Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс



КІРІСПЕ
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ТҮСІНІГІ
1.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың түсінігі
1.2 Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстардың құрамын заңи талдау

2 МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУ ПРОБЛЕМА
2.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары
2.2 Мемлекет басқару органдарының экономикалық қылмыстардың проблемаларын анықтау
2.3 Мемлекет басқару органдарының экономикалық қылмыстардың алдын алу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Біздің қоғам мен мемлекетте жүзеге асырылатын құқықтық реформаның кезекті кезеңі қылмыстық – құқықтық салада Қазақстан Респбликасының қылмыстық кодексінің қабылдауымен аяқталады. Қазақстан Республикасы жаңа заман мен жаңа қоғамның «адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық» болып табылатын қоғамның [1], ең ақырында адам өркениетті мемлекеттің ең маңызды деген бостандықтарының бірін – экономикалық қызмет бостандығын алған қоғамның қылмыстық заңы. ҚР 1997 ж. ҚК «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» 7-тарауы – экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар деп аталады [2].
Қызмет бостандығын іс жүзіне асырудың қылмыстық-құқықтық кепілі. Бұл тарау, біздің пікірімізше, қоғамдағы экономикалық қатынастардың дамуы мен мазмұнының көрсеткіші болып табылады. Өткен ғасырдың 80 жылдарында қылмыстық кодексте жеке кәсіпкерлік қызмет және коммерциялық делдалдық, алыпсатарлық қылмыс ретінде қарастырылып, керісінше, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру, жерге қатысты заңсыз келісімдерді тіркеу, монополистік әрекеттер және бәсекелестікті шектеу, қасақана жалған жарнама, бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу /эмиссия/, қасақана немесе жалған банкроттық сияқты қылмыстар мүлде болмаған. Бүгінде бұл және басқа қылмыстар – өкінішке орай қоғам өмірінің шындығы.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы заң ғылымы қылмысты Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігіне айналған көп жоспарлы әлеуметтік құбылыс ретінде тануға мұқият көңіл бөлуде.
Мұнда айрықша орынды мемлекет реформаларының жүргізілуіне өзінің теріс әсерін тигізетін, кең таралған экономикалық қылмыс алады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы Қазақстан экономикасының криминалдануымен көрініс табады. Реформалау кезіндегі экономикалық қылмыс заңға қарсы экономикалық әреттердің жаңа түрлерін туындата отырып, жоғары белсенділікке ие болды.
Экономикалық қатынастардың тұрақсыздығы, меншікті қорғаудың сенімді экономикалық және құқықтық механизмдердің жоқ болуы жағдайлары кезінде алдын ала сақтандыру – экономикалық қылмысқа әсер етудің маңызды құралы болып табылады. Олардың (қоғамдық тәжірибе) және экономика (белгілі бір қоғамдық қатынастар жиынтығы) арасында тығыз байланыс бар. Экономика жүйесіндегі диспропорция қылмыстың себебін туғызып қана қоймайды, сондай-ақ оның алдын алу тәсілдерін анықтайды. Жоспарлы экономика мен басқарудың әкімшілік-әмірлік жүйесінің алдын алу потенциалы қылмыстың детерминантына әсер етпей қоймайды. Соған ұқсас барлық қылмыстық-құқықтық саясат та қалыптасты. Қылмысқа тосқауыл әдістерінің орталықтанған басқару механизмдерін пайдалануға негізделгені табиғи нәрсе. Осының өзі белгілі бір дәрежеде экономикалық қылмысқа әсер етуге мүмкіндік туғызды.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995ж. өзгер. мен толық. қоса. // Справочная правовая система «Юрист».
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 ж. өзгер. мен толық. қоса. // Справочная правовая система «Юрист».
3 «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы // Справочная правовая система «Юрист». – 2009. - 6 наурыз.
4 Ляпунов Ю.И. Ответственность за хозяиственные преступления // Советская юстиция. – 1987. - №18. – С. 18-20.
5 Лопашенко Н.А. Преступления в сфере экономической деятельности: Понятие, система, проблемы квалификации и наказания. – Саратов: Изд. Сарат. Ун-та, 1997. – 179 с.
6 Уголовное право России. Особенная часть – М.: Юридический колледж МГУ, 1994. - 190 с.
7 Головлев Ю.В. Хозяйственные преступления: понятие и система. // Государство и право. – 1993. - № 4. – С. 78-81.
8 Гаухман Л.Д., Максимов С.В. Уголовная ответственность за преступления в сфере экономики. – М.: ЮрИнфоР, 1996. – 304 с.
9 Уголовное право. Особенная часть / Отв. ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамова. – М.: ИНФРА М – НОРМА, 1998. – 516 с.
10 Яцеленко В.В. О применении законодательства об ответственности за хозяйственные преступления // Законодательство и экономика. – 1994. – Вып. 9/10. – С. 45-47.
11 Кучеров И.И. Налоговые преступления. – М.: ЮрИнфоР, 1997. – 215 с.
12 Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. - М., 1957 г. – 363 с.
13 Леонтьев Б.М. Уголовная ответственность за спекуляцию // Вестн. Моск. ун-та. Сер. 11. право. 1992. - № 1. – С. 22-27.
14 Ляпунов Ю.И. Ответственность за спекуляцию // Агитатор. – 1988. - №6. – С. 21-22.
15 Некипелов П.Т. Актуальные вопросы уголовно – правовой охраны природных богатств в СССР // Проблемы социалистического законодательства на совеременном этапе развитя Советского государства: Межвузовская научная конференция . – Харьков, 1968. - С. 199-207.
16 Демиденко Н. Новые условия ответственности за спекуляцию // Соиалистическая законность. – 1991. - №9.- С. 49-50.
17 Новое уголовное право России / Под ред. А.В. Наумова. – М.: БЕК, 1997. – 560 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ түсінігі
1.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың түсінігі
1.2 Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстардың құрамын заңи
талдау

2 Мемлекет басқару органдарының экономикалық қылмыспен күресу
проблема
2.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың себептері мен
жағдайлары
2.2 Мемлекет басқару органдарының экономикалық қылмыстардың
проблемаларын анықтау
2.3 Мемлекет басқару органдарының экономикалық қылмыстардың алдын
алу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Біздің қоғам мен мемлекетте жүзеге
асырылатын құқықтық реформаның кезекті кезеңі қылмыстық – құқықтық салада
Қазақстан Респбликасының қылмыстық кодексінің қабылдауымен аяқталады.
Қазақстан Республикасы жаңа заман мен жаңа қоғамның адам, оның құқықтары
мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылатын қоғамның [1], ең
ақырында адам өркениетті мемлекеттің ең маңызды деген бостандықтарының
бірін – экономикалық қызмет бостандығын алған қоғамның қылмыстық заңы. ҚР
1997 ж. ҚК Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар 7-тарауы –
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар деп аталады [2].
Қызмет бостандығын іс жүзіне асырудың қылмыстық-құқықтық кепілі. Бұл
тарау, біздің пікірімізше, қоғамдағы экономикалық қатынастардың дамуы мен
мазмұнының көрсеткіші болып табылады. Өткен ғасырдың 80 жылдарында
қылмыстық кодексте жеке кәсіпкерлік қызмет және коммерциялық делдалдық,
алыпсатарлық қылмыс ретінде қарастырылып, керісінше, заңды кәсіпкерлік
қызметке кедергі келтіру, жерге қатысты заңсыз келісімдерді тіркеу,
монополистік әрекеттер және бәсекелестікті шектеу, қасақана жалған жарнама,
бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу эмиссия, қасақана немесе жалған
банкроттық сияқты қылмыстар мүлде болмаған. Бүгінде бұл және басқа
қылмыстар – өкінішке орай қоғам өмірінің шындығы.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы заң ғылымы қылмысты
Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігіне айналған көп жоспарлы әлеуметтік
құбылыс ретінде тануға мұқият көңіл бөлуде.
Мұнда айрықша орынды мемлекет реформаларының жүргізілуіне өзінің теріс
әсерін тигізетін, кең таралған экономикалық қылмыс алады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы Қазақстан экономикасының
криминалдануымен көрініс табады. Реформалау кезіндегі экономикалық қылмыс
заңға қарсы экономикалық әреттердің жаңа түрлерін туындата отырып, жоғары
белсенділікке ие болды.
Экономикалық қатынастардың тұрақсыздығы, меншікті қорғаудың сенімді
экономикалық және құқықтық механизмдердің жоқ болуы жағдайлары кезінде
алдын ала сақтандыру – экономикалық қылмысқа әсер етудің маңызды құралы
болып табылады. Олардың (қоғамдық тәжірибе) және экономика (белгілі бір
қоғамдық қатынастар жиынтығы) арасында тығыз байланыс бар. Экономика
жүйесіндегі диспропорция қылмыстың себебін туғызып қана қоймайды, сондай-ақ
оның алдын алу тәсілдерін анықтайды. Жоспарлы экономика мен басқарудың
әкімшілік-әмірлік жүйесінің алдын алу потенциалы қылмыстың детерминантына
әсер етпей қоймайды. Соған ұқсас барлық қылмыстық-құқықтық саясат та
қалыптасты. Қылмысқа тосқауыл әдістерінің орталықтанған басқару
механизмдерін пайдалануға негізделгені табиғи нәрсе. Осының өзі белгілі бір
дәрежеде экономикалық қылмысқа әсер етуге мүмкіндік туғызды. Мұның
ұйымдасқан қылмыспен соқтығысқан жағдайларда айрықша маңызды мәні болды.
Капиталдың көлеңкеліайналымы және оны еш бақылаусыз шет елге тасу
мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын ыдыратады. Экономика саласындағы
қылмыс сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты туғызады. Экономикалық қылмыстың
өсуі экономикалық және шаруашылық байланыстар жүйесіне әсерін тигізеді де
ақыр аяғында қоғамның саяси табиғатын өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда
экономиканың криминалдану нәтижесінде қоғамның мемлекеттік, саяси,
әлеуметтілік тұрақтылығына зиян әкелетін экономикалық қатынастардың
деформациясы орын алады.
Шаруашылықтың жаңа формаларына өтумен кәсіпкерлік және экономикалық
әрекеттің кеңеюімен экономикалық қылмыстар бойынша бөлімшелердің
сақтандыратын қызметі тарылды.
Экономикалық қатынастардың өзгеріске ұшырағаны сонша, шаруашылық
қызметтің субъектілерінің криминалдық экономикалық әрекеті нарықтың қызмет
етуінің міндетті шартына айналды [3]. Қылмыстық заңды қабылдау, мұнан
басқа, қылмыстық – құқықтық ғылымның теоретиктерінің алдына көптеген
проблемалар қойды. Бірінші кезекте, олардың қатарына экономикалық қызмет
саласындағы қылмыс нысаны олардың жүйесі мен қылмыстық қолсұғушылық мазмұны
бойынша түрлерге бөлу үшін белгілер проблемалары, экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар түсінігінің проблемалары, оларды саралау, өзара шек
қою, қылмыстың басқа құрамдарымен жиынтығы проблемалары; жауапкершілік және
олар үшін жаза тарту проблемалары және т.б. және т.с.с. Экономикалық қызмет
бұрынырақ - шаруашылық саласындағы қылмыстың аталған проблемалары өзіне
бұрынғыдай ғалым-құқықтанушылардың назарын өзіне тартуда.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ түсінігі

1.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың түсінігі
Қандай да бір топтың қылмыстарының түсінігі - олардың
айқындайтын ерекшеліктерін олардың нысанының ерекшелігін, объективтік
және субъективтік жақтарды, субъектіні қарастырудйң өзінше бір
нәтижесі. Қылмыстық-құқықтық әдебиетте шаруашылықтан бұрын, экономикалық
қылмыс саласындағы қылмыстар түсінігінің бір емес, бірнеше
анықтамасы берілген.
Мәселен, П.Г. Некипелов шаруашылық қылмыстарды Кеңестік
жалпыхалықтық мемлекеттің коммунистік қоғам құру мақсатында шаруашылық
ресурстарды және құралдарды пайдалану аймағындағы қоғамдық
қатынастарға қол сұғатын қоғамдық қауіпті, құқыққа қарсы, әдейі
немесе абайсыз, қылмыстық- жазаланушы әрекеттер ретінде анықтаса; Ю.И.
Ляпунов - Кеңестік шаруашылық мекемелер мен ұйымдардың коммунистік
құрылуының мүдделеріне жауап беретін, дұрыс шаруашылық қызметін
бұзатын қылмыстар деп анықтайды [4, 18-20 бб.]. Ұқсас анықтамаларды
В.М. Леонтьев, М.А. Гельфер, А.Н. Блинова және басқалары берген [5].
В.Я. Таций шаруашылық қылмыстарды шаруашылықтың социалистік жүйесіне
елеулі зардап әкелетін жеке немесе лауазымды тұлғаның шаруашылық
қызмет саласындағы әдейі немесе абайсыз әрекеті (іс-әрекеті немесе
әрекетсіздігі) деп түсінген [6, 52 б.]. Қазіргі уақытта бұл
анықтамалар экономикалық қылмыстар саласы мен қылмыстық әрекеттер
шеңберінің тектік нысанының түбегейлі өзгерістеріне байланысты өзінің
мәнін жоғалтты.
Елде нарықтық экономикаға өту басталған кезде 90 ж. құқығында
берілген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсініктерінің
анықтамасын, сонымен қатар, жаңа қылмыстық заңнама үшін тұжырымдалған
анықтамаларды қарастырайық.
Ю.В. Головлев: Шаруашылық қылмыстар - бұл халықтық шаруашылыққа
оны жүргізу мен ұйымдастыру саласында меншік формасына тәуелсіз
мемлекеттің не кез-келген басқа басқарушы субъектінің мүдделерін
тікелей бұзу арқылы, сондай-ақ, азаматтар мекемелердің және жеке
тұлғалардың шаруашылық қызметімен істесетіндіктен олардың мүдделерін
бұзу арқылы зардап тигізудің нақты мүмкіндігін туындататын немесе
әкелетін қоғамдық қауіпті кінәлі түрде жасалған әрекеттер деп атап
көрсетеді [7, 78-81 бб.]. Біздің пікірімізше, бұл анықтаманың
кемшіліктері 1) шаруашылық қылмыстардың кінәсінің формаларына
нұсқаудың жоқтығы; 2) зардапты немесе оның шаруашылық қылмыс
жасалуының нәтижесінде халықтық шаруашылыққа нақты тигізетін
мүмкіндігі атап көрсетілуі болып табылады. Мұнда автор зардаптың
екі түрлі түсініктерін: қол сұғушылық жүзеге асатын қоғамдық
қатынастың нысанның міндетті белгісі ретіндегі зардап, және нақты
қылмыстың объективтік жағының белгісі ретіндегі зардапты
араластырғандай. Бірінші түсінікте зардап әрдайым болады; ол қоғамдық
қатынастардың бұзылуынан (өзгеруінен) көрініс табады; сондықтан, бұл
тұрғыда зардап шегудің нақты мүмкіндігі туралы сөз қозғау дұрыс
емес. Объективтік жақтың белгісі ретінде зардап 1959 жылғы ҚазКСР ҚК
шаруашылық қылмыстарының барлығында болған жоқ.; олардың көпшілігінің
құрамдары ресми ретінде құрастырылды, және оларды шаруашылық
қылмыстар қатарына жатқызу зардап тигізудің мүмкіндігіне не
тигізуге тәуелді болған жоқ. Бұдан бөлек, 3) азаматтар шаруашылық
қызметтерге жанасып қана қоймайды, оған тікелей қатысады; және 4)
қылмыс нысаны жеке тұлғалардың не мемлекеттің мүдделері емес,
қоғамдық қатынастар болып келеді.
Л.Д. Гаухман мен С.З. Максимовтың көзқарасынша, шаруашылық қылмыстар
бұл РКФСР ҚК Ерекше бөлімінің бесінші тарауында бар нормаларды
алдын-ала ескерілген, мемлекетте басқарудың мүдделерін қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамдық қауіпті әрекеттер
(шаруашылық мүдделері) [8, 63 б.]. Анықтамада қол сұғушылықтың кінәлі
сипаты туралы ешбір ескерту жоқ. Бұдан бөлек авторлар басқару, билік
ету мүдделері дегенімен не айтқысы келгенін не мұнда, не алда
айқындамайды. Жұмыста қоғамдық қатынастарды - елдегі шаруашылық
қызметті заңды жүзеге асыруға арналған арнаны-қылмыстық заңнама,
негізінен, реттемеген деген ескерту бар [9]. Біздің пікірімізше,
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың тектік нысаны аса дәл
болады және құқықтық басқа салалары регламентін белгілейтін қоғамдық
қатынастармен тікелей байланысты болғанына қарамастан, оны қылмыстық
құқық реттейді.
В.В. Яцеленко экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға
келесідей анықтама береді: олар материалдық құндылықтар мен
қызметтерді өндіру, бөлу, алмастыру және пайдалану себебінен
қалыптасатын, қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заң алдын-
ала ескерген қоғамдық қауіпті әрекеттер [10, 45-47 бб.].
Талданып жатқан экономикалық қылмыстардың қасақаналық сипатына
нұсқаудың жоқтығы келтірілген анықтаманың тиянақтылығынан айырады
және олардың қоғамдық қауіптілігінде көрініс табады деп тұжырымдауға
болады. Бұдан бөлек материалдық құндылықтар мен қызметті өндіру,
бөлу, алмастыру және пайдалану сияқты тек экономикалық
категориялардың себебіне қатысты қатынастар экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстарды жасағанда үнемі зардап шекпейді. Мәселен,
мысалы, бірқатар жағдайларда заңсыз кәсіпкерлік (әсіресе, ірі зардап
әкелмеген, ірі табыс табумен байланысты болған) жоғарыда аталған
қатынастарға анық пайда әкеледі (тауар нарығы кеңейеді, тұтынушы өзіне
ыңғайлы жерде сапалы тауар алудың мүмкіндігіне ие
болады,бәсекелестік қамтылады және т.б.). Сол мезгілде, заңнама
бекіткен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі, заңшығарушының
оның заңға сәйкестілігін талап ету үнемі бұзылады.
И.И. Кучеров экономикалық қызмет саласындағы қызметті қоғамның
экономикалық жүйесінің негіздеріне қол сұғатын қоғамдық қауіпті
әрекеттер деп түсінеді [11, 54 б.]. Анықтама жоғарыда аталған
кемшіліктерден, ең бастысы, біздің пікірімізше, тектік нысанның аса
кең және айтарлықтай дұрыс емес мәнінен зардап шегеді. Ол қылмыс
жасау нәтижесінде үнемі зардап шегуі тиіс. Қоғамның экономикалық
жүйесінің негіздері, мысалы, жалған жарнама, кәсіби спорт жарыстары
мен қойылымдық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен
ұйымдастырушылары, мемлекетке асыл металдар мен асыл тастарды өткізу
ережелерін бұзу, тұтынушыларды алдаудан зардап шегеді деп тұжырымдай
аламыз ба? Әрине, жоқ, алайда аталған жағдайлардың өзінде де белгілі
бір экономикалық қатынастарға зиян тигізеді.

1.2 Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстардың құрамын заңи талдау
Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстың объектісі қазіргі таңда даулы
қылмыстық құқық ғылымымен көп зерттелмеген мәселелердің бірі. ХІХғасырдың
30-60-жылдары көптеген зерттеулер жүргізілгенімен экономикалық қылмыстардың
объектісіне ортақ түсініктеме берілмеді. Экономикалық қылмыстардың
объектісі жайлы кең таралған көзқарастардың бірі А.Н. Трайниндікі. Оның
ойынша олар социалистік шаруашылықтың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіру
келтіру [12, 247 б.]. Б.М. Леонтьев экономикалық қылмыстардың объектісі
социалистік мүлік деп айтқан [13, 22-27 бб.], Ю.И. Ляпунов экономикалық
қылмыстардың объектісі социалистік шаруашылық жүйесінде пайда болатын
социалистік қоғамдық қатынастар,- деп атап өтті [14, 21-22 бб.]. П.Т.
Некипелев экономикалық қылмыстар социалистік қоғамның социалистік мүлікті
коммунистік қоғам құруға жұмсауына қарсы әрекеттер деп баса көрсетті [15,
199-207 бб.]. Н. Демиденко ол қылмыстар мемлекет мүддесі үшін қызмет
атқаратын социалистік мүлікке бағытталады деген [16, 49-50 бб.]. 90
жылдары, яғни нарықтық экономикаға өту кезінде экономикалық қылмыс
объектісіне деген көзқарас бірнеше өзгерістерге ұшырады. Ю. Головлев
Барлық экономикалық қылмыстардың объектісі қылмыстық заңнамалармен
қорғалатын қоғам мүдделері немесе қоғамдық тәртіптің сақталуымен қатар
келешекте дұрыс жұмыс істеуіне деген ниет деп көрсетті [7, 78-81 бб.].
В.П. Саенконың ойынша Экономикалық қылмыс аясының объектісі болып
Қылмыстық заңнамамен қорғалатын шаруашылық қызметте пайда болатын
экономикалық қатынастар. Л.Д. Гаухман мен С.В. Максимов экономикалық
қылмыстардың объектісі ретінде Шаруашылық мүддесін қамтамасыз ететін
қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар мемлекет заңнамаларыен тиым салынбаған
болуы керек [8, 87 б.].
Жоғарыда атап өткен ғылыми зерттеулер ескі қылмыстық заңнамалардың
негізінде жасалған. 1997 жылғы қылмыстық заңнамаларды талдауға арналған
еңбектерде экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісін келесідей
көрсетеді. Новое уголовное право России атты оқулықтың авторлары
экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісіне Нарықтық
экономиканы дамытуға бағытталған мемлекетпен қорғалатын қоғамдық
қатынастар деген анықтама берген [17, 389 б.].
Профессор А.И. Рарогтың редакциясымен жазылған жазылған қылмыстық
құқықтың ерекше бөлімінің Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың
объектісі атты тараудың авторларының ойнша экономикалық қызмет аясындағы
қылмыстардың объектісі экономикалық қызметтерді жүзеге асыру, айырбастау,
материалдық игіліктерді тұтыну кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Объектілер мемлекет экономикасының қалыпты біртекті халықтық шаруашылық
кешені ретінде жұмыс істеуіне бағытталған қоғамдық қатынастар.
Профессор В.В. Здравомысловтың редакциясымен жазылған жазылған Ресейдің
Қылмыстық құқығы еңбегінде экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың
объектісі Ресей Федерациясының экономикасының біртұтас халықтықшаруашылық
организм ретінде қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар ретінде көрсетілген [18, 314 б.]. Экономикалық қызмет аясындағы
қылмыстардың объектісі - экономикалық қызмет аясында паида болатын
біртектес қоғамдық қатынастар. Осы авторлардың коллективі жаңа қылмыстық
құқық кітабінің 22 бөлімінде көрсетілген экономикалық қызмет аясындағы
қылмыстардың объектісі экономикалық қызмет аясын ретке келтіретін қоғамдық
қатынастар - нақты объект деп көрсеткен. И.И. Кучеров экономикалық қызмет
аясындағы қылмыстардың объектісі Қоғамның экономикалық жүйесіне нұқсан
келтіретін қоғамдщық қауіпті әрекеттер [11, 99 б.]. Кейіннен салықтық
қылмыстардың объектісі- қылмыстық заңнамалармен қорғалатын экономикалық
қатынас ретінде көрсетілнді. Профессори В.М. Леонтьевтің ойынша
экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар үшін жауаптылық көздеген қылмыстық-
құқықтық нормалар осы салада пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни
экономикалық қызмет саласындағы мемлекет және жеке субъектілердің
мүддесін қорғайды.
Соңғы кездері жасалған талдауларға сүйене отырып келесідегідей
қорытынды жасауға болады: 1) 1997 жылғы ҚК бөлімдерінің бөлінуі туралы
ортақ критерийлердің болмауы 2) В.М. Леонтьевтен басқаларының барлығы
экономикалық қызмет аясындағы қылмыстардың объектісі қоғамдық қатынастар
деп айтады. В.М. Леонтьевтің ойынша экономикалық қызмет аясындағы
қылмыстардың объектісі мемлекет пен жеке субъектілердің мүдделері, бірақ ҚР
ҚК қоғамдық қатынастарды қорғайды. 3) соңғылары экономикалық қызмет аясында
пайда болады.
Жоғарыда атап өткен жағдайларды ескере отырып осы тақырыпқа байланысты
өз шешіміміз.
Ең бірінші Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі 7 тараудың орналасу
жеріне талдау жасайық. Тарауларды бөлудің критерилерінің бірі қылмыстардың
объектісі болып табылады. Қолданыстағы Қылмыстық кодекстің жалпы және
ерекше бөлімдерінде баптар - тараулар-бөлімдер жүйесі қолданылады.
Жүйелерге бөліну туралы авторлардың ойлары әртүрлі болып келеді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ерекше бөлімнің VІІ тарауында тарауды
ерекшелеудің негізінде қолсұғушылықтың топтық объект жатыр. Бөлімшенің өзі
оған енетін қылмыстардың топтық объектінің ортақ белгілері бойынша
ерекшеленген: олардың барлығы белгілі бір дәрежеде мазмұны бойынша әртүрлі
экономикалық қатынастарға қол сұғады. Экономика ұғымына сәйкес саланың
мамандары аса кең түрде түсіндірме береді: бұл кең ұғымыдағы шаруашылықтың
өңі, яғни адамдардың өмір жағдайларын қамтамасыз ету, қажеттіліктерін өтеу
мақсатында пайдаланатын барлық бұйымдар, заттар, материалдық және рухани
әлемнің субстанцияларының жиынтығы экономиканы адам өмірін қамтамасыз ету,
іске асыру, тіршілік ету жағдайларын қамту мен жақсартудың адам жасаған
және пайдаланатын жүйесі ретінде қабылдау қажет [19, 20-27 б.]. Тіпті
саналы түрде ықшамдалған, сөздік ұғымында экономика (ежелгі грек тілінде –
үй шаруашылығын басқару қабілеті) елдің халықтық шаруашылығын, яғни
өнімі қоғам қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өндіріс салаларының
жүйесін білдіреді [20, 487 б.]. Осыған сәйкес, экономика ішіндегі
қатынастар мазмұны әркелкі, олардың көбісін қол сұғушылықтардан қылмыстық
заң, негізінен, экономикалық қылмыстарға арналған бөлімі қорғайды. Бірыңғай
эконмикалық қатынастарға қол сұғатын қылмыстар бұл бөлімшенің тарауларына
біріктірілген.
Ал енді экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың топтық
объектісінің түсінігіне тоқталайық. Ғылымда біз де келісетін, оған сәйкес
кез-келген деңгей объектісі ретінде қоғамдық қатынастар болатын бағдар
басымдыққа ие [21, 87 б.]. Қарастырылып отырған қылмыс тобы үшін, жоғарыда
айтылғандай, қылмыстық құқық ғылымының теоретиктерінің ойынша, бұл
экономикалық қызмет сласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар болып
табылады. Экономистердің ойынша, экономикалық қатынастар дегеніміз адамдар
арасында өндіріс, бөлу, айырбастау, тауарларды тұтыну және осы үдерістер
кезінде пайда болатын қатынастар [22, 105-111 б.].
Экономика курсының авторы дәлелдейтіндей, бұл қатынастарды қарастыру
кезінде саясат пен идеологиядан тұтас алшақтап кету мүмкін емес. Мұндағы ең
бастысы - коммунистер мен коммунист еместермен түрліше анықталатын нарық
ұғымы. Баға қалыптасуының тауарлық нарығы мен нарықтық механизмі жалпыға
ортақ және біздің ел бірте-бірте көшіп жатқан нарықтық экономикада маңызды
орын алады.
Нарықтық экономикада еңбек (әрекет) дегеніміз Жұмысты ұйымдастыру
формасы мен әдістеріне және шығындар нәтижесін пайдалану саласына тәуелсіз
адамның ойын, күш-қуатын және уақытын талап ететін кез-келген бағытталған
әрекеті. [23, 230-231 бб.]. Нарықтық экономиканың мәні мынада: ол
экономикалық әрекеттердің кеңістігін қалыптастырады.
Жоғарыда аталған мәліметтер бойынша, экономикалық қызмет саласында
мазмұны жағынан әр түрлі қатынастар болады. Ең алдымен, бұл экономикалық
(шаруашылық) қатынастар: бұл меншік қатынастары, өндірістік қатынастар,
белгілі бір дәрежеде сақталған мемлекеттік реттеу үдерісінде туындайтын
қатынастар, саяси-қоғамдық қатынастар реті, т.б., тіпті әділеттілікпен
байланысты қалыптасатын қатынастар да болуы мүмкін. Сол себепті ғылымдағы
осы параграфтың басында келтірілген экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстар объектісінің анықтамаларымен, яғни олардың қалыптасқан қоғамдық
қатынастар екендігімен келісу қиын. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
объектісі ролінде, біздің ойымызша, жоғарыда аталған қатынастардың тек
бірінші тобы – экономикалық (шаруашылық) қатынастар болуы мүмкін.
Экономикалық қызмет саласындағы басқа қатынастар тобы қылмыстық-құқықтық
қорғау объектісі болса, онда олар ҚК Ерекше бөлімінің басқа тараулары мен
бөлімдерінің нақты объектілері қатарына енгізіледі.
Экономикалық (шаруашылық) қатынастардың түсінігі, негізінен, азаматтық
(шаруашылық) құқық мамандарымен берілген. Мысалы, С.В. Тихомиров өзінің
Шаруашылық құқық атты оқу құралында былай деп көрсетеді. Шаруашылық
қатынастар деп функционалды экономикалық қатынастарды түсіну керек, олар
кәсіпкерлік, тауар нарықтарының қызмет етуі, биржалық, брокерлік, және
инвестициялық қызмет, банк қызметі, мемлекеттік және муниципиалды
кәсіпорындарды жекешелендіру, т.б. байланысты [24, 89 б.].
Бұл қатынастардың мазмұнын В.С. Мартемьянев та қысқартады, оның ойынша
бұл қатынастар кәсіпкерлік қызметті атқару барысында және өзара құқықтар –
мен міндеттермен байланысты мемлекеттің нарық қатысушыларына әсері
салдарынан туындайды [25, 64 б.].
Біздің ойымызша, экономикалық қатынастар кез-келген түсінікте
экономикалық қызмет саласындағы қылмыс объектісі бола алмайды. Шаруашылық
байланыстар, келісім-шарттар, нарық түрлеріндегі ойын, инвестициялау туралы
шешім қабылдау, олардың мазмұнымен бөлінуі. Салық және кеден саясаты ,
бәсекені қолдау, банктік тәуекелге бару, валюталық коридорлар, т.б. – мұның
бәрі құқықтың басқа салаларының мүдделік аясы. Қылмыстық құқық мұндай
мәселелер мен қатынастарға бейтарап, соңғысы қылмыстық-құқықтық ғылымның
мүддесі жатпайтын және жатпайды да.
Дегенмен,
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың тікелей объектісі ретінде
көрініс табатын экономикалық қатынастар аспектісі де бар. Экономика
курсының авторлары былай деп жазады: Экономикалық жүйенің әрбір қатысушысы
өзі не мемлекеттік бекітілімдерге сәйкес экономикалық заңдарды, ережелерді,
оның әлеуметтік-экономикалық психологиясы мен идеологиясын жүзеге асыратын
ережелерді таңдайды [26, 53 б.]. Қатысушылардың көпшілігі ұстанатын мұндай
тектің ең маңызды ережелері ұстанымдар қалыптастырады. Ұстанымдар
экономикалық заңдармен қаншалықты толық сәйкес келетін болса, соншалықты
экономикалық жүйе тиімдірек әрекет етеді, соншалықты ондағы тепе-
теңсіздік, сұраныс қанағаттандырылмауы, дефицит, инфляция, дағдарыстық
құбылыстар аз. Ұстанымдар сөзсіз, экономикалық заңдармен байланысты, олар
мемлекеттің заңдарында көрініс табады. Экономикалық заңдардан өзгешелігі
ұстанымдар жалпылама әмбебаптық сипатты емес, қоғамдық-саяси, экономикалық
жүйенің түрі, типіне тәуелді және белгілі бір дәрежеде тіпті жүйені
сипаттайды. Түрлі авторлар көрсетілген ұстанымдарды әртүрлі атайды: басты
нарықтық ережелер, экономикалық қызмет пен экономикалық жүріс-тұрыс
нормалары, нарықтық экономика ұстанымдары; шаруашылық құқық ұстанымдары;
кәсіпкерлік құқық ұстанымдары және т.б. Арнайы зерттеуге және
жүйелендіруге ұшырамаса да, олар көпжылдық тәжірибеде шыңдалған және
айтарлықтай танымал. Бұл ұстанымдар экономикалық шаруашылық қатынастардың
негізінде жатыр: соңғылары, олардың нақты мазмұны қандай болса да, аталған
ұстанымдарды ескере отырып құрастырылған. Шын мәнінде, бұл экономикалық
қызмет саласындағы қатынастарын ұйымдастыру ұстанымдары немесе оны іске
асыру ұстанымдары. Экономикалық қызметті жүзеге асыру ұстанымдары кез-
келген экономикалық қызметтің негізінде жататын негізгі бастауларды,
идеяларды, бастапқы ережелерді білдіреді. Экономикалық қызметті жүзеге
асыру ұстанымдарына құрылатын қоғамдық экономикалық қатынастар экономикалық
қызмет саласындағы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жүйесінің құрамды бөлігін атай
отырып, кәсіпкерлік не басқа экономикалық қызметті жүзеге асырудың
бекітілген тәртібін жалпы ұстанымдарын бұзумен байланысты қылмыстарды
бөлеміз. Біз бұл объектіге экономикалық қызмет саласындағы барлық дерлік
қылмыстар қол сұғады деп есептейміз. Әдебиетте экономикалық қызметті
жүзеге асырудың ұстанымдарының түрлі мөлшері аталады: олар мазмұны бойынша
да үнемі сәйкес келе бермейді. Мәселен, В.С. Мартемьянов шаруашылық
жүргізудегі басшылық етуші субъектілер мен кәсіпкерлікті ынталандырудың
экономикалық мүдделерін қорғау, экономикалық еркіндік ұстанымы: халықтық
шаруашылықтағы қатынастарға, негізінен, экономикалық шаралар мен әдістерді
қолданудың негізінде мемлекеттік ықпал етудің ұстанымы, бәсекелестік және
монополизмнен қорғау ұстанымы; заңдылық ұстанымы десе [25], З.И. Петров,
Р.Н. Марченко және Л.В Варинова жеке өндірушілер мен құрылымдық
бөлімдердің ерекше қағидалары туралы айтады; ұсыныстар мен сұрау есебінің
негізінде бағалардың қалыпсыздығын пайдалану; еркін бағаның пайда болуы;
экономикалық субъект пен кәсіпкерлікті барынша қолдау; шетелдік
серіктестермен жұмыс үшін экономиканың ашықтығы; нарықтық структуралардың
шаруашылық істерінде мемлекеттің тікелей қатысуынан бас тартуы; жекеменшік
иесінің өндірушілік және коммерциялық жұмыстарының нәтижесі үшін толық
жауапкершілігі; бұрын өзіндік маңыздарға ие болмағандықтан нарықтық
қатынастардың әрекеттерін, сол қоғам орындарына жария ету деп баса айтады
[27]. В.В Лаптев кәсіпкерлік жұмыстардың еркіндік қағидаларына тоқталады;
кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын барлық жекеменшік түрлерінің заңи
теңділігі; монополия істерін шектеу және конкуренттік еркіндік;
кәсіппкерлік қызметтің мақсаты пайда табу; заңдылығы; жеке және қауымның
қызығушылығының үйлесімділігі; кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік басқаруы
[28]. Нарық біртұтастығы. Жекеменшік түрлерімен нарық субъектілерінің
теңділігі; баға пайда болуының еркіндігі; шаруашылық қызметтің өзін - өзі
қадағалауы; келісімшарт қатынастары; экономикалық жауапкершілік; өзіндік
қаржыландыру; жеке шаруашылық пен басқаруды орталықтандыру; мемлекеттік
қадағалау. Біздің тексерудің мақсатына нарықтық экономиканың қағидалары
бойынша келтірілген көзқарастардың қорытындылары кірмейді. Сонымен бірге,
қағидалар қатарында қылмыстық құқықты қызықтырмайтындар аталады. Мысалы:
ұсыныстар мен сұрау есебінің негізінде бағалардың тұрақсыздығын пайдалану
қағидалары, шетелдік әріптестермен жұмыс үшін экономиканың ашықтығы;
кәсіпкерлік қызметтің мақсаты пайда табу; жеке және қауымның
қызығушылығының үилесімділігі және т.б. Аталған және басқа қағидалардың
негізінде құралған қоғамдық экономикалық қатынастарды қорғаумен азаматтың,
шаруашылық, кәсіпкерлік және т.б. құқықтар айналысады.
Сонымен қатар заңдылық қағидалары, экономикалық істің еркіндігі,
экономикалық іс субъектілерінің ұқыптылығы негізінде құралған қоғамдық
экономикалық қатынастар қылмыстық саясат тәсілдері мне қылмыстық заңдармен
түрлі қауіпті істерден қорғалынады.
Сонымен, экономикалық қызмет саласында қылмыстардың объектісі ретінде
экономикалық істің еркінділік қағидасына жауапкершілік ететін қоғам
қатынастары болып табылады; экономикалық іс қағидасын заң жүзінде зүзеге
аксыру; экономикалық іс субъектісінің шынайы бәсекелестілік қағидасы;
экономикалық іс субъектілерінің әділеттілік қағидасы.
Біздің көзқарасымыз бойынша, экономикалық істі жүзеге асыру жөнінде
тағы бір қағида бар. Ол, көбінесе жалпы қағиданың заңдылығына жақын,
сонымен бірге өз мазмұнымен ерекше болып келеді.
Экономикалық қызметте қылмыстық тәртіпсіздікке жол бермеу, негізінде
экономикалық іс қағидасының заңдылығының көрінуі. Бұл жердегі айырмашылық,
субъектінің тәртібі басқа салалардың құқығымен қорғалмайды, міндетті түрде
қылмыстық құқықпен қылмысқа жол бермеу қылмыстық кодексте белгіленген.
Экономикалық істі жүзеге асыру жолында қылмыстық істерге жол бермеу,
экономикалық істі жүзеге асыру қағидасы дей отырып, ешқандай жағдайға
қарамастан экономикалық іс субъектілері мынадай қылмыстар жасай алмайды,
олар, мысалы: жалған құжаттар, несие карталар, ақша таңбаларын жасау,
әріптестеріне зорлық - зомбылық көрсету, өз ісінде қылмыс әрекеттері
нәтижесінде табылған мүліктерді пайдалану, әріптесіне және мемлекетке шығын
келтіретін алаяқтықты пайдалану және т.б. Осыған тән қылмыстық істерге жол
берілмейді, тіптен олар экономика ісінің субъектілеріне өте жоғары кіріс
немесе басқада пайда әкелсе де адам өмірі мен бостандығына шынайы қауіп
төндірсе заң шектеу қойып тиым салады.
Қалған экономикалық қызмет қағидаларының жүзеге асырылу түсінігіне
қысқаша тоқталайық.
Экономикалық қызметтің еркіндік қағидасы конституциялық қағида. Ол
қағидада азаматтың экономика саласында өз қалауы бойынша, өз қызығушылығына
және мақсаттарына байланысты әрекет етуіне толық мүмкіндігі бар.
Конституцияда айтылған: “Әркімнің өз мүмкіндігін және мүлігін кәсіпкерлік
және басқада заңдармен тиым салынбайтын экономикалық іске пайдалануға
құқылы“. Әрине, барлық іс әрекеттерге еркіндік берілмейді, бірақ
экономикалық қатынастар көбіне өзін-өзі қадағалауға қабілетті. Мұндағы
мемлекеттің мақсаты, соның ішінде мүдделі тұлғалар, экономикалық істің
кепілдігін тудыру болып табылады. Қылмыстық құқықтық қадағалау осындай
кепілдіктің біреуі болып табылады. Экономика курсының авторлары осы қағида
туралы мынадай құқықтар туралы айтады: Барлық шаруашылық субъект адам,
отбасы, топ, ұжым қайсы бірі болса да қалаған, пайдасы бар заңмен жол
берілетін экономикалық істің түрін таңдауға құқылы. “Әр субъект заңмен тиым
салынған қоғамға қауіп төндірмейтін өзіне ерікті экономикалық, шаруашылық
істің түрлерін таңдауға құқылы. Экономикалық еркіндік экономикалық іс
субъектісінің құқығында да белгіленеді “субъект өз кәсіпорнының бөлімше
жұмыстарын, сату көлемін, бағасын қою және серіктес таңдау өз еркінде
болады. Заң жүзінде экономикалық қызмет қағидасының жүзеге асырылуы жалпы
заң қағидасының бір бөлігі болып табылады. Экономикалық қызмет түрлі құқық
салаларына сәйкес келеді. Экономикалық қызметтің ұйымдастырылуы, тәртібі,
кепілдерінің жүзеге асырылуы құқық және заңмен қадағаланған. Егер
экономикалық қызмет отандық құқық шаруашылық, азаматтық, салық, кедендік,
қаржылық және басқа да салаларға сәйкес жүзеге асырылса заңды болып келеді.
Әрине, заңды қағида негізінде, экономикалық қатынастар аспектілері
толық қылмыстық құқықпен қамтамасыз етілмейді.
Осы қатынастардың терең емес өзгерістері жоғарыда аталған құқық
салаларымен қадағаланылады. Экономикалық қызмет субъектілерінің шынайы
бәсекелестік қағидасының негізінде бір-бірінің өзіндік абыройын түсірмеу.
Шынайы бәсекелестік пен монополия тоғыспайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясында айтылған: “Қазақстан Республикасында экономикалық кеңістік
жалпыға тауарлардың еркін алмасуына қызмет көрсетуіне, бәсекелестікті
қолдау, экономикалық істің еркіндігіне кепіл беріледі “. “Монополия және
адал емес бәсекелестік орын алатын экономикалық қызметкежол берілмейді “
[1].
Бәсекелестіктің қарама-қарсы түсінігі монополия грек тілінде – “ бір
өзім сатамын “. Экономикалық қызмет субъектілері мораль және тәртіп
талаптарына сәйкес қызмет атқарулары , салық төлеу, бір-бірінің
алдында өз міндеттерін шынайы жүзеге асырулары керек, “Шынайылық,
сенімділік, тәртіптілік қазіргі нарықтың қойылатын талаптары“.
Экономикалық іс субъектілерінің шынайылығы – бизнеспен айналысушының
Әдеп кодексінің бір бөлігі. Ол туралы барлық қатысушылардың міндетті түрде
тәртіпсақтау келісім қатынастарының қағидасын орындау экономикалық
жауапкершілік ретінде айтуға болады. Сонымен қатар экономикалық қызметтің
нәтижесінде қайсы бір келтірілген залал болса да кінәлімен өтелуі тиіс.
Экономикалық қызмет саласында қылмыс объектілері экономикалық істі жүзеге
асыру қағидаларының негізінде туындаған. Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің 7 – ші тарауында көрсетілген.
Экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау негізінде зардап шегу нақты
қоғамдық қатынастар ретінде осы қылмыстардың объектісі ретінде танылады.
Профессорлар В.В Здравомыслов және С.В Максимовтың, А.И. Рарогтың
редакциясындағы Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі бойынша оқулықтардың
авторлары, қарама – қарсы объектілерді нақты қоғамдық қатынастармен
байланыстырмайды. Экономикалық қызмет саласындығы қылмыстардың кез келген
деңгейінің объектісінің құрылымында олардың туындауына және әрекет етуіне
себеп болған қоғамдық қатнастардың субъектілері және аталған элеметтермен
әлеуметтік байланыста болады ол элеметтер ретінде қоғамдық маңызы бар
қызмет және субъектілердің өзара қатынасы болады. Өз уақытында шаруашылық
қылмыстардың объектісінің құрлымы жөнінде В.Я Таций толығырақ жазған
болатын. Дегенмен қорғалатын экономикалық қатынастардың мазмұны біздің
ғасырымыздың 80жылдарымен салыстырғанда түбірімен өзгерген және белгілі
жұмыстың көптеген ережелері ескірген.
Қорғалатын экономикалық қатынастардың субъект құрамы барынша кеңірек.
Ол мемлекетпен оның органдарының және лауазымды тұлғаларының атынан
берілген және оған байланыссыз кәсіпкерлердің, кәсіпорынның меншік
иелерінің және басшыларының, жеке тұлғалардың атынан беріледі. Экономикалық
қатынастар өзге қоғамдық қатынастар секілді онда кемдегенде екі субъекті
қатынасуы керек. Оладың біреуі тәртіп бойынша қылмыстың да субъектісі
болады және қорғалатын қоғамдық қатнастарды бұза отырып жаңа қоғамға
қауіпті қатынастарды тудырады.
Экономикалық қоғамдық қатынастар қатынас қатысушыларының қандай да
болмасын мүддесіне байланысты пайда болады. Ол экономикалық қатынастың
қағидаларына сәйкес келуі керек. Мысалы, жеке кәсіпкер мен мемлекет атынан
тіркеу органының лауазымды тұлғасының арасындағы қоғамдық қатынас
кәсіпкерлік қызметтік мемлекеттік тіркеуден туындайды, мемлекеттік тіркеу
кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қағидасына сәйкес келуі қажет. Лауазымды
тұлғаның мемлекеттік тіркеуден заңсыз бас тартуы қорғалыр отырған қоғамдық
қатынасты бұзуға алып келеді. Немесе: кез келген азамат пен мемлекет
арасындағы қатынастар біріншісінің ақша белгілерін қалыптастыру процесіне
араласпауы себебінен әрекет етеді және, керісінше, барлық қажетті
жағдайларда оның ресми ақша белгілерін қолдану себебінен туындайды. Бұндай
мінез құлық мінез құлықтың криминалды нысандарына сәйкестендірілген тыйым
салулар қағидасына сәйкес келуі керек. Оны бұзу әдеттегі қоғамдық
қатынастардың бұзылуына алып келеді, соған байланысты қоғамда және
мемлекетте тиым салынған қатынастар туындайды және де нәтижесінде – жалған
ақша жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілікке алып келеді.
Қатынас субъектілерінің арасындағы байланыс, жоғарыда көрсетілгендей,
өз мүддесіне байланысты олардың қызметінде білінеді. Бұл байланыс
экономикалық қызметті жүзеге асырудың қағидаларына сәйкес келуі керек.
Қоғамдық экономикалық қатынастардың пәні қылмыстың пәнімен сәйкес келе
бермейді. Егер біріншісі – объектінің міндетті белгісі болса, екіншісі-
өзінің нақты материалдық сипатына байланысты экономикалық қызмет
саласындағы барлық қылмыстарға тән емес. Қылмыстың заты жөнінде анық айтуға
болады, мысалы, қылмыстық жолмен алынған меншікті иелену немесе пайдалану
заты - көрсетілген меншік; жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды
дайындау немесе пайдалану заты – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
банктік билеттері, металдық тиындары, мемлекеттік бағалы қағаздары немесе
қазақстандық не шетел валютасындағы өзге бағалы қағаздар, шетел валютасы\;
және өзгелерімен.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды жасау нәтижесінде залал
және өзге құқықтық қорғалатын объектілерге келеді. Қосымша объектілер
ретінде азаматтардың мүліктік мүдделері және меншігі және т.б.
қарастырылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар құрамының қалған
элементтерінің құрылымы (объектісінен басқа) басқа қылмыстар құрамымен
салыстырғанда үлкен спецификаға ие емес. Экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстардың объективтік жағы көбінесе белсенді әрекеттер ретінде көрініс
береді. Мысалы заңсыз кәсіпкерлік 190 бап және заңсыз банктік қызмет 191
бап, несиені заңсыз алу 194 бап, мәміле жасауға мәжбүрлеу немесе оны
жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу 226 бап, жалған несиелік не төлемдік және
өзге төлем құжаттарын дайындау және қолдану 207 бап, контрабанда 209
бап, тұтынушыларды алдау 223 бап және т.б. тек әрекет арқылы ғана
жасалуы мүмкін. Әрекетсіздік мысалы, кедендік төлемдерді төлеуден бас тарту
214 бап, шетел валютасындағы қаражаттарды шекарадан қайтармау 213 бап,
азаматтың салық төлеуден жалтаруы 221 бап объективтік жағы ретінде
көрініс табады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тұжырымдау
барысында заң шығарушы басқа құқық саласындағы ашылатын түсініктерді
қарастырады. Экономикалық қылмыстар нормаларының диспозициясының басым
көпшілігі бланкетті диспозициялар қатарына жатады, ерекше жағдайлар
мыналар: мәмілені жасауға және одан бас тартуға мәжбүрлеу- 226 бап бірақ
та мәміле азаматтық құқықтық түсінік, кәсіби спорттық жарыстар және
коммерциялық конкурстардың қатысушыларын және ұйымдастырушыларын сатып алу
соңғы түсінік қылмыстық құқықтық салаға жатпайды. Л.Д. Гаухман және С.В.
Максимов шаруашылық қылмыстардың туынды объектілерін анализдеу кезінде
көпшілік қорғалатын қоғамдық қатнастар заңнамамен (қылмыстық емес) және әр
түрлі құқық саласына жататын, мысалы азаматтық және қаржылық құқыққа
жататын өзге де нормативтік актілермен регламенттеледі деп атап өтеді
[8].
Құқыққолданушылық қызметте экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
мәнін анықтауда бірнеше заңнамалық және өзгеде нормативтік актілерді қарау
керек.

2 Мемлекет басқару органдарының экономикалық қылмыспен күресу проблема
2.1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың себептері мен
жағдайлары
Экономикалық қылмыс - күрделі әлеуметтік құбылысты білдіретін дербес
түсінік ретінде криминологияда өткен ғасырдың 90 жылдарында пайда болды.
Өткен ғасырдың 70-80 жылдарда әр түрлі амал-тәсілдермен социалистік
мүлікті талан-таражға салу - экономикалық қылмыстың негізгі түрі ретінде
жеке мүлікке қол сұғу пайдақорлық қылмыстар тобының құрамына кірді. Кейін
қызмет бабын пайдаланып жасалған социалистік меншікке қарсы қылмыстар
қылмыстық мінез-құлқтың дербес тобын құрайтын қылмыстар қатарына бөлек
шығарылды. Бұл өндірістік қатынастар аясындағы мемлекеттің айрықша
жағдайымен түсіндірілді. Меншіктің барлық түрлеріндегі теңдікке негізделген
көп салалы экономикаға өту экономикалық қылмыстың сипатын өзгертті.
Экономиканың реформаландырылуына байланысты экономикалық қылмыстар да
өзгерістерге ұшырады. Меншіктің жаңа нысандарын құру, экономиканы нарық
қатынастары жағдайында функцияландыру, дүнижүзілік нарықтағы интеграция
ондағы қылмыстық жағдайдың асқынуымен ұштасады. Экономикалық қылмыс көп
жағдайда криминализацияланған экономикалық қатынастардың жалғасы рөлін
атқарады.
Ғалымдар экономикалық қылмыс - бұл экономикалық қатынастар жүйесінде
белгілі бір қызмет атқаратын тарапынан азаматтардың экономикалық құқығы мен
экономиалық процестерді басқару тәртібін орнатуға, шаруашылық әрекеттерге
пайдалануға арналған меншікке қол сұғатын пайдакүнем қылмыстар жиынтығы
деп атап көрсетті [31, 25 б.].
Экономикалық қылмыстылық егер іс-қимыл шаруашылық аясындағы қылмыскердің
нақты жағдайымен, қатысушысы болып табылатын экономикалық қатынстардың
сипатымен, немесе экономикалық механизмнің нақты элементтерінің қызметі
барысындағы оның әлеуметтік рөлімен, әлеуметтік позициясымен байланысты
қоғамның экономикалық мүддесіне қылмыстық қол сұғудың құрамдарын қамтиды.
Іс жүзінде экономикалық қылмыс - бұл қылмыстық заңмен қарастырылған бірнеше
(заңсыз кәсіпкерлік, қылмыстық жомен табылған мүлікті немесе ақша
қаражаттарын заңдастыру (легализация), заңсыз банктік қызмет, жалған
кәсіпкерлік, экономикалық контрабанда, құнды қағаздар мен жасанды ақша
дайындау, тұтынушыларды алдау, жалған банкроттық т.б) секілді қылмыстар
құрамының күрделі жиынтығы. Кейбір авторлар экономикалық қылмысқа қызмет
бабын пайдалануды, әсіресе парақорлықты жатқызады [32, 36-41 бб.].
Экономикалық қылмыстың әлеуметтік қауіптілігі мемлекеттің материалдық
негізі – қоғам институттарына теріс әсер етіп, экономиканың қызмет етуінің
белгіленген тәртібін бұзудан көрінеді.
Әлеуметтік қауіптілік бірнеше басты ерекшеліктерімен анықталады:
экономикалық құқық бұзушылықтардың жасырын сипатта болуы; экономикалық
қылмыс көбінесе халықтың едәуір бөлігінің өмір сүру дағдысын құрап,
криминалды менталитетті қалыптастыруға қабілетті; өзінің табиғатында
экономикалық қылмыс толығымен ұйымдастырушылық сипатқа ие. Экономикалық
қылмыстың әр түріне келесі ерекшелік тән - ол экономикалық басқару
құрылымын пайдаланып ұйымдасқан топтар ретінде жүзеге асырылуы.
Экономиканың нормативті базасын конституциялық және азаматтық
-құқықтықтан әкімшілік құқықтық нормаға дейінгі әр түрлі сипаттағы құқықтық
нормалар құрайды. Осыған сүйене отырып, экономикалық қылмысты зерттеу мен
оның алдын-алу мәселесі экономикадағы әлеуметтік-қоғамдық процестер
әрекетінің есебімен қылмыстық құқық нормаларын сараптауды ұйғарды.
Экономикалық қылмыстың көзге ұрып, айрықша көрініп тұратын жері- оның бөтен
адамның емес, экономикалық қатынастар жүйесіне кіретін арнайы адамдардың
қол сұғу салдарынан жасалуы.
Экономика саласындағы қылмыстылықты талдауды шаруашылық процестерді
нарықтық реттеуге өтудегі нақты криминологиялық жағдайларға қарай бірнеше
бағытта орынды жүргізу қажет.
Бұл орайда экономикалық қылмысты тек бизнеспен теңестіруге оқталу
жасалуда, яғни нарықтық экономика елдерінің түсінігінде үстемдік ететін
заңсыз баю мақсаынды құқыққа жат нысандарда іс жүргізу.
Өтпелі кезең экономикасындағы криминологиялық жағдайлар мына нәрселермен
анықталады: қызмет бабын асыра пайдалану, парақорлық, мемлекет және қоғам
мүлкін тонау түрлерінің әр түрлі статисткадағы жиынтығымен; құқық қорғау
органдарына белгісіз латентті (жасырын) экономикалық қылмыстың едәуір көп
орын алуымен; қылмыстық жауапқа тартылу қаупі бар, тыйым салынған, қоғам
санасында қиын бағаланатын экономикалық реформалардың жаңа түрлерінен
туындайтын қылмыспен.
Қазіргі уақытта өндіріс технологиясының бухгалтерлік есебі, кәсіптік
дайындық білімін талап етпей-ақ ашық түрде экономикалық жүйеге қол сұғудың
тұрпайы түрлері өсіп барады.
Экономикалық қылмыстың себептері мемлекет пен экономика бар кез келген
қоғамда орын алады. Қылмыстың себептері криминологияда негізінде “қылмысты
өз салдары ретінде детерминациялайтын әлеуметтік құбылыстардың қоғамдық-
экономикалық формациясына арналған теріс жүйесі” ретінде түсіндіріледі.
Өзара әрекет пен байланыста болатын экономикалық қылмыстың детерминаттары
туралы да осыны айтуға болады. Олар экономикалық қылмыстың криминогенді
және антикриминогенді факторлары, спецификалық себептері мен шарттары
секілді біртұтас себеп-салдарлы кешен туралы айтуға негіз беретін, бір-
бірімен тікелей байланысқан бір ғана шынжыр болып табылады. Экономикалық
қылмыс себептерін зерттеудің қалыптасқан тәсілі осы уақытқа ден ашық
бейнеленген идеологияланған сипатта болды. Бір кезеңдерге қоғамдық
қатынастардың белгілі бір дәрежедегі жетістігімен экономикалық қылмысты
қоғамдық феномен (құбылыс) ретінде тану қажет деген тұжырымдар да жасалды.
Экономикалық қылмыстың детерминанттары барынша ашық, әрі идеологиялық
ұстанымда баяндалды, мұнда “себептер” экспорты, яғни, “империялық
мемлекеттер лагері” мен “капиталистік жаулап алу” жағдайымен байланысты
“себептер экспорты” мойындалды. Осының бәрінде таптық күрес туралы пікірдің
қолтаңбасы жатты. Қоғамдық қатынастардың кемелденуі социалистік қоғам
меншігі қатынастарының билеп-төстеуші сипатымен тікелей байланыста болды.
Экономикалқ қылмыс детерминанттарының тарихи өзгермелі сипаты болғаны
сөзсіз, оларға экономика заңдарын әлеуметтік-экономикалық басқару жүйесінде
қолдану тәжірибесіне тәуелділік тән. Осыған орай, қылмыскер тұлғасын
қалыптастырудың экономикалық негіздері туралы біздің де түсініктеріміз
өзгеріп отырады. Тұлғаны қоғамға пайдалы еңбекке қатыстыру арқылы
қалыптастыру адамның тұлға ретінде дамуының айнымас жолы болып қалады да.
Бірақ, нарық біздің қоғамға пайдалы еңбек туралы ұғымымызға көптеген жаңа
нәрселер енгізуде. Қазіргі күнде де, қоғам “нарық адам қабілетін көрсетуге
зор мүмкіндік берді” деген тұжырымға келеді.
Қоғамның болашағын түсіну оның экономикалық және әлеуметтік мазмұнымен
байланысты. Өндірістік ұйымдар мен басқару құрылымдары, меншік нысандары
алмасып, экономикалық қылмыстың жағдайы мен құрылымында айтылатын жаңа
факторлар пайда болды.
Экономикалық қылмыстың детерминанттарын қарастыра отырып, олар ұқсас
түрде топтастырылуы тиіс деп көрсетеміз: жалпы, толық немесе жиынтық
себептер; нақты немесе арнайы себептер; криминогенді немесе
антикриминогенді факторларға назар аудара отырып нақты қылмыстардың жасау
жағдайлары мен себептері [33, 27 б.].
Экономикалық қылмыстың жалпы, толық немесе жиынтық себептері шаруашылық
жүйесінің, оның экономикалық негіздерінің терең де мәнді сипаттарымен
анықталады. Олар қылмысқа тікелей де кері де бағыттарда әсер ете алады.
Оның үстіне бұл әсер екі жақты сипатта болады. Бір жағынан ол аталған
жүйенің мәнін бейнелейтін экономикалық қатынастардың мазмұнына негізделген.
Екінші жағынан – қылмысқа экономикалық заңдар талаптарын бейнелейтін
экономикалық қатынастардың саналы әрекеті барсындағы нәтижелер әсер етеді.
Бұл – субъективті фактор, ол экономикалық қатынстардың аталған жүйе
меншігін пайдалануға көмектесе алды, қоғамда антикриминогенді қайшылықтар
мен қылмыстық жағдайлардың туындауын ескертіп отырады.
Экономикалық қылмыстың толық және жалпы себептерін белгілей отырып,
олардың детерминанттарының жүйесін айта отырып, олардың қысқаша
криминологиялық сипаттамасына назар аударамыз.
Шаруашылықтың екі жүйесінің салыстырмалы криминогендігі туралы мәселе
жоғарыда қарастрылғанда экономикалық қылмыс көп жағдайда меншік
қатынастарымен, ал жеке сипаты – адамдардың оған қызығушылығын жоғалтумен
анықталатындығы айтылған [34].
Меншік пен жоспарлылық тұрғысында экономикалық қылмыстың толық себебі
жүйесіндегі, орналастыру жүйесіндегі, ең алдымен еңбекпен қамту жүйесіндегі
сәйкессіздіктер (диспропорция) айтарлықтай әсер етті. Социализмнің еңбекпен
қамту туралы экономикалық заңын мойындай отырып, нақтысын айтқанда олардың
талаптарына бағына отырып, еңбек пен оны марапаттау шарасы арасындағы
бірлікті анықтауға талпыныс жасалды.
Экономикалық қылмыстың жалпы себебіне айтарлықтай әсер ететін басқа
экономикалық қатынастар ішінде аталғандардан тауар-ақша қатынастарын сөз
етуге болады. Ақша-тауар қатынастарындағы деформациялар экономикалық
қылмыстың, ең алдымен ақша айналымндағы қылмыстың өсуіне едәуір әсерін
тигізді. Аталған деформациялар өндірістің құлдырауы, оның құрылымының
өзгеруі, экономикалық байланыстардың жойылуы, халық шаруашылығындағы
сәйкессіздіктердің салдарлары болып табылады.
Өтпелі кезеңде бюджеттік тапшылық (дефицит) пайда болды, баға түзу,
есеп, ақша айналымы жүйелерінің жұмыс жасауы тоқтатылды. Бұл
деформациялардың қылмыс детерминанттары қатарына қалай өтетіндігін бақылап
отыруға болады. Экономикалық қылмыс көрсеткіштерінде реформа өткізу
тәжірибесі, экономиканы басқару тәжірибесі, басқару қатынастарының
деформациялары (түр өзгерулер) айтылған. Экономикалық қатынастардың бірінші
реттегі детерминант ретіндегі рөлі туралы мәселені қарастырудан қорытынды
шығара отырып, олар өз жиынтығында жоғарғы деңгейіндегі себепті
анықтайтындығын тағы бір атап өткен жөн.
Шамасы экономикалық қылмысқа екінші қатардағы детерминанттар – нақты
және спецификалық себептер әсер ететін болуы тиіс. Нақты және спецификалық
себептер әлеуметтік климат ерекшеліктерімен, қоғамның қажеттіліктерімен,
экономикалық реформалардың мәнімен, мемлекет жүргізіп отырған экономикалық
саясаттың мазмұнымен тығыз байланыста десек болады. Егер себептердің
бірінші тобы (жалпы себептер) нарықтық қатынастар мен меншіктің жаңа
формасына өтуінен туындаса, екінші тобы (спецификалық себептер)
приватизация мен либерализация амалдарының, есеп жүйесіндегі өзгерістердің,
нарықтық экономикалық қатынастарға өту кезеңіндегі басқа да шаралардың
салдарлары болып табылады. Жекешелендіру процесі мемлекет пен азаматтардың
өмірлік маңызды мүдделерінің бірі ретінде саналады. Оның едәуір
антикриминогендік мәні бар маңызды қағидалары мыналар болып табылады:
Жекешелендіру процесінде оған қатысушы әртүрлі әлеуметтік топтардық
материалдық талап-тілектерін құру, ол әлеуметтік топ: жұмысшылар, мекеме
жетекшілері, жергілікті билік органдарының басшылары т.б.
– Заңды және жеке тұлғалардың арыздары, тапсырыстары бойынша
жекешелендірудің оның бастамасымен үйлесуі;
– Жекешелендіру өткізілген кезде оған қызығушылық танытқан халықты
ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
– Жекешелендірудің жоғары қарқынмен жүзеге асуын қамтамасыз етуші
әдістер мен процедураларды, сондай-ақ меншік үшін бәсекелестікке, адал
күреске кепіл болатын амал-тәсілдерді таңдау.
Демек, жекешелендіру меншік түрінің алмасуымен сипатталады, ол басқаның
мүлкін заңсыз иемдену мақсатындағы құрал ретінде жиі пайдаланылады.
Жекешелендіру көптеген елдердің тәжірибесінен бұрыннан белгілі. Оның
экономикалық қылмыс детерминанттары жүйесінде қарастырылуы аса маңызды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда орын алған тәжірибе өзіне көптеген криминогендік
факторларды жинады.
Біріншіден, бұл жеделдетілген жекешелендіру нұсқасын таңдауға
негізделген. Елдің үлкен экономикалық потенциалы орталықтандырылған
басқарудың барлық кемшіліктерімен меншік реформасы процесіне таратылды. Ірі
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды бірте-бірте коммерцияландыру
мүмкіндігі жоспарланды.
Екіншіден, жекешелендірілген кәсіпорындарда иемдену құқығы жоқ
қожайындар жиі басшлық етеді. Еңбек етуші ұжым сызылып тасталып, ол басқа
қолға өткенде оның мәні формальді түрде ғана болады.
Үшіншіден, ваучерлік жекешелендіру орнатқан кәсіпорындардың бағасы
негізгі қорды дұрыс бағаламау салдарынан оларды заңсыз иемдену секілді
қылмыстық құрылымға жол ашып береді.
Экономикалық қылмыстың арнайы себептерінің тұтастай кешені (комплекс)
аграрлық секторда қалыптасқан. Ол себептер егін егетін жерді
ауылшаруашылығына еш қатысы жоқ адамдарға беру, техника, инвентарь,
минералды тыңайтқышты төмен бағамен сату т.б. жайлардан туады.
Жекешелендіру мен акционерліктен түскен ақшалай түсімді көп жағдайда
белгіленген межеде жұмсамай, ол ақша мемлекеттік басқару органдарының
құзырында қалып қояды, яғни жекелеген тұлғалар иемденеді.
Экономикалқ қылмыс детерминанттары жүйесінде нақты және арнайы себеп
ретінде либерализация процесі де рөл ойнайды.
Кең мағынасында либерализация – саудадағы сандық және сапалық
шектеулердің біртіндеп кері қайтуын, кәсіпкерліктің дамуын білдіреді.
Либерализация өтпелі нарық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы объектісін анықтаудың кейбір мәселелері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны
Заңсыз банктік қызмет
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
Экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу
Елімізде жиі кездесетін экономикалық қылмыстардың алдын алу, күресу және оларға қарсы күрес
Пәндер