Компанияның қаржы шаруашылық қызметі


Мазмұны
КІРІСПЕ3
I Бөлім. Компанияның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың теориялық негіздері мен рөлі. 5
1. 1. Компанияның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, принциптері, мақсаты мен міндеттері . . . 5
1. 2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі……. . 8
ІІ. Бөлім. Компанияның қаржылық жағдайы мен қаржылық потенциалын талдау және бағалау………. . …11
2. 1. Компанияның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау………11
2. 2. Қаржылық жағдайдың мәні . . . ………23
Қорытынды. . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі нарық жағдайында компанияның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Сондықтан компанияның қаржылық жағдайын бағалау керек. Компанияның қаржы тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржылық тепе-теңдікке жету компанияды шаруашылық жүйесінің тұрақты звеносы ретінде қарастыруға болады, бүл экономиканың нақты секторының дамуының маңызды факторы болып табылады.
Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін қаржылық, ақша-несие, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге асыру керек. «Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында экономиканың нақты секторын дамытудың қажеттілігі ҚР Үкіметінің алдағы қызметінің бірден бір негізгі бағыты ретінде анықталды, ал нақты сектордың басымдылығы оның іс-әрекетінің негізгі принципі ретінде бекітілді (Президент Республики Казахстан. О дальнейших мерах по реализации стратегии развития Казахстана до 2030 года. Указ от 17 февраля 2000 года №344: официальный текст) .
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: «Футура» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік. Ол 2000 жылы 18-наурызда құрылған. Меншік түрі - жеке. Негізгі қызмет түрі - жиһаздарды сату және сатып алумен айналысады. Шетелдерден жиһаздарды дайын өнім ретінде алып келеді. «Футура» ЖШС-ң өзінің балансы, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, мөрі, эмблемасы және сауда белгісі бар.
Курстық жүмыстың мақсаты: «Футура» ЖШС-ң қаржылық жағдайын бағалау. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған :
- Компанияның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау;
- Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және бағалау;
- Компания табыстылығы (рентабелъділігі) мен іскерлік белсенділігін талдау және бағалау.
Осы міндеттері орындау барысында компанияның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар оның қаржылық жағдайын жалпы бағалау, актив кұрамы мен құрылымын, меншікті капиталын, міндеттемелерін, олардың жағдайы мен қозғаласын бағалау, компанияның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін талдау, табыстылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және компания кызметінің қаржы шаруашылық тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.
Курстық жұмысты орындау барысында «Футура» ЖШС-ң есеп беру формалары пайдаланылады. Атап атқанда 2005, 2006 жылдың Бухгалтерлік балансы, Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, Түсініктеме хат және «Футура» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің Жарғысы.
Ұйымның тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз ету олардың жүмысына қаржылық түрғыдан дұрыс басқаруды талап етеді, бүл көбінесе оны талдай білумен айқындалады. Кешенді түрде талдаудың көмегімен даму тенденциясы зерттеледі, қызмет нәтижелерінің өзгеру факторлары терең және жүйелі түрде зерттеледі, бизнес-жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді, олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылады, өндіріс тиімділігін арттыру резервтері анықталады, компанияның қызмет нәтижелері бағаланады, оны дамытудың қаржылық стратегиясы жасалады.
Шаруашылық қызметке кешенді түрде талдау жүргізу - бұл бизнестегі басқару шешімдерін қабылдаудың ғылыми негізі. Оларды негіздеу үшін қазіргі және алда тұрған мәселелерді, өндірістік және қаржылык тәуекелдерді анықтай және болжай білу керек, қабылданған шешімдердің шаруашылық жүргізуші субъектінің тәуекелдік және табыс деңгейіне тигізетін әсерін анықтау керек. Сондықтан барлық деңгейдегі менеджерлердің кешенді түрде қаржылық талдау жасау әдісін игеруі олардың кәсіби дайындығының құрамды бөлігі болып табылады.
Талдау техникасы мен технологиясын біле отырып, олар нарықтағы жағдайдың өзгерістеріне оңай бейімделе алады және дұрыс жауап пен шешімдер таба алатын болады. Осыған орай қаржылық талдаудың негіздерін игере білу: шешім қабылдауға қатысатындарға да, оларды қабылдау бойыша ұсыныстар беретіндерге де пайдалы болмақ.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар компаниядардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің қаржылық өсуіне бағытталады.
I Бөлім. Компанияның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың
теориялық негіздері мен рөлі.
1. 1. Компанияның қаржы шаруашылық қызметін талдаудың пәні, объектісі, принциптері, мақсаты мен міндеттері.
Шаруашылық қызмет және онда өтіп жатқан процестер көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: қаржылық теорияның, макро- және микроэкономиканың, басқарудың, өндірістік-қаржылық қызметті ұйымдастыру мен жоспарлаудың, статистиканың, бухгалтерлік есептің, қаржылық талдаудың және т. б. Экономика саласының немесе жеке бір компанияның нақты жағдайындағы қаржылық процестердің дамуына жалпы, жеке және арнайы заңдардың тигізетін әсерін зерттейді. Статистика шаруашылық қызметте жүріп жататын жалпы қаржылық құбылыстар мен процестердің сандық жағын зерттейді. Бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық қызмет процесіндегі капиталдың айналуы болып табылады. Ол барлық шаруашылық операцияларды, процестерді және сонымен байланысты компания қаражатының қозғалысын және оның жұмыс нәтижесін құжат жүзінде көрсетіп отырады.
Шаруашылық қызметін талдау пәні қаржылық құбылыстар мен процестердің себеп-салдар байланыстары болып табылады. Компанияның шаруашылық қызметіндегі себеп-салдар байланыстарын біліп отыру қаржылық құбылыстар мен процестердің мәнін ашуға жэне соның негізінде жеткен нәтижелерге дұрыс баға беруге, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеуге мүмкіндік береді. Себеп-салдар байланыстарды топтастыру, жүйелендіру, моделдеу, шамалау ШҚТ басты әдістемелік мәселесі болып табылады.
Шаруашылық қызметін талдау объектісі шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелері болып табылады. Мысалы, өнеркәсіптік компанияда талдау объектісіне өнімді өндіру және сату, оның өзіндік құны, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, компанияның қаржылық жағдайы және т. б. жатады.
Шаруашылық қызметін талдау принциптері.
Шаруашылық қызметіне талдау жүргізген кезде ғылым мен практикадан алынған белгілі бір принциптер мен ережелерді басшылыққа алу керек.
Талдау ғылыми сипатта болуы, танымның дидактикалық теориясының ережелеріне негізделуі, өндіріс дамуының қаржылық заңдарының талаптарын ескеруі керек, ғылыми-техникалық процесстің алдыңғы қатарлы тәжірибенің жетістіктерін, экономикалык зерттеулердің ең жаңа әдістерін пайдалануы тиіс;
Талдау кешенді болуы керек. Зерттеудің кешенділігі қызметтің барлық тізбегі мен бүкіл тараптарының қамтылуын және компания экономикасындағы себепті байланыстарды жан-жақты зерттеуді талап етеді;
Талдау объективті, нақты, дәл болуы тиіс, нақты шындықты көрсететін дұрыс, тексерілген ақпаратқа негізделуі керек, ал оның тұжырымдары нақты талданған есептеулерге негізделуі тиіс. Осы талаптардан есептеулерді ұйымдастыруды, ішкі және сыртқы аудитті, сондай-ақ талдау әдістемесін оның есептеулерінің дәлдігі мен дұрыстығын арттыру мақсатында үнемі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды;
Талдау жарамды болуы керек, кемшіліктерді, қателіктерді, жұмыстағы жіберіп алған мүмкіндіктерді уақтылы анықтай отырып, олар туралы компания басшыларына хабарлау керек, өндіріс барысы мен оның нәтижесіне белсенді түрде әсер етуі тиіс. Осы принциптен талдау материалдарын компанияды басқару үшін, нақты шараларды әзірлеу үшін, жоспардың деректерін негіздеу, түзету және анықтау үшін нақты түрде пайдалану қажеттігі туындайды. Басқаша жағдайда талдаудың мақсатына жетуі екіталай;
Талдауды анда-санда емес, жоспар бойынша, жүйелі түрде жүргізіп отыру керек. Бұл талаптан компаниядағы талдау жұмысын жоспарлау, оны орындау бойынша міндеттерді орындаушылар арасында бөлу және оны жүргізуді бақылау қажеттігі туындайды;
Талдау оперативті болуы тиіс. Оперативтілік дегеніміз талдауды жылдам және нақты жүргізе білуді, басқару шешімдерін кабылдауды және оны жүзеге асыруды білдіреді;
Талдау принциптерінің бірі - бұл талдау жүргізуге компания қызметкерлерінің көпшілігі катыса алатындығын пайымдайтын оның демократиялығы, бұл алдыңғы қатарлы тәжірибені толығырақ анықтауға және барлық ішкі шаруашылық резервтерді пайдалануды қамтамасыз етеді;
Талдау қаржылық құбылыстарды, процестерді, шаруашылық ету нәтижелерін бағалаған кезде мемлекеттік ыңғайға негізделуі тиіс. Басқаша айтканда, шаруашылық қызметтің нәтижесін бағалай отырып олардың мемлекеттің қаржылық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясат пен заңдарға сәйкестігін ескеру керек;
Талдау тиімді болу керек, яғни оны жүргізгендегі кеткен шығындар көп есе әсерін тигізуі керек.
Сонымен, талдаудың негізгі принциптері ғылымилылық, кешенділік, жүйелілік, объективтілік, дәлдік, шындық, әрекеттілік, оперативтілік, демократизм, тиімділік жэне т. б. болып табылады.
Мақсаты мен міндеттері(Савицкая Г. В., 2003) .
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші компаниядардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісіне баға беру;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- компания активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, компанияның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- компания табыстылығын бағалау;
- компания табысының салыстырмалы керсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- компанияның іскерлік белсенділігін анықтау;
- компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау компанияның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс жөне өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Компанияның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп жөне несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ компанияның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Компания қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату керсеткіштерімен анықталады. Көсіпорынның өзі алатын төдемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұраптылымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге жөне төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу компанияның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі жөне оны сатудың қиындықтары компания шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде компанияның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, компания өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек жөне материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі көсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Компанияның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезегінде қойылған мақсаттарға қол жеткізуі үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді (Дүйсенбаев К. Ш., және т. б., 2001 ) .
1. 2. Шаруашылық қызметті талдаудың ұғымы, мазмұны мен рөлі.
Қаржылық талдау - бұл оларды құрамды бөліктерге бөле отырып, неше түрлі байланыстар мен тәуелділіктерін зерттеуге негізделген, қаржылық құбылыстар мен процестердің мәнін танудың ғылыми тәсілі.
Әлемдік, ұлттық экономика және оның кейбір салалары деңгейіндегі қаржылық құбылыстар мен процестерді зерттейтін макроэкономикалык талдау, және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейіндегі қаржылық құбылыстар мен процестерді зерттейтін микроқаржылық талдау деп бөлінеді. Соңғысы «шаруашылық қызметті талдау» (ШҚТ) деген атау алған.
Қаржылық талдаудың қаржылық құбылыстар мен процестердің мәнін тану құралы ретінде пайда болуын бухгалтерлік есеп пен баланс жүргізудің пайда болуымен және дамуымен байланыстырады. Алайда ол өзінің теоретикалық және практикалық дамуын нарықтық қатынастардың дамуы кезеңінде, атап айтқанда XIX ғ. екінші жартысында алды. Шаруашылық қызметті талдаудың айрықша арнайы білім саласына бөлінуі кейінірек - XX ғ. бірінші жартысында болды.
Шаруашылық қызметін талдау мазмұны компанияды басқару жүйесіндегі ортаңғы орындардың бірінде тұрған оның атқаратын рөлі мен қызметінен туындайды. Басқару жүйесі мынандай өзара байланысты қызметтерден тұрады: шаруашылық қызметті жоспарлау, есеп және бақылау, талдау және басқару шешімдерін қабылдау.
Жоспарлаудың көмегімен компанияның, оның құрылымдық бөлімшелерінің және кейбір жұмыскерлер қызметтерінің негізгі бағыты мен мазмұны анықталады. Оның басты міндеті компания дамуының және оның әрбір мүшесінің қызметінің жоспарлануын, өндірістің соңғы ең жақсы нәтижелеріне жету жолдарын анықтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Басқарылатын жүйе
(жабдықтау, өндірістік өткізу, инвестициялық,
маркетингтік және басқа да қызметтер)
Басқаратын жүйе
1-сурет. Басқару жүйесіндегі қаржылық талдаудың орны.
Өндірісті басқару үшін өндірістік процес пен жоспардың орындалу барысы туралы толық және дұрыс ақпарат болуы тиіс. Сондықтан өндірісті басқару функциясының бірі, өндірісті басқаруға және жоспар мен өндірістік процестердің барысын бақылауға қажетті ақпараттарды жинауды, жүйелеуді және жинақтауды қамтамасыз ететін есеп болып табылады.
Шаруашылық қызметті талдау есеп пен басқару шешімдерін қабылдаудың арасындағы байланыстырушы тізбек болып табылады. Бұл процесте оның есептік ақпараты талдамалы өңделуден өтеді: қызметтің қол жеткен нәтижелерін өткен уақыт ішіндегі деректермен, басқа кәсіпорьшдардың және орташа салалық көрсеткіштермен салыстыру жүргізіледі; сан алуан факторлардың шаруашылық қызметтің нәтижесіне әсері анықталады; кемшіліктер, қателіктер, пайдаланылмай қалған мүмкіндіктер, келешектегі жоспарлар және т. б. айқындалады. ШҚТ көмегімен ақпаратты саралауға, түсінуге қол жеткізіледі. Талдау нәтижелері негізінде басқару шешімдері әзірленеді және негізделеді. Қаржылық талдау шешімдер мен әрекекттердің алдында жүреді, оларды негіздейді және өндіріске ғылыми басшылық жасау негізі болып табылады, оның тиімділігін арттырады.
Демек, қаржылық талдауды басқару шешімдерін ғылыми негіздеу және оңтайлаңдыру үшін қажетті деректерді дайындау бойынша қызмет ретінде қарастыруға болады.
Шаруашылық қызметін талдауды басқару қызметі ретінде өндірісті жоспарлаумен және болжаумен тығыз байланысты болады, өйткені терең талдаусыз бұл қызметтерді жүзеге асыру мүмкін емес. Жоспарлауда, сапаны бағалау мен жоспарлы көрсеткіштердің негізділігіне арналған ақпараттарды дайындауда, жоспардың орындалуын тексеру мен бағалаудағы шаруашылық қызметті талдау рөлі өте маңызды. Компания үшін жоспарды бекіту, шын мәнінде, алдағы жоспарланған уақыт ішінде өндірістің дамуын қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдауды білдіреді. Бұл кезде алдыңғы жоспарлардың орындалу нәтижелері ескеріледі, компанияның даму тенденциясы зерттеледі, өндірістің қосымша резевтері қарастырылып, есепке алынады. Шаруашылық қызметті талдау тек жоспарды негіздеу құралы ғана емес, сонымен қатар олардың орындалуын бақылау құралы болып табылады. Жоспарлау компания жұмысының нәтижесін талдаудан басталады және сонымен аяқталады, бұл жоспарлау деңгейін арттыруға, оны ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді.
Талдаудың бұл қызметі - жоспардың орындалуын бақылау және соларды негіздеу үшін ақпараттар дайындау тұрғысынан - әлсіремейді, керісінше нарыктық экономикада күшейе түседі, өйткені сыртқы ортаның белгісіздігі және өзгергіштігі жағдайында ағымдағы және алдағы жоспарларды шұғыл реттеп отыру қажет болады. Үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жоспарлау процесінің үздіксіз болғанын талап етеді. Жоспарлау бойынша менеджер әрбір жағдайдың өзгеруін бағалай, талдай білуі және компания жоспарына шұғыл түрде түзетулер енгізіп отыруы керек.
Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау мен пайдалануды талдауға айрықша орын беріледі. Бұл ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалануға, алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтап, енгізуге, еңбекті, жаңа техника мен өндіріс технологиясын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, артық шығындар мен жұмыстағы кемшіліктерді болдырмауға және т. б. ықпал етеді. Осының нәтижесінде компанияның экономикасы нығаяды, қызметінің тиімділігі артады.
Соныменен, шаруашылық қызметті талдау өндірісті басқару жүйесіндегі маңызды элемент, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаудың құралы, ғылыми негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін әзірлеу негізі болып табылады.
Талдаудың компанияды басқару құралы ретіндегі рөлі қазіргі кезде артып келеді. Бұл әртүрлі мән-жайлардан туындап отыр:
- шикізаттың жетіспеушілігі мен құнының артуына, өндірістің ғылымды және капиталды көп қажет етуіне байланысты өндіріс тиімділігін толассыз арттыру қажеттігінен;
- басқарудың әкімшілік жүйесінен кету және нарықтық қатынастарға біртіндеп көшуден;
- меншікті мемлекет иелігінен алу, компаниядарды жекешелендіру мен қаржылық реформаның басқа да шараларына байланысты шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын құрудан.
Осындай жағдайларда компания басшысы тек өзінің түйсігіне және ойындағы пайымдауларына ғана арқа сүйей алмайды. Басқару шешімдері мен іс-әрекет дәл есептеулерге, терең және жан-жақты қаржылық талдауларға негізделуі тиіс. Бірде-бір ұйымдастыру, техникалық жэне технологиялық шаралар соның қаржылық дұрыстығы негізделмейінше жүзеге асырылмауы тиіс. ШҚТ рөлін дұрыс бағаламау, жоспардағы және басқару шешіміндегі қателіктер қазіргі кезде бірқатар шығындарға душар етеді. Және керісінше, ШҚТ байыппен қарайтын компаниядар жақсы нәтижеге, жоғары қаржылық тиімділікке жетеді ( Савицкая Г. В., 2003 ) .
ІІ. Бөлім. Компанияның қаржылық жағдайы мен қаржылық потенциалын талдау және бағалау.
2. 1. Компанияның қаржылық тұрақтылығын талдау және бағалау.
Іс жүзінде қолданылып жүрген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық көрсеткіштері әдетте екі үлкен топтарға бөлінеді. Бірінші топқа нормативтік мәндері бекітілген көрсеткіштер жатады. Бұл: қаржылық тұрақтылық, төлем қабілеттілік пен өтімділік көрсеткіштері. Екінші топтағы көрсеткіштер бойынша нормативтік мәндер бекітілмейді. Бұл топқа табыстылық (рентабельділік), тиімді басқару мен іскерлік белсенділік көрсеткіштері жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz