Қазақстан Республикасында кәсіпкерік жүргізу


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның даму теориясының эволюциясы
1. 1Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы
1. 2 Кәсіпкерліктің негізгі түрлері
1. 3Кәсіпкерліктің экономикадағы маңызы
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерік жүргізудің ерекшеліктері
2. 1Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негіздері
2. 2Қазақстандағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері
2. 3Кадрларды басқарудағы шетелдік тәжірибе және оның Қазақстанда бейіделуі
2. 4Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы
2. 5Шағын бизнесті қаржылық-несиелік белсендірудің объективтік қажетттіліктілігі
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі заманда біртұтас, ішке тарту, сыртқа тебу күштері жеткілікті. Жаһандану процесі және әлемдік рынок ендеп те бойлап та барады, интеграция ентелеп тұр. Дүние қайшылықтарға толы, түртініктеп дамып келеді, кедергісіз сара жол, қоңыр өмір жоқ. Несі бар қоғамның даму заңдылықтары осындай.
Еліміз егемендік алды, есін жинап ел қатарлы дамып келеді. Азаматтық қоңам және рыноктық экономика бағытын ұстануда. Рыноктык қарым-қатынасты, экономикалық жаңа типін қалыптастыру жолында өркениетті қоғам құруда қыруар шаруа жүзеге асты. Бұл ақиқат. Тағы бір шындық бар. Ол - келешектегі жұмыстың жүгі ауыр, көлемі қомақты, дайын үлгісі жоқ, саналуан қайшылықтарға толы елеміздің өзіне ғана тән даму үрдісі.
Азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамытудың іргетасы, сүбелі мәселесінің бірі - кәсіпкерлікті дамыту. Осы мәселені елбасы үнемі назардан шығармай, қажетті жағдайларды жасап отырғаны баршаға аян. Сондай-ақ орта және шағын кәсіпкерліктің басымдылық екедігін қайталап, қадап айтуда. Өйткені Азаматтық қоғамның діңгегі осылар.
Кәсіпкерлік нар тәуекелділік іс. Экономикалық өнер десе де болады. Өнерге оқып-үйрену, білімді жетілдіру, біліктілікті арттыру, машықтану арқылы қол жетеді. Басқа жолы да әдісі де жоқ.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес нарықтық экономикалық басты негізгі элементі болып табылады.
Ол көптеген жағдайларда экономикалық өсу қарқынын ішкі жалпы өнімнің 40- 50% құрай отырып, оның құрылымы мен сапасы анықтайды. Сонымен қатар бұл сектор нарықтық инфрақұрылымның құрамдас элементі болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамытудың жоғарғы деңгейіне жету нарықтық- бәсекелестік шаруашылық қазіргі моделіне маңызды роль атқарады. Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын қазіргі уақыттағы маңызды тақырыптардың бірі−кәсіпкерлік тақырыбын таңдадым. Бұл тақырып біздің мемлекетіміздің дамуында үлкен маңызға ие болған мәселелердің бірі болып табылады. Мен курстық жүмыстың барысында біздің мемлекетіміздегі кәсіпкерлікке байланысты маңызды мәселелерді айта отырып, кейінгі жылдардағы кәсіпкерліке байланысты статистикалық мәләметттерді көрсететін боламын.
Сонымен курстық жұмыстың мазмұнына келетін болсақ, жалпы жұмыста жазылған мәселелер ол кәсіпкерліктің Қазақстандағы маңызы, даму эволюциясы, ерекшеліктері. Ең бірінші тарауда кәсіпкерлік туралы түсінік, оның түрлері, даму эволюциясының жолдары және кәсіпкерліктің экономикадағы маңызы туралы айтылып кетеді. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы бөлімінде «кәсіпкерлік» терминінің қолдана бастауы, көптеген елдердегі ең алғашқы кәсіпкерлік белгілерінің пайда бола бастуы, классикалық политэкономия өкілдерінің кәсіпкерлікке байланысты ойлары және анықтамалары жайында және КСРО кезіндегі кәсіпкерліктің даму ерекшелігі, бағыттары жайында жазылған. Екінші бөлімге келетін болсақ қазіргі кездегі еліміздегі кәсіпкерліктің түрлеріне, олардың ерекшеліктеріне, және жүргізу кезеңдеріне тоқталып өттім. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастарда экономиканы дамытуда маңызға ие болған кәсіпкерлік мәселесінің елміздегі жүргізу ерекшеліктерін, маңызын және оның құқықтық негізін екінші тарауда көрсеттім. Екінші тараудың бірінші бөлімінде мен Қазақстан Респуликасындағы Кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негіздерін, шағын және орта кәсіпорындардың негізгі артықшылықтарын, оларды дамытудағы басымдылықтар туралы айтып өттім. Екінші және үшінші тарауларда Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың негізін салу кәсіпкерлікпен байланысты болғандықтан оның жалпы ерекшелігін, ел предидентінің бұл жұмыстағы кемшіліктерін, кадрларды басқарудағы шетелдік тәжірибе жіне оның Қазақстанда бейімделуі жайында жазылған. Екінші тараудың төртінші және бесінші бөлімдерінде мен қоғамымыздағы реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - шағын кәсіпкерліктің дамуы, қалыптасуы және оны қаржылық-несиелік белсендірудің объективтік қажеттілігі туралы айтып өтетін боламын.
Кәсіпкерлік - кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысананың бірі болып табылады. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытудағы да аса басты ықпал етеді. Кәсіпкелік еліміздің дамуында осындай аса зор ықпал ететіндіктен мен курстық жұмысының тақырыбын кәсіпкерліке байланысты таңдадым.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке байланысты маңызды мәселелерді атап көрсету және оны дамыту жолдарын айқындау. Себебі Нарықтық қатынастар көптеген адамардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, Кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соқтырады. Кәсіпкерліктің көмегімен адмдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершіліктісақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Тақырыпты зерделеудің негізгі объектілері кәсіпорынның өндірістік қызметі, өндірістің негізгі факторларын пайдалану және кәсіпорыннң экономикалық ресурстарын қалыптастыру тетігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мінеті − өндірістік қызметкерлердің заңдылығын түсіну негізінде нақтылы өндірістік, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды жүзеге асыруда тиянақты шаруашылық әдісерін әзірлеуге мүмкіндік беру.
Кәсіпкерлік қазіргі өндірістің құрамдас бөлігі ретінде, экономикадағы бәсекелестіктің қабілетті көтеруге көмектеседі, нарықтық бас кезінде ұйымдастырылған қоғамдық ұйымдары табиғи әлеуметтік қабатын қалыптастырады.
Нарықтық қатынастардың дамытудың алғашқы кезеңдерінде кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Шағын бизнеске көмекті мемлекеттік басқару органдарымен қатар кәсіпкерлердің өзінің қоғамдық ұйымдары көрсету қажет. Ол үшін шағын бизнеске қатысты анық әрі біріңғай мемлекеттік емес сияқты қалыптастыру керек.
Бұл мәселе шағын бизнеске көмегі - әрбір деңгейде мақсатты, міндетті артықшылығы арқылы анық көрсетілген арнайы жасалған бағдарлама жүйесі негізінде шешілмек.
Кәсіпкерлік қолдау ең алдымен қалалар мен аймақтардың міндетті болып табылады. Қазіргі кезде үлкен дербестік ала отырып, аймақтар орталық органдардың қамқорлығынан шықты. Сондықтан да жаңа қалыптаса бастаған нарық жағдайындағы территорияның дамуының әлеуметтік экономикалық және экологиялық тапсырмаларының шешу қалалар мен аймақ әкімшілігінің өздеріне түсіп отыр. Аймақтағы тиімді нарықтық шаруашылық тауар мен қызмет көрсету нарығындағы монополиялық құрылым, шешуші кезеңінде нарықты сақтауды қамтамасыз ететін және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге көмектесетін, шағын кәсіпорындардың қажетті санымен теңескен жағдайда ғана мүмкін болады.
Сондықтан да қалалар мен аймақтағы кәсіпкерлік ортаға жан-жақты көмек көрсету қалалық аймақты деңгейде шешілетін мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатының бірі болуға тиісті.
1. Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның теориясының эволюциясы
1. 1Кәсіпкерлік теориясының эволюциясы
Республика экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндірісті басқару құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерістер болып жатқаны байқалады. Соның ішінде маңызды бағыттардың бірі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы болып табылады. Кәсіпкерлік алымдылық қабілеттің, пысықтықтың шынығуына жағдай жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының да болуы мүмкін емес. Сондықтан қазіргі кезеңде өз ойлау қабілеті мен еркіндігін мол пайдалана отырып кәсіпкерлікке назарды баса аудармасқа болмайды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелер мен ірі фирмалар шағын кәсіпкерліктің дамуына жан-жақты ат салысуда. Өйткені олар әлеуметтік-мәселелердің бірқатарын шешеді. Біріншіден, жұмысшылар жалдамалылар қатарынан шығып, өз кәсібінің қожасы болу мүмкіндігі туады. Екіншіден, кіші кәсіпкерлікті халықтың жұмыспен қамтылу мәселесімен бірлестіріп қарастыруға болады. Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің өркендеуі тауарлар өндіруді үлғайтуға және қызмет көрсетуді дамытуға жол ашады.
Сол себепті, ең алдымен мен кәсіпкерліктің даму эвалюциясы мен оның жіктелу теориясына және шетелдік тәжірибеге тоқталып өтуді жөн көрдік.
Римдік, құқықта «кәсіпкерлік» ұғымы іс, іс-әрекет, әсіресе коммерциялық іс-әрекет ретінде қарастырылды. Ал кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты жүргізуші адам, жалгер алынды (түсіндірілді) . Орта ғасырда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынада қолданылды. Оған, ең алдымен, сыртқы саудамен айналысатындарды жатқызды. Бұндай кәсіпкерлікке алғашқы мысалдардың бірін, Европа мен Қытай арасындағы сауданың даму бастауында тұрған, саяхатшы Марко Поло береді. Оның айтуынша саудагер (кәсіпкер) саяхатқа шықпас бұрын көпеспен товарды сатуға келісім-шарт жасайды. Бұл келісім-шарт бойынша, кәсіпкер, осы саяхатта өзі көрген көптеген ауыртпашылықтарға қарамастан, өз пайдасының 75 процентін көпеске (банкирге) беруге тура келеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер қатарына жиындарды, көріністерді ұйымдастырушыларды да жатқызды. Бұдан басқа, бұл түсінік ірі өндірістік және құрылыстық жобалардың жетекшілеріне де қолданылды. Мұндай жобалардың басшылары ешқашан да тәуекелділікке бел бумады, олар тек өздеріне берілген қаржылық, материалдық және сауда ресурстарын пайдалана отырып, жобаны ұйымдастыру жұмыстарымен ғана айналысты. Берт Хозелиц көрсеткендей, «орта ғасырда үлкен көлемде архитектуралық жұмыстар жүргізген, қорғандар тұрғызған, шіркеулер, әр түрлі ғимараттардың жобасын берген рухани тұлғалар кәсіпкерлер деп танылды».
Ал «кәсіпкерлік тәуекелділік» ұғымы XVII ғасырда, яғни кәсіпкер деп белгілі бір товарды жеткізуге немесе жұмысты істеуге мемлекетпен келісім-шартқа отырған адамды тани бастағанда дами бастады. Бұл жерде келісім-шарттың құны алдын-ала ескерілетіндіктен, шығынның немесе пайданың көлемі кәсіпкердің тек өзінің сәттілігіне байланысты болады.
Экономикалық әдебиеттерде «кәсіпкер» ұғымы алғаш рет Парижде 1723 жылы басылып шығарылған жалпы коммерциялық сөздікте кездесті. Бұл сөздікте «кәсіпкер» деп өндіріс немесе құрылыс жобасы бойынша міндеттемелерді өзіне алатын адамды айтады.
«Кәсіпкер» ұғымы ғылыми термин ретінде алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезіндегі белгілі ағылшын экономисті Ричард Кантильонның еңбектерінде көрініс тапты. Ол кәсіпкерліктің алғашқы концепциясын жасап шығарды. Ал «кәсіпкер» туралы Ричард Кантильон былай деді: «саудагерлер, фермерлер, қоленершілер және т. б. да меншік иелері белгілі бағада сатып алып, белгісіз бағада сатуына байланысты, кәсіпкер дегеніміз тәуекелділік жағдайында жұмыс жасайтын адам». Буржуазиялық экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады. А. Смиттің ойы бойынша, кәсіпкер-сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және соның нәтижесіне, оған иелік жасайды.
Ж. Б. Сэйдің анықтамасы бойынша, бұл - өндіріс факторларының қисынын келтіріп ұштастыратын, экономикалық қызмет атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер және өсімқор деп, иелігіндегі қажетті құралдары (өзінікі немесе қарауға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың қатарына жататындар-шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы, кооперативтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшысы) .
Капиталистік елдердегі 80-жылдардағы «кәсіпкерлік шуы» экономикалық өсудің жаңа жағдайында пайда болды және оның нәтижесі көптеген ерекше факторлар мен себептерге байланысты.
Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ҒТП-тің нәтижесіне; капиталистік экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамасыз ететін құралдарға, жұмыскерлерінің қалың топтарының творчесвалық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты.
Ал отандық кәсіпкерлікке келер болсақ, оның 70 жылдан артық үзілісте болған өз тарихы бар. Сондықтан да оның қайта өркендеу мүмкіндіктері туралы айтқанымыз дұрыс болмас еді, өйткені байырғы тарихи дәуірде өмір сүрген, өткен ғасырдың бас кезінде орын алған құбылысты қайта өмірге әкелу мүмкін емес. Оның орнына қазіргі өте күрделі қоғамдық жағдайда пайда болып және дами бастаған жаңа кәсіпкерлікке көңіл бөлуіміз керек.
Өндірістің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар қарқыны қозғалмалы шекте болады.
«Кәсіпкерлік» термині және кәсіпкерліктің өзі бізде қоғамдық практикаға тек 80-ші жылдардың екінші жартысында ғана енді. Кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен меншікке деген көзқарастың өзгеруімен байланыстырылды.
80-ші жылдардың аяғында КСРО-да көптеген экономикалық субъектілер - әр түрлі меншік иелері пайда бола бастады (мемлекеттік, жалгерлік, жеке, кооперативтік) . Кәсіпкерліктің дамуына ең қолайлы кезең 1987-1991 жылдар аралығы болды. Салық ұйымдарының мәліметтері бойынша, аталған кезеңде КСРО бойынша 24 шағын кәсіпорын тіркелген екен .
Елде кооперативтік құрылыс барысында көптеген радикальды (түбірлі) өзгерістер көрініс берілді. Ал мына цифрлар кооперативтің тиімділігін көрсетеді: КСРО бойынша 1988 жылы өткізілген өнім көлемі 4, 3млн. сом құраса, ал 1990 жылы бұл көрсеткіш 67млн. өсті. Жұмыс пен қызмет көрсету көлемі де 1988 жылғы 4, 3млн. сомнан 1989 жылы 34млн. сомға дейін өсті. ЖҰӨ-гі кооперативтен түскен өткізілген өнімнің (жұмыс пен қызмет көрсету) үлес салмағы 1988 жылғы 0, 7 %-тен 1990 жылы 6, 1 %-ке өсті. 1989-1990 жылдары кооперативтер негізінен мемлекеттік кәсіпорындарда құрылғандықтан және мемлекет меншігін пайдаланғандықтан, кооперативтік қозғалыс экономиканың аз ғана бөлігін құрады, яғни мемлекеттік меншік формасы үстем болды. Ал ұсақ кәсіпорындар мемлекеттік өнеркәсіп құрамында әрқашан да өмір сүрген еді, бірақ олар «екінші сортты» өнеркәсіп болды. Осы кезде шағын кәсіпорындар негізінде шағын бизнестің мемлекеттік секторға қатысты және сонымен қатар қатал орталықтандырылған басқару жүйесіне салыстырмалы (қатысты) автономизация жүрді. Автономизацияның алғашқы формалары кооперативтік және жалгерлік (арендалық) қозғалыс болды. Бірақ та олардың дамуы техникалық жетіспеушіліктерді жеңіп шығып инновациялық орта қалыптастыра алмады.
1990 жылы шағын кәсіпорындар құру жәнө оларды дамыту шаралары туралы және оған салықтық жеңілдіктер беру туралы үкіметтің қаулысы шыққан кезде шағын бизнестің дамуы жаңа күш алды. Бұл қаулыны қабылдағанда мемлекет саясаткерлері арендалық жүйеге, меншіктің кооперативтік түріне көшіру арқылы, немесе акционерлеу принципі негізінде жұмысшы тобыны берү арқылы тиімділігі аз және рентабельді емес ұсақ мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді бастамақ болды.
Мемлекеттік статистика бекіткендей 1910-1991 жылдары шағын кәсіпорындардың өсуі кооперативтердің шағын кәсіпорын болып қайта құрылуы есебінен болды.
Осы кезеңде көптеген шағын кәсіпорындар ірі мемлекеттік кәсіпорындардың құрамында ұйымдастырылды. Бірақ та, егер олар батыс елдерінде венчурлық түрде құрылса, ал бізде, негізінен, басқарушы элитаның табысын жоғарылату мақсатында құрылды. Тиімділікке жету мемлекеттік кәсіпорын-құрылтайшылардың жеңілдігі бар немесе ақысыз өндіріс алаңдарын, ресурстарын, құрал-жабдықтарын қолдану есебінен жүргізілді. Ал шағын кәсіпорындардың құрылу процедурасы өте күрделі болды. Ол белгілі бір деңгейде жергілікті әкімшіліктің шешіміне тәуелді болды, ал. Бұл өз кезегінде парақорлыққа жол салған болса, құрал-жабдық, материалдардың еркін нарығының жоқтығы шағын фирмаларды көлеңкелі экономикаға итермеледі.
КСРО ыдырап, әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге өту кезінде бұрынғы республикалар арасындағы шаруашылықтық байланыстар үзіліп кетті. Осы кезде бұрынғы Кеңес Одағындағы ірі кәсіпорындар өздерінің экономикалық өзгерістерге икемділігінің төмендігінен, салғырттығынан көп зардап шекті.
Ал 1992 жылы елдегі шағын бизнеске мемлекеттің салық және баға саясаты өте қатты кедергі келтірді. Елді жалған кәсіпорындар толқыны орап алды.
Еске сала кететін бір жайт, бізге шағын бизнестің экономикалық ортаға әсерін қарастырғанда болып жатқан процестердің этаптарын ғана көрсетпей, сонымен қатар кәсіпкерлердің типтерін де көрсеткен абзал.
Мамандардың бағалауынша, кез келген елдегі тұрғындардың 6 процентінің ғана кәсіпкерлік қабілеті бар және өз ісін ашуға дайын. Ал әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық жағдайында мұндай адамдардың саны азая түсетіні бәрімізге белгілі.
Республика экономикасының нарықтық қатынастарға көшу және оның әзірше монополиялық биік деңгейін сақтау кезеңінде экономикалық өрлеудің басты күші-шағын және орта бизнесті дамытудың маңызды мәні бар.
Монополизм еркін рыноктың аласапыранын және еркін бәсекелестік мүмкіндігін жоя отырып экономикалық және технологиялық прогресске қарсы әсер ететін факторларды жасайтыны белгілі. Аса инертті ауыр, техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық жаңалықтарды қабылдамайтын өнеркәсіп құрылымы - монополизмнің нәтижесі болып табылады. Капитал мен өндірістің жиынтығы технологияның ауырлауына әкеп соғады, ал еркін бәсекелестіктің шектелуі капиталдың салааралық еркін айналымына - қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін өндіріс құрылымын қолдаудың ең сенімді құралына кедергі келтіреді. Яғни монополизмнің
бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы әсер ететін жалғыз фактор - шағын жеке бизнес. Солардың ішіндегі ең бастысы шағын кәсіпорындарды ресурстық және қаржылық қамтамасыз ету болып табылады.
Іс бастау үшін қаражаттың жеткіліксіз болуы не болмауы, несие алудағы қиыншылықтар, материалдық - техникалық қамтамасыз етудің қиындығы шағын кәсіпорындардың көпшілігінің өндірістік қызметін
жүргізуге жағдайдың болмауына әкеп соғып, олар өз тіршілігін тез-ақ доғарады. Сондықтан да шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстанның экономикалық реформасының басым бағыттарының бірі ретінде мемлекет қолдауын талап етеді.
Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын және орта кәсіпорындар тек нарықтық экономика жағдайында ғана тиімді бола алады Олардың барлық өндірістік, яғни ақпараттық, материалдық техникалық, ғылыми, жобалық - конструкторлық және т. б. қажеттіліктерін нарық қанағаттандырады.
Шағын кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің негізгі факторы олардың икемділігі болып табылады, яғни, тұтынушыны тез тауып алуға және нарықта өтімді товарды тез тарату қабілеті.
Ғылыми техникалық прогрессте шағын кәсіпкерліктің ролінің негізгі факторлары үш бағыт бойынша анықталады:
• ірі және ұсақ өндірістің техникалық деңгейіндегі мамандандырылудың дамуы;
• шағын өндіріс маштабында тиімді, аз ақша қаражаты жұмсалатын технологиялық әдістерді, өндірістік саланы (бағытты) және машина жүйесін енгізу және дамыту;
• жаңалықтардың (жаңа енгізілгендердің) .
Шағын бизнес тәуелсіз басқаруымен, меншік капиталымен, операциялар ауданының жергіліктілігімен, шағын көлемімен сипаттталған .
Шағын кәсіпорындардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
• тез өзгеріп отыратын нарықт талаптарына жылдам бейімделгіштігі мен икемділігі;
• өндіріс технологиясын өзгертуге, товардың үлгісі мен типін тез өзгертуге, жаңалық енгізуге қабілеттілігі;
• ынталандыру жүйесінің икемділігі;
• жұмыс күнінің еркін ұйымдастырылуы (толық емес жұмыс күні және үйге алынатын жұмыс) ;
• аймақтық экономиканың дамуындағы, аймақтық басқарудағы дербестіктің жоғарылауындағы шағын кәсіпорындардың ролі;
• әкімшілік кедергілердің болмауы;
• өндіріс пен қызмет көрсетуге мамандандыру;
• жұмыспен қамтамасыз етудегі маңызды роль;
• дәрежелі мамандарды ұтымды пайдалану;
• өндіріс процөсстерінің қарапайымдылығы;
• өнімнің әрдайым жаңартылып тұруы;
• жеке қарым - қатынас мүмкіндігі.
Бұл артықшылықтар тек сатушы мен сатып алушының арасында ғана емес, сонымен қатар, менеджер мен жұмысшының арасында да көрініс береді.
Шағын бизнесті басқаруда бірқатар негативті сәттер де бар. Кейбір факторлар шағын бизнеске қолайсыз болып келеді. Бұған, бірінші орында, ресурстарға қол жеткізудің қиындығын жатқызуға болады. Банктер мен басқа да қаржы көздері шағын кәсіпорындарға сенімсіздікпен қарайды және оларға жоғары проценттер қояды.
Шағын бизнестегі өндіріс шеңберінде үнемділік болмайды, бұл тек өндіріс шеңбері кең ірі бизнеске ғана тән. 1. (12-24), 9. (82-85)
1. 2Кәсіпкерліктің негізгі түрлері
Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Мысалы: кәсіпкерлік атұаратын жұмысына байланысты қндірісістік, коммерциялық, кеңес беру, қаржылық және т. б. болып бөлінеді. Бұлар бірігіп немесе өз алдына әрекет етуі мүмкін. Олардың әрқайсысының өзіне тән даму ерекшеліктері бар.
Кәсіпкерліктің барлық түрлерін анықтаушы және буындастырушы - тауар өндіруші. Олөндірісітк кәсіпкерлік болып табылады. Ол ең ұзақ және еңбекті талап ететін процесс. Сондықтан, мысалы, кәсіпкер тез пайда алуға ұмтылғанда, оның қызметі көп жағдайларда коммерциялық сипат алады.
Кәсіпкерлік қызметтің түрлерінің өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Осылайша, өндірістік кәсіпкерлік инновациялық, ғылыми-техникалық қызмет, тауарлардың тікелей өндірісі, қызмет көрсету, оларды өндірістік тұтыну және де осы салалардағы ақпараттық қызметте болады.
1. 2. 1Өндірістік кәсіпкерлік
Өндірістік кәсіпкерліктің объектісі - тауарлар, қызмет көрсету әне капитал. Соңғы жағдайдан қаржылық кәсіпкерлік келіп туындайды.
Өндірістік кәсіпкерліктің зерттеу пәні - өндіріс және капитал, қызметтерді тұтыну сферасы.
Кәсіпкерліктің осы трінің қызметі өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдарда іске асырылады. Қызмет жүргізу субъектісі - кәсіпкер- товар өндіруші.
Өндірістік кәсіпкерлікті жүргізу кезеңдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz