Бауыржан Момышұлы шағармасының зерттелуі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазм ұны.

Кіріспе . . . 6-11

І тарау. Бауыржан Момышұлы шағармасының зерттелуі . . . 12-24

ІІ тарау. «Ұшқан ұя» романындағы образдар жүйесі . . . 25-31

ІІІ тарау. Повестегі қазақ салт дәстүрінің көрінісі . . . 32-42

Қорытынды . . . 43-46

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 47-48

Жоспар:

Кіріспе.

1-тарау. Бауыржан Момышұлы шығармаларының зерттелуі

2-тарау. "Ұшқан ұя"романындағы образдар жүйесі

3-тарау. Повестегі қазақ салт-дәстүрлерінің көрінісі

Қорытынды.

Мазмұны

Диплом жұмысының көкейтестілігі: Халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оның сәби шағынан бастап келешегінің қалыптасу барысына алғашқы баспалдақтарын жасаған. Тәрбие алған ортасынан өнеге ілген бала, кейінгі өмірінде де, болашағына да алған өсиет байланыстыра отырып, көздеген биігіне, ұлы мақсаттарға жетпек.

Немесе «балалық шақты балалық шағында көктетуді» (Ж. Ж. Руссо. ) жөн санаған ата - ана, оның болашағынан зор жеміс көрері сөзсіз. Адам тағдырын шешетін бірінші құрал - тәрбие.

Жұмыстың негізгі мақсаты - «Ұшқан ұя» повесіндегі Б. Момышұлына әсер еткен ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдары және ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету.

Міндеті: Осындай өзекті де келелі мәселенің халықтың аяулы, сегіз қырлы, бір сырлы перзенті Б. Момышұлының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өскен ортаның әсерін зерттеу мақсатында, ғибрат алу жолында «Ұшқан ұя» повесін зерттеудегі басты міндеттерді атасақ:

1. Тәрбиелеуде ұстаздың өзінің не біліп, не істейтіні маңызды болса, ал ұстаздың ықпалымен тәрбиелеушінің не біліп, не істейтінін ашу одан да маңыздырақ екендігін растау.

2. Баукең шыншылдығының дәрежесі - оның адамгершілік кемелдігі дәрежесінің көрсеткіші екендігіне көз жеткізу.

3. «Ұшқан ұя» шығармасының мазмұны мен мақсатының жемістілігін аңғарту.

Зерттеу әдістері: «Ұшқан ұя» повесін зерттеу барысында жоғарыдағы шығарманың мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, жұмыстың зерттеу обьектісі етіп батыр өскен ортаны, тәрбиеге әсер еткен негізгі көздерге: салт-дәстүрлерге, ұлттық наным-сенімдерге, мақал-мәтелдерге көңіл бөлдік. Тақырыптың өзектілігі Бауыржантану ғылымының қалыптасу кезеңінде батырдың дара тұлғасын тану, өскен ортасы мен тәлім алған қайнар бұлағының көзін ашу және оның ұрпақ тәрбиесіне, көркем әдебиетке әсерін бағалау үшін «Ұшқан ұя» повесін жан - жақты қарастыру арқылы белгілі бір мақсатқа жету болып табылады.

Диплом жұмысының құрылысы кіріспеден, негізгі бес тараудан, қорытынды бөлім мен библиографиялық көрсеткіштен тұрады.

Кіріспе бөлімде Б. Момышұлының қысқаша өмір жолы, шығармашылығы, Баукеңнің балалық шағынан батыр болып қалыптасқанға дейінгі кезеңі және өзі көзі тірі кезінде жазып қалдырған мұралары жайында айтылады.

Шығармаларының құндылығы мен ұрпақ тәрбиесіне берерлік тәлімі жолдары ашылады.

1-тарауда «Б. Момышұлы шығармашылығының зерттеуі» жайына шолу. Бауыржанды көзі тірі кезінде көріп білген, оның сегіз қырлы бір сырлылығын таныған жазушылардың шығармалары мен жазушылық жолындағы өзі қалам тартқан шығармалардың зерттелуіне тоқталу. Мұнда батырдың сан қырын байқап, өз жанында жүрген М. Мырзахметұлының, Ә. Нұршайықовтың, Ш. Мұртаза, Е. Әлімжан, А. Бек, т. б. жазушыларымыздың Баукеңе, оның шығармашылығын зерттеуге қалам тартуы сөз етіледі.

Суреткердің көркем туындысының мәні мен тәлімдік биігі, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүріміздің «Абай жолы» роман-эпопеясынан кейінгі алар орны мен мақал-мәтелдердің тәлімдік-тәрбиелік, өнегелік жолдары көрсетіледі. Көркем шығарманың бойындағы бүкіл бір ұлтқа тән мінез бен ұлттық байлықты көздейтін жолдар ашылады.

2-тарауда "Ұшқан ұя" романындағы образдар жүйесі деген тарауында көркем шығармадағы образдар жүйесінің молдығы, көркемдігі, жинақтылығы суреткердің шеберлігінің бір көрінісі. Бұл тарауда Б. Момышұлы сомдаған шынайы өмір көріністерін көркем әдебиетте бейнелей отырып, өзі өмір сүрген қоғам, орта, кезең суреттеледі. Бала Бауыржанның кішкене сәби көзімен тұшынып, сезінген сол қалпында жүрегінде сақтап қалып, кейінгіге өнеге ретінде қалдыруы ұлттық салт-дәстүрімізге, әдет - ғұрпымызға деген зор құрметтің бір айғағы десек те болар еді. Куба Республикасын арнайы қонақ ретінде арналған кезінде әр түрлі ресми аудиторияларда сөйлеген сөзінде өзінің шығармалары туралы: «Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, өте - мөте ерекше делінген эпизодтар жиынтығынан іріктеп, ерекшелеп алған неғұрлым елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған образдар да жоқ» дейді. «Ұшқан ұя» да осы секілді ерекше туындының бірі, шын өмірдің көркем сөзбен бейнеленуі. Шығармадағы образдар жүйесі бала Бауыржанның көз алдында өмір сүрген адамдар немесе әжесі, әкесі, әпкелер секілді кейіпкерлер.

3-тарауда ұлттық салт-дәстүріміздің суреткер көзімен көріп, бала кезінде байқағандары мен әдет-ғұрыпты сақтауға деген шынайы көзқарасы баяндалады. Көркем шығармадағы дәстүрлік танымдарға суреткердің өлшемі, оның бағалануы, көзқарасы т. б. қамтылады. Салт-дәстүріміздің қазіргі күнге дейін сақталған және ұмытылған түрлерінің мәні мен маңызы ашылады. Суреткердің өз шығармасын зерттеудегі салт - дәстүр, әдет -ғұрыптарды мысалға келтіріп, көркем суреттеудегі негізгі мақсаты айқындалады. Ұлттық салт - дәстүріміздің бір елді ұлт ретінде сақталуы және қалыптасуы барысында атқаратын рөлі мен тәлімдік - тәрбиелік маңызы, біздің халқымызда дәстүрдің атқаратын игі қызметі ашылады.

Қорытынды бөлімде қазақ халқының біртуар ұлы, даңқты қолбасшы, жазушы, батыр Б. Момышұлының ар мен намыстың биік туын түсірмеген, оны көкейінде өмір бойы тұмар ғып ұстанған ұлы адам, Ғасыр адамының беймәлім қырлары ашылады. Гауһар тас секілді сан қырлы азаматтың бейнесіндегі кей ашылмаған тұстар, шығармаларындағы өз бейнесі мен өзге адамдардың батыр тұлғаның бойынан байқаған қасиеттері анықталады. Халық дәстүрін сақтау жолындағы қиылыстары мен ақылдылық пен тектіліктің алып қыраны екендігі ашылып, жұмыстың негізгі обьектісі айқындалады.

Кіріспе

Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған, айтулы ұлдарының бірі - гвардия полковнигі, жазушы, Совет одағының батыры Б. Момышұлы есімі қазақ еліне таныстыруды қажет етпейді. Ол «Халық батыры», ол «даңқты әскери қолбасшы», ол «көрнекті қаламгер» деген ұғыммен ұрпақ санасында біте қайнасқан.

Ол тұтас алғанда Нағыз Қазақ аса қастерлі, мәртебелі биік тұлғасымен танылған еді.

Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп мерейін асырды.

Баукең үйреткен тағлым - Ұлы сенім, Болашаққа деген сенім еді. Бауыржан үйреткен тағлым - ұлы шындық.

«Жалғандықтың балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деп Баукең сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана кесіп айта алады.

Бакең үйреткен тағлым - өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай жақсы көру.

Бауыржан үйреткен тағлым - Ұлт ар - намысына, Ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді.

Көзден кетсе де көңілден кетпеген және ешқашан кетпейтін Момышұлы есімі ерекше қымбат. Шынында да ол ұлттың бойтұмар азамат болуы бақытына ие болды. Ұлттық асыл қасиеттің қадірін бағалай алатын, терең түсінетін адам мұны біледі.

Ал, тарихи кесек тұлғалар тұғырында Б. Момышұлы өнегесі сол баға жетпес байлыққа жол сілтейді. Жас ұрпақты жігерлендіреді. Батылдыққа баулиды. Адамдыққа тәрбиелейді. Алаштың аты аңызға айналған аяулы перзенті Б. Момышұлының асыл әруағына тағзым етіп, атын ардақтағанда біздің ойымызға оның елі үшін еткен ең ересен еңбегі, ең қасиетті еңбегі алдымен оралады.

Б. Момышұлы жөнінде көркем дүние де көп жазылды. Мәселен, Баукең хақында көзі тірісінде - ақ жыр жазбаған ақын кемде-кем шығар.

Қазақтың қасиетті топырағы - Жуалы жұрты өз перзентіне тағзым етті.

Бауыржан аға ғибраты санаға сіңіп, көңіл көгіне жетті. Осы уақытқа дейін Бауыржанға таңдану басым да, оның болмысын ашу кем болды. Әрине оның өзіндік себебі бар еді. Кеңестік империя Момышұлын тек соғыс батыры, Москваны қорғаушы, қолбасшы ретінде ғана көргісі келді.

Алматыдан жасақталған 316- шы атқыштар дивизиясы 1941 жылдың күзі мен қысындағы Кеңестер одағы үшін ең қысылтаяң кезеңде Москваны қорғау шайқастарында орасан зор міндеттер атқарды. Сөйтіп, Қазақстанның, қазақтардың атағын айдай әлемге шығарды. Әсіресе, дивизия командирі, генерал Панфиловтың айрықша тапсырмаларын орындап батальонмен жау қоршауын бес рет бұзып шыққан аға лейтенант Б. Момышұлының ұрыс тактикасына енгізген жаңалықтары соғыс мамандарын таң қалдырды. Ақ теңіз бен Қара теңіз арасындағы мыңдаған шақырым майдан шебінде одан даңқы асқан батальон командир болған жоқ.

Ол Отан қорғау мәселесіне кең тұрғыда қарады. Өзін Кеңестік Армияның командирімін деп қана есептеген жоқ, қазақ халқының перзентімін деп есептеді. Сондықтан да ұрыс алдында тек бұйрық беріп қана қойған жоқ ұлт тағдыры туралы ұлағатты сөздер айтып, әр жауынгердің отаншылдық сезімін оятты. Жауынгердің парызын өтеу үшін ғана қолына қару ұстамай, халқы алдындағы парызын өтеу үшін қолына қалам да ұстады.

Майданда жүрген кезінде тек командир ретінде ғана емес, халқының жоқтаушысына айналды. Оның командирлігін қайраткерлігі биікке көтерді.

Егер мемлекеттік қайраткер, қоғамдық қайраткер бар болса, халықтың қайраткері де бар. Б. Момышұлы - халықтың қайраткері. Ол соғыста шен мен шекпенді ойлаған жоқ. Халқының ар намысын ойлады. Алдындағы жаумен айқаса жүріп, артындағы елдің тағдырына тебіренді. Алдындағы жауына оқ жолдаса, артындағы халқына сөз жолдады.

Бауыржанның ұлттық рух, ұлттық патриотизм жөніндегі ойлары соғыс жағдайындағы идиологиядан аса алшақ кетпейтін еді. Бірақ, ұлт үшін таңдау ақиқатын халықтың өткенінен іздеуі империялық көзқараспен сәйкес келген жоқ. Сондықтан да оның соғыс кезінде жазған қыруар жазбалары, хаттары, лекциялары, Москва мен Алматының мінбелерінде сөйлеген сөздерін сол кездің идиологтары қалың көпшілікке жеткізгісі келмегенімен, «отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарады».

Ата дәстүрімен тәрбиеленбеген адам - ана сүтін ембеген баладай жатбауыр келеді. Тарихын танымаған - мәңгүрт. Тілін білмеген - дүбәрә. Өз ұлтының рухын исінбегендер басқаларға еліктеп кететінін ол көзімен көрді. Сондықтан да ұлттық тәрбиені қалпына келтірудің жобаларын жасап, республика басшыларына жолдап отырды. Қазақ тілі туралы қадап айтты. Тілдер туралы заңымыздың да қазіргі күннің өзінде толық күшіне енбегенін мойындауымыз керек. Бұл заңды күшіне енгізуге тежеу болып отырған Баукең айтатын «бетіне қарасаң біздікі, ал кеудесіне үңілсек, аяғы аспаннан салбырап түскендей» өз қазақтарымыз екені жасырын емес.

«Ұшқан ұя» туындысы Б. Момышұлының орыс тілінде «Наша семья» деген атпен жазылған алғашқы көлемді шығармасы болады.

Бұл шығарма мазмұны мен көркемдігі жағынан жоғары бағаланып, Абай атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алды. Бұл шығарма 1956 жылы жазылған болатын. Ал «Москва үшін шайқас» деп аталатын туындысы орыс және қазақ тілінде жазылған, әрі Баукеңнің майдан төрінен оралмай қалған қанды көйлек майдандас жауынгерлер тағдыры суреттеумен ерекшеленетін айрықша мәні бар шығармасына айналып үлгерді. Ұлы Отан соғысында халқының ұлттық батырына айналған Б. Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шешуші шайқастарда қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. Бауыржанның «Москва үшін шайқас» кітабын жазудағы басты мақсаты Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдандас жауынгерлерге солдаттық парызы ретінде ескерткіш орнатуы болатын.

Б. Момышұлының соғыс кезінде жазған ең көлемді еңбегін - «Соғыс психологиясы». Кезінде Қазақстан ғалымдары мен қаламгерлеріне арналып оқылған бұл монографиялық лекциялар күні бүгінге дейін осы саладан біздің елімізде жазылған ең іргелі де күрделі еңбек болып отыр. Сондықтан да Қазақстанда соғыс философиясының негізін қалаған Б. Момышұлы деп айтуға әбден болады.

Баукеңнің Ар, Намыс, Парыз, Ұлттық Рух, Ұлттық патриотизм, интернационализм, ерлік, адамгершілік және басқа толып жатқан сезімдер туралы анықтамалар мен түсіндірмелері - өз басынан өткізген адамның сезінгендері. Сондықтан да көкейге қонымды.

Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан баршаға бауырмалдық шықпайды. Өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді.

Бауыржан Момышұлы соғыс аяқталғаннан кейін Кеңестер Одағы бойынша айрықша іріктеліп, тұңғыш рет Бас штабтың академиясына қабылданған ең таңдаулы 250 офицердің ішіндегі жалғыз зиялы азамат болды. Бұл оқу орнын бітіргеннен кейін әскери академиялардың профессор атағын алып, дәріс берді. Басшы әскери қызметтер атқарды. Бірақ жоғарыдағы бас штаб академиясын бітіргендердің ішінен тек Момышұлына ғана генерал дәрежесі берілмеді, қиянат жасалды. Ол отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Ол енді шығармашылыққа біржола бет бұрды.

Көркем әдебиеттің, оның ішінде соғыс тақырыбына жазылған, жазылатын әдебиет тағдыры Баукеңді майданда жүргенде-ақ толғандырған болатын. Ол өзінің республика идеологтары мен ақын - жазушыларына жазған хаттарында соғысты суреттегенде, жауынгер бейнесін бергенде шыншылдықты ұстануды талап етті.

Ұлттық әскеріміздің қалыптасып жатқан қазіргі кезеңде біздің әдебиетімізге Баукең сияқты жанашыр керек екені айтпаса да түсінікті.

Баукең шығармашылығының бір саласы оның өлеңдері мен қанатты сөздері, мақал - мәтелдері. Батыр жазушының өсиет сөздері күні бүгінге дейін елдің аузында. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген қанатты сөзі айрықша естіледі.

«Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет», «Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет», «Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек» деген сөздері бүгінгі күннің өзекті ұраны. [29. 16-17]

Бұл саладағы еңбегі Бауыржанды халқымыздың дуалы ауыз би-шешендерінің қатарына апарып қосады.

Прозаик Бауыржанның «Офицер күнделігі» (1952ж. Калинин қаласы, орыс тілінде), «Генерал Панфилов» (1963ж), «Жауынгер тұлғасы» (1959ж), «Бір түннің уақиғасы» (1954ж Калинин қаласы), «Москва үшін шайқас» (1959ж), атты кітаптары жауды жеңу үшін алдымен өзіңді жеңуің керек екенін тамаша талдап берген шығармалар. ал «Ұшқан ұя» романын ұлағатты ұғыну бір бөлек. «Отты жүректің ыстық қанымен жазылған» жазылған бұл еңбектері - өлмес мұралар. Тарих куәсі болып қалмақ.

Бәрін екшеп келгенде Баукеңнің өнегесі бізді халқымыздың алдындағы перзенттік парызымызды өтеуге үйретеді.

Аты аңызға айналған Баукең тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болмақ.

Аңыз болған, ғасыр адамы Б. Момышұлы өзінің дүниеге келу тарихынан мәлімет бере кетеді: «Момыш әкемнің айтуынша, мен мың тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын» [17. 479] . «Ұшқан ұяда» келтірген мәліметіндегі Бауыржанның дүниеге келген мекені Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Момышұлының соғыс кезіндегі Ерен ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек «Арпалыс» («Волокалам тас жолы») повесін жазды. Бұл шығарма кейіннен ондаған тілдерге аударылып басылды.

Момышұлы Ұлы Отан соғысынан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғары Әскери академиясын бітірді. (1950ж) Әскери-

педагогикалық жұмыспен шұғылданып, Совет Армиясының әскери академиясында сабақ берді.

1955 жылы Кубаға барған сапары бойынша жазылған «Куба әсерлері», «Төлеген Тоқтаров» т. б. кітаптары жарық көрді. 1956 жылы «Жонарқа» атты әңгімелер жинағы шықты. «Артымызда, Москва» шығармасы бойынша кинофильм түсірілді. 1969 жылы алғаш рет екі томдық шығармалар жинағы басылды.

Баукең соғыс жылдарында еліміздің көрнекті қоғам қайраткерлерімен, ғалымдармен хат жазысып, пікір алысып тұрған. Қазақстан ғалымдары Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезовке жазған хаттарында көркем әдебиетке жанашыр, ұлт болашағына тереңдікпен қараған ұлы тұлғаның айтпағын түсіну парыз.

1943 жылы желтоқсан айының соңында Алматыға майданнан оралған гвардия полковнигі Б. Момышұлын Қазақстан жұрты қуанышпен құшақ жая қарсы алды. Зиялы топ өкілдері ақын Жамбылмен, ұлы жазушы М. Әуезовпен сұхбаттасады. М. Әуезовпен екеуінің арасындағы хат арқылы байланыс шынайы сұхбаттасуға, білісуге айналып Қазақстандағы әскери әдебиет жайындағы еңбектерге көңілі толмай жүрген Баукең «Қанмен жазылған кітапты» өмірге әкеледі.

Алматыда ол алты күнге созылған әңгіме - дәріс өткізеді. Осыны Бауыржан екі том көлемінде бастырып, бірінші данасын Қ. Сәтбаевқа екіншісін өзі майданға әкетеді. 1975 жылы жазда қолжазбаны М. Мырзахметұлына берген, содан соң әңгіме - дәрістің стенограммаға түскен түпнұсқасы жарты ғасырдан соң жазушы (М. Әуезов) архивінен алынып, «Соғыс психологиясы» деген атпен алғаш рет басылды.

Б. Момышұлы шығармалары жаңа буын ұрпақтарын ата дәстүрді қастерлеуге, Отанды сүю рухында тәрбиеленудің рухани қазына көзіне айналарына сенеміз.

1-тарау. Б. Момышұлы шығармашылығының зерттелуі

Өткен ғасырдағы қазақтың біртуар азаматы, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, онысын ақиқатпен ұштастырған, ерлігі мен өрлігі, азаматтығы елді ардақтаудың ең биік үлгісіне жетіп халықтың бетке ұстар ұлына, мақтан тұтар қаһарманына айналып кеткен Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлы артына мол әдеби мұра, көркем дүние қалдырған, ұлтжанды, терең ойлы жазушы Бауыржанның «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас» сынды кітаптары баршылық жұртқа аян. Батыр тұлға жайында Александр Бектің «Волокалам тас жолы», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітаптары ұлы қаһарманның шынайы бейнесін дүйім елге паш еткен шығармалар деуге тұрарлық. Ол жайында ел ішінде айтылатын ұшы - қиыры жоқ аңыздар мен ақиқат Бауыржан тұлғасын биіктете түскендей. Бауыржан атағын асқақтатып, бүкіл халыққа әйгілі еткен батырлығы десек ол туа дарыған және жүре дарыған асылы. Батырлық Бауыржанның ерлігі арқылы ғана емес, туа біткен мінезі мен тәлім-тәрбие арқылы жұғысты. Оның бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға жету аралығында шыңдалу мектебімен қоса өзі жазған «Ұшқан ұяның» да әсері мол еді.

Бұл мемуарлық шығарма болғанмен көркем дүние. Мұнда жазушы тек өзінің өткен өмірі мен өскен ұясының тіршілігін нанымды суреттеп қана қоймай, он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ халқының әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, мінез - құлқын, тіршілік көзін, туған жерге деген ыстық махаббаты, қазақ халқына ғана тән дархандықты, қадыр - қасиетін дара танып, елеп екшеп көрсете алды. «Ұшқан ұя » да Аққұл сияқты ат пірінің, Зейнеп секілді асыл әйелдің, көкесі Момынқұл секілді аңқау қазақтың «арым жанымның садағасына балайтын» Бабаш «алдыңа келсе ағаңның құнын кеш» дейтұғын Текебай мен Қабылбек билер Асыл қасиетті әже Асқар тау Момыштың жан тебірентер бейнелері жасалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы
Мекемтас Мырзахметұлы
Деректі фильмдердің мәтіндерін аудару кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерге талдау жасау
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Бауыржан Момышұлының соғыс өнері
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz