Біржан Сал- тарихи этнографиялық тұлға



Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, кеңестік кезеңде “ескіліктің қалдығы” ретінде қарастырылып келген қазақ халқының сан ғасырлық мәдениетін, тарихын жаңаша, ұлттық тұрғыда қарастыруға мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан Республикасының Президентінің ұзақ жылдарға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша қазақ халқының ұлттық мәдениетін, фольклорын, салт- дәстүрді жаңаша түрде зерттеуді мақсат етіп отыр.
Ұлттық әншілік өнердің дамуы XIX ғасырда сал, серіліктің қалыптасып, қанат жаюымен тығыз байланысты. Сал мен серінің ортақ қасиеттері : олар - әрі әнші, әрі ақын, әрі күйші, композитор. Би, аңшылық–саяткерлік өнері де бар, елден ерек талғампаз, көңіл аударарлықтай сәнді- әшекейлі киінуге, жүйрік ат, ұшқыр тазы ұстауға тырысқан. Cал мен серінің мұндай ардақты дүниеге бағыттайтын оның жаратылыс ерекшелігі, оның дарынды ойы, ашық- жарқын мінезі, сыпайылығы, ғажайып жаңалықты, сұлулықты жақсы көретіндігімен ерекшеленеді. /1.6б/Ф.Назаровтың суреттеуінше, сал жүрген жерін ұзақ уақыт қызыққа батырады. Ол өзінің шырқап салған әнді жазды күні түн ортасына ауғанша айға қарап, шырқап ән салған.
М.Г. Готвицкий өз еңбегінде ән мен серілік өнердің халық өмірімен тұрмыс салтымен тығыз байланысын дәріптеп: «Әншілердің- күйшілердің қадірлігі сонша, ауылдарды аралап, шыққанда киіз үйдің құрметті орны солардікі, бәрі де оған ілтипат, құрмет көрсетуге дайын тұрады»,-деп жазады. /1.7б/
Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген суырып- салма ақын, әнші, сазгер, сал-серілердің бірі -Біржан сал Тұрлыбайұлы Қожағұлов. Біржан сал 1825 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының «Қожағұл бернеуі» деп аталатын қалың қарағайлы орманды жерде зергер Тұрлыбай Қожағұлұлының отауында туған. Бала кезінен ойын- сауыққа араласып, ән салған Біржан кейіннен өзі де ән шығарып, әннің әуенімен бірге өлеңін де өзі жазады. Үш ұлдың ішіндегі кенжесі болған Біржан алғаш кезде еркін жүріп, ел аралап, той- салтанаттарға қатысып, жатық, жігіттік кезеңді өткізеді. Оның ақындық, әншілік қабілетін халық көзіне ерте түсіп, елдің көңіл- күйін көтеріп, қуаныш-шаттыққа бөлеп, халық құрметіне ие болады. /2.71б/ А. Жұбанов : «Әдемі ер- тоқымды ат , әшекейлі киім, аңыраған дауыс, көркем келбет - жүрген жерінің бәрінде Біржанның қадірін көтереді. Сөзден кесте тігетін ақындық, жаныңды жайлайтын жібек үн, айызыңды қандыратын ән, дарынды орындаушылық - әрісі Бертіс, берісі Қожағұл тұқымында болмаған, тек басына қонған «бақыт» сияқты болады. Біржан бұл бақытты бағалай біледі. Өзін сүйген халқына өнерін жаюдың – аралау, жаңа ән болса үйрену, орындаушылық шеберлігін ұстарту деп түсінеді. Осы бағыт, осы арман жолында Біржан арымай-талмай ілгері қарай тырмыса береді.»- дейді. /3. 36-37бб/
1. Р.Дүйсемдінова. Қазақтың әншілік өнері. Алматы., 1998.
2. Жұмағалиева Д., Ахметбекова Б., Ысқақов Ә. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы., Алматы., 2005
3. Жұбанов А.К. Замана бұлбұлдары. Алматы., 1975
4. Біржан сал Қожағұлұлы .Ләйлім шырақ., Алматы., 1983
5. Марғұлан Ә.Х. Шығармалары. Т-ІІ. Құраст. Д.Ә. Марғұлан., Д.А. Марғұлан ., Алматы. «Алатау»баспасы., 2007
6. Жұмағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы., 1942

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БІРЖАН САЛ- ТАРИХИ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТҰЛҒА
Тлеубаева Ардақ. ҚАЗҰУ тарих факультетінің 2 курс магистранты

Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі, кеңестік кезеңде “ескіліктің
қалдығы” ретінде қарастырылып келген қазақ халқының сан ғасырлық
мәдениетін, тарихын жаңаша, ұлттық тұрғыда қарастыруға мүмкіндік беріп
отыр. Қазақстан Республикасының Президентінің ұзақ жылдарға арналған
“Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша қазақ халқының ұлттық мәдениетін,
фольклорын, салт- дәстүрді жаңаша түрде зерттеуді мақсат етіп отыр.
Ұлттық әншілік өнердің дамуы XIX ғасырда сал, серіліктің қалыптасып,
қанат жаюымен тығыз байланысты. Сал мен серінің ортақ қасиеттері : олар -
әрі әнші, әрі ақын, әрі күйші, композитор. Би, аңшылық–саяткерлік өнері
де бар, елден ерек талғампаз, көңіл аударарлықтай сәнді- әшекейлі
киінуге, жүйрік ат, ұшқыр тазы ұстауға тырысқан. Cал мен серінің мұндай
ардақты дүниеге бағыттайтын оның жаратылыс ерекшелігі, оның дарынды ойы,
ашық- жарқын мінезі, сыпайылығы, ғажайып жаңалықты, сұлулықты жақсы
көретіндігімен ерекшеленеді. 1.6бФ.Назаровтың суреттеуінше, сал жүрген
жерін ұзақ уақыт қызыққа батырады. Ол өзінің шырқап салған әнді жазды
күні түн ортасына ауғанша айға қарап, шырқап ән салған.
М.Г. Готвицкий өз еңбегінде ән мен серілік өнердің халық өмірімен
тұрмыс салтымен тығыз байланысын дәріптеп: Әншілердің- күйшілердің
қадірлігі сонша, ауылдарды аралап, шыққанда киіз үйдің құрметті орны
солардікі, бәрі де оған ілтипат, құрмет көрсетуге дайын тұрады,-деп
жазады. 1.7б
Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген суырып- салма ақын, әнші,
сазгер, сал-серілердің бірі -Біржан сал Тұрлыбайұлы Қожағұлов. Біржан сал
1825 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Қожағұл бернеуі деп
аталатын қалың қарағайлы орманды жерде зергер Тұрлыбай Қожағұлұлының
отауында туған. Бала кезінен ойын- сауыққа араласып, ән салған Біржан
кейіннен өзі де ән шығарып, әннің әуенімен бірге өлеңін де өзі жазады.
Үш ұлдың ішіндегі кенжесі болған Біржан алғаш кезде еркін жүріп, ел
аралап, той- салтанаттарға қатысып, жатық, жігіттік кезеңді өткізеді.
Оның ақындық, әншілік қабілетін халық көзіне ерте түсіп, елдің көңіл-
күйін көтеріп, қуаныш-шаттыққа бөлеп, халық құрметіне ие болады. 2.71б
А. Жұбанов : Әдемі ер- тоқымды ат , әшекейлі киім, аңыраған дауыс,
көркем келбет - жүрген жерінің бәрінде Біржанның қадірін көтереді.
Сөзден кесте тігетін ақындық, жаныңды жайлайтын жібек үн, айызыңды
қандыратын ән, дарынды орындаушылық - әрісі Бертіс, берісі Қожағұл
тұқымында болмаған, тек басына қонған бақыт сияқты болады. Біржан бұл
бақытты бағалай біледі. Өзін сүйген халқына өнерін жаюдың – аралау, жаңа
ән болса үйрену, орындаушылық шеберлігін ұстарту деп түсінеді. Осы бағыт,
осы арман жолында Біржан арымай-талмай ілгері қарай тырмыса береді.-
дейді. 3. 36-37бб

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Адамға зияным жоқ жүрген жанмын.
Байлыққа , мансапқа да құмар емен,
Өзім сал, өзім сылқым, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын,
Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,
Сен түгіл басқаға да бас ұрмаймын
- делінген Біржан сал әнінде жас кезінде ол орасан жүйрік, тұлпар
аттарына отырып, олардың ортасында ойын- сауықты күшейтіп, не ғажайып
әндер шығарып, аңыз- жырларды үсті-үстіне төндіріп жүрген кезін
сипаттайды. 4. 68б
Сарамен айтысқанда, Біржанның өз куәлігі бойынша Қожағұлда мың
жарым жылқы болған. Бірақ Біржан 17 жасынан салдық құрып, он жылқыны
қыздарға тартуға сыйлап, тез арада жойып құртқан. Ол жыл сайын жанына
он шақты жігіт ертіп, олардың атын, әдемі киімін, өзі беріп отырған.
Оны Біржан мен Сараның айтысынан көруге болады:
Он бір кісі жолдасым ертең түсте,
Біржаннның қарық боларсың олжасына .
Өзге салдар секілді Біржан да үйленбей тұрғанда бар малын жібек пен
алтын, күміске жұмсап, оларды аямай қыздарға таратып отырған. Қыздарға
арнаған жырларында оны өзі де ашық айтады:
Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға,
Асықша ақ жамбына сұлуға аттым.
Біржанның бір өзгеше жері, оның қыстауы алтынның ну ортасы Мың-
Шұңқырдың қасында болған. Одан шыққан көп алтынды зерттеулерге беріп,
әйелді көркейтетін неше алуан әдемі алқалап, сұлу сырғалар,
білезіктер, сақина, жүзіктер жасатады. Өзіне арнап көркем сұлу алтын
балдақ, алтын ер, алтын жүген, алтын шідер жасатады. Оларды Біржан сал
жұмысына ұстайды, ел аралап жүргенде сұлу қыздарға таратып отырады.
Олардың мазмұны сұлу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық музыкасы
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Бақсы типінің қалыптасуы, оның функциясы
Қыздар жар - жары
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы
Қазақ әдебиетіндегі сал - серілер поэзиясының тарихы
Пәндер