Дауыссыз дыбыстардың фонетикада зерттелуі. Дауыссыз дыбыстардың жекелген ерекшеліктері


Кіріспе
Консонантизм (латынша consonans, consonantis - дауыссыз дыбыс; ағылшынша consonantism, немісше konsonantismus) . Тілдегі дауыссыз дыбыстар жүйесі. Нақты тілдегі консонантизм сипаттау кезінде дауссыздардың саны, оларды қолдану ережесі, түрлі белгілердің фонетикалық көрініс табуы және оның варианттылығы, сөйлеу сәтіндегі функциялық күш ескеріледі. Дауыссыздар кедергіге ұшырау нәтижесінде үш (үнді және ұяң дауыс) мен шудың (қатаң дауыс) қатысуымен жасалатын дыбыстар. (Дауыстыларға қарама - қарсы) дауыссыздар жүйесі тілді немесе диалектіде консонантизм деп аталады.
Б. В. Миллердің айтуынша, <<парсы тілінің консонантизмі әлі күнге дейін ғылыми зерттеу нысанына айнала қойған жоқ>>. Мәселен, парсының p, t, k әріптері қандай сапаға ие екенін айту қиын. Олардың бастапқы p әрпі үнемі грузин, армян не ағылшын p әрпіне сәйкес пе, ал алғашқы t - грузиннің t-на сәйкес деп ойлауға болама деген сұрау шешілмеген.
Тіпті дауыссыз фонемалар саны мамандардың дауын туғызуда, біреулер 22 - дауыссыз десе, біреу 23, басқалар 24 әріп дейді.
I-тарау. Дауыссыз дыбыстардың фонетикада зерттелуі.
1. 1 Ž( ژ ) спирантының артикулациялануы .
Ž( ژ )
Z спиранты ұяң таңдай - алды дауыссыз [10, 46] ретінде анықталып, француздың j әрпіне сәйкестендіріледі, мәселен << jour>> [12, 5] сөзі. Ал орыс тілінен Z өзінің жіңішкелігімен ерекшеленеді. [4, 619] . Ол ерекшелік айтылуында тілдің арқасының ортасы таңдайға тиеді, арты емес. Негізінен Z дауыссызы тілде көбінесе қатаң дыбыс болады, тек кейде сөз басы мен аяғында жартылай ұяң болады [4, 43; 46] .
Z - ысыл ұяң спирант, ол ауыз қуысының алдыңғы бөлігінде артикуляцияланады, қуыста, ол қуыс тілдің арқасының алдыңғы бөлігінің артқы жағының қатты таңдай иіріміне жақындауы арқылы жасалады.
Z әрпінің айтылуының рентгенограммасы бойынша, тілдің алды жоғары көтеріледі, жоғары тістің қызыл еті арасында ұзыншақ кең қуыс пайда болады, биіктігі қырынан 3-5мм. Тілдің ұшы тігінен төмен түсіп, астыңғы жақтың түбінде жатады, альвеолдың (тістің қызыл еті) үсті, төменгі жағына тіл тимейді. Тіл арқасы мен ішкі төменгі қызыл иек (резцы) арасында, альвеолда шұңқыр тәріздес ойық пайда болады, ал алға шығыңқы және төртбұрыш болып ашылған ерін екеуі «сыртқы» резонатор құрайды, олар артикуляциялық тарылу орнын жасайды. Бұл ызыңды дауыссыз тудыруда маңызды рөл атқарады.
Тілдің ортасынан бастап тіл арқасы түбіне дейін доға сияқты төмен түседі. Тілдің түбі фаринкстің арғы қабырғасынан барынша алыс орналасқан. Ара қашықтығы жалпы ауыз қуысы ұзындығы бойынша 30 мм, ал жұтқыншақта - 102 мм (зева) . Көмейдің үсті сәл жоғары көтерілген және фаринкстің арғы қабырғасына сәл қисайып тұр.
Астыңғы және үстіңгі кескіштер арасындағы аралық 11мм, ал осы спиранттан кейін келетін i дауыстысына тар аралыққа тән. Еріндер үнемі артикуляцияда: алдыға шығыңқы болып, жоғары - төмен жылжиды, жоғары - төменгі иекті көрсетеді, сонымен қатар өзі төртбұрышты формалы болды. Әдетте, ызыл дауыссызын сипаттағанда, еріннің дөңгеленуі сөз болады, ал ызың дауыссызды лабиализациялауға қарағанда өзгеше болады. Дауыстыда ерін алға шығып, дөңгелектенеді. Ерінді алға созу мен оған төртбұрышты форма беру ауыз қуысы резонаторын әлдеқайда ұзартады, әсіресе, «сыртқы» резонаторды.
30 суреттегі 1 келесі рентгенограмма ХХ-ң айтуындағы тілдік органдардың профилін береді. Мұнда да алдыңғы тілдің артикуляциясы ұқсас болады. Артикуляциялық тарылу мұнда жоғары орналасқан, дөңес куысынан биігірек, бұл қуыс ызың спирантының қуысымен салыстырсақ, кең де, биік те. Қырынан қуыс биіктігі 3, 5 - 4, 5 мм зерттелудегі адам таңдайы өте терең, сондықтан оның тілінің алдыңғы арқасы жоғары көтеріңкі келген.
Тілінің ұшы тігінен төмен түседі де, арқасы астыңғы жақ сүйектің түбінде жатады. Төменгі тістер мен иек еттері арасында және алдыңғы тілдің арқасымен шұңқыр тәріздес қуыс бар, бос орын, ол «сыртқы» резонатордың көлеміне кіреді. Жоғары иек еті мен төменгі иек арасында арақашықтық жоқ. Еріндері, әсіресе төменгі ерні жақсы артикуляцияланады, бірақ ол басқалармен салыстырғанда аса күшті емес. Алдыңғы тілдің таңдайға ең жақын көтерілген жерінен бастап, ол азу тістер деңгейі мен алғашқы сойдақ тістер жұбының деңгейінде тұр, ал тіл арқасы қисық сызық құрайды: артқа және төмен қарай. Артқы тіл толықтай тігінен төмен түседі.
Ž иекті көрсетеді, сонымен қатар өзі төртбұрышты формалы болады. Әдетте, ызыл дауыссызын сипаттағанда, еріннің дөңгеленуі сөз болады, ал ызың дауысызды лабиализациялауға қарағанда өзгеше болады. Дауыстыда ерін алға шығып, дөңгелектенеді. Ерінді алға созу мен оған төртбұрышты форма беру ауыз қуысы резонаторын әлдеқайда ұзартады, әсіресе «сыртқы» резонаторды.
30-суреттегі 1 келесі рентограмма Х. Х-тің айтуындағы тілдік органдардың профилін береді. Мұнда да алдыңғы тілдің артикуляциясы алдыңғыға ұқсас. Артикуляциялық тарылу мұнда жоғары орналасқан, дөңес қуысынан биігірек, бұл қуыс ызың спирантының қуысымен салыстырсақ, кең де биік те. Қырынан қуыс биіктігі 3, 5-4, 5 мм зертелудегі адам таңдайы өте терең, сондықтан оның тілінің алдыңғы арқасы жоғары көтеріңкі келген.
Тілінің ұшы тігінен төмен түседі де, арқасы астыңғы жақ сүйектің түбінде жатады. Төменгі тістер мен иек еттері арасында және алдыңғы тілдің арқасымен шұңқыр тәріздес қуыс бар, бос орын ол «сыртқы» резонатордың көлеміне кіреді. Жоғарғы иек еті мен төменгі иек арасында арқашықтық жоқ. Еріндері әсіресе, төменгі ерні жақсы артикуляцияланады, бірақ ол басқалармен салыстырғанда аса күшті емес. Алдыңғы тілдің таңдайға ең жақын көтерілген жерінен бастап, ол азу тістер деңгейі мен алғашқы сойдақ тістер жұбының деңгейінде тұр, ал тіл арқасы қисық сызық құрайды: артқа және төмен қарай. Артқы тіл толықтай тігінен төмен түседі.
Тіл тамыры жұтқыншақтың (фаринкс) қабырғасынан (артқы) алыстатылған. Ол аралық-28 мм. Тілдің негізгі массасының алға жылжуынан, тік орналасқан көмей мен тіл тамыры арасында бос аралық пайда болады.
Жалғамалы құбырдың резонаторы біршама кеңейген (төмен жағында) . Жұтқыншақтың жоғарғы жағында ол біраз тартылады да ұзын канал формасына иеленеді. Ең соңғы рентгенограмма ž спирантының Д. Г айтуындағы артикуляциясын бейнелейді.
Алдыңғы тілдің соңғы бөлігінің арқасы дөңгелектеу жоғары көтерілген, қуыс өте кең, кей жерлерде 6 мм ең тар жерінде. Тілдің ұшы төмен түскен және астыңғы жақ сүйектің түбінде жатыр. Төменгі иек еті мен тістерге тіл тимейді. Бұл қуыс ызыл дауыссыздарды айтқандағы тілдің артқа кетуі туралы куәлік етеді, оның ысқырық артикуляциясымен салыстырса тіл ортасы мен арты, тамыр алды эллипс формалы болып келеді, төмен және артқы қабырғасынан біршама алыстатылған, бірақ тамыр алдындағы бөлігі мен арты біршама иілген, сонысымен жұтқыншақ қуысының орта және жоғары бөлігінде тарылу пайда болады.
Ерін сыртқа шығыңқы, кең төртбұрышты формада болады. Қырынан алған проекцияда еріндердің арасы 25 мм. Төменгі-жоғарғы иек еттері көрініп тұрады, «сыртқы» резонатор артикуляциялық тарылу орнында 40 мм-ге дейін ұзындыққа ие болады. Егер жалпы ауыз қуысының ұзындығы 110 мм болса. Бұл резонатор төмен парциалды үнді (тон) және ысылды ұяң спирантты артикуляцияланған кезде шуды күшейту үшін қызмет етеді.
Ž-спиранты сөз басында дауысты, алдында žāli-«шық» (роса) деген сөзде 116 мс ұзақтығымен сипатталады. Көмейдің жазбаларында бүкіл артикуляция кезеңінде дауыс шымылдығының периодтық тербелісі үздіксіз жүреді. Алғашында ол өте әлсіз болады. Мәселен, микрофондық жазбада мұндай шудың жоғары жиілікті тербеліс басым түсіп кетеді, кейін периодттық тербеліс айырылмай қалады. Ары қарай оның қарқыны өседі де, өз периодтығын сақтап тұрады.
Егер х қысаң спирантының алдында келетін žāžхā - «пустомеля»(көкмылжың) сөзін алсақ, ž спиранты жоғалып қалады. Оның ұзақтығы 130м\с-қа тең. Көмейлік жазбада алғашқы 80м\с-та ешбір тербеліс байқалмайды.
Қорытсақ ž спиранты таза ұяң дауыссыз дыбыс. Алайда, қасында қысаң спирант келсе, ол басылып қалады.
1. 2 Š( ش ) - дыбысының әдебиетте анықталуы .
Š( ش )
Ž дыбыс әдебиеттерде қысаң таңдай алды дауыссыз [10, ΧΥΙΙ] ретінде анықталады, француздың сh-мен сәйкес. Орыс тіліндегі әріптен өз жіңішкелігімен [4, 619] ерекшеленеді. Оны артикуляциялағанда тілдің арқасының ортаңғы бөлігі таңдайға тиеді, ал орыс тілінде арты тиеді. [7, 21]
Парсы тіліндегі ž спиранты қысаң, ž спирантымен гоморганды болып келеді.
Š-тың išq -«махаббат» деген сөздегі рентгенограммасы көрсетуінше, оның артикуляциясында жоғарғы иек еттері жоғары көтерілген, алдыңғы тілдің дөңгеленген арқасы тиеді. Артикуляциялық қуыс биіктігі 3-4 мм. Палатография көрсетуінше бұл ысқырық дауыссыздарды айтудағы қуыстан 2-3 есе үлкен. Тіл ұшы төмен қарайды, төменгі жақсүйек түбінде жатады. Тіл ұшының алдындағы бос кеңістік қуыс сияқты көрінеді, оның қабырғасы альвеол мен астыңғы тістер мен иек еттері болып келеді. Тілдің басқа бөліктері қырынан эллипс формалы. Мұндай тілдің артқы және тамыр алды бөліктерінің төмен орналасуы, алдыңғы тілдің жоғарғы иек етіне қатысты артикуляциясында тілдің артқы арқасында науатәріздес қуыс пайда болуына әсер етеді. Бұл қуыс биіктігі 4 мм-ден аспайды.
Тілдің тамыры жұтқыншақтың артқы қабырғасынан біршама алыс орналасқан, ара қашықтығы 32мм (жалпы ауыз қуыс ұзындығы 100мм) .
Көмекей тікірейіңкіреп, тіл тамырынан шығып, жоғары және артқа созылған. Олар мен тіл тамыры арасында кеңістік бар.
Астыңғы және үстіңгі иектердің арасында 5мм қашықтық бар. Еріндер сыртқа шығыңқы, төртбұрышты формада. Үстіңгі және астыңғы иектер сыртқа көрінеді. Еріндер арасы 15мм.
Тілдің негізгі массасының алға жылжуы мен артқы, түбір алды бөліктерінің төмендеуі резонаторды ауқымды кеңейтеді. Ең кең жері-жұтқыншақ қуысының төменгі жағында болады. Резонатор осы жерден бастап тарылады, ауыз қуысының ортасында барынша тарылып қалады. Артикуляциялық қуысында «сыртқы» резонатор кеңейіп, ашылған еріндер деңгейінде максимумге жетеді. Келесі рентгенограммада Д. Г. айтуынша šспирантының šārāb-«шарап»сөзіндегі тілдік органдар профилі берілген.
Тілдің алдыңғы жағы жоғары көтерілген, дөңгелектенген жоғарғы альвеолға жақын орналасқан. Тіл ұшы төменгі жақсүйек түбінде жатыр, ал тілдің екі бүйірі шеткі тістер иегіне жетіп тұрады. Тілдің корпусы эллипс формалы, артикуляциялық тарылу жерінен төмен кейін артқа, төртінші мойын омыртқасына дейін бағытталған. Тілдің тамыры жұтқыншақтың артқы қабырғасынан 20-22мм алыс орналасқан. Көмекей тігінен орналасқан, жоғарғы ұшымен тілдің түбір алды бөлігімен жанасады. Тіл тамыры мен көмекей арасындағы кеңістік, тамырдың баяу жылжуы арқасында аса үлкен емес. Төменгі және жоғарғы иек арасындағы аралық үлкен емес. Еріндер тез артикуляцияланып, алға шығып, төртбұрышты форма құрайды. Астыңғы және үстіңгі ерін арасы-25 мм. Төменгі және жоғарғы иектер сыртқа көрінеді. Жалғамалы құбыр резонаторы төменгі бөлікте тарлау. Жұтқыншақтың жоғары қуысына қарай біраз кеңейіп, жұмсақ таңдайға дейін кеңейеді. Кейін ауыз қуысында қайта тарылады. Артикуляциялық қуыстан кейін тағы да кеңейеді.
Соңғы рентгенограмма - š спирантының й дауыстысы алдына келетін šur - «тұздалған» сөзіндегі Д. Г айтуындағы сөйлеу органдарының профилін көрсетеді. Спирант тіл арты, ашық дауыстының алдында келсе де, артикуляциялануында айрықша өзгешелік кездеспейді. Атап өтерлік айырмашылық: артқы тілдің арқасында ұзыншақ науа тәріздес қуыс кездеспейді, себебі й дауыстысы а мен салыстырғанда ашық. Еріндер арасы - 21 мм. Басқасы ұқсас келеді.
Š спирантының рентгенограммасын қарастыру арқылы оның артикуляциясындағы ортақ тән сипат ауыз қуысының алдыңғы жағында болатын қуыс, оның көлемі де ысқырық спиранттар артикуляциясына қарағанда үлкенірек болады деген қорытындыға келуге болады.
Š артикуляциясының барлық жағдайларына тән белгі төменгі жақ сүйектін алдыңғы бөлігінде шұңқыр тәріздес қуыс, ол «сыртқы» резонатордың өлшемін біршама үлкейтеді. Еріннің жиі артикуляциясы мен оның төрт бұрышты формаға келуі - š спирантының барлық жағдайларына тән белгі. Ž пен š - ті қарастырғандағы артқы тілдің арқасының төмендеуі, ызыл туғызу үшін тілдің артқы бөлігінің көтерілуі мен оның жұмсақ таңдайға жақындап, «екінші шу тудыратын фокус» жасауы керек емес екенін дәлелдейді.
Парсының әдеби тіліндегі дыбысталуда «жуандық» пен «жіңішкелік» сол дыбыстың позициясымен шарттасады. Мәселен, резонатордың артқы бөлігінің айтарлықтай кеңдігі š дыбысын жіңішке емес, көбінесе «жуан» әріп ретінде қабылдауға жол береді. Рентгенографиялық зерттеу көрсетуінше, парсы әдеби тілінде ызыл спиранттар артикуляциясы кезінде «екінші шу тудырғыш фокус» байқалмайды. Ызыл мен ысқырық спиранттарды салыстыру бізге ызыл эффектісін (ысқырық емес) алуды түсіндіруге мүмкіндік береді. Ол артикуляциялық қуыстың мөлшері ұлғаюымен, қуыс орнының артқа ығысуынан, ауыз қуысының алдында шұңқыр тәріздес қуыстың болуымен түсіндіріледі. Шұңқыр тәріздес қуыс «сыртқы» резонатордың мөлшерін өсіруге әсер етеді, ызыл эффектісі және де ерекше еріндік орналасу мен оның жалғамалы құбыр резонаторын ұзартуы мен төменгі жиілікті, үн мен шуды күшейтуге әсер етуінен байқалады. Ал ысқырық эффектісін алу үшін ызыл дауыссыздарға қарама-қарсы орналасқан сөйлеу мүшелерінің қалпы керек: артикуляциялық қуыстың кіші мөлшері мен ауыз қуысының алдына таман орналасуы, төменгі жақ сүйектін алдыңғы иекке тиіп тұруы «сыртқы» резонатор көлемі кішірек болуы. Бұл факторлар жоғары жиілікті шу мен тон пайда болуына, ысқырғыш спирантқа тән белгілердің өсуіне әкеледі.
Š спиранты šāхšār «чаща» сөзінде Д. А айтуында таза қысаң дыбыс болады. Оны жұтқыншақ жазбасындағы құбылмалардың жоқ болуы дәлелдейді. Фонациондық ауа ағымының жиілігінің бір қалыпсыздығы, артикуляциялық органдардың қабырғасының тербелісінің арқасында артикуляциялық қуыстың көлемінің өзгеруіне тәуелді.
Ал ruŭsan - «жарық» сөзіндегі Д. Г айтуындағы спирант ұзындығы 166 м/с. Мұның 60м/с алдыңғы дауыстыдан келесі спирантқа өтудегі аралық кезеңді алады (глаид) . Жұтқыншақтың жазбада артикуляцияның дауыстыдан š спирантына өткен кезеңінде ғана дауыс жарғағының өте әлсіз периодтың тербелісі байқалады., ал дәл š спирантын артикуляциялау кезінде бұл тербеліс толық жоғалып кетеді
Ал āš - «ботқа» (каша) сөзінің соңында š-тың ұзақтығы 190м/с. Жұтқыншақ жазбасында тербеліс жоқ.
II-тарау. Дауыссыз дыбыстардың жекелген ерекшеліктері.
2. 2 Х ( خ ) дауыссыз дыбысының артикуляциялық сипаты.
Х ( خ )
Арнайы әдебиетте х дыбысы тілдік қысаң, тілшіктік дауыссыз ретінде, артикуляцияланғанда «сықыр» (скрипом), (with scrape) [10, 46] неміс тіліндегі ch «buch» [13, 235; 4] сөзіндегіге ұқсас. Парсы тілінің х дыбысы орыстың тіл арты х-ға [5, 17] сәйкес келмейді. Х спиранты барлық фонетикалық жағдайда қысаң болып келеді, жеңіл айтылады [4, 46]
Парсы әдеби тілінде х спиранты ызың дауыссыз болады. Ол тілшік пен артқы тілдің арқасы мен жұмсақ таңдайдың артқы бөлігінде пайда болған артикуляциялық тарылу орнында қалыптасады. Рентгенограммада хār -«тікенек» (колючка) сөзіндегі х спирантының ā дауыстысы алдында келгендегі сөйлеу органдарының профилі берілген, Д. А айтуында . Артқы тіл арқасы жоғары көтеріліп, жұмсақ таңдайдың арты мен тілшікпен жанасады, ол жерде 2-2, 5мм тарылу пайда болады. Артқы тілдің қарқынды артикуляциясы арқасында тілдің жалпы массасы артқа ығысады. Алдыңғы тіл төменгі иектен жылжиды, оның ұшы төменгі жақсүйектің түбінде, бірінші сойдақ тіс сыңарының деңгейінде жатыр. Қырынан алған проекцияда тіл корпусы дұрыс жартылай эллипсті формада, себебі тіл корпусы артқа жылжығанда оның тамыры керісінше алға ығысып, көмейден алыстайды. Тамыр мен фаринкстің (көмей) қабырғасы арасында 34 мм арақашықтық бар.
(егер ауыз қуыс ұзындығы -102мм болса) . Жұтқыншақ алды жоғары көтерілген, тіл тамырында жатады. Төменгі және жоғарғы иектер арасы 15мм.
Еріндер артикуляцияда аса көп қызмет атқармайды: астыңғы ерін төменгі иекке жабысып, төмен түсірілгендіктен, иектердің жоғарғы жағы сыртқа көрінеді. Үстіңгі ерін жоғары көтерілген, иектен сәл алысырақ орналасқандықтан жоғарғы иек сыртқа көрінеді.
Жалғамалы құбырдың резонаторы тіл артикуляциясына екі тең бөлікке бөлінгендей. Қырынан проекциялағанда резонатордың төменгі бөлігі фаринкстің төменгі жағында кеңейтілген. Ал фаринкстің (көмей) жоғарғы бөлігінде резонатор ені біртіндеп азаяды да, артикуляциялық құбырға өтеді. Артикуляциялық тарылу ауыз-көмейден алдыңғы жұмсақ таңдайға дейін созылған. Ауыз қуысында резонатор кеңейеді. Ең үлкен ені-35-38 мм. (ауыз қуысы-102мм болса)
Ауыз қуыс резонаторының көлемі үлкен болуы, лабиализация болмаса да, төменгі жиілікті шудың күшеюіне әкеледі. Артикуляциялық каналдың жоғарғы бөлігінің иілгіштігі мен фонациялық ағымның күштілігі, жұмсақ таңдай пердесі мен тілшіктің вибрациясына әсер етеді. Тіл арты спирантының вибрациясы белгілі интервал арқылы бірінен соң бірі келетін дүрсін ретінде сипатталады. Бұл вибрация құлаққа «сырын» сияқты естіледі. Келесі рентгенограммада Д. Г айтуындағы х профилі берілген. Бұл да алдыңғы кестеге ұқсас келеді. Артқы тіл арқасы доғалданған, жоғары көтерілген және артқа бағытталған. Тіл арқасының қарқынды жоғары көтерілуі нәтижесінде, тілдің алдыңғы бөлігі төменгі тістердің ішкі жағынан алыстайды. Тіл ұшы төменгі жақсүйектің түбінде жатыр, алдыңғы қырымен кіші азу тістер деңгейінде орналасады. Тіл тамыры алға жылжыған. Тамыр мен көмейдің артқы қабырғасы арасында 28 мм қашықтық бар. (егер жалпы ауыз қуысы 110 мм болса) . Көмей үсті жоғары созылып артқа кеткен; сонымен қатар тіл тамырына жанасады; соның арқасында көмейдің негізінде біраз ғана кішкентай кеңістік пайда болады. Нәтижесінде көмейдің кіре берісінің көлемі біршама ұлғаяды. Жалғамалы құбыр резонаторы бүйірінен проекциялағанда төменгі жұтқыншақ өңірінде ені кең болады. Орталық жұтқыншақта резонатор тарылып, ауыз қуысында артикуляциялық тарылуға айналады. Артикуляциялық канал ауыз- көмейден қатты таңдай басына дейін созылады. Ауыз қуысында резонатор үлкейіп, максималды таңдай тереңдігіне жеткенде ең үлкен енге ие болады. Ауыздың кіре берісіне қарай резонатор қайта тарылады, төменгі жоғарғы иектер арасы 16 мм болады; ал ауыз резонаторының максималды ені бүйір проекциясында 40 мм-ге тең.
Х спирантын артикуляциялауда еріндер қатыспайды. Астыңғы ерін тістің сыртқы беті мен төменгі иекке жақын жабысып тұрады, иектен сәл жоғары орналасады. Үстіңгі ерін біраз жоғары көтерілген. Артқы тіл арқасының төменгі шетінде кішкене науа тәріздес ұзыншақ, шұңқыр көрінеді. Бірақ бұл х спирантының жалпы артикуляциясына еш қатысы жоқ, тек индивидуалды ерекшелік екенін ұмытпау керек.
Х спирантының әдеби парсы тілінде айтылуында тән сипаттар келесідегідей: артқы тіл арқасының жұмсақ таңдай мен тілшікке артикуляциялануы тілдің массасының артқа жоғары бағытталып ығысуы, тіл ұшының артқа кетуі, көмейдің артқы арқасынан тіл тамырының алыстауы; көмей үстінің тіл тамырына барлық ұзындығы бойынша жабысып, валлекула көлемінің кішірейуі, көмей көтерілуінен жұтқыншақ кіре берісінің көлемінің ұлғаюы; жалғамалы құбыр резонаторының астыңғы және алдыңғы бөліктерінің кеңеюі мен оның төменгі жиілікті шулардың күшеюіне әкелуі тән.
Х спиранты šахsār - «бұтақ» (ветви) ; Чаща (қалың жыныс) сөзінде 86м/с ұзақтығымен сипатталады. Жұтқыншақ жазбасында біртіндеп азаятын амплитудалы периодсыз тербелістер байқалады. Бұл периодсыз тербелістер жұтқыншақтық жазбада фонацияның үлкен күшін білдіреді. Ал микрафондық жазбада алдындағы дауыстыдан х спирантына артикуляция өткенде тербеліс амплитудасы бірден төмендейді де, өз периодтығын жоғалтады. Бірдей мезгілде жоғарғы жиілікті тербелістер пайда болады, ал қырылдауық қысаң х спирантына тән шуыл болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz