Қаржы тәуекелін басқару («PERFECT» ЖШС мысалында)
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны, түрлері, әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Компанияның тәуекел деңгейін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
II. «PERFECT» ЖШС ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1. «PERFECT» ЖШС.нің қаржы.шаруашылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ...15
2.2. «PERFECT» ЖШС.нің қаржы тәуекелін басқаруды талдау ... ... ... ... ... ... ..21
ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 «PERFECT» ЖШС.нің тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және шетелдік тәжірибені қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Шаруашылық жүргізуші субьектінің дұрыс ұйымдастырылған тәуекелдік менеджменті табыстылық кепілі болып табылады.
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлеу жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.
Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Оның негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекел.
Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – 1998 ж.
2. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона «О бухгалтерском учете» от 26 декабря 1995 г., № 2732.
3. Закон об аудиторской деятельности от 20 ноября 1998 года с изменениями от 18 декабря 2002 года и от 15 января 2003 года.
4. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2003 ж.
5. Станиславчик Е. Н. Риск-менеджмент на предприятии. Теория и практика. М.: «Ось-89», 2005. – 80 с.
6. Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
7. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева А.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. Алматы, Экономика, 1998 г.
8. Дюсембаев К.Ш., Теория аудита. Алматы, Экономика, 1998 г.
9. Джеймс К., Хорн, Джон М, Вахович, Основы финансового менеджмента. Киев, Перевод с английского, 2004г.
10. Грачев А.В., Анализ и управление финансовой устойчивостью предприятия. Москва, Изд. Финпресс, 2004 г.
11. Ефимова О.В., Финансовый анализ. Москва. Изд.Бухучет, 2004г.
12. Ковалев В.В., Финансовый анализ, методы и процедуры. Москва, Финансы и статистика 2003 г.
13. Донцова Л.В., Никифорова Н.А. Годовая и квартальная бухгалтерская отчетность. М.: “Дело и Сервис”, 2001.
14. Ковалев В.В., Патров В.В. Как читать баланс. М.: “Финансы и статистика”,1998.
15. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий. М.: ИНФРА-М, 2005.
16. Нитецкий В.В., Гаврило А.А. Финансовый анализ в аудите. Москва. Дело, 2007 г.
17. Бараненкова С.А. Управленческий анализ. Москва. Финансы и статистика, 2006 г.
18. Абрютина М.С. Финансовый анализ коммерческой деятельности. Москва. Финпресс. 2007 г.
19. Яцюк Н.А., Халевинская Е.Д. Оценка финансовых результатов деятельности предприятия// Аудит и финансовый анализ. 2004г. №1 стр.80.
20. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии, 2004 г.
21. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Гылым, 2004 г.
22. Годовой отчет 2008 г ТОО «PERFECT».
23. http://www. PERFECT.ru/.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Қаржы тәуекелін басқаруДЫҢ теориялық аспектілері
1.1. Тәуекел мәні, мазмұны, түрлері, әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қаржылық тәуекелді төмендету
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Компанияның тәуекел деңгейін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
II. PERFECT ЖШС ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1. PERFECT ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау
... ... ... ... ... ...15
2.2. PERFECT ЖШС-нің қаржы тәуекелін басқаруды талдау
... ... ... ... ... ... ..21
ІІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ қаржыЛЫқ тәуекелІН басқаруДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
жолдары
3.1 PERFECT ЖШС-нің тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудың негізгі
бағыттары және шетелдік тәжірибені қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

.38
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды
элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне
әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез
келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу
тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының
бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық
қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі
теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық
қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары
тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек.
Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент
әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге
болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті
болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және
төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық
экономикада үдей түседі. Шаруашылық жүргізуші субьектінің дұрыс
ұйымдастырылған тәуекелдік менеджменті табыстылық кепілі болып табылады.
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін
көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту
ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын
немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір
деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер
қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен
шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден
аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз
болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын
деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір
жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту
мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлеу жолымен
тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.
Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания
қызметінің тәуекелі. Оның негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық және
қаржылық тәуекел.
Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс
көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі,
қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі аударым
сомалары мен салықтарды төлеу.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар
мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді
өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының
жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым
шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату
қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі алты сатыдан тұрады:
* Мақсаттарды анықтау
* Тәуекелді анықтау
* Тәуекелді бағалау
* Оларды жүзеге асыру
* Нәтижелерді бағалау
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық
институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің
себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің
жоғарлауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға
бір мезгілде көп қаражат жұмсау.
Тақырыптың маңыздылығы. Экономика дағдарыс сынағына түсіп және
кәсіпорындар барлық ішкі ресурстарын жұмылдыруға шарасыз болған қазіргі
жағдайлардағы кәсіпорынның қаржылық күйі мен оны талдау әдістемесі; бұл
процесте шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін қаржылық талдау үлкен
роль атқарады.
Қаржылық талдау ұйымның ақшалай қаражатының қаржылық ағымының
қозғалысының дұрыстығын бақылауға және қаржылық, материалдық ресурстардың
жұмсалуының мөлшері мен нормативінің сақталуын тексеруге, жұмсалған
шығынның тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін
толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін
талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар
беру.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін
басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-
менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.
Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын мысалы
ретінде PERFECT ЖШС-і алынып, оның қаржылық жағдайы, қаржылық тәуекелді
басқару жүйесі талданады.
Үшінші бөлімінде қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы
сөз болады.

1.1.Тәуекел мәні, мазмұны, түрлері, әдістері
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің
ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін
немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы
салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс,
зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі
бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар
қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің
сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты
тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық,
транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік,
саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу
мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер
бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы қаржы тәуекелімен байланысты болғандықтан
қаржы тәуекеліне тереңірек тоқталамыз.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық,
инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы
процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің
есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық
тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге
тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық
тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция –
инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес
ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу
қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез
құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап
болады.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі
төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс
төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да
валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа
валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту
қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі
себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі
мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі бір шараларды (мысалы,
сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде
жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар
және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу
нәтижесінде туындауы мүмкін.
Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен
байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен
түсіндіріледі. Портфельдік термині итальян сөзінен Porte foglio шығып,
инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады:
пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық
мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып
кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің,
инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық
тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар,
сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық
мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі
жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық
құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға
қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша
шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын
бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін.
Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі
кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға
өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша
айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын
еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата
алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың
төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы
қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін.
Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын
еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез
өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге
жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар
қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе
қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.
Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі
болуы мүмкін.
Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық
тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік
тәуекел.
Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту
қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер
бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу
тәуекелі және т.б.
Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio – таңдау, сұрыптау)
–инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен
салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал
салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.
Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес
таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған
міндеттемелер бойынша есептесе алмау нәтижесінде туындайтын қауіпті
ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа ұшырайды.
Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген
қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт
бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде
контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі
уақытқа байланысты, себебі ұлттық валютаға шетел валютасының бағамының
қатынасы өсуде 9,64б..
Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі
ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.
Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен
байланысты ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға
мүмкіндік береді. Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын
болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін.
Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын
болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды
орналастыруды анықтау қажет.
Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады.
Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады):
орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді
өзгермелілігімен (вариация).
Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын
нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен
ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілернің қаржылық тәуекелін бағалаудағы
дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан
нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін
ұсынады:
σ²==(x-x²)n,
мұндағы σ² - дисперсия;
x – қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін
мәні;
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;
n – қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік).
Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін
сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті
көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:
v=σx·100,
мұндағы v – вариация коэффициенті;
σ – орташа квадраттық ауытқу;
x – қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.
Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация
коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация
коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға
дейін – салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа
тербелісі; 25%-дан жоғары – қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.
Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені
алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл
ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық
тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілернің тәуекелдерін бағалаудың негізгі
әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі
перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе
моделін қолдану) болып табылады.
Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен
қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері
есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық
даму деңгейі талданады.
Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын
кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау
болып табылады.
1.2. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі.
Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп
жіберу, деңгейін төмендету.
Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен
түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу
мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді
инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды
сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті
қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп
жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру
қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп
жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін
төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.
Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі
принциптерге сүйенуі тиіс:
- меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;
- тәуекелдің соңын ойлау керек;
- аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.
Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын
тиіс:
- берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды
түрде анықтау;
- оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
- олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып,
инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.
Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан
кіші, не үлкен болуы мүмкін.
Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға болатын
бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын
капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және
максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа
апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді:
Кр = У С,
мұндағы Кр – тәуекел коэффициенті;
У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;
С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік қаржылық
ресурстар көлемі.
Екінші принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін
болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін
анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз
жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру
шешімін қабылдауды талап етеді
Үшінші принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін әсіресе беріп жіберуде
көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы
өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс.
Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының
сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы –
материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі,
өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі
сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел
ұсталынып қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек.
Қаржы тәуекел деігейін төмендеті үшін түрлі әдістер қолданылады:
- диверсификациялау;
- таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;
- шектеу;
- сақтандыру;
- жабу;
- хеджирлеу және т.б.
Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым
объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін
білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын,
ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс
әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне
негізделеді.
Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру
кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір
акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N акцияларын сатып
алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше тәуекел деігейін
N есе төмендетеді.
Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар
жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол
сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай
ақпаратты тауар ретінде көрсетеді.
Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша
төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кәсіпкерліктің бір
сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір
нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы
күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты
болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын
қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.
Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті
сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып
табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына
отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие
карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар
капитал салымы сомасын анықтау кезінде қолданады 7,181б..
Сақтандыру мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас
тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын.
Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы
инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді
қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның
деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру –
бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ
болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері
есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.
Сақтандыру үшін құрылып жатырған ақша қорының мақсатты бағыттылық
сипаты тән, оның ресурстарын тек алдын ала келісілген жағдайлардағы
жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық
сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай
сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың
қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды
өтеу төлеміне бағытталған.
Сақтандыру процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында
қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы
жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі
бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар
санынан үлкен болады.
Бұл тәсілдер тәуекел дәрежесін төмендету тәсілдерінен және
тәуекелдерді шешу әдістерінен тұрады. Тәуекелдерді шешу әдістері болып
табылады: тәуекелден қашу, ұстау, яғни тәуекелді инвесторға қалдыру және
тапсыру, мысалы, сақтандыру компаниясына.
Тәуекелді төмендету үшін келесідей тәсілдер қолданылуы мүмкін:
* диверсификация
* нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпарат алу
* лимиттеу
* өзін-өзі сақтандыру
* сақтандыру
* валюталық тәуекелдерден сақтандыру
* хеджирлеу
* байланысқан облыстардың қызметіне басқаруды алу
* спецификалық қорлардың қолдануын бағалау және есепке алу
Лимиттеу - шекті мөлшер, ресурстардың нақты түрі шығынының шекті
нормасы, сатып алуға, сатуға, несиеге, мәміленің көлеміне, тауарлардың
әкелімі мен әкетіліміне, еңбекақы деңгейіне, валюталық операцияларға
белгіленетін шекті мөлшер.
Өзін-өзі сақтандыру бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің резервтік
қорларын кұру және оларды шығынды жабу үшін пайдалану процесі.
Хеджирлеу - сатушы мен сатып алушыны болашақта баға мен валюталар
бағамының ықтимал өзгеруі қатерінен сақтандыру мақсатымен жасасылған хедж
мәміле. Ол өнеркәсіптік және сауда фирмаларының жай коммерциялық қызметіне
немесе банктердің, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының қаржы
операцияларына толықтыру ретінде жүзеге асырылады және фьючерстік өзара
шарттарды сатып алумен немесе сатумен аяқталады. Хеджирлеудің тетігі
мынада: тараптар тауарларды сатып алу сату шартын жасасады және сонымен
бірге қарама қарсы сипаттағы фьючерстік мәмілені рәсімдейді, яғни сатушы
осы тауарды сатып алуға, сатып алушы сатуға шарт жасасады. Ал бағаның,
валюталар бағамының кез келген өзгерісі, инфляциялық секіріс сатушылар мен
сатып алушыларға бір келісім шарт бойынша ұтылыс және екінші келісім шарт
бойынша ұтыс әкеледі, сөйтіп сақтандыру жүзеге асырылып, қауіп қатер
азаяды.
1.3. Компанияның тәуекел деңгейін бағалау
Тәуекелділікті бағалау және оның деңгейін анықтау әдісі:
■ Дисперсия
■ Орташа квадраттық ауытқу
■ Варриациялық коэффициент
Дисперсия - күтілетін көрсеткішке қатысты ықтималдылық нәтижесінің
жан-жақтылық немесе бытыранқылық шаралары. Дисперсия жоғары болған
сайын тәуекелділіктің
жан-жақтылығы да жоғары болады.
Дисперсияның формуласынан қарап отырғанымыздай орташа күтілетін
нәтиженің ауытқуының квадраты ретінде немесе әрбір ықтималдылық бойынша
ауытқулардың орташа мөлшерін көрсетеді.Тәуекелділіктің деңгейі пайызбен
анықталуына байланысты дисперсия, пайыздың квадраты ретінде қарастырылады.
Орташа квадраттың ауытқу немесе дисперсияның түбірінен қарастырылатын
көрсеткіш:
Варриациялық коэффициент - күтілетін табыстылық жоғары болған сайын
оның орташа квадраттық жоғары болады. Егер белгілі бір жоба бойынша
табыстылықты бөлу бір қалыпты болса, осы жобаның күтілетін нәтижесі теріс
болатындығының ықтималдылығы оның орташа квадраттық ауытқуының оң нәтиже
беретініне қарамастан ықтималдылығы төмен болады. Варриациялық коэффициенті
анықтау формуласы:
Тәуекелді бағалаудың тағы бір көрсеткіші компанияның қаржылық
жағдайын, тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін талдау. Бұл экспресс талдау,
оның мақсаты қаржылық деңгейін, баланс және қаржылық есеп нәтижелері
бойынша даму динамикасын анықтау.
Шаруашылық жүргізуші субъектілернің қаржылық жағдайын экспресс-
талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты – кәсіпорынның балансы мен қаржылық
нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық
жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді)
орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен
міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.
Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл
модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:
Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,
мұндағы Ф – негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;
З – запастар мен шығыстар;
Дс – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар,
дебиторлық қарыздар және басқа активтер;
Ис – меншікті қаражаттар көздері;
Кт – орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық
қаражаттар;
К – қысқа мерзімді несиелер;
Р – кредиторлық қарыздыр.
Қаржылық тәуекелді бағалау үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын
сипаттауға мүмкіндік беретін коэффициенттерді (мультипликаторлар) есептеуде
негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі
көрсеткіштерді (коэффициенттерді) есептеу есеп берудің белгілі баптары
арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілернің қаржылық тәуекелін
компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде
тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр
кәсіпорынның қаржылық тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.
Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын
анықтауға, болашақта кәсіпорынның даму перспективасын айқындауға мүмкіндік
береді. Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.
Қаржы тәуекелінің сыртқы белгілері келсесілер: міндеттемелерді
орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі,
өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері:
өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың
қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі,
қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру
көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.
Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау қажет.
Тәуекел облысы – жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен
аспайтын мүмкін болатын жоғалтулардың кейбір зонасы.
Тәуекел көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері, халық
шаруашылығының құрылымдық қайта құру жағдайында сала жағдайының өзгерісі,
өндірістің мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының жылдамдығы,
өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылыр
диверсификациясы, әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.
Саланың арнайы тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің келесі
облыстары бар:
- тәуекелсіз зона;
- минималды тәуекел облысы;
- жоғары тәуекел облысы;
- критикалық тәуекел облысы;
- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.
Баланстық модель бойынша қаржылық тәуекелдің ауданы анықталып,
компанияның қаржылық тұрақтылығының деңгейі талданады. Мына формула
бойынша:
Ф+3+Дс=Ис+Кт+Кк+Р,
Мұндағы:
Ф - негізгі қаражаттар және айналымнан тыс активтер
3 - қорлар мен шығындар
Дс - ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық
қарыз бен басқа да активтер
Ис - меншікті қаражаттар көздері
Кт - ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттар
Кк - қысқа мерзімді несиелер
Р - кредиторлық қарыз
Сонымен шаруашылық жүргізуші субъектілернің тәуекелін бағалау үшін
рейтингілік әдіс қолданылуы мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер
корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен топтастырылады. Кейін
кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша белгілі көрсеткіштердің орта салмақты
рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін интегралды рейтингі анықталады.
Келесі кезеңде кәсіпорындардың талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі
бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте
бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді
кәсіпорын алады.
Осылайша 1-ші тарауды аяқтай келе келесідей қорытынды жасап өтсек
болады. Бұл тарауда мен қаржы тәуекелін басқарудың теориялық аспектілеріне,
соның ішінде тәуекелдің экономикалық мәні мен мазмұнына, оның түрлері мен
әдістерін қарастыра келе, қаржылық тәуекелді төмендетудің тәсілдері мен
тәуекел деңгейін бағалаудың маңыздылығына тоқталып өттім.
II Тарау. PERFECT ЖШС-нің тәуекелдерді басқару жүйесі

PERFECT ЖШС-нің қысқаша тарихына тоқталатын болсақ кәсіпорынның
негізі 1996 жылы қаланды. Кәсіпорын ең басында Mercedes Bens автокөлігін
және оның қосымша бөлшектерін сататын, осы көлік түріне жөндеу қызметін
көрсететін шағын кәсіпорын ретінде өз қызметін қалыптастырды. Кәсіпорының
тарихы шағын ғана техникалық қызмет көрсету орталығының ашылуымен
байланысты болды. Өте тиімді ұйымдастырылған бизнес, автокөліктерді сапалы
және жауапкершілікті түрде жөндеу, сатылатын машиналардың жоғарғы
ассортименті, кәсіпорын қызметкерлерінің жоғарғы қабілеттілігі (бүгінде
кәсіпорында 200-ден аса маман қызмет етеді), әрбір тұтынушыға деген дұрыс
көзқарас шағын ғана кәсіпорынның бүгінде ҚР-ның барлық аумағына әйгілі ірі
кәсіпорынға айналуына жол ашты.
2003-2004 жылдары Алматы қаласындағы, Рысқұлов көшесі, 68а мекен-
жайыында орналасқан қызмет көрсету орталығына күрделі өндеулер жасалып, ол
жерге соңғы жетістер бойынша құрылғылар орнатылды. Сонымен қатар
кәсіпорынның жер аумағы кеңіп, қасына екі қабатты жаңа сипаттағы ғимарат
бой көтеріп, бірінші қабатта көлік сататын орталық ашылып, екінші қабаты
осы кәсіпорынның орталық кеңселері орналасты. Кәсіпорынның өзінің
компьютерлік желісі және қоймалық есептеу жүйелері қалыптасты.
Қазіргі таңда кәсіпорын Алматы және Астана қаларарында ірі
орталықтарымен қатар, таяу көршілес Қырғыстан және Тәжікстан
мемлекеттерінде де өзінің осындай орталықтарын ашты.
Бүгінде автоқызмет көрсету орталығында айына шамамен 2000-нан аса
клиенттерге қызмет көрсетіледі. Олардың ішінде жеке және заңды тұлғаларда
бар. Айта кететін болсақ кәсіпорынның тұтынушыларының ішінен елдегі беделді
деген корпорациялар мен банктер де кездеседі. Мысалы, Банк Центр Кредит
АҚ, Нурбанк АҚ, Қазақтелеком АҚ, Қазхром АҚ, Бахус АҚ, шетелдердің
елшіліктері және т.б.
Аладығы уақыттарда кәсіпорынның стратегиялық жоспарларында ел
аумақтарында осындай қызмет көрсететін ірі орталықтарды ашу.
Осы аталған кәсіпорын негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жан-
жақты талдап, оның қаржылық тәуекелін басқаруды талдаудың маңыздылығы
жоғары болып табылады.
Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы және барлық кәсіпорындардың
банкроттық іс әрекеттері және нақты қаржылық жағдайды бағалау қазіргі кезде
маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның
төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер өтімділігін талдауға көшуден бұрын,
актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің
екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл
кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі
концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына
айналу дайындығы мен жылдамдығы. Шаруашылық жүргізуші субъектілернің
өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін
талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу
мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға
негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай
көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен
перспективадағы өтімділік.
Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын уақыт ішінде
төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады және келесі
формуламен есептелінеді:
ТЛ = ( А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ), (1.1)
мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша
сәйкес топтардың қорытындылары.
Перспективалық өтімділік – бұл болашақтағы түсімдер мен төлемдер
негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:
ПЛ = А3 – П3, (1.2)
мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив
бойынша сәйкес топтардың қорытындылары 10,134б..
Кесте 1 - PERFECT ЖШС-нің өтімділігін талдау
Төлемдік
артықшылық(+).
Активтер 2007ж. 2008ж Міндеттемелер2007ж. 2008ж Жеткіліксіздік(-)
2007ж. 2008ж.
1 2 3 4 5 6 7 8
Ең өтімді9841 1861 Жедел 918120 906030 -908279 -905169
активтер, міндеттемелер
А1 ,
П1
Тез 151381 142034 Қысқа 0 0 +151381 +142034
өтімді мерзімді
активтер, міндеттемелер
A2 ,
П2
Баяу 119729 82793 Ұзақ мерзімді0 0 +119729 +82793
өтімді міндеттемелер
активтер, ,
A3 П3
Қиын 2099281 2277005 Тұрақты 1462112 1599660+637169 +677342
өтімді міндеттемелер
активтер, ,
A4 П4
БАЛАНС 2380532 2503690 БАЛАНС 2380532 2503690- -
Көзі: http:www. PERFECT .ru
Баланс өтімділігін талдау №1 аналитикалық кестеде көрсетілген.
Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (1.1) және (1.2) формулалары арқылы
есептелінеді.
ТЛ2007 = ( 9841 + 151381 ) – ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге
ТЛ2008 = ( 1861 + 142034 ) – ( 906030 + 0 ) = - 760435 мың теңге
ПЛ2007 = 119729 – 0 = 119729 мың теңге
ПЛ2008 = 82793 – 0 = 82793 мың теңге.
Есептеу нәтижелері кәсіпорынның есеп беру кезеңінің соңына активтер
мен міндеттемлер бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру келесі
нәтижелерді көрсетті: А1 П1, А2 П2, А3 П3, А4 П4. Осыған байланысты
баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен
соңындағы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін
көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз
міндеттемелерін төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық
өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын
куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық
қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын
жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық
жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты міндеті кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады.
Кесте 2 - PERFECT ЖШС-нің 2007-2008 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын
бағалау, мың теңгемен
Көрсеткіш атауы Көрсеткіш мәні Өзгеріс
2007 ж. 2008ж. Абсолюттік %-бен
1. Өзіндік қаражаттар көздері 1462112 1599660 +137548 +9,41
2. Ұзақ мерзімді активтер 2103175 2279897 +176722 +8,4
3.Меншікті айналым қаражаттары -641063 -680537 -39174 +6,11
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер 0 0 - -
5. Запастар мен шығыстарды құру үшін -641063 -680537 -39174 +6,11
меншікті айналым қаражаттары және ұзақ
мерзімді міндеттемелер болуы
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер 918120 906030 -14090 -1,53
7. Запастар мен шығыстардың құрылуының277077 223793 -53264 -19,22
негізгі көздерінің жалпы көлемі
8.Запастар мен шығыстар көлемі 115835 79898 -35937 -31,05
9. Запастар мен шығыстардың құрылуы -756898 -760435 -3237 +0,43
үшін меншікті айналым қаражаттарының
артықшылығы (жеткіліксіздігі)
10. Запастар мен шығыстардың құрылуы +161222 +143895 -17327 -10,75
үшін негізгі құралдардың артықшылығы
(жеткіліксіздігі)
Көзі: Годовой отчет 2008 ТОО PERFECT.
PERFECT ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау №2 кестеде
көрсетілген. Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық
жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2007 жылдың соңында қаржылық жағдайы
нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр. Бұл қорытынды келесілер
негізінде жасалады:
- запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;
- кәсіпрын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп –
запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда
болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар
құны 31,05% төмендеді.
Кесте 3 - PERFECT ЖШС-нің 2007-2008 жылдардағы дебиторлық қарызын талдау
Бап атауы 04.04.08 Ауытқу(+,-)
04.04.07
Сома, Үлес Сома, Үлес
Мың тг салмақ мың тг салмақ
Алынуға тиісті шоттар 138071 91,19 1332342 93,18 -5709
Басқа дебиторлық қарыз 13330 8,81 9692 6,82 -3638
Барлығы 151381 100 142034 100 -9347
Көзі: Годовой отчет 2008 ТОО PERFECT.
Дебиторлық қарыз кәсіпорын активтерінің негізігі бөлігі болып
табылады. Дебиторлық қарыз жағдайын талдау №3 кестеде көрсетілген.
Кесте мәліметтері бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен
есеп айырусулар негізгі бөлікті құрайды. Сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің қарыздары қарыздардың жалпы сомасынан 04.04.2007 жылға 91,19%
және 04.04.2008 жылға 93,18% құрайды. Дебиторлық қарыздың 9347 теңгеге
немесе 6,2% төмендеу қаржылық тұрақтылық өсуін көрсетеді.
Кез келген кәсіпорынның қызмет ету тиімділігі қажетті табыс әкелу
мүмкіндігіне тәуелді екені белгілі. Бұл мүмкіндікті бағалау
рентабельділікті талдау арқылы жүргізіледі, ол келесі сұрақтарға жауап
беруге көмек береді: алынған табыстар мен шығарылған шығыстар қаншалықты
тұрақты; жүргізілген шығыстардың қаншалықты өндірістік; кәсіпорынға капитал
салымының тиімділігі; кәсіпорынды басқару қаншалықты тиімді және т.б.
Ең алдымен, PERFECT ЖШС-нің қаржылық нәтижелердің деңгейі мен
динамикасын талдау жүргізіледі. (№4 кесте)
Талданған кезеңде өткізуден түскен табыс 9,46% өсті, яғни кәсіпорын
қызметінің масштабы өсті. Өзіндік құны 9,46% өсті. Өнімнің өзіндік құн
өсуінің қарқыны өткізуден түскен табыстардың қарқынынан жоғары. Бұл
кәсіпорында өндіріске шығыстарды өсіру бағытсыз жүргенін көрсетеді.
Кесте 4 - PERFECT ЖШС-нің 2007-2008 жылдардағы қаржылық нәтижелерінің
динамикасы мен деңгейін талдау, мың теңгемен
Көрсеткіш 2007ж. 2008ж. Абсолютті Өсім
өзгеріс қарқыны,%
1 2 3 4 5
1. Өткізуден түскен табыс 1937586 2120816 183230 9,46
2. Өткізілген өнімнің өзіндік910665 998420 87755 9,64
құны
3. Жалпы табыс 1056921 1122396 95475 9,3
4. Кезең шығыстары 172806 212703 39899 23,09
4.1. Жалпы және ұйымдаст. 159343 207803 48460 30,41
Шығындары
4.2. %-рді төлеу шығындары 13461 4900 -8561 -63,6
5. Негізгі қызметтен 854117 909693 55576 -6,51
табыс(шығыс)
6. Салық салудан бұрын 863314 917776 54462 6,31
қарапайым қызметтен
табыс(шығыс)
7.Табыс салығы 112663 - -112663 -100
8. Салық салудан кейін 750651 917776 167125 22,26
қарапайым қызметтен
табыс(шығыс)
9. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz