Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе .

Зерттеу көкейкестілігі: Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олардың отан сүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір - қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауатты дағдыларын -ұнамды мінез -құлық нормалары мен рухани адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру қажет екені, Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында жан -жақты негізделген.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде және адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.

Ал, «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнын ізгілендіру тұжырымдамасында» . . . жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауаттылықтың берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау» -міндеті ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығы, тақырыбымыздың өзетілігін дәлелдейді.

Қазіргі кезеңде қоғамды ізгілікке, руханилыққа бетбұрыс оқу -тәрбие жұмысында оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр.

Бұл міндетті шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған кейбір зерттеулерде қарастырылған. Ол зерттеулердің мынандай бағыттарда дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады:

Салауаттылықтың мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы -педагогтар ой -пікірлері мен көзқарастары (Әл - Фараби, Ж. Баласағұн, Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы, Қ. А. Ясауи, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова және т. б. )

- Оқу тәрбие процесінде оқушылар мен студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері (Ж. Ембергенова, Б. Қ. Мұхаммеджанов, Қ. М. Рахымғали, Ю. В. Салов, Г. Ж. Нұрышиева, Б. Қ. Игенбаева, Ж. З. Торыбаева, Е. Ю. Шуберт және т. б. )

- Валеология ғылымының теориялық және әдіснамалық мәселелері (А. С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж. Ж. Нұржанова және т. б. )

- Білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу. (Х. К. Сатпаева, А. С. Әділханов, Л. З. Тель, Е. Д. Дәленов, А. А. Ақанов, К. Ә. Жанабердиева, З. Г. Брусенко, С. Р. Рахметова және т. б. ) .

Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің біркелкі зерттелгенін айқындайды. Дей тұрғанымен, мектеп қабырғасында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қолбалылық орын алып отырғандығы байқалады. Сондықтан, біздің зерттеу мәселеміз оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісін теориялық тұрғыдан негіздеу болып табылады. Бұл мәселе біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтап тақырыбын «Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері» деп таңдауға мүмкіндік берді (5-9 сынып) .

Зерттеу объектісі - негізгі мектептің оқу - тәрбие үрдісі;

Зерттеу пәні - оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу мақсат міндеттері:

1. Салауатты өмір салты, «Салауаттану », «өмір салты» ұғымдарының анықтамаларын нақтылау;

2. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

3. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау;

4. Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу базасы : Эксперимент Шымкент қаласындағы № 65 гимназия мектебінде өткізілді. Экспериментке 90 оқушы, оның ішінде 30 эксперимент тобында 60 бақылау тобында өтті.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.


І Тарау. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын

қалыптастырудың ғылыми -теориялық негіздері.

1. 1 Салауатты өмір салтының мәні, мазмұны және құрылымы

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олардың отан сүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын ұнамды мінез құлық нормалар мен адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру қажеттілік екені, Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030 » жолдауында жан жақты негізделген.

Соның айқын дәлелі ретінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты бағдарламасы жұмыс жүргізілуде. Осы іс - шараларды нақты іс -тәжірибеге жүзеге асыру барысында мектеп оқушылары арасында денсаулықты күте білудің негізгі мықтап қалатыны белгілі. Сонымен қатар, бұл, мұғалімдер ғалымдар мен ата -аналардың да бір -бірімен үйлесімді жұмыс жүргізуін қажет етеді.

Адам болмысының өзегі -тек қана материалдық игіліктермен, сұраныстармен, мұқтаждықтармен және қажеттіліктермен шектелмейді, әрі қарай адамның күрделі табиғатына, өмір сүрудің түпкі себептерін қозғайтын күш пен өмірдің өзіндік мәнін қарайтын рухани адамгершілік қасиеттерден тұратын негізгі болады. Адам өзінің бойында нағыз адам қасиеттерді дамытып, өзімен өзі қоршаған дүние туралы ақыл -ой көмегімен жиналған білімдерін адамгершілікпен ұйымдастырғанда ғана руханилыққа жетеді, өйткені адамгершілік - адамның рухани арқауы.

Сондықтан, білім мен тәрбие барысында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын рухани - адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру қажет.

Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова, Ш. Құдайбердиев т. б. ) еңбектеріндегі салауатты өмір сүрудің дана жолын адам тәрбиесінде пайдалану туралы айтқан ақыл -өнеге, өсиет сөздерінен басты идеаларынан көруге болады.

Мәселен, Әл -Фараби «адам көп нәрсеге мұқтаж болғандықтан, өзіне керегін қоғамдасқан ортадан табады. Осы қоғам арқасында жетіліп өз қабілетін шыңдап, өзіндік өмір сүру мәні қалыптасады»- десе, Қ. А. Ясауи «Адамның жетілуінің нәтижесі - оның ақылдылығы, ал анықтаушысы - адамгершілік кемелінде» - дейді.

Өтеубойдақ Тілеуқабылұлының «Қырық бірге жұғыспау», «Жетіге тиіспеу», «Он екіден айрылмау», «Тазалықты сақтау» деген еңбектерінде салауатты өмір салтының мағыналы ережелерін ұсынады.

Қазақтың ұлттық ғалымы Ш. Уалиханов салауатты өмір салты адаммен табиғат құндылығының үйлесімділігінен деп айқындады.

Ы. Алтынсарин еңбектерінде салауаттылыққа тәрбиелеуде, иман, әділдік, адалдық -ақ көңілділік, сыпайылық - шын берілгендік, адал -ниет, өсиет, жомарттық- кеңпейілділік, үнемді - орынды жұмсау мәселелерімен байланыстырды.

Абайдың тәлім - тәрбиесінің маңыздылығы оның қара сөздері арқылы салауаттылыққа, парасаттылыққа, рухани тазалыққа, адамның санасын салауатты өмір сүруге қажетті екеніне уағыздаған қағидаларынан білуге болады. Ұлы ойшылдардың және ағартушылардың шығармаларындағы салауаттылыққа бастаған қағидалары қазіргі таңда мәнін жойған жоқ. Одан кейінгі ұлттық тәлім тәрбиенің көрнекті өкілдері ғалым -педагогтар еңбектерінде адамгершілік, парасаттылық идеаларын кеңінен уағыздап, денсаулық, салауаттық туралы көптеген мәдени деректер қалдырды. Мәселен, Ш. Құдайбердиевтың «Үш анық» шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, мейрімділікке, парасаттылыққа шақырады. Х. Досмұхамедовтың Салауатты өмірге тәрбиелеудегі «Оқушылардың саулығын сақтау », «Адамның тән тіршілігі» еңбектері салауатты өмір сүрудің алғашқы әліппесі болып саналады. Салауаттылыққа тәрбиелеу саласы мол, мазмұны өте бай. Салауаттылық бір жағынан, халықтың тұрмыс тіршілігі болса, екінші жағынан, тәрбие өзегі мен өмір сүру жолын қалыптастыратын жиынтық. Салауаттылық пробелмасына ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап назар аударылып, бұл мәселелермен көптеген ғылым салалары: философия, әлеуметтану, медицина, педагогика, психология, валеология айналысқандығын олардың осы мәселе ішінара зерттеу нысанасы болғандығын көптеген ғылыми еңбектер айқындайды. Мәселен, психология ғылымы салауаттылыққа жан дүниенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттесе, философия ғылымы - өмір сүру дүниетанымын, медицина ғылымы - денсаулық сақтау, валеология ғылымы - салауатты өмір салтын қалыптастыруды зерттейді.

Салауаттылық ұғымын педагогикалық тұрғыда, өзінің өмір сүрудегі орны, негізгі өзегі мен мән мағынасында түсінуі (К. Оразбекова), салауаттылық - адам өмірінің құндылықтары (өмір, денсаулық, тұрмыс, төзімділік, күш қуат т. б. ) негізінде жүзеге асатын болмыс (Қ. М. Рақымғали) және т. б. өмір сүруге ұмтылған мақсатты айқындайтын рухани күш деп қабылдауға мүмкіндік береді.

Салауаттану - денсаулық сақтау тұжырымдамасының өзекті мәселесі бірегей тұтастық ұғымы болып табылады, яғни денсаулықты өзара байланысты бөліктерден құралатын бүтін дүние ретінде түсінуге тура келеді. Адам денсаулығы негізінен үш қасиеттерден (құрылымдық -функционалдық, физикалық -химиялық және психикалық - эмоциялық рухтық) құралып қалыптасады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының негізгі мақсаты ҚР білім беру ұйымдарына салауаттану білімі жөнінде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негізін жасау болып табылады.

Бұл мақсат мына төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:

- білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған білім бағдарламасын ендірудегі дүниежүзілік тәрбиені зерттеу;

- салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған қазіргі бағдарламаларды таңдау;

Салауаттану тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық -адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құрамының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез -келген өзара әсер, әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама -қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты - салауаттанудың пайда болуы заңдылық.

Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

Салауаттанудың ролі - адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кекілжіңнің көзін жою болып табылады.

Салауаттанудың зерттеу пәні -адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері бейімделу тетіктері, қолдану тосқауылдары организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді.

Салауаттану - адамның термодинамикалық, денелік химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі.

Этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қаратырылады.

Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті - денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Адам денсаулығы ең алдымен өмірін сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлттық дәстүрлер мен тұлғаның бейімділіктер бойынша анықталады.

Денсаулық ұғымына берілген анықтамалар өте көп. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша « Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене кемтарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толыққан күй».

Академик Н. М. Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардың барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды.

И. И. Брехман денсаулықты «сезімталдық ауызша айту және құрылымдық үш түрде бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды.

Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы- бұл «денсаулық дегеніміз - физиологиялық қызметтерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық -әлеуметтік әлеуметтер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта жағдайлары мен ішкі факторларға бейімделу сапасын айқындайды.

Денсаулықтың мынадай: физиологиялық, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық секілді негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі оларды бірегей тұтастыққа -денсаулыққа біріктіреді.

Денсаулықтың физиологиялық түрі - организмдегі физиологиялық үрдістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Зияттылық түр дегеніміз -денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.

Сезім әрекетіне берілгіштік түр жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп сол қалпында анықтай айта алу жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.

Әлеуметтік түр - тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.

Тұлғалық түр - өзін тұлға түрінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде анықтау.

Рухани түр - адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі. Олар:

1- Физикалық денсаулық - ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.

2- Соматикалық денсаулық -ол адам ағзасы мен органдардың арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

3- Психикалық денсаулық -ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.

Ағзасында функциялардың өздігінен реттеуі, функциялық үрдістердің келісімді түрде өтуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.

4- Рухани денсаулық - ол адамның информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс -әрекетінің арасындағы қарым -қатынастардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі барлық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігі және жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді.

Денсаулық туралы М. Монтель былай дейді:

«Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не күш жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек:

Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қоюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін».

Шынында да денсаулық - адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты - денсаулық.

«Денсаулық зор байлық » - дейді қазақ. Ол адам символы дені сау қайырлы адам ауру хандардан артық деген нақыл бар. Дені сау адам көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ түйектерге ол ешқандай көңіл аудармайды.

Көңілді күйімен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді.

Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады.

1. Салауатты өмір сүру деңгейі

2. Салауатты өмір сүру сапасы

3. Салауатты өмір сүру стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі дегеніміз - экономикалық категория.

4. Дене шынықтыру;

5. Жеке бас гигиенасы;

6. Жағымды эмоциялар.

Сонымен « салауаттану - денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жасөспірімдерде салауатты өмір салтын жүргізуге күш салады.

Салауаттану ғылымға қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей -тегжейлі түсіндіреді. Осыған байланысты салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағыттары мыналар:

- тұлғалық және қоғамдық гигиена;

- дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

- Организмді жаратылыс - табиғи факторлармен су, су булау, күн

жарығымен және т. б. шыңдау;

- күн тәртібін тиімді пайдалану;

- тамақтандыруды толық теңдестіру;

- жұқпалы аурулардың алдын алу;

- тән ауруларынан сақтандыру;

- жарақаттанудан, уланудан, т. б. сақтандыру;

- зиянды әдеттерді (темекі тарту, алкаголь, есірткілік улы заттарды)

қолданудан сақтандыру;

- жыныстық тәрбиенің гигиеналық түрлері;

- экология және денсаулық.

Салауаттанудың негізгі мақсаты - әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты - балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық - еріктеріне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Бұдан мынандай міндеттер туындайды:

  • оқушыларға салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
  • өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде

жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  • оқушыларды негізгі гинетикалық дағдыларға төселдіру;
  • осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен

таныстыру.

Мұны мына № 1 схема арқылы көрсетуге болады.

Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әәлеуметтік принциптері:

1. Биологиялық принциптерге:

а) салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі.

ә) салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері;

б) салауатты өмір салты эстетикалық қызметке;

в) салауатты өмір салты ритмикалық үрдістер;

г) салауатты өмір салты денсаулықты арттыруға байланысты болу керек.

2. Әлеуметтік принциптерге

а) салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет.

ә) салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту.

б) салауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі.

в) салауатты өмір сүруде адамның «үшінші жағдайда» болмауын

қамтамасыз ету.

Осы жоғарыда көрсетілген принциптерді іске асыру оңай шаруа емес. Өйткені бұл принциптер бір біріне қарама -қарсы келеді. Әрқашанда көңілдегідей болып шықпайды.

Салауатты өмірді бұзатын факторлар.

Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілінде тамақтанбау. Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді. Ол адамды ауруларға шалдықтырады. Кейіннен өмірімен қоштасуға себепші болады.

Салауатты өмір сүру салтын сақтау үшін мұңаймау, жағымсыз жерлерден бойын алыс ұстау арқылы жеңудің жолдарын іздеу керек.

Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру, аурулардың алдын алу.

Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адам баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндірді. Медицина ғылымдарының пайда болуына, оның дамуы мен қазіргі жағдайына зер салып қараңыз, медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып, оны жетілдірумен шұғылданған және шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты роль атқарады.

Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министірлігі айналысады.

Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап оны орынсыз ысырап кетпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау дұрыс. Оған пассивті емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрету әрбір адамның басты міндеті.

Ғылымда Валеология - денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым.

Салауатты өмір сүру Валеология ғылымының негізі болып есептеледі.

Валеология гр. және латын тілінен алғанда «Валео» - «денсаулық», «logos» «ғылым».

Валеология - денсаулық туралы ғылым. Оның алғаш негізін қалаған И. И. Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол Валеология ғылымын медицинаға, биология және педагогика ғылымдарына енгізген.

Валеология - И. И. Брехманның айтуына қарағанда оны «адамтану» ғылымы деп айту керек.

Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулардың алдын алу. Дәрігер С. Фуллер «Адам және биологиялық белсенді заттар» деп аталатын кітапты ағылшын тіліне аударған кезде ол кітаптың алғы сөзінде «Валеология - денсаулық сақтау ғылымы» -деп жазды. Қазіргі кезде валеология ғылымы өз алдына дара ғылым ретінде қалыптаса бастады. Ол адамдардың денсаулығын қамтамасыз ететін ғылым. Бұл ғылымның негізгі адам денсаулығы мен дені сау адам құрайды дейді профессор И. И. Брехман.

Валеология - айналаны, қоршаған сыртқы ортаның факторлары адам денсаулығына қалай әсер ететінін қарастырады. Сондай -ақ биоәлеуметтік жағдайдың денсаулыққа тигізетін әсерін де анықтайды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру
Салауаттылық мәні және қалыптастыру жолдары
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz