Корпорацияның меншікті капиталының рөлі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Корпорацияның меншікті капиталының теориялық аспектілері

1. 1. Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама . . . 4

1. 2. Меншікті капиталдың есебіне, бөлімдеріне шолу . . . 5

II. «Атамекен Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі

2. 1 «Атамекен Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама . . . 8

2. 2 «Атамекен Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру . . . 15

Қорытынды . . . 29

Қолданылған _ әдебиеттер_тізімі . . . 30


Кіріспе

Кез-келген корпорацияның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асы- рудағы басты мақсаты - пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе - ол капиталдың жеткіліктілігі. Менің курстық жұмысым осы капитал жайында болмақ.

Мен курстық жұмысымның тақырыбын «Корпорацияның меншікті капиталының рөлі» деп таңдаған себебім - Корпорацияның шаруа- шылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден-бір экономикалық категория ол-меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кә- сіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі үйым- ның меншікті капиталы болып табылады. Меншікті капиталдың есебі бухгал- терлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені Корпорацияның шаруашылық қыз- метін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол - Корпорацияның мен- шікті капиталы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу - меншікті капи талдағы өзгерістерді орынды бақылап, Корпорацияның қаржылық тұрақтылығын сақ- тап қалуға әсер етеді. Әрбір ұйым үшін анықтап алатын мәселе - шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы капиталының жеткіліктілігі, бос тұрған ақша-қаражаттарын айналысқа жібере отырып, эконмикалық өсуге жағдай жасау. Бұл мәселе курстық жұмысымда зерттеген «Атамекен Агро» ЖШС-гі үшін және де қазіргі кризистік жағдайда барлық ұйымдар үшін үлкен мәселе болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты - «Атамекен Агро» ЖШС-гі туралы мәлі- меттерді пайдалана отырып, Корпорацияның меншікті капиталының есебін, талдауын және аудитін зерттеу.

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

1. Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;

2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

3. «Атамекен Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;

4. «Атамекен Агро» ЖШС-нің қаржылық есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;

5. «Атамекен Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;

6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.

Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңнамалық актілерін, отандық және шетелдік экономистердің осы тақырыпқа арналған еңбектерін және өзім өндірістік іс-тәжірибеден өткен «Атамекен Агро» ЖШС-гі жайлы мәліметтерді пайдаландым.

I. Корпорацияның меншікті капиталының теориялық аспектілері

  1. . Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылған- дағы жиынтығы Корпорацияның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын ал- ғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қарал- ған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол Корпорацияның құрылтайшылары- ның, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға үлестері- нен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы Корпорацияның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қыз-мет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы қаржылық баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүлкінің құрамы. Корпорацияның барлық мүлкі (қызмет атқару- шы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөліне- ді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналыстан тыс) актив- тер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөлінеді.

Негізгі активтер (айналымнан тыс) негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның мате- риалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша-қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебитор- лық борыштар және басқа активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Корпорацияның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген табыс;

Кәсіпорынның жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құралады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қыз- метін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрыл- тайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай Корпорацияның жар- ғылық капиталы мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері) .

Жарғылық капитал мөлшері Корпорацияның жарғысында және басқа да құрыл- тайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тір- келуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгі- зілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал - Корпорацияның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал - кәсіпорынның өзінің меншітіндегі не- гізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құ- нының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен Корпорацияның жарғысында қаралады (көрсетіледі) .

Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағытарға пайдаланған сомаларын шегеріп таста- ғандағы қалған бөлігі болып табылады. (2, 215б. )

  1. . Меншікті капиталдың есебіне, бөлімдеріне шолу

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол Корпорацияның шығарған акцияларының түрлері, (жай және артықшы- лығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның серіктестіктердің, өндірістік кооператив- тердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген Корпорацияның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқығы бар.

Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салым- дары, ақша да, бағалы қағащдар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интелектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқын да қоса ал- ғанда) болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдар- дың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі ке- рек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүгізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылар- дың ақшалай салымдары қаржылық құжттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Осындай бағалау кезінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.

Егер де салым ретінде субъектіге пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке са- лым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептеуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең бо- лады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берілген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25℅-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жар- ғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жина- лыстың шемімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктің қатысушылары белгіленген мер- зімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзі- нің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жар- ғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атау- лы) құнына тең болады. Ұйым өзінің шығады деп жариялап қойған акция- ларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25℅ тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акцио- нерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін - жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған саны- ның шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесі- нің шешімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шыға- рылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған жә- не жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған ак- цияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгілен- ген минималды деңгейден төмен болмауы керек.

Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орна- ластырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жария- ланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредитор- лар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттан- дырады:

- дивиденттер алуын;

  • қоғамды басқаруына қатысуын;
  • қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатынын;

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазу- лы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта - акционерлік қоғамның акционерлерінің тізі- мінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құнын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады. (20, 159б. )

II. «Атамекен Агро» ЖШС-нің меншікті капиталыны

2. 1. «Атамекен Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама

«Атамекен» агрокешені оңтүстік астанадан 15шақырым жердегі Алматы облысының, Іле ауданында, Байсерке ауылы, Д. Қонаев көшесі №1-де орналас- қан, 19, 1га жері бар. «Атамекен Агро» 2001жылы 7желтоқсан күні құрылып, ұнтарту, жарма және макарон өнімдерінің ассортиментін кеңінен өндіретін ірі тауар өндіруші ретінде Қазақстан және ТМД елдерінде кеңінен танылды. «Атамекен Агро» ЖШС негізгі қызметі ауылшаруашылығы шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру, қайта өндіру, сақтау және қайта қорытып олардан халық тұтынатын тағам түрлерін (ұн, жарма, макарон тағамдары) және үй жануарларына арналған жем дайындайды. Сонымен қатар қойма үй-жайларын жалға береді.

Агрокешеннің Қазақстан, ТМД және алыс шетелдерге азық-түлік жіберу үшін қолайлы автокөлік кіретін және теміржолдары бар. Осы қазіргі уақытта кәсіпорында мына төмендегідей цехтар мен өндірістер жұмыс істейді:

-тәулігіне 120т өнім өндіретін диірмен;

-тәулігіне 5т макарон шығаратын цех;

-тәулігіне қуаты 100т күрделі құрама жем зауыты;

-механикаландырылған мұнара;

-өнімділігі тәулігіне 80т жарма цехы;

-қуаттылығы жылына 7т жүгері сорттау зауыты;

-жүгері сабағын кептіруге арналған СКП-24;

-австриялық «PITKUS» кептіргіші;

-«Целинная 30» кептіргіші;

-жанар-жағар май қоймасы (ГСМ) .

Ұн тарту өндірісі. «Атамекен Агро» ЖШС Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген азық-түлік бидайынан алынатын үш түрлі сорттан жоғары дәрежеде тартылған бидай ұнын шығарады. Диірменнің ай сайын шығаратын өнімі 3500т құрайды. Сорттарды тарту кезінде шығарылатын сорттар саны қатаң шектетіледі. Әр бір сортқа мемлекеттік стандарттарды және уақытша техникалық жағдайларда реттейтін көптеген көрсеткіштер орнатылған. Бұл шикізаттарды аймақтық пайдалануға және өнімдердің сапасын тиісінше дәрежеде ұстауға мүмкіндіктер береді.

Ұн тарту кешенінде өндірілген ұндар, оның сапасын үнемі және жоғары сапада ұстап тұру үшін күнделікті бақылауды қажет етеді. Диірмендегі барлық технологиялық процесті бақылау және өнім сапасын технологиялық бақылау туралы Ережеге сәйкес және зертхана жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты «Диірмендерде технологиялық процестер енгізу және ұйымдастыру» Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

«Атамекен Агро» ЖШС-де астықтың сапасына және оның өнімдерінен жасалған азық-түліктерді тексеруді жүзеге асыратын өндірістік-техникалық зертхана бар. Зертхана 2003 жылы «НАЦЭКС» ААҚ Алматы филиалында аттестацияланудан өтті. Зертханада оның қызмет істеуіне қажетті барлық жағдайлар бар.

Макарон шығару өндірісі. «Атамекен Агро» ЖШС Италияндық «La Parnigiana» жабдығында ұнның жоғарғы сорттарынан макарон тағамдарын дайындайды. Айлық өнімділігі-150 тонна. Макарон бұйымдарын дайындау кезінде пайдаланылатын шикізаттар нормативтік-техникалық құжаттарға, медикобиологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес.

«Атамекен Агро» ЖШС макарон бұйымдары В тобының, 1-класына жатқызылады. Өнімдер Мемлекеттік стандарттың 875-92 талаптарына сәйкес санитарлық нормалармен рецептураларды және технологиялық нұсқаулықтар- ды сақтай отырып белгіленген тәртіппен дайындалады. Органолептикалық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары «В» тобының талаптарына сәйкес келеді: біртүсті, ұнның сортына сәйкес, сырты жылтыр, формасы атауына сәй- кес келеді. Фабрика әртүрлі үлгідегі 10 түрлі макарондар шығарады.

Аралас жем өндірісі. «Атамекен Агро» ЖШС аралас жем зауыты қүрамында құнарлылығы тиімді, күрделі, біртекті құрамынан тұратын тазаланған және үгітілген әртүрлі жем өнімдерін шығарады. Аралас жем цехында аралас жемге белокпен витаминдер қосылмайды, сол себепті өнімнің өзіндік құны азаяды. Аралас жемнің талап етуіне қарай шашатын түрі шығарылады. Ай сайынғы өнімділігі 3000т құрайды.

Жарма өндірісі. Қазақстанда жарманы шығаратын 2-кәсіпорын бар және оның біреуі «Атамекен Агро» ЖШС. Аралас жарманы гүлдің қабығын, ішінара жемістің және ұрықтың қабықтарын тазалау арқылы арпа жармасын тегістеп және жылтырату арқылы алынады. «Атамекен Агро» ЖШС жарма зауыты жарманың 2түрін шығарады.

Қойма үй-жайлары. «Атамекен Агро» ЖШС бір-бірімен жалғасқан 65000т механикаландырылған қоймалық үй-жайлары бар. Өндіріс және азық-түлік өнімдерін қабылдау, сақтау, жүктердің барлық түрлерін жіберу және жеткізумен қатар барлық жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар қызмет көрсетеді.

«Атамекен Агро» ЖШС-ның негізгі тұтынатын шикізаттары - арпа мен бидай. Бидайды көбінесе Солтүстік Қазақстаннан тұтынады, соның бірі - Ақмола облысы, Ақкөл бекеті; Көкшетау қаласы. Ал арпаны Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Алтын емел ауылынан және де жеке шаруашылық қожалықтарынан тұтынады. Сөйтіп, арпа және бидайдан - ұн, кеспе, жарма, кебек, аралас жем өнімдерін өндіреді.

«Атамекен Агро» ЖШС-ның ірі тұтынушылары: ЖШС «Қараой», ЖШС БК «Монтажник», ЖШС «Асар сүт», ЖШС «Астық», ЖШС ХБК «Ақсай», СПК «Балхашский», ЖШС «Катюша» және Алматы облысы тұрғындары, тек қана Алматы облысы ғана емес сонымен қатар ТМД елдерінен де тұтынушылар бар, атап айтқанда: Өзбекстаннан ОРТЧП «ГУЗАЛ ДИЕР ЯНГИ АРЫК», КОМП «UNISEL TRADING S. A». Ауғаныстаннан «Rajabi Trading Limited», «RAHMANIAN LTD» фирмалары. Тәжікстаннан ЖШС «Пиров» ХН, ЖШС «Баракат».

Бұдан кейін дайын өнімнің тез өсуінің және қоймада тауарлардың іркіліп қалу себептерін зерттеу керек. Бірақ бұл ішкі қаржылық талдаудың жұмысы.

Талданып отырған кәсіпорынның қаржылылық жағдайын анықтайық.

Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабі- летсіздігі балансын құру зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреді:

1. Төлемеушіліктің жалпы мөлшері:

- банктің қарызы бойынша уақыты өтіп кеткен борыштар;

- жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттары бойынша уақыты өтіп кеткен борыш;

- бюджетке салықты толық төлемеу;

- басқа да төлемеу соның ішінде еңбекақы бойынша да;

2. Төлемеушіліктің себептері:

- меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігі;

- тауарлы-материалдық құндылықтардың жоспардан тысқорлары;

- сатып алушылар уақытында төлемеген, тиеліп жіберілген тауарлар;

- акцептен бас тарту себепті сатып алушылардың жауапты сақтауындағы тауарлар;

- айналым қаражатын күрделі құрылысқа, жұмысшылардың алған қарыз- дары бойынша борыштарына жұмылдыру, сонымен бірге бөлінген қаржылан- дыру көздерінің қаражаттарымен жабылмаған шығындар.

3. Қаржылық шиеленісті азайту көздері:

- уақытша бос меншікті қаражаттар;

- қатыстырылған қаражаттар (қалыпты кредиторлық борыштың дебитор- лық борыштан асып кетуі) ;

- айналым қаражатын уақытша толтыруға алынған банк несиелері және тағы басқа қарыз қаражаттар.

Қаржылық шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша) .

Тауарлы-материалды қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қор- ларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.

Тауарлы-материалдық қорлардың жағдайын тереңдетіп талдау қаржылық жағдайды ішкі талдаудың құрамдас бөлігі болып табылады, себебі қаржылық есеп беруде жоқ және коммерциялық құпияға жататын тауарлы-материалдық қорлар жөнінде ақпаратты қолдануды көздейді.

Меншікті капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруа- шылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Меншікті капиталдың көлемі қаржылық баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байла- нысты.

ҚР-ның «Қаржылық есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңында бұл терминге мынадай анықтама берілген: «Меншікті капитал - субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
Корпорациялардың қаржы механизмі
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Ұлттық банктің меншікті капиталын талдау
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Өнімді өндіруден, сатудан және жұмыстан алынған табыстар және оларды жоспарлау
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Корпорациялардың айналым капиталы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz