Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілетіне берілетін тапсырмалар жүйесі



1. Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың нәтижелілігі.
2. Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды жүргізудің мақсаты.
3. Интегративті негізде білім беру.
4. Оқушының коммуникативтік.лингвистикалық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар
5. Қорытынды
Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың маңызы ерекше. «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі». Ал педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Оқушыларды ойлай білуге, ойларын дәл жеткізе білуге үйретуде Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану үлкен нәтиже береді.Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген.
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі.
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруі мен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды;
3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді;
4) шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Саралап білім беру – қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. Даралап-саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі – әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші, сол сабақтың мақсаты көрсетіледі. Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту.
1. http://45minut.kz сайтындағы Ибраева Анар Құсайынқызының «Қазақ тілі сабағында деңгейлеп –саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы білім сапасын арттыру» мақаласы.
2. http://www.rusnauka.com сайтындағы Жайлаубаева Құралай Сарқытбайқызының «Қазақ тілін интеграция арқылы оқытуда жүргізілетін кешенді жұмыс түрлері» мақаласы.
3.WIKIBILIM ашық энциклопедиясындағы «Жаңа білім беру жүйесі» мақаласы.
4. Авторлық әдістеме: Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында «Дамыта оқыту технологиясы» арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту тәжірибесінен».
5. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.Қосымова Г. – Алматы:Атамұра,2007. – 88 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілетіне
берілетін тапсырмалар жүйесі

Тексерген: Жусанбаева Сәуле
Орындаған:Жанадилова Ақмарал

Алматы 2013 жыл

Жоспары:

1. Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың
нәтижелілігі.
2. Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды жүргізудің мақсаты.
3. Интегративті   негізде  білім  беру .
4. Оқушының коммуникативтік-лингвистикалық қабілетін дамытуға арналған
тапсырмалар
5. Қорытынды

Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім
(Н.Ә.Назарбаев).

  Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың
мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын  арттыру қажеттілігі туындап
отыр. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай,
оқушылардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын
қарастырған жөн.Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін
қалыптастыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың маңызы
ерекше. Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу
процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті
жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагогикалық жүйе
дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен
тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Оқушыларды ойлай білуге, ойларын дәл жеткізе білуге үйретуде
Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану үлкен нәтиже
береді.Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Караев оқушылардың оқу
деңгейін 4 түрге бөлген.
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі.
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруі мен қабылдаған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды;
3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана
отырып жауап береді;
4) шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады.

Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Саралап білім  беру –
қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. Даралап-
саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі – әр сабақты өткізуге
арналған жоспарда, ең бірінші, сол сабақтың мақсаты көрсетіледі. Деңгейлік
тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын
оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау
әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту.
Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат –
оқушылардың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге
қызығушылығын арттыру.Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге
асыру қажет:
1. Оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасау.
2. Оқушылардың бір – бірімен білім алмасуына бағыт беру.
3. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
4. Сөздік қорын байыту.

Деңгейлік тапсырмаларда әр деңгейдің алатын орны бар.Әр деңгейде
орындалатын тапсырмалар түрлі талаптарды көздейді:
І деңгей. Оқушылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:
-           Мұғалім түсіндірген білімді оқушының қайталап бере алатындай
болуы керек.
-           Оқушыны жаңадан меңгерген білімін кез-келген жағдайда тани
алуға дағдыландыратын болуы қажет. Мұнда оқушыға аса ойлануды қажет
етпей, тез жауап бере алатындай сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, яғни
оқулықта бар мәселелер қамтылуы керек. Қазақ тілі сабағында бұл деңгейге
лингвистикалық ережелер, анықтамалар, сөйлем ішінде керекті грамматикалық
көрсеткіштерді тану, мысал келтіре алу т.б. жатады.
ІІ деңгей.Алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырмалар:
- Өткен материалмен өзара салыстыра отырып, жаңа материалдың
ерекшеліктерін ажырата алуға негізделген болуы керек.
-  Сөйлемді дұрыс құрай алуға машықтандыратын болуы қажет.
- Тапсырмада грамматикалық, лексикалық т.б. тақырыптардың желісі үзілмей,
өзара байланысып, бірін – бірі толықтырып отыруы тиіс.
- Тапсырмалар берілген ойды жалғастыратындай болуы керек. Бұл деңгейдегі
берілген тапсырмалардың мақсаты айқын болып, ол мақсатқа жету үшін
тапсырмалардың орындалу жолдарын табу оқушыдан талап етіледі.
ІІІ деңгей. Ізденімділік (эвристикалық) деңгейде орындалатын тапсырмалар:
-           Оқушыны іздендіре отырып, нәтижесінде өзіне жаңа білім алуын
қамтамасыз ететін болуы керек.
-           Оқушыны қосымша әдебиетпен, түрлі сөздіктермен жұмыс
жүргізуіне бағыттайтын болуы қажет.
-           Оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырма болуы тиіс.
Мұндағы тапсырмалар оқушыдан ізденуді қажет етеді.Оқушы бұрын алған
білімінің негізінде және қосымша әдебиеттің көмегімен тапсырманы ой
еңбегін іске қосу арқылы шеше алады.
ІҮ деңгей.Шығармашылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:
-           Белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтін болуы керек(сурет
салу, шығарма, әңгіме, ой толғау, өлең жазу, ертегі құрастырып жазу т.б.)
-           Ғылыми көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалар беру
қажет.(реферат, пікір, баяндама жазу, өз ойын, пікірін қосатын тапсырмалар
т.б.)
-           Тапсырманың мазмұны арқылы оқушыға проблемалық ситуация
туғызып, баланың шығармашылық ойлауын дамытатын болуы тиіс.
Тілдік тақырыпты (лексикология, фонетика т.б.) өткеннен кейін оқушыға сол
тақырып бойынша сызба, кесте сызғызуға болады.Сонда әр оқушы өзінің
жаңалығын ашады.
Әр деңгейдің өзіндік талаптарына сәйкес тапсырмалар жүйесі жасалынады.
Деңгейлік тапсырмаларды іріктеп алудың басты ұстанымдары төмендегідей:
1. Тапсырманың қызықтылығы. Тапсырманың ішкі мазмұны мен оны орындау
жолдары қызықты болуы керек. Сонда оқушы әр тапсырманы аса
қызығушылықпен орындайды.
2. Тапсырма мазмұнының жүйелілігі. Тапсырманың мәні мен мазмұны, ішкі
құрылымы мағыналық жағынан жүйелі байланыста болуы тиімді.Тапсырма
мазмұнының жүйелілігі оқушының ойлау жүйесін қалыптастыруға
негізделеді.
3. Тапсырманың жетекшілігі. Тапсырма өтілетін тақырыппен тікелей
байланысты болуы керек.Тапсырма түрліше формада ұйымдастырылып,
тереңдетілген мазмұнда берілуінің өзі, ең бастысы, бағдарламада
берілген тақырыпты меңгертуге бағытталады.
4. Тапсырманың танымдылығы. Тапсырмалар мазмұнының танымдылық сипаты
басым болуы керек. Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал
ететіндей терең мазмұнды болуы тиіс.
Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, фонетиканы оқытуға байланысты
берілетін тапсырмалар жүйесін сабақта мына формада қолдануға болады.
І деңгей. Төменде берілген сөйлемге фонетикалық талдау жаса. Мысалы: Көп
оқу – білім алудың негізгі шарты.
Бұл тапсырма дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алу мақсатында берілген.
Мұнда оқушы түсіндірген білімді еске түсіріп, пайдалана білуі тиіс.Сол
арқылы оқушыларда мынадай дағдылар қалыптасады:
-           дыбыстарды (дауысты, дауыссыз), олардың өз ішінен бөлінетін
түрлерін ажырата білу.
-           буын, оның түрлерін ажырата білу.
-           үндестік заңына сай қосымшалардың қосылу заңдылығын білу т.б.
-           екпінді дұрыс қоя білу т.б.
ІІ деңгей. Төмендегі берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып, дауысты және
дауыссыз дыбыстардың емлесін түсіндір.
Өнер, өжет, үлгі, талап, кітап.

 Бұл тапсырмаларды орындай отырып, оқушы дауысты, дауыссыз дыбыстардың
емлесіне назар аударады. Сол арқылы тілдік материалды есінде ұзақ
сақтайды. Тіл дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін,
сөздердің орфоэпиялық нормасын білу дағдысы қалыптасады.
ІІІ деңгей.Төменде берілген өлең шумақтарының дауысты дыбыстардан
басталуын қандай суреттеу тәсіліне жатқызамыз?
Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме?
Осыған ұқсас мысалдар жазып, себебін түсіндіріңіз.Бұл тапсырманы
орындау үшін оқушы әдебиет теориясынан алған білімін есіне түсіре отырып
орындайды, стильдік мәнін түсіндіреді. Бұл сияқты тапсырмалар арқылы
оқушыларды іздендіріп, қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге жетелейміз.
ІV деңгей.
а) Фонетикадан өткенді қайталауға арналған тапсырмалар жүйесін құрастыр
(сызба, кесте үлгісін жаса).
ә) Орхон-Енисей ескерткіштерінің фонетикалық ерекшеліктері т.б.
тақырыптарда реферат жаз.

    Білім  беру  саласындағы  интег рация  үдерісі –
күрделі,  жүйелі  құбылыс болумен
қатар  психологиялық  және  педагог икалық  тұрғыдан талдау жасауды қажет
ететін мәселе екендігі алдыңғы бөлімдерде айтылды.
Интегративті   негізде  білім  беру дің    негізгі  мақсаты  қоршаған    әлем 
  жайлы  оқушы санасында біртұтас  көріністі қалыптастыру.   Сабақты басқа
пәндермен тоғыстыра оқыту оқушылардың ойлау қабілетін шыңдайды, олардың
психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік тудырады.
  Мектепте оқытылатын пәндерді сабақ үдерісінде бір-бірімен сабақтастыра
оқыту оқушының білімі мен мәдени деңгейінің өсуіне септігін тигізеді.
Интеграцияланған  сабақтарды  өткіз у  туралы  пікір  мектептегі
оқытылатын  сабақтардың  бір-біріне   жақындығынан  келіп  туғаны  белг ілі.
      Пәндерді  өзара интеграциялай  отырып  оқыту  оқушы ларға   қазақ тілі
пәнінен өтілетін тақырыптарды басқа пәндегі материалдар арқылы меңгертуге
жол ашады.
Қазақ тілі сабағында етістіктен білім беруде ең тиімді байқау – аз
уақыттық байқау. Байқаудың тым ұзаққа созылғаны 3-4 сағатта бір ғана
объектіні байқау оқушыларды жалықтырады. Соның салдарынан басқа сабақтарда
олардың байқауға ықыласы болмайды. Сондықтан да етістікті оқытқанда, аз
уақыттық байқау әдісі тиімді.Мәселен, мұғалім етістік пен зат есімді
салыстырып, олардың арасындағы айырым белгілерді түсіндіреді етістік іс-
қимылды білдіреді, не істеді? Не істейді? Қайтті? т.б. сұрақтарға жауап
береді, етістік тұлғасында тұрған сөзге тұйық етістіктің –у жұрнағы
жалғанса, заттанып келіп зат есім болса, есімшенің –ған, -ген, -қан, -кен
жұрнақатры арқылы сын есім бола алады, немесе етістіктің есімше жіне
көсемше категорияларын өткенде өзара салыстыруға болады көсемшенің –а, -е,-
й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, - қалы, -келі тұлғалары бар болса, есімшеде
ар, -ер, -р, -ған, -ген, - қан, -кен, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек,
-атын, -етін, -йтын, -йтін, ортақ белгілерін көрнекі құралға венн
диаграммасын қолдануға болады сүйене отырып екеуі де етістіктің
категориясы екенін оқушылардың өздігінен білуін талап етеді.
Қазақ тілін оқушыларға нәтижелі үйрету үшін оны оқыту әдістемесін
жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Себебі, оқушылардың берілген
білімді саналы түрде ұғынуын, өмірге деген өзіндік көзқарасының дамуы,
басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне
байланысты. Сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін
оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін
де ұғындыруымыз қажет. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде
сынаудың маңызы зор.
Бастауыш сыныпты бітіріп, бесінші сыныпқа келгенде жазу жұмысында
оқушылар көптеген қателер жібереді.
•Олардың көбі мәтіндегі жаңа ой басталатын жерде азат жолдан бастап жазуды
білмейді.
• Бас әріп, кіші әріп түрі мен тұлғаларын сақтап жаза алмауынан, әріптің
баспа түрі мен жазба түрін айқын білмеуінен болады.
•Септік жалғауын дұрыс меңгермеген оқушылар қосарланып жазылатын дауыссыз
дыбыстардың біреуін ғана жазады.
•Сөздерді буынға дұрыс бөле алмағандықтан кейбір оқушылар тасымалдан қате
жібереді.

Айта берсек өте көп, осы айтылған қателерді жібермей сауатты жазу үшін,
қандай жұмыстар жүргізген жөн.
Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың, әсіресе
диктанттың маңызы зор. Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр
оқушының қалай меңгергенін және нені шала білетінін байқатады. Сондықтан
диктант қай сыныпта болмасын, неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты
соғұрлым табысты болмақ.
Диктанттар мына түрде болады: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту,
шығармашылық, көру, өздік, суретті, терме, графикалық, есту, бақылау
диктанттары.
Оқушыларды сауатты жазуға Әліппені оқытудың алғашқы кездерінен үйрету
керек, ол үшін графикалық диктант жүргізген жөн.
•Графикалық диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету,
керісінше берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі нұсқада
жүргізуге болады.
•Әріп диктанты бірінші сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін
жүргізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға
үйрету дауысты дауыссыз дыбыстарды ажырата біруге дағдыландыру және көркем
жазуын қалыптастыру үшін қолданылады. Әріп диктантын мына түрде де алуға
болады. Мысалы: сырға (5), асқабақ (7), құс (3).
•Суретті диктант. Бұл диктантты түрлендіріп өткізуге болады. Мысалы,
суреттегі заттың атын ататып, ондағы сөзде неше дыбыс болса, сонша тор көз
сыздыру. Немесе суреттегі заттарды атап, дауысты дауыссыз дыбыстарды көк не
қызыл дөңгелекпен белгілеу, суреттегі заттарды буынға бөлгізіп жаздыру.
•Сөздік диктанты. Әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын
есте сақтау үшін пайдаланылады. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа
байланысты жүргізіледі. Мысалы, қарындаш, жүзім, көгершін, құлын т.б
•Буын диктанты. Сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді
буындап оқуға оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету
сияқты жұмыс түрлерін қамтиды. Аула (2), саңырауқұлақ (5), аққала(3).
•Есту диктанты.Күз келді (2), күн суыта бастады (3), жапырақтар сарғайып
жерге түсті (4).
•Шығармашылық диктанты. Үйрету диктанттар ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-
тәсіл жағынан ең күрделісі оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын білім
деңгейімен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл
диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс
орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа
диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктер болады. Мысалы:

1. Ауамен, біз, дем, аламыз.
2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.
3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар
4. Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып

Бұл жерде сөзді дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлін айқындау
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабақтарындағы деңгейлік тапсырмалар жүйесі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін жеке оқушымен жұмыс түрлері
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану
Қазақ тілі сабағында өздік жұмыстың түрлерін қолданудың тиімділігі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асыру
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын оқыту жолдары
Пәндер