Банктердің есеп айырысу операциялары және олардың түрлері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

1-бөлім. Коммерциялық банктердің есеп айырысу-кассалық

операцияларының теориялық негіздері . . . 4

  1. Банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары және

олардың түрлері . . . 4

1. 2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың түрлері . . . 9.

2-бөлім. ҚР-ғы коммерциялық банктердегі қолма-қолсыз есеп

айырысуды ұйымдастыру . . . 18

2. 1. Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысуды

жүргізуі . . . 18

2. 2. Төлем құралдарының қазіргі жағдайы және көрсеткіштер . . . 23

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттері . . . 29

Кіріспе

Банктер нарықтық экономиканың маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Банк секторының дамуы көбінесе ел экономикасының жағдайымен белгіленеді. Экономиканың шапшаң өсуі жағдайында банк секторы, әдетте, неғұрлым жоғары қарқынмен дамиды. Сондай-ақ, банк секторының мөлшері мен қызметтік мүмкіндіктері, негізінен, өңірдің экономикалық жай-күйімен белгіленеді. Нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді. Еліміздегі банктік жүйенің халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында ҚР-ғы өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы өте зор.

Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капитаалдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырады әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді.

Банктердің әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара қарым-қатынасы көп жағынан объектіге, ссуданың түріне, сондай-ақ кассалық есеп айырысудың қызметіне қарай ұйымдастырылады.

Нарықтық экономикада банктік жүйе үш бірдей функция атқарады. Соладың бірі коммерциялық банктердің дамыған құрылымының төлем жүйесін басқаруда. Тәжірибемен дәлелденген мәлеметтерге сүйенсек, ақшалай есеп айырысу операцияларының ішінде көп тараған түрі болып - қолма-қолсыз есеп айырысу табылады. Ақшалай құралдардың қолдануына және айналыс шығындарының азаюына көп көңіл бөле отырып, мемлекет қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастырады және олардың қолдануы мен есеп айырысу документтерінің қолдану тәртібіне шарттар қояды.

Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастырумен сипатталады және ол жалпы мемлекеттік заңдар мен банктік ережелерге сай жүргізіледі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың барлығы шаруашылық субъектілер мен банк мекемелерінің арасында жүргізілетін белгілі бір ақшалай қозғалыстың есептік документтер негізінде жасалады.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу бұл - клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы. Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар -вексельдер, чектер, төлем карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары жатады.

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - қолма-қолсыз есеп айырысу-кассалық операцияларының банктер үшін тиімді әрі маңызды болуында және қазіргі кездегі банктер құрылымындағы осы операцияларды қалай жүзеге асыратынын айтып кету болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - қолма-қолсыз есеп айырысу-кассалық операцияларының ерекшелігіне және дамуы жайлы айту.

Ал бұл мақсатқа жету үшін менің осы тақырыптағы міндеттерім:

  • Қолма-қолсыз есеп айырысу-кассалық операцияларының түрлеріне;
  • Банктердің осы операцияларды жүзеге асыруына;
  • Операциялардың қазіргі жағдайына тоқталып кету болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымына келетін болсақ бірінші бөлімінде мен коммерциялық банктердің есеп айырысу-кассалық операцияларының теориялық негіздері, ал екінші бөлімінде еліміздегі банктердің қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру жайлы айтып өттім. Курстық жұмысты жазуда мен С. Б. Мақыш пен Н. Н. Хамитов, Г. С. Сейткасымов деген авторлардың еңбектері және әр түрлі газеттер мен коммерциялық банктердің осы операцияларды қалай жүргізетіні туралы мәлеметтер алдым.

1-бөлім. Коммерциялық банктердің есеп айырысу-кассалық

операцияларының теориялық негіздері

  1. Банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары және олардың түрлері

Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары мынандай түрлерге бөлінеді:

  • Банктік шоттар ашу;
  • Ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
  • Алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
  • Төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
  • Шоттың архивін беру;
  • Шоттан қолма-қол ақша беру;
  • Ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
  • Банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;

Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады. Есеп айырысу операциялары мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

- банктік емес секторлар арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;

- жеке сектор-үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысулары;

- банктік сектор-банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне қарай:

- тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;

- бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;

-банк несиелері, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айырыс аумағына қарай:

1. Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар, оның ішінде:

-бір қаланың ішінде;

-қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылдарда.

2. Мемлекет арасында есеп айырысулар.

Есеп айырысу уақытына қарай:

- сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;

- мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;

- коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер;

- мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;

- ашық шот бойынша, яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;

- мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.

Есеп айырысу жүйелеріне қарай:

- пошта байланысы арқылы;

- телеграф-телетайп байланысы арқылы;

- телефон байланысы арқылы;

- электрондық байланыстар арқылы;

- СВИПТ (Дүниежүзілік банкаралық телекоммуникация қоғамы) жүйесі арқылы.

Есеп айырысу құралдарына қарай:

  1. Кредиттік аударымның құралдарымен есепа йырысулар, оның ішінде:

- төлем тапсырмасымен.

2. Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:

- төлем талап-тапсырмасы;

- чек;

- вексель;

- инкассалық өкімдер;

3. Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар және т. б.

Есеп айырысу шамасына қарай:

  • ірі төлемдер;
  • ұсақ төлемдер.

Есеп айырысу кезектілігіне қарай:

  1. жалақы, бюджет, сақтандыру және т. с. с. төлемдер
  2. материалдық құндылықтар үшін төлемдер
  3. несиелер үшін төлемдер
  4. сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.

Банктік есеп айырысу-кассалық операциялары екі формада жүзеге асады: қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар.

Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар - бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды. Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар мен монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбінесе кассалық операциялар көмегімен іске асады.

Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар - клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы. Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары ( депозиттері ) .

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т. с. с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады (2) .

«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен №179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000-(4000*872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

  • төлем тапсырмасы;
  • төлем талабы-тапсырмасы;
  • инкассалық үкім;
  • чекпен есеп айырысу;
  • вексельмен есеп айырысу.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуы керек:

  1. төлем құжатының дамуы;
  2. төлем құжатының нөмері, толтырылған күні, айы, жылы;
  3. ақшаны аударушының ( төлеушінің ) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
  4. ақшаны аударуша банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
  5. бенефициардың ( ақшаны алушының ) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
  6. бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
  7. төлемнің тағайындалу коды;
  8. санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
  9. төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса ) ;
  10. бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері ( СТТН ) .

Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «ҚР-ның Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР Ұлттық банк Басқармасының бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған. (3)

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы мынандай:

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Мұндағы:

1-ақшаны аударушының резиденттік белгісі;

2-ақшаны аударушының экономика секторы;

3-бенефициардың резиденттік белгісі;

4-бенефициардың экономика секторы;

5, 6, 7-валюта және бағалы металдар коды;

8-операция түрі;

9-төлемнің сипаты;

10-төлемнің ашып көрсетілуі.

Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:

«1» - резидент;

«2» - бейрезидент.

Экономика секторының коды мынандай:

0-Халықаралық ұйымдар;

1-Орталық үкімет;

2-Аймақтық және жергілікті басқару органдары;

3-Орталық банктер;

4-Басқа депозиттік ұйымдар;

5-Басқа қаржылық ұйымдар;

6-Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;

7-Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;

8-Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;

9-Үй шаруашылықтары.

Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:

0-Зейнет ақы және жәрдем ақы;

1-қолма-қол ақшалармен операциялар;

2-шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;

3-депозиттер;

4-займдар;

5-ҚР-ның бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына инвестициялар;

6-ҚР-ның резиденттерінің шығарған бағалы қағаздар мен вексельдері және Қазақстан капиталына инвестициялар;

7-тауарлар мен материалдық емес активтер;

8-көрсетілетін қызметтер;

9-бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы толтырылатындарға мынандай төлем құжаттары жатады:

  • төлем тапсырмасы;
  • төлем талабы-тапсырмасы;
  • салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;
  • аударуға берген өтініш; (2)

1. 2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың түрлері

Енді жоғарыда аталып кеткен қолма-қолсыз есеп айырысу формасының түрлеріне жеке тоқталып кетейік. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу - бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы:

Төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынандай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көретілген қызметтері үшін, тауарлы емес операцияла (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т. б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге аванстық төлемдер.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін (1-сурет) ; тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру жолымен (2-сурет) ; немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.

1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

Бұл жерде:

1-тауарды жабдықтау; 2-төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3-бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4-бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.

2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді алдын

ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

Бұл жерде:

1-алдын ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісімшарт жасау; 2-төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3-бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4-бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5-тауарды (қызметті) жабдықтау.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың аритықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылуымен сипатталады.

Төлем талабы-тапсырмасы - бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнды төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талабы-тапсырмасы - бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талабы-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күш ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс.

Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынандай сызбамен беріледі (3-сурет) .

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынандай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

3-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы

құжат айналымының сызбасы

Бұл жерде:

1-тауарды жабдықтау; 2-төлем талап-тапсырмасын аударушының банкіне жіберу; 3-есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім беру үшін беріледі; 4-төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары банкке қайтарылып, ондағы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5-бенефициардың банкіне қаражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке алынады; 6-бенефициардың шотына қаражат келіп түскендігін хабарлайды.

Инкассалық өкім - заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуі тиіс.

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлығы мынады:

  • егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
  • сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банк Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер мынандай түрлерге бөлінеді:

  • Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің кепілін көрсететін чек.
  • Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек.
  • Қамтамасыз етілген чек - банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек.
  • Қамтамасыз етілмеген чек - депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.

Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкпен өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектің өзіне тән мынадай көрсеткіштері бар:

  1. «Чек» деген атауы;
  2. Чек номері мен сериясы;
  3. Чектің қызмет ету мерзімі;
  4. Чек берушінің аты жөні;
  5. Чек берушінің СТТН-і;
  6. Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;
  7. Чек ұстаушының аты-жөні;
  8. Чек ұстаушының СТТН-і;
  9. Чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;
  10. Чек беруші банктің жеке банктік коды;
  11. «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі;
  12. «Төлемнің тағайындалу» кестесі;
  13. Чекті төлем ретінде қабылдаған туралы чек ұстаушының белгі соғатын орны.

Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолсма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі чектік кітапша алуға өтініш жасайды.

Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде 10 күнді құрайды. Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тәртібі сызбамен берілген (4-сурет) .

4-сурет Чекпен есеп айырысу сызбасы

Бұл жерде:

1-төлеуші банкке чектік кітапша беру туралы өтініш жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2-банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3-бенефициар тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4-тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5-бенефициар чекті банкке көрсетеді, ал банк сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны бенефициар шотына түсіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Қазақстан Республикасының комерция банктері, олардың қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасындағы Банк ісін ұйымдастыру және реттеу
Банктің вексельді операциялары
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері
Банктік қызмет көрсету туралы
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
Банктің тартылған қаражаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz