Қазақстанның банк жүйесіндегі қызметті талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның банк жүйесіндегі қызметті талдау

Қазақстандағы банктергі бәсекелестікті талдағанда банктерді 4 топқа бөлуге болады:

  1. Ірі банктер
  2. Орташа банктер
  3. Ұсақ банктер
  4. Шетел қатысушысы бар банктер

Отандық банк нарығында 40-тан астам коммерциялық банктер бар. Эксперттік талдауға жүгінетін болсақ банк нарығының 65% -на төрт банк жатады. Олар: Казкоммерцбанк, Халық банк, БТА, Альянс банкі. 30%-AMNAMRO Қазақстандық банк, Нұрбанк, АТФ банкі, Банк Центр кредит, Евразиялық банк, Темір банк, Каспий банк, Қазақстандық HSBK банкі жатады. Қалған банктерге нарықтың 5% жатады. Қазіргі таңда Ұлттық банктен бөлек 2 мемлекеттік банк бар. Олар Қазақстан Даму банкі мен Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

«Қазақстан Даму банкі» АҚ даму банкі ретінде ҚР Президентінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Даму банкі туралы» номері 531 Жарлығын орындау үшін қабылданған Қр Үкіметтің 2001 жылғы 18 мамырындағы номері 659 Қаулысымен құрылды. Мемлекетік банк акцияларының 100% -ы тиесілі. Оның акционерлері: ҚР Индустрия және сауда министірлігі, жергілікті атқарушы органдар - Қазақстанның 14 облысы және Астана мен Алматы қалалары. Заңға сәйкес банк қызметтерінің мақсаттары - мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияны тартуға жәрдемдесу болып табылады. Банктің міндеттері:

  • Инвестициялық жобаларды орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу;
  • ҚР резиденттерінің экспорттық операцияларын өнімді экспорттауды ынталандыру мақсатымен несиелеу;
  • ҚР экономикасының өндірістік секторына өзге кредиттік институттар беретін займдар мен кредиттер бойынша кепілдік міндеттемелер беру және қосымша қаржыландыру жолымен ынталандыру;
  • ҚР Үкіметі жүзеге асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру.

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қазақстанда тұрғын үй құрылысын, ипотекалық кредиттеуді дамыту, мемолекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен 2003 жылы Үкімет Қаулысымен құрылды. Жарғылық капиталының 100% -ы республикалық бюджеттен құрылды. Ол халықтың жиған-тергенін жеке тұрғын үй құрлысына тартуға, сөйтіп халықты, соның ішнде табысы аз, әлеуметтік жағынан нашар қорғалған топтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге тиісті арнайы банк ретінде құрылды.

Коммерциялық банктерге жалпы сипаттама беру үшін алғашқы 10 банктің активтері, өзіндік капиталы және бөлінбеген таза табысы бойынша рейтингін білеміз.

Банктер
Активтер, млрд. тг
Өзіндік капиталы, млрд. тг
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг
сомасы
Рейтингтегі орны
сомасы
Рейтингтегі орны
Банктер: Казкоммерцбанк
Активтер, млрд. тг: 498, 6
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 1
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 50, 8
1
34, 5
Банктер: БТА
Активтер, млрд. тг: 446, 3
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 2
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 38, 2
2
11, 0
Банктер: Халық банк
Активтер, млрд. тг: 291, 4
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 3
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 25, 6
3
11, 7
Банктер: АТФ банк
Активтер, млрд. тг: 146, 8
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 4
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 14, 1
4
1, 9
Банктер: Центр Кредит банк
Активтер, млрд. тг: 120, 5
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 5
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 9, 3
5
2, 2
Банктер: Нұрбанк
Активтер, млрд. тг: 81, 1
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 6
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 8, 0
7
0, 9
Банктер: Евразия банкі
Активтер, млрд. тг: 69, 0
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 7
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 9, 3
6
2, 6
Банктер: Альянс банкі
Активтер, млрд. тг: 62, 5
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 8
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 4, 6
11
0, 4
Банктер: Каспий банкі
Активтер, млрд. тг: 56, 4
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 9
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 7, 3
8
2, 5
Банктер: АБНАМРО банкі
Активтер, млрд. тг: 42, 4
Өзіндік капиталы, млрд. тг: 10
Бөлінбеген таза табысы, млрд. тг: 4, 6
12
2, 5

Барлық үш рейтингтік көрсеткіш бойынша алғашқы үш банк бөлек көрінеді: Казкоммерцбанк, БТА, Халық банкі. Олардың Қазақстанның банк нарығындағы үлесі 50%.

Отандық банктердің бәсекелестік стратегиясын талдау.

Казкоммерцбанк

Нарықтағы банк қызметі бойынша бірінші банк. Банк активтері, несиелері, пайдасы, меншік капитал мен клиенттнрдің базасы бойынша жетекші орында. Банк жүйесіндегі интеграциялық процесстердің пионері (1997 жылдан бастап) . Банктің мықты кадрлық потенциалы, жас коллектив және мықты аналитикалық жәене маркетингтік бөлімдері бар. Аймақ аралық 20-дан астам филиалдары мен парабанк нарығында еншілес компаниялары бар. Бұл банктің ақпараттық-техникалық базасы мықты болып табылады. Стратегиялық басымдықтары алғашында-ақ ірі корпоративтерге және инвестициялық нарыққа бағытталған болатын. Ал қазіргі кезде шағын бизнесті несиелендіру мен бөлшек секторына да көңіл бөлініп отыр.

Қаржылық базасының көп бөлігін халықаралық құралдар құрайды. Банк стратегиясы: халықаралық нарықта банктің болуын дамыту және мемлекет ішінде несие мен депозит нарығында өз үлесін көбейту.

Банк кіші және ірі отандық жіне халықаралық компанияларға түрлі өнімдер мен қызметтер ұсынады. Банк саясатына байланысты, яғни өтімділіктің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін банк корпоративті клиенттерге орта мерзімді (18 ай) несиелер ұсынады. Банк тек банктік қызметтер ғана емес сонымен қатар басқа да қаржылық қызметтер көрсетеді. Бағалы қағаз нарығының негізгі қатысушысы бола отырып, банк компанияларға олардың қаржылық ресурстарын басқару қызметтерін ұсынады. Банк лицензиясына сәйкес банк бағалы металлдармен (алтын мен күмісті қосқанда) мәмілелер жасай алады. 2001 жылдан бастап банк клиенттеріне трасталық қызметтер ұсынады. Республикадағы коммерциялық банктердің жиынтық активтеріндегі банктің үлесі 21, 2%.

БТА

Қазақстандағы барлық көрсеткіштері бойынша екінші банк. Соңғы жылдары тұтыну нарығына бағыт алғанына байланысты банктің өсіу көрсеткіштері көтерілді. Акцияларын шетел институттары алған республикадағы бірінші банк. Филиалдарының көлемі мен кассалық-есп айырысу бөлімдері бойынша үшінші банк. Халықпен жұмыс істеуіне байланысты екінші банк. Банктің мықты маркетингтік және талдау қызметі бар, тәуекелдерді тану бойынша методологиялық орта, ақпараттық-техникалық қамтылған, Мәскеуде өкілеті бар, мықты ақпараттық-техникалық базасы бар банк.

Ресми стратегиясы - республикада бірінші банк болу. Банк құрылымында несиелік бөлімшелері кеңінен таралған. Халықаралық қаржы нарығында өз үлесін кеңейтуді мақсат қойады. Бүгінгі кездегі БТА - бұл:

  • 75 клиенттер
  • Қазақстан бойынша 22 филиал және 200 бөлім
  • Украинада, Беларусияда, Ресейде, Қырғызстанда, Арменияда, Грузияда, ОАЭ және Қытайда өкілеті бар
  • 10 коммерциялық банктер - Украинада, Ресейде, Белорусияда, Арменияда стратегиялық әріптестер.

Банк стратегиясы: БТА бұл штаб-квартирасы Қазақстанда орналасқан Қарқынды дамып жатқан банк. Банктің негізгі бәсекелестік артықшылықтарының бірі - жаңа нарықтарда өз үлесін дамытуға және сапасы жоғары қызметтерді ұсынуға дайын инновациялық мәдениетінің болуы. Республикадағы коммерциялық банктердің жиынтық активтеріндегі үлесі 20, 8%.

Халық банк

Халыққа қызмет көрсету, аймақтағы филиалдарының саны (1148) мен комиссиондық табысы бойынша жетекші банк. Белсенжі жарнамалық компаниясын жүргізеді. 2001 жылдан бастап меншік акционерлік банк болды. Бірнеше жылдар бойы Қазақстанның ірі банктер құрамында өз позициясын нық ұстауда. Нарықтық стратегиясы - халықаралық қаржы институттарының мойындауына жету, отандық экономиканы несиелендіру мен халық салымы нарығындағы өз позициясын сақтау және кеңейту.

Барлық территория бойынша халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетеді

Басты тапсырмасы -клиенттердің қызығушылығына бағытталған қаржылық топ құру. Республикадағы коммерциялық банктердің жиынтық активтеріндегі үлесі 13, 8%.

Альянс банк

1993 жылы құрылған. Клиенттері-аймақтық ірі кәсіпорындар. Белсенді несие саясакты мен бағалы қағаздар нарпығында істейтін банк болып табылады.

АҚ «Альянс банк» отандағы қарқынды дамып жатқан банктердің бірі. Бұл банк маңызды көрсеткіштері бойынша ірі банктердің бестігіне кіреді. Альянс банк өзінің миссиясы ретінде клиенттердің қажеттелігін сапалы банк қызметімен қамтамасыз етуді санайды. Банк стратегиясы Қазақстанда банк нарығында жетекшілік орынға ие болу.

Ақ «Альянс банктің» ҚР бойынша 37 қала мен 13 елді мекенде 23 филиалы мен 173 бөлімі бар. Республикадағы коммерциялық банктердің жиынтық активтеріндегі үлесі 9, 5%.

Банк Центр Кредит

Банк Центр кредит-әмбебаптық банк, негізгі мақсаты болып шағын және орташа бизнестің дамуына және Қазақстанның СНГ елдерінің ішінде орта тапқа жақындауына ат салысу табылады.

Банктегі әрбір қызметкердің міндеті -клиенттерге жылдам, прфессионалды және сапалы қызмет көрсету. Банк Қазақстанның ірі меншік банктердің бестігіне кіреді. Нарықтағы үлесі 15%.

Алдыңғы үш жылда банк интенсивті дамуды жоспарлап отыр. Республикадағы коммерциялық банктердің жиынтық активтеріндегі үлесі 7, 5%.

Нұрбанк

Негізгі қызметі республиканың батысына бағытталған. Белсенді жарнамалық және қайырымдылық компаниясын жүргізеді. Соңғы жылдары банктің клиенттерінің базасы көбейді. Несиелік портфельінде ұзақ және қысқа мерзімді несиелерінің арақатынасы бірдей десе болады. Стратегиялық басымдықтары: корпоративті және бөлшек сектор, негізгі клиенттері: мұнай және ірі сауда-өндірістік компаниялар, шағын бизнестің өкілдері, БАҚ.

Нұрбанктің негізгі акционерлерінің құрамына ірі отандық мұнай компаниялары, тамақ саласындағы кәсіпорындар, сыртқы саудамен айналысатын фирмалар кіреді.

Басты стратегиялық мақсаты бәсекелестік артықшылықтары мен кемшіліктерін жою негізінде, сұранысқа ие қызметтерді ұсыну бойынша капиталын көбейту болып табылады. Республикадағы коммерциялық банктердің жиынтық активтеріндегі үлесі 2, 6%.

Темірбанк

АҚ «Темірбанк» корпоративті және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін әмбебаптық қаржылық институт. Аймақта 50 филиалы бар. Нарықтық стратегиясы - отандық экономиканы несиелеу және халықаралық қаржы институттарының мойындауына жету.

Қаржылық көрсеткіштер банктің стратегиясының дұрыс болғанын көрсетеді. 2005 жылы валюта балансы 1, 8 есе, клиенттер шотындағы қалдық 2 есе, заңды тұлғалардың ссудалық портфелі 2, 4 есе өсті.

Банк экологиялық зиян және әлеуметтік зиян өндіріс пен бағдарламаларды қаржыландырмайды.

Банк миссиясы - Қазақстандағы клиенттердің қажеттілігін сапалы банк қызметімен қамтамасыз ету. Банк бөлшек сегментінде өз үлесін көбейтпек. Республикадағы ком. банктердің жиынтық активтеріндегі үлесі 2006 жылы 1, 9%.

Каспий Банк

Банктің клиенттері мен әріптестері болып мұнай табушы кәсіпорындар мен энергетика, құрылыс, транспорттық, жол компаниялары мен химикалық, жеңіл және тамақ өндіріс орындары табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Нарыққа өту жағдайында біздің елде банктердің және басқада несиелік институттардың даму болашағы мәселесі
Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz