Саяси қақтығыстар


Мазмұны

Кіріспе . . .

I. Тарау

Мемлекетіміздің ұлттық басылымдарындағы саяси қақтығыс мәселелері.

  1. Саяси қақтығыстардың теориялық және тәжірибелік қыры……. .
  2. БАҚ - тағы саяси қақтығыстардың көрініс табуы (Заң газеті, Азаттық радиосы. ) . .

II. Тарау

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі саяси проблемалардың айқындалуы

2. 1 XXI ғасырдағы саяси қақтығыстардың бейнеленуі

2. 2 Саддам Хусейн, Муаммар Каддафи - саясат аренасындағы әрекеттері. .

Қорытынды.

Сілтемелер . . .

Пайдаланылған әдебиеттер.

Косымша . . .

К І Р І С П Е

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Саяси қақтығыстардың қайнар көзі әдетте саяси қайраткерлердің рөлдері мен мәртебелерінің әртүрлілігінен туындайды. Қазіргі саясатты және саяси құрылымдарға қысым жасау саяси қақтығыс кезіндегі жетекші стратегия болып табылады. К. Маркс саяси қақтығыстарда барлық саяси процестің өзегін көрсе, А. Токвиль демократия қақтығыс пен күштердің арасындағы тепе-теңдікті көрсететін туралы идеяны бірінші ұсынды. Халықаралық саяси қақтығыстардың мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті тақырыпқа айналып отыр. Саяси салада қақтығыстарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы - халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз етеді. Египеттегі ел басшылығына наразылық шеруі, Каирды мародерлер мен тонаушылар жайлап алғаны, демонстранттар назарын аударып отыр. Сонымен қатар, Израильдің Иранмен текетіресі соғыс өрті қршігелі тұрған аймақты тас талқан етіп, біржолата күйрету мүмкін екендігі көрсетіледі. Бүгінгі таңда тақтан кеткен Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің де әрекеттері баяндалады. Диктатор Муаммар Каддафидің де саясаттағы бейнесі баяндалады.

Жаһандық актуальді проблемалардың баспасөздегі бейнесі «Заң» газеті мен «Азаттық радиосының» электронды нұсқасында айшықты көрсетілген. Дүние жүзі елдеріндегі қақтығыстар биліктегілерді ғана емес, бұқара халықтың да назарында.

Бітіру жұмысының өзектілігі.

Қазіргі таңда саяси қақтығыстар баспасөз беттерінде көптеген мақалаларқалың бұқараға ұсынлып, оларды адастырып, қоғамға үлкен қауіп төндірді. Жаһандық қақтығыстарды әр мемлекет өз көзқарасы төңірегінде жазып, өз ұстанымдарын бейнелейді. Күрмеуі қиын мәселелерді түсіну барысында екі жақты пікір туындайды. Бірі - ақтаса, екінші жағы қаралайды. Бітіру жұмысында саяси қақтығыс тақырыбының кәсіби деңгейде жазылуы мен оның проблемаларының мерзімді басылымдарда қаншалықты көтеріліп жүргенін анықтау мен шешу жолдарын сараптау - зерттеу жұмысының өзектілігі.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Бітіру жұмысының мақсаты - саяси қақтығыстардың баспасөз беттерінде қаншалықты деңгейде жазылу барысын анықтау.

- шетел ақпарат көздерінен алынған материалдарға шолу жасап, мақала жазу барысындағы отандық журналистеріміздің ұстанымдарының болуы;

- проблемаларды айқындап, шешу жолдарын көрсету;

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

«Қазақстан және шетел баспасөзіндегі саяси қақтығыстардың бейнелену ерекшеліктері» тақырыбын ашу үшін «Жас Алаш», «Азаттық радиосының» электронды нұсқауындағы материалдар негізінде, «Абай-ақпарат», «Заң» газеті және интернет сайттарына жүгіндік.

Зерттеу жұмысының нысаны.

Саяси қақтығыс тақырыбының баспасөзде жазылуы, отандық ғалымдардың ғылыми оқу-әдістемелік құралдарын, мақалаларын, интернет жарияланымдарын ғылыми тұрғыдан талдап, сараптау-жұмыстың басты нысаны.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Жұмыста еліміздің басылымдарындағы әлемдік саяси қақтығыстардың баспасөз беттерінде жазылу деңгейін сараптап, саяси қақтығыстардың жазылу барысындағы бағытын анықтап, оның саясатқа тигізетін әсерін талдау.

Зерттеу тәсілдері.

Отандық баспасөзге шолу жасалып, кешенді және талдамалы әдістері, яғни сараптау, жүйелеу, сипаттау, салыстыру әдістері қолданылды.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық Л. С. Ахметова «Конфликтология» (Алматы, 2003) Исмуханова Г. «О пользе и вреде конфликтов в обществе» (Москва, 1995), Волков Ю. Г., Мостовая И. В. «Социология» (Москва, 1995) Харгева В. «Основы социологии» (Москва, 1998), Д. Джамбылов «Саясаттану» (Алматы, 1999), Т. Мустафин «Политология» (Алматы, 2000) сынды саясаттану теориясын зерттеу ғылыми теориялық еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар, «Жас Алаш», «Заң» газеті басылымдарының материалдары мен «Азаттық радиосының» электронды нұсқасындағы материалдар қарастырылды.

Бітіру жұмысының құрылымы.

Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер, сілтемелерден тұрады.

I - тарау

Халықаралық саяси қақтығыстар мәселесі

  1. Саяси қақтығыстардың теориялық және тәжірибелік қыры

Шиеленіс - деп әрбір қарсыжақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін елеулі келіспеушілікті өткір таласты айтады.

Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы б. з. б. VII -VI қытай фәлісафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң яғни (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлісафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың айшылықтары мен күресін жоғары бағалады.

Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген марксизм. Маркс пен Энгельс «Комунистік партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастиер мен кіші мастер, қысқасы езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антагонист бірде жасырын, бірде айқын түрде үздксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялқ түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын » деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді.

Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызады. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған.

60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф «қоғамның дау-дамайлық үлгісін» алға тартты. Ол «Индустриялдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер » деген еңбегіндегі билікті бөлуге байланысты адамдар арасындағы теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді деген.

Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг «шиеленістің жалпы теориясын » жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыпты реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімдікке озбырлыққа әкелетін қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.

Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар : ең бірінші , жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілер оған бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: «Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз» дейді.

Шиеленістің екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждықтың, талап-тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады.

Үшіншіден, адамдар өздерінің белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы Ресейдің кейбір халықтары, солтүстік Италиядағы католиктер, Канадағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с.

Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістердің себебін адамдар санасынан іздейді. Мысалы, жеке адамдар мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктер сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтиже күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. б.

Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.

Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезінетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өзінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін: билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсінгенде, өз еріктерімен билік орнатқанда. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынандай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әртүрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық қақтығыстары болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кемиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетті күйден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты. Қақтығысты болдырмас үшін Қайта өркендеу дәуіріне дейін ұзақ уақыт бойы дәстүрлі қоғамда жабайы, дөрекі түрінде ұжымның діни идеялары қолдау тапты. “Жақсылық” сыйлап, адамды құдай жасаған деген библиялық ойлар таратылды. Алғашқы күнәні адам жасағандықтан, ол міндетті түрде жердегі өмірде “жамандыққа” кездеседі. Феодалдық жағдайларда ұжымның христиандық идеясы тұлғаны басу үшін күшті тетік жасаған. Алайда орта ғасырдағы (VІІ-XVІ ғғ. ) жеке-даралық идеялары тәртіпсіздіктерді, бүлік пен қан төгісті соғыстарды өткір сынға алған Томас Мор, Френсис Бекон, Эразм Роттердамский т. б. сияқты әр түрлі бағыттағы ғалымдардың еңбектерінде кеңінен дәлелдене бастады. Олар қоғам дамуының факторы ретінде адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді жақтады.

Біршама басқа көзқарасты Томас Гоббс және Джон Локк ұстанды. Олар әлеуметтік жүйенің дамуын бағалағанда басымдықты қоғамға емес, тұлғаға беру керек, өйткені адамдар бір-бірімен қоғамдық байланыста болғандықтан, бір-біріне дұшпан ретінде немесе дос ретінде шығады. Жеке адамдардың барлық талаптарын қанағаттандыру мүмкін болмағандықтан, қоғамда жанжалдық жағдай пайда болады. Бірақ қақтығысты адамдардың табиғи ерекшеліктері көмегімен емес, қатаң шара қолдану жолымен - “қоғамдық келісімді” бұзғаны үшін жазалау немесе қорқыту жолымен шешу керек деп санайды.

О. Конт қақтығыстың негізгі себебін еңбек бөлінісі мен кооперациясынан, капиталдың аз адамдар қолында жинақталуы мен ел тұрғындарының көпшілігін қанаудан, ең бастысы адамның табиғи сезіміне - ынтымақтастық пен келісімдікке кері әсер еткен өзімшілдік моральдың пайда болуынан көрді.

К. Маркс қақтығыстың қайнар көзін адамдардың өздерінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін болатын күресінен көрді. Мәселенің қойылуына сәйкес қоғам экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық сияқты әлеуметтік кіші жүйелерден тұратын тұтастай интегралды жүйе ретінде көрінеді. Олардың барлығы бір-бірінен объективті тәуелділікте және келісімде болады. Ең маңызды рөлді негізгі жеке меншікке қатысты белгілі бір факторы мен материалдық өндіріс болып табылатын экономикалық кіші жүйе алады. Әлеуметтік жүйенің өзгеруі үдемелі қоғамдық дамудың алдындағы кезеңінде жинақталған, қарама-қайшылықтарды шешу нәтижелері ретінде оның басқа күйге ауысуын білдіреді. Басты жанжал “тарихтың сүйреушісі” ретіндегі таптық күрес болып табылады.

М. Вебер көзқарасы бойынша, қоғам - бұл бір-біріне қарсы бағытталған әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын адамның өзара әрекеттестіктері. Бұл артықшылыққа ие мәртебелі топтардың жағымды және жағымсыз әрекет ететін сахнасы. Материалдық және жетілген мүдделер қақтығыстар жағдайында өзінің әсерін сақтау, керек десеңіз нығайту, өзінің экономикалық көзқарасын және өмірлік бағыттылығын сақтап қалу оларды алаңдатып отыр. Көріп отырғанымыздай, Вебер пікірі бойынша, әлеуметтік әрекеттің субъектісі жалпы қоғам емес, қандай да бір мәртебемен байланысты жеке адам болып табылады. Оның ойынша, капитализм - бұл жаңылыс бермейтін, әр жеке адам өзінің меншікті орнына ғана ие болатын жақсы орныққан машина. Осындай қандай да бір ауытқулар болуы мүмкін емес, яғни қақтығыстар да болмау керек. Бірақ бұл жетілген үлгі тәжірибеде дәлелденбеді, өйткені әлі күнге дейін қатаң жаңылыс болмайтын, тиісінше жанжалдар үшін құнарлы негіз болмайтын әлеуметтік ұйымды ешкім ойлап тапқан жоқ.

Басқа атақты неміс ғалымы Г. Зиммель, қақтығыс алауыздықтың бір түрі болса да, сол мезетте адамдарды біріктіретін және қоғамды тұрақтандыратын біріктіруші күш болып алға шығады деп санады. Қақтығыстанудың қалыптасуына П. Лавров, Н. Михайловский, М. Бакунин, П. Кропоткин, П. Ткачев, М. Ковалевский т. б. орыс ғалымдары да өз үлесін қосты. Оның ішінде, П. Лавров пен Н. Михайловский өрлеудің қозғаушы және тиісінше өлшеуші тұлғасы оның өзіне теңдес кооперациясындағы жан-жақты дамуы деп санады. Осыдан келесідей тұжырымдар жасалды: қоғам мен тұлғаның арасындағы қақтығыстардың алдын алуға болады, өрлеуге өмір сүру үшін күрес емес, көп деңгейде адамдардың ынтымақтастығы мен өзара көмектесулері, әлеуметтік ортаның, тұлғаның қажеттіліктеріне бейімделуі қызмет етеді.

Атақты ресейлік-американдық әлеуметтанушы П. А. Сорокин өзінің көптеген еңбектерінде бұл мәселені айналып өткен жоқ. Әлеуметтанудағы “әлеуметтік-мәдени мектептің” өкілі ретінде ол - аталған жеке адам туылатын, өсетін қоғам мен мәдениетті білусіз оның ешқандай жеке белгілері - идеялар, діншілдік, талғам, құмарлық, сенім және жек көрушілікті шақыратындар - түсінікті бола алмайтындығына көңіл аударды. Мұндай білімсіз адамның мінез-құлқын, әдет-ғұрпын және ойлау үлгісін тануға болмайды. Ал жанжалға келер болсақ, ол адамның қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты, оның қайнар көзі көбіне адамдардың базалық қажеттіліктерін басуда.

Осылайша, ХХ ғасыр басына таман қақтығыс кәдімгі әлеуметтік құбылыс ретінде ғалымдар тарапынан мойындалды. Қақтығыс әлеуметтануының дамуында Ральф Дарендорф (Германия) және Льюс Козер (АҚШ) үлкен рөл атқарды. Өзінің “Әлеуметтік қақтығыстардың қызметтері” атты кітабында Л. Козер жанжалды “құндылықтар мен белгілі бір мәртебеге, күш пен ресурстарға ие болу үшін күрес”, қарсы адамдардың мақсаттары қарсыласты тоқтату, зиян келтіру немесе көзін жоюға жететін ретінде сипаттады. Ол әлеуметтік қақтығыс қоғамдық жүйенің тұтастығын бұзады, бірақ қоршаған ортаға қатысты әлеуметтік құрылымды аса икемді қылады деп көрсетті. Ол әлеуметтік қақтығыстарды деструктивтік фактор ретінде емес, әлеуметтік дамудың, керек десеңіз, топаралық жанжал процесіндегі топтың әлеуметтік шоғырлану импульсі ретінде дәлелдейді.

Функционализм көзқарасында қала отырып, Козер өзінің еңбектерінде қоғамдағы жеке адамдардың ынтымақтастығына баса назар аударды.

Бұған мүлдем қарама-қарсы көзқарасты неміс әлеуметтанушысы Р. Дарендорф ұстанды. Ол үшін қақтығыс - қақтығыс әлеуметтануының орталық санаты болып табылады. Адамзат қоғамы, оның пікірінше, қақтығысқан екі жақтың (таптар) арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі ретінде дамиды. Қақтығыстар шарасыз және қажетті. Олардың болмауы - “таңқаларлық және жат” құбылыс. Ол таптық антогонизм туралы марксшілдік білімді дұрыс деп мойындады, бірақ бұл антогонизм ХІХ ғасырда Батыс Еуропаға тән болған деп санады. Ал ХХ ғасырдың постиндустриалды қоғам жағдайында плюрализм және демократия принципі бекітілген кезде әлеуметтік жанжалдың “арнаулы” механизмдері жасалады. Ол қақтығыстарды реттеудің (шешудің емес) жеңіл нысандары. Қақтығысты “шешу”, яғни оны толығымен жою. Ал бұны істеуге болмайды, олар барлық иерархиялық жүйенің салдары ретінде барлық жерде өмір сүреді. Алайда бұл оларды реттеуге болмайды дегенді білдірмейді. Бұл үшін кем дегенде үш жағдай болу керек: біріншіден, құндылықтық ұстанымның бар болуы, өзгешелікті мойындау және қақтығысқандардың қарсы тұруы; екіншіден, тараптардың ұйымдасу деңгейі ұйымдасу дәрежесінен қаншалықты жоғары болса, келісім-шарттардың орындалуы және келісімге жету оңай болады; үшіншіден, белгілі бір ереженің өзара тиімділігі, оларды орындау жанжалға қатысушы тараптар арасындағы қатынастарды сақтауға немесе ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Қақтығысқа қатысты өзіндік көзқарасты атақты француз әлеуметтанушысы Ален Турен ұстанды. Оның пікірінше, барлық өзгерістердің механизмі қоғам субъектілерін басқару мен жалпы мәдени бағыттылығынан болатын олардың, яғни әрекет етуші адамдардың арасындағы қақтығыс болып табылады. Қақтығыс әлеуметтік және мәдени ұйымдар деңгейінде, яғни тәртіп бар жерде өмір сүреді. Олай болса, оның таласы үнемі болады. Қоғамдық емес оқиға адамдардың санасы мен әрекетін басқарады, ал оның өзі мәдени инновациялар мен қоғамдық қақтығыстардың мағыналы жағы. Әрбір әрекет етуші өз әрекеті саласын басқаруға ұмтылатын кезде ғана өзін шынайы қоғамдық қақтығыс ретінде дәлелдейді.

Бүгінгі таңда қақтығыс теориясы саласындағы атақты маман, американ әлеуметтанушысы және экономисті Кеннент Боулдинг. Оның пікірінше, қақтығыс саналы, жетілген қарама-қайшылықтарды және мүдделер қақтығысын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қақтығыс - бұл басқа жақтың ниетін жоқ қылатын көзқарасқа ие болуға ұмтылатын олардың потенциалды көзқарастары немесе күйлерінің сәйкессіздігі туралы екі жақтың бір-біріне ақпарат бергенде болатын оқиға. Оның қақтығыстану тұжырымдамасының маңызды жағы - биологияланған, әлеуметтік-дарвинистік көзқарасы: оның пікірінше, адамның табиғатында өзіне ұқсас күреске және үздіксіз болатын өшпенділікке, зорлықтың күшеюіне ұмтылу бар және әлеуметтік қақтығыс жалпы ережелер бойынша дамиды, сондықтан оларды ескеруге де, жеңуге де болатыны дәлелденген. Бұл үшін үш сәтті есте сақтау керек: қарама-қайшылықтардың пайда болу себебін түсіну, оларды жоюдың келісілген әдістерін саналы таңдау, адамдардың өнегелі жетілуі.

Біршама ұқсас көзқарасты неофрейдтік бағыттың (батыс ғалымдары) жақтастары ұстанады. Олардың ойынша, қақтығыстың себептері қоғамдағы тұлғаның құндылықтары мен шынайы күйінің арасындағы жоғары қажеттіліктері мен оларды қанағаттандырудың мүмкін еместігі арасындағы айтарлықтай қарама-қайшылықтарда жатыр.

Психологтар қақтығыстар табиғатын басқаша түсіндіреді. Олар тұлғаның жан-жақты мінез-құлқын психологиялық факторларға тәуелді етіп қояды. З. Фрейд адамдардың негізгі құштарлығы, бірінші кезекте, жыныстық бейіммен байланысты деген идея ұсынды. Алайда адам табиғатының қақтығыстар мәселесіне мұндай көзқарасын Фрейдтің сенімді серіктестері мен шәкірттері де қабылдамады. Мысалы, Австрия психологы Альфред Адлер Фрейдпен барлық қатынасын үзе отырып, тұлғаны қоғамнан бөлектеуге болмайды, бұл биосексуалды емес, әлеуметтік тірі организм екенін айтты.

Қақтығысты жіктеу:

Әлеуметтік қақтығыстың көптеген түрлері бар. Әлеуметтік тұрғыдан талдаудың ыңғайлылығы үшін, қақтығыстың өзіндік ерекшеліктерін зерттеу үшін олардың жіктелімі мен жіктелуі қажет.

Қоғамдық ұйымдарға сәйкес қақтығыстар келесі деңгейлерде пайда болады:

1 жеке адам;

2 әлеуметтік топ;

3 топтар;

4 әлеуметтану жүйелері;

5 жалпы қоғам.

Көптеген ғалымдардың бағалауы бойынша, әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар мен институционалды қақтығыстардың қайта жасалуына негіз болатын әлеуметтік институттар жоқтығынан олардың аса ірі қақтығыстарға ұласуы маңызды сипат алып отыр.

Зерттеу барысында әлеуметтік қақтығыстардың үш үлгісі бөлініп шығады:

Либералдық.

Авторитарлық-консервативтік.

Социалистік.

Либералдық үлгі - топтық мүдделердің қақтығысына негізделеді. Авторитарлық-консервативтік - жетекшілік ететін элита мен бұқараны қарама-қарсы қоя отырып, либералдық, парламенттік демократия сынына негізделген. Социалистік үлгі қоғам мен мемлекетті қарсы қоюдан терең таптық қақтығысқа дейін барады.

Қақтығыстардың күшею себебінің сипаты бойынша олар негізгі үш топқа бөлінеді:

1. Өмірлік құралдардың себептері бойынша қақтығыстар немесе қажеттілік қақтығыстары.

2. Жанжал мүдделердің қақтығысуы ретінде.

3. Құндылықты қақтығыстар.

Қақтығыстардың күшеюінің негізгі салалары рухани және экономикалық, этносаралық қатынастар болып табылады. Саяси саладағы қақтығыс билік пен жауапкершіліктің сәйкессіздігі салдарынан саяси мүдделердің, құндылықтардың және көзқарастардың қарама-қайшылығына негізделген саяси субъектілердің алысуы мен қақтығысуы болған кезде пайда болады. Бұл субъектінің басқалармен саяси қатынас жүйесіндегі ықпал үшін, көпшілікке маңызды шешімді қабылдауға қол жеткізу үшін, бір сөзбен айтқанда, саяси үстемдік пен билік қуудың бәрі үшін күрес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі орны
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Дін конфликтінің туындауына әсер ететін факторлар және дінаралық конфликттердің себептері
Саяси шиеленістер мен дағдырыстар
Басқа ұлттық қозғалыстардан алған үлгі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болу себептері
Әлеуметтік шиеленістердің себептері
Топтар арасындағы қақтығыс
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz