«Қазақ хандығын» Керей мен Жәнібік ханның құруы



Кіріспе бөлім.
«Қазақ хандығын» Керей мен Жәнібік ханның құруы.

Негізгі бөлім.
1 Моғолстан ханы Есенбұға «Қазақ хандығын» құруға жер беруі.
2 1468 жылы Әбілхайыр ханның қаза болуы.
3 «Қазақ хандығы» Сырдария бойындағы қалалар үшін Өзбектермен көпжылдық таласы.

Қорытынды бөлім.
Қасым ханның кезінде қазақ халқының саны бір млн.ға жетті.
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ хандығы – шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың біріңғай этникалық топ – қазақ халқы негізінде бірігуі рақылы 15-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрандық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428-жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс удей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы – шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1428-1468) үстемдік етті.
1) 7.8 сынып Қазақстан тарихы кітабы.
Автор Бабайев.

2) Қазақстан тарихы. Автор Мусин.

3) Очерктер

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе бөлім.
Қазақ хандығын Керей мен Жәнібік ханның құруы.

Негізгі бөлім.
1 Моғолстан ханы Есенбұға Қазақ хандығын құруға жер беруі.
2 1468 жылы Әбілхайыр ханның қаза болуы.
3 Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қалалар үшін Өзбектермен көпжылдық
таласы.

Қорытынды бөлім.
Қасым ханның кезінде қазақ халқының саны бір млн-ға жетті.
Пайдаланған әдебиеттер

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ НЫҒАЮЫ

Қазақ хандығы – шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі,
феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта
Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың біріңғай
этникалық топ – қазақ халқы негізінде бірігуі рақылы 15-ғасырдың орта
шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы
төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ
тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын
біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып
қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл
атқарды.
1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне
қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу
жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрандық болған маңызды
тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428-жылы
Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ
Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс
удей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы
құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы
билеген Ақ Орда территориясы – шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1428-1468)
үстемдік етті. 15-ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып
отырған қан төгіс соғыстар мен ішікі феодалдық қырқыстар барған сайын үдеп,
феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске тусірді.
Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытырандылық салдарынан Дешті-Қыпшақ
даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-
қону тәртіптері бұзылды, көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына
бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді.
Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың
үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді арман етті. Ақ Орданың
ақырғы ханы Барақтың балалары Керей мен Әз Жәнібек бұл жағдайды өз
мақсаттары үшін шебер пайдаланды да, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы
күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналды. Қалың қазақ тайпаларын бастап
батыс Жетісуға қоныс аударды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолыстан ханы
Есенбұғы (1434-1462-жылдары билік еткен) бұл қазақтарды Әбілхайырға қарсы
пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Бұлар батыс Жетісуді тіректі мекен
ете отырып, қазақ хандығын құрды. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и-
Рашиди атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде Дешті ҚыпшақтыӘбілхайыр хан
биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде
Жәнібек хан мен Керей Монғолыстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ
жая қарсы алып, Монғолыстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын
берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек
ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі
Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың
саны 200 мыңға жетті. Олардың өзбектер қазақтар деп атады. Қазақ
сұлтандары 870 жылдары ( 1465-1466) Билей бастады....
Алғашында қазақ хандығының тарриториясы батыс Жетісу жері, Шу өзені
мен Талас өзенінің алаңы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде
тұңғыш рет Қазақстан деген атау қолданылды (Уасифи, 16-ғасыр) ежелден
осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары дешті қыпшақтан қоныс
аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы
аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес
жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген дешті
қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай
ағылып Қазақ хандығына келіп жетті. 15-ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-
жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың
адам көшіп барды. 1462-жылы Монғолыстан ханы Есенбұғы қайтыс болған соң,
бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіз жағдайдың өріс
алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы
салдарынан Монғолыстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды
мекендеген қазақ тайпаларының Қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті.
Бұлар жаңадан құрылған қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның
беделі мен әскери-саяси күш-қуатын арттыра түсті.
Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де
әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Монғолыстанның,
Ноғай одағының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа төлем
болып отырған болатын. Оның үстіне шығыс Дешті-Қыпшақты билеген Әбілхайыр
хан өзіне қарсы шығып, Жетісу қоныс аударған қазақтардың өз алдында хандық
құрып, әсіресе Әбілхайыр хандығынан көптеген тайпалардың оған ағылып барып
жатқанына аузын басып, қылышын қайрап отырды. Ол жаңа құрылған қазақ
хандығын тарпа бас салып жойып жіберуге сұқтанды. Он шақты жыл айналасында
батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жайналуы
кең өріс-қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген
аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық –
Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынастарына қолайлы
жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызд мәселеге айналды. Бұл қарым-
қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтардағы
егіншілік өнімдерін өткізіп егіс көлігін алуды аңсаған егіншілер де,
қолөнер өнімдерін өткізіп шикізат алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда
тауарын өткізіп пайда табуға саудагерлер де мүдделі болды. Бай аймақтар мен
қалаларды қол астына қаратуға феодалдар тіпті де мүдделі еді, әсіресе
жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығын саяси-экономикалық база негізінде
нығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді.
Сөйтіп жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдына үш
үлкен тарихи міндет қойылды.
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан
қалыптасқан дағдылы тәтрібін қалпына келтіру көшпелі шаруалардың
көкейкесті мүддесі еді.
2. Шығыс пен батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария
жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы т.б. қалаларды қазақ
хандығына қарату. Бұлар осы өңірдегі саяси-экономикалық және әскери-
стратегиялық берік база болатын.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын
біріктіру, бұлардың ішіндегі маңдайалды маңызды міндет – Сырдария
жағасыдағы қалаларды қарату болды.
Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік
бірлестіктердің – Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және
сауда-экономикалық орталықтары еді. Бұдан бұрынғы тарихта осы Сырдария
бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру
Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл
қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.
Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері өркендеген қалалы аудандар мен
сауда-саттық жасуға тек даланың әкімдері ғана емес, Дешті-Қыпшақ шаруалары
да ділгір болып отырды.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ
хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан еді. Қазақ хандығы
Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Монғолыстан мемлекетімен тату
көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ ойран жоңғарларының тайшысы
Амасанжының Монғолыстанға шабуыл жасауынан және Әбілхайыр ханның Жетісудағы
қазақ хандығына шабуыл жасауынан тізе қоса отырып қорғануды мақсат етті.
1468-жылы қыста Әбілхайыр хан қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға
жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты.
Әбілхайырдың қаза болуы қазақ хандығының нығайуына және көлемінің кеңеюіне
улкен орай тудырды. Әбілхайыр өлгеннен соң оның елінде қиян-кескі қырқыс
басталып, хандық ыдырай бастады: Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі
шиеленістер басталды. Оның (қарамаңындағылардың) үлкен бөлігі Керей хан мен
Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған
қазақ хандары Керей мен Әз Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен
ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы туралы
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Қазақ хандығының құрылуы: қазақ хандары Жәнібек және Керей
Ноғай ордасы
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ хандығының пайда болуы
Пәндер