демократияландыру қазіргі басқару органдарының жүйесін, өз қызметінің сипатын өзгертуге мәжбүр етуде. Қазіргі кезенде, басқару процесін ұйымдастыра отырып, мемлекет мемлекеттік басқарудың саласында бола отырып, жаңа экономикалық құрылымға ықпал етудің нысандарын пайдалану керек, солай бола тұрса да, мемлекеттік нұсқауларға бағынуға міндетті болуға тиіс. Сондықган бұл экология саласында ерекше реттелуге тиіс, онда азаматтар мен мемлекеттің экологиялық мүдделерінің басымдығы сол мемлекеттің, кәсіпорынның және жеке кәсіпкерлердің экономикалық мүдделерінен жоғары түруға тиіс.
Осының бәрі экология саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық тетігінің республикадағы қазіргі ахуал айқындамасы тұрғысынан қаралуға тиіс екенін білдіреді.
Сонымен, табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды мемлекегтік басқару дегеннен нені түсінеміз. Осы мәселе бойынша ғалымдардың көзкдрастарындағы айырмашылыққа назар аудармай болмайды.
О. С. Колбасов мемлекеттіктен нақты мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қызметін түсінеді. Басқа ғалымдар былай деп есептейді: мемлекеттік басқарудың мәнін сипаттау үшін алғы шарт "басқарушы жүйенің (басқару субъектісінің) басқару жүйесіне ықпалы ретінде басқару туралы ілім (басқару объектісі) ".
Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқаруга анықтама бере келіп, билік ыкдалы принципін атап көрсетеді. Ол былай деп жазады: "мемлекеттік басқару - бұл ғылыми негіздеме, мемлекеттің қоғамдық жүйеге ықпалы жоспарлы, үздіксіз билікжүргізу ыкдалы . . . ".
Бұл анықтама бәрінен бұрын басқарудың әміршілдікәкімшілік жүйесінің мәніне сәйкес келетінін анғару қиын емес, ол бұрын біздің мемлекетімізде болған. Қоғамды қазіргі реформалау республканың әлеуметтік және экономикалық өмірінің барлық салаларындағы демократиялық үрдістердің күшеюі оның сипаттамасына "мемлекеттік органдардың атқарушы өкімдік қызметін" қоса отырып, "басқару" ұғымын неғұрлым кеңінен түсіндіруге мәжбүр етеді". Бұл арада, біздің пікіріміз бойынша, осы заманғы айқындама Н. Б. Мұхитдиновтың айқындамасы болып табылады, ол бұл проблеманы таукен құқығына балап талдайды. Ол былай деп есептейді: мемлекеттің басқару пәрменділігін белгілеу үшін "ықпалдан" төрі неғұрлым кең "аткдрушьшықәкімшілік қызмет" терминін қолдану тиімдірек болар . Оның дәлелдері мынаған негізделген:
"басқару тек қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпалды ғана көздеп қоймай, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іскңмылды да реттейді".
Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдарының бұл "атқарушылықәкімшілік" қызметі қоғам мен табиғаттың экологиялық тұрғыдан негізді өзара ісқимылын ұйымдастыру негізінде қоршаған ортаның қолайлы сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет қызметін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.
Сөйтіп, жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде мемлекетгік басқару ұғымын тұжырымдаймыз - бұл қоғамның өзара ісқимылы жағдайыңда (қоршаған ортамен, экологиялық қүкзықгарды жүзеге асырумен және мемлекет субъектілерінің экологиялық міңдеттерін сақтаумен) экологиялық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың аткдрушыл ық әкімшілік қызметі.
Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметі белгілі бір басшылық бастаулары негізінде жүзеге асырылады, соған сәйкес мемлекеттің экологиялық саясаты қалыптасады.
Бұл басшылық идеялары, олар жиынтығында белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуде мемлекеттің мәнін, негізгі қасиеттерін, ішкі бірлігін білдіруі мемлекеттік басқарудың принциптері деп аталады.
Мемлекеттік басқарудың принциптері белгілі бір қоғам дамуының экономикалық және әлеуметтік зандарымен анықталады, және, әдетте, қолданыстағы занда көрінісін тапқан. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңды және өзге де актілерді талдай келіп, экология саласындағы мемлекеттік басқарудың принциптері жүйесін анықтауға болады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі үшін колайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
- табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік, мемлекет бақылайтын жерге жеке меншік;
- мемлекеттің міндеттерін шешу кезіңде қоғам дамуының экологиялық міндеттерін теңгерімді шешу;
- экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету үшін экономикалық ынталандыруды еңгізу арқылы басқарудың экономикалық әдістерін қолдану;
- экономикалық проблемаларды шешуге азаматтарды, халықты, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзінөзі басқару органдарын кеңінен тарту және белсенді түрде қатысу.
Бұл экологиялық құқық саласындағы мемлекеттік басқарудың неғұрлым айрықша принциптрі. Алайда мынаны ескеру керек: табиғат пайдалану саласында басқарудың жалпы принциптері де: заңдылық, жоспарлылық, бағыныштьшықжәне т. б. қолданылады.
Басқару қызметін жүзеге асырудың әдістері заң әдебиетінде көпшілік қабылдаған әдістер, олар басқарудың нысандары мен әдістерін белгілейді.
Мемлекеттік басқарудың нысандары үш негізгі түрде көрініс береді:
1) заң шығарушылық нысаны - мемлекеттік органдардың басқару қатынастарын реттеуге бағыталған нормативтік актілерін әзірлеу мен қабылдау;
2) құқық қолданушылық - бұл нақты ісқимылдарды қабылдау мен жүзеге асыру арқылы басқару нормативтік актілерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттің қызметі;
3) құқық қорғаушылық - бұл мемлекеттік норматавтік актілерде көзделген талаптарды бұзатын немесе орындамайтын адамдарға жазалау шараларын қолдану жөніндегі ммлекеттің қызметі.
Мемлекеттік басқару әдістері қазіргі уақытта меншіктің көптеген нысандарының болуы ерекшелігін ескереді, және осының салдары ретінде, субьекітілердің көп екенін де ескереді. Сондықтан қазіргі кезенде мемлекеттік басқару органдары аманатты әдісті де (міндетті нұсқамалар әдісін, мемлекеттік органдардың бұйрықтарын дәлмедәл орындауды), ұсынымдар әдісін де (қандай да бір шарттарды ескере отырып, мемлекеттік шешімдерді бірненше нұсқада орындау кезіндегі әдісін де) пайдаланады. Экологиялық тәжірибеде мемлекттік санкциялау әдісі кеңінен таралған, бұл әдіс жағдайында мемпекетгік емес органның шешімі оны мемлекет бекіткеннен кейін зандық күшіне ие болады. Мүның мысалы ретінде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын атауға болады, ол оны мемлекет бекіткеннен кейін міндетті сипатқа ие болады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік емес орган дербес болған жағдайда қолданылады. Барлығы үшін міндетті шешім өздерінің "ішкі" субъектілері үшін қабылданады. Мысалы, ПМК басқармасының су пайдалану мәселелері бойынша шешімі осы кооператив біріктіретін тұрғындарға міндетті болады. Басқару процесінің сипаттамасындағы орталық буындардың бірі "қызмет" ұғымы болып табылады.
Қызметтік көзқарас басқару қызметінің ерекшелігі мен мазмұнына тереңірек үңілуге көмектеседі. Мемлекеттік басқару қызметі дегеннен бірбірінен нысаны, мазмұны және басқарылатын объектілердің немесе өзінің басқару компоненттерінің сақталуы мен қайта құрылу әдісі жағынан өзгеше мемлекеттің билік етуінің жоспарлауұйымдастыру және реттеу ықпалдарының объективті түрдегі шартты түрлері ұғынылады.
Әрбір қызметгі жүзеге асыру экологиялық занды қолдану негізінде мүмкін болады. Экологияны мемлекетгік басқарудың қызметтері элемент болып табылады, ол басқару қызметінің мазмұнын басқарудың мемлекеттік органдары жүйесімен байланыстырады.
Бүгінгі таңда экология саласындағы мемлекеттік басқару қызметінің мына қызметтерін бөліп көрсетуге болады:
- Қоршаған табиғат ортасының нормаланған сапасы;
- Экологиялық мониторинга жүзеге асыру;
- Экологиялық және табиғат пайдалану кадастрларын жүргізу;
- Экологиялық сараптаманы жүргізу;
- Экологиялық бақылауды ұйымдастыру;
- Экологиялықтөлемдер мен салықтарды алу;
- Экология саласында мемлекеттік органдардың бұзушылықтары үшін жазалау шараларын қолдану .
Әрбір қызметтің мазмұны келесі тарауларда ашылатын болады.
Экология саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесі мен құзыреті
Республикада экология мәселелерін кең көлемді мемлекеттік органдар басқарады. Жалпы мақұлданған үлгіге сәйкес олар негізінен үш топқа жіктеледі: өкілді биліктің органдары, атқарушы билік, сот билігі. Осы топтардың әрқайсысының нысаналы мақсатымен, сипатымен және жұмыс көлемімен, нысандары мен әдістерімен өзара өзгешелігі бар. Бірақбұл органдар мемлекеттік экологиялық қызметті жүзеге асыруда қалыпты жүйеге түскен. Біздің зерттеуіміздің міндеті осы органдардың құзыретін талдау болып табылады; олардың экологиялық заңның құқықтыққолданылуы"тетігіне қатысуының және олардың жүйесін жетілдірудің нақты ұсыныстарын алга қою болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 49бабына сәйкес Парламент -Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Ол 5 жыл мерзімге (Мәжіліс) және 6 жыл мерзімге (Сенат) сайланады.
Парламент сондай-ақ бірденбір заң шығарушы орган болып табылады, Республиканың Конституциясын, зандарын, кодекстерін және өзге де шешімдерін қабылдайды, оларға ресми түсіндірме береді. Парламент қабылдайтын нормативтік актілер мемлекеттің экологиялық саясатын анықтайды, барлық қоғамдық экологиялық қатынастарды реттейді, табиғи ресурстарга меншік нысанын белгілейді. Парламент атқарушы биліктің жүйесіндегі лауазымды адамдарды тагайындауга келісім беру арқылы атқарушы органдарды бақылайды. Олар сондай-ақ экономикалық өмірдің аса маңызды мәселелерін шешеді, республикалық бюджетті бекітеді және оның орындалуын бақылайды, Республиканың ақша жүйесі анықталады, мемлекеттік заемдар ұсынылады. Сонымен бірге Парламент қызметінің маңызды бағыттарының бірі Республиканың сот жүйесін құру болып табылады. Ол Жоғарғы Сотты сайлайды, төменгі тұрған соттарды құру тәртібін белгілейді.
Облыстың, ауданның, қаланың аумақтарында өкілді биліктің жүйесін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңына (2001 ж. қаңтар) сәйкес мәслихаттар депугаттар жиналысы (1бап) жалгастырады.
Жергілікті өкілді органдардың құзыретіне облыстың, ауданның, қаланың экологиялық ахуалына ықпал ететін маңызды мәселелер жатады. Мәслихат аумақты басқарудың схемасын, дамудың жоспары мен бағдарламасын, бюджеттің жобасын бекітеді. Жергілікті әкімшіліктің қабылдаған шешімдерінің орындалуын бақылайды, ол үшін тұрақты комиссиялар құрады. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" жаңа Заң мәслихаттардың жергілікгі қояды органдарының құзыретіне міндетті ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін осы ережелерді бекіту құқығын еңгізді. Жоғарыда көрсетілген міндетті ережелер әзірленетін тізбесінің арасында: "жерді, орманды, су ресурстарын, табиғаттың бірегей объектілерін қорғау, күтіп ұстау; аумақты санитарлық тазарту, жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау: елді мекендердің аумақтарын салу бар". Бұл ережелер экологиялық ережелер болып табылады және оларды бұзғаны үшін қолданыстағы заң бойынша қазірдің өзінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Мәслихаттар қабылдайтын ережелер қолданыстағы заңға қайшы келмеуге тиіс. Осы тұрғыдан алғанда занды толықтырған, сондай-ақ мәслихаттар салатын акша айыппұлдарьшьщ ауқымын көрсеткен, яғни әкімшілік жауапкершілікті қолдану тетігін аша түскен жөн болар еді. Бұдан басқа, жалпы міндетті ережелердің арасында атмосфералық ауаны, жануарлар дүниесін және жер қойнауын қорғауды көрсету керек еді. Тұтастай алғанда, жергілікті өкілді билік органдары өзінің нысаналы мақсаты бойынша табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалануда басшылық рөл атқарады. Олар заң шығарумен айналысады, яғни атқарушы билік қызметінің негізгі бағыттарын анықтай отырып, мемлекеттің экологиялық саясатын заңтілімен білдіреді. Атап айтқанда, сондықтан да биліктің өкілді органдары заң қолдану процесіне тікелей қатыспайды. Олардың мақсаты экологиялық құқықты жасау болып табылады, ал оны орындауға бақылау жасау басқа органдардың қызметтік міндеті болады.
Құқық қолдану органдардың ісқимылындағы негізгі орынды атқарушы биліктің лауазымды адамдары алады. Қазақстан Pecпубликасының Президенті - мемлекеттің басшысы және республиканың атқарушы билігінің бірыңғай жүйесін басқарады (Қазақстан Pecnyбликасы Конституциясының 40бабы) . Президенттің экология саласындағы басқаруды ұйымдастыру жөніндегі өкілеттігі мейлінше кең ауқымды. Президент республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, жарлықтар, қаулылар мен өкімдер шығарады. Қазіргі күні президенттік институттың орнығуы кезінен бастап Президенттің табиғатты қорғау және табиғат жүзден астам жарлықтары мен қаулылары қабылданды, олардың басқару органдары жүйесін ұтымды жетілдіру, табиғат пайдаланудың экономикалық тетігін еңгізу, заңдық жауапкершілік шараларын қолдану проблемаларына қатысы бар. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғауды басқару органдарының құрылымын жетілдіру және табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету. мақсатында Президент республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде қоршаған ортаны сақтау мен сауықтыруды, мемлекеттің биоресурстарын молықтыру мен ұтымды пайдалануды мемлекеттік басқару мен бақылаудың мемлекеттік органдарьшың бірыңғай тік жүйесін құруға қаулы қабылдады. Президенттің 1992 жылғы 16 наурыздағы "Қазақстан Республикасынын экология және биоресурстар кұрылымытур алы" бұл қаулысы біздің зерттеуіміздегі тарихи құбылыс болып табылады.
Республикада атқарушы билікті нығайту процесі байқалады, сондықтан құқық қолдану тетігіндегі Президенттің рөлі орасан зор. Сонымен бірге атқарушы билік өте күрделі әрі тармақты жүйе болып табылады. Бұл жүйеде негізгі орынды Қазақстан Республикасының Үкіметі ал ады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі тұтастай алғанда қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыратын жалпы құзырет органының қызметті болып табылды. Бұл органның зерттеліп отырган мәселе бойынша құзыретінің шектері Қазақстан Республикасының Конституциясында, соңдайақ Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 7бабында белгіленген. Өзінің құқықтық жағдайына сәйкес (Үкіметтің қызметі экология жөніндегі аса маңызды мәселелерді шешумен, жалпы шараларды белгілеумен және осы саладағы негізгі бағыттарды белгілеумен, мемлекеттік экологиялық бағдарамаларды әзірлеумен және жүзеге асырумен, , табиғи ресурстарды пайдалану лимиттерін және табиғат пайдаланудың экономикалықтетігін анықтаумен байланысты болады. Үкімет табиғат ортасын қорғау, экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру жөніндегі министрліктер мен ведостволардың қызметін үйлестіру мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Бұл заңдылықтардың мазмұны мемлекеттік экологиялық шаралардың мәні болып табылады.
Қоғамдық экологиялық қатынастарды реттеуде Үкімет шығаратын нормативтік актілердің маңызы зор. Нормативтер шығару қызметінен басқа Үкімет қоршаган ортаны қорғауға тікелей қатысып отырады. 1983 жылғы 4 ақпанда республикада табиғатты қорғауды басқаруды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Үкімет шешімдерінің орындалуы барысына бақылауды күшейту мақсатында Қазақ KCP Министрлер Төралқасының қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі Комиссиясы құрылды. Бұл орган табиғат қорғау саласындағы барлықшараларды өткізуге жүйелі түрде бақылау, сондай-ақ осы мәселе бойынша министрліктер мен ведомстволардың, қоғамдық ұйымдардың қызметгерін үйлестіру үшін құрылған болатын.
Үкіметтің осы шешімінің маңыздылығын атап айту керек. Осы актімен бірыңғай ведомствоның үстінен қарайтын органды құру арқылы мемлекеттің дербес қызметі анықталды. Бұл шараның маңызы экология саласындағы атқарушы билік жүйесін қайта ұйьшдастыруды бастауына негіз қолданғандығында болып табылады. KCP Министрлер Төралқасының Комиссиясы деңгейінде оны шешу мүмкін емес екендігін көрсетті. Ведомствоның үстінен қарайтын орган болып табылатын жеке министрліктің ауқымында экологияны басқаруды ұйымдастыру мәселесіне не ғұрлым іргелі көзқарас қажет болды. Сөйтіп мұңдай қайта ұйымдастыру ҚазақКСР Минстрлер Кеңесінің 1988 жылғы 18 ақпанындағы N 66 "СОКП Орталық Комитеті мен KCPO Министрлер Кеңесінің 1988 жылғы 7 қаңтардағы "Елде табиғат қорғау ісін түбегейлі қайта құру туралы" Кдулысын жүзеге асыру туралы" Кдулысымен жүргізілді.
Бұл нормативтік актінің маңызы мынада болып табылады: табиғат қорғау немесе жекелеген табиғат объектілері саласында басқару мен бақылау қызметін жүзеге асыратын бытыраңқы мемлекеттік органдар бірыңгай комитет ауқымына топтастырылды. Осы қаулыны қабылдауда бірыңғай экологиялық министрлік құру туралы ғалым экологтардың көптеген ұсыныстары қолдау тапты. Мемлекет салалық ресурстық заңнамадан қоршаған ортаны қорғау заңдылығына көшті.
Қазақ КСРнің Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ KCP Табиғатмемкомитеті) құрылды, ол табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы орталык орган болды.
Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитеті арнайы қүзыреттер жүйесін басқарды, олардың жалпы құзыреттер органдарынан өзгешелігі экологиялық заңды басқару мен қолдану мәселелерімен тікелей айналысты.
Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетіне бұрын табиғат объектілерін қорғаумен айналысқан министрліктер мен ведомстволар қарауынан бақылау қызметтері берілді. Жоғарыда аталған қаулыға сәйкес Қазақ KCP Мемагроөнеркәсіп жүйесінен Қазақ KCP Табиғат мемкомитеті қарауына жерді пайдалану мен қорғауга мемлекеттік бақылауды жүзеге аеыру қызметі, Суландыру және су шаруашылығы министрлігінен - суды пайдалану мен қорғауды қарауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, Орман шаруашылығы министрлігігіен - орман шаруашылығы мен ормандарды ұтымды пайдалануды қарауына мемлекеттік бакылауды жүзеге асыру, Геология министрлігінен жер суларын қорғауына мемлекеттік бакылауды жүзеге асыру, Балық шаруашылығы министрлігінен балық босалқыларын, су жануарларын қорғау мен пайдалануға мемлекетгік бақылауды жүзеге асыру, Қазақ ауа райын бақылау басқармасынан - атмосфералықауага мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, Қорықтар мен аң шаруашылығы Бас басқармасынан - жануарлар дүниесін қорғау мен қорық істеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қызметтерін беру тиімді болады деп танылды.
Осы қаулыға сәйкес тәжірибеге экологиялық қатынастарға қатысушыларға ықпал етудің жаңа тетіктері еңгізілді. Қазақ KCP Мемтабиғаткомының шешімдері барлық министрліктер мен ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар үшін, ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысандарына қарамастан (соның ішінде әскери өнеркәсіп кешені кәсіпорындары үшін де) орындау үшін міндетгі болды. Оған өнеркәсіп және өзге де мақсаттағы объектілерді салуға, қайта құруға немесе ұлғайтуға тыйым салуға, табиғат қорғау заңын бұза отырып жүзеге асырылатын табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі және басқа да жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ қоршаған орта нормаларын өрескел бұзған өнеркәсіп және басқа да кәсіпорындарының жұмысын тоқтата тұруға, табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік туралы істерді қарауға, қоршаған ортаны ластаумен мемлекетке келтірілген нұқсанды өтеу үшін қаражаттарды өндіріп алу туралы талaп қоюға құқық берілді.
Өнеркәсіп, тұрмыстық және өзге де қалдықтарын көмуге рұқсат алудың арнайы табиғат пайдаланудың, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындылары, арнайы су пайдалану, жануарлар дүниесін пайдалану, геологиялық жұмыстарды жүргізу үшін жер қойнауын беру, есептік ағаш кесетін жерлерді бекіту, шаруашылықтың барлық түрлері үшін жер бөліп беру мәселелері де - Мемтабиғат комитетінің қарауына берілді. Ол ластағыш заттардың шығындылары үшін төлемдер нормативтерін әзірлеу үшін жауап беретін болды. Экологиялық төлемдердің аударым қаражаттары Табиғат қорғау жөніндегі Мемкомитеттің резервтік қорына түсуге тиіс болды.
Мынаны атап көрсету керек: экологиялық басқарудың атқарушы оргәндарында кейіннен бірқатар елеулі қайта құрулар жүргізілді.
1992 жылғы 7 ақпанда Президенттің "Реформа жағдайларында Қазақстан Республикасының басқару органдары ұйымдары мен қызметін жетілдіру туралы" жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғат пайдалану Мемлекеттік комитеті мен Орман шаруашылығы министрлігі Эколология және биоресурстар министрлігі болып қайта құралды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz