Қазақстандағы қылмыстар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ. . 2

I-тарау Қазақстанда жалпы қылмыстың туындауы негіздері4

II-тарау Қазіргі кезде Қазақстанда ұршып тұрған қылмыстар

2 . 1 Жол-көлік оқиғасы қылмысының сипаттамасы. … . . . 10

2. 2 Компьютерлік қылмыстардың сипаттамасы . . . 18

III-тарау Қылмыс болған жағдайда жаза тағайындаудың жалпы негіздері . . . 22

3. 1 Жаза тағайндаудың негіздері. 23

3. 2 Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау. 28

3. 3 Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау. . 29

Қортынды. 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі34

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеусметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен болстандықтары» болып табылады [1, 3 б. ] . Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі арқылы және осының ішінде сот билігінің де ерекше рөлі арқылы іске асырылады. Айтылған негіздерге байланысты тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы мен дамуының өзектілігі өсуде.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009-жылдың 6-наурызындағы Қазақстан халқына жолдауында «Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтытықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек» деп баса көрсетуі кездейсоқтық емес. 1

Қылмыс және қылмыстылықпен пәрменді күресу мәселелері егеменді, тәуелсіз мемлекетіміздің 1995 жылы 30 тамызда қабылдаған Конституциясында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарында, басқа да заңдарында арнайы көрсетілген.

Қылмыс ұғымы жазалау катерiмен тыйым салынған айыпты коғамдык кауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады. Қылмыстык заѕды ўксастығы бойынша колдануға жол берiлмейдi. Кодекстiѕ Ерекше бөлiмiнде көзделген кайсыбiр әрекеттiѕ белгiлерi формальды болса да бар, бiрак елеулi маѕызы болмағандыктан коғамдык кауiптi емес, яғни жеке адамға, коғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру каупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды.

Бұлтартпау шарасы - бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпталушыға, ал қажет болған жағдайда, сезіктіге қатысты қолданылатын және қылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын заңды шара.

Адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, қылмыстың алдын алу, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыру - қылмыстық процестің міндеттері болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының барлық институттары осынау міндеттерге қол жеткізуге ықпал ететіндей етіп құрылған. Еліміздің заңнамасы осыларды жүзеге асырудың кепілдігі ретінде қылмыстық іс жүргізу барысында қолданылатын бұлтартпау шараларының негізділігі, бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығын егжей-тегжейлі реттейді.

Бұлтартпау шараларын реттейтін заңнама республикамыздың қылмыстық сот өндірісі туралы басқа да заңнамалары сияқты даму және жетілдірілу үстінде. Ұлттық заңнамаларымыздың дамуы адам құқықтарының басымдығы туралы конституциялық ұстанымдарға сай олардың кепілдіктеріне деген ықыласты тереңдете түсумен сипатталады. Осы бағытта қол жеткізілген табыс ретінде айыпталушының (сезіктінің) құқықтарына байланысты кепілдіктердің нығая түсуіне мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін атауға болады.

Сонымен, бұлтартпау шараларын қолдану мәселесінде бүгінгі заман талабы мен кейінгі уақыттарда қабылданып жатқан заңнамалардағы өзгерістерге орай мейлінше өзекті проблемалардың туындап отырғанын байқау қиын болмаса керек.

Аталған жағдайлар Қазақстан Республикасының жаңғырған қылмыстық іс жүргізу заңнамасы аясында бұлтартпау шараларының проблемаларын саралауға бағытталған зерттеудің тақырыбының өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.

I-тарау Қазақстанда жалпы қылмыстың туындауы негіздері

«Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатыр, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік - коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде.

Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан - жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан - жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге негіз болады. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығынын кемітуге жәрдемдесетін болады», - деп Елбасы ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегияларының ішінде көліктің орнын ерекше бағалап көрсеткен. 2

Шынымен де көлік - біздің еліміздің экономикасы инфраструктурасының аса маңызды құрамдас бөлігі, оның даму деңгейі мен жұмысына біртұтас мемлекеттің экономикалық стратегиясының жүзеге асырылуы тікелей байланысты. Көліктің қалыпты жұмысына көлік қылмыстары елеулі нұқсан келтіреді, өкінішке орай көлік қылмыстарының қазіргі кездегі жағдайы, құрылымы мен динамикасы аса қауіпті. Отандық және шет елдердің статистикасына жүргізілген зерттеу, әлемде жыл сайын 60 млн астам жол - көлік оқиғаларының тіркеліп, олардың салдарынан 500 мыңнан аса адам қаза тауып, 10 миллионға жуығы түрлі дәрежедегі жарақат алатындығын көрсетіп отыр. Кейбір мәліметтер бойынша әрбір тоғызыншы көлік жүргізушісі өмірінде автокөліктік аварияда жарақат алып немесе көз жұмады. Жол - көлік оқиғаларында қаза тапқан адамдардың саны жыл саны 10 пайызға көбеюде. Сол себепті «автоөлімнің» жүрек және рак ауруларынан кейінгі үшінші орынға шыққандығы таңқалдырарлық жәйт емес. Бұл жерде автокөлік құралын пайдалану кезіндегі қаза табу қаупінің ықтималдылығы су көлігінен 12 есе, темір жол көлігінен - 3 есе және әуе көлігінен 1, 5 есе жоғары екендігін атап көрсетуіміз қажет. 3

Көлік құралдарының аса жоғары қоғамдық қауіпсіздігі, жоғарыда көрсетілгенмен қатар - көлік құралдарының салдарынан пайда болатын адамдардың қаза табуы мен дене жарақаттарын алу деңгейі, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың барлығын қосқандағы зардаптан асып түсетіндігі, ал көлік қылмыстарының келтіретін материалдық шығынының миллиардттаған соммен есептеліп, өзінің көлемі бойынша меншікке қарсы қылмыстармен салыстырыла алмайтындығымен дәлелденеді. Осыған ұқсас тенденциялар әлем елдерінде де орын алып отыр. Бұл жерде көлік қылмыстарының, нақты бір елдің экономикалық, әлеуметтік және географиялық ерекшеліктеріне қарамастан бірдей динамикасы мен өсу деңгейінің қалыптасу феноменін көрсетуге болады.

2008 жылдың 5 шілдесінде «Жол-қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы шықты. Онда автокөлік жолданындағы апатты азайту, алдын алу мақсатында әкімшілік-құқықтық әсер етудің тиімді жолдары қарастырылған. Көлік басқарудағы жауапкершілікті күшейту мақсатында қойылатын талаптар қатайтылды.

Жол-көлік ережесі бұзылған жерде айыппұлды төлеу үшін қаражаттың мөлшеріне шек қоймай электрондық карточкелерді пайдалану көзделген.

Үміткер екі ай мерзім ішінде жол қозғалысы ережесін тексеруге арналған сынақтан бірнеше рет тапсырып өте алмаса, ж. ргізушінің денсаулығы нашарласа автокөліктерді бассқаруға рұқсат етілмейді. Қосымша бір міндет барлық жүргізушілер он жыл сайын жол жүру ережесі бойынша сынақтан өткізіліп отыруы керек.

Темір тұлпар сатып алу жағынан талпынысымыз тәп-тәуір көрінеді. Оған мына бір дереккөздер дәлел бола алады: еліміз бойынша 2001 жылы 1, 45 миллион көлік тіркелсе, 2007 жылы бұл көрсеткіш 3, 13 миллионға жеткен. Жақсы. Жаманы, жол апатынан болатын адам шығыны да соғұрлым артқан. ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің бұрынғы бастығы Өмірзақ Түсімов бір сөзінде: «Соңғы он жылда жол апаты кезінде еліміз бойынша 30 мыңға (!) жуық адам қаза болды. Ал он жылға созылған Ауған соғысында бүкіл бір КСРО бойынша 14 мың адам оққа ұшқан. Жазаны қазіргіден де күшейтпесе, жағдай оңалар емес», - деп мәлімдеген болатын. Жол тәртібін бұзғандарға қатты шүйлігетін Дания мемлекетінде 1000 адамға шаққанда 700-800 көліктен келсе, бізде әрбір 1000 адамға 172 көліктен тиетінге ұқсайды. Енді мынаған қараңыз, аталған елде жол апатынан зиян шеккен 100 адамның алтауы ажал құшса, біздің елде көлік қақтығысының зардабын тартқан 100 адамның 18-і мерт болуда.

Жол апаты жағынан биік көрсеткіштерімен жылда алдыңғы қатардан көрінетін аймақтардың біріншісі Алматы қаласы болса, екінші, үшінші орындарда - Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары. Әрине, Алматы қаласының бірінші орында тұруы түсінікті. Бүгінде Алматы қаласында 550 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Салыстырмалы түрде айта кетсек, 1990 жылы Алматы қаласында тіркелген көліктер саны 100 мыңды құраған. Сол себепті де оңтүстік астанамыздағы ахуалға тоқтала кеткенді жөн санадық. Өйткені жағдай алаңдатарлықтай. 4

Жыл басынан бері жол ережесін бұзғандар саны 133 910-ға жетсе, өткен жылы дәл осы мерзімде 89 470 заңбұзушылық орын алыпты. Ал осы жол ережесін бұзғандар есебінен биыл қала бюджетіне 798, 9 миллион теңге өндірілсе, өткен жылы осы мерзімде 134, 4 миллион теңге аударылған. Соттардың араласуымен өндірілген айыппұл көлемі ағымдағы жылы 24, 9 миллион теңгені құрап отыр.

Яғни айыппұл көлемінің өсуіне байланысты. Мәселен, жол апатын тудырғаны үшін жүргізушілер бұрындары 1 АЕК мөлшеріндегі айыппұлмен жазаланса, өткен жылдың тамыз айынан бастап, айыппұлдың бұл түрі 10 АЕК-ке дейін көтерілді. Демек, бұрындары 1 168 теңге айыппұл салынса, қазір бұл сома 11 680 теңгені құрайды. Техникалық тексерусіз жүргендер үшін бұрын 3 АЕК болса, қазір 20 АЕК.

Алматы облысында 2399120 автокөлік тіркелген. Оның 371427 жеке тұлғалардікі болса, 27 693 заңды тұлғалардікі [4, 27 б] . Өткен жылдығ осы мерзіміміен салыстырғанда жол көлік апаты 10 пайызға, сол апаттар салдарынан қаза тапқандар саны 25 пайыз, ал дене жарақатын алғандар 10 пайызға төмендеген.

Заң әдебиеттерінде жол-көлік оқиғасына түрліше түсінік беріледі, бір қызығы әр авторлар оған өзінше жаңа мазмұн енгізгісі келеді, немесе жекелеген белгілі сәттерді толықтыра түсуге тырысады.

В. И. Жулевтің пікірінше: “ Жол-көлік оқиғасы деп - адам өліміне, немесе жарақаттануына әкеп соқтырған, көлік құралын, ғимаратты, жүкті зақымдаған немесе өзге материалдық шығын әкелген қозғалыстағы көлік құралын айтуға болады “.

Автор бұл жерде жол-көлік оқиғасының болу себебінің барлық жолдарын ашып көрсетпеген, әрине ол мүмкін де емес.

Екінші бір авторлар көлік қылмысының жекелеген белгілерін топтастырып немесе соларды жүйелі тізбекпен жол-көлік оқиғасының мәнісінің түсінігі ретінде сипаттайды.

Криминалистика әдебиеттерінде келтірілген барлық анықтамалар жасалған қылмыс үшін, жол жүруге қатысушылардың қылмыстық жаупкершіліктері мәселелері туралы шешілетін жол-көлік оқиғаларының белгілері негізінен дұрыс келтірілген.

Жол-көлік оқиғасына қатысты, М. М. Котик пен В. В. Котик берген анықтамалар әжептәуір дәл келеді: “ механикалық көлік құралы жүріп келе жатқанда болған және адамдардың өліміне, не жарақаттануына әкеліп соққан, немесе материалдық шығынға ұшыратқан (көлік құралының, ғимараттың, жүктің және тағы басқалардың) жағдай, жол-көлік оқиғасы деп аталады “.

Жол-көлік оқиғасының осы анықтамасы 1997 жылдың 25 қарашадағы “ Жол қозғалысы ережелерінен “ көрініс тапты.

Жол-көлік оқиғаларының мәні тұрғысынан және жол-көлік оқиғаларын есепке алу Ережелеріне сәйкес, оларды былайша жіктеуге болады:

  1. Соқтығысу - жүріп келе жатқан көлік құралының бірімен-бірі немесе темір жолдағы қозғалатын составпен соқтығысып қалу оқиғасы. Бұған көлік құралының жолында күтпеген жерден кілт тоқтаған көлікпен (бағдаршамның алдында, қозғалыс кептеліп қалған жағдайда, немесе техникалық ақау салдарынан), тоқтап тұрған темір жолдың жылжымалы составымен (қалдырып кеткен) соқтығысуларын жатқызуға болады.
  2. Аударылу - жүріп келе жатқан көліктің аударылып қалу оқиғасы. Оқиғаның бұл түріне мұның алдында себепші болған басқа оқиғалардан кейінгі аударылу жатпайды.
  3. Тоқтап тұрған көлік құралын басып кету - жүріп келе жатқан көліктің тоқтап тұрған көлікті, сондай-ақ тіркемені немесе жартылай тіркемені басып кету.
  4. Кедергіні бұзып өту - жүріп келе жатқан көліктің мығым (қатты) затты басып өту немесе қатты соғу (тірек, көпір, бағана, ағаш, діңгек, құрылыс материалдары, қоршау және т. б ) оқиғасы.
  5. Жаяу адамды басып кету - көлік құралының адамды басып кетуі немесе оның өзінің жүріп келе жатқан көлікке соқтығысуы. Оқиғаның бұл түріне, сондай-ақ көлік тасымалдаған жүктер мен заттар (тақтай, бөрене, темір тос және т. б) жатады.
  6. Велосипедшіні басып кету - көлік құралының велосипедшіні басу немесе оның жүріп келе жатқан көлікке соқтығысуы.
  7. Көлік-арбаны басып кету - көліктің арбаны, сондай-ақ сол көлік сүйреп келе жатқан арбаны басу, немесе жегілген көліктің, не арбаның жүріп келе жатқан көлікке соқтығсуы.
  8. Малды басу - көліктің құсты, жабайы аңды, не үй малын басуы (жүк артатын жіне мініс малын қоса алғанда) немесе әлгі малдың не құстың жүріп келе жатқан көлікке өздерінің соқтығысуы, соның салдарынан адам жарақаттанған, немесе материалдық шығынға ұшыраған оқиға.

Мемлекеттік мәжбүрлеу және оның шаралары бірнеше жағдайларда қолданылады. Бірінші жағдайда «мәжбүрлеу» құқық қолдану ретінде саналады. Ол осы жағдайда, А. Б. Венгеровтің айтуынша, «жеке басына зомбылық», бірақ ол заңның негізінде қолданылады [5, 513 б. ] . Екінші жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу мемлекеттің жауапкершілігі жағынан маңызды. Кейде заңды жауапкершілік «процессуалдық тәртіп бойынша» мәжбүрлеу шаралары заңда көрсетілгендей құқық бұзушыларға қолданылады.

Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары әртүрлі болғандықтан оларды анықтап зерттеу қажет және оларға жалпы түсініктеме бере отырып, топтастыру керек.

Мемлекеттік мәжбүрлеу - қоғамдағы мәжбүрлеудің бір түрі ғана емес, басқа сөзбен айтқанда, бір ғана әлеуметтік мәжбүрлеу де емес. Өйткені, біріншіден, ол мемелекеттікке дейінгі жағдайда орын алған, ұжымдық еріктіктің салдарынан қоғамнан пайда болған. Екіншіден, жалпы әлеуметтік жоспарда мәжбүрлеу тек мемлекеттен ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғалардан, олардың топтарын әсер ету әдісінен адамдардың жеке еріктерінен туындайды.

Екі субьектінің қарама-қайшылық іс-әрекеттерінен десек те болады. Міне, осылайша мемлекеттік мәжбүрлеу адамзаттың мемлекеттік жағдайына өту кезеңіне байланысты. Ол кез-келген мемлекетте көпшілік өкімет аппараты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік мәжбүрлеу сипаты саяси режимге байланысты болады. Құқықтық демократиялық мемлекетте құқық бұзушылық қоғамның еркінен шықса, мемлекет тарабынан мәжбүрлеу құқық негізінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында айтылғандай, қазіргі Қазақстан өзін құқықтық демократиялық мемлекет ретінде орнықтыра отырып, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын және бұлтартпау шараларын қазіргі көзқараспен қарастырамыз.

Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қазіргі кезде екі жақты сипатқа ие. Бір жағынан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейді, екінші жағынан тұлғаның құқығы мен бостандықтарын және заңды мүддеоерін қорғау бағытында негізделген. Осылай шешімге келе отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясының 39-бабының 1-тарауында көрсетілгендей, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының мәнін келесідей қорытындылауға болады:

  1. мемлекеттік мәжбүрлеу - бұл әлеуметтік мәжбүрлеудің бір түрі;
  2. мемлекеттік мәжбүрлеу адамзаттың мемлекеттік жағдайға өтуіне байланысты болады;
  3. мемлекеттік мәжбүрлеу өкімет аппараты арқылы жүзеге асырылады;
  4. мемлекеттік мәжбүрлеу құқықтық демократиялық мемлекетте құқық негізінде қолданылады;
  5. мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары, бір жағынан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейді, ал, басқа жағынан, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған;
  6. мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары - бұл шектен тыс шара, мемлекеттің, оның органдары мен заңды тұлғалары жағынан мәжбүрлеу әсері.

Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады:

  1. әсер ету сипаты бойынша;
  2. құқықтық сала бойынша;
  3. заңды жауапкершілікпен байланысы бойынша.

Әсер ету сипаты бойынша мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары мынадай шараларға бөлінеді:

а) жеке сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

б) мүліктік (материалдық) мәжбүрлеу шаралары;

в) моральдық мәжбүрлеу шаралары.

Жеке сипаттағы мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары адамның бостандығын және жеке басына қол сұғылмаушылығын шектейді. Мысалы, ұсталу кезінен бастап 72 сағат ішінде сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатылуға жатады (ҚР ҚІЖК-нің 136-бабы) .

Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары материалдық (мүліктік) қатынасқа байланысты түрлі айыппұл (ақшалай өндіру) түрінде түрлі заңнамалық салаларда қарастырылған. Мысалы, істеген қылмысы үшін жаза ретінде айыппұл белгіленген (ҚР ҚК-нің 40-бабы) .

Мүліктік сипаттағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 43-бабында көрсетілгендей жаза түрінде түзеу жұмыстары көрсетілген. ҚІЖК-нің 161-бабында көрсетілгендей қылмыстық іс жүргізу кезінде тәркілеу шарасын іске асыру мақсатында азаматтың талапты қамсыздандыру мүмкіндігі қарастырылған. Мүліктік (заттық) сиапатта бірнеше қудалау шаралары, мысалы, қылмыстық істе кепілдік беру (ҚКнің 148-бабы) .

Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары моральдық сипатта бірінші кезекте адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмейді, нақтысын айтқанда азаматтың тәртібін дұрыс жағына өзгертуге жағымсыз қылықтармен моральдық әсерін тигізеді.

Мемлекеттік мәжбүрлеу қолданған жағдайда қарастырылған шара Қазақстан Республикасының Конституциясының талабы бойынша басшылыққа алынып, тұлғаның абыройы мемлекетпен қорғалады және оны кемсітуге ешнәрсе негіз болмайды. Сонымен қатар мемлекеттік мәжбүрлеу моральдық сипатта осы немесе басқа да дәрежедегі мүліктік және тағы басқа адамның және азаматтың құқығына әсер етеді. Мысалы: жаза түрінде белгілі бір лауазымды адамның атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығымен айыру (ҚК-нің 41-бабы) қарастырылған, сонымен қатар арнаулы, әскери және қызметті атағынан, сыныптық шенінен тағы мемлекеттік марапатынан айыру (ҚК-нің 50-бабы), әскери қызмет бойынша шектеу (ҚК-нің 44-бабы) көрсетілген сипаты бойынша мемлекеттік мәжбүрлеу классификациясы белгілі қатаң шартты түрде ықпал етеді. Кейбір мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары біз қарастырған топтардың бірін қарастырғанда бір уақытта адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын шектейді. Мысалы, сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ (ҚР Конс. 3-бабы) . Кейбір мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары мүліктік сипаты бойынша бір уақытта азаматтың еңбек құқығын шектейді. Бірінші кезекте қосымша жаза түрінде белгілі бір қызметімен айналысуға, әкімшілік талап бойынша арнайы құқығынан айырылады, конституциялық құқығын шектей отырып өзінің қабілеті бойынша белсенді түрде қызметпен айналысуға жол бермейді.

II-тарау Қазіргі кезде Қазақстанда ұршып тұрған қылмыстар

2. 1 Жол-көлік оқиғасы қылмысының сипаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
Қазақстандағы ұрлықты социологиялық талдау
Киберқылмыс
Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында Қазақстандағы әкімшілік құрылыс пен құқық
Конституциядан қылмыстық құқық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz