Коммерциялық банктердің қаржылық есебі



Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларын
ұйымдастыру мен есептеудің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі ... ... ... ... 11
2.1. Валюталық шоттардағы ақшалай қаражаттары қозғалысының
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

3. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі ... ... ... ... ... ... ...18

4. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі ... ... ... ... ... 23

ІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
I. Кіріспе
Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен, қолөнер мен кәсіпшілікті оқшауландырылуды, сонымен қатар, саудалық мәмлелердің және төлемдерін өсуімен тығыз байланысты. Жоғарыда талай қайталанып айтылғандай, адам қоғамы дамуының бастапқы кезеңінде ақша орнында, маңыздытұтыну бұйымдары, пайдаланылған (мал, астық, аңның және малдың терілері т.б.) яғни, тауарлы – ақша болған. Айырбастау операцияларының өсуі осындай ақша баламасын жинау қажеттігін туғызды.
Ежелгі Шығыс елдерінде осындай тауарлы ақшаны сақтаудың сенімді жері, дәни ғимараттары – храмдар болды. Біріншіден, храмдар, мемлекеттің, хаумдардың сақтандыру қоры болды. Онда, елдің басқа елдер мен қаумдармен айырбастауға арналған барлық өнімдері жиналатын болған, екіншіден діни ғимараттардан ешкім, ол тауарлы – ақшаны ұрлай алмайтын.
Қазақстанда банк мекемесі XIX – ғасырдың аяғында пайда болған. Олар қазыналық палатарлар түрінде, немесе 1860 жылы құрылған Ресейдің мемлекет банкісінің бөлімшелері түрінде шықты.
Осындай бөлімше ең бірінші болып Орал қаласында ашылған, (1876 жылы) сосынПетропавлов қаласында (1886 жылы), содан кейін Семейде (1887 жылы) ашылған.
Қазан революциясына дейін Верныйда Петербург қаласындағы коммерциялық банктердің бірнеше бөлімдері мен бөлімшелері болған. 1903 жылы Орыс-Қытай банкісінің бөлімшесі ашылған. Ол кейін Орыс Азия банкісіне қосылып кетті. 1908 жылы Сибирь сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. 1913 жылы өзара ниселендіру қоғамы құрылды.
Кеңес үкіметі өз аумағындағы барлық банктерді мемлекет меншігіне айналдырды. Оның ішінде, Қазақстан аумағындағы банктерді қосып, Ресейдің Халық банкісіне бағынған бір бөлімше құрды (кейін КСРО мемлекеттік банкісінің Орынбордағы кеңсесі.)
КСРО-ның банк жүйесінің 1987-1990 жылдарындағы реформаға дейінгі құрылымы мынандай болды;

-3-

- КСРО мемлекеттік банкі, Мемлекеттік еңбек жинақ кассасын қосқанда, Одақтың кез келген бұрышында орналасқан мыңдаған бөлімшелері бар, кең атқарымды жүйе;
- Бүкіл одақтық күрделі құрылысты қаржыландыру банкісі (КСРО-ның құрылыс банкісі);
- КСРО мемлекеттік банкісінің Қазақ Республикалық кеңесі. Оған 19 облыстық кеңселер мен олардың 325 бөлімшелері бағынған (барлық аудан орталықтарында және облыстарға бағынған кіші-гірім қалаларда).
Дегенмен, осы кезде Кеңес үкіметі банктің жұмысын нарық жағдайында реттеу, оны нарықтың талаптарына икемдестіру жөнінде бірнеше заңдар шығарып үлгерді. Мысалы, банк жүйесін екі дәрежелікке көшірді. Оның ішінде бірінші дәрежелі банк болып Орталық (ұлттық) банктер аталды, барлық басқа банктерді, екінші дәрежедегі банктер деп атады.
ТМД-ның басқа елдеріндегідей жаңа банк жүйесі Қазақстанда да тәуелсіз елдің қажетті құрымы, қажетті атрибуты ретінде 1991-1993 ж.ж. арасында қалыптаса бастады.
1997 жылдан бастап Ұлттық банк, барлық екінші дәрежелі банктерден халықаралық стандартқа сәйкес талап ете бастады. Сол үшін көптеген көрсеткіштер бекітілді. Оның ішіндегі ең қиыны, банктің негізгі қоры, 1,0 млрд. теңгеден кем болмауы керек. Осы тұрғыдан қарай, Ұлттық банк жоғарыда көрсетілген 76 банкті үш топқа бөлді. Бірінші топқа ең ірі, негізгі қорлары 1,0 млрд. теңгеге жеткен 29 банк енді, топқа көрсеткіштері орташа, бірақ 2000 жылдың басына дейін негізгі қорды 1 слрд. теңгеге жеткізуге мүмкіншіліктері бар 31 банк енді. Қалған 16 банк ешқандай келешегі жоқ, жабылуға тиісті банктер болып танылды. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстанда банктердің саны жылдан жылға кеміп келеді (2000 жылдың 56банк, 2001 жылдың басында 47-ақ банк қалды). Бұл жақсы ма, әлде жаман деген сауалға жауап беру біздің міндетімізге кірмейді [2].
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: коммерциялық банктердің даму процесстерін зерттеу, сонымен қатар ақша қатынастарының маңызды бір бөлігі ретінде банк жүйесінің даму перспективалары мен есебін зерттеу.
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Н. Назарбаев.Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // «Білім», Алматы.- 1998. 54-55 бет.
2. Аралбаева А.А. Бүгінгі таңдағы банктік қызметтерді реттеуге арналған заңдардың дамуының кейбір мәселелері // Банки Казахстана.- №11.- 2005.- 37-38 бет.

3. Әлемдік экономика, Оқулық. Булатов А.С. М., Юристъ, 2000.
4. Әлемдік экономика. Оқулық. М., Қаржылар, ЮНИТИ, 1999.
5. Борисов Е.Ф. Экономикалық теория. М., Юристъ, 2001.
6. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Видяпин В.И., т.б. – М., 1995.
7. Козырев В.М. Қазіргі экономиканың негізі. М., Қаржы және статистика, 2000.
8. Кеулімжааев Қ.К. т.б. Қаржылық есеп. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2001
9. Лившиц А. Ақпараттық экономика жолымен. Экономикалық ғылымдар, №9, 1990.

10. Медведев В.А., т.б. Саяси экономия. Оқулық. Алматы., 1990.
11. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы - Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001.

12. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық.- Алматы: «Экономика», 2005.
13. Т. Қожамқұлов. Саяси экономия негіздері. Оқулық. Алматы «Қайнар»., 1991.
14. Шеденов Ө.Қ., т.б. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ақтөбе., 2004.
15. Чепурина М.Н. Экономикалық теорияның курсы. Киров, АСА., 2001.



-30-

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым Министрлігі

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ

Пәні:
Мамандығы

Ғылыми жетекші:

Курстық жұмыс қорғалды

___ _____ 200 ___г

бағасы_________________

Костанай 2010

Мазмұны

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Коммерциялық банктер қаржы делдалы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды
жинақтау ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларын
ұйымдастыру мен есептеудің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9 2. Банктердегі
арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі ... ... ... ... 11 2.1.
Валюталық шоттардағы ақшалай қаражаттары қозғалысының

есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .14
2.2. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың

есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 16
3. Коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ...1 8
4. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің
есебі ... ... ... ... ... 23
ІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .28
ІІІ. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30

I. Кіріспе
Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен,
қолөнер мен кәсіпшілікті оқшауландырылуды, сонымен қатар, саудалық
мәмлелердің және төлемдерін өсуімен тығыз байланысты. Жоғарыда талай
қайталанып айтылғандай, адам қоғамы дамуының бастапқы кезеңінде ақша
орнында, маңыздытұтыну бұйымдары, пайдаланылған (мал, астық, аңның және
малдың терілері т.б.) яғни, тауарлы – ақша болған. Айырбастау
операцияларының өсуі осындай ақша баламасын жинау қажеттігін туғызды.
Ежелгі Шығыс елдерінде осындай тауарлы ақшаны сақтаудың сенімді жері,
дәни ғимараттары – храмдар болды. Біріншіден, храмдар, мемлекеттің,
хаумдардың сақтандыру қоры болды. Онда, елдің басқа елдер мен қаумдармен
айырбастауға арналған барлық өнімдері жиналатын болған, екіншіден діни
ғимараттардан ешкім, ол тауарлы – ақшаны ұрлай алмайтын.
Қазақстанда банк мекемесі XIX – ғасырдың аяғында пайда болған. Олар
қазыналық палатарлар түрінде, немесе 1860 жылы құрылған Ресейдің мемлекет
банкісінің бөлімшелері түрінде шықты.
Осындай бөлімше ең бірінші болып Орал қаласында ашылған, (1876 жылы)
сосынПетропавлов қаласында (1886 жылы), содан кейін Семейде (1887 жылы)
ашылған.
Қазан революциясына дейін Верныйда Петербург қаласындағы коммерциялық
банктердің бірнеше бөлімдері мен бөлімшелері болған. 1903 жылы Орыс-Қытай
банкісінің бөлімшесі ашылған. Ол кейін Орыс Азия банкісіне қосылып кетті.
1908 жылы Сибирь сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. 1913 жылы өзара
ниселендіру қоғамы құрылды.
Кеңес үкіметі өз аумағындағы барлық банктерді мемлекет меншігіне
айналдырды. Оның ішінде, Қазақстан аумағындағы банктерді қосып, Ресейдің
Халық банкісіне бағынған бір бөлімше құрды (кейін КСРО мемлекеттік
банкісінің Орынбордағы кеңсесі.)
КСРО-ның банк жүйесінің 1987-1990 жылдарындағы реформаға дейінгі
құрылымы мынандай болды;

-3-

- КСРО мемлекеттік банкі, Мемлекеттік еңбек жинақ кассасын қосқанда,
Одақтың кез келген бұрышында орналасқан мыңдаған бөлімшелері бар, кең
атқарымды жүйе;
- Бүкіл одақтық күрделі құрылысты қаржыландыру банкісі (КСРО-ның құрылыс
банкісі);
- КСРО мемлекеттік банкісінің Қазақ Республикалық кеңесі. Оған 19
облыстық кеңселер мен олардың 325 бөлімшелері бағынған (барлық аудан
орталықтарында және облыстарға бағынған кіші-гірім қалаларда).
Дегенмен, осы кезде Кеңес үкіметі банктің жұмысын нарық жағдайында
реттеу, оны нарықтың талаптарына икемдестіру жөнінде бірнеше заңдар шығарып
үлгерді. Мысалы, банк жүйесін екі дәрежелікке көшірді. Оның ішінде бірінші
дәрежелі банк болып Орталық (ұлттық) банктер аталды, барлық басқа
банктерді, екінші дәрежедегі банктер деп атады.
ТМД-ның басқа елдеріндегідей жаңа банк жүйесі Қазақстанда да
тәуелсіз елдің қажетті құрымы, қажетті атрибуты ретінде 1991-1993 ж.ж.
арасында қалыптаса бастады.
1997 жылдан бастап Ұлттық банк, барлық екінші дәрежелі банктерден
халықаралық стандартқа сәйкес талап ете бастады. Сол үшін көптеген
көрсеткіштер бекітілді. Оның ішіндегі ең қиыны, банктің негізгі қоры, 1,0
млрд. теңгеден кем болмауы керек. Осы тұрғыдан қарай, Ұлттық банк жоғарыда
көрсетілген 76 банкті үш топқа бөлді. Бірінші топқа ең ірі, негізгі қорлары
1,0 млрд. теңгеге жеткен 29 банк енді, топқа көрсеткіштері орташа, бірақ
2000 жылдың басына дейін негізгі қорды 1 слрд. теңгеге жеткізуге
мүмкіншіліктері бар 31 банк енді. Қалған 16 банк ешқандай келешегі жоқ,
жабылуға тиісті банктер болып танылды. Осы саясаттың нәтижесінде
Қазақстанда банктердің саны жылдан жылға кеміп келеді (2000 жылдың 56банк,
2001 жылдың басында 47-ақ банк қалды). Бұл жақсы ма, әлде жаман деген
сауалға жауап беру біздің міндетімізге кірмейді [2].
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: коммерциялық банктердің
даму процесстерін зерттеу, сонымен қатар ақша қатынастарының маңызды бір
бөлігі ретінде банк жүйесінің даму перспективалары мен есебін зерттеу.
-4-
1. Коммерциялық банктер қаржы делдары ретінде.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер тарабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке ьанктер, банктік, заңдылықтарда коммерциялық
банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және
басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет
атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген
сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланассыз болады.
Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет
көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір опрециялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін
пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің
коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы
кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша – несие нарығының жағдайына
көндігетін қабілеттінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа пайда
әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс, құралы қызметі мен
өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей

-5-
жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ
қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке
аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады.
Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде ретінде іскерлік
операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы
әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады.
Банктік несие – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны
ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз
алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне
мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары
пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық
шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан,
мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші
жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды [6].

-6-

1.1. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі – базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы
мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оныңбарлық
ресурстарының тек 10% - ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде
орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және
нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде
шығындардытөлеу үшін қажет. Меншікті капитал – банктің қорғаныс кепілдік
қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып
табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету
үшін, банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.

-7-
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90% - нан
жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос
ақшалай қаражаттарын жинақтайды.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.
Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және
мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай
қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру
жұмыстары дапозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде
коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару
мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен
жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне
байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ
болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік
банкісінің бөлімшелерімен құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО
Мемлекеттік банкісінің өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған
және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген,
ал республикалық – облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер бойынша
бөлінген, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі бойынша бөлінген,
сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік
операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің
депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының
жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке
тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар жеке кәсіпорындар,
коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар,
жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен
орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер
салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз
салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын
сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі [9].

-8-

1.2. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларын
ұйымдастыру мен есептеудің мақсаты.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі департаментінің №4 Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші
бабында: Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі
операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша
қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы
ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды бағалануына мүмкіндік
береді делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: Заңды тұлғалар,
субъектілер ( банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында
тапсырады делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату
барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе
бюджеттен де тыс басқа мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты
түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма
әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп,
жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару
үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын
жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.
Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және
берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы
арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының
бухгалтерлік ечебін жүргізк мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып
табылады:
1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде
есептеу.

-9-

2. Субъектідегі ақшалай қаражаттардың түгелдігін және оларды дұрыс,
тиімді пайдалануды бақылау.
3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе
фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

а) Аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар есебі.
Аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске
алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып, ал
олардың есебі 411- Аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар- деп аталатын
шотта жүргізіледі. Бұл шотта кәсіпорындар, фирмалар немесе ұйымдар
өздерінің қарамағындағы филиалдардың, бөлімшелердің, сондай-ақ сатып
алушылардың банктерге, сақтық кассаларына, почта бөлімшелеріне салған,
бірақ тиісті шотқа әлі түспеген, аударылғандығы туралы тиісті құжаттармен
дәлелденген ақшалай қаржыларды есептейді. 411-Жолдағы ақшалай қаражаттар
шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:
1. Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің
қабылдағанын дәлелдейтін құжат.
2. Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.
3. Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген авизасы
(бұл авизада ақшаны аударған күні, сомасы, оны қабылдаған банк немесе почта
аты көрсетіледі).
Мысалы: 1999 жылы 28 желтоқсанда А кәсіпорны қараша айында сатқан
тауарлары үшін осы тауарларды сатып алған Б кәсіпорнына 300000 теңге
аударылғаны туралы авиза (құжат) алды делік. Бірақ бұл ақша А кәсіпорнының
есеп айырысу шотына 2000 жылы 5 қаңтарда ғана келіп түсті, яғни кіріске
алынды. Осы операциялар бойынша А кәсіпорнының бухгалтерлік есебінде
мынадай жазу жазылады:
Дебет Кредит
28.12.99 411 301
300000 тг
05.01.00 441 411
300000 тг

Кәсіпорынның, ұйымның және фирманың бухгалтериясы аударылған жолдағы
ақшалардың банктердегу есеп пйырысу немесе басқа да тиісті шоттарға уақтылы
да, дер кезінде түсіп есепке алынуына бақылау жасап отыруы керек.
Кәсіпорындар арасында жолдағы аударылған шетел валютасы да осы 411-Жолдағы
аударылған ақшалай қаражаттар шотында есептелініп, бірақ бөлек көрсетіледі
[5].

-10-

2. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға
банк мекемесінен арнаулы шот ашуға болады. Бұл шотта ашылған
аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар,
банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай құжаттардағы
(вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді.
Шаруашылық субъектілері 421- Аккредитивтегі ақшалай қаржылар- деп
аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың,
фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын есептейді.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы
кәсіпорында немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет
көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе
қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу
жайлы тапсырмасы.
Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал
аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-
шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:
1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.
2. Аккредититвтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен
тәсілі.
3. Аккредитивтер бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет
ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты
сипаттары.
4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды,
қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу
мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға
аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.
5. Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.
-11-

Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын өзіне қызмет көрсететін
банк мекемесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері
қажет:
1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің аты.
2. Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.
3. Аккредитив ашылатын банктің аты.
4. Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.
5. Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты
аты.
6. Аккредитивтің түрі.
7. Аккредитивтің қандай тауарға, затқа және орындалатын жұмысқа төлем
төлеуге арналғандығы және оны төлеу үшін банк мекемесіне табыс етілетін
құжаттардың тізімі.
8. Аккредитивтің сомасы.
Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын тауарды тиеп
жібергеннен кейін аккредитивтің шартында қаралған құжаттарды банк
мекемесіне табыс етеді. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарды
толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредитивте қарастырылған
шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болса,
онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды
көрсетуі қажет.:
1. Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.
2. Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.
3. Өзінің қолтаңбасының үлгісі.
Жабдықтаушының банксінде аккредитив мынадай жағдайларда жабылады:
1. Аккредитивтің мерзімі біткенде.
2. Аккредитивті жабу туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша.
422. Чек кітапшасындағы ақшалай қаражаттар - деп аталатын шотта чек
кітапшаларындағы ақшалай қаржылар мен есеп айырысу операцияларының есебі
жүргізіледі. Чек кітапшаларындағы ақша қаражат-
тары жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары
мен басқа да субъектілерден алынған тауарлы-материалдық құндылықтардың
құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға
арналған. Олар чек кітапшаларын алу
-12-

үшін банк мекемесіне өтініш береді, сонымен қатар осы өтінішпен бірге
кәсіпорын немесе мекеме алатын чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін
банк мекемесіне төлем талабы тапсырмасын ұсынуы керек. Кәсіпорын, ұйым
немесе мекеме чек кітапшаларын алғанда банктің депоненттелген сомасына
мынадай бухгалтерлік жазуы жазылады:
Дебет 422- Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар шоты, Кредит
тиістілеріне қарай 441, 431, 432, 601, 602 және 603-шоттар.
Банк мекемесі чек кітапшасының тиісті жеріне ол чек кітапшасы
берілген кәсіпорын немесе мекеменің толық атауын, ал егер жеке адамға
берілсе, оның аты-жөнін жазады. Чек кітапшасында ондағы соманың
жұмсалмаған, яғни пайдаланбаған мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы
бір немесе бірнеше жабдықтаушымен есеп айырысуға болады. Егер банк мекемесі
чек кітапшаларындағы жұмсалынбаған соманы кәсіпорынға қайтарғанда 441, 432,
431, 601, 602 және 603-шоттардың тиістілері дебеттеліп, 422- Чек
кітапшаларындағы ақшалай қаржылар - деп аталатын шот кредиттеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде нақты ақшамен қатар почта
маркалары, демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының жолдамалары, жол
билеттері, сонымен қатар үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары,
яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да
қаржылар сақталады. бұл жоғарыда аталған ақшалай құжаттар 423- Банктердегі
арнаулы шоттардағы ақшалар шотында есептеледі. Осылармен қатар бұл шотта
кәсіпорынға немесе ұйымға бюджеттен бөлінетін белгілі бір мақсатқа жұмсауға
тиісті қаржылар, кәсіпорынның, кәсіподақ ұйымының қаржылары, мәдени-ағарту
саласына, демалыс лагеріне бөлінген қаржылар есептеледі. Осы 423-
Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін әр түрлі
операцияларға сәйкес:
423- Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар -деп аталатын шот
дебеттелініп, 431, 432, 441, 726, 737 және тағы да басқа шоттардың
тиістілері кредиттелінеді [2].

-13-

2.1. Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары қозғалысының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде шетелдік валютадағы ақша
қаражаттарының қозғалысы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есепке алудың
№4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және №9 Шетелдік валютадағы
операцияларды есепке алу - деп аталатын стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге шетелдік валюта, яғнм
шетелдің ақшасы арқылы есеп айырысу сол операция жасалған күні Қазақстан
Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау курсы бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасымен көрсетілуі тиіс.
Шетелдік валюта – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың және мекемелердің
ақшалай қаражаттары мен есеп айырысу уақытында пайдаланатын және
қолданылатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан (теңгеден) басқа
да ақша бірліктері.
Курс (бағам) – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі
белгілеп отыратын екі ел ақша бірліктерінің (валютаның) өзара қатынасы.
Курстық (бағамдық) айырма – бұл екі елдің ақша бірліктерінің
арасындағы курстың (бағамның) өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы.
Кәсіпорындар мен ұйымдар және мекемелер басқа шаруашылық
субъектілеріне негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық құндылықтарды және
басқа да активтерді шетел валютасына сатқанда немесе олардан сатып алғанда,
банктерден, сондай-ақ банктен тыс мекемелерден шетел валютасымен несие
алғанда немесе оны қайтарғанда, тағы да басқа жағдайларда шетелдік
валюталармен жүргізілетін операциялар пайда болады. Кәсіпорындар мен
ұйымдар, және мекемелер шетел ақша бірлігімен (валютамен) операциялар жасау
үшін банк мекемелерінен шот аша алады. Валюталық шоттар бойынша операциялар
431- Ел ішіндегі

-14-
валюталық шоттардағы ақша қаражаттары және 432- Шетелдердегі валюталық
шоттардағы ақша қаражаттары шоттарында жүргізіледі. Мекемелер банктен
валюталық шот ашу үшін банк мекемесіне осы кәсіп-
орынның, немесе ұйымның жарғысының (уставының) көшірмесін, валюталық шот
ашу туралы өтініш, тиісті адамдардың қолдары қойылып және кәсіпорын мөрі
басылған арнайы карточка, тағы да басқа құжаттарды табыс етуі керек.
Қазақстан Республикасының шетел валютасын реттеу туралы заңына сәйкес
кәсіпорындар мен ұйымдар өкілетті банктер мен ақша айырбастау пункттері
арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіп
бойынша шетел валютасын сатуға және сатып алуға құқысы бар. Шетел валютасын
сату және сатып алу валюталық биржада қалыптасқан курс бойынша есептеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар осы шетел валютасын сату немесе сатып алуда
курстың (бағамның) өзгеруінен болған табысты 725- Бағамдық айырмашылығынан
алынатын табыстар деп аталатын шотқа, ал шығынды 844- Бағамдар
айырмашылығы бойынша шығындар шотына апарып жазады. 431- Ел ішіндегі
валюталық шоттардағы ақша қаражаттары және 432- Шетелдердегі валюталық
шоттардағы ақша қаражаттары шоттары дебеті бойынша мына шоттардың
кредитімен корреспонденцияланады:
452- Кассадағы шетелдік валюта,
301- Алынуға тиісті борыштар,
725- Бағамдық айырмашылығынан алынатын табыстар.
Ал бұл 431 және 432-шоттар кредиті бойынша мына шоттардың дебетімен
корреспонденцияланады:
452- Кассадағы шетелдік валюта,
671- Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу,
844- Бағамдар айырмашылығы бойынша шығындар [13].

-15-
2.2. Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялардың есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар және мекемелер өздерінің ақша қаражаттарын
өздері таңдаған, яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде
сақтауға міндетті. Ол үшін кәсіпорындар мен ұйымдар өздері қалаған банк
мекемелерінде есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Бір кәсіпорынның немесе
субъектінің тиісінше әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын
ашуына болады. Есеп айырысу шотын ашу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
Банктің қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық аспекттері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ ( АҚ Тұран Әлем Банк ). ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Депозиттік операциялар есебі
Банктің операцияларын талдау
Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және оның функционалдық қызметтері мен әдістері
Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау
Пәндер