Физикалық жаттығулар


Дене тәрбиесі.
Физикалық жаттығулар.
Оқушыларға арналған дене жаттығулары
ережелері
Жүрек ырғағына қарай жүргізілетін жаттығулардың режимі
Денсаулық психологиясы
Дене тәрбиесі.
Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римда және басадай елдерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыда жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы - адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф. Рабле, М. Мантель, дене тәрбиесінің ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған. Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский "Ұлы дидактика", "Ана мектебі" атты классикалық еңбектерінде гигиенасы, денсаулығы, тамақ ішу тәртібін, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.
Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В. Н. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген борлатын. Ұлы педагог К. Д. Ушинский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом- педагогы П. Ф. Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың ойлау қабілеті дамытуда дене тірбиесінің маңызы бар деп көрсетті.
XIX - XX ғасырда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жақсыланды. Ол валеологиялық тәрбиенің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Гигиеналық-жаттығулар мен ұдайы шұғылдану, жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, қайық есу сияқты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу үрдісін күшейтеді. Қан айналысын, зат алмасуын жақсартады.
Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. 1-3 жастағы балаларға арналған дене тәрбиесінің міндеті - балаларды гигиеналық күтімге алу, олардың дұрыс, уақытымен тамақтануын қадағалау, жас сәбилерді тазалыққа т. б. дағдыландыру. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығын, ептілігін қалыптастыруға бағытталады. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20-30 минут арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4-5 минут гимнастика өткізілгені дұрыс. Дене тәрбиесінің негізгі саласы - гимнастика, ол спорт және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі. Дене тәрбиесі міндетті пән ретінде оқу бағарламасына енгізілген.
Дене тәрбиесі барлық жоғары оқу орындарында жалпы дене шынықтыру ретінде жүргізіледі.
Физикалық жаттығулар.
Адамзат баласы ұзақ жылдар бойы өзінің денесін сауықтыру үшін және ғұмырын ұзарту үшін, көптеген тәсілдерді пайдаланды. Денені шынықтыру үшін, өте күшті бальзамды пайдаланды, жастық шақты қайтаратын эликсирді де ішті, скипидар қосылған және сүтпен жасалған ванналарға да түсті. Новакаинды да денесіне ине арқылы жіберді, жануарлардың тыныс мүшелерін қоздыратын бездердіде денелеріне тартты, дененің сыртында пайда болатын электр зарядтарын кетіру үшін суға түсіп шомылған, магниттік өрісті де пайдаланған. Мұнын бәрін қазіргі заманның адамдары да пайдаланып келеді. Бірақ адамдардың денсаулықтар жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткені байқалмады. Адамдардың денсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бір ғана фактор бар. Ол белсенді түрде жүргізілген физикалық жаттығулар. Физикалық жаттығулар мен ешқандай дәрі-дәмекті салыстыруға болмайды. Дәрі-дәрмектерді ішудің қажеті болмай қалады. Белсенді түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып, ғұмыры ұзара түсетіні ғылыми тұрғыда да және практика жүзінде де дәлелденді.
Дене жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, балбырайды, көлемі кішірейе түседі. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюын ыңғайлайды. Сондай-ақ, бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес, жуандауы әсерінен өзгереді. Бұлшық еттердің созылуы арта түседі. Тонусы күшейеді. Қан айналымы және бұлшық еттердің микро және макро элементтермен қоректенуі күшейе түседі. Денсаулық күшейіп, ғұмыр сүру артады. Мұның бәрі өмір тәжірбиелерінен алынған қағида.
Дене жаттығуларымен айналысқан шақта, көптеген қан жүретін түтікшелер кеңейіп, қан жақсы айналым жасайды. Каппилярдың саны мен сапасы артады. Өйткені жаңадан каппиляр түзіледі. Әсіресе мидың қан жүретін каппилярі кеңейіп, қан айналымы күшейеді. Адамның миы өте қарқынды түрде ой қызметін атқарады. Бас ауырмайды. Ұлы физиолг И. М. Сеченов ми дамуы үрдісінде бұлшық ет қозғалысының маңызды екенің талай рет көрсеткен болатын.
Жаттығу кезінде оттек тұтыну деңгейі кенет көтеріледі. Өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты жұмыс істесе, соншалықты жүректе әлеуметті түрде функциялар атқарады. Дене шынықтырумен, спортпен айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері әр бір жиырылған сайын, қолқа тамырға 60-мл мөлшерінде ғана қан жүректің сол жақ бөлімінен лықсып шығаратын болса, белсенді қимыл жасап жаттыққан адамдарда жүрек минутына 70-80 рет жиырылады да 100-150 мл қанды ығыстырып денеге таратып тұрады. Дене жаттығуларымен айналысқан адамдардың жүректері минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде небәрі жүрек 50-60 рет қана жиырылады. Ал үнемі жаттығулармен шұғылданатын спортшыларда пульс 30-40-тан аспайды. Қорыта айтқанда, физкультурамен шұғылданып жаттыққан адамдардың жүрегі әр систола деп аталатын құбылыста медициналық термин қанды денеге көп тартып тұрады. Жаттыққан адамдардың жүрегі үнемді және ұтымды жұмыс жасайды. Денсаулығы жақсарып, ғұмыры ұзара түседі. Ол өмір қағидасы.
Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырады. Қабырға араларында еттер қарқынды жетіліп тыныс алуды күшейтеді. Денедегі шеміршектердің икемділігін арттырады. Дем алудың минуттік көлемі қалыпты жағдайда 8-10 литр мөлшерінде ал тәуілігінде адам өкпесі 12-15 мың литр оттекті қабылдайды. Марафон жүгірісімен шұғылданатын спортшы минутына 160 литр ауа жұтады.
Дене шынықтырумен айналысу зат алмасудың барлық үрдісін жақсартатыны сөзсіз. Зәр шығару үрдісі көбейе түседі. Қан айналымы, ми айналымы күшейеді. Денсаулық артады, ғұмыр ұзаратыны сөзсіз.
Дене жаттығулары жамбас қуысына қанның іркіліп қалмауын үдетеді, геморроймен ауыратын адамдар мүлдем жазылып кетеді.
Қандай да болмасын, дене жүктемесі - склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамдардың психикасына да үлкен әсерін тигізетіні өмір тәжірбиесінен белгілі. Адамның психикасы жақсарғаннан кейін, оның жүйке жүйесінің күш-жігері артады. Ішкі сілкініс бездерінің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіншілік тудырады. Адам ағзасына жағымды эмоциялық құбылыстардың болуына әсер етеді. Дене шынықтырумен айналысуды бастайтындар үшін, көптеген әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары: жүріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастика және тыныс алу жаттығулары.
Оқушыларға арналған дене жаттығулары
ережелері
Жүктеме ағзаның табиғи мүмкіндіктеріне сайма-сай дәл елуі керек. Әр мезгілде өз мүмкіндік шамаңнан аспау керек. Қашан да болмасын өзіңнен жас немесе күшті балалармен бір топта жаттығудың қажеті жоқ. Бастапқы уақытта жалғыз өзің айналысқаның дұрыс. Көмекші, ақылшы достарың саған қажеті жоқ. Олар өздерін білгіш санап көңіл-күйіңізді бұзады. Ондай балалар өте көп. Адамдар бір-біріне ұқсамайтын биоәлеуметтік тұлға. Сондықтан да екі адамға жалпы биологиялық тепе-теңдік адекватты жүктеме өлшемін табу өте қиын. Бұл валеологиялық ерекгелік.
Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу тек қуаныш - бақыт сыйлау керек. Жаттығу ұзақтығы, немесе жасамау адамдардың көңіл-күйіне айналаны қоршаған сырқы орта факторларына байланысты болады. Дене шынықтыруды дағдыға айналдырған жөн. Тұрақты түрде дене жаттығуларымен балалардың ағзасына ол дағды түрде қалыптасып, әрі қарай дами түседі.
Валеологиялық жүетеме қашан да әр адамға нақтылы жағдайларда мейлінше ыңғайлы болғанын есте сақтаған дұрыс. Оптимумы немесе максимум - оларең үлкен нәтижелі валеологиялық жүктеменің белгілі өлшемдері. Нәтиже валеологиялық жаттығу өлшемдеріне тікелей байланысты деп атау орынды емес. Қалыпты тіршілік етуде денсаулықты сақтау белсенді ұзақ өмір сүру үшін аптасына 2000 килокалория энергия қуатын жүйелі түрде паайдалану керек дейді медиктер. 1 сағат баяу дене шынықтыру үшін жаттығу жасағанда 600 ккал энергия жұмсайтынын ескерсек, онда аптасына 3 сағат жаттығу немесе 3 жаттығу - бір сағаттан айналады. Валеологиялық жүктеме әсіресе жаттығатын алғашқы мезгілінде қажымауы және еңбекке қабілеттігі төмендеуі болмауы керек. Шамадан артық зорлану денсаулыққа кері әсерін тигізеді.
Денені шынықтыру жылдың қай мезгілінде болсын, ауа-райы қандай да болмасын үздіксіз жүргізген өте үлкен валеологиялық нәтиже береді.
Жүрек ырғағына қарай жүргізілетін жаттығулардың режимі
Валеологиялық жаттығуларды жүргізу үшін ең алдымен дәрігерлердің тексерулерінен өту керек. Оқушылар валеологиялық жаттығуларды өз бетімен жүргізбеу керек, өйткені жүйесіз жүргізілген валеологиялық жаттығулар балалар ағзасына кері әсер етуі мүмкін. Әдетте валеологиялық жаттығулар жүрек қызметіне қарай, оның соғу және жиырылу мүмкіншіліктеріне қарай жүргізілу керек екендігін валеолог-дәрігер ұйғарды.
Валеологиялық жүктемені жүзеге асыру шағында жүрек жиырылады 120-140 болса, ол жұмыс түгелінен аэробты болғаны, яғни оттекке қажеттілік деген сезім толығымен қамтамассыз етіледі. Балалар денсаулығы үшін оттек өте қажет фактордың қазіргі экологиялық жағдайлардың бұзылуы кезінде экологиялық таза оттекті табу оңай шаруа емес екендігі байқалып отыр. Әуеде оттектің қор жыл сайын азая түсіп, оның орнына көміртек көбейе түсуде. Қазіргі кезде жер шары бойынша 200-300 миллион автомашиналар бар. Басқаны қойып біздің оңтүстік астанамыз Алматыны алайық, қаншама автомобильдер бар. Олар жанармай пайдаланғанда қанша көмір қышқыл газын әуеге бөліп шығарады десеңізші, сондай-ақ зауыт, фабрикалар және басқадай өндіріс орындары биогенді заттарды отқа жаққанда қаншама көмірқышқыл газы ауға келіп қосылып отыратынын есептеп шығу мүмкін емес.
Валеологиялық жаттығу кезінде жүрек жиырылысы 1 минутта 140-170-ке дейін соқса онда бұл аралас аэробты және анаэробты режим болғаны. Ол дайындығы жақсы, дені сау балаларға, спортпен шұғылданатындарға, тіпті ересек адамдарға жақсы 60-70-ке келгендерге қолданылатынын Х. Қ. Сәтпаева және т. б. айтады. Педагогикалық тұрғыдан валеологиялық жаттығулардың нәтижесін төмен, орта және жоғары деңгейлерін көрсетпейді.
Валеологиялық жаттығу уақытында жүрек жиырылысының жиілігі 1 минутта 170-ден аспауы керек деп жазды Х. Қ. Сәтпаева және т. б. дәрігерлер ұйғарды. Ал жүрек жиырылуы 170-тен асып кетсе, онда ағза анаэробты жағдайда болғаны. Ағза оттекке өте мұқтаж болады. Дер кезінде оттек берілмесе, ағза бірнеше өзгерістерге ұшырайды.
Валеологиялық жаттығуларды бірден бастап кетпей, біртіндеп өткізу керек. Бұл кезде мұғалім өзі балаларға үлкен көмекші ретінде саналады. Ол дәрігерге белсендік көрсетеді. Өйткені барлық мұғалімдер мектеп гигиенасынан жоғары оқу орындарында дәріс алған. Медицинадан аз да болса хабары болады. Өйткені оқушылар арасында жүріп, оқушыларға бірінші жедел мидициналық көмек көрсетуге олардың педагог ретінде құқығы бар. Жүрегі жиырылуы жиілігінің өсуіне сәйкес месталалық қан көлемі артады, ол өзінің ең үлкен өлшеміне пульс 130-болғанда жетеді.
Дайындығы төтенше дамыған денсаулығы күшті, дәрігерлердің бақылауында болған спортшылардағы қан айналымының дұрыс өтуіне байланысты. Бұдан шығатын жағдай мен қорытынды жаңа валеологиялық жаттығуларының басталуы 1-ші режимде өтуі керек, яғни жүрек соғысы 120-140 шамасында болу керек.
Валеологиялық дене шынықтыруды бастаушы - оқушы ең алдымен өз ағзасының валеологиялық жаттығу деңгейін білу керек. Осыдан шығатын қорытынды "өзіңді өзін тани аласың ба?" - деген қағида бар. Адамдар олардың ішінде жас жеткіншектер әрқашанда өзін-өзі тани білмейді. Өйткені ол өте киын психологиялық үрдіс. Валеолог-дәрігерлердің жүргізген зерттеулерінің қорытындыларына қарағанда, дене жүктемелері, олардың қуаты барынша мүмкін болу шектің 50-60% құрайтын болса, онда жүрек ағзасының қорғаныс қабілетін және гормондық әсерін демеп ұшқырлайды. Ал валеологиялық жүктеме 60-85%-тік жағдайда болса, онда бұл функцияның төмен түсуіне әкеп соқтырады, Демек, белсенді валеологиялық қозғалыс режимінің негізін өлшенген мөлшерде валеологиялық дене шынықтыру жаттығуларын жүргізе беруге байланысты айқындала түседі. Оқушылардың өзін-өзі бағалау әдістерінде пайдалануға болады. Егер оқушы табиғи қалып жағдайыңыз бойынша төмен бола, онда валеологиялық жаттығуларды 30-40 минуттан артық жасатпау керек. Жүрек қызметінің соғуы 140 аспауы керек. Аптасына 2-3, немесе 3-4 рет валеологиялық жаттығуларды жасау керек.
Денсаулық психологиясы
Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
"Салауатты өмір сүру салты" деген түсінік тек үстіртін көзқарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz