Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ . . . 5

1. 1 Ұлттық банктің -ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері . . . … . . . 5

1. 2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары . . . 9

2. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ . . . 14

2. 1 Ұлттық банктің ақша-несие саясатының экономиканы реттеудегі маңызы мен құралдары . . . 14

2. 2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының маңызы, қызмет ету механизмі және динамикасы . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37

КІРІСПЕ

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлер мен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша -несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады, ол бойынша Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты- Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

  1. мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
  2. төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  3. валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  4. қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Осы аталған Ұлттық банктің міндеттері мен қызметтерінің тиімді жүргізілуі ұлттық экономиканың тұрақты дамуын, инфляция деңгейінің төмен шамасын қамтамасыз ету, валюталық операциялардың бір ізге түсуін, елдің жалпы қаржы жүйесінің дамуын жүзеге асырады. Ұлттық банктің еліміздің орталық банкі ретіндегі экономикадағы атқаратын қызметтері мен жургізетін ақша-несие саясатын толық зерттеп қарастыру менің осы жұмысымның мақсаты болып табылады. Жұмыстың негізгі міндеті- ҚР- дағы ҰБ- тің жүргізген ақша- несие саясатының динамикасын және оның инфляцияға әсерін анықтау.

Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі Ұлттық банк еліміздің несие және банк жүйесінің негізгі құрылымы және бүкіл экономиканы реттейтін экономикалық құрылғы болып табылады.

Бүгінгі таңда Ұлттық банк өзінің атқаратын ақша-несие саясаттарының механизмдері бойынша Еуропа кеңістігінің стандарттарына өтуде. Сондай-ақ Ұлттық банкіміз ТМД елдері бойынша нағыз классикалық банктің операциялары мен саясаттарын жүргізіп отырған жалғыз банк болып табылады. Яғни, ТМД елдерінің Орталық банкі деп те атасақ болады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ

1. 1 Ұлттық банктің -ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері

Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда банк жүйесi болған жоқ. Елде КСРО - ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. ьСондықтан мен елiмiздiң банктiк жүйесi туралы өз егемендiгiн алған 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп жатқан реформаларға тоқталғым келдi. Қазақстан Республикасының экономикасында нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым - қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi; екiншi категория мәселелерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.

Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР - нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк - ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк - коммерциялық банктер жүйесi. /1, 73-74 б. /

Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.

Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп ( Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi.

1991 - 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен байланысты инфляция қарқыны өте жоғары болды. Оның тiптi кейбiр кездерде 1000% - ға дейiн жеткенi көрiндi. Нәтижесiнде банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп кеткен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Көптеген кәсiпорындар өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi. Осыдан бастап ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым - қатынаста классикалық қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты толық жауапкершiлiк жүктелдi.

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша -несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.

Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. /2/

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады. /2/

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады. /3, 182 б. /

Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға. Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.

Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-несие саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.

Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысын орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдарына: •11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат •16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы • Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі • 4 есеп беретін ұйым: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны: - «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны - «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы»шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны - «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны жатады. /4/

Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.

1. 2 Қазақстан Рсеупбликасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары

Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар - ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.

Ұлттық банк - ақша резервтерiн құрайтын және алтын валюта резервтері мен басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне - банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты- Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық банктiң негiзгi мiндеті- ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Соның ішінде Ұлттық Банк:

  • Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
  • Несие берушiлер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу - сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi. /1, 74 б. /

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары.

Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болғандықтан, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
  • Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
  • Банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғысы кредитор болып табылады;
  • Қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады.
  • Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi; Банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
  • Банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
  • Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;
  • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
  • Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
  • Қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
  • Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
  • Елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;
  • Ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
  • Мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi.

Сонымен қатар Ұлттық банк:

1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;

2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;

3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;

5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;

6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;

8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;

10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңдарда белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;

11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi.

Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады. /2/

ҚР-ның Ұлттық банкi “банктердiң банкi” ретiнде ең басты мақсаты- экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы - несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi - коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi “банктердiң банкi” деп атайды.

Ұлттық банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:

  • коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
  • коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
  • жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
  • банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі
Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және оның атқаратын қызметі
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz