Қазақстандағы жоғары мектептің жағдайы және дамуы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жоғары білім берудің сапасын арттыру тәсілдері.
2. Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары.
Қортынды
Әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезде «адамзат әлеуеті» көпқырлы категориялық құнды- бағыт сипатқа ие болады. Жоғары мектеп түлегі кәсіби білімдерін ғана емес, сонымен қатар гуманитарлық мәдениетін, этикалық және құқықтық нормаларын меңгереді, ойлау мәдениеті жоғары, өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра білетін жоғары білікті де, терең білімді маман болуы керек. Жаңа бағыттағы - жаңа технологияларды меңгереді, еліміздің экономикасының түрлі саласындағы ірі жобаларды жоспарлап жүзеге асыруға әлемдік қабылданған кридиттік технологины, білім беру процесінің бақылаудың мониторинті жүйесін табысты енгізуде.
Тек қана ғылым мен білімді ұштастыру арқылы сапалы білімге дұрыс бағыттағы реформалар арқылы қол жеткіземіз.
Әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, қоғамдағы елеулі өзгерістер қазақстандағы дамыған аймақтық көшбасшысы болуға сенім ұялатады. Әр азамат осы міндетті орындауға бар күшімізді жұмсауымыз қажет.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер енгізілді, білім берудің сапасын арттыру мен реформалау бағыттары қарастырылды.
Мақсаты: Қазақстандағы жоғарғы мектептің жағдайы мен дамуын оқып білу және жоғарғы білім беру жүйесін реформалаудың бағыттарын анықтау.
Міндеттері:
1. Жоғарғы білім беру жүйесін реформалаудың бағыттарын қарастыру;
2. Жоғары білім берудің сапасын арттыру тәсілдерін анықтау.
1. Нұрғалиева.ГҚ., ҚұсайыновА., Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика. Алматы - 1999, 70-71б.
2. ХХІ ғасырдағы казақ мектебі: даму болашағы. Республикалық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. 2006. 1-том
3. Д.Ж. Төлебаев., А Тұңғышпаев // «Білім » . Алматы - 2005, 5-8 б.
4. Қазақстан жоғарғы мектебі. Алматы - 2006.
5. Білім берудегі менеджмент. 2005 -2006.
6. Ұлт тағылымы ғылыми –педагогикалық басылым. Алматы -2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

Жалпы педагогика кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Қазақстандағы жоғары мектептің жағдайы және дамуы

Орындаған:
Умирбекова С.Т.
6N0120-Кәсіптік білім мамандығы
2-курс магистанты
Қабылдаған: п.ғ.д.,
профессор Рысбаева А.Қ.

Алматы, 2007

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жоғары білім берудің сапасын арттыру тәсілдері.
2. Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттары.
Қортынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі кезде адамзат әлеуеті көпқырлы категориялық құнды- бағыт
сипатқа ие болады. Жоғары мектеп түлегі кәсіби білімдерін ғана емес,
сонымен қатар гуманитарлық мәдениетін, этикалық және құқықтық
нормаларын меңгереді, ойлау мәдениеті жоғары, өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра
білетін жоғары білікті де, терең білімді маман болуы керек. Жаңа
бағыттағы - жаңа технологияларды меңгереді, еліміздің экономикасының
түрлі саласындағы ірі жобаларды жоспарлап жүзеге асыруға әлемдік
қабылданған кридиттік технологины, білім беру процесінің бақылаудың
мониторинті жүйесін табысты енгізуде.
Тек қана ғылым мен білімді ұштастыру арқылы сапалы білімге дұрыс
бағыттағы реформалар арқылы қол жеткіземіз.
Әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, қоғамдағы елеулі
өзгерістер қазақстандағы дамыған аймақтық көшбасшысы болуға сенім
ұялатады. Әр азамат осы міндетті орындауға бар күшімізді жұмсауымыз қажет.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде көптеген
өзгерістер енгізілді, білім берудің сапасын арттыру мен реформалау
бағыттары қарастырылды.
Мақсаты: Қазақстандағы жоғарғы мектептің жағдайы мен дамуын оқып білу
және жоғарғы білім беру жүйесін реформалаудың бағыттарын анықтау.
Міндеттері:
1. Жоғарғы білім беру жүйесін реформалаудың бағыттарын қарастыру;
2. Жоғары білім берудің сапасын арттыру тәсілдерін анықтау.

Білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы алға қойылған іргелі
міндеттердің тиімді шешімдерін табуға арналған ірі ғылыми форумдарды жыл
сайын өткізу университеттерде жақсы дәстүрге айналған. Жолдауда белгіленген
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру
стратегиясының басымдықтары Ел басының жыл сайынғы жолдауларының жүйелі
және логикалық жалғасы болып табылады. Айқын бағдарламалық мақсаттар мен
стратегиялық мідеттерді жүзеге асыруға арналған нақты шаралардың анықталуы
қазіргі қазақстандық қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси құрамдас
бөліктерін одан әрі қарай жаңарту және өзгерту мәселелерін шешуді бірінші
орынға шығарады. Әрбір басымдықтың соңында оның практикалық жүзеге асуы,
яғни идея мен оның орындалуы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін
шаралар көрсетілген. Экономикалық даму саласына төмендегідей міндеттер
қойылады. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің
экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі (бірінші басымдық).
Осылайша, халықаралық маңыздағы серпіліс – тік жобалардың іске асуы
отандық мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың әлем нарығында бәсекеге
қабілетті тауарлар мен қызмет көрсету өндірісін жақсартуға мүмкіндік
береді. Бұл бағыт Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына жағдайында
маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Мұнда ұлттық бизнеске әсіресе биотехнология
ақпараттық және басқа да жоғары технологиялық салаларға мемлекеттік қолдау
көрсету ең қажетті нәрсе.
Егеменді Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінің барлық қырларының
ең маңызды аспектілері, атап айтқанда халықтың неғұрлым әлжуас
топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы
әлеуметтік саясаты ( үшінші басымдық ), демократияны одан әрі дамыту
және саяси жүйені жаңарту ( бесінші басымдық ), осы заманғы қауіп –
қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бар- бара ұлттық қауіпсіздік
стратегиясын іске асыру ( алтыншы басымдық ), Қазақстанның мүдделерін,
өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты
сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру (жетіндік басымдық), басымдықтары
көрсетілген.
Жеке басамдыққа шығарған стратегиялық тұрғыдан маңызды және ең өзекті
бағыттардың бірі- өткен білім беру жүйесін дамыту және білікті кадрларды
даярлау (төртінші басымдық) болып табылады. Білім беру экономикалық және
қоғамдық жаңартудың өсіп келе жатқан сұраныстарына сәйкес болуы тиіс. Білім
беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарың бірі.
Жоғарғы мектеп түлегі тек кәсіби білімдерін ғана емес сонымен қатар
гуманитарлық мәдениетін, этикалық және құқықтық нормаларын меңгерген,
ойлау мәдениеті жоғары, өз еңбегін ұғымды ұйымдастыра алатын, үздік
дағдыларын тәжірибеде қолдана білетін жоғарғы білікті де, терең білімді
маман болуы керек. Қазақстандағы білім берудің жаңа бағыттары – жаңа
технологияды меңгерген, еліміздің экономикасының түрлі салаларындағы
ірі жобаларды жоспарлап жүзеге асыруға қабілеті бар, шығармашылығы
жоғары және кәсіби дайындалған мамандарды қалыптастыру. Ашық қоғамның
жағдайында әлемдік білім беру жүйелерін интерноционалдау мен кірігудің
ұтымды, тиімді жолдарын қарастыру - ең маңызды мәселелердің бірі.
Осыған орай білім беру мен адамзаттық ресустардың сапасы геосаяси
және геоэкономикалық негізгі фактор болып есептеледі.
Білім берудегі дамудың стратегиясы экономика қажеттілігі мен
мәдени –ерекшелігі бар әлемдік стандарттар негізіндегі білім берудің жаңа
тиімді механизімдерін құрумен тығыз байланысты. Бұл модель инновациялық,
қарқынды әлеуметтік ұмтылыс болуы қажет. Шынындада, білім берудегі
инвестицалар ұлт пен мемлекет болашағы үшін жасалады.
Бұл модель мемлекеттің білім беру саясатымен тығыз байланысты
міндеттердің кешенін тоқтаусыз шешуді талап етеді:
- жалпыға бірдей сауаттылықты сақтау ,
- білім беру процесіндегі үздіксіздікті қамтамасыз ету,
- білім алудағы экономикалық және аймақтық теңсіздікті жою,
- білім сапасын көтеру,
- білім беру саласындағы республикалық және аймақтық деңгейлер
арасындағы қызметтер мен жауапкершілікті және тұрақты
қамтамасыздандыру,
- бюджетті қаржыландыруда жеткілікті және тұрақты қамтамасызданндыру,
- білім берудегі басқарудың тиімділігін арттыруда.
Бұл тұжырымды міндеттер жүйелі түрде ғана шешіледі. Бүгінгі таңда
әрбір қазақстандық жоғары оқу орны білім беру қызметті нарығы мен еңбек
нарығының арасында анағұрлым тиімді байланысты орнатады.
Әлемде қабылданған кридиттік технологияны, білім берудегі сапа
менеджменті жүйесін, білім беру процесін бақылаудың мониторингті жүйесін
және т.б. табысты енгізуде.
Ең жоғары халқаралық стандарттарға сәйкес академиялық орталықтармен оқу
орындарын және осы қатарда технологиялық парктерді құру мемлекет
деңгейіндегі маңызды да болашағы зор бастамалар болып табылады.
Елімізде сан жазу жылға дейінгі ҚР инновациялы – индустриялық дамуын
кешенді тұжырымдама контексігде ірі технопарктер желісі құрылады.
Осыған байланысты инновасиялық бағыттағы ірі мемлекеттік жобаларды
жүзеге асыруда ірі ЖОО-ның ролі атқарады.
Технопактер ең алдымен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыздандыру,
атап айтқанда қоршаған орта мен тамақтандырудың қауіпсіздігі,
ақпараттандырудың, су және энергоресустарды тиімді басқарудың
қауіпсіздігін, мәдени мұраны сақтау, әртүрлі мәдениеттердің, конфессия –
лардың пікірлестігін сақтау және басқа да мәселелерді шешуге арналды.
Сондай – ақ жаратылыстану – ғылыми және гуманитарлық пәндердің өзара
тәуелді жағдайы әлемдік ғылыми интерациядағы обьективті процесті
сипаттайды.
Қазіргі уақытта жоғары білімді университетің ғалымдары Университет –
Технопарк инновациялық құрылымымен жұмыс жасай бастады. Республикадағы
және оның тұтас аймақтарындағы білім өндірісі деп аталатын қажеттілік
мониторингі іске асып, мақсаттар мен басымдықтар айқындалуда. Жоғары мектеп
аясында республикамыздың алдынғы қатарлы ғалымдары мен ҚР
Академиктерінің ашық дәрістер оқуы, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың
өзекті мәселелері бойынша теориялық және әдіснамалық семинарлар өткізу,
шығармашылық жастарды ғылыми зерттеулерге тарту.
Педагог студенттердің ғылыми таным мен ғылыми ізденістерге деген
қызығушылықтарын байқап, дамыту қажет.
Екі жақты ынтымақтастыққа байланысты АҚШ –тың Германияның,
Голанидияның, Ресейдің, Автралияның, Францияның, Жапония, Түркияның және
басқа елдердің 35-Университет жасалған келісім шарттарын атап өтсекте
жеткілікті.
Нағыз кәсіпқой маман мемлекеттік тіл және орыс тілімен қатар шет
тілдерін де жетік меңгеру тиіс. Осының арқасында ол оған адамзаттың ұлы
жетістіктеріне жол ашады. Қазіргі таңда әлем тілі саналатын ағылшын тілі
үлкен сұранысқа ие болып отыр. Мамандарды даярлау деңгейінде қойылатын
талаптар шеттілін үйренуге арналған жаңа жолдары да анықтайды. Білім беру
саласындағы айтулы өзгерістер бізден осындай жеделікті талап етеді,
сондықтан біліктілікті үздіксіз көтеріп отыру әрбір оқытушы үшін
нормаға айналуы қажет.
Халықаралық білім беру бағдарламамен ынтымастық аясындағы біздің
көздеген негізгі мақсатымыз мамандарды тек таңдалынған мамандығы бойынша
сапалы дайындап қана қоймай, сонымен қатар студенттер міндетті түрде
Ағылшын тілін меңгереді. Сол тілде қиындықсыз тілдесе алатын, ағылшын
тілінде жазылған тіліндегі ғылыми әдебиеттерді пайдалана алатын днңгейге
жеткізетін шет тілін оқыту әдістемесіне қол жеткізу болып табылады.
Жоғары оқу орындардағы түлектері еңбек нарығында қажет екендігін
мақтанышпен айта аламыз: Ол тек Қазақстанда емес, сондай-ақ шет елдерде
халық шаруашылығын барлық салаларында жұмыс істейді. Жоғарғы оқу мектепте
орта, арнаулы орта мектепте колледждер жоғарғы оқу орындарына арналған
көптеген оқулықтар авторлары және ғылыми-сарапшылар еңбек етуде. Біздің
мыңдаған адамнан тұратын ұжымымыздың күш жігері білім беру, мамандарды
даярлау сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне туралы міндеттерді
іске асыруға бағытталған. Бұл стратегиалық міндеттердің білім беру
саласында қызмет ететін мамандардың барлығына қатысы бар.
Шеттелдік серіктестердің қалыптасуымен ең жоғары халықаралық
стандарттарға сәйкес келетін ұлттық жоғары мектептің моделін қалыптастыру,
біздің ойымызша, Қазақсатан үшін әлеммнің көпдеген мемлекеттері бөлісетін
өркениетті еркін нарық және қоғамдық қатынастың гуманизациясы сияқты
әлеуметтік-мәдени құндылықтар қалыптастыруға себебін тигізеді. Осындай
жоғарғы білім берудің құрылымы мен мазмұны өзгерте отырып, ХХІ ғасырдың
жоғарғы құндылығын мойындацу жағына қарай оның мәнін өзгертеді.
Жоғары білім беру жүйесінің заңдылықтары мен ұстанымдарын толыққанды
зерттей отырып жүйенің ғылыми тұжырымдары ғылыми – теориялық мәселелермен
тығыз байланысып жатқандығына анық көз жеткізуге болады.
Әрине, білім беру жүйесі - өзіне тән қиыншылықтары бар, ғылыми
заңдылықтарға толы, оқытудың жаңа технологиялары күн өткен сайын көбейіп
келе жатқан, мемлекеттің саяси экономикалық, әлеуметтік жағдайға тәуелді
күрделі жүйелердің бірі екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде көптеген
өзгерістер бой көрсетіп жатыр. Солардың басым көпшілігі білім беру
реформалау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан жоғары білім берудің
реформалаудің негізгі себептерін атап өтейік:
- Елдің дамуының әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктері;
- ғылыми техникалық – техникалық прогресті дамытудың қажеттілігі,
үнемі жаңа, аса күрделі технологияның пайда болуы;
- халықаралық бәсекелестік;
- ХХІ ғасырдың басындағы дүниежүзілік және отандық ғылым мен
практикадағы өзгерістер туралы болжамдар;
- басқа елдердің білім берудегі тәжірибелері, салыстырмалы
педагогикалық зерттеулердің нәтижелері;
- дүниежүзілік қауымдастықтың нығаю тенденциясы, халықаралық
байланыстардың дамуы және нығаюы;
Осы аталған себептерге байланысты білім беру жүйесінің кез келген
деңгейлерінде реформалау үрдістері жүріп жатады. Оның көптеген себептері
бар. Негізгілері жоғарғыдағыдай. Алайда жоғары білім беру жүйесіне
өзгерістер ендіру халықаралық тәжрибені ескеріп барып жасалынады. Олай
болмаған жағдайда дамыған мемлекеттердің білім беру жүйелеріндегі
жаңалықтардан тыс қалып қойып, отандық білім беруіміздің моделін жасау
қиынға түсіреді. Өйткені жаһандану үрдісі өрістеп тұрған кезде халықаралық
тәжірибелерге көз салу өте маңызды.
Еліміздің жоғары оқу орындарын тамамданған мамандардың іскерлік
дағдылары, икемділіктері, мамандығына сай білімдері халықаралық еңбек
рыногында бағалансын десек, әлі де шет мемлекеттер тәжрибесін зерттеуіміз
қажет.
Жоғары білім беру жүйесін реформалаудың мақсаттары мен міндеттеріне
тоқталайық:
- эволюциялық реформалау (ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша реформаның 1
түрі, онда білім беру жүйесінің жекелеген жақтары жетілдіріледі
және жаңартылады);
- революциялық реформалау – реформалаудың екінші түрі, онда білім
беру жүйесінің өзіне елеулі өзгерістер енгізіледі;
- стратегиялық міндеттер – негізгі, ерекше елеулі және келешекке
арналған міндеттер. Ол білім беру жүйесін реформалаудың ұзақ
уақытқа бағытталған міндеттері;
- тактикалық міндеттер – білім беру жүйесін реформалаудың таяу
уақытқа арналған міндеттері, оның шешпей стратегиялық міндеттерді
жүзеге асыру мүмкін емес
- интернацианалдандыру – басқа ұлтқа, халыққа, олардың әдет –
ғұрпына, дәстүрлері мен міндеттеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу,
шетел тілдерін оқуға ерекше көңіл бөлу;
- демократияландыру – жастарды толық орта, жоғары білім алуға қамтуды
кеңейту, білім беру сатыларының қатаң сабақтастығын сақтау, оқудың
тығырыққа тірелген бағыттарын жою, барлық оқу орындарында оқыту
сапасын жақсарту, білім берудің мазмұнын өмір мен тығыз
байланыстыру, оқушыларды жоғары азаматтық, моральдық және
эстетикалық мұратқа тәрбиелеу.
Жоғары білім беру жүйесінің мақсаты айқын болған уақытта міндеттері
белгіленеді. Яғни қысқа мерзімге, ұзақ мерзімге арналған міндеттер болып
жіктеледі. Мақсат – міндеттердің ғылыми заңдылығы сол, білім жүйесін
рационалды бағытта өзгеруге мүмкіндік аламыз. Егер реформалаудың бағыт-
бағдары нақтыланбай тұрса, ғылыми жобалардың практикада жүзеге асырылуы
қиынға түсері анық. Өйткені жасаланған ғылыми жобаларды іске асыру
тетіктері белгіленбей, оны іс – жүзінде пайдалану мүмкін болмай шығады.
Осындай жаңалықтарды жүзеге асырып, қолданысқа ендіру үшін мақсат және
міндеттерді ғылыми тұрғыдан айқындап алған дұрыс болады деген тұжырым
жасауға толық негіз бар. Жоғарыда аталған реформалаудың мақсат – міндеттері
білім бағдарламалары, мемлекеттік білім стандарттары арқылы жүзеге
асыралған уақытта білім сапасының көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер
байқалады. Білім сапасына қатысты мәселелер көбірек туындайтын болса, ол
білім жүйесін реформалауға түрткі болады.
Ойымызда әрі қарай сабақтайтын болсақ, білім беру жүйесін реформалау -
әлеуметтік – қоғамдық, мемлекеттік, экономикалық жағдайларды зертеп барып
жүзеге асырылатын технология. Сондықтан білім беру жүйесінің бағытан
өзгерту, я болмаса басқаша сипатта дамыту үшін алдаға атқарылар іс –
шаралар бүгінгі уақыттың сұранысынан, заман талабынан туындаған болу қажет.
Әйтпесе нәтижеге қол жеткізу білімнің сапалық көрсеткіштеріне бағынышты
болып қала береді.
Енді жоғары білім беру жүйесін реформалаудың бағыттарын қарастырайық:
- білім берудің мазмұны, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар;
- білім берудің құрылымы,
- басқару мен жоспарлау,
- білім берудің сапасы,
- жеке тұлғаны төрбиелеу және дамыту,
- педагогтік білім беру.
Бұл бағыттардан көріп отырғанымыздай, жоғары білім берудің өзі бірнеше
компоненттерден тұрады. Білім берудің мазмұны, оқу жоспары, оқу
бағдарламалары, оқулықтар – ең алдымен білім беру үрдісіне тікелей
байланысы бар мазмұндылық бағыттар, білім берудің мазмұнын құрайтынын
негізгі құжаттамалар.
Білім берудің құрылымы – білім берудің өзара байланысқан құрылымы
жалпы алғанда білім берудің дидактикалық талаптарға негізделген мазмұндылық
компонеттерін құрайды.
Басқару мен жоспарлау-бұл өте маңызды бағыт, өйткені білім беруді
кәсіби тұрғыдан жоспарламайтын болсақ, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптысып даму тарихы
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Қазіргі жағдай Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
Бастауышта математикалық білім беру
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
VI-XVҒ.Ғ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ
Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі
Пәндер