Діни ағартушылық бағыттың қалыптасуы



І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Діни.ағартушылық бағыттың қалыптасуы
2. Діни.ағартушылық бағыттың басты өкілдері:
а) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
б) Шәкәрім Құдайбердіұлы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әдебиет тарихы бүгін не ертең жасалмайды. Ол адамзаттың рухани сұраныстарымен қатар дамып, қалыптасып отырады. Сондықтан да белгілі бір кезеңдегі әдебиеттің өрбу, даму эволюциясын білу үшін оның алдындағы ағымға, болмысқа қарамасқа болмайды. Мәселен, бүгінгі күнге дейін әдебиет тарихынан өзінің нақты бағасын, орнын ала алмай келе жатқан тұлғалар бар. Олар кезінде кітаби ақындар, діншіл ақындар деген желеумен әдебиет тарихынан, ел тарихынан ұмыт қалдырылды. Бұл діни-ағартушылық ағым ХІХ ғасырдың екінші жартысында өзінің үлкен прогресшіл рөлін танытты. Оның Ақмолла, Мақыш, Нұржан, Әубәкір, Шәді, Мәшһүр секілді өкілдері сол кезеңдегі қоғамдық ақыл ойға ықпал етті. Бірақ Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиетке таптық және партиялық көзқарасты тәрбиелеуге ұмтылған революцияшыл идеологияға ақындар жараспайтын еді. Міне, осының бәрі сайып келгенде, бүтін бір дәуірді қамтып жатқан әдеби процеске теріс баға берді, оқулықтан алынды, архивке өткізілді. Дегенмен, бұл ағымды тану үшін, соның алдындағы әдебиетке зер салып, талдамасқа болмайды. Өйткені, бұл жоғарыда аттары аталған ақындар – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін жақындастырып тұрған алтын көпір.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындар патшалы Ресейдің қазақтың жерін алуымен бірге, оның өзін әртүрлі саясатпен жою мақсатын жүзеге асыруға жанын салғанын сезді, тіпті жерімен қоса, дінін, ділін, тілін алу жағын да ойластырды. Осы жағдайды ешкімнен де қымсынбай сол кезде чиновниктерді де жазды. «...Қазақ өлкесіндегі ұшы-қиыры жоқ бай алқапты тиянақты игеру үшін екі мәселені қолға алу керек... Соның бірі өлкені орыстандыру», [1] – деп ашық айтады.
1. Военный сборник Т., ХХҮІІІ 1871
2. Көпейұлы М. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері. Алматы, «Ғылым» 1992 жыл
3. Көпейұлы М. Таңдамалы. Алматы, «Ғылым» 1996 жыл
4. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ақың Шәкәрімнің творчествалықмұрасы жөніндегі қаулысы. «Социалистік Қазақстан». 1988 жыл 14 сәуір
5. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1991 жыл

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ж о с п а р

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Діни-ағартушылық бағыттың қалыптасуы
2. Діни-ағартушылық бағыттың басты өкілдері:
а) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
б) Шәкәрім Құдайбердіұлы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Діни ағартушылық бағыттың қалыптасуы

Әдебиет тарихы бүгін не ертең жасалмайды. Ол адамзаттың рухани
сұраныстарымен қатар дамып, қалыптасып отырады. Сондықтан да белгілі бір
кезеңдегі әдебиеттің өрбу, даму эволюциясын білу үшін оның алдындағы
ағымға, болмысқа қарамасқа болмайды. Мәселен, бүгінгі күнге дейін әдебиет
тарихынан өзінің нақты бағасын, орнын ала алмай келе жатқан тұлғалар бар.
Олар кезінде кітаби ақындар, діншіл ақындар деген желеумен әдебиет
тарихынан, ел тарихынан ұмыт қалдырылды. Бұл діни-ағартушылық ағым ХІХ
ғасырдың екінші жартысында өзінің үлкен прогресшіл рөлін танытты. Оның
Ақмолла, Мақыш, Нұржан, Әубәкір, Шәді, Мәшһүр секілді өкілдері сол
кезеңдегі қоғамдық ақыл ойға ықпал етті. Бірақ Кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарындағы әдебиетке таптық және партиялық көзқарасты тәрбиелеуге
ұмтылған революцияшыл идеологияға ақындар жараспайтын еді. Міне, осының
бәрі сайып келгенде, бүтін бір дәуірді қамтып жатқан әдеби процеске теріс
баға берді, оқулықтан алынды, архивке өткізілді. Дегенмен, бұл ағымды тану
үшін, соның алдындағы әдебиетке зер салып, талдамасқа болмайды. Өйткені,
бұл жоғарыда аттары аталған ақындар – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін
жақындастырып тұрған алтын көпір.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ақындар патшалы Ресейдің қазақтың жерін алуымен
бірге, оның өзін әртүрлі саясатпен жою мақсатын жүзеге асыруға жанын
салғанын сезді, тіпті жерімен қоса, дінін, ділін, тілін алу жағын да
ойластырды. Осы жағдайды ешкімнен де қымсынбай сол кезде чиновниктерді де
жазды. ...Қазақ өлкесіндегі ұшы-қиыры жоқ бай алқапты тиянақты игеру үшін
екі мәселені қолға алу керек... Соның бірі өлкені орыстандыру, [1] – деп
ашық айтады.
Патшалы Ресей қазақ жерін әкесінен қалған мұрадай талапайға салып, бөліп
алып жатты, малыңды хаттап, жаныңды хатқа жазып, жайлау, қыстау, көктеуіңді
картасына сызып, қалтасына салып қойды. Бұған сәл қарсылық айтқан адам
итжеккенге кетеді, оған кетсе, түбі жоқ құрдым!
ХХ ғасырдың басында Башқұртстан, Қазақстан, Татарстан елдеріндегі
капиталистік элементтердің енуі жаңа поэзиялық сарын әкелді. Жазба әдебиеті
жандана түсті. Ақындардың көпшілігі халықты жаңаға ұмтылуға, оқуға үндеді.
Яғни, ағартушылық поэзия өріс алды. Бұл ретте башқұрт, татар, қазақ
халықтарының өміріндегі өзгерістерге, өзара үндестікке разар аудармасқа
болмайды.
Өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ башқұрт мәдениетінде демократтық
тенденциялар орныға бастады. Әсіресе, халық-ағарту саласындағы үрдіс өсу
айқын сезілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтар мен башқұрттар
арасындағы сауат ашу едәуір өсті. Ағартушылық жеке ағым болып қалыптасты.
Әр халықтың саналы түрде санасы оянған, оқыған азаматтары бұрынғы хадим
оқуына қарсы шықты. Оқудың жаңа әдісін шығарды. Бұл ағартушылық, оянушылық
прогресшіл әрі елге жаңа леп әкелді.
Қазақ халқының ХІХ ғасырдың басындағы бірсыпыра оқығандары, атап
айтқанда, Ақмолла, Әбубәкір, Нұржан, Мақыш, Жүсіп, Шәді сияқты ақындары
мәдени-ағарту майданына, әдебиет майданына елдің прогресшіл, капиталистік
дамудың әсері мен оянушылық, ағартушылық бағыттың өріс алуына байланысты
шықты. Олар – ХХғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихында өз орнын
алатын, үлкен мұра қалдырған, өзіндік стильдері бар ақын-жазушылар.
Олар ( Ақмолла, Нұржан, Мақыш, Шәді т.б ) - адамгершілікті , оянушылықты,
ағартушылықты мақсат еткен қайраткерлер. Бұл ақындар өздерінің
шығармаларында феодалдық қараңғылыққа, ескі діни сенімге, надандыққа қарсы
шықты. Олар халықты оятуды, оқуға тартуды мақсат етті, жаңа – жәдит оқуын
жақтады, оны насихаттап, жаңалық үшін күресті. Өздерінің негізгі көзқарсы –
ағартушылық болды. Сондықтан да олардың өлеңдерін діни ағартушылық поэзия
деп бөліп атауға болар еді.
Мәшһүр жүсіп көпейұлы
(1858-1931)
Дұрысында тарихта болған, заманында өз әлінше қоғамдық прогресшіл қызмет
атқарған, әлеуметтік-мәдени, әдеби мәні бар азды-көпті шығармалар қалдырған
ақын-жазушылардың бәрінің де аттары аталуға, қызметтері мен шығармалары
көрсетілмеген ақын-жазушылар болмауға тиісті...
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қаршадай жасынан қолына қалам алып ескше оқыған,
ескіше хат таныған. Ол кішкентайынан молданың алдын көрген, оның балауса
көк шыбығының дәмін татқан. Өйткені, молда қыбыр-жыбыр еткенді,
оқымағанды табан астына жазалайтын.
Жас Мәшһүр Жүсіп молдадан бір қиындық көрсе, бірге оқыған балалар
түйебас қып ойнап, тағы да өмір тауқыметін тартқызыпты.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына қара сөзден гөрі, өлеңмен сөйлеген әлдеқайда
жеңіл болған,ол аузын ашса болды өлең құйылып-төгіліп, саулап жүре берген.
Жабысты маған өлең он бес жаста,
Жұрт айтты: не қыласың, - деді баста.
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.

Шүкірлік, бергеніңе, Құдай Патша,
Он бесте шабыттандым жүйрк атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша.
Мәшһүр Жүсіп алғш қолына қаламды мұсылман болып алып, көзін де сол
мұсылман қалпында жұмған абзал жан. Өзінің кімнен сабақ алғаны, қайда
оқығаны, кінің жәрдем көмек жасағаны бәрі де өлеңдерінде тайға таңба
басқандай айтылған...
Ақын өзінің қандай харіптен бастап оқып, одан кейін оны қалай
жалғастырғанын жіпке тізген меруерттей мөлдіретіп жырлаған. Мәшһүр Жүсіптің
жазған өлеңі болсын, аңыздары болсын, қиссасы болсын – бәрі де оның
өмірбаяны, өзін айту арқылы сол кездегі қоғамдқ жағдайды, ел тұрмысын жан-
жақты сипаттаған. Ақынның өмір сүрген мезгілі – елдің қаймағы бұзылмаған
таза кезі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Орыс философиялық ойлары
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы капиталистік, сауда-ақша қатынастарының қалыптасуы
Пәндер