ҚР Ұлттық қоры; қалыптасу мен пайдаланудың өзіндік ерекшелігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.
“Есеп және қаржы пәндері” кафедрасы
2 курс студенті
“ҚАРЖЫ” пәнінен
“ҚР Ұлттық қоры; қалыптасу мен пайдаланудың өзіндік ерекшелігі”
тақырыбы бойынша
КУРС ЖҰМЫСЫ
Ғылыми жетекшісі .
АЛМАТЫ 2006
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
I. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ . . . 5
- ҚР Ұлттық қоры және оның функциялары. . . 5
II. ҰҚ ҚАРАЖАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ . . . 7
2. 1. ҰҚ қаражатын жинақтау . . . 7
- ҰҚ активтерін пайдалану . . . 9
- ҰҚ активтерін басқару . . . 13
III. ҰҚ ҮШІН ЖИНАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҮЛГІСІН ТАҢДАУ . . . 16
3. 1. Теңгерімді бюджет әдісі . . . 16
3. 2 ҰҚ қазіргі жағдайына сипаттама . . . 20
Қорытынды . . . 23
Қолданылған әдебиеттер . . . 24
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының жағдайы елеулі дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсімдерінің табиғи ресурстардан болып отырған қазіргі тәуелділігі Қазақстанның болашағына байланысты бірқатар мәселелерді мемлекет алдына қояды. Біріншіден , бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесі. Екіншіден, бұл мемлекеттік кірістер мен шығыстар көлемінің табиғи ресурстарға деген әлемдік бағаның күрт әрі алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелділігін төмендету мәселелері.
Осы мәселелерді шешу үшін “ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы ” Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен ТМД елдері арасындағы бірінші болып құрылып, 2001 жылдан бастап жұмыс істей бастады.
Қазіргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға тарта ел бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсімдері кірістердің негізгі баптарын құрайтын табиғи ресурстардың белгілі бір түрлеріне бағаның ауытқуына байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін немесе сыртқы борышты өтеу үшін, сондай-ақ басқа мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Экспорттың шикізатқа мамандануы орын алған бірсыпыра мемелекеттердің тәжірибесі бюджеттері әлемдік баға конъюнктурасының ықпалына ұшырауға бейім елдер үкіметінің басы артық түсімдерді жинақтау үшін шикізатқа бағаның қымбаттау кезеңін пайдаланып қалу мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.
Мұндай қорларды құрудың жағымды жақтары:
- баға конъюнктурасына тәуелді табиғи ресурстар сектрынан республикалық бюджетке түсетін түсімдер мен республикалық бюджет шығыстары арасындағы өзара байланысты барынша азайту;
- қолайсыз конъюнктура бағасы кезеңдерінде мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін қолдау үшін қолайлы конъюнктура бағалары кезеңдеріне қаражат жинақтау;
- болашақ ұрпақтың мұқтажын қамтамасыз ету үшін қайта толмайтын табиғи ресурстарды сатудан түскен қаражаттарды жинақтау;
- валютаның басы артық түсуі нәтижесінде монетарлық өлшемдерге жасалатын шамадан тыс қысымды болдырмау үшін ақша массасын залалсыздандыру болып табылады.
Ұлттық қордың қалыптасу, пайдалану тиімділігін және функцияларын дұрыс анықтау еліміздің экономистеріне жүктеледі. Сондықтан болашақ қаржыгер-экономист болғандықтан, курс жұмысымның тақырыбын - “ҚР Ұлттық қоры; қалыптасу мен пайдаланудың өзіндік ерекшелігі” деп таңдадым. Қазіргі нарық жағдайында бюджеттен тыс арнайы қорларларын құру, еліміздің экономикасын дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Сондықтан осы курс жұмыстың тақырыбы өте актуальды.
I. ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
- ҚР Ұлттық қоры және оның функциялары
Бюджет түсімдерінің елеулі бөлігі табиғи ресурстардың экспортынан түскен түсімдер есебінен қалыптасатын және қолайсыз конъюнктура жылдарындағы шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру қорлары мен болашақ ұрпақ қорлары басқа елдерде же жұмыс істейді. Қазақстанда Ұлттық қорды құру кезінде шетелдік (әсіресе норвегиялық әдіске сүйене) тәжірибе пайдаланылды.
Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдік қаржы нарығындағы қолайлы конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндіруге байланысты төлемдердің түсімі айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмірсутегін қазақстандық экспорттаушылардыңі экспорттық түсімдерінің арта түсіп отырған мөлшері тенгенің айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды күшейтеді. Бұл өз кезегінде отандық тауар өндірушілер өнімдерінің бағалық бәсекеге қабілеттілігін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандвқ өндірушілердің қаржылық нәтижелеріне қолайсыз әсер етеді.
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай - ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюнктарысына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлвардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар Қор қаражаттарының қалыптасуы мен пайдаланылуының қолданып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпал етеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасын, мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жүзеге асырады.
Ұлттық қордың негізгі міндеттері экономикадан басы артық мұнай долларын шығару және теңге бағамына және инфляцияға қысымды тежеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайлы жоспарлау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.
II. ҰҚ ҚАРАЖАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ.
- ҰҚ қаражатын жинақтау.
Әлемдік тәжірибені талдау жинақтаулар үшін қандай да бір белгіленген шек болмайтынын және көптеген елдер қол жеткізілген жинақ көлеміне қарамастан жинақтау саясатын жалғастырып отырғанын көрсетеді. Мәселен, әртүрлі уақытта Норвегияда Қор активтерінің деңгейі ел ІЖӨ - інің жартысынан асты, ал Аляскада штаттың бүкіл ІЖӨ - ін, Кувейтте ІЖӨ-нің үш жарым бөлігін, Оманда ІЖӨ- нің бестен бір бөлігін құрайды. Қазақстанда 3 жыл ішінде Ұлттық қорды ІЖӨ - нің шамамен 12 %-і жинақталды.
Ұлттық қорда жоғары баға конъюнктурамен туындаған қосымша түсімдер шоғырланғандықтан, Ұлттық Қордың ең жоғары мөлшері шектеле алмайды. Оның үстіне Ұлттық қордың жинақтаушы қызметін атқару үшін төмендетілмейтін қалдық белгіленеді.
Ұлттық қордың қалыптасуы сол сияқты біржолғы сипаттағы (республикалық меншіктегі және тау -кен өндіру мен ұқсату салаларындағы мемлекеттің мүлікті жекешелендіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сату) не түсімдер көлемі бойынша тұрақты емес (мұнай секторының түсімдері) кірістер көзі есебінен жүзеге асырылуы тиіс, оның мөлшері едәуір шекте ауытқуы мүмкін, ол осымен Қазақстанның бюджет саясатына елеулі ықпал жасайды.
Осылайша, Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:
- шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
- республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
- шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
- ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын бюджеттің ресми трансферттері;
- қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер.
2. 2. ҰҚ активтерін пайдалану
Мұндай қорлар қаражаттарын пайдаланудың әртүрлі бағыттары бар - республикалық бюджетке түсетін тұрақтандыру трансферттері, сыртқы борыштарды өтеу, инвестициялық кірістің бөлігін халық арасында бөлу, экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру және т. б.
Сол сияқты балама ретінде мұндай ақшасын халық арасында бөлудің мүмкіндігі қаралды. Алайда, бірақ қатар кейбір себептерге байланысты бұндай тәсіл бүгінгі таңда тиімді бола қоймайды.
Біріншіден, елге мұнай долларының артық ағылуы ақша массының ұлғаюын тудырды, ол инфляцияның өсуіне түрткі болады және ұлттық валютаның нығаюына әкеп соғады. Бұл отандық өндірушілерді бәсекеге қабілетсіз етеді және бағасы арзандаған импорттық өнімге сұранысты қайта бағдарлауға әкеп соғады. Бұл ретте, егер “саудасы қызған” секторда (тұтыну тауарлары, жабдық) жоғары сұраныс импортпен қанағаттандырылатын болса, ондай елдің ішінде өндірілетін “саудасы жүрмейтін” сектордың тауарлары мен қызметтері (тұрғын үй, коммуниклдық қызметтер, денсаулық сақтау) әкеліне алмайды, ол бағаның күрт өсуіне әкеп соқтырады.
Екіншіден, мұнайдың бағасы күрт төмендеген жағдайда мемлекет ақша қаражатының тапшылығына ұшырайды және әлеуметтік міндеттемелер бойынша тиісті деңгейде есептесе алмайды. Ұлттық қордың болуы Қазақстанның фискальдық тұрақтылығына ықпал етеді, ал Ұлттық қорда қаражат жинақтау ұрпақтар арасында табиғи байлықты тең бөлу қағидатына сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2004 жылғы есеп (мың теңге)
Түсімдер, барлығы:
Оның ішінде:
Заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы
Қосылған құн салығы
Үстеме пайдағы салынатын салық
Бонустар
Роялтилер
Жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі
Қазақстан Республикасының үлесі
Ресми трансферттер
Қорды басқарудан алынатын инвестициялық кірістер
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер
Мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке сатуынан түсетін қаражат
139312971
104360247
-
-
-
13527000
2905678
9309670
(13526459)
21321075
1415760
Пайдаланылуы, барлығы
Оның ішінде
Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу
524247
524247
Осыған байланысты, Ұлттық қордың қаражаты кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге және басқарумен аудитке байланысты шығыстарды қаржыландыруға жіберілетін болады. Бұл ретте Ұлттық қордан мұнай емес сектордан түсімдердің төмендеуі салдарынан ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға деген шығыстардың өсуін қаржыландыру үшін қосымша қаражат алынбауы тиіс, ал ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға деген шығыстардың өсуі көзделген шектеулерді ескере отырып, тапшылықты қаржыландыру шеңберінде қарыз алу есебінен жабыла алады.
- ҰҚ активтерін басқару
Ұлттық қордың активтерін сенімді басқару Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жүзеге асырады.
Ұлттық қорды басқару кезінде инвестициялық операциялардың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- Ұлттық қор активтерінің сақталуы:
- Ұлттық қор активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстау;
- Тәуекелдің біркелкі деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қордың активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету;
- Ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету кірістілігінің қысқа мерзімді ауытқуын көздейді.
Жоғарыда саналмаған мақсаттарды орындау үшін Ұлттық қордың активтері тұрақтандыру және жинақтау қоржындарына бөлінеді. Тұрақтандыру қоржыны Ұлттық қор активтері өтімділіктерінің жеткілікті деңгейін ұстау үшін қажет. Жинақтау қаржының негізгі арналуы тәуекелдің біркелкі деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістірілігінің қамтамасыз ету. Өз кезегінде, жинақтау қоржыны 75%-дық тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қосалқы қоржыны және қосалқы қоржыны және 25% - дық акциялар қосалқы қоржыны болып бөлінеді.
Тұрақтандыру қаржыны тиісті жылғы бекітілген кепілдік берілген трансферт сомасының шеңберінде анықталуы тиіс.
Ұлттық қор үшін “индекстік басқару” қағидаты пайдаланылады. Сондай-ақ “дәстүрлі” деп аталатын индекстік басқару эталондық қоржынға сәйкес келетін үйлесімде әртүрлі қаржы құралдары қаржының қалыптастыру болып табылады. Осы эталон индекс деп аталады. Басқару нәтжелері (кірістілік) мен инвестициялық тәуеккелдер эталондық қоржынға немесе индекске қатысты бағаланады, сондай-ақ оған едәуір шамада тәуелді болады. Эталондық қоржын - инвестордың мүддесімен айқындалатын бағалы қағазадар жиынтығы. Эталондық қоржынның активтерді басқарудың кірістілігін бағалау кезіндегі өлшем ретінде қызмет етеді. Эталондық қоржын ретінде әлемдегі жетекші қаржы компаниялары әзірлеген және қадағалап отырған индекстер пайдаланылады.
Ұлттық қордың активтері шетелдік валютада номинацияланған шетелдік қаржы құралдарына ғана инвестицияланады және олардың шетелдік валютада номинацияланған бағалы қағаздардан тұратын эталондық қоржындары болады.
Тұрақтандыру қоржыны үшін эталондық қоржын алты айға дейінгі өтеу мерзіміне ие АҚШ қазынашылық вексельдерінен тұратын Merrill Lynch компаниясы жасайтын индекс болып табылады. Өтеуге дейінгі қысқа мерзім тұрақтвлық портфелі кірістілігінің жоғары өтімділігі мен төмен ауытқуын қамтамасыз етеді. Тұрақандыру қоржыны жоғары кредит рейтингі бар елдердің ақша нарығының жоғары өтімді сенімді активтеріне инвестицияланады.
Ұзақ мерзімді перспективада әртараптандыру және ең жоғары кірістілік алу мақсатында жинақтаушы қоржын әлемнің дамыған елдерінде айналысатын борыштық ретінде де және үлестік қаржылық құралдар ретінде инвестицияланады.
Жинақтаушы қоржынның тіркелген кірісі бар бағалы қағаздардың қосалқы қоржыны үшін эталонды қоржын Citigroup Inc компаниясы жасаған индекс болып табылады, қазіргі уақытта ол эмитенттері 19 ел: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Ирландия, Италия, Жопония, Нидерланды, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ болып табылатын тіркелген кірісі бар мемлекеттік бағалы қағазды қамтиды.
Жинақтаушы қоржынның тіркелген кірісімін бағалы қағаздар қосалқы қоржыны эталондық қоржынға енетін елдерде айналатын мемлекеттік бағалы қағаздарда инвестицияланады, сондай-ақ мемлекеттік, агенттік, корпоративтік бағалы қағаздардан, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарын қоспағанда активтерге кепілге берілген бағалы қағаздарды және жылжымайтын мүлікке кепілге берідген бағалы қағаздардан тұратын Lehman Global Aggregate (LGA) құрамына - Lehman Brothers компаниясының индексіне енетін барлық валюталарда және инвестициялық сыныптағы құралдарда инвестицияланады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі өзгерістер
Облигациялардың (тіркелген кірісі бар бағалы қағаздардың) эталонды қоржыны Ұлттық қор мөлшерінде ауытқуларды төмендету үшін АҚШ долларына АҚШ долларынан өзгеше валюта бағамдарының қысқа мерзімді ауытқуларынан ішінара сақтандырылады (хеджирленеді) .
Акциялардың қосалқы қоржыны үшін Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын энергетикалық сектордың компанияларын қоспағанда, әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын индекс эталонды қоржын болып табылады. Ағымдағы сәтте индекс 23 елді қамтыды: Автралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Гонконг, Ирландия, Жапония, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Испания, Швеция, Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ.
Жинақтау қоржыны акциялары қосалқы қаржыны активтері эталондық қоржынға енгізілген қарапайым және артықшылықты акцияларға ғана инвестициялануы мүмкін.
III. ҰҚ ҮШІН ЖИНАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҮЛГІСІН ТАҢДАУ.
3. 1. Теңгерімді бюджет әдісі.
Ұлтық қорға қойылған міндеттерді тиімді іске асыру мақсатында, жағымды әлемдік тәжірибені ескере отырып, теңгерімді бюджет әдісі әзірленді.
Бұл ретте кепілдік берілген трансферт болашақ ұрпақ та пайдаланатын жобаларды инвестицицлауды көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға ғана бағытталуы тиіс. Осылайша, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстар экономиканың мұнай емес бөлігінен республикалық бюджетке аударымдар есебінен, ал бюджеттік даму бағдарламаларына шығыстарды қаржыландыру Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферт есебінен қаржыландырылады, бұл ретте бюджеттік шығыс бөлігінің белгілі бір үлесі оның ішінде белгіленген шектеулер шеңберінде қарыз (сыртқы және ішкі) алу есебінен жабылуы мүмкін.
Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферт (G 0 ) мазмұндамасы осы Тұжырымдамаға қоса берілетін әдіске сәйкес тұрақты сома қосу Ұлттық қордың өткен кезеңдегі активткрінің бөлігі ретінде анықталады. Осы трансферттің көлемі екі құрауышқа- республикалық бюджетке трансферттің кепілдік берілген ең төмен деңгейін қамтамасыз ететін және белгілі бір кезеңдегі бюджеттік даму бағдарламаларына шығындардың орташа көлемі негізінде анықталады А константасына, сондай-ақ белгілі бір кезеңдегі инвестициялық кірістің орташа деңгейіне сәйкес келетін b коэффицентіне байланысты. А константасы b коэффиценті үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен бекітіледі және осы кезең ішінде өзгерістерге ұшырамауы тиіс.
Ұлттық қордан кепілдік берілген трансферттің республикалық бюджетке мөлшері жеке бір кезеңде Ұлттвқ қор активтерінің осы кезең басындағы шамасына, яғни бұрынғы жылдардағы жинақтардаң мөлшеріне байланысты. Бұл ретте Ұлттық қорға осы кезеңде түсетін түсімдер республикалық бюджетке жіберілетін сомаға әсер етпейді. Республикалық бюджетке Ұлттық қордан түсетін трансферт көлемі тиісті қаржы жылына арналған ревспубликалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Ұлттық қордың “сарқылуына” жол бермеу мақсатында кепілдік берілген трансферт мөлшері Ұлттық қор активтерінің ұштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Егер кепілдік берілген трансферт мөлшері осы шектен асып кеткен жағдайда, ондв Ұлттық қордан алынатын ең жоғары сома тиісті жылдың басындағы Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінің баламасын құрайтын болды, ал қалған үштен екі бөлігі болашақ ұрпақтың қоры ретінде жинақталатын болады, бұл Ұлттық қордың негізгі бір мақсаттарына сәйкес келеді
Егер Ұлтттық қордан алулар мөлшері кепілдік трансферт мөлшерінен аз болған жағдайда, тиісті жылға арналған бюджетті жоспарлау кезінеде бюджеттік даму бадарламаларына арналған шығыстарды қысқарту көзделеді. Бұл ретте егер бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстарды көзделіп отырған қысқаррту жеткіліксіз болса, шығыстар белгіленетін шектеулер шегінде үкіметтік қарыз алу есебінен бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінде жабылатын болады және ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстар азайтылуы мүмкін.
Активтерді “сарқылуына” жол бермеу мақсатында (бір жағынан Ұлттық қорда жинақтау жұзеге асырылғанда, ал екінші жағынан шамадан тыс үкіметтік қарыз алынады) бюджет тапшылығын үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландыру деңгейі бес жылдық кезең үшін орташа жылдық мәнәінде ІЖӨ - нің 1%- ынан аспайтын мөлшерде шектелетін болады, өйткені халықаралақ ұйымдарының (Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Банк және басқалар) зерттеулеріне сәйкес мұнай дағдарысының орташа ұзақтығы шамамаен 4-5 жылды құрайды. Бұл бюджетке түсімдердің деңгейіне жағымсыз әсер ететін қолайсыз экономикалық конъюнктура кезеңінде бюджет тапшылығының көрсеткіші бес жылдық кезең үшін орташа мән шеңберінде ұлғаю жағына қайта қаралуы мүмкін екенін білдіреді.
Сонымен қатар, бюджет тапшылығы кепілдік берілген трансферт мөлшері алынған Ұлттық қорға жалпы түсімдер ретінде есептелетін Ұлттық қордың орташа жылдық өсуінің бес жылдық кезеңнен асып кетпеуі тиіс.
Жоғарыда айтылғаннан басқа, үкіметтік қарыз алу қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін айналымда мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін ұстап тұру мақсатында да пайдаланылатын болады. Бес жылдық перспективада нақты жинақтау мақсатында үкіметтік қарыз алу саясаты кепілдік берілген борышты ескере отрып, үкіметтік борыштың Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қатысты 50-70 % - дық арақатынасқа қол жеткізуге бағдарланатын болады.
Кепілдік берілген трансферт шегінде мұнай түсімдерін пайдалану салмақты фискалдық саясат жүргізуг мүмкіндік береді, өйткені салық режимін ырықтандырудан “таза” бюджет нәтижесі көрінетін болады, бұл әдетте, мұнай секторы кәсіпорындарының кірістері есебінен бұрмаланатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz