Кәсіпорын қаржысының мәні



КІРІСПЕ

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ
1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық.құқықтық нысандары және олардың қаржысын жоспарлау
1.2 Кәсіпорындардың өзін . өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ
2.1 «Бест.Стройкомплект» ЖШС .ң халыққа көрсететін қызметтері
2.2 Кәсіпорындардың қызметін бақылау
2.3 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорындар қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды. Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:
1 Кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
2 Кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
3 Кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
4 Шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
5 өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қаржыландыру;
6 өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
7 өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
8 кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы.
1. Н.Назарбаев. «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2030 жылдарға арналған стратегиясы».//Алматы, 2003 ж. 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен
2. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы – 2001
3. Ілиясов Қ. «Қаржы», Алматы - 2003
4. Қазақстан Республикасының Заңы «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы»
5. Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» Алматы – 2001
6. Мырзабай Л.У. «Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедурасын орны мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.
7. Мауленова С.С. «Экономикалық теория»
8. Мұханбетова Э.С. «Мемлекеттің әлеуметтік аяны реттеудегі фискалдық саясаттың маңызы» //Хабаршы № 4, 2003 ж.
9. Сахариев С.С «Әлем экономикасы», Алматы – 2003 ж
10. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Алматы/2002
11. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы- Қаржы-қаражат, 2003

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ
1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары және олардың қаржысын
жоспарлау
1.2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ
2.1 Бест-Стройкомплект ЖШС -ң халыққа көрсететін қызметтері
2.2 Кәсіпорындардың қызметін бақылау
2.3 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында
ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және
экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін
тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай
табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай
даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық
инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын
шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан
қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар
басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың
төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорындар қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы қызметтің сан алуан
сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-
өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін,
халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық
қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат,
маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың,
қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен
басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік
ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.
Қандай кәсіпорын болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды.
Сондықтан кәсіпорын экономикасы негізгі объектісіне:
1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі,
өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
1. Кәсіпорынның қаражат көздерін бағалау;
1. Кәсіпорынның қаражат көздерінің ұтымды құрылымын қарастыру;
1. Шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және
өнімді сатуды әзірлеу;
1. өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын
қаржыландыру;
1. өндірістік техникалық жағдайы мен қажетті өндірістік инфрақұрылымды
құру;
1. өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі;
1. кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруы.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы
міндетті орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының
жүйесімен анықталады.
Зерттеу жұмысының мақсаттары:
Кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыру барысын зерттеу, кәсіпорынның
өндірістік дамуының өзін - өзі қаржыландыруын қарастыру.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарына сақтық компаниялардан
түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейеді.
Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті мақсаты – басқарудың
барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы.
Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік
қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер
бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын
қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет
қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, шығындарды қаржыландыруға арналды.

КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ
1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары және олардың қаржысын
жоспарлау

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен
шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің
дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың
қаржысын жоспарлаудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына,
өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жургізудің
нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын
қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың
қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер
(амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы қағаздар
шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл
көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы
бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператав мүшелерінің үлестік
жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен
шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары
кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен
бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің
үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда
да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем —
жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру
мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге
беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан
түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін
жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық
қызметінің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза
табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік
кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың — шаруашылық
серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын
ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған
табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі белудің
ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен
қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі
түрлері (ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді,
табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті
пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері
туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі — жарғылық
капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген,
өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға
болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынадай
нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктінің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер
құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше
белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің
мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестікте де осылай бөлінеді.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан
алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға берілетін
мүліктің жалпы құнынан аспауы және ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің
1000 мөлшерінен кем болмауы керек.
Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілген мелшерде резервтік капиталды
қалыптастыруға міндетгі және ол жарғылық капитал-дың 10 пайызынан кем
болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы
мақсатқа жүмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды
жабуға, бюджет шығыңдағы міндетгемелерді орыңдауға, мемлекетгік кредитгерді
өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем
төлеуге жүмсалады.
Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (атқарылатьш жүмыстардың, көрсетілегін
қызметгердің) бағалары кәсіпорьшньщ оларды өндіруге
кеткен шығындарды толық өтеуге, оньщ қызметін шығьшсыз етуге және өз
кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін және
өткізетін тауарлардың (жүмыстардың, қызметгердің) бағаларын уәкілді
органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып
белгілейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін
тауарлардың (жүмыстардың, қызметгердің) бағасын өзі дербес белгілейді.
Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады.
Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын уәкілді орган
Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі
бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі жөне тиісті
бюджеттердің кірісіне аударылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық
болып табылады.
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы
жұмыстарды орындау, өртген, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан
қорғау;
2) заңнамада қаржыландырудың арнаулы тәртібі белгіленген мемлекеттік
автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау
мен дамыту;
3) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және
халықаралық байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;
4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;
5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау,
ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру
үшін құрыла алады.
Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің ең негізгісі —
өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.
"Өндірістік кооператив туралы" заңда өндірістік кооператив азаматтардың
бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен
қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне
негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар,
өнімдер өндіріп, жүмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және
халыққа қызмет көрсетеді.
Өңдірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға болып
табылады. Ол жеке кәсілкерлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған
кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.
Өндірістік кооператив мүлкін жарғы салымдары, оның қызметінен алынған
табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.
Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес
оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив мүшелерінің
кооператив мүлкіңдегі үлесі болып табылады.
Кооперативтің құрылтай құжаттарында несие берушілердің мүдделеріне
кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін белгілейтін
кооперативтің жарғылық капиталын құру көзделуі мүмкін.
Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен
резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер алдындағы
міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды
өтеуге арналады.
Өндірістік кооперативтің пайдасы жыл қорытындысы бойынша анықталады.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгеннен
кейін қалған пайда кооперативтің толық қарамағанда қалады және оның
мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында
көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.

1.2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні

Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы — нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл
қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту
жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің
ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып
отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған
деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие
есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер
есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар
кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында
өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды,
бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан
алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар
негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға,
конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дер-бестілігімен және
жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын
өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын
іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы
ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан
реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың,
валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды
өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы
жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті
орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен
анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша
меншікті мүлкімен жауапты болады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан
түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан
алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын,
жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек
ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл — маңызды алғышарт және қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс
жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз
өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен
қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында
қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.
Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде
кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы
мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен,
мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен
қорланымға болуда экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен
қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың
қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік — бір процестің — ша-руашылық
жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру
процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі буыны —
кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субьекті сферасындағы қаржы мен
коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
1. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің
мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің
дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала
қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы
нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарында
(болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады.
Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы
көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау
қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды
ғалыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың
негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам
кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және
кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
2. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі
қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары —
мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары
мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет
кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне
иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға
қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық
және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
3. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты —
басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал,
тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өңдірістік және
әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты
нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша
болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет
қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында
қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда
болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда
елеулі өзгерістер болуда. Әріптес кәсіпорындардың арасында деңгейлес
байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып
келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі
құрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және
мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және
көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді.

1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер

Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше
таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды
қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие
болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдың құндылықты
алуды көрсетеді.
Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың
барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел
қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың
мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша
аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Қаржы резерві дегеніміз - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға
және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге,
сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік
дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға
арналған қаржы түрі.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал
меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі Табыс ұғымы жалпы
мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда
халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет
көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие
берілгендегі алынатын тиісті пайыздар және басқа да ақшалай
және материалдың түсімдер жатады.
Кәсіпорын экономикасын зерделеудің негізгі объектісіне
жататындар:
• кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі,
өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
• өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
• шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және
өнімді сатуды әзірлеу;
• өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның
табысың қорландыру;
• өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі,
шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды
ұтымды пайдалану;
өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік
инфрақұрылымды құру;
• өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн
калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
• өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің
тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;
• кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның
жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;
• кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру,
еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.
Сонымен, кәсіпорын экономикасы — өндіріс факторларының жиынтығы,
өндірістік емес факторлар, айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың
есепшоттарындағы ақша қаражаттары, кұнды қағаздар, материалдық емес
меншікті қор, өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі
қызмет көрсетулер.
КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ
2.1 Бест-Стройкомплект ЖШС -ң халыққа көрсететін қызметтері

Жарғымен анықталған мақсатқа сәйкес Бест-Стройкомплект ЖШС
і өз әрекетін төменде көрсетілген бағыттарды іске асырады:
1. темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауда қызмет көрсету;
1. қара металлдың сынықтарын жинау, сақтау, сатып алу-сату;
1. экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру;
1. халыққа тұрмыстық, әлеуметтік, коммуналдық, медициналық қызмет
көрсету үшін саяхаттық, денсаулық шынықтыру кешендерін,
қонақүйлерді, сән салондарын ашу;
1. сыртқы экономикалық қызмет, сауда-саттық қызмет;
1. делдалдық қызмет;
1. мұнайды, газды, мұнай өнімдерін және жанар-жағармай сатып алу,
оны сату, ұйымдастыру;
1. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен тыйым
салынбаған қызметтердің кез келген басқа түрлерін жүзеге асыру.

Жалпы ЖШС 2001 жылы құрылған. Орналасқан орны Ақтөбе

қаласы,Жубанова көшесі,7 үй. Серіктестіктің құрылтайшылары:

Жунисбаев Н., Насирова М., Ниязова Н.,Масалимова Э.

ЖШС құрылтайшыларының жарнасының суммасы 30000000тенге.

Кәсіпорынның өзінің барлық буындарын нақты басқару арқылы
басқа кәсіпорындарға қарағанда тасымалдау ставкаларын төмендетуге мүмкіндік
береді.

Кәсіпорынның қызмет көрсету түрлері:
1. төмен тарифтік мөлшерлемелер мен жеңілдіктер;
1. бизнесте нақты өзара байланыс жүргізу;
1. жүкті тасымалдаумен байланысты толық қызмет кешені;
1. ашық жылжымалы құрамда жүкті тасымалдау сызбасын әзірлеу;
1. тасымалдау құжаттарын әзірлеу;
1. кедендік әзірлеу.
Мына қызметтерді де жүзеге асырумен айналысады:
7. тасымалдауға темір жол тарифтерін есептеу;
7. жүктің қозғалысын соңғы пунктіне дейін жеткізу;
7. вагондарды іздеу;
7. жүктерді тиеу, түсіру, сақтау, бөлу; контейнерлерді терминалды
өңдеу.
Бест-Стройкомплект ЖШС –і ұсынады:
• жалға қозғалмалы тіркелген вагон құрамы;
• жүктерді тиеу мен түсіру үшін келу тұрағын;
• жүктерді сақтау үшін қоймалар.
Бест-Стройкомплект ЖШС қара металл сынақтарын сатып алу, сақтау,
өңдеу және өткізу үшін механизмделген базаны иемденеді.
Бест-Стройкомплект ЖШС – де еңбекақыны ұйымдастырудың түрлері мен
нысандары - Бест-Стройкомплект ЖШС –нде жалпы жұмысшылар мен
қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі
түрге бөлінеді.
Бест-Стройкомплект ЖШС -де сәуір айында өндірген өнімі мен істеген
жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік. Бұл
жағдайда осы ұжымдағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық
дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылады.
(Кесте 1)

Кесте 1. Бест-Стройкомплект ЖШС әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері
№ МамандЖұмыс ТарифтіТариф Қосымша Жұмысшылар
Бест-Стройкомық істегенк бойынша табыс ға
плект ЖШС – дәреже коэффицесептелгенкоэффициеесепт елген
дегі сі сағаттаиенті еңбекақы нті еңбекақы
жұмысшылар мен рының сомасы сомалары
қызметкерлерді саны (теңге) (теңге)
ң аты-жөні
1 2 3 4(2х3) 5 6*4*) 6(4х5)
1 Талапбаев Т. 1 175 1.76 308 26.1 8838.8
2 Аманжолов Б. 2 160 2.06 329.6 26.1 8602.06
3. Әлиев Ж. 3 165 2.35 187.75 26.1 10120.3
4. БақтыбаевС. 4 154 2.64 406.56 26.1 10611.2
5. Жұмашев М. 5 150 2.93 439.5 26.1 11471.0
6. Талапов Ж. 6 164 3.23 529.72 26.1 13825.7
968 2401.13 62669.6

Қосымша табыс коэффиценті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты) теңге 10
(он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана 4 бағана немесе 62669 теңге 60
тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын = 26 теңге 10 тиын)
Бест-Стройкомплект ЖШС - і заң құқығы Еңбек туралы заңның 12 б.,
5 т. қарастырылған. Мысалы, қызметкерге 2007 жылдың 1 мамырынан бастап 21
күнге демалыс берілген. Ол есептік кезінде толық жұмыс істеген, сондықтан
ол былайша есептелінеді:

Кесте 2.
Есептік Есептік Еңбекақы 2007 жылдың Еңбекақы
кезеңге кезеңге жүйесінде нәтижесі жүйесінде
кіретін есептелген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату
Фирмалар мен фирма қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Айналым қаржысы және оның қалыптасу көздері
Пәндер