Сыртқы сауда туралы


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 3
- СЫРТҚЫ САУДА ТЕОРИЯСЫ . . . 5Сыртқы сауда және оның түсінігі . . . 5
1. 2 Сыртқы сауданың қажеттігі. Д. Рикардоның салыстырмалы
артықшылық теориясы . . . 9
- Сыртқы сауда қатынастарындағы айырбас бағамы . . . 10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ҚАТЫНАСТАРЫНА ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 14
2. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қатынастарындағы
айырбас бағамы және төлем балансы . . . 14
- Қазақстан Республикасының экспорт және импорты. Сыртқы сауда
айналымы . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ҚОСЫМША . . . 28
ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасының қазiргi кездегi дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесiнiң күшейген кезеңiнде жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлiк қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндiрiстiк өнеркәсiптi кооперациялауға, бiрiккен кәсiпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсiптiк кешендердiң қызметiнiң дамуына алғы шарттар жасайды.
Айта кететiн жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерiнiң арақатынасындағы стиль де өзгердi. Қазақстан ТМД елдерi мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзiнде белгiленген сауда-құқықтық негiздерiне, сауда және тариф жөнiндегi бас ассоциация ұйымының принциптерiне сүйенедi. Саудадағы әр түрлi лицензия түрiнде квота, баж салығы, т. б. кедергiлерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.
Қазір отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Елде өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады.
Осы аталған тиімсіз даму формасы болып отырған экономиканың шикізаттық бағытынан экономиканың индустриялы-инновациялы түріне көшу елдің ішкі саясаттарымен қоса, сыртқы экономикалық қатынастары мен әрекеттеріне де тікелей байланысты болып табылады. Себебі, сыртқы сауда, халықаралық капитал қозғалысы, ашық экономика, шетел инвестициялары, капитал және тауардың халықаралық ағымдары, дамыған елдердің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты талдау бүгінгі тақырыптың өзектілігі болып табылады.
ТМД шеңберінде бірінші қатарға еркін сауда аймағы - интеграцияның алғашқы сатысы қалыптасып, шыға бастады. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы да жемісті жұмыс істеуде. Достастық елдері 1998- жыл бойы 12 мемлекет шеңберінде еркін сауда аймағының перспективалары туралы таласумен жүргенде, бұлардың төртеуі еркін сауда аймағы пайдалы деген шешімге келген болатын. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның бірлескен мәлімдемесінде еркін сауда аймағын кезең-кезеңімен ортақ экономикалық кеңістік қалыптастырудың жанды тетігі ретінде бағаланады. Енді олар ортақ қызмет көрсету, тауарлар және капитал рыногын құратын болады.
Қазiргi кезде жалпы экономикалық бiрiгудiң әр түрлi жолдары бар екенi белгiлi болды: ТМД елдерiмен екi жақты келiсiмдер негiзiнде, көпжақты келiсiмдердi тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды iске қосу. (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) . Сыртқы сауданы либеризациялау және оның еркiн iс-әрекетiне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етедi.
Кеңес Одағының құлауы, қиын жағдайлар мен сыртқы-экономикалық дағдарысқа әкелiп соқтырды. Осыған қарсы бағдарламаны жасап шығаруға үкiметке негiз болды. Оның негiзгi мақсаты: нақты рыноктық механизмнiң және әлеуметтiк бағытталған экономиканың қалыптасуы.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
- макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткiзу және инфляциямен күрес;
- меншiк қатынастарының өзгеруiн тездету;
- бәсекелестiк нарықтық ортаны және нарықтық инфрақұрылымды құру,
кәсiпкерлiктi белсендендiру;
- тиiмдi сыртқы сауда саясатын жүргiзу;
- экономикадағы құрылымдық өзгерiстер және оларды мемлекеттiң қолдауы;
- қоғамның кедей тұрғындарына бағытталған әлеуметтiк саясат;
- шаруашылық мiндеттердi шешу, сонымен қатар, болжау, есепке алу және
бақылау функцияларының нығаюында мемлекеттiк реттеудiң қосымша
әдiстерiнiң күшеюiне мемлекеттiң тiкелей араласуының әлсiреуi.
Сыртқы сауда саясаты - мемлекеттің басқа елдермен сауда қарым-қатынасына мақсатты түрде әсер етуі. Оның мақсаты :
- Экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
- Елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
- Экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының құралдары дегеніміз - нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және шығынын азайту мақсатында әсер ету тәсілдері.
Оларға:
- Тарифтік кедергілер;
- Тарифтік емес кедергілер жатады.
Жалпы алғанда, сыртқы сауданың дамуы еліміздің экономикасының дамуын жақсартады. Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасы сыртқы сауда қатынастарына тән сипаттамасы” деп алдым.
Тақырыптың өзектілігі макроэкономикалық тұрғыдан айтқанда экономиканы жабық және ашық экономика деп қарастыруға болады. Ашық экономикада негiзгi макроэкономикалық теңдеуге экспорт пен импорт ұғымдары қосылады. Мұның мағынасы бiр елдегi артық тауарлар мен қызметтердiң екiншi бiр сол өнiмдерге сұранысы туып отырған елге экспортталуымен және басқа қажеттi өнiмдердi импорттаумен байланысты болып отыр.
Жұмысты орындаудағы негізгі мақсат сыртқы сауда қатынастарын және оның элементтерін макроэкономикалық талдау және ҚР-ның бүгінгі таңдағы сыртқы сауда жағдайы мен сауда баланстарына талдау жасау болып табылады.
1 СЫРТҚЫ САУДА ТЕОРИЯСЫ
- Сыртқы сауда және оның түсінігі
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж. Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланы, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ». /1, 27б. /
Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткенi халықаралық экономикалық қатынастардың негiзiн сыртқы сауда құрайды. Ашық экономиканың маңыздылығы қазiргi уақытта экспорт пен импорттың көлемi ЖҰӨ деңгейiне, жұмысбастылыққа тiкелей әсер етедi. Бұл көрсеткiштер жалпы макроэкономикалық теңдестiкке әсерiн тигiзедi.
Экспорттық салалардағы өндiрiстiң өсуi шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттiң тауарларына сұраныстың өсуiн көрсетедi, бұл қарастырылып отырған мемлекеттiң ЖҰӨ көлемiн өсiредi. Керiсiнше, импорттың өсуi шет мемлекеттердiң тауарына сұранысты өсiредi, бұл жағдай ЖҰӨ көлемiн кемiтедi. / 2, 400б. /
Ашық экономиканың жабық экономикадан ерекшелiгi жабық экономикадағы макроэкономикалық көрсеткiштерге ашық экономика көрсеткiштерi қосылады. Мысалы, экспорт пен импорт, әлемдiк пайыз қойылым және айырбас бағамдары.
Меркантелистердiң өздерi елдiң дамуы үшiн iшкi экономикалық қызметтермен қатар сыртқы экономикалық сауданың орнының ерекше екенiн атап көрсеткен. Қазiргi халықаралық экономикалық қатынастарда әр ел өзiнiң экономикалық жағдайына байланысты әлемдiк шаруашылыққа әр түрлi әсер ете алады. Республикамыз ендi ғана экономикасы жанданып келе жатқан тұста әлемдiк экономикға әлi де өз әсерiн тигiзе алмайды. Сондықтан ол әлемдiк стандарттар бойынша қызмет етедi, яғни экономикалық жағдайы әлемдiк өзгерiстерге тәуелдi. Ал мұндай экономиканы макроэкономикада кiшi ашық экономика деп атайды. Осы кiшi ашық экономкианың макроэкономикалық талдауларын тиiмдi жүргiзiп, тиiмдi қолдана бiлсек елiмiздiң болашағы жарқын болмақ.
Ашық экономикада ұлттық табысты есептеу келесi теңдеумен берiледi:
Y = C + I + G + ( E X - I M ) (1)
Мұндағы:
Y - өнiм көлемi;
С - тауарлар мен қызметтердi тұтыну;
I - инвестициялар;
G - мемлекеттiк шығындар;
( E X - I M ) - экспорт пен импорт айырмасы сальдосы. Бұл таза экспорт N x -тi бередi. / 3, 356 б. /
N x - ашық экономикадағы негiзгi компонент болып табылады. Ол мынаған тең деп белгiленедi:
N X = Y - ( C + I + G ) (2)
Бұл теңдеу ұлттық шоттың негiзгi тепе-теңдiгi болып табылады. Мысалы:
Y > C + I + G => N x ↑
Y < C + I + G => N x ↓
Ендi халықаралық капитал қозғалысы шоты мен ағымдағы операциялар шотына нақты келетiн болсақ тағыда негiзгi макроэкономикалық теңдеуге келемiз.
Y = C + I + G + ( E X - I M ) (3)
Бұдан келесi теңдеудi шығарып аламыз:
Y - C - G = I + N X (4)
Бұл теңдеудiң сол жағы көрiп отырғанымыздай ұлттық жинақты бередi. Осылайша, ұлттық жинақ iшкi инвестициялар мен таза экспортты қаржыландыруға жұмсалады.
S = I + N X (5)
Мұндағы:
S - ұлттық жинақ.
Осы көрсеткiштердi теңдiктiң бiр жағына шығарып, нолге теңестiргенде ағымдағы операциялар шоты мен капитал қозғалысы шотының негiзгi теiдеуi шығады. / 4, 339 б. /
( I - S ) + N X = 0 (6)
Бұл теңдеу ұлттық есептегi халықаралық шоттардың байланысын, яғни (I - S) капитал қозғалысы шоты мен N X халықаралық тауарлар мен қызметтер ағымы арасындағы. Мысалы, ( I - S ) оң сальдо болса, онда N X екеуi нолге тең болу үшiн терiс сальдо болу керек. Бұл жерде екi жағдай болуы мүмкiн:
1. I > S, мұнда инвестиция сұранысы көп, ұсынысы аз дегендi көрсетедi. I - капитал немесе инвестиция сұранысы, ал S - капитал немесе инвестиция ұсынысы. Онда екi шара қолданамыз: әлемдiк экономикадан дайын өнiмдер аламыз немесе екiншi шара қаржыны несиеге аламыз.
2. I < S, мұндай жағдайда ұлттық экономикада жинақтар көбейiп, сыртқы инвестицияларға сұраныс азаяды және экспорт өседi. / 1, 512 б. /
Кiшi ашық экономикада басты экономикалық шарт әлемдiк пайыз қойылым r * = r болып табылады. Өйткенi кiшi ашық экономика әлемдiк экономикаға әсер ете алмайды, сондықтан iшкi пайыз қойылым әлемдiк пайыз қойылымға тең болу керек.
Ашық экономика моделiнiң шарттары:
- Y = Y = F ( K, L ) ;
- C = C ( Y - T ) ;
- I = I(r) ;
- r = r*
Сонда N х тек қана инвестицияға әлемдiк пайыз қойылымның өзгеруiне байланысты болады. Оны келесi теңдеуден көру болады:
N X = ( Y - C - G ) - I (r*) (7)
Мұндағы:
r* - әлемдiк пайыз қойылымы.
Осы теңдеу жинақ көлемдi және инвестиция көлемiн немесе капитал қозғалыс шотын және ағымдағы операциялар шотын қандай элементтер анықтайтынын көрсетедi. Ол ең бiрiншi ұлттық жинақтың бюджеттiк салық саясатына байланыстылығы. Мысалы, G↑, Т↓ ондай жағдайда ұлттық жинақ S көлемi де азаяды.
Екiншiден инвестиция көлемi немесе сұранысы көлемi. Бұл көрсеткiш I→ r*. Ендi осыны 1-шi суретте көрсетейiк. / 5, 574 б. /
r* S
r*
r 0 I (r*)
I, S
80 100
Сурет 1 - Инвестиция кiшi ашық экономикадағы негiзгi өзгерiп отыратын көрсеткiш
Мұндағы:
r 0 - iшкi пайздық қойылым;
r* - әлемдiк пайыздық қойылым.
Бұл график бойынша әлемдiк пайыз қойылымы iшкi пайыз қойылымынан жоғары болып тұр, яғни бiздiң инвестициялық сұранысымыз азаяды және ұлттық инвесторлар сыртқа шыға бастайды. / 6, 579 б. /
Капитал қозғалысы шотына және ағымдағы операциялар шотына әсер ететiн факторлар немесе саясаттарына iшкi бюджеттiк салық саясат, шетелде жүргiзiлетiн бюджеттiк-салық саясаттары және инвестиция сұраныстың өзгеруi жатады.
- Iшкi бюджеттiк-салық саясатының әсерi. Мысалы, G↑, T↓ деп алайық. ( Сурет-2) / 6, 737 б. /
r* S 2 - I S 1 - I
r 1
r=r* I (r*)
I, S I = S
Сурет 2 - Iшкi бюджеттiк-салық саясатының G↑, T↓ кездегi әсерi
а) G↑ өссе S↓, яғни I > S онда N x терiс болып келедi.
ә) T↓ → ( Y - T ) ↑ → C↑ → S↓ жағдайлары орын алады.
G↑, T↓ - экспанция бюджеттiк салық саясаты, ал G↓, T↑ - рестрикция бюджеттiк салық саясаты деп аталады. / 3, 364 б. /
- Шетелде жүргiзiлетiн бюджеттiк-салық саясаты.
Шетелдiк саясаттар кiшi ашық экономика болғандықтан ұлттық экономикаға өз әсерiн тигiзедi. Шетелдiк мемлекеттiк шығындар өссе G↑ онда олардың жинақтары азаяды да, шетелдiк пайыз қойылымы өседi. Ұлттық инвесторлар сыртқа шыға бастайды, соның есебiнен таза экспорт өседi.
- Инвестиция сұраныстың өзгеруi. Мысалы, iшкi экономикада мемлекет салық жеңiлдiктерiн енгiзедi деп есептейiк.
r* S
r 1
I 2 (r*)
r* I (r*)
I, S I=S
Сурет 3 - Iшкi экономикада жеңiлдiктердiң енгiзiлуi
Мұндай жағдайда ұлттық экономикада инвестиция деген сұраныс артады, iшкi пайыздық қойылым көтерiледi, шетелдерден инвестициялар келе бастайды, жалпы таза экспорт көлемi азаяды. Яғни, I > S, r↑, N x ↓. / 4, 340 б. /
1. 2 Сыртқы сауданың қажеттігі. Д. Рикардоның салыстырмалы
артықшылық теориясы
Халықаралық сауда теориясы ХІХ ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізінде құрылды. Д. Рикардодан бұрын бұл проблемалары А. Смит зерттеген еді. А. Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді және әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А. Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпен айналысатын субьектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясына да таралды.
Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өндіретін мемлекеттен сатып алған жөн.
Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы - ішкі тұтынуды қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауға болады - мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік береді.
Д. Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бір қадам жасады. Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр. /1, 400б. /
Сауда көмегiмен мемлекеттер мамандануды дамытатындығын, өзiнiң ресурстарын тиiмдi пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемiн өсiре алатынын көремiз. Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылықпен өндiрiлетiн тауарлғарға мамандану арқылы ұтады.
Мемлекеттер неге сауда жасайды деген сұраққа төмендегiдей жауап беруге болады:
Экономикалық ресурстар (табиғи, еңбек, капитал) әр мемлекеттерде әр түрлi. Бiр ел капиталсыйымды болса, екiншi ел еңбексыйымды болады.
Әр түрлi тауарды тиiмдi өндiру әр түрлi технология мен ресурстарды қажет етедi.
Мысалы, Жапонияда жоғары және орта бiлiмдi мамандар күшi көп және арзан. Сондықтан Жапония жоғары бiлiмдi маман күшiн қажет ететiн тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға фотокамера, радио, т. б. жатқызуға болады. Бұлар еңбексыйымды тауарлар.
Австралия, керiсiнше, жер ресурстарына бай, бiрақ еңбек күшi тапшы.
Сондықтан олар көп жердi қажет ететiн тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға - бидай, жүн, ет бұйымдарын жатқызуға болады.
Бразилияның жерi құнарлы, климаты тропикалық, жауын-шашын жиi жауады, қарапайым жұмыс күшi өте көп және арзан. Сондықтан олар кофе өндiруде салыстырмалы артықшылыққа ие болады. /2, 403б/
1. 3 Сыртқы сауда қатынастарындағы айырбас бағам
Халықаралық валюталық қатынастар дегенiмiз - дүниежүзiлiк шаруашылықта орын алатын валюталық iс-әрекеттер кезiнде қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтар қызметi нәтижелерiнiң өзара айырбасын жүзеге асыратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерi вексельдiк және айырбастау әрекеттерi түрiнде ежелгi Греция мен Римде орын алғандығы тарихтан белгiлi. Валюталық қатынастар дамуының келесi кезеңi ортағасырлық Лион, Антвериен қалаларындағы “вексельдiк жәрменкелер” болып табылады.
Валюталық бағам дегенiмiз - бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Ашық экономикада айырбас бағамдарының орны ерекше. Айырбас бағамы атаулы және нақты болып бөлiнедi. / 3, 346 б. /
Нақты айырбас бағамы - екi мемлекетте өндiрiлген тауарлардың салыстырмалы бағалары немесе сауда шарттары болып табылады. Ол келесi теңдеумен берiледi:
E = e P / P* (8)
Мұндағы:
Е - нақты айырбас бағамы;
е - атаулы айырбас бағамы;
Р* - шетелде шығарылған тауардың бағасы;
Р - iшкi бағалар.
Мысалы, Р > P* => E↑, онда N x ↓ азаяды. E↑ iшкi валюта құнсызданады. Нақты айырбас бағам көтерiлсе онда бiздiң тауарларымыз қымбаттайды, импорт көбейедi немесе керiсiнше жағдай болуы мүмкiн.
Атаулы айырбас бағамы (е) - екi елдiң валюталарының салытырмалы бағасы.
E = e P / P* (9)
Мұндағы атаулы айырбас бағамы АҚШ бойынша e = $ / теңге, Европа жүйесi бойынша e = теңге / $ болып келедi. Сондықтан экономикада көбiнесе нақты айырбас бағамын қолданады, өйткенi ол арқылы екi елдегi тауарлардың салыстырмалы бағалары қарастырылады.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет. / 3, 351 б. /
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
- Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының әрекетiн бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне тән қызмет етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етедi. Басқа факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуелдiлiгi әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың халықаралық айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
2) Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
3) Әралуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер етедi. Пайыз мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуi капиталдардың шекарының арғы жағына ауысуы дем бередi.
- Валюталық рыноктағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметi. Егр қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса, онда фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын нашарлататын мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi. Экономикалық саясаттағы өзгерiстердi, бағамдық арақатынастардың ауытқуының валюталық рыноктарын тез сезiнедi;
- Белгiлi бiр валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесi;
- Валютаның бағамдық арақатынасына төлемдердi жеделдету немесе кiдiрiс те әсер етедi.
Нақты айырбас бағамды анықтайтын факторларға:
- Nxтаза экспорт, төлем балансының ағымдағы шоты;
- Nx= S - I;
а) S = Y - C - G;
ә) Инвестиция функциясымен немесе әлемдiк пайыз қойылыммен байланысты. / 6, 443 б. /
E N = S - I (9)
Мұнда екеуiн теңестiретiн жерi айырбас бағамы болып табылады.
E S - I
Ұсыныс
E 0 N x (E)
Сұраныс N x
Сурет 4 - Нақты айырбас бағамының тепе-теңдiк нүктесi
Мұндағы:
Е 0 - нақты айырбас бағамының тепе-теңдiк нүктесi.
Ендi осы нақты айырбас бағамына әсер ететiн саясаттарды қарастырайық. Сыртқы бюджеттiк-салық саясаты. Мысалы, шетелде мемлекеттiк шығындар көбейсiн деп есептейiк, онда келесiдей жағдай болады.
E S 1 - I S 2 - I
E 0
E 1 N x (E)
N x
Сурет 5 - Нақты айырбас бағамға шетелдегi бюджет-салық саясаты әсерi
Суреттен көрiп отырғандай, шетелдiк мемлекеттiк шығыстардың өсуi ұлттық жинақтың өсуiне әкеледi. Соның нәтижесiнде нақты айырбас бағамы ұлттық экономикада төмендейдi, ал таза экспорт өседi.
Халықаралық сауда саясатының әсерi. Кейде бұл саясатты отандық өндiрiстi қолдау, яғни “протекционистiк” саясат деп те атайды. Бұл саясаттың негiгзi әдiсi импортты шектеу болып табылады, ал экспортқа әсерi жоқ. Осылайша импорт азаюы әсерiнен таза экспорт өседi. (Сурет-6) / 5, 575 б. /
E S 1 - I
E 2
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz