Батик өнерін үйрету әдістемесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
«СУРЕТ ЖӘНЕ СҰҢҒАТ» кафедрасы
Қорғауға жіберілді
«___» ж.
кафедра меңгерушісі,
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Батик өнерін үйрету әдістемесі.
«Наурыз»
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Сипаттама беруші:
Мазмұны
Кiрiспе . . .
1. Батик техникасының шығу және даму тарихы . . .
1. 1. Батик өнерінiң жетiстіктері . . .
1. 2. Батиктiң орындалу әдiстерi оған қажеттi материалдар . . .
1. 3. Эстетика пәні, оның тәрбиелік мәні . . .
2. Сәндiк қолданбалы өнер үйiрмесiн ұйымдастыру әдiстемесi 7-8 сыныптар
2. 1. Сәндiлiк қолданбалы өнер үйiрмесiнің тәрбиелік мәнi . . .
2. 2. Сәндiк қолданбалы өнер үйiрмесiн ұйымдастыру . . .
2. 3. Бастауыш сыныптарда сәндік қолданбалы өнер сабағын оқыту
әдістемесі . . .
2. 4. Үйiрменiң жылдық жоспары . . .
2. 5. Үйiрме сабағының өтiлу жоспары . . .
3. „Наурыз” атты дипломдық жұмыстың жасалу барысы.
3. 1. Батик: сәндiк қолданбалы өнердiң негiзгi бiр бөлiгi . . .
3. 2. Ою - өрнек және оның түрлері . . .
3. 3. „Наурыз” атты дипломдық жұмыстың композициялық
құрылымы . . .
4. Қорытынды . . .
5. Қолданылған әдебиеттер . . .
6. Қосымша . . .
3
6
9
12
18
24
28
30
36
38
42
43
50
52
55
57
Кiрiспе.
Сәндiк-қолданбалы өнердiң әсемдiк әлемiндегi алар орны ерекше. Жылдар өткен сайын адамзат баласының осы өнерге деген қызығылушылығы, құштарлығы еселеп артып келедi.
Сәндiк қолданбалы өнер адам өмiрiмен, оның тұрмысымен тығыз байланысты.
Барлық жоғары оқу орындарында, соның iшiнде әсiресе бiздiң М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiнде оның Педагогикалық мәдениет және өнер институтында осы өнерге деген ынта-ықылас, құлшыныс өте жоғары.
Ал ұлттық өнер сонау әрiден, тереңнен, көне дәуiрлерден бастау алады. Осы сәндiк-қолданбалы өнердiң бiр түрi- батик өнерi. Бұл өзi ежелден шығыс халқына тән өнер.
Мен өзiм дипломдық жұмысыма, осы батик өнерiн алдым. Өйткенi батик техникасы өзiнiң нәзiктiгiмен, әдемiлiгiмен ерекшеленедi. Ал әдемiлiкке қызықпайтын, сұлулыққа сұқтанбайтын адам болмайды.
Қазақтын пейiлi қандай кең болса, далася да сондай кең, дархан. Сондықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан әуендерi” деп атадым.
Қандай да бiр шығармашылық жұмыс болмасын адам баласының рухани өмiрiне, мәдениет мен тұрмысына қызмет етедi. Осы өнер туындылары арқылы болашақ ұрпағымызды тәрбиелеймiз және соларға мұра етiп қалдырамыз. Өйткенi бұл өнер бiзге ата-бабалары- мыздан қалған аманат.
Жаңа әлеуметтiк экономикалық кезеңде қоғамда көптеген өзгерiстер болып жатқаны баршамызға белгiлi. Қоғамда елдiң хал-әуқаты өскен сайын айналадағы сұраныс, болып жатқан өзгерiстерге көзқарастың бұрыңғы деңгейi артта қалғаны белгiлi болып көрiнедi.
Халықтардың мәдениетi, хабарламалар, бiлiм деңгейi өскен сайын айналасына сын көзбен қарау, өнер туындыларына басқа көзқараспен бағалау күннен күнге өсiп келе жатқанын көремiз. Айта кетсек жас өспiрiмдердiң, оқущылардың, студент жастардың талғамы жоғарлап, сұранысы арта бастаған. Осы салада қоғамды, жастарды, болашақты тәрбиелеуде озық өнер туындыларының атқарар мiндетi өте жоғары. Декорация деген сөз латын сөзiнен алғанда әрлеймiн, әшекейлеймiн деген сөз. Сәндi өнер адамды қоршаған қажеттi заттардың барлығын шығармаға айналдыру. Адам өмiрiне күнделiктi қызмет атқару үшiн қоршаған орта адам өмiрiнiң негiзгi бөлiгi болып табылады.
Қазақстанның егемендiк алған күндерiнен бастап өнер саласы ерекше бiр сарынға түскендей болды. Олай дейтiнiмiз қазақ елi өзiнiң ежелгi қол өнер мен үй тұрмысында қажеттiлiгiне пайдаланған заттары бүгiнгi күнi үлкен шығармашылық өнерiне ұштасып отыр.
Сәндiк қолданбалы өнер тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мән жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндiрiстiк немесе қолөнер арқылы өмiрге келген көркем туындылар жасау болып табылады.
Қазақ елiнiң өзiне тән ерекшелiктерi мен ұлттық көрiнiсi, қол өнерiнiң даму тарихында жатыр. Үй тұрмысында пайдаланылған қандай да заттары болмасын оның қажеттiлiгiне байланысты өзiне тән ерекшелiктерi мен де сәндiк көркем ойлары ерекшеленiп көрiнедi. Шаруалықта, үй тұрмысында, қолданылатын заттардың тұтынуға жарамдылығы мен оларды бейнелеудегi ерекшелiктерi, ою өрнектердi пайдаланудағы өзiндiк ерекшелiктердiң барлығы да осы iспеттес. Тек қана мата түрлерiн алатын болсақ, түрлi малдардың жүн терiлерiнен жiп иiрiп, одан тұрмысқа қажеттi неше түрлi мата түрлерiн тоқу, одан орамал көйлек, кестелi орамалдар, шапан-шекпендер, шалбар, т. б. қажеттi заттарды өздерi қолдан тоқып қажетiне жаратқан. Ұлттық дәстүрiне сәйкес етiп қыз келiншектерге арнай тiккен киiмдер, ондағы ою-өрнектердiң ұлттық әрленуi өзiнше ерекше дүние. Халық өнерi өшпес азық. Қазақ халқы да сол сияқты маталарды бояу, сол бояулардың өзiнен ұлттық таным, даланың өзiне ерекше әуенi шарықтағандай, қой үстiнде бозторғай жұмыртқалағандай жұмсақ та, кейде тебiрентеклiктей күйге келтiретiн дала толқынындай шақтарға жетелейдi.
1. Батик техникасының шығу және даму тарихы
Батик жасайтын көптеген кiшiгiрiм кәсiпорындардың пайда болуына және арзан болуына байланысты, батиктерге сұраныс жылдан - жылға артып келеді.
Батик жазу техникасы Шығыс елдерiнде дүниеге келген. Бiрақ ол қай мезгiл екенi айқын емес. Батик деген сөздiң өзi явалық елiнiң тегi. Сол елде Индонезияға, содан Индия мен Бирма елдерiне, одан кейiн көптеген басқа елдерге тараған, соның iшiнде Ресейде болған. Ява елiнiң Джакарта қаласы әлi күнге дейiн батик жасайтын орталықтардың бiрi екенiн бiлемiз. Батик жазу бұл елде бейнелеу өнерiнiң өрнек жазудағы негiзгi өнерiнiң бiрi болып табылады. Кейде композициялық туындыларда керемет құстардың, мифологиялық аңдар, т. б. бейнеленедi. Батик өнерi-матаға жазу. Бұны индонезиялықтардың әйел және ер адамдарының ұлттық киiмдерiнен көруге болады. Саронгом дегенiмiз матаның кiшкене қиындысы, ол адам денесiнiң төменгi жағын жауып тұратын мата қиындысы.
Кейiнгi онжылдықта Индонезияда жеңiл текстилдiк өнеркәсiптiң жедел дамуына байланысты батик өнерi техникалық әдiстермен де көп орындала бастады. Оған техникалық жолдармен бояулардың фабрикалық түрлерi де пайдалана бастады. Мұндай батиктердi өнер шеберлерiнiң орындаған жұмыстарымен рең, түс, сапасы жағынан қатар қоюға болмайды. Джакарта және басқа да қалаларды жеке шеберханалар мен кiшiгiрiм кәсiпкерлер әлi күнге дейiн өздерiнiң кәсiбiн тастамай келедi. Сукарно уақытында батик жазу институты ашылып, онда негiзiнен осы елге келетiн туристердi өз өнерiмен таныстыру және өзiне қарату мақсатында және жеке-жеке батик жасаушы кәсiпкерлердiң жұмыстарын жақсарту мақсатындағы кәсiпкерлердi үйрету ұйымдастырылуы. Жаңа үлгiде үлкен ғимаратта кiшiгiрiм мұражай ашып, онда батик жасау өнерiнiң барлық орындалу барысымен таныстырылып отырады. Орындалу процесiн басынан аяғына дейiн көруге болады. Алғашқыда батик жасауға өз елдерiнiң қалың да әрi қолдан жасалынған материалдары қолданылған. Қазiргi кезде неше түрлi шет ел маталары пайдаланылады. Голландиядан, Жапониядан неше түрлi жiбек маталар әкелiнiп пайдаланылады. Олар әрi арзанға түсiп отырады. Батик жұмысын жүргiзу үшiн алдын ала мата қиындысы орап алып, ағаш балғамен бiр сағаттай тоқпақтайды, ол мата бояумен жұмыс iстеген кезде матада бояулар жеңiл жайылып, көркем болуы үшiн қажет. Шамамен батиктiң мөлшерi: екi жарым-ұзындығы, енi бiр метр болғаны жөн. Осындай көлемдегi батиктi қолмен орындап шығуға шамамен бес ай уақыт кетедi, бұрынырақ одан да көп уақыт керек еткен. Қазiргi шеберлердiң матаға суреттi түсiруi шаблондар, штамптар-трафареттер пайдалану арқасында жеңiлдетiлген. Бұл процесс олардың жұмыстарын едәуiр жеңiлдеттi. Ява елдерiнде көптеген батик шығаратын кәсiпорындар бар. Әрқайсысының түр жағынан және суреттерi мен реңдерi жағынан әр түрде орындайды. Дакар шеберлерi қоңыр және көгiлдiр түстерде орындайды. Оларды төрт түстiң қоспалары арқылы табады: шоколадты-қоңыр, сары, қызыл және көк. Кей кездерде бояуға әк және қант шырындарын да қосады. Батик орындаудың негiзгi этаптары: трафарет арқылы азық қоңыр түспен таза матаға суреттi түсiредi. Бұл бiрiншi этап.
Суреттегi боялмайтын жерлерiн ара желiмiмен жауып шығу керек. Ол үшiн қыздырылған ара желiмi арнайы жасалған ағаш ұстағышы немесе частинг арқылы, аса шеберлiкпен жазылуы тиiс. Частинг-ол матаға сызық жүргiзетiн құрал. Ол арқылы матаға арнайы қоспамен өрнектi сызықтар жүргiзiледi. Оның шүмегi иiңкi болып келедi. Ондағы сұйықтық қою немесе сұйық болуға болмайды. Ол бөлме температурасында болуға тиiс. Ал, қоспаның дайындау жолдары оның батик түрлерiне байланысты болып келедi. Бұл екiншi этап. Оқыс қозғалыс немесе дұрыс орындалмаған жағдайда жұмысты бүлдiрiп алу да мүмкiн.
Үшiншi этап, бұл көк түске бояу. Арнайы қондырғы арқылы ара желiмiмен даярланған жұмыс рамаға орналастырылып бояуға малтып қайта көтерiлуi тиiс. Осылай процесс жиырма ретке дейiн бояуға түсiрiлiп алынады. Мұндай жағдайда ара желiмiмен жабылған жерiнен басқа жерлерi бояумен толықтырылады.
Төртiншi этап-қоңыр түске бояуға даярлық, ендiгi кезекте боялатын жерлерiн ара желiмiнен тазарту керек. Арнайы ыдыстағы бояуды қыздырып трафарет арқылы келесi суреттi түсiремiз. Қызып тұрған бояу ара желiмiн ерiтедi де, арнайы құрал-сайман арқылы тазартылады. Осылайша келесi сурет те мата бетiне түсiрiледi.
Бесiншi этап-қоңыр түспен бояу. Бұл жерде де алдыңғы этаптағыдай сурет көшiрiледi. Бұдан кейiн матадағы қалған жерлерiнен ара желiмi алынып тасталынады.
1. 1. Батик өнерінiң жетiстіктері.
Батик өнері қазiргi кезеңде Шығыс елдерi Жапония мен Қытайда күштi дамыған өнердiң бiрi болып табылады.
Батик-техникалық жазу /роспись/ немесе түрлi түстi мата қиындыларынан, т. б. әр түрлi материалдар қиындыларынан әсемдеу. Батик негiзiнен суретпен жымдасқан және мата, қиындыларына түрлi бояулармен /қыздырылған бояулар, желiм, т. б. / немесе тампондармен мата, бетiне жағылады. Батик техникасын ерте кезден-ақ Индонезия халықтары толық меңгерген. Батик индиго көк, және қоңыр түстi дәстүрiмен iстелетiн және символикалық әсер беретiн өнер шығармасы. Европада батик басында сәндiк маталарға пайдалана бастады. Кеңес өнерiнде Батик жасау 1930 жылдардан басталды, негiзiнен жiбек орамалдарға және т. б. материалдарға пайдалана келiп, кейiннен сәндiк-қолданбалы өнерде пайдаланатын болды. Батик техникасы негiзi өз бойынан су өткiзбейтiн бояу құрамынан тұрады, сонымен бiрге оның белгiлi жерлерi жазылып, жазылмай қалған жерлерi өрнектерге айналатын өнер /ара желiмi немесе ара желiмi араласқан ерекше қоспа, парафин және вазелин/.
Бұл техниканы матаға түсiрiлетiн әшекейдiң түрлерiне қарай бiрнеше топтарға бөлуге болада:
Ыстық батик, суық, батик және аралас батик деп екеуiн де қоса пайдаланғанда айтамыз, және де тағы басқа түрлерi:еркiн жазу, т. б.
Ыстық батик жазған кезде бiрнеше әдiстер қолданылады: жай батик /ол мата бетiне бiр жазғанда/, күрделi батик /ол мата бетiне бiрнеше рет қайталап жазу/ және бөлшектеп жұмыс iстеу болып табылады.
Жай батиктi жазарда бiрiншi шығармадағы боялмайтын жерлерiн арнайы даярлаған сұйықпен бояп алады. Фонын жасап алғаннан кейiн ол орында бiр түстi өрнек жалпы фонда салынады.
Парафиннен жасалған арнайы сұйыққа, араларын ажыратып тұруға және жұмсақтық беру үшiн техникалық вазелин және ара желiмi араластырылады.
Қосылған компаненттердiң құрамы таңдалған матаның құрамына байланысты болады. Парафин-300г., техникалық вазелин -150г., ара желiмi-150г. Сұйықтың даярлану қатары мына төмендегiдей: керектi барлық заттарды кiшiлеу темiр банкесiне салып, iшiнде суы бар тостаққа орналастырамыз, сөйтiп оны спиралi көрiнбейтiн электро плиткасына қоямыз.
Бұл жерде айта кететiн ескерту қоспа азық отқа тез тұтанып кетуi мүмкiн, сол себептен қауiпсiздiктi сақтаған дұрыс. Ерiген ерiтiндiнi мата бетiнi жай қылқаламмен де жағуға болады.
Күрделi батик жасаған кезде өз қатарымен түстерi жарықтан қаранғысына қарай кезегiмен орындалуы тиiс. Даярлаған сұйықпен жұмыстың ақ болып қалатын жерлерiн бояп тастаған дұрыс. Одан кейiн барлық қалған жерлерiн ең жарық деген түспен жағу керек.
Мысалы: сары түспен. Бояу кепкеннен кейiн сары болып қалатын жерлердi арнайы жасалған сұйықпен бөлектеп бояу керек, ал келесi бөлiгi сарыдан қараңғылау түспен боялады, мысалы қызыл түс. Одан ары қарай одан да күңгiрт түстердi жағу керек -қоңыр және қара. Мүмкiндiгiнше бiрiнiң үстiне бiрiн көп жақпауға тырысу керек, көп қабаттан қалың жиектер пайда болып сынып кету қаупi пайда болады. Арнайы даярланған сұйық тек кебу матаға жағылуы тиiс.
Суық күйдегi батик жазу кейiнiректе пайда болды. Барлық техникалық және жазу әдiстерi мен жұмыстың орындалу суық күйде жазылады, бұл орындау тәсiлi кезiнде түсiрiлген суреттiң сызықтары әр уақытта көрiнiп тұрады. Ақ фонда әр уақытта суреттiң көрiнуi айқын болатыны анық, сол себептен арнайы даярланған сұйықты бояуға реңiне қарай жалпы келiстiре қосылады, қоңыр, қара, солғын. Алдыңғы түстерi майлы бояумен алдын-ала майы жоқ қағазға түсiрiледi.
Шығарманың рамаға тартылған матаның терiс жағына қойып суреттi қаламды пайдаланып контурын жүргiзiп мата бетiне шығарманың суретi көшiрiледi. Осыдан кейiн шыны түтiктердiң көмегi арқылы парафин қосылған сұйықпен суреттiң контуры қайта жүргiзiледi. Шыны түтiктiң орнына рейсфедер пайдалануға да болады, рейсфедердiң iшiне мақтаны тығыз етiп қысып арнайы сұйықты толтыра рейсфедер винтi арқылы қалындығын керегiнше келтiре отырып сызуға болады. Бұл жұмысқа арнайы шыны түтiкшелер болады, олардың арнайы бояуды артығымен ұстап тұратын ортасында қабақшасы болады. Бұл жұмысты орындап болған соң шыны түтiктерiн немесе рейсфедердi бензинмен жуу қажет. Мұндай арнайы шыны түтiкшелердi жұмыстағы көлемi үлкен емес жазықтықтарды толтыру үшiн қылқаламның орнына пайдалануға да болады.
1. 2. Батиктiң орындалу әдiстерi оған
қажеттi материалдар
Мата батик жазу үшiн алдын-ала арнайы бiр-бiрiне мекем етiп бекiтiлген ағаштан жасалған рамкаларға керiледi, немесе жеке бекiтiлген таяқшалардан жасалған рамкаға тартылады. Керектi мөлшерде рамкаға мата тимей тұру үшiн ағаштың шетiнен 5-6 мм қашықтықта ара қашықтығы кемiнде 2 см, ағаштың бет жағынан 12-13 мм өтiп тұратындай етiп шегелер қағу керек, шегенiң ұштары өткiр болуды қажет, немесе екiншi вариант: матаны керiп ұстап тұруға арналған iлгiштер орындалуы тиiс. Шегелер тот баспау үшiн үшкiр жақтарын спирттi сумен сүрткен дұрыс болады.
Батик немесе роспись жазылатын мата өте таза болуы қажет, сол үшiн матаны алдын-ала жуу қажет. Рамкаға матаны керер алдында аздап сулау керек.
Алдымен жазу техникасын толық меңгергенше мекем бекiтiлiп жасалынған рамкада орындаған дұрыс. Мұндай рамкаларда матаны керу оңайлау болады және техникалық қауiпсiздiк жағынан алғанда матаны керу өте жеңiл. Матаның тартылуы рамка бетiнде бiрдей қалыпта болуы қажет.
Матаның iшкi талшықтарының қисайып кетпеуiн қадағалауымыз тиіс, мұндай жағдайда суреттiң қисайып тура шықпауы мүмкiн. Олай болмау үшiн матаны кергенде ортасынан бастап қарама-қарсы керу керек те содан кейiн бұрыштары керiлуi тиiс.
Арнайы сұйық суық батик жазу үшiн де қолданылады, ол резина желiмiнен, парафиннен және бензиннен құралады, сол себептi жұмыс орындаған уақытта техника қауiпсiздiгiн сақтаған жөн болады.
Суық батикте қолданылатын резевртi қоспаның құрамы:
80г. парафин,
300-400 г. резина желiмi,
300-400 г. таза бензиннен тұрады.
Бұл қоспа былай даярланады: фосфорлы стаканға немесе эмальды ыдысқа парафин майдалап салынады, оның үстiне сұйықтығына байланысты 300 - 400 г. резина желiмi құйылады. Одан кейiн бензин қосылады. Дайын қоспаны 100 градустық ыстық суға салып, парафин толық ерiгенше, арнайы сұйық пайда болғанша ұстаймыз. Оны суытып болған соң, бетi толық жабылатын ыдысқа құйып алады. Жұмысты орындау барысында қажеттi сұйықтықты сақтау үшiн жұмысты бастамай тұрып бір тәулік бұрын бензин қосу керек.
Батиктi еркiн жазу техникасы ыстық және суық жазу техникасынан көптеген айырмашылықтары бар, ол акварель жазғанға ұқсастау болып келедi. Тек қағазға емес рамкаға тартылған матаға жазылады. Даярлаған бояумен мақта тампонымен немесе майда губкамен жарық реңдерiнен бастап қараңғы жағына қарай жазылады. Ең соныңда реңi қанық түспен барлығын толық жағу керек. Егер жұмыс барысында мата тез кеуiп жатса, онда оны бiрнеше рет сулау қажет, бояу бұл әдiстен ағып кетпейдi. Жұмыстың бетін сулау жекелеген орындарда емес толық қамтылып сулануы керек, олай болмаған жағдайда жұмыс ала-құла болып қалуы мүмкiн. Батик жазудың бұл еркiн түрi басқа жазу техникалармен өте жақсы байланысып, толықтырылып отырады.
Батик жазу кезiндегi шығармашылықтың негiзi - гаммалық үйлесiмдiлiгi болып табылады. Сол үшiн алдымен бояулардың түрлерiнiң барлығын, керек болса бiр-бiрiмен араластыру арқылы даярлап алу керек. Бояуды тек палитрада араластыру керек, көп бояудың араластыру он күңгiрт тартуына соқтырады, әсiресе анилиндi бояулар түйiршiктенiп кетуi де мүмкiн. Жұмысты бастар алдында сол маталардың қалдықтарына жазып көру керек. Батик жазатын матаның өзi сияқты мата болуы қажет. Тексерiп көрген жұмыстың нәтежесi бояу кепкеннен кейiн көрiнедi. Өйткенi матаға жазылған бояулар кепкеннен кейiн өте қатты ағарады. Ал анилиндi бояулардың қақпағы тығыз және жақсы жабылатын шыны ыдыстарда сақтаған жөн. Бояу түрлерiн пайдаланғанда мақта бояйтын бояулар түрлерiн пайдалану керек. Бояулардың әр түрi былай даярланады: 15 г. анилиндi ұнтаққа 900 г. ыстық су құямыз, содан соң ұнтақ толық ерiгенге дейiн қайнату керек, содан соң барып оны сүзiп қоямыз. Даярланған қоспа суығаннан кейiн 100 г. спирт және жарты грамм сода қосамыз.
Анилиндi бояулар мата бетiнде өте тез жайылғыш болады, мұндай жағдайда күтпеген түрлi реңдердi алуға болады. Рең жағынан, түс жағынан күтпеген гаммалар пайда болады. Бұл жағдайда бояуларға басқа ешнәрсе қоспаса да болады. Егер сурет бiр-бiрiне ағып кетпеуi үшiн бояуға қоюлатқыш қосқан жөн, қоюлатқыш-трагант деп аталады, немесе трагантты желiм қосу керек. Оны былай iстейдi: бiр стакан суға трагант араластырып /10-15 жапырақ желiм қосып/, оны сұйық анилиндi бояуға қосу керек, /3/1 қоюлатқышты, 3/2 бояуға/. Бояудың ағып кетпеуiне қарсы бұдан басқа тағы бiр әдiс-ол матаның бетiн сұйықпен жабу /грунтовка/.
Бiр литр ыстық суға 2-3 грамм желатин ерiту керек, ол ерiп болған соң матаны сол сұйыққа малып алып, кептiргеннен кейiн рамаға тартып, бұдан кейiн суреттi түсiрiп жұмысты жаза беруге болады. Батик немесе роспись жазғанда тушты пайдалануға да болады. Жұмыс сол кезде жақсы шығуы мүмкiн, бiрақ анилиндi бояудай бола алмайды. Өйткенi анилиндi бояулар өте жеңiл де, жұмсақ реңдер бере алады. Ал тушьпен жасалынған жұмыстардың реңi солғындау болып келедi. Тағы бiр кеңес: үй-тұрмыс жағдайында жiбек сияқты материалдарға жазуға болмайды, оларға бояулардың арнайы түрлерi қолданылатын болғандықтан, техникалық қауiп қатерлер тууы мүмкiн.
Жұмысты бiткеннен кейiн арнайы сұйықтарды сурет бетiнен алып тастау керек. Ол былай атқарылады: жасалынған жұмысты рамадан алып, бiрнеше қабатты газет арқылы шығарманы ыстық үтiкпен үтiктеу керек, содан кейiн жұмысты бензинге жусаңыз, ол матадағы сұйық қалдықтарынан тазартады. Даяр жұмысты кептiредi де, қажетiнше әшекейлейдi.
Ыстық батиктiң резервтi қоспасының құрамы:
Құрамы №1
Парафин 660 гр.
Вазелин 340 гр.
Құрамы №2
Парафин 500гр.
Техникалық вазелин 250 гр.
Ара желiмi 250 гр.
Құрамы №3
Петролатум 210 гр.
Парафин 790 гр.
Суық батик.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz