Іс-әрекет және мінез-құлық мотивациясы. сана мен зейін бірлестігі


Іс-әрекет және мінез-құлық мотивациясы. Сана мен зейін бірлестігі.
Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады.
Мінез бітістері адамның дүниеге көзқарасына сенімі мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы ортаның әсері мен адамның өзін-өзі тәрбиелеуінен көрінеді. Адамның мінезі оның барлық әрекеттерінің қосындысы, синтезі болып табылады. Мінез адамның дүниеде өмір сүрудегі бағытын, бет алысын көрсетіп отыратын қасиеті болып табылады. Мінездері мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ өмір сүрген ортасына, қоғамына қарай адамдардың белгілі бір тобына ортақ типтік мінездер де болады. Мінез бен темпераменттің байланысы өте тығыз. Темпераменттер жүйке саласының типтерімен, тума биологиялық ерекшеліктерімен байланымты болуы тарихи-әлеуметтік, қоғамдық тәрбиенің жемісі. Бірақ мінез бен темперамент байланысы оның темпераментке әсер етіп, ықпалын тигізіп отыратындығы темперамент те адам мінезінің әр түрлі көріністеріне өзінше әсер етеді. Мінез адамның ерік-жігерімен тығыз байланысты.
Жігерлі адам энтузиаст келеді. Ол басқаның артынан босқа ермей, олардың айтқанын істей бермей, әр іске қызу кіріседі. Ондай адам көңілі көтеріңкі, оптимист, ғылым, техника, өнерге құштар болады. Мұндай сапалар адам мінезінің тұрақты болуына әсер етеді, өмір жағдайының түрлі қиыншылығына мойымай, дүниеге көзқарасы мен сенімінің тұрақты болуы арасында адамгершілік қасиеті де жоғары болады. Егер адамда мұндай сапалар болмаса, ол күйгелек, нашар мінезді, солқылдақ болып кетуі ықтимал.
Еріктің тұрақты болуына адамның ортасына, ұжымына, өзіне басқа адамдарға қатынасы да үлкен әсер етеді. Мысалы, адамның басқаларға қарым-қатынасы оларды ұнатуы жолдастық, достық, махаббат сезімдерін қастерлеуі, мінездің жақсы бітістерінің қалыптасуына қолайлы әсер етеді.
Мінез туралы ілім өзінің ілкі бастауын ежелгі Грециядан алады. Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Теофраст Афины жұртының 30-дан астам үстем тап өкілдерінің мінез бітістерінің 30-дан астам нашар жақтарына талдау жасаған. ΧΥΙΙ ғасырда француз жазушысы Лабрюен нашар мінез бітістерінің 4500-ден астамына сипаттама берген. Мінездің психологиялық теориялары ΧΙΧ ғасырдың аяқ кезінен бастап көріне бастады. Зерттеушілер адамның мінезін көбінесе дене құрылысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Кісінің дене құрылысы қандай болса, оның мінезі соған сәйкес қалыптасады, мінезге темперамент ерекше әсер етеді, адамдардың мінезін сыртқы дене, бет қиялдарынан зерттеуге болады деді. Осы кездері френология, графология деген ағымдар пайда болады. Френология (Ф. Галлет) адамның бас сүйегіне, формасына, жүйке саласына қарап адамның мінез-құлқын, ақыл-ойының дәрежесін ажыратуға болады дейді.
Графология ілімі (Аристотель, Гефаст т. б. ) дамдардың жазуына қарай адамның мінезін ажыратуға болады деді. Адамның жазу-сызуына қарап, оның мінез-құлқын айыру психологияда криминалистикара-тұра қолданылады. Ал жан қуаттары қалпында тұрған кісілердің мінез бітістерін объективтік әдістермен зерттеу қажет.
Іс-әрекетті қарастырғанда, біз міндетті түрде 2 жағынан қарастыруымыз қажет: 1) психикалық; 2) сыртқы
Алдағы істелген іс-әрекетті ойлау интриозация, соған қарсы пәндік іс-әрекет экстериозация деп аталады. Іс-әрекеттің екі жағы өте тығыз байланысты.
Іс-әрекеттің негізгі бөлінбес элементі болып қажеттілік табылады. Ол дегеніміз жалпы іс-әрекетті тудыратын және оның белсенділігінің негізгі көзі болып табылады. Қажеттілік бір іс-әрекетке бағытталып, сол істің себебіне айналады. Осыған орай, А. Н. Леонтьев былай жазған: «Іс-әрекет себепсіз болмайды». Іс-әрекет сипаты оның бағытына тәуелді болмау үшін адам алдына мақста қою керек. Тек осы кезде ғана мақсатты түрдегі іс-әрекетін айтуға болады. Мақсатына жете алмау адамның психикасына әсер етеді. Қоршаған ортамен байланысу қимылдарының көбеюіне ісер етеді. Мақсат қою процесінің бұзылуы адамның психикасының бұзылғандығын көрсетеді.
Қызметтің бір бөлшегі болып іс-әрекет табылады. Қандай да болсын қызмет осы іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Психологияда іс-әрекет деген түсінік белгілі бір яғни нақты мақсатқа жету үшін жасалатын қызметтің аяқталған түрдегі элементі болып табылады. Қылмыстық кодекс бойынша, іс-әрекет дегеніміз - бұл адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ол әрекеттік және әрекетсіздік формасында көрінеді. Ал әрекет немесе әрекетсіздік деген түсінік - қоғамдық қауіпті, белсенді әрекеттер ретінде түсіндіріледі.
Адам іс-әрекеті қимыл-қозғалыстарының жиынтығынан тұрады. Қозғалыстың негізгі түрлері мыналар:
- адам денесін қозғалту арқылы жасалатын қозғалыстар (жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы, бет-бейнесі, денесінің қозғалысы, әр түрлі қимыл-сын қозғалыстары)
Қозғалыс - адамды сыртқы қоршаған ортадағы заттармен байланыстырады. Міне, сондықтан да заң органдары қылмыскерден сыртқы ортаны, сондай-ақ әр түрлі қимылдарды да олардың есіне түсіріп, толық айтуын талап етеді.
Сана психиканың дамуында ең жоғарғы сатыға шыққан, сапа жағынан айрықшаөзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп - еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бел алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамда сана пайда болу үшін, ол өзін қоршауындағы дүниеден орын алып, сол дүниеге және өзінен басқа адамдарға қатысын белгілеп, өзінің кім екенін саналы түрде ажырата алуы керек. Сананы меңгеруші және оның иесі - жеке адам.
Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып, жинақталуыүшін қажет. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегінің де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский зейін - сыртқы дүниедегі материалдардың барлығын санамызға жіберіп отыратын есік дейді.
Зейіннің пайда болуына, көтермеленіп отыруына бірнеше жағдайлар себеп болуы мүмкін. Мысалы, әсер етуші заттардың күші және әсер ету уақытының мөлшері т. б. Егер әсер етуші заттар күшті, көрнекті, ашық болса, соншама ол заттарға адам зейінін молырақ бөледі. Сондай-ақ тітіркендіргіштердің әсер ету мөлшері ұзақ болса, оларға да адам еріксізден зейін аударады. Біріне-бірі қарама-қарсы заттар да еріксіз адамның зейінін бұрғызады. Өте бойшаң адам мен аласа бойлы адам қатар келсе, біреуінің өте ұзын екені, екіншісі аласа адам екені көзге бірден шалынады. Мысалы, электр шамы жанып тұрса біз оған көңіл бұрмаймыз. Ал енді ол біресе жанып, біресе сөніп тұрса, біз оған еріксізден зейінімізді бұрамыз. Эмоциялық әсерлерге де адам көбірек зейінін бұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz