Сыртқы сауда жүйесі



1. КІРІСПЕ
2. ҚР сыртқы сауда жүйесінің экономикалық мәні, құрылымы
3. Сыртқы сауданың қалыптасуы, дамуы
4. ҚР сыртқы саудасының ерекшеліктері
5. Қазақстан Республикасының экспорт пен импортыңың қазіргі жағдайы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Осыдан он жыл бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік. Біз қателескен жоқпыз.
Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.
Еліміз дамуының ой қисыны, сонымен қатар кең ауқымды сипаттағы терең мағынасы бар барынша байыпты түбегейлі қоғамдық міндеттер қойылып отыр. Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды табанды түрде қажетсінеді, мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстанды жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары ретінде мен ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап отыр. Қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат.
Бірінші бағыт – Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің орнықты сипатын қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру.Әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесі – өзінің ережелері бойынша жұмыс істейтін қалыптасқан әрі орнықты тетік. Біз де осы ережелерге сай жұмыс істеуіміз керек. Әлемдік рынокта бізді күтіп тұрған ешкім жоқ, бірақ біз онда қажеттігімізді танытып, іргемізді бекітіп алуымыз қажет. Қазақстан экономикасының сыртқы рыноктарға шығатын негізгі салаларына олардың экспорттық табыстылығының деңгейі мен соны айқындайтын факторлар тұрғысынан жүйелі талдау, мониторинг және бағалау жүргізу. Мұның өзі, ең алдымен, жоғары өнімділік, жұмсалатын шығындардың төмендігі, басқа елдердің қолы жетпейтін ресурстар мен материалдардың болуы, біліктілігі жоғары білікті жұмыс күші, дербес технологиялар және т.т. Әзірге мұндай жұмыс толық көлемінде орындалмай отыр.
1. Қапасов .А Ақиқат 2004 жыл, №2 .
2. Мелдебай.Ә Зерде 2004 жыл, №2 .
3. Келбұғанова .Л.Ж , Д. С.Райымбекова. Менеджмент качества-2001 , № 2
4. Т. Деменисов. Ізденіс-Поиск 2008 жыл
5. Б.Қабдөшев ,Ұлт тағлымы журналы 2003 жыл, №3
6. Ғ.Қарасов Ақиқат 2004, № 2
7. С. Әліпбай. Егемен Қазақстан газеті ,2004 жыл 30 наурыз.
8. А.Шәріп. Айқын 2005 жыл, 18 тамыз.
9. Н.Байтілесұлы. Сараптама//Егемен Қаақстан 2005 жыл , 15 маусым №3
10. Н.Райханұлы Ақиқат 2003жыл, №4
11. "Қазақстан-2030 " стратегиясы.
12. А. Сәдуәқасов . Алматы ықшамы 2006жыл, 10 тамыз.
13. Н.Райхан Ақиқат 2005жыл ,№4

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. КІРІСПЕ

2. ҚР сыртқы сауда жүйесінің экономикалық мәні, құрылымы
3. Сыртқы сауданың қалыптасуы, дамуы
4. ҚР сыртқы саудасының ерекшеліктері
5. Қазақстан Республикасының экспорт пен импортыңың қазіргі жағдайы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Осыдан он жыл бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда
еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың
келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл
ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай
болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым
мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер,
төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген
кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік. Біз қателескен
жоқпыз.
Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: Қазақстан
өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық
сеніммен қадам басты.
Еліміз дамуының ой қисыны, сонымен қатар кең ауқымды сипаттағы терең
мағынасы бар барынша байыпты түбегейлі қоғамдық міндеттер қойылып отыр. Осы
заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-
саяси қатынастардың бүкіл жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды табанды түрде
қажетсінеді, мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі
кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің
бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің
біріне айналуына мүмкіндік береді.
Қазақстанды жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары
ретінде мен ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап
отыр. Қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа
бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат.
Бірінші бағыт – Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің орнықты сипатын
қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия әзірлеу және оны іске
асыру.Әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесі – өзінің ережелері бойынша
жұмыс істейтін қалыптасқан әрі орнықты тетік. Біз де осы ережелерге сай
жұмыс істеуіміз керек. Әлемдік рынокта бізді күтіп тұрған ешкім жоқ, бірақ
біз онда қажеттігімізді танытып, іргемізді бекітіп алуымыз қажет. Қазақстан
экономикасының сыртқы рыноктарға шығатын негізгі салаларына олардың
экспорттық табыстылығының деңгейі мен соны айқындайтын факторлар тұрғысынан
жүйелі талдау, мониторинг және бағалау жүргізу. Мұның өзі, ең алдымен,
жоғары өнімділік, жұмсалатын шығындардың төмендігі, басқа елдердің қолы
жетпейтін ресурстар мен материалдардың болуы, біліктілігі жоғары білікті
жұмыс күші, дербес технологиялар және т.т. Әзірге мұндай жұмыс толық
көлемінде орындалмай отыр.
Екіншіден, басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-
ақ нақ сол халықаралық рыноктарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға
салыстырмалы талдау жүргізу; қазақстандық экспорттаушылар мен экономика
секторларының кейіндеп қалуына әкеліп соғатын немесе, керісінше, оларға
салыстырмалы артықшылықтар жасайтын факторларға баға беру.
Үшіншіден, нақты экспорттық салалардың оң және теріс тұстарына баға
беру және қолдағы артықшылықтарды қай жерде қолдану, ал керек жерінде орын
алған проблемаларды жоюдың бағыттарын айқындау.
Бұл ретте біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі рынокты
дамыту жөнінде жасалған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың
экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыруымыз қажет.
Төртіншіден, осындай жүйелі талдаудың негізінде біз өнеркәсіптің
құрылымын өзгертуге қабілетті әрі едәуір қосымша құнға ие еселемелі
тиімділігі, экспорттық және ресурстар үнемдеуші әлеуеті бар серпінді
ауқымды зор жобалар әзірлеуіміз қажет. Қазақстан Республикасының сыртқы
сауда қатынастарының дамуна, дүнеиежүзілік стандарттарға сәйкес тауарлар
өндіру, оларды шет елдерге экспорттау үшін біз алдағы ережелерді жөнді
орындап, қолға алу.

Сыртқы сауда статистикасында есепке алынатын негізгі көрсеткіштер
сыртқы сауда айналымы, экспорт, импорт, сыртқы сауда балансының айырымы
болып табылады. Сыртқы сауда айналымы – елдің белгілі бір кезеңдегі
экспорты мен импорты құндарының сомасы. Тауарлар экспорты – отандық өндіріс
тауарлары мен шетелде шығарылған реэкспорттық тауарларды коммерциялық
негізде елден сыртқа шығару. Тауарлар импорты – ел ішінде пайдалану үшін
және реэкспорт үшін арналған шетелде шыққан тауарларды коммерциялық негізде
шетелден әкелу. Сыртқы сауда балансы (сыртқы сауда айырымы) – елдің белгілі
бір кезеңдегі экспорты мен импорты құндарының арақатынасы. Сыртқы сауда
балансы, егер экспорт құны импорт құнынан асып кетсе активті, ал керісінше
арақатынаста болса пассивті болып саналады. Ұйымдастырылмаған сауданы
қоспағандағы мәліметтер жүктік кеден мәлімдемесін өңдеу негізінде алынған.
Заңды тұлғалар үшін ресми мәлімдеуге кез келген заңды тұлғаға тиесілі, не
олардың қарауындағы мемлекеттің немесе басқаның иелігіне, тұрған жеріне,
кедендік жеңілдіктеріне байланыссыз республиканың кеден шекарасы арқылы
өткен барлық тауарлар жатады. Тауар дегеніміз – елдің материалдық
ресурстарын сырттан әкелгенде ұлғайтатын және сыртқа шығарғанда азайтатын
барлық жылжымалы мүлік (электр энергиясын, газды, мұнайды қоса). Жеке
тұлғалар үшін жүктік кеден мәлімдемесі өндірістік тұтынуға арналған
тауарларға толтырылады. Сөйтіп, кеден статистикасына ұйымдастырылмаған
сауда шеңберінде тасымалданған тауарлар кірмейді. Ұйымдастырылмаған сауданы
қоса алғандағы мәліметтер де жүктік кеден мәлімдемесінен алынған
ақпараттарға негізделген, алайда одан басқа сыртқы сауда айналымы көлеміне
есепке алынбаған экспорт пен импорттың қайықтық сауда бойынша есептеулері
қосымша енгізілген. Бұл есептеудің мәліметтері нақты тауарлар мен елдерге
бөлмей жалпы экспорт және импорт көлеміне есептеледі.Ұйымдастырылмаған
сауда көлемін анықтау әдістемесі, негізінде, кеден органдарында ресми түрде
есепке алынбаған, жасалған сыртқы сауда операцияларын бағалауға
негізделген. Кеден статистикасы елдің мемлекеттік аумағына келіп түсетін
және одан сыртқа шығатын барлық тауарлар есептелетін сыртқы сауда есебінің
жалпы жүйесі негізінде тауарларды сырттан әкелу мен сыртқа шығарудың
есебін жүргізеді. Мұндағы елдің статистикалық аумағының шекарасы –
мемлекеттік шекара. Экспорт көлеміне мыналар кіреді: ұлттық тауарлар
экспорты, өңделгеннен кейінгі тауарлар экспорты, импортталған тауарлар
реэкспорты,еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардан экспорт, баж салығы
салынбайтын сауда дүкендерінен тауар экспорты, сондай-ақ бір немесе одан
көп жылға жал үшін әкетілген тауарлар. Импорттың негізгі құрамды бөліктері
мыналар болып табылады: ел ішінде пайдалануға арналған тауарлар импорты,
өңдеу үшін пайдаланылған тауарлар импорты, реимпортталған тауарлар, еркін
кеден аймақтары мен еркін қоймалардағы тауарлар импорты, баж салығы
салынбайтын сауда аймағына бағытталған тауарлар импорты, бір немесе одан
көп жылға жал үшін әкелінген тауарлар.
Кеден статистикасы мынадай операцияларды есепке алмайды:
• монетарлық алтынмен, бағалы қағаздармен, айналымдағы банкноттармен
және монеталармен;
• ел аумағы арқылы шетелдік тауарлар транзиті;
• тауарларды елге әкелмей-ақ реэкспорттау;
• уақытша әкелінген және әкетілген тауарлармен (көбінесе, өткізілмеген
бөлігі консигнацияға, көрмеге, жәрмеңкеге арналған тауарлар);
• шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және елшілік өкілдіктерінің
қызметке пайдалануға арналған тауарларымен; мемлекеттік органдарға,
мемлекет басшыларына, үкімет мүшелеріне сый тартулар;
• мемлекеттен тыс орналасқан отандық әскери бөлімдердің жауынгерлік
әзірлік немесе күнделікті қызметіне арналған тауарлар;
• коммерциялық мәні жоқ тауарлармен.
Сыртқы сауда ағынының географиялық бөлінуі мына схема бойынша
жүргізіледі:
• тауарлар экспорты-тауар бағытталған (тұтынатын) ел бойынша;
• тауарлар импорты-тауар шығарылатын ел бойынша;
Құндық көріністер АҚШ долларымен көрсетіледі, шетел валюталарын долларға
қайта есептеу кеден мәлімдемесін толтыруға қабылдаған күні Республиканың
Ұлттық банкі белгілеген ресми бағамы бойынша жүргізіледі.[9;1,3]
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қатынастары бүрынннан дамыды.
Ең бірінші сауда қатынастарың Ресеймен орнатты. Бірақ, қазіргі таңда
мемлекетіміз өз шикізаттарың экспортқа шығаруда, бұл процесс егеенді елдің
экономикасы мықты болуына көмектесетің бірден бір фактор. Мемлекетіміздің
сыртқы сауда қатынастарың 2003 жылдан қарастырайық. 2003 жылы қаңтар−тамыз
айларында сыртқы сауда айналым 13,3 млрд. АҚШ долларын құрады, және 2002
жылмен салыстырганда 30 пайызға өсіп , оның ішінде экспорт 8,1 млрд
доллар,40 пайызға, импорт 5,0 млрд доллар, 58 пайызға өскен.2002 жылғы
қаңтар−тамызда сыртқы сауда айналымы 10,1 млрд. АҚШ долларын қүрады және
2001 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға, экспорт − 5,8млрд. доллар 0,9
пайызға өскен. Импорт −4,3 млрд.долларға 0,8 пайызға өсті. Қазақстан
сыртқы сауда айналымы 2005 жылдың қаңтар−сәуір айларында 13390,5 млн АҚШ
долларын құрады, яғни өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 46,6 пайызга
өсті. Осы көрсеткіштерге қарай отырып біз, тауар айналымының негізгі
бөлігін бұрынғыша экспорт құрайтының көреміз. Осы өткен 4 айдағы экспорттың
жиынтық көлемі 8325,2 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстан экспорт
құрылымының негізгі үлесін шикізат тауарлары құрайды. Барлық экспорттың
73,8 пайызың минералды өнім құраса, 15,9 пайызың металургия өнімдері
құрайды. Қаңтар−сәуір айларында минералды өнім экспорты 6145,8 млн
долларды құрап, былтырғымен салыстырғанда 2449,2 млн долларға көбейді.
Соңғы үш жыл бойынша жоғарыда келтірілген деректер бойынша келесідей
қортынды жасауға болады:біріншіден, сауда айналымының жалпы көлемі соңғы
екі жылда өткен жылдарға қарағанда қатты өскен, екіншіден , 2004 жылы өткен
жылдарға қарағанда импорттың жалпы соммасы және соған сәйкес оның өсу
қарқыны айтарлықтай жоңары және экспорттың өсу қарқыны басып озды,
экспорттың үлес салмағы біраз төмендей түсті, тиісінше импорт үлес салмағы
өсті. Экспорт пен импорттың көлемі тауарлардың натуралды түрде де өсуі және
баңаның өсуі есебінен де ұлғаяды.
Экспорт пен импорттың тауар құрамының, тауар бағаларының
динамикасың талдай отырып ел экономикасы үшін маңызы бар екі проблемаға
тоқталуға болады:
Оның біріншісі:кейбір тауарларды өзіміз үлкен көлемде өңдіреміз, оларды
көптеп экспортка шығарамыз сондай тауарлардыимпорт жасаймыз және де сол
тауарларды импорт жасаған бағада әлдеқайжда жоғарғы болып келеді,
нәтижесінде аса үлкен шығынға үшыраймыз. 2004 жылғы қаңтар тамыздағы
экспорт пен импорт кейбірнақты мысал келтірейік.[10;24]

Кедендік статистиканың ұйымдаспаған сауданы есепке алмағандағы деректері
бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының 2004 жылғы
қаңтар тамыздағы көлемі 19,8 млрд.АҚШ долларың құрады және өткен жылға
осындай мерзіммен салыстырғанда 50% өсіп, соның ішінде экспорт -11,8 млрд.
АҚШ долларын құрап, 44,6 айызға өсті. Ал импорт -8,1 млрд. АҚШ долларын
құрады, яғни 58,4 пайызға өсті. Әлемдік шаруашылык-тың түпкдзығы —
бизнесте. Себебі, кез-келген мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара
алмайды. Осы жолда түрлі мемлекеттік реформа-ларды бастан кешіп, даму-дың
даңғыл жолын іздейді. XXI ғасырда адамзат тиын-нан теңге күрау арқылы
акшаны өмір философия-сына айналдырып отыр. Сондыктан да өр мемлекет
халықаралық дәрежеде сау-да-сатттық жасап, капиталайналымын
жандандыруда.Әрине, бұл экономика-лық механизмде Батыс мем-лекеттері алда
келеді. Өйткені, олар үшін өлемнін кез-келген елінің есігі ашық. Тауарын
қай мемлекетке сатам десе де өз еріктері. Ал біздің мұндай кұқығымыз
шектеулі. Өйткені, Қазак-стан Дүниежүзілік сауда үйымына кірмеген.
Неліктен? Себебі, біздің мемлекеттің экономикасы мен әлеуеті, тауар өндіру
деңгейі мен кедендік базасы ғаламдық стандарттарға жауап бере алмауда. Десе
де, аталмыш үйымға кайткен күнде де кіру керек. Отандық енім ендірушілердің
тауарлары әлемдік сауда кақпасынан сығалап түрғаны дүрыс па, әлде біздің
бүйымдарды дүние жүзі елдері сатып алып, ақшасын ұсынғаны дұрыс па? Әрине,
екіншісі дұрыс. Экономистердің пікі-рінше, ДСҮ-ға тездетіп кіру үшін
Қазақстан экономика-лык, саясатта меркантилис-тік бағыт үстанғаны дұрыс. Ал
меркантилизм дегеніміз не? Меркантилизм дегеніміз — өндірісті тауар
сипатына карай бағалайтын еуропа-лык, экономикалык, ағым. Осы идеяның
негізін қалау-шылар баюдың жолы тек кайта бөлшектеуден баста-лады дейді.
Бүл нені біл-діреді? Яғни, әрбір мемле-кетте әлеуетті де бөсекеге кабілетті
экономика қалып-тасу үшін күшті мемлекетгік саясат болу керек екен. Бүл
саясат экономикалык түр-ғыдан үш секторды дамытуға бағытгалады. Олар:
өндіріс-тік, ауылшаруашылык және шетелдік колония. Экономи-када саудагерлер
нарыктық катынасты дамытушылар болып есептелсе, еңбек — негізгі өндіруші
фактор болып табылады.[12;14]
Мемлекетте алтын мен күмістің қоры қаншалықты мол екеніне қарай сыртқы
сауданың меркантилистік мектебі елдегі ұлтгык эконо-миканы дамыту үшін
мына-ларды орындау керек деңгенд. Сауда балансын сак-тау: шетгентауар
әкелгенше, керісінше, сыртқа көп өнім шығару, осы арқылы алтын ағымын төлем
ретінде көбей-ту.
Алпауыт АҚШ мемлекеті Қазақстанның ДС¥-ға енуіне қолдау білдіріп отыр.
Бұл жөнінде шілденің 25-і күні Қазақстанға жасаған сапарында АКДІ ауыл
щаруашылыгы министрі Майк Йоханнс мәлімдеді. Йоханнстың айтуынша,
американдық тарап Қазақ-станның ДС¥ хатшылыгынан ауыл шаруашылығы саласын
реформалау мақсатында сүраған техникалық көмегін дүрыс қабылдаған. Оның
пікірінше, АҚШ Қазақстанды Орталық-Азиядағы көшбасшы ел және сенімді
стратегиялық әріптес санайды. Министр: Біз мүнда Қазақстанға өз өнімдерін
сатқысы келетін американдық компания өкілдерімен бірге келдік, дей-
түрғанмен, біздің арамызда сіздердің республикала-рыңыздан ауыл шаруашылығы
өнімдерін сатып алып,өзішң инвестициялық әлеуетш арттыруға қызығушылық
танытып отырғандар бар — дей келе, болашақта да АҚШ-тың Қазақставдағы ірі
инвестор болып қала беретінін ашып айтты. Ресми дерекке сүйенсек, ел
экономикасына АҚШ-тан қүйылатын инвестиция көлемі 12 миллиард АҚШ долларын
қүрайды екен. Сондай-ақ дәл осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меркантилизм туралы жалпы ұғым
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің нысандары және түсінігі
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Кедендік-тарифтік саясат
Тауар айналымының құндық көлем индексі
Халықаралық сауданың теориялары
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Меркантилизмнің экономика ілімінің тарихындағы орны
Сыртқы экономикалық іс-әрекетте мемлекеттік реттеу
Валюталық қатынастар және валюта жүйесі
Пәндер