Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі



Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. М.К. Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі

2. Түрікпін деу қандай бақыт!

3. Ататүріктің қабылдаған реформалары

Қорытынды
Ғасыр жүгін арқалап, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлғалар аз емес. Ғибадатты ғұлама, қаһарлы қолбасшы, дарабоз дарын, дүниені дүрілдеткен төңкерісші деп тізе беруге болады. Уақыт атты қатал сыншы бар. Күні кеше мерейі көкке көтерілген данышпан қоғам мен жүйе өзгерісінде сын мен мазақ қарауылына ілігеді. Арадан талай кезең өтсе де қадір-қасиеті, халық құрметі титтей кемімеген қайраткер некен-саяқ. Түрік халқының біртуар перзенті Мұстафа Кемал Ататүрік – құйрықты жұлдыздай жарқ еткен сондай сирек асылдың бірегейі.
Түркияның қай тұсына барсаңыз да алдыңыздан Мұстафа Кемал Ататүрік шығады. Оның қаһарлы жүзі Президент сарайынан бастап, дүкен, дүңгіршектер төріне дейін тұр. Демек, ол тірі. Халқы оны әлі күнге дейін құдірет көретіндей, не істеп қойды бұл кісі. Білгенімізше айтайық.
Түркия көп қасірет шеккен ел. Сұлтандар әулетінің билігі мен империялық мемлекеттердің езгісінен көрген азабы басындағы шашынан да көп. Осы алапаттың бәрі шегіне жеткен кезде халқының бағына тарих сахнасына атойлап Ататүрік шықты. 1919 жылы басталған ұлт-азаттық көтерілісін төрт жыл бойына жүргізген ол тендесіз жеңіске жетті. 1923 жылы Түрік Республикасын құрып, оның тұңғыш президенті болды. Оның азан шақырып қойған аты Мұстафа, ал Кемал мен Ататүрік кейін қосылды.
Ататүрік - ұлы рух. Оның рухы бұл елдің аспанында лапылдап тұр. Бұл ел осы кісінің қасиетімен қанаттанып, өсиетімен өседі, өсіп келеді.
Ататүрік- сес, айбын. Оның отты көзі, алапат кескіні түріктің тентегін тез арада тезге салып жібереді. Көз алдында Ататүрік тұрады. Олар ұлы бабасымен бірге жатып, бірге оянып, бірге жаңа тірлік бастайды. Ол ұдайы қастарында. Ол бұл халық үшін неге соншалықты киелі, қасиетті. Оған дейін де талай түрік тұлғалары ел мен жер үшін еңіреп өткен. Соның бәрінің арманын жүзеге асырған Ататүрік.
Түркия- бақытты ел. Өйткені бәрі де өз тілінде сөйлейді. « Елін, мәртебелі тәуелсіздігін қорғай білген түрік ұлты тілін де шетелдердің мойынтұрығынан құтқаруға тиіс » (Ататүрік).
1. С. Смайыл « Ататүрік »
- Алматы: «Жас Түркістан», 1998

2. Асылбек Бисенбаев. Ататюрк. – Интернет-сайт
http: //sesna. һypermart. net

3. Мұстафа кемал ( Ататүрік ). – Интернет-сайт
http: // www. peoples. ru.

4. «Егемен Қазақстан» // С. Абдірахманов
Әлемге әйгілі тұлға Ататүрік 2006 (20 қаңтар №17)

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. М.К. Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі

2. Түрікпін деу қандай бақыт!

3. Ататүріктің қабылдаған реформалары

Қорытынды

Кіріспе
Ғасыр жүгін арқалап, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлғалар аз емес.
Ғибадатты ғұлама, қаһарлы қолбасшы, дарабоз дарын, дүниені дүрілдеткен
төңкерісші деп тізе беруге болады. Уақыт атты қатал сыншы бар. Күні кеше
мерейі көкке көтерілген данышпан қоғам мен жүйе өзгерісінде сын мен мазақ
қарауылына ілігеді. Арадан талай кезең өтсе де қадір-қасиеті, халық құрметі
титтей кемімеген қайраткер некен-саяқ. Түрік халқының біртуар перзенті
Мұстафа Кемал Ататүрік – құйрықты жұлдыздай жарқ еткен сондай сирек асылдың
бірегейі.
Түркияның қай тұсына барсаңыз да алдыңыздан Мұстафа Кемал Ататүрік
шығады. Оның қаһарлы жүзі Президент сарайынан бастап, дүкен, дүңгіршектер
төріне дейін тұр. Демек, ол тірі. Халқы оны әлі күнге дейін құдірет
көретіндей, не істеп қойды бұл кісі. Білгенімізше айтайық.
Түркия көп қасірет шеккен ел. Сұлтандар әулетінің билігі мен
империялық мемлекеттердің езгісінен көрген азабы басындағы шашынан да көп.
Осы алапаттың бәрі шегіне жеткен кезде халқының бағына тарих сахнасына
атойлап Ататүрік шықты. 1919 жылы басталған ұлт-азаттық көтерілісін төрт
жыл бойына жүргізген ол тендесіз жеңіске жетті. 1923 жылы Түрік
Республикасын құрып, оның тұңғыш президенті болды. Оның азан шақырып қойған
аты Мұстафа, ал Кемал мен Ататүрік кейін қосылды.
Ататүрік - ұлы рух. Оның рухы бұл елдің аспанында лапылдап тұр. Бұл
ел осы кісінің қасиетімен қанаттанып, өсиетімен өседі, өсіп келеді.
Ататүрік- сес, айбын. Оның отты көзі, алапат кескіні түріктің
тентегін тез арада тезге салып жібереді. Көз алдында Ататүрік тұрады. Олар
ұлы бабасымен бірге жатып, бірге оянып, бірге жаңа тірлік бастайды. Ол
ұдайы қастарында. Ол бұл халық үшін неге соншалықты киелі, қасиетті. Оған
дейін де талай түрік тұлғалары ел мен жер үшін еңіреп өткен. Соның бәрінің
арманын жүзеге асырған Ататүрік.
Түркия- бақытты ел. Өйткені бәрі де өз тілінде сөйлейді. Елін,
мәртебелі тәуелсіздігін қорғай білген түрік ұлты тілін де шетелдердің
мойынтұрығынан құтқаруға тиіс (Ататүрік).

М.К. Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі
Ататүрік 1881 жылы Эгей теңізі жағасында орналасқан Селаникте өмірге
келді. Грекиядағы бұл қала бұрын Осман империясы иелігінде-тұғын. Түрік пен
грек көп шекіскен. Талай қақтығыс қантөгіске ұласқан. Соған қарамастан,
1933 жылы Түркия республикасы 10 жасқа толғанда Селаник әкімшілігі Мұстафа
туып-өскен үйге ескерткіш-тақта орнатты. Артынан үйдің кейінгі иесі бір
гректен сатып алып, түрік консулдығына сыйлады. Адам аяғы үзілмейтін осы үй
мұражайға айналдырылды.
Әкесі Әли Рыза бей - кеден қызметкері. Зейнет демалысына шыққан соң
күнкөріс қамымен ағаш саудасын кәсіп қылған. Анасы Зүбәйда ханым үй
шаруасына қарайтын. Мұстафа қарындасы Макбуләмен қатар өсті. Бұлардан ұрпақ
қалмағандықтан отбасы жалғастығы осымен аяқталады.
Мұстафа қақ- соқпен ісі жоқ, біртоға отбасында өсті. Шешесі білімді,
дінге жақын болса, әкесі көзі ашық, көкірегі ояу, іскер жан ретінде
танылған. Ататүрік әкесін еміс-еміс білетінін, ақылды әрі жігерлі кісі
екенін айтып отырады екен.
Асқар таудай әкесімен өткізген алаңсыз күндер ұзаққа созылмады. Әли
Рыза 54-ке толғанда дүниеден өтті. Бұл кезде Мұстафа7 жаста еді.
Шаңырағының ортасы жерге түскен Зүбәйда ханым екі баласын алып, туысы
Хусейін ағаның қасына барды. Бірақ мұнда тұрақтап қала алмады. Бақша қорған
Мұстафаның сауатсыз қалатынын уайымдаған анасы Селаникке қайта оралады.
Арада жылдар өткенде Ататүріктің білім мен тәрбие ісінде түбегейлі өзгеріс
жасауына басынан кешірген ащы оқиғалар да септігін тигізгені анық.
Өр Мұстафа шешесіне айтпай, өз бетінше әскери мектепке барады.
Әскерлікті ұнатуы - әкесіне ұқсағысы келгені. Ол туғанда басына әкесінің
қылышын асып қоюы да осы кәсіпке деген құштарлығын оятқан шығар. Қатаң
тәртібі, терең білімі әрі мығым тәрбиесімен аты шыққан Селаник әскери
мектебі жас Мұстафаның қалыптасуына айтарлықтай ықпал етті. Алғыр, оның
үстіне талапты баланы шәкірттермен бірге ұстаздары да ұнатты. Бір күні
математика мұғалімі, жүзбасы Мұстафа оған былай деді: Сенің де, менің де
атым- Мұстафа. Арада айырмашылық болу керек. Сенің есіміңнің соңына Кемалды
қосайық . Осылай, тағдыр жазуымен селаниктік шәкірт Мұстафа Кемал атанды.

Мұстафа Кемал әлгі мектепті тәмәмдап, 15 жасында Манастыр әскери
лицейіне жазылды. Манастыр қаласы бүгінде Македонияның құрамында. Ай
басында Македонияға арнайы сапармен барған Түркия Президенті Сүлеймен
Демирел Манастыр кентінде Ататүрік оқыған осы мектепте Естелік бөлмесін
салтанатты түрде ашты. Бұл оқиғаның өзіндік мәні бар. Тура 100 жыл бұрын
осындағы әскери мектепті бітіргендер арасында жас Мұстафа да болатын.
Талапшыл бала өз бетінше де ізденуге ұмтылады. Демалысқа Селаникке
келгенде бір шетелдік мектепке барып французша үйренеді. Алайда, болашақ
офицердің жатжұрттық оқу орнына баруы жоғарыдағыларды әбіржітіп, ақыры оған
тиым салады. Міне, осы оқиға да келешекте оның мемлекет қайраткері ретінде
батысқа бет бұруына түрткі болды деседі зерттеушілер. Әйтпесе, жас
шәкірттің француз тілін меңгеруге құштарлығы батыс мәдениетіндегі қазынаны
игеру, сондай-ақ айналадағы оқиғалардан құлағдар болу құштарлығынан
туындағаны анық. Осы мектепте кейіннен атақты қаламагер атанған Өмер
Нәжимен арадағы достығы оның әдебиетке, әсіресе, өлең-жырға, шешендік
сөздерге құмарлығын оятты. Ал ұлтжанды тарих мұғалімі Мехмет Тәуфиқ түрік
тарихына қатысты терең білімімен шәкіртке үлкен ықпал етті. Оған өзін
қарыздармын деп есептеген жас Мұстафа ілгеріде түрік халқының болашақ
тағдырын айқындау ісінде ұстазынан үйренгенін де амалға асырады. Құнды да
құнарлы тарих ілімінде бетбұрыс жасайды.
1905 жылы қаңтарда Мұстафа Кемал Әскери Академияны жүзбасы шенімен
бітірді. Дәл осы тұста әскерден қуылған Фетхи Нәжи деген біреу оны
жамандап, жоғарыға мәлімет береді. Біраз қамауда отырады. Артынан сүргін
іспеттес Сирияға әскери қызметке жіберіледі. Мұндағы мақсат бұл жаққа
кеткендердің оңайлықпен елге оралмайтынын ескергендіктері. Шәкірттік
күндерден ұзап кеткен Мұстафа Кемал Осман армиясында үміт күттірер жас
офицерге айналады. Сол кезде Осман иелігіне қарасты Балқандағы оқиғалар
мемлекетті айырықша алаңдататын. Балқан соғысы басталысымен Мұстафа Кемал
Ыстамбулға оралып, өзін жаңа басталған соғысқа жіберуін сұрайды.
Тура бір ай өткенде Өкілдер Кеңесі Анкараға көшті. Қаржы мәселесі
тағы да алдынан шықты. Қала әкімшілігі біраз күн қонақ етті. Бірақ оның да
мүмкіндігі шектеулі. Міне, осындай қысылтаяң күндері анкаралықтар ұлттық
қозғалысқа Қызыр Баба секілді қолын созды. Ең алдымен мүфти Рифат Бөрекчи
зиялы қауымнан жинаған 1000 лираны әкеп тапсырды. Бостандық күресіне
ақшалай қолқабыс осылай басталып жалғаса түсті. Алты айда Өкілдер Кеңесіне
берілген жәрдем едәуір қаржыны құрады. Бірақ көмек мұнымен де шектелген
жоқ. Наурызда, Ыстамбул басып алынғаннан кейін, шығын мөлшері көбейе түсті.
Өйткені Мұстафа Кемал Анкарада төтенше өкілеттігі бар Мәжіліс жиыны
ашылатынын жариялады. Бұрын Иттихат ве Теракки партиясына тиесілі
ғимаратта Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жиыны өтуге тиіс. Бірақ бұл үйдің
жыртық-жамауы көп екен. Оны тез жөндеп, Мәжіліс мүшелерін осында жинау
керек-ті. Не керек, бұған да ақша табылады. Ғимарат үшін 5068 лира
жұмсалды. Қаржы мәселесі кейін де кедергі туғызып жатты. Ыстамбул үкіметі
және басқыншылардың айтақтауымен Анадолыда бұрқ еткен көтерілістерді басуға
әскер жіберілді. Мұның да шығындарын анкаралықтар көтерді.
Анкара төрт ай бойы Өкілдер Кеңесі үшін орталыққа айналды. Бұл
Мұстафа Кемалға түрлі қиындықтар әкелген кезең еді. Ол жаңа мекенге
келгенде қасында Өкілдер Кеңесі мүшелері Хусейін Рауф, Мазхар Мүфит, Ахмет
Рүстем және Хаккы Бехич болды. Қызметін бүкіл Анадолы мен Румеліне жайған
Өкілдер Кеңесі 16 адамнан тұратын. Сиваста өткізген төрт айда мүшелер
түгелденіп бастары қосыла алған емес. Соған қарамастан сыртта жүргендерді
жоқтатпай, Кеңес тұрақты түрде мәжілістерін өткізіп, маңызды қарарлар
қабылдады. Анкарадағы алғашқы он күнде жиын өткізіп үлгерді. Осман мәжілісі
өз жұмысын бастаған кезде кейбір депутат боп сайланғандар төрағаның
Бармаңдар деген ескертуіне қарамастан Ыстамбулға аттанды. Өкілдер
Кеңесіне қатысты күллі жауапкершілік тек Мұстафа Кемал жүктелді. Бұл
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі құрылғанға шейін жалғасты.
Үкімет басына ағылшындарға табынатын Дамат Фарид паша қайта келмеуі
үшін тезірек қимылдау қажет. Осыған орай Мұстафа Кемал Өкілдер Кеңесі
атынан сұлтанға жеделхат жолдап, өз ниет білдірді. Сөйтіп, ұлттық
қозғалысқа өлердей қас адам үкіметке енбеді. Алайда, бас уәзір атанған
Салих паша тарихта үкіметті тым аз уақыт басқарған адам ретінде қалды.
Өйткені, Одақтастар 1920 жылғы наурыздың 16-сы күні таңертең Ыстамбулды
басып алғанын жариялады. Құрылғанына небәрі он күн болған Осман үкіметі
күшпен таратылды. Ағылшын әскерлері Мәжіліске басып кірді. Хусейін Рауф
сияқты кейбір депутаттар Мәжіліс ғимараты ішінде тұтқындалып, Мальте
аралына жер аударылды. Қалғандары шіл балапандарындай бытырады.
Мұстафа Кемал Осман мемлекеті мен халифаттың раих ойнауына кететінін
түсініп, жаңа негіздегі жүйе құруды армандады. Мұны бірден ашық айтпай,
жаңа үкімет құру мәселесін Мәжілістің күн тәртібіне қойды. Бұған
итермелеген нәрсе - Мәжілістің бүкіл ел қамын ойлауы керектігінен туындады.
Осылайша, мамырдың 2-сі күні жаңа үкімет құрылды. Оны Атқарушы уәкілдер
кеңесі деп атады. Депутаттар сайлаған министрлер уәкілдер деп аталды.
Мұстафа Кемал төрағалық еткен үкіметтің алғашқы отырысына депутаттар
сайлаған он уәкіл қатысты.
Әлі аты жоқ Түркия мемлекеті Мұстафа Кемалдың 1920 жылғы 30-шы
сәуірдегі тарихи жолдауымен Еуропа мемлекеттеріне таныстырылды. Француз
тілінде жазылған бұл хаттың бір нұсқасы ағылшын сыртқы істер министрі лорд
Гурзонға да жіберілді. Онда мынадай жолдар бар еді: Ұлы Ұлттық Мәжіліс
192О жылғы 23-сәуірде өткізілетін алғашқы отырысында сұлтан мен Ыстамбул
қаласы шетелдіктер бақылауында тұрған кезде халықтың тағдырын өз қолына
алатынын ресми түрде білдіреді. Ұлы Ұлттық Мәжіліс мүшелері қаланы басып
алу әрекетін батыл түрде айыптайды. Осыған орай 1920 жылғы 23-ші сәуірдегі
жиында қолдау тапқан ұлтымыздың төмендегі тілек-ниеттерін сіздерге
жеткізуді парызым деп санаймын:
1. Осман ұлысы, халифат және сұлтанның орталығы болған Ыстамбул және
ондағы үкіметті одақтастар қолында ұстап тұр. Сондықтан басып алынған
Ыстамбулдан шыққан бұйрықтар мен діни үкімдер ешқандай хұқықтық әрі
діни күші жоқ. Халық Ыстамбулдағы үкіметсымақ тарапынан жасалған
келісімдерді мойындамайды.
2. Осман ұлысы өзінің салқынқанды әрі байыпты ұстамын сақтаумен бірге,
әрі тәуелсіз мемлекет ретінде тамыры жүздеген жылдарға ұзайтын ұлттық
хұқықтарын қорғауға әзір. Сонымен қатар, әділетті және абыройлы
бейбітшілікті де қолдайды.
3. Осман христиандары және елге қоныстанған өзге ұлыстар ұлттың
қорғауында болады. Мұнымен қабат, олар Отанымыздың жалпы
қауіпсіздігіне қарсы қандай да бір әрекеттерге төтеп беруі тиіс.
Жаңа түрік мемлекетінің пайда болуы аңдысын аңдып отырған батысты селт
еткізді. Әсіресе, Ыстамбул қыспаққа түскен соң Осман империясының шаруасын
бітірдік деп есептеген ағылшын үкіметін үркітті. Сол күндерге байланысты
ағылшын құжаттары жеткілікті. Мағлұмат жинаудан ағылшын құпия қызметі қалыс
қалған жоқ, әрине. Олардың құпия қызметі құдіретін османдықтар Таяу
шығыстан жақсы біледі. Ағылшын барлаушысы Лоуренц арабтарды түріктерге
қарсы қою арқылы аты шықты. Ыстамбулдағы ағылшын жоғары комиссары де
робектің Анкарадағы Мәжіліске қатысты өз еліне жолдаған хаты да назар
аударарлық. Онда Мәжіліс пен Үкімет мәртебесі туралы деректер ұсынылып,
алғаш қарарлар, атап айтқанда, бейбітшілік туралы шешімдер жайында Еуропа,
Америка және Советтік Ресей үкіметтерін құлағдар етілетіні хабарланды. Де
Робек енді бір хатында Мәжіліске 144 депутат сайланғанын, бұлардың 24-і
Ыстамбулдан келгенін тілге тиек етеді. Жолдауда тағы бір қызық дерек бар.
Анкара үкіметі идеологиялық күресті де ұмытпай, Ақпарат агенттігін құрады.
Бұл агенттік күнделікті бюллетень шығарып, одақтастарға, әсіресе,
ағылшындарға қарсы насихат жүргізеді. Үндістаннан Ирландияға дейінгі ұлан-
ғайыр аймақты отарға айналдырған ағылшындарды тығырыққа тіреген
қиындықтарды жұртқа жаяды. Әңгіме бұл жерде Анадолу агенттігі туралы
екені тарихтан мәлім. Қазір күн сайын әлемдік және жергілікті оқиғаларға
қатысты 500-ден астам хабар тарататын бұл агенттікті Ататүрік өзі құрған.
Ол осы хабар орталығы туралы Анадолу агентігі Түркияның үнін жер-жиһанға
жеткізеді деген. Бүгінде Қазақ ақпарат агенттігі Ататүрік негізін қалаған
Анадолу арқылы ислам және шығыс әлеміндегі жаңалықтарды Қазақстанға
таратып отырды.

Мен қажет болғанда ұлтыма деген ең
үлкен сыйым - өмірімді беремін.

Ататүрік

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі дұшпан күштерін Отаннан аластауды бірінші
міндет деп білді. Барлық қажыр-қайрат осы бағытқа жұмсалды. Жат жұрттықтар
не айтса, бас шұлғи беретін Ыстамбул үкіметі Мұстафа Кемал мен жақын
серіктерін (арасында қаһарман әйел Халида Әдіп Адывар да болды) сойқаншы
деп жариялап, атақ-шендерінен айырды. Өлім жазасына кесті. Артынан бұл үкім
күшін жойды. Дұшпаннан ештеңені аямайтын Дамат Фарид паша бастаған уәзірлер
мұнымен тоқтаған жоқ. Түрік халқының ең әлсіз жері-ту сыртынан бүлік
ұйымдастырды. Осман сарайы қожайындары қол қойған фәтуалар жау ұшақтары мен
жансыздар арқылы Анадолы халқына жауды. 1920 жылдың ортасына таман
гректерге қарсы соғысып жатқан Куваи Миллиенің арқа тұсында, орталық және
батыс Анадолыда ағайын арасы текетірес үлкен қантөгіске ұласты. Әр жерде
бұрқ еткен бүліктер туыс адамдардың бір-бірін өлтіруіне, орны толмас
шығындарға әкеп соқтырды. Профессор Хамза Ероғлы Ататүрік туралы зерттеу
кітабында бірқатар өңірлерде халық жасақтарына қарсы көтеріліс
ұйымдастырған 16 адам Осман орденімен марапатталғанын жазады. Туыс арасы
қанды қырғын гректерге жайлы тиді. Оларға қарсы тұрған төрт түмен майдан
шебінен шегініп, бүлікшілерге бет алды. Мәжіліс, ең бастысы, Ішкі
қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек деп есептеді. Ол болмайынша, үкіметке
бедел жинау, төрт құбыласы сай армия құру және басқыншы мемлекеттерді елден
ығыстыру мүмкін емес. Сондықтан Мәжіліс батыс майданда бекіністерін
әлсіретуге дейін барды.
Кувай Миллие жөнінде бірер сөз. Туған жерге баса-көктеп кірген
жауға қолына қару алып, қарсы тұрған ұлттық жасақтар әскери құрамалар
құрылғанға дейін зор істер тындырды. Партизан күресін жүргізген ерікті
сарбаздар әскерге сенімді сүйеніш болды. Сондай топтардың біріне жетекшілік
еткен Бәкір Сами Антанта мемлекеттері өкілдеріне жеделхат жолдап,
Естеріңде болсын, бұдан кейін қалам емес, қару сөйлейді деп өз
наразылығын білдіреді. Измирді герктердің басып алуы – жас-кәрі демей,
бәріне қару алдырды. Айдын уәлаятында әйелдер еркектермен бірдей ұрыс
шептерінде соғысты. Жұрт жаппай туған жер топырағын дұшпанға таптаттырмауға
ұмтылды. Мондрос шартына арқаланған одақтастар күнгей өңірлерді иемденгісі
келді. Чукурованы армяндармен бірге басып алмақ болған француздарға қарсы
ерікті жасақтар жан аямай айқасты. Қырық төрт кісілік шағын топ бір француз
батальонын Кар бұғазында тұтқынға алып, Ұлт-азаттық күрес тарихына енді. Он
ай, тоғыз күн бойы француздарға төтеп берген Антеп қаласы Ғази атауын
иемденді.
Бекіністерінде бостандық байрағы желбіремеген тұтқын мемлекетте жұма
намазы оқылмайды деген имамдарының үндеуіне орай қару алған жұрт ұлттық
қасиеттің мақтанышы – түрік туын Марашқа тікті. Мұнда да әлдеқайда басым
француз әскері жеңіліске ұшырады. Қала Қаһарманмараш атанды. Урфа қаласы
да Азаттық күресі тарихына есімін алтын әріптермен жаздырды. Осы жеңістер
түріктердің еркіндік пен бостандық жолында ештеңеден тайынбайтынын күллі
әлемге паш етті. Ұлттық қозғалыс көсемі Мұстафа Кемал, міне, осы қамал
бұзар халық қайратына сенді. Ол халықты күреске шақырған әрі жеңіске
бастаған ұлы жетекшіге айналды.
Таяу Шығыста ұлы өзгерістер бастауы болған Самсун сапарына шыққанда
Ататүрік тұс-тұстан қыспаққа алынған мемлекетті құтқаруды ғана ойлаған жоқ.
Заман алысы мен ғасыр талаптарына қиюы кеткен ескі жүйенің сәйкес
келмейтінін өзгеден бұрын түсінген ол елдегі қоғамдық құрылысты қайта құру,
ең бастысы, жұрт санасында төңкеріс жасау қажеттігін ойлады. Төңкеріс жасау
қай қоғамда да машақатты михнат. Мұнда оны іске асыратын бұқараның
дайындығы, санада серпіліс болуы – бұлжымас қағида. Үсітіміздегі ғасырдың
20-жылдарында жер-жиһан тарихтан екі үлкен төңкерісті білетін. Бірі - 1789
жылғы француз, екіншісі – 1917 жылы дүниені дүр сілкіндірген Ресейдегі
қазан төңкерісі еді. Алғашқысына келсек, Вольтер, Монтескье, Дидро және
Руссо сияқты пәлсапашы-ойшылдар Францияда түбегейлі өзгерістерді жүзеге
асыру пікірін ұзақ жылдар бойы пісірді. Олардың шығармалары бағдарламалық
сипат алды. Ал Ресейдегі саяси жүйені өзгерткен Лениннің марксизімді
басшылыққа алғаны әмбеге аян.

Анкара – үкімет
орталығы.
Мәңгі орталық болып
қалады.

Ататүрік

1923 жыл Түркияда күллі ғалам көз тіккен ұлы өзгерістермен есте
қалады. Елде сұлтандық билік келмеске кетті. Енді мемлекеттің саяси жүйесі
қандай болмақ? Жұрт көкейіндегі басты сауал осы. Сонау 1908 жылдары
иттихатшылар идеясымен әуестеніп жүрген кезде-ақ Ататүрік өркениеттен кенже
қалғаны көрініп тұратын мемлекетке жаңа сипат беру керектігін сезінген.
Жеке кісі емес, халық билігін паш ететін жүйе, сөз жоқ, республика екені
даусыз. Бейбіт өмірді орнатып, ескілікпен қоштасқан ол енді бар күш-жігерін
осы бағытта жұмсады. 1921 жылғы Атазаң қаншалықты жаңашыл болса да, онда
мемлекет басшысы ел астанасына қатыста баптар жоқ-тұғын. Соғыс жалыны әлі
басылмаған кезде дүниеге келген құжатқа көп талап қоюдың өзі асылық.
Лозанна келісімі қол қойылғаннан соң тура бір ай өткенде, яғни 1923
жылғы 23-тамызда ТҰҰМ тарапынан бекітіледі. Бұл жайында сол күні кешқұрым
Ыстамбулдағы Антанта жоғары комиссариатына ресми түрде білдірілді.
Шетелдіктердің кетуіне алты апталық мүддет белгіленді. Қазанның 2-де
жатжұрттық әскердің қалған-құтқаны Ыстамбулдағы Долмабахче Сарайы алдында
түрік әскері мен байрағына сәлем беріп, қаладан кетті. Осылайша, түрік жері
түгелдей іс жүзінде жаудан тазартылды. Міне, осыдан бастап астана мәселесі
жұрт аузынан, сондай-ақ, баспасөз беттерінен түспейтін болды. Мемлекет
жүйесін айқындамай тұрып, әуелі астана жайын шешу керек. Ғази Мұстафа Кемал
қаңтарда Измит кентінде Ыстамбулда шығатын басылымдардың басшылармен
кездесті. Баспасөз мәслихатында астана жайы да айтылды. Ол осыған орай өз
ойын жария етті. Үкімет орталығы қайда орналасқаны дұрыс? Қандай да бір
сыртқы шабуылға төтеп беретіндей мекен болуы тиіс. Осы талапқа лайық мекен
таңдалуы керек. Әйтпесе, бір кемеден атылған топ тұрғынын әбігерге
түсіретін жерде үкімет қалай жұмыс істесін. Бұл – бір. Екіншіден, үкімет
мекемелері орналасқан астанадан көз тастағанда елдің әрбір аймағы көрінетін
болсын. Бір қуыста тұрсаңыз қиырдағыны ұмытасыз. Анадолыда бүгін сау-тамтық
жоқ. Неге олай? Ыстамбулды үкімет орталығы етіп, бәрін сонда үйіп-
төккендіктен. Ыстамбул – көркем де сұлу қаламыз, аса қымбатты қазынамыз.
Басына күн туғанда бүкіл Анадолы тілеуін тіледі. Қазір де басқыншылық
зардабынан әлі арылып болмаған Ыстамбул мен оның халқын ойлаудамыз. Тек бұл
сүйіспеншілігіміз оның міндетті түрде үкімет орталығы болуы тиіс деген ұғым
білдірмейді. Ыстамбулдың орталық болмауы оған деген ілтипатымызды
азайтпайды, назарымызды бәсеңсітпейді. Бұл мемлекетті басқарғысы келетіндер
ел ішіне барғандары абзал. Халықпен қоян-қолтық араласып, не істеу
керектігін терең ұғулары қажет. Бірқатар себептер үкімет орталығынан Анкара
– Қайсері – Сивас үшгені ішінде болуын талап етеді. Осылардан Анкара неге
орталық болмасын! Асылы оқиғалардың өзі-ақ оны орталыққа айналдырды.
Ыстамбул, қалай десек те, қадір-құрметін, мән-маңызын, сән-салтанатын
сақтайды. Анкарада отырсақ та, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ататүрік – саяси келбеті
Түрік республикасында Ататүрік реформасының модернизациялау нәтижесі
Ататүріктің бағалары
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Ататүрік
Мұстафа Кемал Ататүрік
САДРИ МАҚСУДИ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ КҮРЕС ЖОЛЫ
Мұстафаның жастық шағы
Мұстафа Кемал Ататүрі
Туркия республикасының құрылуы
Пәндер